Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция

Тестовые задания и ситуационные задачи по дисциплине «Сестринское дело в хирургии» 5 страница




Қазіргі кезде басқа инфекция қоздырғыштары арасында стафилококк 70% шамасында жиі кездеседі. Бұл инфекциямен күресуде стафилококк анатоксинін, стафилококке қарсы плазманы пайдаланады. Іріңді жараларды емдеуде протеолитті ферменттер (трипсин, химиотрипсин, стрептокиназа) өздерін жақсы жағынан көрсете білді. Бұл ферменттер белокты ыдыратқыш (протеолизис) қасиеттерінің арқасында өлі тіндерді ерітіп, олардың тез сыртқа бөлініп шығуына және іріңді жараның жазылуына көрсетер пайдалы әсерлері көп биологиялық заттар болып саналады.

Хирургияда антибиотиктермен ұтымды емдеудің ерекшеліктері. Хирургиядағы іріңді инфекциялардың өсу себептерінің, жиілігі мен ағымының ауырлығы бұл күндері алуан түрлі және олар мынадай факторлардан құралады:

1. Жоғары деңгейдегі қауіпті сырқаттың операциясының көлемі мен жарақаттануының күрделі ерекшеліктері.

2. Құрал-жабдықтар арқылы зерттеулер мен емдеуді қолдануда сырқатқа жұқпалы ауруды жұқтыру (тамырішілік және зәр шығарушы катетерлер, интубациялық және трахеостомиялық түтікшелер, ФГДС, бронхоскоп, т.б.).

3. Антибиотикпен емдеудің тиімділігінің төмендеуі және антибиотикке төзімді қоздырғыштар өсінділерінің (штамм) кең қанат жаюы.

4. Халықтың аллергияға және қант ауруына жиі шалдығуы.

Іріңді – қабыну үрдістерін емедеудің кез-келген тәсілінің қағидалары: өлі тіндерден толық тазарту, қоздырғыштардың өсуін тежеу, көк еттеніп жазылуды жеделдету.

Соңғы 40-50 жыл ішінде іріңді инфекцияны антибиотикпен емдеу кеңінен қолданылып келеді.

Антибиотиктер – қоздырғыштардың тіршілік өмірін жоюшы және әр түрлі бактериялардың тіршілік еткен ортасында бөліп шығаратын биологиялық жетілдірілген заттар немесе жануарлардан, өсімдіктерден алынатын зат болып саналады.

Көп ғасырлы біртіндеп даму үрдісінде уақыт пен тіршілік үшін күресте қарсылас қоздырғыштар ерекше органикалық емес заттар – антибиотиктерді бөліп шығара бастады. Бұл заттар микробтардың қарсыластарының өсіп- өнуін тежеп немесе жойып, өздерінің тіршілік өміріне жол ашады. Мұны бірінші болып байқаған Л. Пастер (1887) болды. Оның тәжірибесінде күйдіргі (сібір жарасы) таяқшасының таза қоректік ортада өсіп, іріңді қоздырғыштармен араласқан ортада жойылуы негіз болды.

И.И. Мечников өзінің ғылыми еңбектерінің арқасында кәрілікті емдеу тәсілі ретінде қатық ішуді ұсынды. Оның пікірінше қатық ашытқысының таяқшалары адам ішегін мекен етуші қоздырғыштар әсеріне қарама-қарсы болып табылады.

ХІХ ғасырдың екінші жартысында микробиолог В.А. Манасейн тәжірибеде жасыл зең мен қоздырғыштардың өзара қарсыластығын байқады. В.А. Полотнев тәжірибе жүзінде мерезді жараны емдеуде және жасыл зеңді сырқатта миндаль майымен таңып байлауды қолданды.

1909 ж. П. Лященко жұмыртқа ақуызынан қоздырғыштарға қарсы зат – лизоцимді ашты. Қоздырғыштарға қарсы емдік қасиеті бар мұндай дәрі тек 1941 ж. ғана өндірілді. Бұл затқа пенициллин деп ат берілді. Бұрынғы КСРО –да пенициллинді 1942 ж. проф. З.В. Ермольева бірінші пайдаланды. Сол жылдары бірқатар дәрілер грамицидин, стрептомицин, т.б. алынды. Қазіргі кезде антибиотиктер саны 100 –ден асатын болса, клиникалық тәжірибеде тек 50 шақтысы ғана пайдаланылып жүр.

