Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция

Курс экономической теории. Под общ. ред. Проф. Чепурина М.Н., проф. Кисилевой Е.А. Киров, 1994, 2000. 7 страница




Қолайлы әлеуметтік ортаны қалыптастыру үшін мемлекет игіліктердің бір бөлігін жалпыға ортақ игіліктер ретінде қалыптастыруы қажет. Мысалы, табиғи байлықтар, орман, парктер т.б.

Мемлекет – қоғамдық мақсатты қамтамасыз ету үшін шаруашылық тұлғалары мен рынокты бақылауды қамтамасыз ету үшін заңды және саяси билікті іске асыратын үкімет мекемелерінен тұрады.

Экономиканы мемлекеттік реттеу – рыноктық экономиканың кемшіліктерінің орнын толтыру, басқару органдарының қоғамдық тиімді нәтижеге жетуі үшін жалпы өндірістік процеске әсер етуі болып табылады. Басты мақсаты – қазіргі заманғы рынокты қлыптастыру яғни әртүрлі тауарларға сұранысты қанағаттандыру, қызмет көрсету деңгейін арттыру, тапшылықты жою болып табылады. Ол қоғам дамуының объективті заңдарына сүйенеді. Экономикалық ретеудің мазмұнына «белсенді әлеуметтік саясат» жүргізу (кедейшілікке қарсы) кіреді.

Мемлекеттің экономикаға араласу сфералары:

- бәсекелестікті қолдау;

- жалпы экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету.

Яғни, рынокта табыс бойынша бөліну т.б. салдарынан халық шаруашылығында ішкі тұрақтылық бұзылады. Салалық диспропорция пайда болады. Сондықтан мемлекет ұзақ мерзімді, орта және қысқа мерзімді ауытқуларға араласады.

- әлеуметтік қамсыздандыру және тепе-теңдік. Жаңа қоғамда жалдамалы жұмысшылар, зейнеткерлер, балалар мен жастарды құрғау қажеттілігі туады. Рыноктық экономикада олар ешнәрсе өндірмейді және ештеңе ұсына алмайды. Яғни табыссыз, сондықтан мемлекет оларға көмектер көрсетеуі қажет.

- микродеңгейдегі тапшылықтарды жою. Мысалы, фирмалардың банкроттығын болдырмау, салықтық көмектер беру т.б.

-Мемлекеттің мақсаты: -экономикалық өсу;

                   - толық жұымбастылықпен қамтамасыз ету;

                                      - бағалардың тұрақтылығы;

                    -сыртқы және ішкі экономикалық тұрақтылық.

        

2. Ақша-несие жүйесі.

Ақша-несие саясаты ең алдымен экономикалық құлдырауды, жұмыссыздық пен инфляцияны болдырмауға бағытталған. Мемлекет бұл жерде келесі көрсеткіштерге әсер етеді: ақша массасы (ақша ұсынысы), жиынтық шығындар, есеп мөлшерлемесі (ставка рефинансирования).

Несие-ақша саясатының мақсаттары:

1. Өндіріс көлемін ұлғайту.

2.  жұмыспен толық қамтылу

3.  инфляцияны төмендету.

Несие-ақша саясатының құралдары:

1. ашық рыноктағы операциялары

2. Мәндетті резевтер нормасын өзгерту

3. есептік мөлшерлеменің өзгеруі.

Несие (кредит) сөзбе-сөз аудармада сенім деген түсінік береді. Бұны белгілі бір капиталдың басқа бір кәсіпорындағы солардың айналымы деп және сол кәсіпорынмен келісім деп түсінуге болады. Несиелік келісім бұл төлемі мезгілінен кешіктірілген сатып алу-сату болып табылады.

Несие туралы оның мәнін ашып көрсету үшін мынадай жайт-тарды айту керек: несие дегеніміз қарыз қорының болмысының (қозғалысының) формасы, қарыз қорына меншіктің жүзеге асы-рылуының ерекше формасы.

Қарыз қорын орталықтанған ақша қорының бөлшегі деуге болады және ол кейбір жағдайда ақша ретінде есептелмек, солай болып елестейді. Одан терең талдау қордың күрделі қайшылығы мол екі процестермен байланысты қатынас екенін айқындатады: қайтарылып берілетін уақытша қолданылатын ақша қүралдарының қалыптасуы және оларды пайдалануымен байланысты қатынастар екенін аңғартады. Бүл — қайшылықта болатын бірлік және тек қарыз қорының қайшылықтарынан несие пайда болады.

