Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция

Актуальные вопросы амбулаторной детской хирургии 32 страница




Қандай аурумен диф. диагностика жасаған аса дұрыс?

А)бронхит

В)синусит

С)парагрипп

Д)+инфекциялық мононуклеоз

Е)қызамық

{Дұрыс жауап} = Д

{Күрделілігі} = 2

 

$$$079

Баал 6 жаста. Учаскелік дәрігер тексерді, аурудың басталуы жедел, дене қызуының 38,5ºС дейін көтерілуіне, жөтел, мұрын бітуіне, тамақтың жыбырлауына шағымданады. Қараған кезде: терісі таза, бозарған. Дене қызуы 38С. Көмекейінде ашық түсті гиперемия. Мұрында сірнелі бөлінді бар. Өкпеде қатаң тыныс, сырыл жоқ. Жүректе ырғақ дұрыс. Іші жұмсақ, ауырмайды. Үлкен дәреті мен диурез қалыпты.

Аталған қоздырғыштардың қайсысы аса ықтимал болады?

А)саңырауқұлақтар

В)бактериялар

С)спирохеттер

Д)+вирустар

Е)қарапайымдылар

{Дұрыс жауап} = Д

{Күрделілігі} = 2

 

$$$080

Бала 3 жаста. Ауырғанына 2-ші күн. Дөрекі, үрген тәрізді жөтелге, дене қызуының 37,50 С дейін көтерілуіне, дауыс қарлығуына, жүктеме кезінде тыныс алу жиілеуіне шағымданады. Қараған кезде әлсіз, ашуланшақ, терісі бозарған, периорбитальды көкшілдену. Тыныс алу актісіне қосымша бұлшық еттер қатысады, тыныс алуы шулы, алыстан естіледі. Аускультацияда қатаң тыныс, жоғарғы бөлікте құрғақ сырылдар, тыынс жиілігі мин 34-36, орташа тахикардия (мин 110).

Аса ықтимал диагноз қандай?

А)көкжөтел

В)бронхит

С)пневмония

Д)көмей стенозы

Е)бөгде зат

{Дұрыс жауап} = Д

{Күрделілігі} = 2

 

$$$081

Баал 1 жаста. Анасының айтуынша ауырғанына бір тәулік болған. Ауру дене қызуының 37.8 С дейін көтерілуімен, дөрекі, үрген тәрізді жөтелмен, дауыс қарлығуы, ентікпемен басталды. Қараған кезде дене қызуы 37.6С, терісі бозарған, мазасыздану кезінде инспираторлы ентікпе. Ішкі органдарында патология жоқ.

Жөтелдің сипаты қандай ауруға сәйкес келеді?

А)бронхитке

В)фарингитке

С)трахеитке

Д)ларингитке

Е)пневмонияға

{Дұрыс жауап} = Д

{Күрделілігі} = 2

 

$$$082

3 жасар ұл балада кешке қарай мынандай белгілер пайда болды: дене қызуы 37.7С дейін көтерілді, дауысы қарлыққан, «үрген тәрізді жөтел», әлсіздік, мазасызданған кезде стеноз түріндегі тыныс алуы қиындайды. Ішкі органдарында патология жоқ.

Жағдай ауырылығын бағалау кезінде қандай белгі аса маңызды?

А)тыныс алу қиындауы

В)дауыс қарлығуы

С) «үрген тәрізді жөтел»

Д)әлсіздік

Е)субфебрильді дене қызуы

{Дұрыс жауап} = А

{Күрделілігі} = 2

 

$$$083

Бала 3 жаста. Учаскелік дәрігер балаға үйге келді. Шағымдары дене қызуының 37,80 С дейін көтерілуі, дауыс қарлығуы, дөрекі, үрген тәрізді жөтел, тыныс алуы қиындаған. Қараған кезде: жағдайы орташа ауыр, көңіл-күйі аздап бұзылған. Көмекейде – аздап гиперемия, артқы қабырғасында ұсақ бүртіктер. Физикалық жүктеме кезінде тыныс алу шулы, созылған. Тыныштық кезінде еркін. Тыныс алу жетспеушілігі белгілері жоқ.

Аса ықтимал диагноз қандай?

