Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция

Жедел тыныс жетіспеушілігін емдеу   19 страница




а) алдында болған респираторлық аппараттың вирустық қабынуы

б) микрофлора қасиетінің өзгеруі

в) бронхтың обструкциясы

г) жоғары тыныс жолдары мен қосалқы қуыстардағы созылмалы қабыну процесі

д) кеш басталған және дұрыс жүргізілмеген пневмонияның емі

49. Созылмалы пневмонияның дамуына жағдай туғызатын факторлар:

а) жиі салқын тиюі

б) бронх-өкпе жүйесінің созылмалы аурулары

в) ауаның шаңдануы мен газдануы

г) шылым шегу

д) келтірілгеннің бәрі

50. Созылмалы пневмонияны емдеуде біреуінен басқасының бәрі қолданылады: 

а) десенсибилизация емі

б) бронхтың дренаж функциясын жақсарту

в) организмнің реактивтілігін көтеру

г) антибактериялық ем

д) дезинтоксикациялық ем

51. Созылмалы пневмонияның диагнозын қою критерийлері:

а) процестің ошақты сипаты

б) рентгенологиялық белгілер: ошақты пневмосклероз, деформациялаушы бронхит

в) процестің бір жерде қайталауы

г) келтірілгеннің бәрі

д) келтірілгеннің бірі де емес

52. Айқын өкпе ауруы жоқ адамда спонтанды пневмоторакстың дамуы байланысты:

а) өкпе туберкулезімен

б) плевра мезотелиомасымен

в) буллалы эмфиземамен

г) өкпенің ұсақ абсцесімен 

53. Көкірекаралығының ығысуы бар пневмоторакс тудырған кеуде торының ауыр-ғанын тию үшін шұғыл қолданылатын ем:

а) нейролептоаналгезия

б) азоттың шала тотығымен наркоз беру

в) плевраны тесіп (пункция), ауа жіберу

г) оттегімен емдеу

д) торакотомия және өкпе резекциясы  

54. Біреуінен басқасының бәрі спонтандық пневмотракстың диагноз қою критерийлеріне жатады:

а) шағымдар: кеуденің ауыруы, күшейіп бара жатқан ентігу

б) өкпе тінінің инфильтрация синдромы

в) плевра қуысында ауа жиналу синдромы

г) рентгенологиялық белгілер – қабырғаға жақын ағарғандықтар, басылған өкпе мен плевра қуысындағы ауа арасындағы айқын шекара 

55. Спонтандық пневмотораксты қандай аурулардан ажырата білу керек:

а) миокард инфарктісі

б) құрғақ плеврит

в) жедел пневмония

г) тұрақты емес стенокардия

д) келтірілгендердің бәрінен

56. Өкпе артериясындағы гипертензияның басы деп өкпе артериясындағы систолалық қысымның қандай деңгейден жоғары көтерілгенін айтады?

а) с.б. 20 мм жоғары

б) с.б. 30 мм жоғары

в) с.б. 40 мм жоғары

г) с.б. 50 мм жоғары

д) с.б. 10 мм жоғары  

57. Өкпе артериясындағы гипертензияны анықтаудың ең құнды тәсілі:

а) орталық вена қысымын анықтау

б) ЭКГ

в) өкпе артериясын катетерлеу

г) поликардиография

д) оң жақ қарыншадағы қысымды анықтау

58. Бірінші ретті өкпе артериясы гипертензиясында болатын гипертензияны түсіру үшін жиі қандай препарат қолданылады:

а) кальций антагонистері

б) диуретиктер

в) оттегімен емдеу

г) жүрек гликозидтері

д) b-блокаторлар

59. Созылмалы өкпе-текті жүректің ең жиі себебі:

а) созылмалы обструкциялы бронхит

б) өкпе туберкулезі

в) интерстициальды өкпе фиброзы (Хамман – Рич синдромы)

г) өкпе артериясының тромбоэмболиясы

д) кифосколиоз

60. Бронхоэктазия ауруының диагнозын қоюда шешуші рөль атқарады:

