Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция

Актуальные вопросы амбулаторной детской хирургии 30 страница




С) эрадикациялық емді бастаған соң 3-5 аптадан кейін

Д) эрадикациялық емді бастаған соң 4-6 аптадан кейін

Е) эрадикациялық емді аяқтаған соң 2-4 аптадан кейін

{Дұрыс жауап} = В

{Күрделілігі} = 2

 

 

$$$017

Қыз бала 13 жаста, қышқылды кекіруге, қыжылға, таңертең «ашқарынға», тамақтан соң 1,5-2 сағаттан кейін іші ауыруына, түнде жиі ауыратынына шағымданады. Ауыру тамақ ішкен соң басылады. Анасының айтуынша ауырғанына бір жыл, анасы жағынан әжесінде асқазанның ойық жарасы бар, әкесінде – гастрит. Терісінің түсі қалыпты, көрінетін шырышты ұабаттары бозғылт-қызыл, таза. Ішін басқан кезде эпигастрия және пилородуоденальды аймақта ауырады. Бауыры үлкеймеген, ауырмайды. ФЭГДС-те асқазанда лайлы шырыш, шырышты қабатында ошақты гиперемия бар. Асқазан буылтығының шырышты қабатында дуоденалды ошақты гиперемия, ісінген, артқы қабырғасында жара 0,8х0,6 см, пішіні домалақ гиперемиялы білікпен, түбі фибринмен жабылған.

Инфекцияға диагноз қою үшін Helicobacter pylori анықтаудың қандай әдісі «алтын стандарт» болып саналады?

А) Helicobacter pylori (ХЕЛИК-тест) диагноз қоюдың инвазивті емес әдісі

В) қан сарысуында ИФА-әдіспен Helicobacter pylori-ге антидене қосындысын анықтау

С) шырышты қабаттың биоптатын гистологиялық тексеру

Д) Helicobacter pylori-ді ПЦР әдісімен биологиялық материалда анықтау

Е) шырышты қабаттың жағындысын цитологиялық тексеру

{Дұрыс жауап} = А

{Күрделілігі} = 2

 

 

$$$018

Дәрігер қабылдауына 11 айлық қызымен келген анасы әрбір емізуден кейін біраз уақыттан соң аздаған мөлшерде тамағын жиі құсатынына, емізген кезде баланың мазасыздығына, бала салмағының жеткіліксіздігіне шағымданды. Анамнезінен: екінші жүктілік, жүктіліктің бірінші триместрінде токсикоз болған, жедел туу, Апгар шкаласы бойынша 7-8 балл. Бала алғашқы күннен бастап құсады. Қараған кезде іші аздап кепкен, тыныс алу актісіне біркелкі қатысады, басқан кезде жұмсақ. Нәжісі қалыпты, патологиялық қоспасыз, диурез жеткілікті.

Диагноз қою үшін қандай тексеру аса мәліметті болады?

А)өңештің сцинтиграфиясы

В)өңештің рентгенологиялық тексеруі

С)+ өңеш ішіндегі рН тәуліктік мониторингілеу

Д)эзофаготономанометрия

Е)эндоскопиялық ультрасонография

{Дұрыс жауап} = С

{Күрделілігі} = 2

 

$$$019

Қыз бала 12 жаста, жүрек айнуына, қыжылға, майлы, қуырылған тамақ ішкен соң 1,5-2 сағаттан кейін ішінің ауыруына шағымданады. Анамнезінен: спорттық мектеп-интернатта оқиды, жиі тамақтанбайды, көбінесе құрғақ тамақ жейді. Анасында ұлтабардың ойық жарасы бар. Қараған кезде баланың тамақтануы нашар. Терісі мен көрінетін шырышты қабаты бозарған, таза. Тілі сұр өңезделген. Ішінің пішіні қалыпты, басқан кезде эпигастрия аймағы мен пилородуоденалды аймақ ауырады, бауыры 9х7х8 см. ҚЖА: Hb-108 г/л, ТК-0,85, Эр-4,0×1012/л; Лейк-8,2х 109/л; п/я-4%, с/я-55%, э-4%, л-34%, м-9%, ЭШЖ-8 мм/сағ. Эндоскопиялық тексеру кезінде: асқазанның шырышты қабатында диффузды гиперемия.

Төмендегі диагноздың қайсысы аса ықтимал?

