Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция

Актуальные вопросы амбулаторной детской хирургии 31 страница




Енжар, терісі мен көрінетін шырышты қабаты бозарған, сары реңкті, шаштары сынғыш, көмескі, тырнақтары жұқарған және көлденең сызықтар бар, ауыз айналысында «ауыздық», тін тургоры мен бұлшық ет тонусы төмендеген, тахикардия, жүрек тұсында шу бар.

Қандай ем жасаған аса дұрыс?

А)темірге бай диета + ауыз арқылы екі валентті темір препараты

В)ақуызға бай диета + ауыз арқылы екі валентті темір препараты

С)темірге бай диета + ауыз арқылы екі валентті темір препараты

Д)витаминге бай диета + ауыз арқылы екі валентті темір препараты

Е) микроэлементтерге бай диета + ауыз арқылы екі валентті темір препараты

{Дұрыс жауап} = С

{Күрделілігі} = 3

 

$$$045

Жалпы тәжірибелік дәрігер қабылдауында 2 жасар қыз бала. Мерзімінде қалыпты салмақпен туған. Бір жасқа дейін емшек емген. Профилактикалық екпелерді мерзімінде алған. Физикалық және жүйке-психикалық дамуы жасына сәйкес. Объективті: терісі мен көрінетін шырышты қабаты бозарған, құрғақ. Тәбеті төмендеген. Денесі астениялық. Ішкі органдарында өзгерістер жоқ.  «Теміртапшылықты анемия, II дәрежесі, орташа ауыр түрі» диагнозымен «Д» есепте тұрады. Ем алады.

Осы жаста қандай маманның қарауы қажет?

А)стоматолог

В)хирург

С)психолог

Д)невропатолог

Е)окулист

{Дұрыс жауап} = А

{Күрделілігі} = 3

 

$$$046

Қыз бала 8 айлық. Анасының айтуынша бозарған, енжар, тәбеті төмендеген. Анамнезінен: анасының жүктілігі анемиямен өткен, бала жетіліп туған, 2 айлығынан – жасанды тамақтандырылады, көкөніс шырыны мен езбесі 6 айдан енгізілген, ұдайы бермейді. Қараған кезде: енжар, адинамия, жылаңқы. Терісі мен көрінетін шырышты қабаты бозарған, эластикася төмендеген. Тін тургоры мен бұлшық ет тонусы төмендеген. Тері асты май қабаты нашар дамыған. Жүрек соғуының жиілігі минутына - 150. Бауыры қабырға доғасынан - 2 см, көкбауыры - 2 см шығып тұр.

Темір перапаратының аса ықтимал тәуліктік дозасы қандай? 

А)1 мг/кг/тәулігіне элементарлы темір

В)2 мг/кг/ тәулігіне элементарлы темір

С)3 мг/кг/ тәулігіне элементарлы темір

Д)4 мг/кг/ тәулігіне элементарлы темір

Е)6 мг/кг/ тәулігіне элементарлы темір

{Дұрыс жауап} = С

{Күрделілігі} = 3

 

$$$047

Қыз бала 9 жаста. Әлсіздікке, бас айналуына, құлақтағы шуылға, дәм сезу бұзылысына, тәбеті төмендеуіне, ентігуге шағымданады. Қараған кезде: бала енжар, терісі мен көрінетін шырышты қабаты бозарған сарғыш реңкті, шашы сынғыш, көмескі, тырнақтары жұқарған және көлденең сызықтар бар, ауыз бұрышында ауыздықтар,тін тургоры мен бұлшық ет тонусы төмендеген, тахикардия байқалады, жүрек тұсында шу естіледі, гепатоспленомегалия.

Қандай ем жасаған аса дұрыс?

