Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция

Курс экономической теории. Под общ. ред. Проф. Чепурина М.Н., проф. Кисилевой Е.А. Киров, 1994, 2000. 1 страница




4. Есқалиев М.Д. Өткен кезеңнің ойшыл экономистері және қазіргі көз қарас. Алматы,2004

Үлестіріп берілетін материал ӨЖ №2

Жұмыстың мақсаты:Нарықтық шаруашылық құрылымын, түрлерін оның қызмет ету ерекшеліктерін оқып-үйрену. Қазақстандағы нарық түрлерінің біріне экономикалық тұрғыда талдау жасау.

Тапсырма:Тақырыптың түйінді ұғымдарынан глосарии құру, тақырыпты әр түрлі график, диаграммалар тәсілімен бекіту.

2. Студенттің өзіндік пікірі, ой түйіні, тұжырымдары, ұсыныстары бойынша экономикалық теорияның даму кезеңдеріне сипаттама бере отырып, эссе дайындау.

Бақылау формасы: дайындаған график пен глоссариді оқытушыға тексерту, тақырыптар бойынша слайдтар әзірлеу, өзіндік пікірін «дұрыс, дұрыс емес» әдісі бойынша талдау жасау.

Қолданылатын әдебиеттер:

1. Экономикалық теория. Оқулық. Алматы. Қазақ Университеті. 2000.

2. Борисов Е.Ф. Экономическая теория. Учебник.М: Юрист,1997.

3. Экономикалық теория бойынша практикалық оқу құралы /профессор Жатқанбаевтың жетекшілігімен/ Алматы, 2006ж. 300бет

4. Экономикалық теория С. Әкімбаев А.С., Баймұхамбетов Астана 2002 ж

5. Кенжеғали Сағадиев. Проблемы конкурентоспособности национальной экономики. Алматы, 2004г,стр.77.

6. Экономика бойынша Нобель сыйлықтарының лауреаттары. Профессор Е.Б. Жатқанбаевтың редакциясы бойынша шығарылған оқу құралы. Алматы: 2008ж.

Үлестіріп берілетін материал ӨЖ №3

Жұмыстың мақсаты:ҚР-да кәсіпкерліктің қалыптасуы мен дамуына тәжірибелік деректемелер келтіру арқылы түсіндіру

Тапсырма:1. ҚР шағын, орта және ірі кәсіпкерлік: артықшылықтары мен кемшіліктері, мемлекеттік қолдаудың бағыттарына сипаттама беру. (слайд-шоу) және статистикалық агенттік материалдарына сүйене отырып, ҚР шағын кәсіпкерліктің даму ерекшеліктеріне эссе жазу.

2. Тақырыптың түйінді ұғымдарын, анықтамаларын, формулаларын әр түрлі кесте, график, диаграмма, және «дұрыс немесе дұрыс емес тұжырымдар» тәсілімен орындау.

    Бақылау формасы: тақырыптар бойынша слайдтар әзірлеу, глоссарии құру, өзіндік пікірін «дұрыс, дұрыс емес» әдісі бойынша талдау жасау.

Қолданылатын әдебиеттер:

1. Экономикалық теория бойынша практикалық оқу құралы /профессор Жатқанбаевтың жетекшілігімен/ Алматы, 2006ж. 300бет

2. Экономикалық теория С. Әкімбаев А.С., Баймұхамбетов Астана 2002 ж

3. Кенжеғали Сағадиев. Проблемы конкурентоспособности национальной экономики. Алматы, 2004г,стр.77.

 

Үлестіріп берілетін материал ӨЖ №4

Жұмыстың мақсаты:Фирманың өндірістік шығындарының типтері мен түрлерін ажыратып, аз шығын жұмсап, мол пайда табу тұстарын анықтау. Жұмыссыздық пен оның түрлеріне сипаттама беру

Тапсырма:Төмендегі бақылау сұрақтарына жазбаша жауап беру

Вариант

Глоссарий

негізгі капитал, шекті шығын, баланстық пайда, балама шығын, изокоста

2 Келесі пікірлер дұрыс па? (иә/жоқ)