А)созылмалы гастрит

В)созылмалы панкреатит

С)функционалды диспепсия

Д)+созылмалы гастродуоденит

Е)созылмалы эзофагит

{Дұрыс жауап} = Д

{Күрделілігі} = 2

 

$$$020

Ұл бала 9 жаста, жүрек айнуына, қышқылды кекіруге, тамақ ішкен соң ішінің ауыруына шағымданады. Анасының айтуынша құрғақ тамақты көп жейді, фастфуд пен газдалған сусындарды жақсы көреді. Қараған кезде терісі мен шырышты қабатының түсі қалыпты, таза. Тілі ақшыл өңезделген. Ішінің пішіні қалыпты, тыныс алу актісіне біркелкі қатысады, басқан кезде эпигастрия аймағы ауырады, бауыры қабырға доғасының шетінде, ауырмайды. Эндоскопиялық тексеру кезінде: асқазанның шырышты қабатында диффузды гиперемия, қатпарлары аздап ісінген, шырышты қабат астында ұсақ нүктелі геморрагия көрінеді. ХЕЛИК-тест оң.

Төмендегі диагноздың қайсысы аса ықтимал?

А)функционалды диспепсия

В)+ созылмалы гастрит

С) созылмалы холецистит

Д) созылмалы панкреатит

Е)созылмалы эзофагит

{Дұрыс жауап} = В

{Күрделілігі} = 2

 

$$$021

14 жасар ұл балаға үйге дәрігер шақырылды. Анасының айтуынша бала бірнеше сағат бұрын ауырды, іші қатты ауырды, әсіресе эпигастрия аймағында, ауру арқаға беріледі және белдемелі сипатта. Екі рет құсқан, бірақ жеңілдік әкелмеді. Қараған кезде терісі мен шырышты қабаты бозарған, тілі ақшыл өңезделген, дене қызуы 37,80С, іші кепкен, эпигастрия аймағы қатты. Ортнер сипмтомы күмәнді. Мейо-Робсон нүктесінде ауыру байқалады. Тазарту клизмасынан кейін үлкен дәретке отырған, нәжісі тығыз, майлы.

Қандай алдын ала диагноз аса ықтимал?

А)жіті  холецистит

В)+ жіті панкреатит

С)жіті гастродуоденит

Д)жіті гастрит

Е)жіті энтероколит

{Дұрыс жауап} = В

{Күрделілігі} = 2

 

$$$022

Ұл бала 14 жаста, кекіруге, оң жақ қабырға астының қысып, сыздап ауыруына, аурудың біртіндеп күшеюіне, кейде арқа аумағына берілетініне шағымданады. Ауру тамақ ішкен соң 2-3 сағаттан кейін пайда болады. Ауырғанына бір жыл болған. Акушерлік және ерте анамнезі патологиясыз. Анасының айтуынша тәбеті төмендеген, бала ашуланшақ, мазасыз. Қараған кезде: терісі аздап бозарған, алақаны ылғалды, айқын қызыл дермографизм. Ішін жеңіл және терең басқан кезде пилородуоденальды аймақта, оң жақ қабырға асты ауырады. Кер симптомы күмәнді. Бауыры 7х9х11 см. Үлкен дәреті 3 күн болмаған.

Төмендегі алдын ала диагноздың қайсысы аса ықтимал?

А)өттас ауруы

В)созылмалы панкреатит

С)+созылмалы холецистит

Д)тітіркенген ішек синдромы

Е)созылмалы гастрит

{Дұрыс жауап} = С

{Күрделілігі} = 2

 

 

$$$023

Ұл бала 12 жаста, қышқылды кекіруге, эпигастрия аймағында таңертең «ашқарынға», түнде ауыру пайда болады, тамақ ішкен соң ішінің ауыруы басылады. Анасының айтуынша баланың ауырғанына 6-7 ай болған, баланың әкесінде асқазанның ойық жарасы. Акушерлік және ерте анамнезі патологиясыз. Қараған кезде: терісі аздап бозарған, көрінетін шырышты қабаты бозғылт-қызыл, таза. Ішін басқан кезде аздаған бұлшық ет дефансы және эпигастрия мен пилородуоденальды аймақта ауырсыну, Дежарден нүктесінде ауырсыну байқалады. Бауыры үлкеймеген, ауырмайды.