А) темірге бай диета + ауыз арқылы екі валентті темір препараты

В) ақуызға бай диета + ауыз арқылы екі валентті темір препараты

С)темірге бай диета + ауыз арқылы екі валентті темір препараты

Д)витаминге бай диета + ауыз арқылы екі валентті темір препараты

Е) микроэлементтерге бай диета + ауыз арқылы екі валентті темір препараты

{Дұрыс жауап} = С

{Күрделілігі} = 3

 

$$$048

Қыз бала 6 жаста. Әлсіздікке, тәбеті төмендеуіне, шаштарының түсуіне, салмақ қосуы нашарлығына, жиі ЖРВИ шағымданады. Объективті: енжар, терісі мен шырышты қабаты бозарған, шаштары құрғақ, көмескі, тырнақтары жұқарған, тері асты май қабаты жеткіліксіз дамыған, жүктеме кезінде ентігу, тахикардия пайда болады, жүрек тұсында шу бар.

Науқасты бақылаудың аса ықтимал тактикасы қандай?

А)2 ай бойы темір препаратының курсы

В)3-6 ай бойы темір препаратының курсы

С)темір препаратының курсы 5-6 апта, содан кейін 1/2 курстық доза 2 ай бойы

Д) темір препаратының курсы 2-3 апта, содан кейін 1/2 курстық доза 2 ай бойы

Е)темір препаратының курсы 1-2 апта, содан кейін 1/2 емдік доза 1 ай бойы

{Дұрыс жауап} = В

{Күрделілігі} = 3

$$$049

Қыз бала 10 жаста. Тез шаршағыштыққа, тәбеті төмендеуіне шағымданады.  Объективті: жалпы жағдайы қанағаттанарлық, терісі құрғақ, бозарған. Тілі ақ өңезделген. Шеткері лимфа түйіндері үлкеймеген. Денесі қалыпты. Қанның жалпы анализінде: НВ-88 г/л,эритроцит - 2,8х10х12/л, түсті көрсеткіш - 0,7, ретикулоцит–2,8%, лейкоцит-13х109/л, сегментоядерлы -29%, палочкоядерлы -2%, лимфоцит-55%, моноцит-8%, эозинофил-1%, ЭШЖ-6 мм/сағ. «Теміртапшылықты анемия» диагнозы қойылды, Д есепке алынды.

Осы ауру кезінде диспансерлік бақылаудың аса ықтимал ұзақтығы?                                         

А)1жыл 

В)2 жыл

С)3 жыл

Д)5 жыл

Е)10 жыл

{Дұрыс жауап} = А

{Күрделілігі} = 3

 

$$$050

Ұл бала 6 жаста. Анасы жалпы тәжірибелік дәрігерге келді. Тез шаршағыштыққа, суық тиіп жиі ауыратынына, жиі стоматитке, ауыз бұрышында ауыздықтарға шағымданады. Анамнезінен: Орталық жүйке жүйесінің резидуальды-органикалық бұзылысы диагнозымен неврологта «Д» есепте тұрады, тұрақты емделеді. Жалпы тәжірибелік дәрігерде «Теміртапшылықты анемия, орташа ауырлық дәрежесі» диагнозымен «Д» есепте тұрады.

Диспансерлік бақылаудың аса ықтимал ұзақтығы? 

Осы ауру кезінде диспансерлік бақылаудың аса ықтимал ұзақтығы?                                         

А)1жыл 

В)2 жыл

С)3 жыл

Д)5 жыл

Е)10 жыл

{Дұрыс жауап} = А

{Күрделілігі} = 3

 

Тестовые задания «Патология детей раннего возраста»

$$$051

Ауыспалы сүттің қандай қасиеті бар?

A) бұл қою, жабыспалы, сары түсті сұйықтық

B) биологиялық жетілудің аралық кезеңіндегі сүт

C) босанудан кейін 3-ші аптаның басында шығатын сүт

D) емізудің басында шығатын сүт

E) емізудің соңында шығатын сүт

{дұрыс жауап}= B

{күрделілігі}= 1

 

$$$052

Жас нәрестеде милия пайда болу себебі:

A) май бездерінің бітелуі

B) тер шығаратын жолдардың бітелуі 

C) тоңу

D) күтімнің кемшіліктері

E) физиологиялық эритема

{дұрыс жауап}= А

{күрделілігі}= 1

 

$$$053

Ұл бала Н. туғанына 17 күн, ЖТД қарады. Анамнезінен: бала жүктіліктің 31 аптасында дүниеге келді. Туған кездегі салмағы 1900 г, бойы 42 см. Апгар шкаласы бойынша 3-5 балл. Ауыр дәрежелі асфиксиямен туды. Перзентханадан кеше шығарылды. Қараған кезде жағдайы қанағаттанарлық. 