Абстракцияның бүдан жоғары сатысында несие несиелік қаты-настарға айналады. Осы қатынастар қарыз қорының қозғалысы туралы кредитор мен кредит алушылар арасында пайда болып қалыптасады. Бүл қатынастар, айталық венчур капиталына дем беріп, дамуға импульс бере алады немесе олар экономика дамуы-ның кедергісіне айналуы мүмкін.

Микро- және макроэкономикалық тепе-теңдікті орнатуда несие маңызды қызметтер атқарады. Несиенің көмегімен әр түрлі салалар және кәсіпорындар арасывда капиталдың қайта болінуі жүріп отыра-ды. Несие берудің негізгі принциптері — белгілі мерзімге берілуі және оньщ қайтарылуы — несиенің нарық механизмінің тәртіп сақтаушы тиімді қүралы болып қызмет атқаруына жол ашады.

Несие өзінің қозғалысын әр түрлі формада жүргізеді. Несиенің классикалық формаларына коммерциялық және банктік несие жатады.

Коммерциялық несие толем мерзімі кешіктірілген тауардың сатылуында қолданылады. Оның объектісі — тауарлық формадағы қүралдар. Мақсаты - тауарлар мен қызметтердің өтуін тездету. Коммерциялық несие формасында жасалатын келісім қүжатының қызметін вексель атқарады.

Вексель — қүнды қағаздардың бір түрі. Ол белгілі уақыт мерзімі өткеннен кейін, сонда корсетілген соманың төленуін талап етуге құқық береді. Вексельдің жабайы және аударма түрі болады. Жабайы вексель — осыны берген адамның белгілі соманы вексельді үстаушыға корсетілген мерзімде төлеймін деген міндеттемесі.

Аударма вексель, немесе тратта,вексельді үстаушының (трас-санттың) төлеушіге (трассатқа) озіне толем жасау міндеттемесін алған, немесе, вексель бойынша төлем жасау кепілдігін өзіне алған үшінші жаққа — акцептантқа, вексельде көрсетілген ақша сомасын төле деген жазбаша бүйрығы.

Банк несиесін кәсіпкерлерге жоне басқа қарыз алушыларға ақшалай қарыз формасында банктер береді. Кредитор қызметін банк атқарады.

Банк несиесі бір жылдық мерзімге дейін берілетін қыска мерзімдік және одан үзақ мерзімге берілетін үзақ мерзімдік болып бөлінеді.

Мемлекеттік несие — бүнда қарыз алушы мемлекет, ал кре-дитор көбінесе халық болады. Осы несие мемлекетгік қарыз (заем), мақсатты процентсіз қарыздар, қазыналық міндеттемелер түрін алады.

Нарықтың қалыптасу кезеңінде, түрмыстык жағдайлар үшін берілетін түтынушылық несие және мемлекеттер арасындағы бай-ланыстарға қызмет ететін халықаралық несие дами бастайды.

Несие қатынастарының еркениетті елдерде кең қолданылатын жаңа формалары дамып отыр: лизинг-несие, факторинг, фарфей-тинг және т.б.

Лизинг несиенің ақшалай емес формасы. Бүнда машиналар, жабдықтар және басқа материалдық қүралдар жалға беріледі, ал кейін осылардың қүны бірте-бірте төленіп болғаннан соң, олар жалға алушылардың меншігіне айналады. Лизингтің қолданылуы меншік қызметтерінің бөлінуіне негізделеді. Мүлікке меншік қүқы жалға берушіде қалады, ал жалға алушы осы мүліктің қүнын толық өтелгенше оны пайдаланады.

Лизшгтік келісімдер 1 жылдан 10-15 жылға дейін жасалады. Әдетте, компаниялар техниканы өздері емес, лизингтік фирмалар арқылы береді. Лизингтік компаниялар қызметін әр түрлі үйымдар аткдрады — башсгер жоне олардың болімшелері, немесе, өнеркәсіптік корпорациялардың филиаддары мен еншілес компаниялары. Қазақ-станның нарықтық механизмінде несиенің осы формасының дамуы ойдағыдай болып отырған жок. Көбінесе жабдықтардың қысқа мерзімді бір жылға дейінгі (рентинг) прокаты (жалға берілуі) қолданылып отыр.