а) клиникалы – рентгенологиялық әдістер

б) бронхоскопия

в) бронхография

г) компьютерлік томография

61. Пневмосклерозды өкпеде ылғалды сырылдар естіледі: 

а) болмайды 

 б) бірен-саран, дауыссыз сырылдар 

в) бір ошақта дауысты сырылдар 

г) ірі көпіршікті сырылдар

д) калибрі әр түрлі сырылдар көп естіледі 

62. Бронхоэктазия ауруында бронхограммада табылады:

а) бронхтардың жайылмалы деформациясы

   б) ұсақ бронхтар мен бронхиолдардың жайылмалы өзгерістері (кеңуі, деформациясы)

в) 3-5 қатар бронхтарының қапшық, цилиндр тәрізді немесе аралас типті регионарлы (кейде екі жақты) кеңуі

г) орташа немесе ірі бронхтардың кеңуі

63. Саркоидоздың алғашқы белгісі болатын Лефгрен синдромының құрамына кіреді:

а) ентігу, жөтел, қызба

б) қызба, түйінді эритема, полиартралгия

в) ентігу, жөтел, шеткі лимфа түйіндерінің өсуі

г) қызба, ентігу, кеуде іші лимфа түйіндерінің өсуі 

  д) ентігу, жөтел, әр топқа жататын лимфа түйіндерінің өсуі

64. Эмфиземада өкпе зақымдануының рентгенологиялық белгілері:

а) өкпе алаңдарының ақшылдығының күшеюі

б) өкпе алаңдарының қалыпты ақшылдығы

в) өкпе алаңдарының ақшылдығының төмендеуі

г) ошақты көлеңкелердің болуы

д) өкпе түбірі суретінің күшеюі

65. Жедел пневмонияны антибиотиктермен емдеуді тоқтату керек:

а) емнің басынан 1 апта өткен соң

б) дене қызуы қалыпты күйге оралғаннан кейін 3 күн өткен соң

 в) өкпедегі сырылдар жойылғаннан кейін

г) аурудың клиникалық белгілері жойылғаннан кейін

д) рентгенологиялық белгілері жойылғаннан кейін

66. Созылмалы обструкциялы бронхиті және созылмалы өкпе-текті жүрек белгілері бар науқаста жүрекшелер тахикардиясының пароксизмі (ұстамасы) пайда болды, ұстаманы тоқтатудың таңдамалы дәрісі:

а) панангин

б) верапамил

в) дигоксин

г) лидокаин

д) пропранолол

67. Сыртқа тыныстаудың жылдамдығы, ӨТС төмендеп, шектелу бұзылыстары бар күй қалай деп аталады?

а) обструкциялы синдром

б) гиалиндік мембраналар синдромы

в) обструкциялы – респираторлық синдром

г) рестрикциялы синдром

д) Хамман – Рич синдромы

68. Созылмалы обструкциялы бронхитті емдеудің мақсаты:

   а) толық сауықтыру және пациентті реабилитациядан өткізу

б) бронхиттің үдеу жылдамдығын азайту

в) қақырықпен бактерия бөлінуді жою

г) эмфиземаның кері дамуы

д) пациентті бронхиттің хирургиялық еміне әзірлеу

69. Вирустық инфекциядан кейін жиі қандай пневмония дамиды:

а) стрептококктік

б) пневмококктік

в) саңырауқұлақтық

г) стафилококктік

д) клебсиелалық

70. Чейн – Стокс типті тыныс кездеседі:

а) тыныс орталығы тежелгенде

б) мидың ісінгенінде

в) жүрек әлсіздігінің ІІІ сатысында

г) тыныс жетіспеушілігінде

д) бәрі дұрыс

71. Созылмалы бронхиттің ауыр даму симптомдарын көрсетіңіз:

а) рентгенологиялық тексеру мәліметтері бойынша бронх бұтасы тарамдарының жақын-дасуы және деформациясы бар

б) рентгенологиялық тексеру мәліметтері бойынша айқын эмфизема мен пневмосклероз бар