Осы науқасты денсаулықтың қай тобына жатқызу керек? 

A) Iтоп

B) II А топ

C) IIБ топ

D) III топ

E) IV топ

{дұрыс жауап}= D

{күрделілігі}= 2

 

$$$054

Емхананың тіркеу бөліміне перзентханадан туғанына 15 күн болған сәбидің үйге шығарылғаны туралы хабарлама түсті. Шығарылған кездегі диагнозы: Мидың гипоксиялық бұзылысы. РДС 1 типті. Баланың постконцепциялық жасы 32 апта.

Перзентханадан шыққан соң неше күннен кейін балаға үйде патронаж жасауға кеңес беріледі?  

A) алғашқы 3 күнде  

B) алғашқы тәулікте 

C) бір апта ішінде  

D) алғашқы 48 сағатта  

E) алғашқы 4 күнде  

{дұрыс жауап}= В

{күрделілігі}= 2

 

 

$$$055

Емханаға 1 айлық баланы қабылдауға алып келді. Анамнезінен: бала жүктіліктің 40 аптасында дүниеге келді. Туған кездегі салмағы 3700 г, бойы 52 см. Апгар шкаласы бойынша 9 балл. Объективті: жағдайы қанағаттанарлық. Туа біткен даму ақаулары жоқ. 

ҚР ДСМ №685 бұйрығына сәйкес 1 айлық жастағы баланы қандай мамандар қарауы тиіс? 

A) Невролог, хирург

B) Невролог, окулист

C) Невролог, эндокринолог

D) Невролог, лор

E) Невролог, аллерголог

{дұрыс жауап}= А

{күрделілігі}= 2

 

$$$056

Емханаға жас нәрестесін алып анасы келді. Ұл баланың жасы 2 апталық. Баланың құсуына шағымданады. Анамнезінен: бала құсады, алғашқы күннен бастап емген сүтін кері құсады. Құсық көлемі әр күні әртүрлі, өт араласпаған. Неврологта бақылауда тұр. Объективті: бала гиперқозғыш. Эксикоз жоқ. Салмақ қосуы жасына сай. Ішкі органдары жағынан патология жоқ. Іші өзгермеген. Үлкен дәреті күнделікті, патологиялық қоспасыз.

Аса ықтимал алдын ала диагноз қандай?

A) Пилороспазм

B) Пилоростеноз

C) өңеш атрезиясы

D) аунс атрезиясы

E) ішектің бітелуі

{дұрыс жауап}= А

{күрделілігі}= 2

 

$$$057

Емханаға ЖТД қабылдауына жас нәресте қызын алып анасы келді. Жасы 14 күн. Емізген соң сүтті сол қалпында кері құсатынына шағымданады, ұдайы емес. Объективті: қыз бала гиперқозғыш, қомағайланып емеді. Салмақ қосуы жасына сай. Анасында галакторея, емшектері ішке тартылған. Ішкі органдары жағынан және зертханалық мәліметтер бойынша патология анықталмаған.

Аса ықтимал диагноз қандай?

A) Пилороспазм

B) Пилоростеноз

C) Аэрофагия

D) Ахалазия кардии

E) Ахалазия кардии

{дұрыс жауап}= С

{күрделілігі}= 2

 

$$$058

Емханаға ЖТД қабылдауына 4 күндік ұл баланы алып келді. Денесіндегі бөртпеге шағымданады. Анамнезінен: ата-анасының дені сау. Бала 3750 г салмақпен мерзімінде туды. Бірден жылады. Емшекті белсенді емеді. Перзентханадан 3-ші күні шығарылды. Объективті: жағдайы қанағаттанарлық. Кеуде, жамбас, аяқ-қолының терісінде аздап тығыздалған ортасында сарғыш папула бар эритемалар байқалады. Алақаны мен табанында бөртпе жоқ.

Аса ықтимал диагноз қандай?