ҚЖА: Hb-128 г/л, ЦП-0,91, Эр-4,2×1012/л; Лейк-7,2х 109/л; п/я-3%, с/я-51 %, э-3%, л-36%, м-7%, ЭШЖ-6 мм\сағ.

Диагноз қою үшін қандай тексеру аса мәліметті болады?

А)құрсақ қуысы органдарының УДЗ

В)асқазанның рентгенологиялық тексеруі

С)+ФЭГДС шырыштың биопсиясымен

Д)құрсақ қуысы органдарының ауқымды рентгенографиясы

Е)эндоскопиялық ультрасонография

{Дұрыс жауап} = С

{Күрделілігі} = 2

 

 

$$$024

Қыз бала 14 жаста, әлсіздікке, ащы кекіруге, тамақ ішкен соң 30-45 минуттан кейін ішінің сыздап ауыруына шағымданады. Ауырғанына 6 ай. 9 жасынан невропатологта Вегетотамырлық дистония диагнозымен диспансерлік есепте тұрады. Әкесі созылмалы гастродуоденитпен ауырады. Қараған кезде терісі бозарған, аздап ылғалды. Іші үлкеймеген, басқан кезде эпигастрия және оң жақ қабырға асты ауырады. Бауыры үлкеймеген. Құрсақ қуысы органдарының УДЗ: бауыры тегіс, паренхимасы гомогенді, тығыздығы күшейген, тамыр жүйесі кеңеймеген, порталды тамыр өзгермеген. Өт қабы 85×37мм (норма-75×30), қабырғасы қалыңдамаған. Холедох 3,5 мм дейін (норма - 4), қабырғасы қалыңдамаған. Өт айдағыш стан кейін өт қабы 10% кішірейді.

Төмендегі алдын ала диагноздың қайсысы аса ықтимал?

А)өттас ауруы

В)созылмалы гастродуоденит

С)созылмалы  холецистит

Д)+гипотниялық түр бойынша өт қабының дискинезиясы

Е)тітіркенген ішек синдромы

{Дұрыс жауап} = Д

{Күрделілігі} = 2

 

$$$025

Қыз бала 14 жаста, дәрігер қабылдауында кекіруге, ішінің ұстама тәрізді ұзақ ауыруына, әсіресе ашқарынға, жиі түнде ауыруына шағымданды. Тамақ ішкен кезде жеңілдейді. Ауырғанына 2 айға жуықтаған. Отбасылық анамнезінен анасы жағынан әжесінде созылмалы гастрит, анасында ұлтабардығ ойық жарасы анықталды. Объективті: жағдйы қанағаттанарлық. Бойы 157 см, салмағы 47 кг. Терісі мен көрінетін шырышты қабаты аздап бозарған. Іші жұмсақ, эпигастрия аймағында ауырады. ФЭГДС-те асқазанның антральды бөлігінде ойық жара, биоптатта H. Pylori анықталды.

Баланы емдеудің қандай тактикасы аса дұрыс?

А)Кларитромицин +домперидон +панкреатин

В)Фамотидин +кларитромицин +метронидазол

С)Ранитидин +алмагель

Д)+Омепразол +кларитромицин +амоксициллин

Е)Омепразол +панкреатин +метронидазол

{Дұрыс жауап} = Д

{Күрделілігі} = 2

 

 

$$$026

Ұл бала 12 жаста, кекіруге, қыжылға, жұтыну кезінде ауырсынуға, тамағы түйілген тәрізді болуына, тәбеті төмендеуіне, ауыздағы жағымсыз иіске, түнде жөтелуге шағымданады. Қараған кезде баланың денесі астениялық, тамақтануы төмен. Терісінің түсі қалыпты, таза, тілі сұрғылт өңезделген, ауызынан жағымсыз иіс шығады, кариесті тістері жоқ. Ішінің пішіні қалыпты, тыныс алу актісіне біркелкі қатысады, басқан кезде жұмсақ, эпигастрия аймағы аздап ауырады. Нәжісі қалыпты консистенцияда, патологиялық қоспалар жоқ. ФЭГДС-те өңештің төменгі үштен бір бөлігінде гиперемия, бойламалы қатпарда жекелеген сызықты эрозия.

Баланы диспансерлік бақылаудың қандай тактикасы аса дұрыс?