а. Қор биржасы еңбек күшін сату және сатып алумен айналысады

ә. Экономикалық пайда анық шығындардан құралады

б. Тұрақты шығындар жалпы шығындарды өндірілген өнімнің жалпы санына бөлгенге тең

в. Ұзақ мерзімді кезеңде өндірістің барлық факторы тұрақты

г.өнімге жарнама беру – тұрақты шығынға жатады

д. Капиталдың айналым саны мына формуламен анықталады: n = O

               t

Есептер

а. Төмендегі кестеде кәсіпорынның жалпы шығыны өндірілген өнімнің санына тәуелді екендігі көрсетілген. Тұрақты, өзгермелі, шекті шығынды есептеңдер

 

Q/саны TC, мың теңге FC VC MC
0 60      
1 140      
2 180      
3 420      

 

ә. Ұзақ мерзімдегі орташа шығынның графигін сызыңыз

Вариант

Глоссарии

капитал айналымы, амортизация, балама шығын, орташа жалпы шығын, өзгермелі шығын

2 Келесі пікірлер дұрыс па? (иә/жоқ)

а.Анық емес шығындар экономикалық пайданың ішіне кіреді

ә.өзгермелі шығындар өндірілген өнімнің санына байланысты

б. әкімшілік, басқаруға кеткен шығындар өзгермелі шығынға жатады

в. Сақтандыру жарналары тұрақты щығынға жатады

г. өндірістегі қызметкерлерге төленетін жалақы – өзгермелі шығын

Есептер

а. Төмендегі кестеде кәсіпорынның жалпы шығыны өндірілген өнімнің санына тәуелді екендігі көрсетілген. Тұрақты, өзгермелі, шекті шығынды есептеңдер

 

Q/саны TC, мың теңге FC VC MC
0 40      
1 80      

б. Фирманың шығындарының графигін сызыңыз

Вариант

Глоссарии

трансакциондық шығын, экономикалық пайда, шекті табыс, өзіндік құн, өндірістік капита

2 Келесі пікірлер дұрыс па? (иә/жоқ)

а. Шекті шығындар шекті табыстан төмен болғанда, фирма өндірістіұлғайтады

ә. Экономикалық пайда анық емес шығындардан құралады

б. Орташа шығындар жалпы шығындарды өндірілген өнімнің жалпы санына бөлу арқылы есептелінеді

в. Ұзақ мерзімді кезеңде өндірістің барлық факторы өзгермелі шығын ретінде қарастырылады

г. Жалақы -жұмысшының жасаған еңбегіне төлем

Есептер

а. Төмендегі кестеде кәсіпорынның жалпы шығыны өндірілген өнімнің санына тәуелді екендігі көрсетілген. Тұрақты, өзгермелі, шекті шығынды есептеңдер

 

Q/саны TC, мың теңге FC VC MC
0 50      
1 130      

 

ә. Қысқа мерзімдегі орташа шығынның графигін сызыңыз

Вариант

Глоссарий

трансакциондық шығын, экономикалық шығын, шекті шығын, бухгалтерлік пайда, сыртқы шығын

2 Келесі пікірлер дұрыс па? (иә/жоқ)

а. Шекті шығындар шекті табыстан төмен болғанда, фирма өндірісті ұлғайтады

ә. Экономикалық пайда анық шығындардан құралады

б. Орташа шығындар жалпы шығындарды өндірілген өнімнің жалпы санына бөлу арқылы есептелінеді

в. Ұзақ мерзімді кезеңде өндірістің барлық факторы тұрақты шығын ретінде қарастырылады

г. Жалақы -жұмысшының жасаған еңбегіне төлем

Есептер

а. Төмендегі кестеде кәсіпорынның жалпы шығыны өндірілген өнімнің санына тәуелді екендігі көрсетілген. Тұрақты, өзгермелі, шекті шығынды есептеңдер

 

Q/саны TC, мың теңге FC VC MC
0 50      
1 130      

 

ә. Қысқа мерзімдегі тұрақты шығынның графигін сызыңыз

Бақылау формасы: Вариант бойынша берілген бақылау жұмысын жазбаша орындау

 

Қолданылатын әдебиеттер:

1. Экономикалық теория. Оқулық. Алматы. Қазақ Университеті. 2000.