А) жіті респираторлық вирусты инфекция, II дәрежелі тамақ стенозы

В)жіті  респираторлық вирусты инфекция, Iдәрежелі тамақ стенозы

С) жіті  респираторлық вирусты инфекция, I, IIдәрежелі тамақ стенозы

Д) жіті  респираторлық вирусты инфекцияIIIдәрежелі тамақ стенозы

Е) жіті  респираторлық вирусты инфекция, IVдәрежелі тамақ стенозы

{Дұрыс жауап} = В

{Күрделілігі} = 2

 

$$$084

Бала 4 жаста. Ауру кенеттен дене қызуы 37.6 С дейін көтерілуімен, дауыс қарлығуымен, дөрекі, үрген тәрізді жөтелмен және тыынс алу қиындауымен басталды. Қараған кезде: жағдайы ауыр, көңіл-күйі бұзылған. Бала мазасыз, қозған. Терісі бозарған, периоральды көкшілдену. Тыныс алуы шулы, тыныштық кезінде қосымша бұлшық еттер қатысады. Тахикардия.

Аса ықтимал диагноз қандай?

А)жіті респираторлық вирусты инфекция, II дәрежелі тамақ стенозы

В)жіті  респираторлық вирусты инфекция, Iдәрежелі тамақ стенозы

С) жіті  респираторлық вирусты инфекция, I, IIдәрежелі тамақ стенозы

Д) жіті  респираторлық вирусты инфекцияIIIдәрежелі тамақ стенозы

Е) жіті  респираторлық вирусты инфекция, IVдәрежелі тамақ стенозы

{Дұрыс жауап} = А

{Күрделілігі} = 2

 

$$$085

Бала 2 жаста. Ауырғанына 2 күн, ауру жедел дене қызуы 38 С дейін көтерілуімен, үрген тәрізді жөтелмен, дауыс қарлығуымен басталды. Объективті: бала мазасыз. Терісі бозарған, периоральды көкшілдену. Тыныштық кезінде инспираторлы ентігу, қабырға аралығы мен эпигастрия аймағының ішке тартылуы. Жүрек ырғағы дұрыс. Іші жұмсақ, ауырмайды. Үлкен дәреті мен диурез қалыпты.  

Көмей стенозының аса ықтимал дәрежесі қандай?

А) II дәрежелі көмей стенозы

В) I дәрежелі көмей стенозы

С) I, II дәрежелі көмей стенозы

Д) III дәрежелі көмей стенозы

Е) IV дәрежелі көмей стенозы

{Дұрыс жауап} = А

{Күрделілігі} = 2

 

$$$086

Бала 10 айлық. Ауырғанына 1-ші күн, ауру жедел дене қызуы 37,7 С дейін көтерілуімен, тыныс алу қиындауымен, дөрекі, үрген тәрізді жөтелмен және дауыс қарлығуымен басталды.

Объективті: терісі бозарған. Мазасыз кезінде инспираторлы ентігу. Ішкі органдарында патология жоқ.

Аурудың аса ықтимал себебі қандай?

А)стрептококк

В)стафилакокк

С)пневмококк

Д)гемофильді таяқша

Е)парамиксовирустар

{Дұрыс жауап} = Е

{Күрделілігі} = 2

 

$$$087

Жалпы тәжірибелік дәрігер қабылдауында 5 жасар бала. Ауырғанына 2-ші күн, дене дене қызуы 38 С дейін көтерілген, мұрыны бітуі байқалады. Қараған кезде: орташа интоксикация белгілері айқын. Дене қызуы 37.4С, ылғалды «үрген тәрізді» жөтел, дауысы қарлыққан. Тыныс алуы еркін, ентігу жоқ. Өкпеде жеңіл гиперемия. Өкпеде қатаң тыныс, сырыл жоқ. Cor-үні ырғақты. Іші жұмсақ, ауырмайды. Дәреті мен диурез қалыпты. 

Аса ықтимал диагноз қандай?

А)бронхит

В)синусит

С)ларингит

Д)фарингит

Е)эпиглоттит

{Дұрыс жауап} = С

{Күрделілігі} = 2

 

$$$088

Бала 3 жаста. Ауру кенеттен дауыс қарлығуымен, дөрекі, үрген тәрізді жөтелмен және ентігумен басталды. Қараған кезде: жағдайы ауыр, көңіл-күйі бұзылған. Бала мазасыз, қозған. Тыныс алуы шулы, тыныштық кезінде қосымша бұлшық еттер қатысады. Дене қызуы 37.6С. Терісі бозарған, ауыз аймағында көкшілдену. Тахикардия.

