Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция

Курс экономической теории. Под общ. ред. Проф. Чепурина М.Н., проф. Кисилевой Е.А. Киров, 1994, 2000. 2 страница




Индукция - жеке оқиға, құбылыстардан логика арқылы жалпы қағидалар, принциптер шығарады.

 Дедукцияда керісінше, жалпы қағидалар негізінде экономикалық объектілердің, процестердің кейбір жеке алынған ерекшеліктері сипатталады. Ғылыми жүйенің қалыптасуы индукция және дедукция методологиялық әдістермен жүзеге асырылады.

Экономикалық теория – адамның шектеусіз қажеттіліктерін қанағаттандырудағы қоғам өндірісінің сирек, шектелген ресурстарын бөлу, айырбастау және тұтыну туралы ғылым. Экономикалық теория зерттейтін құбылыстардың мәні экономикалық категория мен экономикалық заңдарда көрсетіледі. Экономикалық категория дегеніміз – экономикалық құбылыстардың (мысалы, тауар, баға, кіріс) маңызды жақтарын көрсететін жалпылама ұғымдар. Экономикалық заңдар – бұл экономикалық құбылыстар арасындағы тұрақты, қайталанатын байланысы.

Экономикалық теорияның зерттеу әдістері.

1. Абстракция

2. Индукция және дедукция.

3. Анализ, синтез.

4. Тарихи және логикалық.

5. Графикалық әдіс –кесте, диаграмма, схема.

6. Моделдеу.

3. Позитивті және нормативті экономика.

Позитивті экономика – дерек негізіндегі экономикалық қылық туралы болжамдар. Ал экономиканың тиімділігі жөнінде сөз болғанда, онда мұны нормативті экономикалық ғылым деп білеміз. Нормативті экономика – елдің экономика туралы бағалау пкірлері.

2 тақырып. Қоғамдық өндірістің негіздері.

Дәрістің мақсаты: Қоғамдық өндірістің құрылымы, типтерімен таныстыру және өндіріс факторларына талдау жасау.

Жоспар:

1. Өндіріс, оның мәні және факторлары.

2. Ресурстардың шектеулігі және оларды талдау мәселелері.

3. Қоғамдық өндірістің құрылымы.

Негізгі сөздер: өндіріс, жұмыс күші, еңбек заты, мұқтаждықтар, өндіріс факторлары

Иллюстрациялық материал: слайд, кесте

1. Өндіріс, оның мәні және факторлары.

Өндіріс – бұл қоғамның дамуы мен өмір сүруі үшін қажет материалдық және рухани игіліктерді құру процесі.

Өндіріс процесі тек кана үш факторлардың – адамның күші, еңбек заты мен еңбек құралдары - өзара іс-әрекеті арқылы жүзеге асуы мүмкін.

Жұмыс күші – бұл адамның дене және рухани қабілеттілігінің жиынтығы және оны өндіріс процесінің материалдық игіліктер мен қызмет көрсетуінде қолданады.

Еңбек заты- болашақ тауардың материалдық негізін құрайтын және еңбек процесінде адамдар әсер ететін заттар. (мұнай, руда, шикізат т.б.).

Еңбек құрал- саймандары – қажетті игіліктерге адамдардың әсер ету заттары - бұл әр түрлі механизм мен машина, инструмент пен қажет тетіктер, двигатель, жекізетін құрылым және т.б. нәрселер.

Өндіргіш күштер – бұл қоғамдық өндірістің жеке (жұмысшы күші) және заттық (өндіріс құрал-жабдықтары) факторларының өзара әрекеті адам мен табиғат қатынасының шешуші, белсенді элементтері.

    Ғылыми-техникалық революция өндіріс факторларын өзгертеді. Осылайша, өндіріс құрал-жабдықтары информатика, электронды-есептеуіш және компьютерлік техникамен байытылады. Өз кезегінде жұмыс күші құрылымында да сапалы өзгерістер жүреді: оның ғылыми ұйымдастырылуы пайда болып, жұмыскерлердің біліктілік және интеллектуалдық деңгейлері көтеріліп, адамның кәсіпкерлік қасиеттерінің ролі мен маңыздылығы арта түседі.