2. Борисов Е.Ф. Экономическая теория. Учебник.М: Юрист,1997.

3. Экономикалық теория бойынша практикалық оқу құралы /профессор Жатқанбаевтың жетекшілігімен/ Алматы, 2006ж. 300бет

4. Экономикалық теория С. Әкімбаев А.С., Баймұхамбетов Астана 2002 ж

5. Кенжеғали Сағадиев. Проблемы конкурентоспособности национальной экономики. Алматы, 2004г,стр.77

6. Салихова А.Р. Денежно-кредитная политика национального банка: регулирования и ограничение. Вестник КазНУ №5, 2006г.стр.28.

7. Градов А.П. Национальная экономика. Учебное пособие. Спб.: 2005г.

Глоссарий

Экономика — материалдық игіліктермен қамтамасыз етумен байланысты адамдардың кез келген әрекеті.

Экономикалық теория—адамның шектеусіз қажеттіліктерін қанағаттандырудағы қоғам өндірісінің сирек, шектелген ресурсын бөлу, айырбастау және тұтыну туралы ғылым.

Экономикалық категория — экономикалық құбылыстардың маңызды жақтарын көрсететін жалпылама ұғымдар.

Экономикалық заңдар — бұл экономикалық құбылыстар арасындағы тұрақты, қайталанатын байланысы.

Абстракция — абстракция терминін нақты түсіндірер болсақ, жекеше тыс ойлау деген ұғымды білдіреді. Күнделікті өмірде «абстракция» көбінесе нақты ұғымды болмыстан тыс және тек ойда елес ретінде түсіндіреді. Ал нақты нәрсе — бұл күнделікті өмірде көрінетін құбылыс шындығы.

Ғылыми абстракция — зерттеліп отырған құбылыстардың мардымсыз, өткінші жақтарын дерексіздендіру, олардағы тұрақты қасиеттерді тауып көрсету процесі.

Иидукция — жекелеген фактілерден жалпыны шығару.

Дедукңия — жалпыдан жекеге қарай қозғалу.

Анализ — объектіні бөлшектеп зерттеу.

Синтез — объектіні жалпы зерттеу.

Қажеттіліктер — адамдардың өмір сүруді қолдау және ағзаның дамуы, тұлғаның дамуы өршуі керек, қандай да бір затты қанағаттандыруды талап ететін объективті түрде қажетсінуі.

Игілік — өз бойында белгілі бір жағымды мән бар, белгілі бір қажеттілікті қанағаттандыратын және адамдардың мүдделері мен мақсаттарына жауап беретін процестің бәрі.

Қызметтер — нәтижесінде қандай да бір қажеттіліктерді қанағаттандыратын адамньң белгілі бір мақсаттағы әрекеті.

Ресурстар — тауарлар мен қызметер өндіру кезіндегі адамның шаруашылық әрекеті үшін қажетті, пайдалануға әзірленген игіліктер.

Экономикалық саясат — мемлекеттің экономикалық мәселелерді шешудегі және оның механизмдерін әрекетке келтірудегі қызметі.

Позитивті экономика — дерек негізіндегі экономикалық қылық туралы болжамдар.

Нормативті экономика — елдің экономика туралы бағалау пікірлері.

Өндіріс — бұл қоғамның дамуы мен өмір сүруі үшін қажет материалдық және рухани игіліктерді құру процесі.

Жұмыс күші — бұл адамның дене және рухани кабілеттілігінің жиынтығы және оны өндіріс процесінің материалдық игіліктер мен қызмет көрсетуінде қолданылады.

Еңбек заты — болашақ тауардың материалдық негізін құрайтын және еңбек процесінде адамдар әсер ететін заттар.

Еңбек құрал-саймандары — қажетті игіліктерге адамдардың әсер ету заттары бұл әр түрлі механизм мен машина, инструмент пен қажет тетіктер, двигатель, жеткізетін құрылым және т.б. нәрселер.

Өндіргіш күштер — бұл өндіріс құрал - жабдықтары, ең алдымен еңбек құралдары, сонымен қатар материалдық игіліктерді өндіретін адамдар.