Қандай аурумен диф. диагностика жасаған аса дұрыс?

А)дифтерия

В)көкжөтел

С)бөгде зат

Д)бронхит

Е)фарингит

{Дұрыс жауап} = С

{Күрделілігі} = 3

 

$$$089

Қыз бала 3 жаста. Жіті респираторлық вирусты инфекция диагнозымен амбулаторлық ем алды. 2-ші күні динамикада «үрген тәрізді» ылғалды жөтел, дауыс қарлығуы, мазасыздық пайда болды. Қараған кезде: көңіл-күйі бұзылмаған. Дауысы қырылдап, қарлыққан. Тыныс алуы еркін, ентігу жоқ. Өкпеде жеңіл гиперемия. Өкпеде қатаң тыныс, сырыл жоқ. Cor-үні ырғақты. Іші жұмсақ, ауырмайды. Дәреті мен диурез қалыпты. 

Аса ықтимал диагноз қандай?

А)ларингит

В)бронхит

С)фарингит

Д)бөгде зат                         

Е)пневмония

{Дұрыс жауап} = А

{Күрделілігі} = 2

 

$$$090

Бала 3 жаста. Дене қызуының 38.5С дейін көтерілуіне, тәбеті төмендеуіне, жөтелге, мұрыннан су ағуына шағымданады. Анамнезінен: күн салқында кешке қарай ұзақ уақыт қыдырудан кейін ауырған. Объективті: әлсіздік, мазасыз, дөрекі, «үрген тәрізді» жөтел, мұрыннан көп мөлшерде су ағады, дауысы қарлыққан. Түнде жағдайы нашарлады, күре тамыр шұңқырының ішке тартылуымен айқын инспираторлық ентікпе. Тыныс жиілігі мин. 40. Өкпеде өкпелік дыбыс, қатаң тыныс.

Аса ықтимал алдын ала диагноз қандай?

А) жіті ларинготрахеит, көмей стенозы

В) жіті ларингит

С) жіті назофарингит

Д) жіті обструктивті бронхит

Е) жіті бронхит

{Дұрыс жауап} = А

{Күрделілігі} = 2

 

$$$091

Бала 4 жаста, жалпы тәжірибелік дәрігер жедел жәрдем дәрігерінен алынған актив бойынша үйіне келді. Бас ауруына, мұрыннан су ағуына, жөтелге, дене қызуының 38С дейін көтерілуіне, тыныс алу қиындығына шағымданады. Қараған кезде: дене қызуы 37.8С дейін. Дөрекі, «үрген тәрізді» жөтел. Терісі бозарған, ауыз аймағында көкшілдену. Тыныштық кезінде инспираторлы ентігу, қабырға аралығы мен эпигастрия аймағы ішке тартылады.

ИВБДВ бағдарламасы бойынша қандай аурумен диф. диагностика жасаған аса дұрыс?

А)эпиглоттит

В)обструктивті бронхит

С)+II дәрежелі көмей стенозы

Д)IIIдәрежелі көмей стенозы

Е)бөгде зат

{Дұрыс жауап} = С

{Күрделілігі} = 2

 

$$$092

Қыз бала 9 айлық. Анасы дене қызуының 38,1ºС дейін көтерілуіне, мазасыздыққа, тыныс алу қиындығына шағымданады. Аnamnesis morbi: ауру 3 күн бұрын сирек құрғақ жөтелмен басталды. Ем алмаған. Дианмикада жағдайы нашарлады. Қараған кезде: қиындаған шулы тыныс алу, мұрынерін үшбұрышының көкшілденуі, ылғалды жөтел, ентігу, өкпеде – қораптық сипаттағы өкпе дыбысы, аускультацияда – қатаң тыныс, тыныс алу кезінде құрғақ ысқырықты және орташа көпіршікті ылғалды сырылдар, тыныс жиілігі мин 59.

Аса ықтимал алдын ала диагноз қандай?