    Экономикалық қатынастар – бұл адамдар арасында қызметтер мен материалды, рухани игіліктерді өндіру, бөлу, айырбастау мен тұтыну процесі барысында пайда болатын қатынастар. Экономикалық қатынастардың сипаты өндіріс құрал-жабдықтарына меншік формасымен анықталады, бұны экономикалық базис деп атаймыз.

    Өндірістік қатынастар біріншіден, тек өндіріс сферасында болатын қарым-қатынастар, екіншіден, өндірістік емес сферада қалыптасатын қатынастардан тұрады.

    Құрылымы бойынша экономикалық қатынастар ұйымдастыру-экономикалық және әлеуметтік-экономикалық болып бөлінеді.

    Ұйымдастыру-экономикалық қатынастар өндірілген өнім өндірісінің, бөлінуі және айырбасталуының қалайша ұйымдастырылғанына қарай қалыптасады. Ұйымдастыру формаларына еңбек бөлінісі, еңбек кооперациясы, өндіріс концептрациясы (фирмалардың, т.б. іріленуі), өндірістің орталықтандырылуы (көптеген шаруашылық бірліктерінің бір тұтас бірігуі) және т.б. жатады.

    Әлеуметтік-экономикалық қатынастар өндіріс құрал-жабдықтарына меншік формаларымен анықталатын өндіріс жағдайларына байланысты адамдар арасында қалыптасады. Меншік формасында басты нәрсе: өндіріс, бөлу, айырбас пен тұтыну қатынастарының әлеуметтік-экономикалық мазмұны туындайды. Бұл қатынастардың дамуы меншік иелерінің жеке мүддесіне, сана-сезімдеріне қарай жүзеге асырылады.

    Бір жыл бойы өндірілетін адамдардың шаруашылық қызметінің нәтижесі қоғамдық өнім болып табылады. Өзінің қозғалысында ол 4 сатыдан өтеді: өндіріс, бөлу, айырбас және тұтыну.

    Өндіріс – пайдалы өнім шығару процесі. Бұл бастапқы саты.

    Бөлу өндірілген өнімдегі әр адамның үлесін анықтауды білдіреді.

    Айырбас – бұл бір өнімнің басқа өнімге айырбасталу процесі. Бөлу мен айырбас органикалық түрде өндіріспен байланысты, олар бір тізбектің бөліктері болып табылады. Бөлу мен айырбас өндіріс пен тұтыну арасын жалғайды.

    Тұтыну – адамның қажеттіліктерін өтеуі үшін өндірілген игіліктерді қолдануы. Тұтыну өнімді пайдаланудың тәмамдаушы кезеңі болып табылады.

    Тұтыну екі сипатта: өндірістік және өндірістік емес болуы мүмкін. Өндірістік тұтыну дегеніміз өндіріс процесінде өндіріс құрал-жабдықтары мен жұмысшы күшін пайдалану ұдайы өндіріс негізін құрайды.

    Өндірістік емес тұтыну жеке және қоғамдық болып екіге бөлінеді.

    Жеке тұтыну – бұл адамджардың тамаққа, киімге, білім, демалысқа және т.б. қажеттіліктерін қанағаттандыру.

    Қоғамдық тұтыну – қоғамның ғылымға, білімге, мәдениетке, басқаруға, қорғанысқа және т.б. қажеттіліктерін қанағаттандыру.

    Өнімдерді тұтынған кезде олар оң мағынада жойылады, яғни оларды ұдайы өндіріп тұру қажет.

    Ұдайы өндіріс – бұл өндіріс процесінің қайталануы. Ұдайы өндірістің жай және ұлғаймалы түрлері бар. Жай ұдайы өндіріс – бұл өндіріс процесінің бұрынғы ауқымында қайталануы. Ал, ұлғаймалы ұдайы өндіріс – ұлғаймалы мөлшерде өндірістің жаңартылып отыруы.

    Қоғамдық өнімнің барлық өтетін төрт сатысы немесе кезеңдері өзара тығыз байланысады және қоғамдық өндірісті құрайды.

    Қоғамдық өндірістің әрекет етуінің маңызды көрсеткіші – оның тиімділігі. Бұл көрсеткіш өндіріс нәтижелерінің оның шығындарына қатынасымен анықталады.

2. Ресурстардың шектеулігі және оларды талдау мәселелері.