Антибиотиктер әсерінің жалпы мінездемесі:

1. Олардың көбі емдік мөлшерде усыз.

2. Антибиотиктер қоздырғыштарға қарсы олардың құрылысын жою мен өсіп-өнуін тежеу әсерімен қатар емдік мөлшерде тірі организмнің тіндері мен ағзаларына зардабын тигізбейді.

3. Қоздырғыштардың белгілі түрлеріне арнайы әсер етеді. Сонымен қатар оның әсерінің денгейі мен мөлшері жетерліктей кең. Егер антибиотик микробтың бір ғана түріне әсер етсе, оның әсерінің деңгейі өте тар, шамалы болғаны.

4. Антибиотиктер қанмен, іріңмен араласқанына қарамастан емдік қасиеттерін жоймайды.

5. Жалпы денеге улы әсер тигізгенімен антибиотиктердің көбінде үйреншікті қорлану (кумуляция) қабілеті жоқ.

Антибиотиктердің механикалық әсері алуан түрлі және күрделі болып келеді. Сондықтан кейбір жағдайларда олар түпкілікті зерттелмеген. Антибиотиктердің механикалық әсерін молекулярлық деңгейде зерттеу нәтижелері бізге олардың қоздырғыштар торшасындағы қатаң белгілі бір «бағаналарға» көзделіп әсер ету мағынасын түсіндіріп береді. Осындай бір таңдап әсер етудің бір мысалы – пенициллин топтарындағы дәрілер. Бұл дәрілік заттар қоздырғыштардың торша қабатындағы биологиялық түзіліске қатысушы ферменттермен қосылып ондағы толық түзілуге жол бермейді.

Антибиотиктердің екінші бір тобы ақуызды бөліп шығаруды тежеуіштер: тетрациклиндер, аминоглюкозидтер, макролиттер. Олар да қоздырғыштар торшаларының белгілі бір құрылымдарына әсерлі бағытталып, олардан ақуыз молекулаларын бөліп шығаруға кедергі жасайды. Стрептомицин қоздырғыш торшасында көмір тегі мен алмасудың кейбір кезеңдерін бұзады. Антибиотиктердің ауру тудырушы қоздырғыштарға көрсетер басқа да механикалық әсерлері табылды. Сондай–ақ нистатин зиянды саңырауқұлақтардың (грибок) жарғақтарына (мембрана) әсер етеді.

Антибиотиктерді клиникада қолдану медицина ғылымының ірі жетістігі ретінде саналып, іріңді ауыруларды емдеуде ешқашанда асептика мен операцияның орнын алмастырмайтынын есте сақтау қажет. Қоздырғыштарға қарсы жүргізілетін емдеу тәсілінің хирургиялық емдеуді қажет етпейтін қабыну үрдістеріне қатысы жоқ. Операцияға лайықты көрсеткішке байланысты антибиотиктерді тағайындап, сонымен қатар дененің қорғаушы күшін күшейту керек (қан, плазма құю, витаминмен емдеу).

Антибиотиктің көптегіне, арзандығына, оңай табылуына байланысты жаппай қолданылуы бірнеше он жылдықтар ішінде қоздырғыштардың қасиетін күрт өзгертіп жіберді. Солардың бірі қоздырғыштың антибиотиктерге деген төзімділігінің пайда болуы. Антибиотиктердің микробтарға көрсеткен әсері адам организімі мен жануарлардың және микробтардың қалыптасқан араласуын өзгертіп жіберді. Бір жағынан жиі науқастан улану мен туберкулезден болған өлімнің күрт төмендеуі, оба, күйдіргі, бруцеллез ауруларының таралу қауіпі жойылды. Екінші жағынан, төзімді қоздырғыштардың әсерінен туындаған аурулар пайда бола бастады – стафилококк, ішек таяқшасы, т.б. Бірінші «ұрпақ» қатарындағы антибиотиктердің әсері төмендеді. Антибиотиктердің әсеріне микробтар қалай қарсы тұра алады, «төзімділік» сезімінің мағынасы неде?