А)жіті трахеит

В) жіті бронхит

С) жіті пневмония

Д) жіті бронхиолит

Е) жіті обструктивті бронхит

{Дұрыс жауап} = Е

{Күрделілігі} = 2

 

$$$093

Қыз бала 2 жаста. Дене қызуының 38С дейін көтерілуіне, мұрын бітуіне, жөтелге, тәбеті төмендеуіне шағымданады. Ауырғанына 2 күн болған. Анамнезінен: мерзімінде туған, салмағы мен бойы қалыпты. 1 жасқа дейін емшек емген. Өсіп, жетілуі жасына сай. Проф.егулерді уақытында алған. Қараған кезде: субфебрилитет сақталған, жиі өнімді жөтел. Тыныс жиілігі мин 36. Мұрынмен дем алуы шырыш бөлінуіне байланысты қиындаған. Өкпеде – перкуторлы дыбыс өзгермеген, шашыраңқы орташа көпіршікті ылғалды сырылдар. Жүрек үні дұрыс. Іші жұмсақ, ауырмайды. Дәреті мен диурез қалыпты. 

Аса ықтимал алдын ала диагноз қандай?

А) жіті пневмония

В) жіті ларингит

С) жіті бронхит

Д) жіті трахеобронхит

Е) жіті обструктивті бронхит

{Дұрыс жауап} = С

{Күрделілігі} = 2

 

$$$094

Қыз бала 3 жаста. Ауру жедел катаральды көріністермен, көтерілуімен, сирек жөтелмен басталды. Балаға өз бетімен лазолван, ибуфен берген – динамикада нәтиже жоқ. Аурудың 4-ші күні жағдайы нашарлап, дене қызуының 38.5С дейін көтерілуі, ылғалды жөтел байқалды. Қараған кезде көңіл-күйі бұзылған. Интоксикация белгілері. Өкпеде қатаң тыныс, құрғақ, содан кейін дем алғанда және дем шығарудың басында орташа көпіршікті сырылдар. Сырылдар шашыраңқы, симметриялы, жөтелден кейін жоғалады. Перкуторлы анық өкпе дыбысы, қораптық сипатта. Жүректе шу жоқ. Іші жұмсақ, ауырмайды. Дәреті мен диурез қалыпты. 

Қандай аурумен диф. диагностика жасаған аса дұрыс?

А)пневмония

В)туберкулез

С)бронх демікпесі

Д)созылмалы облитерлеуші бонхиолит

Е)аденовирусты  инфекция

{Дұрыс жауап} = А

{Күрделілігі} = 2

 

$$$095

Емханаға 4 жасар қызымен анасы келді, шағымдары жөтел, ентігу, мазасыздану, дене қызуының 38,0 С дейін көтерілуі. Ауырғанына 3 күн. Анамнезінен: 11 айлық кезінде қызылшамен ауырған, пневмония асқынуымен. Соңғы 2 жыл ішінде 2 рет пневмониямен ауырған. Қараған кезде: дистанциялық сырылдар, қабырға аралығының ішке тартылуымен ентігу, мұрынерін үшбұрышының көкшілденуі. Тыныс жиілігі мин 58, өкпеде құрғақ және ылғалды ұсақ – және орташа көпіршікті сырылдар. R-граммада: өкпе тіндерінің түссізденуі жоғары.

Аса ықтимал алдын ала диагноз қандай?

А)бронх демікпесі

В)созылмалы бронхит

С)созылмалы облитерлеуші бонхиолит

Д)созылмалы пневмония

Е)ұзаққа созылған пнемония

{Дұрыс жауап} = С

{Күрделілігі} = 2

 

$$$096

Бала 11 жаста, дене қызуының 38.2 С дейін көтерілуіне, жөтелге шағымданып қабылдауға келді. Анамнезінде: 3 жыл бойы тұрақты (2 айдан аса) жөтел байқалады, қақырық бөлінумен жылына 3 ретке дейін қайталанады, қысқа мерзімге жақсару байқалады. Қазіргі өршу 8 күн бұрын дене қызуының 37.8 С дейін көтерілуімен, мұрын бітуімен, жөтелмен басталды. Динамикада жақсару жоқ. Қараған кезде өнімділігі аз жөтел іріңді қақырық бөлінуімен, көмекейде – орташа гиперемия, өкпеде қатаң тыныс, құрғақ және орташа көпіршікті ылғалды сырылдар.

Аса ықтимал алдын ала диагноз қандай?