Экономика екі іргелі экономикалық аксиомаға негізделеді: шексіз мұқтаждықтар мен шектеулі ресурстар. Мұқтаждықтар – бұл адамдардың белгілі бір пайдалылығы бар игіліктерді иелену мен пайдалануға деген ынталылығы. Мұқтаждықтарды қанағаттандыратын құралдар игіліктер болып табылады. Бір игіліктер шектеусіз мөлшерде болады (мысалы, ауа), ал екіншісі – шектеулі (мұнай, көмір т.б.). Соңғылары экономикалық игіліктер деп аталады.

өндіріс факторлары ресурстары табыстары
жер табиғи рента
еңбек еңбек/жұмыс күші жалақы
капитал материалдық, қаржылық пайыз
кәсіпкерлік қабілеттілік   пайда

3. Қоғамдық өндірістің құрылымы.

Қоғамдық өндіріс екі саладан тұрады: материалды және материалды емес.

Материалдық өндіріс саласы – халық шаруашылығы салаларының төмендегідей материалдық иігіліктер өндірісі (өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, құрылыс) және материалдық қызмет көрсеиту саласы бойынша (өнім қозғалысын тұтынушыға дейін қамтамасыз ететін көлік пен сауда, коммуналды шаруашылық, тұрмыстық қызмет көрчсету – киімді өндеу, тігу, жуу, тазалау және т.б.).

Материалдық емес игіліктер (рухани құндылықтар) жасалады, сондай-ақ матерниалдық емес қызмет көрсету – денсаулық сақтау, білім, ғылым, мәдениет, спорт, және т.б.

3 тақырып. Меншік қатынастары және олардың экономикадағы орны.

Дәрістің мақсаты: Меншікті экономикалық катеория ретінде қарастыру. Меншіктің түрлері мен құқықтық мазмұнын қарастыру.

Жоспар:

1. Меншіктің экономикалық және құқықтық мазмұны.

2. Меншік объектілері және субъектілері.

3. Меншіктің түрлері және олардың қызметтері.

4. Мемлекет иелігінен алу және жекешелендіру.

Негізгі сөздер: меншік, меншік субъекті, меншік объекті, жекешелендіру

Иллюстрациялық материал:слаид, кесте, схема

1. Меншіктің экономикалық және құқықтық мазмұны.

Меншік – бұл адамдар арасындағы материалдық және рухани иігіліктерді өндіру, бөлу, айырбастау және тұтыну салаларындағы күрделі әлеуметтік-экономикалық қатынастар.

Меншік бұл зат емес, заттарға байланысты туындайтын қатынас. Меншік ретінде тұлғаның нысанды (затты) пайдалануына байланысты құқығы көрінеді. Тұлға ретінде мемлекет, ұжым, жеке тұлға болуы мүмкін. Меншіктің негізгі нысандары: жер, ғимараттар, материалдық және рухани мәдениет заттары, т.б. жатады.

Меншік иелері үш типке бөлінеді:

1. Потенциалдың (мұрагердің) меншік иесі. Бірақ, бұл белгілі бір кәсіпорынды немесе басқа да затты иемденгеннен кейін ғана меншік иесіне айналады.

2. Меншік иесі, заттаң тұтынушысы ( иемденуші). Мұнда иемденуші меншіктің толық иесі бола алмайды. Себебі, мұндағы заттың иесі басқа адам болып табылады. Иемденуші келісімге сәйкес өзіне түскен табыстың бір бөлігін ғана иемдене алады.

3. Толық меншік иесі. Мұнда заттың бағалылығының және оны тұтынудың меншік иесі, ол меншікті иелігінен шығарып, оны басқа бір субъектіге беруге, өткізуге құқығы болады.

Меншік экономикалық категория ретінде жеке меншік болып табылады. Жеке меншік дегеніміз- белгілі бір мүлікке жеке адамның иелік етуін айтамыз.

«Меншік» белгілі бір затты жеке мүлік ретінде адамның иеленуінен шыққан.

Меншік құқықтық мағынасында мүліктік қатынастарды білдіреді. Экономикалық мағынасында меншік бүкіл шаруашылық процесін қамтып, пайдалы игіліктер мен қызметтерді өндіру, бөлу, айырбастау мен тұтыну қатынастарын білдіреді.

Меншік – бұл зат емес, заттарға байланысты туындайтын қатынас.

