Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция

Курс экономической теории. Под общ. ред. Проф. Чепурина М.Н., проф. Кисилевой Е.А. Киров, 1994, 2000. 6 страница




Ұлттық экономиканың тепе-теңдікте қызмет етуі деп, барлық бір-бірімен байланысты нарықтарда сұраныс пен ұсыныстың тең болған жағдайы түсініледі.

Жалпы экономикалық тепе-теңдік идеясы бұдан көп бұрын экономист-классиктердің назарын аударған А.Смиттің айтуы бойынша, өндірушілер мен тұтынушылардың бір-біріне еркін әсер еткен жағдайында хаос орын алмайды. Бұл жағдайда индивидтердің жеке табыс көздеп жасайтын іс-әрекеттерінде экономикалық тәртіп орын алады. Осы болмыс баршаға қолайлы жалпы тепе-теңдікке жетуге мүмкіндік әкеледі.

Жетілген бәсеке жағдайында жалпы тепе-теңдік болу мүмкіндігін тұңғыш дәлелдеген Л.Вальрас.

  Микродәрежедегі жалпы экономикалық тепе-теңдіктің болуы тауарлардың, қызметтердің және өндірістік ресурстардың әр түрлерінің сұранысы мен ұсынысының тең болуымен байланысты, ал макроэкономикалық тепе-теңдік жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныстың теңесуімен белгіленеді.

  Басқаша айтқанда, Вальрастың заңы бойынша, егер кейбір нарықтарда артық сұраныс болса, онда басқа нарықтарда да осы көлемде артық ұсыныс болуға тиісті. Нәтижесінде, артық сұраныс пен артық ұсыныстың сомасы, қашан болмасын нөлге тең болады.

  Ұлттық экономикалық тепе-теңдікке жету үшін А.Маршаллдың неоклассикалық концепциясы кең қолданылады. Оның мәні: өндірушілер мен тұтынушылар өздерінің сату және сатып алу жоспарларын экономикалық коньюктураның жағдайын үйлестіреді. Нәтижесінде, нарықтағы тепе-теңдік сұраныс бағасының ұсыныс бағасынан артық болуының арқасында орнайды. Осындай артық болушыларды есепке ала отырып, өндірушілер ұсыныс көлеміне өсіреді, немесе төмендетеді.

Экономикалық тепе-теңдік түсінігіне жетімсіз информация, экономикалық субьектілердің болжауларының қателіктерінің немесе мемлекеттің экономикалық саясатының тұрақсыздығының нәтижесінде пайда болған, экономикалық коньюктураның ауытқуларын жатқызады. Бұл жағдайда, экономикалық субьектілердің күтімдеріне сәйкес келетін экономикалық болмыстың практика жүзінде қандай болмасын, ол тепе-теңдік болмысы деп ұйғарылады. Ал эконмикада рационалды субьектілер әрекет еткендіктен, олардың күтімдері орынды деп есептеледі, оларды тепе-теңдікке жету үшін мемлекеттің кірісуі қажет болмайды.

12 тақырып. Экономикалық дамудың ауытқымалы болуы макроэкономика заңдылығы ретінде.

Дәріс мақсаты: Экономикалық цикл теориясын түсіндіру. Экономикалық цикл фазаларын тереңірек қарастыру.

Жоспары:

1. Экономикалық цикл, циклдың кейнстік, неокейнстік және монетарлық тұжырымдамалары.

2. Қазіргі циклдық дамудың ерекшеліктері, ұзын толқындар.

Негізгі сөздер: Экономикалық кезең (цикл), дағдарыс, өрлеу, депрессия, тірілу

Иллюстрациялық материал: 1. Экономикалық цикл, циклдың кейнстік, неокейнстік және монетарлық тұжырымдамалары.

Тұрақсыздық нарықтық экономикаға тән сипаттардың бірі. Оған экономикалық циклды қалыптастыратын өрлеу де, құлдырау да тән. Экономикалық дамудың циклдық заңдылықтарын зерттеу-макроэкономикалық талдаудың құраушы бөлігінің бірі болып табылады. Көптеген зерттеуші экономистер осы рыноктық экономиканың циклдық ауытқуының құпиясы неде деген сұраққа жауап іздеді. Ал, экономикалық цикл дегеніміз-бұл экономикада қысқа және ұзақ мерзім аралығындағы өндіріс, жұмысбастылық және табыс мөлшері деңгейінің үнемі ауытқып отыруы. Экономикалық циклдың болуының себептері: автономды инвестициялардың таусылуы, ақша массасының ауытқуы, негізгі капиталдың жаңартылуы, мултипликатор әсерінің әлсіреуі және көптеген экономистердің пікірлері бойынша ең маңызды себеп – тұтыну мен инвестиция арасындағы ауытқудың болуы. Макроэкономикада экономикалық циклдың интегриалды теориясы жоқ, сол себепті түрлі бағыттар мен мектептердің экономистері циклдың болуының себептеріне әртүрлі көзқараспен тоқталады. 