A) Милиа

B) Токсикалық  эритема

C) Милиариа

D) Транзиттік  меланоз

E) нәресте акнесі

{дұрыс жауап}= В

{күрделілігі}= 2

 

$$$059

Біпінші патронаж кезінде нәресте қызды қарады. Анамнезінен: қыз бала жүктіліктің 38 аптасында дүниеге келді, салмағы 3000 г, бойы 50 см. Жүктілік кезінде анасында анемия және токсикоз болған. Апгар шкаласы бойынша 8 балл. Объективті: жағдайы қанағаттанарлық. Белсенді емеді. Қыздың дене тұрқы дұрыс, туа біткен даму ақаулары жоқ. Ішкі органдарында патология жоқ.

Осы науқасқа денсаулықтың қай тобын аса сәйкес келеді? 

А) Iтоп

B) II А топ

C) IIБ топ

D) III топ

E) IV топ

{дұрыс жауап}= В

{күрделілігі}= 2

 

$$$060

Туғанына 5 күн болған баланы ЖТД үйде қарады. Анамнезінен: ұл бала мерзімінде 3250 г салмақпен туды. Бала 1-ші жүктіліктен. Апгар шкаласы бойынша 8-10 балл. Перзентханадан 3-ші тәулікте шықты. Объективті: терісі таза, қызғылт. Емшек бездерінің симметриялы 2 см үлкейгені байқалады, басқан кезде ақшыл түсті бөлінді шығады. Без үстіндегі тері өзгермеген. Регионды лимфа жүйесі үлкеймеген. Жүрек және өкпе жағынан мәліметтері қалыпты. Іші аздап кепкен. Нәжісі сары ақ түсті түйіндермен, жасыл және шырыш қосылған.   

Аса ықтимал диагноз қандай?

A) Физиологиялық  мастопатия

B) іріңді мастит

C) құрсақішілік  инфекция

D) жылыу балансының транзиттік бұзылысы

E) ішкі секреция бездерінің транзиттік гиперфункциясы

{дұрыс жауап}= А

{күрделілігі}= 2

 

$$$061

Туғанына 10 күн болған жетіліп туған нәрестені ЖТД үйде қараған кезде қолы денесінің бойымен, аяқтары түзу жатқанын анықтады.

Осы нәрестенің бұлшық ет жүйесінің тонусын Сіз қалай бағалайсыз?

A) бұлшық ет нормотониясы

B) бұлшық ет гипотониясы

C) бұлшық ет гипертониясы

D) бұлшық ет атрофиясы

E) бұлшық ет гипертрофиясы

{дұрыс жауап}= В

{күрделілігі}= 2

 

$$$062

Туғанына 8 күн болған қыз балада қанның жалпы анализінде келесі мәліметтер бар: эритроциттер -5, 2х1012/л, гемоглобин - 183 г\л, ТК - 1,0, лейкоциттер – 11,2 x109 л, таяқша ядролы -1%, сегментті ядролы - 45%, эозинофилдер -3%, моноциттер - 6%, лимфоциттер- 45%. ЭШЖ- 2 мм/сағ.

Осы мәліметтерді қалай бағалауға болады?

A) қалыпты

B) жеңіл дәрежелі анемия

C) Эритроцитоз

D) Лейкоцитоз

E) Лимфоцитоз

{дұрыс жауап}= А

{күрделілігі}= 2

 

$$$063

Ұл бала жүктіліктің 38 аптасында дүниеге келді. Баланың салмағы 3300 г, бойы 52 см. Анамнезінен: жүктілік пен босану патологиясыз өтті. Туған кезде Апгар шкаласы бойынша 8-9 балл. Перзентханадан шықан кездегі жағдайы қанағаттанарлық.

Перзентханадан шыққан соң үйдегі бірінші патронаж қай мерзімде жүргізіледі? 

A) алғашқы 3 күнде

B) алғашқы тәулікте

C) бір апта ішінде 

D) алғашқы 48 сағатта  

E) алғашқы 4 күнде

{дұрыс жауап}= А

{күрделілігі}= 2

 

$$$064

Емханаға туғанына 20 күн болған қызын алып анасы келді. Баланың сарғаюына шағымданады. Анамнезінен: қыз бала жүктіліктің 34 аптасында дүниеге келді. Туған кездегі салмағы 2400 г, бойы 45 см. Апгар шкаласы бойынша 5-7 балл. Сарғаю туғаннан кейін 3-ші күні пайда болды және толқынды ағымда. Объективті: баланың жағдайы орташа ауыр. Енжар емеді. Терісі мен склерінде айқын сарғаю бар.