Меншік қатынастары меншік нысандарын пайдалану, иелену және тұтынудан тұрады. Меншік иесі мүлкін уақытша пайдаланулары үшін басқа адамдарға белгілі бір ақыға беру шартын келтіруге болады. Біздіңше, иелену, пайдалану мен іске жарату – бұл толық меншік емес.

Тарихта меншіктің әр түрлі типтері белгілі, олардың ішінде ортақ, қауымдық және жеке меншік басты түрлері болып табылады.

Тарихи бастама ортақ меншік болады, ол ортақ еңбек пен оның нәтижелерін бірігіп шешуге негізделеді. Кейіннен жеке меншік пайда болды. Ол еңбектік және еңбектік емес болып екіге бөлінеді.

Еңбектік жеке меншік тұлғалары – жеке басты шаруалар, қол өнершілер мен басқада адамдар өз еңбектерімен өмір сүреді. Қазіргі Қазақстанда оларға жеке еңбегімен айналысатын фермерлер мен адамдар жатады.

Жеке меншіктің екінші түріне бөтен біреудің еңбегі есебінен баю тән. Өндіріс құралдарының негізгі бөлігі азғана адамдар қолында болған кезде, бұл қоғамның қалған бөлігінің бұл игіліктерден шеттелуін білдіреді. Осы кезде мүліктікт теңзіздік пен қоғамның әлеуметтік жіктелуі туады.

Иемденудің үшінші түрі аралас меншік кезінде мүлік қатысушылардың ақшалай және басқа да жарнамаларының есебінен құралады.

Қазақстанда заңға сәйкес жеке, мемлекеттік және тағы басқа да меншік түрлері танылады.

Меншіктің заңдық мазмұны дәстүрлі құқықтарымен сипатталады:

А) иемдену; Б) пайдалану; В) билік ету;

2. Меншік объектілері және субъектілері.

Меншік субъекті – меншік қатынастарының белсенді жағы, меншік объектіне иемдену құқын білдіреді.

Меншік объекті - меншік қатынастарының пассивті жағын сипаттайды және оған жатады:

А) жылжымайтын мүлік; Б) жылжитын мүлік. В) интеллектуалды меншік.

3. Меншіктің түрлері және олардың қызметтері.

Қазіргі қазақстандық заңнамаға сәйкес меншік иесі меншік объектісін иеленеді, пайдаланады және билік етеді. ҚР Азаматтық кодексі меншіктің жеке, мемлекеттік және аралас нысандарының құқықтық ауқымын анықтайды.

Мемлекеттік меншіктің ерекше қасиеті – меншікке абсолюттік құқық мемлекетте. Өндірісті басқаруды мемлекет тайғайындаған басшылар жүргізеді. Мемлекеттік кәсіпорындардың меншігі үлестерге бөлінбейді, осыдан мемлекеттік меншік унитарлы.

Муниципалды /жергілікті меншік иелері – жергілікті билік органдары (қалалық, аудандық т.б.)

Жеке меншік – бір тұлғаның қолында шоғырланған меншік құқықтары.

Ұжымдық меншік – жеке меншік құқықтары бар, біріккен топтар меншігі.

Мемлекеттік меншік – бұл меншік нысандарын мемлекеттік билік өкілдерінің басқаруы мен іске жаратуды жүзеге асыратын қатынастар жүйесін білдіреді. Мемлекеттік меншік бүкіл халық шаруашылық деңгейінде, мймақ, облыс, аудан, қала, ауыл деңгейінде бар.

Үжымдық меншік – бұл еңбек ұжымы өндіріс құралдары мен өнімдерін орта иемденіп, пайдаланып және әске жарататын экономикалық қатыныстар жүйесі. Қазақстан Республикасында қазіргі кезде ұжымдық меншік түрлеріне кооперативтік, акционерлік, қоғамдық ұйымдар және тағы басқа меншіктер формалары жатады.

Меншік заңдары:

1.Өз еңбегінің өнімін иемдену;

2.Бөтен біреудің еңбегінің өнімін иемдену.

Меншік субъектісі ретінде – мемлекеті, ұжымды, жеке тұлғаны, адамды қарастыруға болады.

Меншік объектісі ретінде – жер, ғимараттар, материалдық және рухани мәдениет заттары жатады.