К. Маркс экономикалық цикл мәселесіне алғаш көп көңіл бөлген экономист ғалымдардың бірі болып саналады. Ол циклдың бірін-бірі кезектесе алмастырып отыратын негізгі төрт фазасын бөліп қарастырды.

Экономикалық цикл фазалары: дағдарыс, тоқырау, жандану, өрлеу.

   Қазіргі экономикалық әдебиеттерде АҚШ-ның экономикалық зерттеулердің ұлттық бюросында жасалған терминалогия бойынша цикл келесідей фазаларды қамтиды: шың немесе бум, рецессия немесе құлдырау, депрессия және жандану. Экономикалық конъюнктураны сипаттау үшін бір қатар экономикалық көрсеткіштер қолданылады (ЖҰӨ, ЖІӨ, жұмыссыздық деңгейі, жеке табыс, өнеркәсіптік өнімдер көлемі, бағалар деңгейі, т.б.).

   Цикл барысында экономикалық параметрлердің өзгеруіне байланысты олар проциклдық, контрциклдық және ациклдық болып бөлінеді.

Қазіргі кезде статистиктер мен экономистер экономикалық конъюнктураға толық, нақты болжамдар жасай алмайды, тек оның жалпы тенденциясын ғана анықтай алады. Себебі экономикалық тұрақсыздық пен саяси қақтығыстар кезінде барлық әсер етуші факторларды есепке алу, ұлттық экономикаға халықаралық ортаның ықпалын анықтау қиын және де даму тенденциясын анықтағанның өзінде фазалардың жүру мерзімін нақты атап, экономикалық саясатты сол өзгерістерге қарай бағыттау мүмкін емес.

Қазіргі қоғамдық ғылымда экономикалық циклдардың бірнеше типі белгілі. Олар, әдетте, осы толқындарды зерттеп, ғылымға енуіне негіз болған экономистердің атымен аталады. 

 

Циклдар типі Циклдардың ұзақтылығы Негізгі ерекшелектері
1. Китчин циклі 2-4 жыл Қор мөлшері→ инфляцияның, жұмысбастылықтың, ЖҰӨ-нің ауытқуы,тауарлы циқл
2. Жугляр циклі 7-12 жыл Инвестициялық цикл→ инфля-цияның, жұмысбастылықтың, ЖҰӨ-нің ауытқуы
3. Кузнец циклі 16-25 жыл Табыс→ иммиграция→ үй құрылысы→жиынтық сұраныс→ табыс
4. Кондратьев циклі 40-60 жыл Техникалық прогресс, құрылымдық өзгерістер
5. Форрестор циклі 200 жыл Энергия және материалдар
6. Тоффлер циклі 1000-2000 жыл Өркениеттің дамуы

 

2. Қазіргі циклдық дамудың ерекшеліктері. ұзын толқындар.

Нарықтық экономикаға тұрақсыздық, көтерілу және құлдырау қасиеттері тән, ол экономикалық кезеңді қалыптастырады және экономиканың кезеңділігін анықтайды. Экономикалық цикл – бұл дағдарыстар арасындағы мерзім және осы кезде оның төрт фазасы ауысады. Экономикалық өсудің кезеңдік ауытқұын Кейнсиан мектебі акселерат принципімен және мультипликационды-акселерациондық механизмнің әрекетімен түсіндіреді.Ағылшын экономисі Дж. Кейнстің ойынша, цикл фазасының алмасуы күрделі қаржы мөлшерімен байланысты, ол пайда мөлшері мен пайыз (%) мөлшері ара-қатынасымен түсіндіріледі. Дағдарыс сонда ғана болады, егер пайда мөлшері (“шекті тиімділік”) пайыз (%) мөлшеріне дейін төмендесе, онда ол мынаған алып келеді: кәсіпкердің өндірісті дамытуға қаржы салу ниеті жойылады. Қазіргі Дж. Кейнстін ізбасарлары - "неокейнстіктер" - мәселен американ экономисі - Пол Самуэльсон былай дейді: нарықтық экономиканың циклдық сыйпаты ұлттық табыстағы тұтыну үлесінің төмендеуімен және акселератор жеделдету іс-әрекетімен түсіндіріледі.