Балаға бірінші кезекте қандай инструменттік диагностика тағайындау керек?

A) Нейросонография

B) Электрокардиография

C) Электроэнцефалограмма

D) кеуде клеткасының рентгені

E) құрсақ қуысы органдарының УДЗ

{дұрыс жауап}= D

{күрделілігі}= 3

 

$$$065

ЖТД қабылдауына 29 күндік баланы алып анасы келді. Анамнезінен: әйел басқа жақтан келген. Әйелдер кеңесінде есепте тұрмаған. Бала 3-ші жүктіліктен, жүктіліктің 38 аптасында жедел туған. Анасы химиялық комбинатта жұмыс істеген. Жүктілік ұзақ ағымды гестозбен өткен. Туған кездегі салмағы – 2300, бойы - 45. Объективті: балада дизэмбриогенездің көптеген стигмалары анықталды: бет пішіні кішкентай, бойы аласа, таңдайы тар, төменгі жақ сүйегі кішкене, құлақтары төмен орналасқан, мойыны қанат тәрізді, туа біткен жүрек ақауы.

Бірінші кезекте қандай маманның кеңесі қажет? 

A) Хирургтің

B) Кардиологтің

C) Ортопедтің

D) Генетиктің

E) Стоматологтың

{дұрыс жауап}= D

{күрделілігі}= 3

 

$$$066

Туғанына 25 күн болған нәрестедегі гастритті емдеу кезінде ЖТД аса ықтимал дұрыс тактикасы қандай?

A) себептерін жою

B) аралас тамақтандыруға көшіру 

C) жасанды тамақтандыруға көшіру 

D) спазмолитиктер тағайындау

E) антирефлюксті қоспа тағайындау 

{дұрыс жауап}= А

{күрделілігі}= 3

 

$$$067

Дәрігер қабылдауына 29 күндік баланы алып анасы келді. Баланың мазасыздығына шағымданады. Анамнезінен: қыз бала жетіліп туған. Емшек емеді. Емізу арасы 3,5 сағат. Әр емізуден кейін анасы 20-30 мл сүтті сауып тастайды. 29 күнде бала 300 гр салмақ қосқан. Бақылау емізуі кезінде 100 гр емшек сүтін емді.

Төменде аталғандардың қайсысы аса дұрыс болып саналады?

A) жасанды қоспамен тамақтандыруға көшіру

B) сүт шығуын дәрі-дәрмек арқылы стимуляциялау

C) сауылған сүтпен қосымша тамақтандыру

D) еркін емізу тәртібіне көшіру 

E) аралас тамақтандыруға көшіру

{дұрыс жауап}= D

{күрделілігі}= 3

 

$$$068

ЖТД үйге шақырды. Бала емізетін әйелдің дене қызуы 37,5ºС дейін көтерілді, бір емшегінде тығыздалу пайда болды, басқан кезде ауырады, гиперемия. Сауған кезде сүттің түсі қалыпты, қан және ірің қосындысы жоқ. ЖТД әйелге баланы емізу жөнінде кеңес берді.

Дәрігердің берген кеңесінің қайсысы аса дұрыс? 

A) емшек емізуге тыйым салу

B) сауылған пастерленген емшек сүтімен тамақтандыру

C) емшек емізуді жалғастыру және қалған сүтті сауып тастау 

D) емшек емізуді жалғастыру, бірақ балаға антибиотик тағайындау

E) тек сау емшекті ғана емізу

{дұрыс жауап}= С

{күрделілігі}= 3

 

$$$069

Бірінші патронаж кезінде ЖТД туғанына 5 күн болған қыз балада сарғаюды көрді. Анамнезінен: бала 1-ші жедел босанудан. 3 күннен кейін балада терісі мен склерасының сарғаюы пайда болды. Объективті: жағдайы қанағаттанарлық. Белсенді емеді. Іші жұмсақ. Бауыры мен көкбауыры үлкеймеген. Перзентханадан шыққан кезде қанның жалпы анализінде: эритроциттер -5, 2х1012/л, гемоглобин - 183 г\л, ТК - 1,0, лейкоциттер – 11,2 x109 л, таяқша ядролы -1%, сегментті ядролы - 45%, эозинофилдер -3%, моноциттер - 6%, лимфоциттер- 45%. Жалпы билирубин 160 мкмоль/л.