А)ФЭГДС 2 жыл бойы 12 айда 1 рет

В)ФЭГДС 1 жыл бойы 6 айда 1 рет

С)+ФЭГДС 2 жыл бойы 6 айда 1 рет

Д)ФЭГДС 3 жыл бойы 6 айда 1 рет

Е)ФЭГДС 5жыл бойы 12 айда 1 рет

{Дұрыс жауап} = С

{Күрделілігі} = 2

 

$$$027

Қыз бала 14 жаста, дәрігер қабылдауында қыжылға, қышқыл кекіруге, тамақ жұтудың қиындауына, тамақта түйін тұрғандай болуына, ыстық немесе суық тамақ ішкенде жайсыздыққа шағымданды. Анасының айтуынша қыздың тәбеті төмендеген, ашуланшақ, жылаңқы бола бастады. Қараған кезде терісі бозарған, таза көрінетін шырышты қабаты бозғылт-қызыл, тілі ақ өңезделген, ауызынан жағымсыз иіс шығады. Іші аздап кепкен, тыныс алу актісіне біркелкі қатысады, басқан кезде жұмсақ, эпигастрия аймағыаздап ауырады. Нәжісі қалыпты консистенцияда, патологиялық қоспалар жоқ. ФЭГДС-те патологиялық өзгерістер анықталған жоқ.

Баланың тамақтану рационынан қандай тағамдарды алып тастаған жөн?

А)ет өнімдерін

В)сүт, сүзбе, айранды

С)қырыққабат, қияр, кәдіні

Д)+цитрустарды, томатты, кофе, шоколадты

Е)алма, қара өрікті

{Дұрыс жауап} = Д

{Күрделілігі} = 2

 

$$$028

Қыз бала 13 жаста, жүрек айнуына, қыжылға, қышқыл кекіруге, майлы, қуырылған тамақ ішкен соң 1,5-2 сағаттан кейін ішінің ауыруына шағымданады. Анамнезінен: жиі тамақтанбайды, көбінесе құрғақ тамақ жейді, фастфудты жақсы көреді. Анасында созылмалы гастрит бар. Қараған кезде баланың тамақтануы нашар, терісі бозарған, таза. Тілі сұр өңезделген. Кариесті тістері бар. Ішінің пішіні қалыпты, басқан кезде эпигастрия аймағы мен пилородуоденалды аймақ ауырады, бауыры 9х8х7 см. Эндоскопиялық тексеру кезінде: асқазанның, ұлтабардың шырышты қабатында диффузды гиперемия. ХЕЛИК-тест оң.

Емдеудің қандай үлгісі аса дұрыс?

А)Омепразол + панзинорм + дротаверин

В)Амоксициллин + креон + бифидумбактерин

С)+Омепразол + амоксициллин + кларитромицин

Д)Маалокс +фамотидин +домперидон

Е)Фамотидин + панзинорм + дротаверин

{Дұрыс жауап} = В

{Күрделілігі} = 2

 

 

$$$029

Ұл бала 9 жаста, дәрігер қабылдауында жүрек айнуына, қышқыл кекіруге, тамақ ішкен соң бірден ішінің ауыратынына шағымданады. Анасының айтуынша тәбеті төмендеген, көбінесе құрғақ тамақ жейді, қуырылған тамақты және газдалған сусындарды жақсы көреді. Қараған кезде терісі мен көрінетін шырышты қабатының түсі қалыпты, таза. Тілі ақ өңезделген. Ішінің пішіні қалыпты, тыныс алу актісіне бірдей қатысады, басқан кезде эпигастрия аймағы аздап ауырады, бауыры қабырға доғасының шетінде, шеті жұмсарған ауырмайды. Эндоскопиялық тексеру кезінде: асқазанның шырышты қабатында диффузды гиперемия, қатпарлары аздап ісінген, шырышты қабат астында ұсақ нүктелі геморрагия көрінеді. ХЕЛИК-тест оң.

Эрадикациялық емнің тиімділігіне қалай бағалау жүргізу аса дұрыс?