Қазіргі кезде циклдық дамудың өзіндік ерекшеліктері бар. Олар екінші дүниежүзілік соғыстын, ғылыми-техникалық революцияның әсерінен және мемлекеттің экономикалық ролінін өсуімен туындаған. Экономикалық дағдарыстар тым жиіледі және терендей түсті, сонымен қатар депрессия фазасы ұзақтығының ұлғаюымен ерекшеленді. Мұндай құбылыстар 1974-1975-ші және 1980-1982-ші жылдардағы экономикалық дағдарыстар кезеніңде байқалды. Бұл құбылыстар көптеген индустриалды — дамыған елдердің экономикасын қамтыды. Циклдық теорияны жасауда айырықша орынды Николай Дмитриевич Кондратьев (1892-1938) алады. Экономикалық циклдардың 7-11 жылға созылатындығы белгілі болса, бұдан басқада 48-55 жылға созылатын ұзақ циклдардың бар екендігі белгілі бола бастады.

13 тақырып. Жұмыссыздық пен инфляция экономикалық тұрақсыздықтың көрінісі ретінде.

Дәріс мақсаты: Жұмыссыздық пен инфляцияға түсінік бере отырып, оның экономикалық тұрақсыздығына талдау жасау.

Жоспары:

1. Жұмысбастылық пен жұмыссыздық ұғымдарының мазмұны. Жұмыссыздықтың негізгі түрлері.

2. Инфляция ұғымының мазмұны мен түрлері. Филипс қисығы.

Негізгі сөздер: жұмыссыздық, инфляция, стагфляция, дезинфляция, гиперинфляция, циклдық жұмыссыздық, құрылымдық жұмыссыздық

Иллюстрациялық материал: электронды оқулық, кесте, слаид

1. Жұмысбастылық пен жұмыссыздық ұғымдарының мазмұны. Жұмыссыздықтың негізгі түрлері.

Еңбек рыногы – бұл тауар болып табылатын еңбек ресурстарының рыногы, олардың тепе-теңдік бағасы мен саны сұраныс пен ұсыныстың бір-біріне әсер етуімен анықталады. Кәсіпкерлер мен еңбекке қабілетті адамдар рынок агенттері, олар еңбек рыногында өзара қатынаста болады. Сондықтан еңбек рыногы сұраныс пен ұсыныс механизмі арқылы экономикалық агенттердің арасындағы бәсекелестіктің нәтижесінде жұмыспен қамтудың белгілі көлемі және төлемі дәрежесі орнайтын экономикалық орта немесе болмыс болып табылады.

Еңбек рыногы басты үш қызмет атқарады: 1. әлеуметтік қызметте адамдардың табыстары мен жақсы тұрмыс халінің әдеттегідей дәрежесі мен жұмыскерлердің өндірістік қабілетін тиісті дәрежеде ұдайы өндіруді қамтамасыз ету. 2. экономикалық қызметте еңбекке рационалды тарту, оны бөлу, реттеу және пайдалану. 3. ынталандыру қызметі бәсекеге қабілеттің күшеюіне, тиімділігі жоғары еңбекке ынтаның өсуіне, біліктіліктің жоғарылауына, мамандықты ауыстыруға мүмкіндік тудырады.

Жұмыссыздық – еңбек рыногының құрамдас элементі болып табылады. Жұмыс күші бар ересек адамдар еңбек рыногына қатысуына байланысты бірнеше негізгі категорияларға бөлінеді.

Еңбекке қабілетті адамдар – жасына және денсаулығына қарай еңбек етуге қабілеті бар адамдар. Жұмысшы күшіне жұмыспен қамтылғандар және жұмыссыздар жатады. Жұмыспен қамту және жұмыссыздықтың болмысын мына көрсеткіштер сипаттайды: институционалдық емес адамдар (рыноктық емес құрылымда істейтіндер), жұмыс істеушілердің саны, жұмыссыздар саны, жұмысшы күшінің құрамына кірмейтін адамдардың саны.

Жұмыссыздықтың дәрежесін батыс статистикасы қолданатын көрсеткіштер бойынша таралуы және мерзімнің ұзақтығы арқылы айқындай түсуге болады. Жұмыссыздықтың таралу көрсеткіші жұмыс күшінің жұмыссыздық деңгейін сипаттайды.