Мұқтаждықтар — бұл адамдардың белгілі бір пайдалылығы бар игіліктерді иелену мен пайдалануға деген ынталылығы.

Капитал — бұл машина, құрал - жабдықтар, қойма, көлік және байланыс құралдары.

Кәсіпкерлік қабілеттілік — арнайы өндіріс факторы ретінде өндірісті ұйымдастыруда ынталылықгы, төзімділікті және тәуекелділікті көрсетеді.

Өндірістік мүмкіндіктерінің қисық сызығы — ресурстардың толық

пайдаланудағы баламалы нұсқаларды көрсетеді.

Қоғамдық ұдайы өндіріс — қоғамдық өндірістің өзінің қайта жаңаруының үздіксіз ағымындағы процесс.

Жай ұдайы өндіріс — бұл өндіріс процесінің бұрынғы ауқымда кайталануы, сондықтан да алынған табыстың бәрі жеке тұтынуға жұмсалады.

Кеңейтілген ұдайы өндіріс — бұл өндіріс процесінің ұлғайтылған ауқымда қайталануы, өйткені алынған табыстардың бір бөлігіне қосымша ресурстар сатып алынады, ал олардың пайдалану есебінен өндіріс процесі ұлғайтылған ауқымда жаңғыртылады.

Экстенсивті — өндіріс қуатын пайдаланылатын өндіріс факторлары санын көбейту нәтижесінде ұлғайту.

Аралас — өндіріс қуатын пайдаланылатын өндіріс факторлары санын ұлғайту және техника мен технологияны жетілдіру нәтижесінде ұлғайту

Интенсивті — техника мен технологияны жетілдіру нәтижесінде өндірістік әулетті ұлғайту.

Меншік — бұл адамдар арасындағы материалдық және рухани игіліктерді өндіру, бөлу, айырбастау және тұтыну салаларындағы күрделі әлеуметтік-экономикалық қатынастар.

Меншік құқығы — белгілі бір тұлғаларға материалдық және материалдық емес игіліктердің тиістілігін бекітетін және осы құқықтарды қорғайтын заң нормаларының жиынтығы.

Табыс — меншіктің экономикалық қасиеті.

Меншік субъекті — меншік қатынастарының белсенді жағы, меншік объектіне иемдену құқығын білдіреді.

Жеке меншік — бір тұлғаның қолында шоғырланған меншік құқықтары.

Ұжымдық меншік — жеке меншік құқықтары бар, біріккен топтар меншігі.

Жылжымайтын мүлік — жер телімі, ғимараттар, жылжытуға келмейтін объектілер.

Меншік объекті — меншік қатынастарының пассивті жағын сипаттайды.

Жылжитын мүлік — транспорт құралдары, айналымдағы тауарлар, бағалы қағаздар, ақша, мүліктік құқық.

ДӘРІС КЕШЕНІ

1 тақырып. Экономикалық теорияның пәні және әдіс-тәсілдері

Дәрістің мақсаты: Экономикалық теория ғылымымен, оның даму кезеңдерін түсіндіру, экономикалық теория пәні мақсаты мен міндеттерімен таныстыру.

Жоспар:

1. «Экономика» ұғымы. Экономика ғылымының сипаттамасы және даму кезеңдері.

2. Экономикалық теория пәні. Экономикалық теорияның қызметтері, зерттеу әдістері.

3. Позитивті және нормативті экономика.

Негізгі сөздер: Экономика, Саяси экономия, экономикалық теория, Экономикалық заңдар , Экономикалық категория.

Иллюстрациялық материал:кесте, схема.

1. «Экономика » ұғымы. Экономика ғылымының сипаттамасы және даму кезеңдері.

Экономикалық ой-пікірлердің қалыптасуы ежелгі заманнан басталады. Экономика туралы ғылым табиғат пен қоғам туралы адам білімінің жүйесі ретінде дамыған құлдық қоғамда пайда болды.

Экономика – материалдық игіліктермен қамтамасыз етумен байланысты адамдардың кез келген әрекеті.