А) созылмалы бронхит

В) созылмалы облитерлеуші бонхиолит

С) созылмалы пневмония

Д) бронх демікпесі

Е) ұзаққа созылған пнемония

{Дұрыс жауап} = А

{Күрделілігі} = 2

 

$$$097

Қыз бала 9 жаста, жедел ауырды. Бас ауруы, мұрыннан шырыш бөлінуі, құрғақ жабыспалы жөтел байқалады. Қараған кезде. Құрғақ жөтел, мұрынмен тыныс алу қиындаған. Тыныс жиілігі мин 22. Аускультацияда өкпеде қатаң тыныс, шашыраған құрғақ және орташа көпіршікті ылғалды сырылдар. Жөтелген соң сырылдар жоғалады. Перуторлы – өкпе дыбысы анық. Жүрек үні ашық, ырғақты. Іші жұмсақ, ауырмайды. Дәреті мен диурез қалыпты. Алдын ала Жіті брохит диагнозы қойылды.

Қандай аурумен диф. диагностика жасаған аса дұрыс?

А)+пневмония

В)бронх демікпесі

С)ларингит

Д)аденовирусты  нифекция

Е)парагрипп

{Дұрыс жауап} = А

{Күрделілігі} = 2

 

$$$098

Бала 3 жаста. Ата-анасы жалпы тәжірибелік дәрігерге жіті респираторлық вирусты инфекциямен ауырғаннан кейін ұзақ уақыт жөтелге шағымданып келді. Қараған кезде: жағдайы орташа ауыр. Терісі бозарған. Дене қызуы - 37.2 C. Тыныс алуы шулы қиындаған, ылғалды жөтел, өкпеде - қораптық сипаттағы өкпе дыбысы, қатаң тыныс, тыныс алу кезінде құрғақ ысқырықты және орташа көпіршікті ылғалды сырылдар, тыныс жиілігі мин 46. Алдын ала О.обструктивті бронхит диагнозы қойылды.

Қандай аурумен диф. диагностика жасаған аса дұрыс?

А) бронх демікпесі

В) муковисцидоз

С) стенозды ларингит

Д) бөгде дене

Е) пневмония

{Дұрыс жауап} = С

{Күрделілігі} = 3

 

$$$099

Қыз бала 10 жаста. Қатты тоңудан кейін жедел ауырды, дене қызуы 39 C дейін көтерілген, құрғақ ауыртатын жөтел пайда болды. Қараған кезде: терісі таза, бозарған. Көмейде жеңіл гиперемия. Перкуторлы анық өкпе дыбысы. Аускультацияда өкпеде қатаң тыныс, шашыраған құрғақ және орташа көпіршікті ылғалды сырылдар. Тыныс жиілігі минутына 22. Жүрек үні ырғақты.

Аса ықтимал алдын ала диагноз қандай?

А)созылмалы бронхит

В)пневмония

С)жіті бронхит

Д)жіті трахеобронхит

Е)жіті обструктивті бронхит

{Дұрыс жауап} = С

{Күрделілігі} = 2

 

$$$100

Емханаға 7 айлық баласымен анасы келді. Балада Жіті респираторлық вирусты инфекциямен ауырғаннан кейін 4-ші күні жағдайы нашралады, дене қызуы қайта 37.8С дейін көтерілді, экспираторлы сипатта ентігу пайда болды, ауызда сырыл бар. Көмейде орташа гиперемия, мұрынмен дем алу қиындаған. Аускультацияда –дем шығару созылған, екі жағында да ұсақ көпіршікті ылғалды сырылдар. Тыынс жиілігі минутына 60. Жүрек үні ырғақты. Іші жұмсақ, ауырмайды.

Аса ықтимал алдын ала диагноз қандай?

А) бронх демікпесі

В)бронхиолит

С)қайталамалы бронхит

Д) пневмония

Е) плеврит

{Дұрыс жауап} = В

{Күрделілігі} = 2

 

$$$101

Ұл бала 5 айлық. Ата-анасы жөтелге, дене қызуының 38.6 С дейін көтерілуіне шағымданып емханаға келді. Объективті: тыныс алуы шулы, алыстан естіледі. Тыныс жиілігі – минутына 70. Өкпеде тимпанит. Аускультацияда – тыныс шығару созылған және қиындаған. Барлық алаңда ылғалды ұсақ көпіршікті сырылдар.

Аса ықтимал алдын ала диагноз қандай?