Жұмысбастылық ұғымымен еңбекке жарамды халықтың (есейген санының) жұмыспен қамтылғаны түсіндіріледі. Жұмыссыздықтың табиги деңгейі дегеніміз - өлшем, өйткені уақытша жұмыссыздарға сәйкес бос жұмыс орындардың табу үшін уақыт керек.

Жұмыссыздықтың табиги деңгейі 5-6%-ға тең.

Жұмыссыздықтың типтері: 1. Фрикциондық жұмыссыздық – еңбек нарығында жұмыссыздықтың қашан болмасын, адамдардың бір орыннан екінші орынға қозғалысымен және бір кәсіпорыннан екіншісіне ауысуымен байланысты белгілі бір дәрежесін сипаттайды. Фрикциондық жұмыссыздық мына жағдайлармен байланысты: бар вакансия туралы толық ақпарат болмағанда немесе осы ақпарат тым қымбат болғанда, жұмыскерлер мен бос жұмыс орындарының арасында әрдайым белгілі бір сәйкессіздік болады.

 2. Құрылымдық жұмыссыздық – экономикадағы құрылымдық өзгерістердің нәтижесінде бос жұмыс орындары мен жұмыссыздардың арасындағы кәсіби-біліктілік пен аумақтық сәйкессіздік құрылымдық жұмыссыздықтың себебі болады. Олар: жаңа технологиялар, жаңа тауарлардың пайда болуы. Осының нәтижесінде жұмыс күшінің кәсіби-біліктілік құрылымында өзгерістер орын алып отырады. Экономиканың бір секторынан құрылымдық өзгерістердің нәтижесінде жұмыстан айрылған жұмыскерлер басқа саладағы бос жұмыс орындарына орналаса алмаған жағдайда құрылымдық жұмыссыздық орын алады.

3. Маусымдық жұмыссыздық - өндірістің кейбір салаларындағы өндіріс көлемінің маусымдық ауытқуымен байланысты болады: ауыл шаруашылығы, құрылыс және т.с.с. Бұларда жыл бойында еңбекке сұраныс елеулі өзгеріп отырады.

4. Циклдық жұмыссыздық. Мұның негізін экономикалық құлдырау мен экономиканың бір секторындағы немесе аймақтағы жұмыс күшінің артуы басқа жерде оның жеткіліксіз болуымен қатар жүреді. Ол экономикалы коньюктураның өзгеруімен анықталады. Ол циклдық өрлеу кезінде азайып, дағдарыстар кезінде көбейіп отырады.

Құрылымдық және фрикциондық жұмыссыздықтар оның «табиғи» деңгейін білдіреді. Бұл жағдайда инфляция орташа көлемде жүреді. Циклдық факторлар жұмыссыздықты «табиғи» деңгейден жоғарылатады. Жалпы жұмыссыздықтың табиғи деңгейі АҚШ-та жиырмасыншы ғасырдың соңында 6-7 пайыз болса, экономикасы дамыған басқа елдерде ол біршама төмен.

Фрикциондық және құрылымдық жұмыссыздық түрлері болмай қалмайтын шарасыздық, сондықтан жұмыссыздықтың бұл түрлері елде жұмысбастылық халықты толық қамтиды деп санайды. Циклдық жұмыссыздық деп экономикалық тоқырау, дағдарыста көрінетін жұмыссыздық түрін айтады. Әлемдік тәжірибеде Оукен заңы қолданылады: жұмыссыздықтың деңгейі ағымдық көтерілуі табиғи жұмыссыздықтан 1% үлкен болса, потенциалды ЖҰӨ салыстырғанда ЖҰӨ 2,5 % төмендейді.

Оукен заңы – ЖҰӨ мен жұмыссздық деңгейі арасындағы айырмашылық, яғни жұмыссыздық деңгейінің табиғи деңгейімен салыстырғанда 1% -ға көтерілуі ЖҰӨ-нің өсу жылдамдығын 2,5%-ға төмендетеді.

2. Инфляция ұғымының мазмұны мен түрлері. Филипс қисығы.

Жұмыссыздық рыноктық экономикаға тән құбылыс болып табылады. Ол қажетті деңгейде тұрса, онда экономиканың тиімді дамуына қолайлы жағдай жасайды.