Басқаша айтсақ, меншік – бұл адамдар арасындағы өндіріс факторлары мен нәтижелерін иемденуге байланысты объективті қатынастар жүйесі. Иемдену - әрбір қоғамдық өндіріс әдісінің негізі болып табылады. «Меншік» пен «иемдену» түсініктерін теңестіруге болмайды. Меншік – анағұрлым абстрактілі ұғым, ал иемдену нақты ұғым болып табылады.

Иемдену – бұл нақты қоғамдық затты иелену әдісі. Иемдену әрдайым белгілі бір тұлғаның мүддесіне қарай жүзеге асады. Егер, өндіріс жеке тұлғалардың мүддесіне орай жүзеге асырылса, жеке меншік айқын көрінеді. Егер, өндіріс топ мүддесіне қарай жүргізілсе, онда мәселе иеленуде. Егер, өндіріс қоғам мүддесін көздесе, онда қоғамдық иелену орын алады.

Иемдену заңдары:

1. Еңбек бастапқы иемдену әдісі;

2. Басқаның еңбегін иемдену заңы.

4. Мемлекет иелігінен алу және жекешелендіру.

Мемлекет иелігінен алу – мемлекеттік меншікті өзгертуге байланысты мемлекеттің экономикадағы шектен тыс ролін жоюға бағытталған шаралар жиынтығы.

Жекешелендіру – меншікті жеке және заңды тұлғалардың жеке меншігіне беру. 1991 жылдан бастап ҚР Конституциясы ең алғаш жеке меншік құқығын аынқтады, осы кезден жекешелендіру және мемлекет иелігінен алуға қадамдар жасалды. Жекешелендірудің заңдық негізі «меншік туралы» және «мемлекет иелігінен алу жәіне жекешелендіру туралы» Заңдарға көрініс тапқан.

 ҚР 10 жылдағы мемлекет иелігінен алу және жекешелендіру процечсін 4 кезеңге бөліп қарауға болады.

1-ші кезеңде (1991-1992жж болды.

2-кезең 1993-1995жж- бұл

3-кезең 1996-1998жж. ҚР

4 – ші кезең. 1999-2000 жылдар.

4 тақырып. Қоғамдық өндірістің нышандары. Тауарлы өндіріс.

Дәріс мақсаты: Натуралды және тауарлы өндірістің сипатын ашу. Құн және баға туралы экономикалық көзқарастарды түсіндіру.

Жоспары:

1. Натуралды шаруашылық және оның эволюциясы.

2. Тауарлы шаруашылық: мәні, пайда болу жағдайлары мен себептері.

3. Құн заңы. Құн және баға.

4. Ақшаның пайда болуы мен мәні.

Негізгі сөздер: натуралды шаруашылық, тауарлы шаруашылық, тауар, құн, Ақша

Иллюстрациялық материал: кесте, тақырып бойынша слайд қолданылады

1. Натуралды шаруашылық және оның эволюциясы.

    Натуралды шаруашылық – бұл адамдар өздерінің қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін өнім жасайтын ұйымдастыру-экономикалық қатынастардың жүйесі.

Натуралды шаруашылыққа тән сипаттар:

1. ұйымдастыру-экономикалық қатынастар жүйесінің тұйықтылығы;

2. ерекшеленген түрлерге бөлуді жоққа шығаратын әмбебап қол еңбегі,

3. өндіріс пен тұтыну арасындағы тура экономикалық байлансытар. Ол мынадай формула бойынша дамиды: «өндіріс-бөлу-тұтыну», яғни жасалған өнім айырбасқа түспестен өндіріске қатысушылар арасында бөлініп, тұтынуға түседі.

2. Тауарлы шаруашылық: мәні, пайда болу жағдайлары мен себептері.

Шаруашылықытң ең көп тараған түрі болып тауарлы шаруашылық табылады.

Тауарлы шаруашылық – бұл пайдалы өнімдер рынокта сатылу үшін жасалатын ұйымдастыру-экономикалық қатынастар жүйесі.

Тауарлы шаруашылыққа тән:

1. Ұйымдастыру-экономикалық қатынастардың анықтығы;

2. еңбекті бөлу жіне оның әсерінен тауар айырбасы жүреді,

3. өндіріс пен тұтыну арасындағы жанама, делдалдық байланыстар.

Ол «өндіріс-айырбас-тұтыну» формуласы бойынша дамиды.

Тауар шаруашылығының өнімі – тауар.