А) пневмония

В)осбтруктивті синдроммен жіті бронхит

С) плеврит

Д) жіті бронхит

Е) жіті бронхиолит

{Дұрыс жауап} = Е

{Күрделілігі} = 2

 

Гематология

$$$102

Бала 3,5 жаста. Әлсіздікке, тәбеті болмауына, шөлдеуге, кейде құсуға, полиурияға шағымданады. Объективті: терісі таза, бозарған. Бой өсуі мен жүйке-психикалық дамуының тежелуі, бұлшық ет гипотонус байқалады. Салмақ жетіспеушілігі 12 % құрайды. Жиі ауырады. Жілік сүйектерінің қисаюы – аяқтарының вальгустық деформациясы. Өз бетімен жүра алмайды. Сүйектері жиі сынады. Дәрігер Дебре-де Тони-Фанкони синдромына күдіктенеді.

Зәрдегі қандай өзгерістер аса тән?

А)+гиперфосфатурия, глюкозурия, фосфатурия, гипераминоацидурия

В)гематурия, протеинурия

С)лейкоцитурия, бактериурия

Д)нейтрофильная лейкоцитурия, микрогематурия

Е)гиперкальциурия, гипофосфатурия, глюкозурия

{Дұрыс жауап} = А

{Күрделілігі} = 3

 

$$$103

Жалпы тәжірибелік дәрігер қабылдауында 3 айлық бала. 5-ші жүктіліктен, жүктілік анемиямен өткен, 5 жедел босану. Шала туған, салмағы 2000 г., бойы 44 см. Туғаннан жасанды тамақтандырылады. Анасы тамақтану кезінде және ұйықтағанда тершеңдікке шағымданады. Объективті: терісі бозарған. Шүйденің ай тәрізді таздануы байқалады. Бұлшық еті әлсіз, болбыр.

Алдын ала ықтимал диагнозы қандай?

А) мешел, өршу кезеңі

В) мешел, реконвалесценция кезеңі

С)+ мешел, бастапқы кезең

Д) хондропатия

Е) гипотиреоз

{Дұрыс жауап} = С

{Күрделілігі} = 2

 

$$$104

Жалпы тәжірибелік дәрігердің профилактикалық тексеруінде 4 айлық бала. Анасының айтуынша тершеңдікке, нашар ұйықтауға, ұйықтағанда шошынуға шағымданады. Анамнезінен: бала 1 жүктіліктен, 1 босану, мерзімінде туған, салмағы қалыпты. Емшек емеді. Объективті: жағдайы қанағаттанарлық. Терісі мен көрінетін шырышты қабаты таза, бозарған. Басының шүйде тұсы тазданған. Үлкен еңбегі 2,5х2,5см. Басы қатты терлейтіні байқалады. Бұлшық ет

гипотониясы.

Алдын ала ықтимал диагнозы қандай?

А)вит Д тапшылықты мешел, ерте кезеңі

В)псевдотапшылықты гипокальциемиялық мешел

С)вит Д-резистентті мешел

Д)екіншілік мешел

Е)глюкозоаминофосфатты диабет

{Дұрыс жауап} = А

{Күрделілігі} = 3

 

$$$105

Бала 6 айлық, жасанды тамақтандырылады. 4 айынан бастап манный ботқасын береді. Жеміс шырыны мен көкөніс езбесін бермейді. Салмақ қосуы біркелкі емес. Мешел профилактикасы жүргізілмеген. Бала екі рет жіті респираторлық вирусты инфекциямен ауырған. Төбе және маңдай сүйектері шығыңқы, краниотабес. Үлкен еңбегі 3,0х3,5 см, шеттері жұмсақ, шүйдесі тығыздалған, шаштары түскен. Қышқыл иісті жабысқақ тер. Тістері жоқ. Кеудесі екі жанына қысылған, шеттері жайылған, қабырғасында «таспиықтар». Бұлшық ет гипотониясы. Қанның биохимиялық анализі: Са–1,5 ммоль/л, Р-0,7 ммоль/л, сілтілі фосфатаза–3,1 ммоль/л.

Аса ықтимал диагноз қандай?