Инфляция термині қазақша қампаю, ісіну дегенді білдіреді. Инфляция өндіріс процесінің бұзылуы, шаруашылық салаларының бір-бірімен үйлесімсіз дамуы және мемлекеттің эмиссиялық саясаты мен коммерциялық банктердің іскерлігінің икемсіздігі салдарынан туындайтын күрделі әрі көп факторлы құбылыс.

Инфляция – экономикадағы жалпы баға деңгейінің тұрақты көтерілуінен ақшаның құнсыздану процесі.

Инфляция түрлері: Ашық – бағаның тұрақты көтерілуі. Қысымға түскен – баға мен табысты уақытша тұрақтандыру, бағаға бақылау орнату. Сырғымалы- жылына 10% дейін. Өршімелі- жылына 10-нан 200% дейін. Гипер инфляция – айына 50%-ға дейін немесе 200% дан жоғары.

Инфляция себептерінің екі типін ажыратуға болады. 1. Шығын инфляциясы – орташа шығынның өсуі табысты өндіріс көлемін қысқартады, ал фирмалар өндіріс көлемін қазіргі баға деңгейімен ұсынуға дайын. 2. Сұраныс инфляциясы – артық сұраныс бағаның өсуіне әкеледі және сұраныс инфляциясын тұдырады. Көп ақша көлемі аз тауар санына сұраныс қалыптастырады.

Сұраныс инфляциясы негізінен ақшалай факторға байланысты туындайды, яғни айналыстағы ақша массасы өссе, соның нәтижесінде төлем қабілеті бар сұраныс та жоғары болады. Ал сол кездегі бір қалыпты баға жағдайында өндірістің оралымсыздығы сұранысты қанағаттандыра алмайды. Сөйтіп жиынтық сұраныс экономикалық өндірістің мүмкіндіктерін жоғарылатып, бағаның көтерілуіне әкеледі.

Шығындар инфляциясы өнімге баға белгілеуде әсер ететін ақшасыз факторларға байланысты туындайды. Ол ең алдымен жалақы төлеуге шығындардың өсуі.

Тауар бағасының өсуі халықтың табысын төмендетіп, жалақының қайта индекстелуін талап етеді. Жалақының өсуі өз кезегінде өнімді өндіру шығындарының өсуіне, пайданың төмендеуіне, қолданылып жүрген баға бойынша шығарылатын өнім көлемінің қысқаруына әкеп соғады. Пайданы сақтап қалу мақсатында өндірушілер тауар бағасын көтеруге мәжбүр болады. Нәтижесінде инфляциялық серіппе пайда болады, бағаның көтерілуі жалақының өсуін талап етсе, жалақының өсуі бағаны көтереді. Бұл жалақы мен бағаның «инфляциялық серіппе» теориясы деп аталады.

Жұмыссыздық пен инфляция арасында байланысты ағылшын экономисті А.Филлипс зерттеген. Жұмыссыздық көрсеткіштері атаулы жалақының өсуі төмендеген жағдайда жоғарылайды да, жалақының өсуіне қарай төмендейді. Өндірістің құлдырауы – жұмыссыздықты өсіреді – табыс, шығындарды және жиынтық сұранысты қысқартады, нәтижесінде – бағалар төмендейді. Өндіріс жоғарылағанда – жұмыссыздық төмендейді – табыстар, шығындар, сұраныс өседі – нәтижесінде бағалар өседі.

14 тақырып. Мемлекеттік реттеу: пайда болуы, мақсаты, құралдары.

Дәріс мақсаты: Экономиканы мемлекеттік реттеу әдістеріне түсінік беру. Мемлекеттің монетаристік және фискалдық саясатын түсіндіру.

    Жоспар:

1. Экономиканы мемлекеттік реттеудің объективті қажеттілігі мен оның мәні.

2. Ақша-несие жүйесі.

3. Мемлекеттің қаржы жүйесі және қазына саясаты.

Негізгі сөздер:болжау, жоспарлау, монетаристік саясат, фискальдық саясат, әкімшілік-экономикалық реттеу, құқықтық реттеу

Иллюстрациялық материал: электронды оқулық, интернет материалдары, кесте, слаид

1. Экономиканы мемлекеттік реттеудің объективті қажеттілігі мен оның мәні.

    Тиімді экономиканың шведтік моделін жасаушы және көрнекті маман Класс Эклунд «таза күйінде мүлдем реттелмейтін нарық ешбір елде жоқ және нақтылы айтқанда, ешқашан болған емес» - деп жұжырым жасай келіп, ұжымдық шаруашылықтардың сыртқы-ішкі әсерлерін ескеру және табыстарды әділетті болуді қамтамасыз ету мақсатындағы мемлекеттік реттеу қажеттілігін көпшілік танып-білгендігін атап көрсетті.