Коммерциялық банктер несиенің факторинг деген формасьш пай-далана бастады. Факторинг — бөтеннің қарызын сатып алу (сату), немесе, сенімхат арқьшы коммерциялық операциялар жүргізу. Банк немесе басқа комиссионер кәсіпорнының, ассоциацияның және т.б. «дебиторлык, есепшотын» колма-қол ақшаға сатып алады, бұдан соң, ассоциацияның сатқан тауарын немесе көрсеткен қызметін накды сатып алушыдан қарызды өндіріп алады.

Фарфейтинг — қарызды банкке сатумен байланысты ұзақ мерзімді факторинг, қарызды өндіріп алу мерзімі 1-5 жылдан кейін келеді.

Несиелік механизмнін қалыптасуының бастапқы кезеңі тура-лы мәселе несиенің теориясы мен практикасының дамуында басты рөл атқарады. Несиелік механизмді несиелік қатынастарды ұйым-дастырудың формасы деп және пайдалану тәсілі деп қарастырған жөн. Несиелік механизм — қарыз қорына меншікті жүзеге асыру-дың экономикалық механизмі болып табылады. Несиелік қаты-настар несие саясатының негізін қүрайды.

Өтпелі экономиканың несие механизмі дамыған нарықтық несиелік қатынастарға парапар келмейді. Бүгін нарықтық қаты-настарға бағытталған, бірақ әкімшілдік басқарудың элементтерінен толық қүтылмаған несиелік механизмнің тек өтпелі нысандары женінде әңгіме қүруға болады.

3. Мемлекеттің қаржы жүйесі және қазына саясаты.

Қаржы дегеніміз – қоғамның ақшалай қаржы қорларын құру мен пайдалану жөніндегі экономикалық қатынастар жиынтығы.

Қаржы жүйесі мемлекеттің көптеген қаржыландыру институттарын қамтиды. Олар әр түрлі бағыттағы несие институттарымен тығыз байланыс негізінде әрекет жасайды.

Қаржы механизмі арқылы мемлекет өзінің саяси, экономика-лық және әлеуметтік сфералардағы көптеген қызметтерін атқаруға қажет ақшалай каражаттар қорын жасап қолданады.

Қаржы жүйесінің көрсеткіштері жалпы ұлттық экономикадағы жағдайдың сенімді индикаторы болып табылады. Осында шаруашылық әрекеттердің барлық маңызды аспектері тікелей не-месе жанама түрде бейнеленеді: өндірістің құрылымы, салааралық және территориялық пропорциялар, жеке салалардың іс-әрекетгерінің тиімділігі және т.б.

Қаржы деп ақша қаражаттарын (қаржы ресурстарын) бөлу және пайдалану туралы қатынастардың жүйесі аталады. Басқаша айтқанда, қөзғалысы ерекше қорлар арқылы жүріп отыратын акша қатынастары.

Қаржы қатынастары бұл:

• мемлекет пен заңды және жеке тұлғалар арасындағы;     

• физикалық және занды тұлғалар арасындағы;

• занды тұлғалар арасыңцағы;

• жеке мемлекеттер арасындағы қатынастар.

Осы қатынастар жүйесі қаржы жүйесі деп аталады. Қаржы жүйесінің буындары: әр дәрежедегі бюджеттер, әлеуметгік, мүлікгік, жеке адамдарды сақтавдыру қорлары, мемлекетгің валюта резерві, кәсіпорындардың, үйымдардьщ, фирмалардың, басқа коммерциялық және коммерциялык емес құрьшымдардың ақша қорлары, басқа арнаулы ақша қорлары.

Қаржылар шаруашылық субъектілерінің, тұрғындардың, мемлекеттің қаржысы болып болінеді. Шаруашылық субъектілерінің қаржысы бүл занды тұлғалар арасындағы, занды тұлғалар мен мемлекет, занды тұлғалар мен физикалық тұлғалар арасындағы қаржы қатынастары. Осы қаржы қатынастарының болмысының негізгі көрсеткіші ол жеке шаруашылық субъектілерінің пайдалары мен шығындарының есепшоты.