Көп жағдайда қоздырғыштар «төзімділігі» олардың кейбір дәрілердің күшін жоятын ерекше ферменттер бөліп шығару қасиетімен түсіндіріледі. Мысалы, медициналық тәжірибеде пенициллинің пайдалануымен қатар «пенициллиназа» атты фермент анықталған. Бұл пенициллинге қарсы «антипенициллин» ферменті адам денесіндегі антибиотиктердің қабілетін төмендетіп, кей кездері олардың құрамдық заттарға айналуына ықпалын тигізеді. Төзімділіктің қалыптасу ерекшеліктерін ашу инфекциямен күресудің жоспары мен тәсілін өзгертуге мүмкіндік береді. Ең алдымен – қоздырғыштардың қасиетін міндетті түрде лабораториялық сынақ арқылы зерттеу және осы негізде әсер етуші антибиотикті таңдап алу керек. Қазіргі кезде біз антибиотиктердің бірінші ұрпағы жеткілікті әсер ете алмай жатқанда антибиотиктердің екінші ұрпағын кеңінен таңдап алуымызға болады. Бүгінгі күндері жартылай жасанды (синтетические) антибиотиктер кеңінен қолданылып отыр. Олардың табиғи молекулаларын алмастырып өзгерту (трансформация) арқылы химиялық синтетикалық жолмен түзілтіп алу бағыты қалыптасты.

Алмастырылып өзгертілген молекулалар өздерінің алғашқы қасиеттерін сақтап қана қоймай қышқылдар мен ферменттердің әсеріне төзу, микробқа қарсы қабілетінің кеңейуі, денедегі сіңуі мен бөлінуінің жақсаруы сияқты маңызды сапаларға ие болды. Іріңдеп қабынған ауруларды емдеуде қолданылатын негізгі антибиотиктердің арасынан көбірек назар аударатындары мыналар:

1. Пенициллиндер – бензилпеницилин (табиғи антибиотик) әсер ету. Мүмкіншілігі шектелген қоздырғыштардың сезімталдығы анықталғанда ғана қолданылуы мүмкін.

Жартылай жасанды (синтетические) пенициллиндер негізгі екі топқа бөлінеді – пеницилиназаға төзімді грамм + қоздырғыштарға әсері басым (оксациллин, метациллин, циклоксациллин) және ауқымды түрлері (ампициллин, карбенициллин, ампиокс). Бірінші топтағы дәрілердің грамм - және + қоздырғыштарына әсері күшті. Мысалы: ампициллин тыныс жолдарының, бүйрек пен зәр жолдарының инфекцияларын емдеуде өте тиімді әсер көрсетеді.

Ампиокс – егу мен ішке қабылдау түрінде жылдам әсер етуші дәрі ретінде қолданылады. Ол пенициллиназа құрушы стафилококк, стрептококк, ішек таяқшасы, протей және араласқан инфекцияларға қарсы жедел хирургияда қоздырғыштардың сезімталдығын анықтаудың жауабын алғанға дейінгі кезеңде қолданылады. Оның кемшілігі – көк іріңді таяқша мен протейдің кейбір түрлеріне қарсы қабылетінің жоқтығы.

Карбенциллин – көк іріңді таяқшалар мен протейдің барлық түрлеріне әсері күшті. Негізгі қолданылатын аймағы – зәр шығару жолдарының инфекциясы, ауыр жүйелі инфекциялар да, іріңдеген, асқынған жараларда, перитониттерде қолданылады.