    Мемлекеттік реттеудің объективті қажеттлігін анықтайтын факторлардың мәнісін қарастыруда ең алдымен «таза қоғамдық тауарлар», яғни нарықтық қатынастар механизмдерінің әсерін қабылдамайтын тауарлар жөнінде болмақ. Экономиканы мемлекеттік реттеу – мемлекеттің ел экономикасына қатысу формаларын әлеуметтік-экономикалық процестерге әсер етуші әдістер мен тәсілдерді қарастырады, сөйтіп тиімді рыноктық қатынастар қалыптастыруды қамтамасыз етеді. Мемлекеттік реттеудің мақсаты – қазіргі заманғы рынокты қалыптастыру, яғни әр-түрлі тауарларға сұранысты қанағаттандыру, қызмет көрсету деңгейін арттыру, дефицитті жою болып табылады.

Рынок үшін әкімшіл-әміршіл жүйенің қажеті жоқ, оған ерекше инфрақұрылым қажет. Ал мемлекеттік реттеу – осы инфрақұрылымды жасап, оның тиімді іс-әрекет етуіне қол жеткізуі қажет, яғни мемлекеттік реттеу рыноктық экономиканың кемшіліктерінің орнын толтыруы қажет.

Мемлекеттің экономикаға тікелей әсер етуіне мыналар әсер етеді:

- индикативті жоспарлар арқылы ел экономикасы дамуының стратегиялық мақсаттарын анықтау;

- белгілі бір тауарды жеткізу үшін мемлекеттік тапсырыстар мен келісім-шарттар;

- бағдарламалар, тапсырыстар және шарттарды мемлекеттік қолдау;

- технология мен өнімнің сапасына нормативтік талаптар қою;

- белгілі бір тауарларға құқықтық және әкімшілік шектеулер қою;

- тауарлардың экспорты мен импортын лицензиялау.

Мемлекеттік реттеудің жанама әсер ету әдістері:

- салық салу және салық деңгейі, жеңілдіктер жүйесі;

- бағаны реттеу және оның деңгейімен арақатынасын анықтау;

- ресурстар үшін төлемдер, кредиттеге, пайыздық ставкаға жеңілдіктер беру;

- экспорт және импортты кедендік реттеу;

- валюта курстары, оларды айырбастау шарттарын реттеу.

Көптеген экономистер салықтық реформаны тиімді деп санайды, сонымен бірге қатаң реттеушіліктердің босаңсуы экономикаға тиімдірек жұмыс істеуіне мүмкіндік береді. Бірақ мұндай проблемалардың көпшілігі Паретто бойынша жақсы болып табылмайды. Жеңгендер немесе табысы жоғарлағандар саны көп болса, салықтық өзгерістерден кейін зардап шегетіндер табылады. Осы факт реформаны қиындатады. Ерекше мүдделі топтар сол салықтың режимді орнату үшін көптеген уақыт пен ақшаларын жұмсайды.

Барлық елдерде жүргізіліп отырған саясат елдің экономикасын дамытуға бағытталуы тиіс, яғни ол халықтың әл-ауқатын жоғарлатып, экономикалық тұрақтылыққа негізделуі тиіс. Сол себепті мемлекет әртүрлі экономикалық саясат жүргізеді, олар:

1. қаржы – несие саясаты

2. фискальді саясат

3. еңбек ақы және тариф саясаты

4. мемлекеттік инвестиция саясаты

5. әлеуметтік саясат т.б.   

Меншік қатнастарына байланысты: адамның қоғамдағы алатын орыны, қоғамдық өнімдегі адамның үлесі, қоғамдық өмірдегі адамның ролі және тағы басқа анықталады. «Ешкімдікі емес» қоғамдық меншік белсенді шаруашылық қызметін ынталандырмайды. Жеке меншік керісінше жеке мүдделер тұрғысынан анағұрым нәтижелі еңбекке жетелейді. Бірақ мұнда байлық пен кедейлік жіктеліп, әлеуметтік шиеленіс пайда болады.










Последнее изменение этой страницы: 2018-05-10; просмотров: 179.

stydopedya.ru не претендует на авторское право материалов, которые вылажены, но предоставляет бесплатный доступ к ним. В случае нарушения авторского права или персональных данных напишите сюда...