Турғындар қаржысыпың табыс болігін отбасыларының біріншілік
табыстары, шығындар бөлігін - тұрғындардың барлық шығында-
ры мен жинақтары күрайды. Мемлекетшік қаржылар барлық
каржы жүйесінің басты бөлігін күрады, ал мемлекет қаржылары-
ның жетекші буыны — мемлекеттің табыстары мен шығындарының мемлекеттік (федералдық) бюджеті болып табылады. Осы арқылы мемлекет жалпы ұлттык өнімге территориялық және сала-аралық бөлу жоне қайта бөлу жүргізеді.

Қаржы жұйесінің құрылуыньщ принциптері ор түрлі болады.

Көп тараған принципке фискалдық федерализм жатады. Осы принцип Қазақстанда қаржы жүйесін қалыптастыруда қолданыла-ды. Бүның мәні — қаржы жүйесінің жеке буындарының қызметтерін анықтап айыру, кім қандай қызмет атқаруына шек кою. Демек, мемлекет түтас үлтқа кдтынасы бар қорганысқа, ғарышқа, мемлекетгің сыртқы байланыстарына шығьшдарды белгілеуде толық тәуелсіз болады. Үкіметтің жергілікті органдары мектептерді, қоғамдық төртіп сақтауды және т.б. қаржыландырады.

Жергілікті бюджеттер өздерінің табыстарымен және шығында-рымен, мемлекеттік бюджетке кірмейді. Мысалы, АҚШ-та феде-ралдық бюджетгің табыс жағын көбінесе тікелей салықтар (45%), жұмыскерлер және жұмыс берушілер төлейін салықтар және жар-налар (35%), акционерлік компаниялар пайдасына салынатын са-лықтар (10%) құрады. Жанама салықтардың үлесі көп емес: ак-циздер — шамамен — 5%, баж салықтары — 1,5—2%, Штаттардың бюджеттерінің табыстары көбінесе жанама салықтардан тұрады, ал жергілікті бюджет табыстарының қайнар көзіне неше түрлі жергілікті салықтар жатады. Қазақстанның өтпелі экономикасында осыған үқсас құрылым қалыптасып келеді.

Сонымен, қаржылар акшалай құралдар қорының қалыптасу, болу және пайдаланумен байланысты қатынастарды көрсетеді.

Ақша қорларының жасалып пайдалануына болу қатынастары әсер етеді. Осы жағдай қаржылық бақылаудың объективтік түрде қажеттігін талап етеді. Құндық, қаржылык көрсеткіштердің қалыптасуына және пайдаланылуына бақылау жүргізу кәсіпорындар мен үйымдардың өндірістік, жабдықтау және откізу іс-әрекеттерінің әр түрлі жақтарын қамтиды. Сондықтан, қаржылык бақылауды экономикалық бақылаудан ажырату оңай болмайды, ойткені қар-жы операциялары кәсіпорындары мен үйымдардың экономикалық қызметтерінде көрсетіледі.

Нарықтық қатынастар жағдайында құқықтық мемлекетге қар-жы — экономикалық бақылаудың қажеттігі өте зор болады. Бақылауды мемлекет үкіметтің ең жоғарғы органдарының тарапынан жүргізуге тиісті. Бүл жағдайдың маңызы осіресе бүгін оте жоғары болып отыр, өйткені Қазақстанда бюджеттік тапшылық сөзылып кетті. Бүндай бақылау осы күнге дейін оқтын-оқтын ғана, кобінесе бюджет жобасы жоне оның орындалуы туралы есеп бергенде жүргізілетін.

Бюджетгің табыс бөлігіне бақылауды қаржы, салық, кеден және басқа органдар жүргізеді — Қазақстан Республикасының қаржы министрлігі, Қазақстан Республикасының кіріс министрлігі, т.т.с.

Меншіктің акционерлік нысандарының дамуы тоуелсіз сыртқы қаржылық бакылаудың біздің ел үшін жаңа институтын — аудитті дүниеге әкелді. Аудиторлық фирмалар жүйесі каржылық бақылау-дың ақиқат экономикалық принциптерін қолдануға жол ашты.

Мемлекеттік бюджет - елдің негізі қаржы құжаты, онда заң жүзінде бекітілген және нақты мерзімге шығындар мен кірістер көрсетілген. Бұл орталықтандырылған ірі ақша қоры, шығындарды бөлу арқылы мемлекет өз қызметін іске асырады.