ІІ. Цефалоспориндер – бұлар пенициллинге туыстас қосылыстар. Бұларға цепорин (цефалоспорин), кефзол, цефазолин, цефалолитин, цефамизин, цефалоксин, амзолин жатады. Бұл цефалоспориндердің «бірінші және екінші ұрпақтары». Қазіргі кездері клиникада жартылай синтетикалық цефалоспориндердің «үшінші және төртінші ұрпақтары» еңгізілуде – мондол, клофаран, ципрокс, ципролет, зинацеф, т.б. Бұл антибиотиктер көк іріңді таяқшалардан басқа да қоздырғыштарға қарсы көрсетер қасиеттерімен белгілі. Сонымен, аминогликозидтерден басқа да антибиотиктерді басып озатын әсері өте ауқымды «суперцефалоспориндер» ашылғанымен оларды қолдану жолында көптеген мәселелер бар. Олардың қымбат бағалылығы, түзіліп алудағы ғылыми және технологиялық күрделілігі сияқты жүйелі де қажетті шараларды шешу керек.

ІІІ. Аминогликозидтер– гентамицин, канамицин, сизомицин және жартылай синтетикалық аминогликозидтер – амикацин, нителимецин. Аминогликозидті антибиотиктердің молекулалары пенициллиндікі сияқты арнайы ақуыздардың әсерінен бұзылады. Химиялық алмастырылып өзгертілу (трансформация) арқасында канамициннің өнімі – ферменттердің әсерінен қорғалған және әсері жағынан осы топтың барлығынан күшті амикацин антибиотигі алынды.

ІV. Тетрациклиндер – тетрациклин, окситетрациклин. Оларды медициналық тәжірибеде қолданудың болашағы жартылай жасанды (синтетические) өнімдерін шығарумен байланысты (метациклин, доксициклин, рондомицин, вибрамицин). Олар жақсы сіңеді, аз мөлшерде қолдануға болады. Доксациклиннің егуге арналған түрі шықаннан бері морфоциклин, тетрациклин, сигмамицин сияқты дәрілерді қолданудың қажеттігі болмай қалды. Басқа да антибиотиктердің іріңді инфекцияда қолданылатындары -–линкомицин, фузидин, эритромицин фосфаты, т.б.

Антибиотиктерді қолдануда мынандай сұрақтар қалыптасады:

1) Қоздырғыштарға қарсы емдеуді жүргізуге қандай лайықты көрсеткіштер бар?

2) Ұзақ төзімді қоздырғыштардың ықпалымен туған инфекцияда қандай бактерияға қарсы дәріні таңдау қажет?

3) Қоздырғыштарға қарсы емдеудің кестесі қандай болуы керек (мөлшері, егілуінің арақашықтығы, тәсілі)?

4) Қоздырғыштарға қарсы емдеудің әсерін бағалаудың көрсеткіштері қандай?

5) Қоздырғыштарға қарсы дәрілерді ауыстырудың қажеттілігі немен анықталады?

6) Қолданылып жатқан антибиотикке төзімді қоздырғыш табылғанда не істеуге болады?

7) Қоздырғыштарға қарсы емдеудің қажетті ұзақтығын қалай анықтайды және жүргізілетін емнің көрсеткіштері қандай?

Хирургиялық сырқаттарға антибиотикпен емдеуді жүргізу қажет болғанда, онда ауруда болатын асқынулардың алдын алу мен жалпы емдеу үшін де көңіл бөлген жөн.

Антибиотиктерді сырқаттың алдын алу мақсатында қолдану жасалған операциядан кейінгі іріңді асқынулардың пайда болу қауыпін азайту мен ескерту үшін жүргізіледі.

Әдебиеттер:

1. Галкин Р.А., Двойников С.И. Сестринское дело в хирургии.- Самара, 1998.- 360 с.

2. Кузнецова В.М. Сестринское дело в хирургии, М., Феникс, 2000.-415 с.

3. Абдрахманов М.С. Сестринское дело в хирургии. А., 2001.

4. Лекции по общей хирургии.

5. Петров В.С. Общая хирургия. - С.-Петербург, 2000.

6. Стручков В.И., Стручков Ю.В. Общая хирургия. - М.: Медицина, 1998.

7. Гостищев В.К. Общая хирургия. - М.: Медицина, 1996.

8. Рычагов Г.П. Общая хирургия. – Минск, 2002.

9. Дұрманов Қ.Д. Жалпы хирургия, 2006.

10. Буянов В.М., Нестеренко Ю.А. Хирургия. М.: Медицина, 1993. - 624 с.