А) мешел III,өршу кезеңі, қайталамалы ағым

В)мешел III,өршу кезеңі, жеделдеу ағымы

С)мешел I,бастапқы кезең, жіті ағымы 

Д)мешел II, өршу кезеңі, жеделдеу ағымы

Е)мешел II, өршу кезеңі, жіті ағымы 

{Дұрыс жауап} = Е

{Күрделілігі} = 2

 

$$$106

Бала 4 жаста, жіті респираторлық вирусты инфекциямен жиі ауырады. Анасының шағымдары: тәбеті нашар, ентігу, құлақтарында шуыл, көз алдында «шіркей» ұшу, тақпақты нашар есте сақтайды, тез шаршайды, қапырық бөлмеде шыдай алмайды. Объективті: терісі құрғақ, бозарған, тырнақтары мен шашы жұқарған, сынғыш. Тіл бүртіктері аздап семіп қалған. Жүрек үні тұйықталған. Қанның жалпы анализінде: эр–2,7х1012/л, гемоглобин–76г/л, түсті көрсеткіш –0,8, ретикулоцит – 3,5%, лейкоцит – 8,7х109/л, эозинофил – 5%, таяқша ядро – 3%, сегмет ядро- 41%, лимфоцит – 43%, моноцит – 6%, анизоцитоз ++, пойкилоцитоз ++, полихромазия, эритроциттің шөгу жылдамдығы - 9 мм/сағ.

Аса ықтимал диагноз қандай?

А)ақуыз тапшылықты анемия

В)витамин В12 – тапшылықты анемия

С)жіті лейкоз, лимфобласталық түрі

Д)теміртапшылықты анемия, I дәрежесі, орташа ауыр түрі 

Е)гипопластикалық  анемия, даму аномалиясы жоқ туа біткен түрі

{Дұрыс жауап} = Д

{Күрделілігі} = 2

 

$$$107

Қыз бала 9 айлық. Анасының айтуынша тәбеті төмендеген, әлсіз, терісі бозарған. 3 айынан бастап жасанды тамақтанады, 5 айынан бастап көбінесе ботқа береді, шырын бермейді. Қанның жалпы анализінде: эритроцит-2,7х1012/л, Hb- 75 г/л, түсті көрсеткіш- 0,6, ретикулоцит – 2,8%, лейк-14х109/л, с/я- 28%, п/я-2%, лимфоцит-56%, моноцит-7%, эозинофил-1%.

Аса ықтимал диагноз қандай?

А)теміртапшылықты анемия

В)гипопластикалық анемия

С)бақуыз тапшылықты анемия

Д)гемолитикалық  анемия

Е)витамин тапшылықты анемия

{Дұрыс жауап} = А

{Күрделілігі} = 2

 

$$$108

Ұл бала 1 жаста. Анасы тәбеті төмендеуіне, әлсіздікке шағымданады. Объективті: терісі құрғақ, бозарған. 2 айынан бастап бейімделген сүт қоспасымен жасанды тамақтандырылады, 5 айынан бастап қосымша тамақ ретінде ботқа береді, шырын мен езбе бермейді. Қанның жалпы анализінде: эритроцит-2,6х1012/л, Hb-81 г/л, түсті көрсеткіш- 0,6, ретикулоцит–2,8%, лейк-13х109/л, сегмент/я -29%, п/я -2%, лимфоцит- 56%, моноцит- 8%, эозинофил-1%.

Аса ықтимал диагноз қандай?

А)Витаминтапшылықты  анемия

В)теміртапшылықты анемия

С) ақуыз тапшылықты анемия

Д)Апластикалық анемия

Е)Гемолитикалық анемия

{Дұрыс жауап} = В

{Күрделілігі} = 2

 

$$$109

Ұл бала 1 жаста. Анасы тәбеті төмендеуіне, әлсіздікке шағымданады. Объективті: терісі құрғақ, бозарған. 2 айынан бастап бейімделген сүт қоспасымен жасанды тамақтандырылады, 5 айынан бастап қосымша тамақ ретінде ботқа береді, шырын мен езбе бермейді. Қанның жалпы анализінде: эритроцит-2,6х1012/л, Hb-81 г/л, түсті көрсеткіш- 0,6, ретикулоцит–2,8%, лейк-13х109/л, сегмент/я -29%, п/я -2%, лимфоцит- 56%, моноцит- 8%, эозинофил-1%.










Последнее изменение этой страницы: 2018-05-10; просмотров: 268.

stydopedya.ru не претендует на авторское право материалов, которые вылажены, но предоставляет бесплатный доступ к ним. В случае нарушения авторского права или персональных данных напишите сюда...