А) эрадикациялық емнен кейін 6 аптадан соң уреазды тест бойынша

В)эрадикациялық емнен кейін 12 аптадан соң ЭФГДС бойынша

С) эрадикациялық емнен кейін 8 аптадан соң Нр ИФА титры бойынша

Д)+ эрадикациялық емнен кейін 4-6 аптадан соң тыныс алу хелик-тесті бойынша

Е) эрадикациялық емнен кейін 12 аптадан соң тыныс алу хелик-тесті бойынша

{Дұрыс жауап} = Д

{Күрделілігі} = 2

 

 

$$$030

Ұл бала 12 жаста, жүрек айнуына, қышқылды кекіруге, ашқарынға ішінің ауыруына шағымданады. Анамнезінен: бала құрғақ тамақты жиі жейді, тұрақты тамақтанбайды, әкесінде асқазанның ойық жарасы бар. Қараған кезде терісі мен көрінетін шырышты қабаты бозарған, таза. Тілі сарғыш өңезделген. Ішінің пішіні қалыпты, тыныс алу актісіне біркелкі қатысады, басқан кезде эпигастрия аймағы аздап ауырады. Бауыры 9х8х7 см. Эндоскопиялық тексеру кезінде: асқазанның, ұлтабардың шырышты қабатында диффузды гиперемия, ісінген, артқы қабырғасында жалғыз ойық жара бар. ХЕЛИК-тест оң. Балаға эрадикациялық ем жасалды.

Диспансерлік бақылау кезінде ФЭГДС қай мерзімде жасаған аса дұрыс?

А)алғашқы 3 жылда жылына 1 рет, ары қарай жылына 1 рет 

В)+ алғашқы 3 жылда жылына 2 рет, ары қарай жылына 1 рет 

С)бақылаудың 1-ші жылы жылына 2 рет

Д)алғашқы 2 жылда жылына 2 рет, ары қарай жылына 1 рет 

Е) алғашқы 2 жылда жылына 3 рет, ары қарай жылына 1 рет

{Дұрыс жауап} = В

{Күрделілігі} = 2

 

Кардиология

 

$$$031

Жалпы тәжірибелік дәрігер қабылдауында 5 жасар ұл бала. Анасының айтуынша 1 жүктіліктен, туғандағы салмағы – 2800 г, бойы – 50 см. Өсіп, жетілуі жасына сай. Физикалық және жүйке-психикалық дамуы жасына сәйкес. Қараған кезде соматикалық патология анықталмады.

Қосымша қандай мамандардың тексеруінен өтуі тиіс?

А)Педиатр, психолог

В)Педиатр, психолог, хирург

С)Педиатр, невролог, лор

Д)Педиатр, офтальмолог, хирург

Е)Педиатр, стоматолог, психолог

{Дұрыс жауап} = А

{Күрделілігі} = 3

 

$$$032

Ұл бала 1 жаста. Жалпы тәжірибелік дәрігер қабылдауында. Анасының шағымдары жоқ.

Объективті: дене тұрқы қанағаттанарлық, жасына сай өсіп, дамуда, органдарында патология жоқ. Профилактикалық екпелерді күнтізбеге сәйкес алады.

1 жастағы балаға қандай егулер күнтізбеге сәйкес жасалады? 

А)АбКДС2 + ОПВ2+Hib2

В)ВГВ3+ ОПВ4

С)ККП + ОПВ4+пневмо

Д)RV АбКДС + RV Hib

Е)RV БЦЖ + RV АДС+ RV ККП

{Дұрыс жауап} = С

{Күрделілігі} = 3

 

$$$033

Қыз бала 4 айлық. Шала туған, салмағы - 2100 грамм, бойы - 44см. Жасына сай өсіп, дамуда.

«Перинатальная энцефалопатия» диагнозымен неропатологта диспансерлік есепте тұрады. Егулерді мерзімінде алады.

Осы жастағы балаға аса ықтимал вакцинация қандай? 

А)АбКДС3 + ИПВ3+Hib3

В)ККП + ИПВ4+пневмо

С)RV АбКДС + RV Hib

Д)RV БЦЖ + RV АДС+ RV ККП

Е)+АбКДС3 + ИПВ3+Hib3+ВГВ

{Дұрыс жауап} = Е

{Күрделілігі} = 3

 

$$$034

Ұл бала 1 жаста. Жалпы тәжірибелік дәрігер қабылдауына әкелді. Егу күнтізбесіне сәйкес оған екпе жасалуы керек.

Осы жастағы балаға аса ықтимал вакцинация қандай?

А)АбКДС2 + ОПВ2+Hib2

В)ВГВ3+ ОПВ4

С)+ККП + ОПВ4+пневмо

Д)RV АбКДС + RV Hib

Е)RV БЦЖ + RV АДС+ RV ККП

{Дұрыс жауап} = С

{Күрделілігі} = 3

 

$$$035

Ұл бала 7 айлық. Анасының шағымдары: ұйықтағанда шошыну, тершеңдік және мазасыздық.