Бақылау сұрақтары:

1. Антисептка анықтамасы

2. Антисептика түрлері

3. Физикалық антисептика

4. Механикалық антисептика

5. Химиялық антисептика

6. Антисептиктердің түрлері

№ 4 Дәріс.

Тақырыбы: Анестезиологияның жалпы сұрақтары. Жалпы анезстезиология. Жергілікті анестезиология. Жалпы жіне жергідлікті анестезия жүргізуде мейірбикенің рөлі.

Мақсаты: студенттерді ингаляциялық наркозда қолданылатын наркоз (жалпы жансыздандыру) және оның міндеттерімен таныстыру, жансыздандырудың түрлерін білуді, жансыздандырудың барлық түрін білуді, асықну түсінігін және ол кезде алғашқы көмекті көрсетуді, ингаляциялық анркоз, жасанды өкпені желдету аппартурасын зерттеуді. Ингаляциялық наркоз, өкпені жасанды желдету аппаратурасымен жұмыс дағдысын үйренуді.

Дәріс тезисі:

Анестезиология (грек. an – сыз, сіз, емес қосымшасы және aіsthёsіs – сезім, logos – ғылым) – клиникалық медицина ғылымының ағзаларды уақытша жансыздандыру мәселелерін зерттейтін саласы.

Аумақтық жансыздандыру (анестезия) тәсілдері 19 ғасырдан белгілі. Қазіргі заманғы анестезиологияның негізін салған 19 ғасырда өмір сүрген ағылшын ғалымы Ю.Сноу болды. Ол алғаш рет медицинада эфирлі және хлороформды наркоз пайдаланған. Қазақстанда анестезиология ғылымына профессор А.Тоғайбаев көп үлес қосты. Оның басшылығымен ісікті емдеу кезінде пайдаланылатын наркоздың адам организміне әсері зерттелді. Анестезиологияның ең негізгі мақсаты – хирург. Операцияның барлық кезеңдерінде науқастың қауіпсіздігін сақтау және зақымданған ағзаның ауруын жеңілдету әрі сол кездегі олардың бұзылған қызметтерін реттеу.

Анестезиология жалпы анестезиология және аумақтық анестезиология болып екіге бөлінеді. Жалпы анестезиологияда адам есінен танады, бүкіл дене сезімінен айрылады. Мұнда сезімталдықты жоятын наркотик. дәрі-дәрмектер қолданылады. Аумақтық анестезиологияда адам есі сақтала отырып, дененің белгілі бір бөлігінде ғана дәрілер арқылы сезімталдық жойылады. Қазіргі анестезиологияның негізгі ғылыми бағыты – жансыздандыратын дәрілердің жаңа түрін шығару, олардың пайдалы, зиянды әсерлерін зерттеу, наркоз беретін құралдарды (аппараттарды) жетілдіру. Қазір Республикада «Қазақстананестезиологтары мен реаниматологтар қауымдастығы» жұмыс істейді. Арнайы «Анестезиология және реаниматология» журналы шығады.

Наркоз (грек. narkosіs – мелшию, ұйып қалу) – орталық жүйке жүйесіне арнайы дәрілер жіберу арқылы организмде жасанды түрде шақырылған терең ұйқы. Наркоздан кейін адам есінен толық не жартылай айырылып, ауыру сезімін жоғалтып, тіндер жансызданады. Негізінен күрделі хирургиялық операциялар кезінде ауру сезімін болдырмау мақсатында наркоз беріледі. Наркозды организмге жіберудің: ингаляциялық(дәріні тыныс жолдарына жіберу), ингаляциялық емес (дәріні қан тамырына, бұлшық етке, тері астына егу) және күрделі (аралас) түрлері бар. Наркоз берер алдында науқастың ауыз қуысы, асқазаны, ішегі толық тазаланады, жүйке жүйесін тыныштандыратын дәрі беріледі, мұны премедикация кезеңі деп атайды. Наркоз арнайы наркоз аппараттарымен беріледі.Анестезиологтар жіберілетін дәрінің мөлшерін аппарат (электрэнцефалограф) арқылы бақылап, тамырдың соғуын, қан қысымын өлшеп отырады. Өйткені науқастың организмі жіберілген дәріге реакция беріп, анафилакстік шок (естен тану) болуы не наркоз беретін түтік тыныс жолдарын жарақаттап, ауаның өтпей қалуы мүмкін.