Әлемде сан алуан халықтар еңбек етіп, қоғамдық өндіріс, өзара байланыс, айырбас жүргізіп, түрліше табиғи жағдайда өмір сүріп келеді. Адам өміріндегі ең қажетті шарт — аш-жалаңаш, баспанасыз болмауы үшін еңбек ету, еңбек нәтижесін тұтыну, өзара айырбас қатынастарының болуы. Адам жападан-жалғыз күн көре алмақ емес. Алғашқы қауымда адамдардың табиғи ортада хайуанаттардан бөлініп шығуының өзі бірлескен еңбекке байланысты. Тарихтағы тұңғыш экономикалық ой-пікір алғашқы адамдардың бірлесіп тағы аңдарды аулауы деуге болады. Экономикалық қатынас өмір қажеттілігінен туады. Ежелгі дүниедегі экономикалық кейбір құбылыстар мен процестер Египет, Қытай, Үндістан, Греция ойшылдарының еңбектерінде қарастырылды. Мәселен, Ксенофонттың (430-355ж.ж.) «Табыс туралы», «Экономика» атты еңбектері экономика ғылымына бастау берді. Оның зерттеулерінде экономиканы бірнеше салаға: ауыл шаруашылығына, қолөнерге және саудаға бөліп қарастырған. Платон (427-347ж.ж.) еңбек бөлінісі туралы, еңбекті мамандыру мен олардың ерекшеліктеріне мән беріп зерттеген. Аристотель «Саясат» және «Этика» трактаттарында ең алғаш рет экономикалық процестерді, құбылыстарды қарастырады. Аристотельдің пікірі бойынша экономика шаруашылықты жүргізудегі әмбебап тәртіптердің жиыны, яғни ол арқылы байлықты өсіруге болады. Ол байлық деп осы шаруашылықта өндірілген өнімдердің жиынын санады. Сонымен бірге, ол шаруашылықты көркейту үшін айырбас, сауда қатынастарын дамытудың қажет екендігін. «Саяси экономия» ұғымын ғылымға алғаш еңгізген А.Монкретьен болатын. 1615 ж оның «саяси экономия трактаты» деген еңбегі жарық көрді, мұнда мемлекеттік шаруашылықыты жүргізу кеңестері мазмұндалған.

Экономика ғылымының қалыптасуына үлестерін қосқан мектептердің алғашқысы— меркантелистер мектебі. Ол итальян сөзінен аударғанда саудагер, көпес ұымын береді. Бұл мектептің өкілдерінің алға қойған мәселесі-қоғамдық байлықтың негізі ақша, алтын деп біледі. Меркантелистердің талабы тауарды шет елдерге барынша көп сатып, олардан мейлінше аз сатып алу арқылы елдегі ақша және алтын қорын молайту жолдарын іздеу. Олар акша неғұрлым көп болса, қоғамның байлығы да мол болады деген ұғымды басшылыққа алды. Бұл жердегі бір кемшілік сауда капиталы қоғам байлығын, адамдардың әл-ауқатын көтеретін күш болып табылмайды, себебі айналыс, айырбас саласында тек қана құн формасы ауысып тұрады, екінші сөзбен айтқанда, тауар, оның құны бір қолдан екінші қолға өткенде ешбір жаңа тауар, жаңа құн жасалмайды.

Меркантелистік мектептің осы кемшілігін келесі бір мектеп-физиократтар (грекше физис-табиғат, ал кратос-билік дегенді білдіреді) сынға алды. Олардың пікірі бойынша қоғамдық байлық, саудада емес, өндірісте, соның ішінде тек ауыл шаруашылығында. Осы бағыттың негізін қалаушы Ф. Кенэ, А. Тюрго т. б. Ф. Кенэ тұңғыш рет ұдайы өндіріс теориясына қатысты "Экономикалық кесте" жасады. Бұл кестеде бір жыл ішінде өндірілген ауыл шаруашылық өнімдерінің ұдайы өндіріс процесі зерттелінді.

Бірақ олардың өндірісті тек қана ауыл шаруашылығымен шектеуі халық шаруашылығының басқа салаларын өнімсіз деп есептеуі қате пікір болды. Оны буржауазиялық саяси экономияның көрнекті өкілдері У. Петти, А. Смит, Д. Рикардо, С. Сисмонди еңбектері айқын көрсетті. Қоғам байлығы жалпы өндіріс салаларында пайда болатындығы дәлелденді. Ауыл шаруашылығымен қатар өнеркәсіптің материалдық игіліктерді өндіру, өңдеу процестерін жалғастыратын байланыс, халыққа қызмет көрсету салаларында да жаңа құн өндіріліп, қоғамдық байлық молаяды деген қағида берік қалыптасты.