Динамикада диагноз қою үшін қанның қандай анализі аса мәліметті болады?

A) Билирубин

B) Гемоглобин

C) Эритроциттер

D) Лейкоциттер

E) Моноциттер

{дұрыс жауап}= А

{күрделілігі}= 3

 

 

$$$070

Туғанына 3 апта болған баланы қандай сүтпен тамақтандырған аса дұрыс?

A) уызбен

B) ауыспалы сүтпен

C) жетілген сүтпен

D) сауылған сүтпен

E) жасанды қоспамен

{дұрыс жауап}= С

{күрделілігі}= 3

 

$$$071

Анасы жаңа туған нәрсетесімен кеше перзентханадан шықты. Аймақтық ЖТД анасына баланы қалай дұрыс тамақтандыру жөнінде түсіндірді.

Ұсынылған әрекеттер ретінің қайсысы баланы емізіп болған соң аса дұрыс?

A) баланы 1-2 минут тік ұстау

B) 1-2 минут көлденең жатқызу

C) баланы арқасы мен иығынан ұстап тербету

D) баланы жатып емізіп, осы қалыпта қалдыру

E) баланы 30 минут тік ұстау

{дұрыс жауап}= А

{күрделілігі}= 3

 

Тесты по эндокринологии

$$$072

9 жасар қыз балада 1 апта бойы жіті респираторлық вирусты инфекция клиникасы байқалады, жақсара бастағанда – дене қызуы қайтадан 38С дейін көтерілген, ылғалды жөтел. Тыныс алу жиілігі мин 25, жүрек соғуының жиілігі мин 90. Тыныс алуы мұрын арқылы еркін. Қараған кезде: шеткері лимфа түйіндері үлкеймеген. Өкпеде - қатаң тыныс, құрғақ және орташа көпіршікті сырылдар, перкуторлы – анық өкпе дыбысы. Қанның жалпы анализінде: лейкоцитоз, нейтрофилез, эритроциттің шөгу жылдамдығы жоғарылаған.

Жалпы тәжірибелік дәрігердің аса ықтимал тактикасы қандай?

А)кеуде клеткасының рентгеніне жіберу

В) пульмонолог кеңесі

С) физиоемдеуге жіберу

Д)дереу стационарға жіберу

Е)үйде стационар ұйымдастыру

{Дұрыс жауап} = Е

{Күрделілігі} = 3

 

$$$073

Бала 5 айлық. Ауру жедел басталды, дене қызуы– 38,9 С дейін, түшкіреді, тыныс шығаруы ұзарып ентігеді, мұрынерін үшбұрышы көкшіл. Өкпеде аускультациясында барлық алаңда көп мөлшерде ұсақ ұсақ көпіршікті сырылдар естіледі

Дәрігердің ары қарай аса ықтимал тактикасы қандай?

А) жедел ауруханаға жатқызу

В) амбулаторлық жағдайда вирусқа қарсы препараттар

С) бронхолитиктер тағайындау

Д) амбулаторлық жағдайда бактерияға қарсы ем

Е) шұғыл ауруханаға жатқызу

{Дұрыс жауап} = Е

{Күрделілігі} = 3

 

$$$074

Ұл бала 7 жаста, ылғалды жөтелге, дене қызуының 38,1°С дейін көтерілуіне шағымданады. Рецидивті бронхит диагнозымен «Д» есепте тұрады. Осы өршу 5 күн бұрын басталды. Объективті жағдайы орташа ауыр. Терісі таза. Көмейі қызарған. Мұрыннан шырыш бөлінуіне байланысты дем алу қиындаған. Өкпеде қатаң тыныс, тыныс шығару созылған, екі жағында да құрғақ және ірі көпіршікті ылғалды үнсіз сырылдар, жөтелгенде өзгереді.