Объективті: төбе, маңдай сүйектері шығыңқы, қабырғасында таспиықтар. Үлкен еңбегі 2,0– 2,5 см, шеттері жұмсақ. Кеуде клеткасы төменгі жағы жайылған, шеті жұмсақ. Қанның биохимиялық анализінде: кальций 1,5 ммоль/л, фосфор 1,0 ммоль/л. Алдын ала Д- витамин таппшылықты мешел диагнозы қойылды.

Қандай аса ықтимал дәрілермен спецификалық емдеу жүргізіледі?

А)витамин Д3 аквадетрим

В)витамин Д2 спиртті ерітінді

С)кальция глицерофосфат

Д)витамин Д2 майлы ерітінді

Е)витамин Д3 никомед

{Дұрыс жауап} = А

{Күрделілігі} = 3

 

$$$036

Ұл бала 3 айлық. Анасының шағымдары: ұйқысы нашар, мазасыздық, емізген кезде қатты терлейді. Анамнезінен: мерзімінде туған, салмағы4000 грамм. Емшек емеді. D витаминін алмаған. Объективті: терісі ылғалды, қызыл дермографизм, шүйдесі тазданған. Үлкен еңбегі 3,5x3,5 см, шеттері жұмсақ, орташа бұлшық ет гмпотониясы. Қаңқа деформацисы мен ішікі органдарында өзгерістер анықталмады. Мешел I, өршу кезеңі, жедел ағымы диагнозы қойылды.

Д3 витаминінің аса ықтимал курстық дозасы қандай?

А)500-1000 МЕ

В)2000-3000 МЕ

С)200-400 000 МЕ

Д)+400-600 000 МЕ

Е)600-800 000 МЕ

{Дұрыс жауап} = Д

{Күрделілігі} = 3

 

$$$037

Ұл бала 7 айлық. Анасының шағымдары: мазасыздық, тершеңдік, ұйқысы нашар. Анамнезінен: туғаннан емшек емеді. Объективті: төбе, маңдай сүйектері шығыңқы, мешелдік таспиықтар, «бақа» қарын, кеуде клеткасы төменгі жағы кеңейген, бауыр шеті қабырға доғасынан 2 см шығып тұр, көкбауырдың шеті білінеді. Қан сарысуында: кальций - 1,7 мм/л, фосфор – 1,12 мм/л. Алдын ала қойылған диагноз: «Мешел II, өршу кезеңі, жітілеу ағымы».

Д3 витаминінің аса ықтимал курстық дозасы қандай?

А)500-1000 МЕ

В)2000-3000 МЕ

С)200-400 000 МЕ

Д)+400-600 000 МЕ

Е)600-800 000 МЕ

{Дұрыс жауап} = Д

{Күрделілігі} = 3

 

$$$038

Қыз бала 3 айлық. Анасының шағымдары: ұйқысы нашар, мазасыздық, емізген кезде қатты терлейді. Анамнезінен: мерзімінде туған, салмағы 3800 грамм. Емшек емеді. D витаминін алмаған. Объективті: терісі ылғалды, шүйдесі тазданған. Үлкен еңбегі 1,8x2,0 см, шеттері жұмсақ, орташа бұлшық ет гмпотониясы. Қаңқа деформацисы мен ішікі органдарында өзгерістер анықталмады.

Қандай дәрілер аса дұрыс?

А)холекальциферолдың сулы ерітіндісі

В) холекальциферолдың майлы ерітіндісі - вигантол

С)эргокальциферолдың майдағы ерітіндісі

Д) видехолдың майдағы ерітіндісі

Е)видехолдың судағы ерітіндісі

{Дұрыс жауап} = А

{Күрделілігі} = 3

 

$$$039

Ұл бала 3 айлық. Жалпы тәжірибелік дәрігер қабылдауына келді. Анасының шағымдары: мазасыздық, тершеңдік. Анамнезінен: мерзімінде туған, салмағы 3600 грамм. Емшек емеді. D витаминін алмаған. Объективті: терісі ылғалды, қызыл дермографизм, шүйдесі тазданған. Үлкен еңбегі 2,5x2,0 см, , шеттері жұмсақ, орташа бұлшық ет гмпотониясы. Қаңқа деформацисы мен ішікі органдарында өзгерістер анықталмады.