     Салықтар дегеніміз мемлекеттік бюджетке заңды және жеке тұлғалардан белгілі бір мөлшерде және мерзімде түсетін міндетті төлемдер болып табылады.

15 тақырып. Экономикалық өсу

Дәріс мақсаты: Экономикалық өсу теориясына түсінік. Экономикалық өсудің бағыттары мен үлгілерін түсіндіру.

Жоспары:

1. Экономикалық өсу және оның өлшемдері.

2. Экономикалық өсудің түрлері және жағдайлары.

3. Экономикалық өсудің үлгілері.

Негізгі сөздер: Экстенсивті өсу, интенсивті өсу, экономикалық өсудің жаңа классикалық моделі

Иллюстрациялық материал: кесте, слаид, электронды оқулық

 1. Экономикалық өсу – адамзат қоғамның үдемелі дамуын бейнелейтін ең маңызды үдерістерінің бірі. Соның негізінде адамзаттың «мәңгі» проблемалары: қажеттіліктерді қанағаттандырудың жолдары мен түрлерін іздестіру, ғылымды дамыту, табиғатты сақтау мәселелері шешіледі. Экономикалық өсу ұғымы өндірістің нақты көлемінің қысқа мерзімдік шарықтаулары мен құлдырауларын емес, ұзақ уақыт аралығында өндіргіш күштердің дамуымен байланысты өндірістің нақты көлемінің ұзақ мерзімді өзгерістерін білдіреді.

Осы заманғы теория мен практикада «экономикалық өсу» термині елдің ЖІӨ немесе ЖҰӨ нақты көлемінің ұлғаюын көрсетеді, яғни экономикалық өсу пайыздық тұрғыда есептеледі және өткен жылғымен салыстырғанда ЖІӨ не ЖҰӨ көрсеткіштерінің өсімін сипаттайды. Экономикалық өсуді анықтағанда, ЖІӨ көрсеткіші салыстырмалы бағалар мен шарттар бойынша немесе осы көрсеткіші есептеуде баға факторы және өзге де құрылымдық өзгерістерді есепке алусыз есептеледі.

Экономикалық өсу көбінесе тұтынудың жаңа түрлерін қанағаттандыру қабілеті болып табылады. Сонымен қатар ірі әлеуметтік экономикалық мәселелерді шешуге бағытталады. Сондықтан экономикалық өсу категориясында экономикалық теорияда үлкен мән беріледі.

Экономикалық өсу ұлғаймалы ұдайы өндірістің болуымен түсіндіріледі: бұл жыл сайынғы қоғамдық өнімнің сандық әрі сапалық артуы және олар екі топтан: өндіріс құралдары мен тұтыну құралдарынан тұрады. Жыл сайынғы қоғамдық өнім көлемінің өсуі ұлғаймалы ұдайы өндірістің экстенсивті типіне немесе интенсивті типіне негізделе дамиды.

Қазіргі кезде ҒТР жағдайында, өндірістің интенсификациялануының негізінде барлық дамыған елдерде экономикалық өсудің жаңа сапасы қалыптасты: ал техникалық жарақтандыру мен еңбек өнімділігінің өсуі, ресурстарды қамтамасыз ету, қаржы қайтарымының көтерілуі негізінде жүзеге асады.

Экономикалық даму келесідей әрекеттердің нәтижесінде орындалуы мүмкін:

- Жұмыс күшінің саның көбейту. Егер жұмыс күшін құратын адамдардың санын көбейтсе, онда экономиканың өндіріс қуаты міндетті түрде артады.

- Еңбек өнімділігін арттыру. Егер әрбір жұмысшы көбірек өндіре бастаса, онда мемлекеттің өндіріс қуаты өседі.

- Техникалық деңгейін көтеру. Техникалық сипаттамалары жақсартылаған машиналарды қолдану еңбек өнімділігін арттырудың ең негізгі және маңызды жолы болып табылады. Алайда бұл шартты орындау үшін ғылым мен техниканы үдемелі дамыту қажет.

- Капитал жинақтау. Өндірісті дамыту үшін тек қана тұтыну тауарларын өндіріп қоймай, сонымен қатар қоғам өз ресурстарының бір бөлігін тиімді машиналар, станоктар, фабрикалар және с.с. сатып алу үшін жинап, оны сатып алып, оларды өндірісте қолдану керек.