Диспансерлік бақылаудың аса дұрыс ұзақтығы қандай?

А)+2 жыл

В)1 жыл
С)2 жыл
Д)5 жыл
Е)есептен шығарылмайды

{Дұрыс жауап} = А

{Күрделілігі} = 3

 

$$$075

Бала 6 айлық. Жалпы тәжірибелік дәрігер қабылдауында. Ентігуге, жөтелге шағымданады. Объективті: терісі бозарған, мұрынерін үшбұрышы көкшілденген, тыныс алу жиілігі мин 60. Өкпеде қатаң тыныс, құрғақ сырылдар. Іші жұмсақ, ауырмайды. Дәреті мен диурез қалыпты.

Обструкцияны емдеу үшін амбулаторлық жағдайда аса қолданатын препарат қандай?

А)интал

В)+сальбутамол

С)ингаляциялық  глюкокортикостероидтар

Д)муколитиктер

Е)теотарт

{Дұрыс жауап} = В

{Күрделілігі} = 3

 

$$$076

Бала 7 айлық. Жалпы тәжірибелік дәрігерді үйге шақыртты. Анасы жөтелге, ентігуге, мазасыздыққа, ұйқы бұзылуына шағымданады. Анамнезінен емшек емеді. Профилактикалық екпелерді күнтізбеге сәйкес алады. Объективті: терісі бозарған, таза. Тамағы қызарған. Аускультацияда өкпеде қатаң тыныс, әртүрлі ылғалды «ысқырықты», «ызыңды» сырылдар, тыныс жиілігі мин 60. Жүрек үні анық. Іші жұмсақ. Дәреті мен диурез қалыпты.

Дәрігердің аса ықтимал тактикасы қандай?

А)жоспарлы түрде ауруханаға жатқызу

В) амбулаторлық жағдайда вирусқа қарсы препараттар

С) бронхолитиктер тағайындау

Д) амбулаторлық жағдайда бактерияға қарсы ем

Е) шұғыл ауруханаға жатқызу
{Дұрыс жауап} = Е

{Күрделілігі} = 3

 

$$$077

Қыз бала 3 жаста. Жөтелге, ентігуге шағымданады. Объективті: терісі бозарған, мұрынерін үшбұрышы көкшіл, тыныс жиілігі мин 50. Қараған кезде: тыныс шығаруы ұзарған, қабырға аралық және бұғана үсті ойығының ішке тартылуымен ентігу, мұрын желбіршегі кернеулі, мұрынерін үшбұрышы көкшіл, өкпеде - қатаң тыныс, әртүрлі ылғалды «ызыңды» сырылдар. Жүрек үні анық. Іші жұмсақ, ауырмайды. Дәреті мен диурез қалыпты

Симпатомиметикті енгізудің қандай әдісі аса дұрыс болып табылады?

А)ингаляциялық

В)тамыр ішіне

С)ауыз арқылы

Д)сублингвальды

Е)тері астына

{Дұрыс жауап} = А

{Күрделілігі} = 2

 

Тесты по пульмонологии

$$$078

Қыз бала 1 жаста. Дене қызуының 38С дейін көтерілуіне, тамағы ауруына, ылғалды жөтелге, мұрын бітуіне шағымданады. Кешке қарай қабақтары ісінгенін байқады. Қараған кезде: айқын катаральды белгілер, екі көзінің де қабақтары қызарған, ісінген. Барлық лимфа түйіндері 1-2 см үлкейген, ауырмайды. Көмекейінде гиперемия. Өкпеде қатаң тыныс, бірлі-жарым сырылдар. Жүрек үні ырғақты. Іші жұмсақ, ауырмайды. «Жіті респираторлық вирусты инфекция, тұмау, аденовирусты инфекция» алдын ала диагнозы қойылды.










Последнее изменение этой страницы: 2018-05-10; просмотров: 267.

stydopedya.ru не претендует на авторское право материалов, которые вылажены, но предоставляет бесплатный доступ к ним. В случае нарушения авторского права или персональных данных напишите сюда...