Жергілікті жансыздандыру (жергілікті анестезия)— бұл белгілі бір дене бөлігінде ауырсынуды басу, ол қалпына келетін процесс және науқас ұйықтамайды. Сезімталдықтың басқа түрлері (тактильды, проприорецептивті, суық) төмендеген, бірақ сақталған болады.

+ Жергілікті анестезияның артықшылықтары науқастың есі анық болады, яғни науқаспен қатынас орната алуға мүмкіндік болады; арнайы операция алды дайындықтың қажеті жоқ; орындаудың қарапайымдылығы мен қол жетімдігі; орындау үшін қымбат аппаратура қажетінің болмауы.

- Жергілікті анестезияның кемшіліктері мүмкін болатын аллергиялық реакциялар; ұзақ операциялар кезінде науқастың психоэмоциональды қозуы; толық бұлшық еттік босаңсу қажет жағдайларда, ауқымды және жарақаттық операциялар кезінде қолдана алмаушылық, сонымен қатар өмірге қажетті мүшелері зақымданған науқастарда қолдана алмаушылық.

Әдебиеттер:

1. Галкин Р.А., Двойников С.И. Сестринское дело в хирургии.- Самара, 1998.- 360 с.

2. Кузнецова А.В. Сестринское дело в хирургии, М., 2000

3. Абдрахманов М.С. Сестринское дело в хирургии. А., 2001

4. 4.Лекции по общей хирургии.

5. Петров В.С. Общая хирургия. - С.-Петербург, 2000.

6. Стручков В.И., Стручков Ю.В. Общая хирургия. - М.: Медицина, 1998.

7. Гостищев В.К. Общая хирургия. - М.: Медицина, 1996.             

8. Рычагов Г.П. Общая хирургия. – Минск, 2002.

9. Дұрманов Қ.Д. Жалпы хирургия, 2006.

10. Буянов В.М., Нестеренко Ю.А. Хирургия. М.: Медицина, 1993. - 624 с.

Бақылау сұрақтары (керібайланыс):

1. «Наркоз» түсінігінің анықтамасы

2. Ингаляциялық наркоздың негізгі міндеттері

3. Жансыздандырудың түрлері

4. Наркоздың кезеңдері 

5. Наркоздың асқынуы

6. Премидикация туралы түсінік , оның міндеттері

7. Жергілікті анестезия түсінігі, оның түрлері

8. Жалпы және жергілікті анестезияның оң және теріс жақтары

9. Анестетиктердің түрлері және оның қолданылуы

10. Ингаляциялық наркозда қолданылатын қандай заттар (анестетиктер)

11. Анестетиктердің физико – химиялық қасиеттері

12. Маскалы және эндотрахеалды наркоздың түсінігі

13. Маскалы және эндотрахеалды наркозда қандай құрылғы қолданылады

14. Ингаляциялық наркоз жүргізуге қысқаша баяндама. 

 

№ 5 Дәріс.

Тақырыбы: Хирургиялық  операция. Түрлері. Хирургиялық операциялық шеберлік.

Мақсаты:Студенттерді хирургиялық операция түрлерімен, операция кезеңдерімен таныстыру.

 

Дәріс тезисі:

Хирургиялық операция - бұл науқастың ұлпалары мен мүшелерін зақымдай отырып орындалатын емдік - анықтамалық іс - әрекеттер.

 Хирургиялық операцияның міндетіне асқынған сұйықтықтарды шығарып іріңді ағызу, сарсулы қуыстар, ұлпалар мен мүшелерден ағзаға тыс заттарды, сүйектің ұсақ сынықтары, оқ кесектерін, бытыраларды алып тастау, зақымдалған ұлпалар мен мүшелерді жартылай алып тастау, асқазан, өкпе, ішек, (резекция) т.б. өт қабын алып тастау, ұлпалар мен мүшелердің арасындағы анатомиялық бүтіндікті қалпына келтіру, жараны алғашқы хирургиялық өңдеу, жарыққа жасалған операция немесе қызметі жағынан тиімді анатомиялық байланыстар жасау - өңештің, асқазан қалтқысының (привратник), ішектің түйілуінде айналма байланыстар (анастомоз) салу, т.б. жатады.