Экономиканың өсуін өлшеудің екі жолы бар:

1. Макроэкономикалық көрсеткіштердің мәнінің өсуі (ЖҰӨ, ЖІӨ, ТҰӨ, ҰТ) немесе адам басына шаққандағы тұтынудың өсуі.

2. Әлеуметтік институттар үрдісінің өзгерісі (жеке меншік құқығы құрылымының өзгерісі, өндірісті ұйымдастыру, бөлу формаларының өзгерісі). Бұл жағдайлар экономикалық өсудің бір деңгейден екінші деңгейге ауысуына негіз болады. Жоғарыдағы әдістемелерге байланысты өсу теориясында үш бағытты атап өтуге болады:

- Неокейнстік;

- Неоклассикалық;

- Тарихи-әлеуметтік.

Экономикалық өсу ресурс шектеулігінің ахуалын жеңілдетеді. Экономикалық өсу факторларының 3 тобы бар: ұсыныс, сұраныс, бөлу.

Экономикалық өсудің экстенсивті үлгісі ұлғайтылған ұдайы өндірістің ең қарапайым жолы. Соның көмегімен жұмыссыздықты жылдам қысқартуға, жұмыс күшінің жұмыспен көп қамтылуын қамтамасыз етуге болады.     Экономикалық өсудің мұндай жолының күрделі кемшіліктері де бар. Оған техникалық тоқырау кідірісі тән, мұндай тоқырау кезінде өнім шығаруды ұлғайту техникалық прогреспен қатар жүрмейді. Екіншіден, капитал қайтарымы, материал сыйымдылығы, еңбек өнімділігі сияқты көрсеткіштер өзгеріссіз деңгейде қалады. Үшіншіден, экономикалық өсу шығындық сипат алады, оның себебі, өндірісті экстенсивті кеңейту еңбек және табиғи ресурстардың жеткілікті көлемдерінің болуын ұйғарады және экономиканың масштабтары солардың есебінен ұлғаяды. Бұл орайда ұдайы өндіріс жағдайлары нашарлай түседі. Сондықтан экономикалық өсудің экстенсивті жолына ұзақ мерзімді бағдарлану тұйыққа әкеп тірейді.

  Экономикалық өсудің көрсеткіштері жалпы және жеке болып 2 топқа бөлінеді: жалпыға жататындар: ЖҰӨ, ТҰӨ, ҰТ, жеке факторларға: еңбек өнімділігі және өндіріс тиімділігі.

Экономикалық өсуді өлшеудің әдістері:

- нақты ЖҰӨ-нің артуы;

- ЖҰӨ көлемінің халықтың жан басына шаққандағы өсуі.

 2. Қоғамдық өндірістің дамуы мен кеңеюі 2 типімен іске асырылады.: экстенсивті және интенсивті.

  Экономикалық өсудің экстенсивті типінде өндіріс кешенінің өсуі сандық факторлар есебінен іске асырылады, а.а қосымшм ресурстарды тарту есебінен.

  Экономикалық өсудің интенсивті типінде өндіріс кешенінің өсуі тиімді еңбек құралдарын пайдалану есебінен, жетілген технология, өндірісті ұйымдастыру есебінен іске асырылады.

  Экономикада экономикалық өсудің аралас ( интенсивті + экстенсивті( формасы да болады.

Экономикалық өсудің факторлары (жағдайлары) келесі:

1) Ұсыныс факторлары - өндіріс кешенінің физикалық өсуіне мүмкіндік береді: табиғи ресурстар мен қамтамасыз етілу, ресурстар дамуы, негізгі капитал көлемі, технология.

 2) Сұраныс факторлары – тұрғындардың жиынтық шығынарының деңгейінің өсуі , яғни өнімге сұраныс дамыған жағдайда.

 3) Сұраныс пен ұсыныс факторларының үйлеіділігі( арақатынасы).

3. Экономикалық өсу үлгілері.

 1. Харрод –Домар жаңа классикалық моделі:

Капитал - экономикалық өсудің жалғыз факторы.

        G = S :C мұнда:          G – экономикалық өсу қарқыны,

                                                    S – ұлттық табыстағы ақша.










Последнее изменение этой страницы: 2018-05-10; просмотров: 183.

stydopedya.ru не претендует на авторское право материалов, которые вылажены, но предоставляет бесплатный доступ к ним. В случае нарушения авторского права или персональных данных напишите сюда...