    Тауар – бұл нарықта басқа тауарға балама айырбастауға бағытталған еңбекпен жасалған қоғамдық пайдалылық. Тауар арнайы сатуға, айырбастауға өндірілген зат. Тауарды тепе-тең өнімге айырбастау кезінде нарықта айырбас құнына ие болады.

Баға-тауардың ақшалай көрінісі.

3. Құн заңы. Құн және баға.

Адамдардың қажеттіліктерін тұрақты өтеу үшін қоғамда экономикалық қорлар жеткілікті болуы керек.Экономикалық қорлар дегенміз –тауар өндіріп және қызмет көрсетуге пайдаланылатын барлық табиғи, еңбек және адам қолымен өндірілген материалдық ресурстар.

    Табиғи ресурстар – бұл тауарлар мен игі қызметтердің өндіру кезіндегі пайдаланылатын табиғи игілік. Оған жер, су, орман, газ, мұнай кен орындары және т.б. жатады.

    Еңбек ресурстары – еңбек етуге қабілетті халықтың бір бөлігі. Еңбек ресурстары өзінің жасы, жынысы, білімі, мамандық деңгейі және еңбек етуге ынтасы бойынша жіктеледі.

    Материалдық ресурстар - өндіріс нәтижесінде алынатын еңбек құралдары мен заттарының жиынтығы.

    Өндіріс нәтижесінде қоғамда өнім немесе игілік жасалынады.  Жиынтық қоғамдық өнім –бұл белгілі бір кезеңде (әдетте бір жыл ішінде) өндірістің барлық салаларында жасалынған игіліктердің жиынтығы. Жиынтық қоғамдық өнім көптеген салалар мен кәсіпорындардың, қоғамдық еңбек бөлінісі жүйесіндегі күрделі өзара байланыстың нәтижесі. Қазіргі қоғамның экономикалық өмірінде кәсіпорындарда шығарылған өнімдер жоспарлы түрде тауарға айналады.

Натуралдық шаруашылық жеке тұтынуға қажетті өнімді өз қолымен жасау жағдайын сипаттайды. Таурлық қарым – қатынастардың негізі ретіндегі қоғамдық еңбек бөлінісінің дамуы процестеріндегі байланыс айналым арқылы сату, сатып алу түрінде орнығып, өз ерекшеліктері бойынша оқшауланған өндірушілердің пайда болуына алып келді

    Өндіріс факторлары:жер, еңбек, капитал, кәсіпкерлік қабілет. Адам еңбегімен өндірілген және өндірістік тұтынуда пайдаланылатын игілікке капитал, ал адам еңбегінің жемісі емес өндірістік игілікке жер жатады. Жердің маңызды бір сипаты оның көлемінің шектеулі болуы. Адам оның көлемін өз ықтиярынша өзгерте алмайды, сәйкесінше өндіре де алмайды. Жер адам еңбегінің «жемісі» емес, табиғаттың сыйы, ол табиғи ресурс. Белгілі жер телімін пайдалану бастапқыдан адамның қолынан келер істің бірі. Әр уақытта есте болатын жәйт, экономикалық теорияда «жер» ұғымы өте кең мағынада колданылады. Ол белгілі бір өлшемдегі табиғат сыйлаған бүкіл пайдалылықтар – жердің өзі, су ресурстары, қазбалы байлықтар. Жер бетінің белгілі бір телімдері адамның өндірістік қызметінде қолданылады.

    Еңбек адамның мақсатқа сай қызметі, еңбектің көмегімен адам өз қажеттіліктерін өтеу үшін табиғатты өзгертеді, өзіне лайықтап икемдейді. Адамның тіршілік етуінің негізгі шарттарының бірі де еңбек. «Адамды адам еткен -еңбек», -деп айтудың өзі де жайдан –жай емес. Адам еңбек арқылы хайуанаттар дүниесінен бөлініп шықты, табиғат күштерін игере отырып, оны өз мүддесіне пайдаланды, еңбек құралдарын жасауды игерді, қабілетін дамытты, білім алып, оқу -өнер, ғылымды игерді.










Последнее изменение этой страницы: 2018-05-10; просмотров: 168.

stydopedya.ru не претендует на авторское право материалов, которые вылажены, но предоставляет бесплатный доступ к ним. В случае нарушения авторского права или персональных данных напишите сюда...