Операциялық жарақаттың түріне қарай хирургиялық операциялар қанды және қансыз болып бөлінеді. Қанды операцияларда ағзаға жара салынады, ал қансызда - тері мен кілегей қабықшаның бүтіндігі бұзылмайды. Қансыз операциялар аз жасалады. Оның қатарына шыққан мүшелерді қалпына келтіру, сынықтарды салу, ағзаларға (өңеш, қынап, ішек, несеп жолы, т.б.) түтік-буж салу, катетеризация, табиғи тесіктер арқылы бөгде заттарды алып тастау, эндоскопиялық зеріттеулер жатады. Қажеттілігіне байланысты хирургиялық операциялар емдік және диагностикалық болып бөлінеді. Егер де диагностикалық операция кезінде асқынған ауру табылса, онда басында диагностикалық болып басталған операция кейінірек емдік болып жалғастырылады, бірақ өзгерістің жайылып кеткеніне байланысты бұл операцияны толығымен жасауға мүмкіндік болмайды. Мұндай кезде диагноз қоюмен ғана шектеледі.

Емдік операциялар көлемі мен маңызы жөнінен көлемді, толық (радикальная) және шектелген, толық емес (паллиативная) болып бөлінеді. Көлемді, толық операцияларда асқынған ауру өзгерістері алынып тасталса, шектелген операцияларда науқастың жағдайы жеңілдетіледі, бірақ негізгі асқынған өзгерістер ағымына онша әсер етпейді. Шектелген операцияның мысалы ретінде асқазан қатерлі ісігінде жасалатын айналма асқазан-ішектік байланысты (обходной гастро-энтероанастомоз) айтуға болады. Осы операция асқазан қалтқысының қатерсіз ісігі әсерінен тарылуында жасалса, онда бұл операция толық болып табылады. Сонымен, операцияның толықтығы хирургиялық операцияның көлемі мен түріне ғана байланысты емес, аурудың даму сатысы, кезеңі және түріне де байланысты болады.

Сонымен бірге операциялар алғашқы және екінші кезектегі болып бөлінеді. Алғашқы операция жасауға жарақаттың немесе аурудың барлығы себеп болса, екінші кезектегі операциялар асқынуларды емдеу үшін жасалады. Мысалы: аяқ-қол артерия тамырларының эмболиясында жасалатын эмболэктомия операциясы алғашқы операцияға, ал эмболиядан кейін қоректілік жетіспеушілігінен болған шіруде жасалатын аяқ-қолды кесіп алып тастау операциясы (ампутация)- екінші кезектегі операцияға жатады.

Операциялық жарақаттың ауырлығы мен оның ұзақтығына байланысты операциялар үлкен және кіші болып бөлінеді. Негізінде кіші операция, - деп емхана - амбулатория жағдайында жасалатын шағын, жарақатсыз операцияларды атайды. Бірақ, сонымен бірге бұл операцияға басқаша көзбен қарауға да болады. Кез-келген операцияның науқас үшін қауіптілігі бар. Бұл қауіптіліктер мыналарға байланысты: шокты тудыруы мүмкін, ауырсыну, қан ағу мен жараның қоздырғыштармен ластану мүмкіншілігі пайда болады. Кейбір қауыпті жағдайлар көбінесе қолданылған жансыздандыруға, тоңазуға, психалық жарақатқа, т.б. байланысты болуы мүмкін. Осы айтылғандарды естен шығару кейде ең кішкентай операцияның өзін асқындырып, қауыпті етуі мүмкін.










Последнее изменение этой страницы: 2018-04-12; просмотров: 306.

stydopedya.ru не претендует на авторское право материалов, которые вылажены, но предоставляет бесплатный доступ к ним. В случае нарушения авторского права или персональных данных напишите сюда...