Қандай дәрілер тағайындаған аса дұрыс?

А)витамин Е

В)аквадетрим

С)Д3 0,5% спиртті ерітіндісі 

Д)Д20,125 % майлы ерітіндісі

Е)кальций Д3 никомед

{Дұрыс жауап} = В

{Күрделілігі} = 3

 

$$$040

Қыз бала 1 айлық. Анасының шағымдары жоқ. Анамнезінен: 1 жүктіліктен және босанудан, жетіліп туған, жүктілік патологиясыз өткен, салмағы 3500 грамм, бойы - 52 см, Апгар шкаласы бойынша 8-9 балл. Емшек емеді. Объективті: салмақ қосуы жасына сай, үлкен еңбегі 2.0 x 2.0 см, бұлшықет тонусы қанағаттанарлық, позасы физиологиялық, туа біткен автоматты рефлекстері тірі. Ішкі органдарында өзгерістер жоқ. 

 

Мешел профилактикасы үшін Д3 витаминінің қандай дозасы дұрыс?

А)витамин Д3 2000МЕ дозада күнделікті

В)витамин Д3 500МЕ дозада күнделікті

С)витамин Д3 1000МЕ дозада күнделікті

Д)витамин Д3 750МЕ дозада күнделікті

Е)витамин Д3 1500МЕ дозада күнделікті

{Дұрыс жауап} = В

{Күрделілігі} = 3

 

$$$041

Қыз бала 3 айлық. Анасы қатты тершеңдікке шағымданады. Емшек емеді. Өсіп, жетілуі жасына сәйкес. Объективті: үлкен еңбегінің көлемі 1,5 x 1,5 см. Бұлшық ет тонусы қанағаттанарлық. Неврологиялық және соматикалық статусы патологиясыз.

Мешел профилактикасы үшін Д3 витаминінің қандай дозасы дұрыс?

А)витамин Д күнделікті 500МЕ қаралған күннен бастап

В)витамин Д абсолютті қарсы көрсетілген

С)витамин Д күнделікті 500МЕ 5-6 айлығынан бастап

Д)витамин Д күнделікті 1000МЕ 3-4 айлығынан бастап

Е)витамин Д күнделікті 500МЕ 5-6 айлығынан бастап

{Дұрыс жауап} = А

{Күрделілігі} = 3

 

$$$042

Қыз бала 1 айлық. Мамыр айында туды. Шағымдары жоқ. Емшек емеді. Өсіп, жетілуі жасына сәйкес. Объективті: үлкен еңбегінің көлемі 1,5 x 1,5 см. Бұлшық ет тонусы қанағаттанарлық. Неврологиялық және соматикалық статусы патологиясыз.

Мешел профилактикасы үшін Д3 витаминінің қандай дозасы дұрыс?

А)витамин Д күнделікті 500МЕ қаралған күннен бастап

В)витамин Д абсолютті қарсы көрсетілген

С)витамин Д күнделікті 500МЕ 5-6 айлығынан бастап

Д)витамин Д күнделікті 1000МЕ 3-4 айлығынан бастап

Е)витамин Д күнделікті 500МЕ қазан айынан бастап

{Дұрыс жауап} = Е

{Күрделілігі} = 3

 

$$$043

Жалпы тәжірибелік дәрігер қабылдауына 6 айлық ұлымен анасы келді. Дәрігер баланы Мешел І, өршу кеезңі, жедел ағымды диагнозымен «Д» есепке алды. Д3 витаминінің сулы ерітіндісімен спецификалық ем тағайындады.

Аса ықтимал бақылау жиілігі қандай?

А)жылына 1 рет 

В) 6 айда 1 рет

С)айына 2 рет

Д)аптасына 1 рет 

Е)3 айда 1 рет

{Дұрыс жауап} = С

{Күрделілігі} = 3

 

 «Нефрология»

 

$$$044

Қыз бала 11 жаста. Әлсіздікке, бас айналуына, құлақтағы шуылға, тәбеті нашарлауына, ентігуге шағымданады. Суық тиіп жиі ауырады. Баланың тамақтану рационы өте кедей. Қараған кезде:










Последнее изменение этой страницы: 2018-05-10; просмотров: 356.

stydopedya.ru не претендует на авторское право материалов, которые вылажены, но предоставляет бесплатный доступ к ним. В случае нарушения авторского права или персональных данных напишите сюда...