Классикалық саяси экономия жаңа дамып келе жатқан капиталистік өндірістік қатынастарды дәріптеуші, өндіріс капиталының мүддесін қорғайтын экономикалық ой-пікірдің прогрессивті сатысы болды. Классикалық буржуазиялық саяси экономияның басты табысы еңбек құн теориясының негізін қалады.

Осы ой-пікірдің қалыптасуы сауда және қарыз-өсімқорлық капиталына қарсы өндірістік капиталдың адғамдағы ерекше рөлін атап көрсеткен ғылыми қағида болғаны белгілі. Еңбек құн теориясын маркстік саяси экономия ілгері дамытып, қосымша құн туралы ілімді жан-жақты талдады. Маркстік экономикалық теория XIX ғасырдың екінші жартысында қалыптасты. Маркстік саяси экономия — еңбекшілердің, жұмысшы табының мүддесін қорғайтын теория. Сондықтан да оған карама-қарсы буржуазиялық тұрпайы (вульгарлық) саяси экономия пайда болды. Маркстік теория бойынша, пролетариат барлық енбекші қауымды капиталистік қанаудан азат етіп, қоғамдасқан социалистік өндіріс орнатуы қажет.

    XIX ғасырдың соңы XX ғасырдың басында бірнеше экономикалық мектеп қалыптасты, олардың бірі-маржинализм (французша marginal-шекті)   теориясы.

Бұл бағыттың ортаға салған мәселесі-шаруашылық қатынастарға тартылған жеке адамды субъективті-психологиялық тұрғыдан экономикалық талдау. Олардың пікірі бойынша кезкелген адам игіліктің құндылығын өзі субъективті түрде анықтайды, яғни пайдалылығына қарай бағасын орнатады. Осы мектептің өкілдері — К. Менгер, Э. Бем-Баверк, В. Визер. Экономикалық теорияның келесі бір-жаңа бағыты "неоклассикалық" бағыт, негізін қалаушы ағылшын экономисі А. Маршалл (1842—1924). Оның басты еңбегі "Эко­номика ғылымының принциптері" 1890 жылы жарық көрді. Ол өндіріс шығындары, сұраныс пен ұсыныс, шектелген пайда немесе шекті пайда және шекті өнімділік теориясын біріктіруге тырысты. АҚШ-та Дж. Кларк (1847—1938) шекті өнімділік және өндіріс факторларының, кему заңын тұжырымдады. Ол заң бойынша өндіріс факторлары неғұрлым өскен сайын, оның өнімділігі де кеми бермек. Сөйтіп XIX—XX ғасырларда экономика ғылымында математика мектебі пайда болды. Бұл бағыттың негізін қалаушылар — М. Вальрас, В. Парето, У. Джевонс.

Ғылым мен оқу пәні арасында айырмашылық бар. Оқу пәнінде ғылымға тікелей қатысы жоқ нақтылы өмірлік мысалдар, түрлі түсіндірулер қолданылады. Бірақ ғылымға да, оқу пәніне де методология бірдей қажет. Методология дегеніміз ғылыми танудың нысаны (формасы), әдісі, ұйымдастыру принциптері туралы ілім.               

 2. Экономикалық теория пәні. Экономикалық теорияның қызметтері, зерттеу әдістері.

Экономикалық құбылыстарды талдау-зерттеліп отырған құбылысты жеке элементтеріне жіктеп, оның әрбір элементін бір тұтастықтың қажетті құрамдас бөлігі ретінде зертеу. Синтездеу-бұлэкономикалық құбылыстардың жеке элементтерін біріктіру арқылы ортақ қортында жасау.










Последнее изменение этой страницы: 2018-05-10; просмотров: 185.

stydopedya.ru не претендует на авторское право материалов, которые вылажены, но предоставляет бесплатный доступ к ним. В случае нарушения авторского права или персональных данных напишите сюда...