в) өкпе артериясы үстінде ІІ тон акценті, оң мәнді Плеш симптомы, ЭКГ-ң S-типі

г) қақырық жоқ тұрақты жөтел

д) ТСТ1/ӨТС < 40%

72. Кондиционермен жабдықталған үлкен қонақ үй қызметкері әйелде жедел дене қызуы 40° көтеріліп, қалтырап тоңу, қақырықты жөтел, қан қақыру, дем алғанда кеудесінің ауыратыны, бұлшық еттерінің ауыратыны, жүрек айну, іш өту пайда болған. Рентгенограммада екі өкпеде инфильтрациялы өзгерістер табылған. Бірнеше күн бұрын қызметтес жолдасы пневмония диагнозымен ауруханаға түскен. Аурудың мүмкін себебі:

а) клебсиелла

б) легионелла

в) пневмококк

г) Пфейффер таяқшасы

д) алтынсары стафилококк

73. Бұл ауруда тағайындалатын таңдамалы антибиотик:

а) пенициллин

б) гентамицин

в) сульфаметоксазол/триметоприм

г) эритромицин

д) цефазолин  

74. 61 жастағы науқас адам болмашы күш түскенде ентігу, құрғақ жөтел болатынына шағым айтады. 40 жыл бойы күнге 1 қорап темекі шегеді. Қарағанда – дене бітімі астеникалық, кілегей қабықтар көгерген, дене массасын жоғалтқан, перкуссиялық өкпе дыбысының қорап реңі бар, аускультацияда – тыныс өте әлсіреген, құрғақ ысылдаған сырылдар естіледі. Болжам диагнозыңыз:

а) ұсақ бронхтар басым зақымданған созылмалы бронхит

б) тыныс тұншықпасы

в) идиопатиялық фиброздаушы альвеолит

г) ірі бронхтар басым зақымданған созылмалы бронхит

д) саркоидоз

75. Тыныс жетіспеушілігі үдемелі және жетекші болып келетін нозологиялық түрді көрсетіңіз:

а) тыныс тұншықпасы

б) созылмалы обструкциясыз бронхит

в) созылмалы абсцесс

г) фиброздаушы альвеолит

д) келтірілгеннің бәрі дұрыс

76. 34 жастағы науқаста салқын тигеннен кейін қызба, ентігу, кеуденің ауыруы, жөтел, тот түсті қақырық бөлу пайда болған. Қарағанда: дене қызуы 37,8°, оң жақ өкпенің төменгі бөлігінде перкуссиялық дыбыс қысқарған, осы жерде бронхофония күшейген және әлсіреген тыныс фонында ұсақ көпіршікті, дауысты сырылдар естіледі. Рентгенографияда: оң жақ өкпенің төменгі бөлігінде ошақты инфильтрация бар. Қанның жалпы анализі: ЭТЖ 26 мм/сағ., лейкоциттер 10,2х109/л. Қақырықта: лейкоциттер көру алаңында 25-ке дейін, эритроциттер 5-10, фибрин. Сіздің диагнозыңыз?

а) крупозды пневмония

б) госпитальдық пневмония

в) вирустық пневмония

г) атипиялы пневмония

д) өкпе рагі

77. Аурудың болжам қоздырғышы:

а) стафилококк

б) микоплазма

в) клебсиелла

г) пневмококк

д) карина – вирус  

78. Таңдамалы антибиотик:

а) гентамицин

б) спирамицин

в) ципрофлоксацин

г) тетрациклин

д) цефтриаксон

79. Жедел өкпе-текті жүрек белгілері тән аурулар:

а) екі жақты ауыр пневмония

 б) ӨАТЭ немесе өкпе артерия тарамдарының тромбозы

в) тұншықпа күй

г) спонтандық пневмоторакс

д) бәрі дұрыс    

80. ЖИТС ауыратын адамда құрғақ жөтел, ентігу және дене қызуының көтерілуі пайда болған, рентгенограммада - өкпе суреті күшейген, екі жақты ұсақ ошақты көлеңкелер көбіне өкпенің орталық бөлігінде орналасқан. Аурудың қоздырғышы:

а) клебсиелла

б) пневмоциста

в) микоплазма

г) хламидия

д) пневмококк

81. Таңдамалы дәрі:

а) пенициллин

б) ампициллин

в) сульфометоксазол/триметоприм

г) стрептомицин

д) рокситромицин   

82. Ауыр емес тыныс тұншықпасын емдеуде қолданылатын ем:

а) күнде қабынуға қарсы дәрілер қабылдау

б) қысқа әсерлі b2-агонистердің жүйелі емес ингаляциясы

в) күнде әсері ұзартылған бронходилататорларды қабылдау

г) жүйелі глюкокортикоидтарды жиі қолдану      

83. Дәрілердің селективтілігі тәуелді болады:

а) сыртқа бөлудің жарты кезеңіне

б) қабылдау тәсіліне

в) белокпен байланысына

г) тарау көлеміне

д) дозасына

84. Атипиялы қоздырғыштар (микоплазма, хламидиялар) болғанда таңдамалы препараттарға жатады:

а) макролидтер

б) пенициллиндер

в) аминогликозидтер

г) цефалоспориндер

д) сульфаниламидтер

85. Крупозды пневмониядағы таңдамалы препарат:

а) цефаклор

б) доксициклин

в) метициллин

г) цефотаксим

д) пенициллин

86. Ішке қабылдайтын мембраностабилизатор:

а) кетотифен

б) натрий недокромилі

в) натрий хромогликаты

г) супрастин

д) ипротропиум бромид

87. Тыныс тұншықпасымен ауыратын адамның өкпе артериясындағы қан қысымы көтерілгенде тағайындау керек?

а) верапамил

б) нифедипин

в) дигоксин

г) интал

д) беклометазон

88. Атопиялық тыныс тұншықпасының жеңіл түрін емдеудегі таңдамалы дәрі:

а) глюкокортикоидтар

б) интал

в) антигистаминдік препараттар

г) симпатомиметиктер

д) келтірілгеннің бірі де емес

Мына схеманы қолданып, дұрыс жауабын беріңіз:

А – 1, 2, 3 дұрыс болса

Б – 1, 3 дұрыс болса 

В – 2, 4 дұрыс болса

Г – 4 дұрыс болса  

Д - бәрі дұрыс болса

89. Пневмотораксқа тән белгілер:

1. үдемелі ентігу

2. тахипноэ

3. өкпе үстінде тимпанит

4. артериялық гипертензия

90. Тұншықпа күйдің шешілу (тарау) белгілері:

1. қақырық бөлінудің тоқтауы

2. тұншықпа сезімнің азаюы

3. «мылқау» өкпе белгісінің пайда болуы

4. қақырықты жөтелдің пайда болуы

91. Өкпе эмпиемасының дамуына жағдай жасайтын факторлар:

1. клапанды пневмоторакс

2. плевра қуысына инфекция жұғуы

3. қабырғааралық невралгия

4. гемоторакс

92. Тұншықпа күйді емдеуде қолданылатын дәрілер:

1. эуфиллин

2. оттегі

3. преднизолон

4. астмопент

93. Бронхоспазм тудыратын препараттар:

1. БҚҚП

2. жүрек гликозидтері

3. b-адреноблокаторлар

4. ААФ ингибиторлары

94. ӨАТЭ емдеуде қолданылатын дәрілер:

1. аналгетиктер

2. антикоагулянттар

  3. тромболитиктер

4. бронхолитиктер

95. Өкпенің жедел абсцесінің жазылуы жолдары:

1. өкпедегі қуыс ішіндегі іріңнен тазарады және оның орнында тыртық түзіледі

2. іріңді қуыстың орнында өкпе тінінің тығыз ошағы пайда болады

3. қуыс ішіндегі іріңнен босайды және өкпенің екінші ретті кистасы қалыптасады

4. көрсетілген жолдардың бәрі

96. Нозокомиальды пневмонияны тудырады:

1. пневмококк

2. стафилококк

3. легионелла

4. грам теріс флора

97. Өкпенің b2-адренорецепторларына басым әсер ететін бронходилататорлар:

1. адреналин

2. сальбутамол

3. изадрин

4. беротек

98. Тыныс тұншықпасының жүрек тұншықпасынан айырмашылығы:

1. жөтелдің тұншықпа ұстамасының соңында пайда болуы

2. түнде болатын тұншықпа ұстамасы

3. b2-адреномиметиктердің тиімділігі

4. қақырықтың болмауы

99. Күш түсу тұншықпасына тән:

1. күш түсу кезінде дамуы

2. күш түсуден кейін дамуы

3. жиі ылғалды ауа жұтқан кезде ұстайды

4. жиі құрғақ ауа жұтқан кезде ұстайды

100. Орташа ауыртпалықты тыныс тұншықпасын емдегенде қолданылады:

1. күнде қабынуға қарсы дәрілерді қабылдау

2. қысқа әсерлі b2-агонистерді жүйелі түрде емес қабылдау

3. күнде әсері ұзартылған бронходилататорларды қолдану

4. антибиотиктер егу

101. Ауыр дамулы тыныс тұншықпасын емдеу:

1. күнде қабынуға қарсы препараттарды қолдану

2. күнде әсері ұзартылған бронходилататорларды қабылдау

3. жүйелі глюкокортикоидтарды жиі қолдану

   4. қысқа әсерлі b2-агонистерді жүйелі емес ингаляция жасау

102. Созылмалы бронхит туралы дұрыс пікір:

1. тыныс жолдарының жайылмалы ауруы

2. қайтымсыз обструкциямен сипатталады

3. 2 жыл бойы және одан да ұзақ уақыт кем дегенде әр жылда 3 ай қатар қақырықты жөтел болады

4. қайтымды обструкциямен сипатталады

 

ЖҮРЕК-ТАМЫР ЖҮЙЕСІНІҢ АУРУЛАРЫ

 

Артериялық гипертензиялар

 

Артериялық гипертензия (АГ)– систолалық артериялық қысым с.б. 140 мм жоғары, диастолалық артериялық қысым с.б. 90 мм жоғары болатын күй. АГ бірінші және екінші ретті деп бөледі. АГ-ның айқын себебі болмаса, ол бірінші ретті, эссенциальдық АГ деп аталады (ТМД елдерінде – гипертония ауруы деп аталады). Егер АГ-ның себебі болатын болса, ондай АГ екінші ретті (симптоматикалық) АГ (САГ) деп аталады. Барлық АГ-ң ішінде эссенциальдық АГ үлесіне 90-95% тиеді, екінші ретті АГ үлесіне – 5-10% тиеді.

Бұдан басқа, жекеленген систолалық АГ (ЖСАГ) бөледі, оның диагнозы диастолалық қан қысымы с.б. 90 мм төмен күйде, систолалық қан қысымы с.б. 140 мм жоғары болған жағдайда қойылады.

Егер диастолалық артериялық қысым с.б. 120 мм-нен жоғары болса, ондай АГ қатерлі деп есептейді.  

Гипертония ауруы (эссенциальдық АГ)

Гипертония ауруы– қан қысымының көтерілуінің себептері белгісіз, негізгі белгісі артериялық гипертония синдромы болып табылатын, созылмалы дамитын ауру.

«Гипертония ауруы» деген атауды совет кардиология мектебінің негізін қалаушы Г.Ф.Ланг ұсынғандықтан, бұл атауды бұрынғы Совет одағының дәрігерлері қолданады. Басқа елдерде «эссенциальдық гипертензия», «эссенциальдық гипертония» деген атауларды қолданады.

АГ-мен ересек тұрғындардың 20-30% ауырады. Жас өскен сайын АГ-да жиілей түседі, 65-тен жоғарғы жастағылардың 50-65% АГ ауырады. 50 жасқа дейін АГ көбіне еркектерде кездеседі, 50 жастан кейін әйелдерде жиірек кездеседі.

Гипертония ауруы жүрек-тамыр ауруларынан болатын өлімнің жоғарғы көрсеткішінің себебі болып табылады. АҚҚ-ң деңгейі және инсультпен ауыру қаупінің арасында тура байланыс болады. Сонымен қатар, ГА атеросклероз бен ЖИА, жүрек әлсіздігінің дамуына жағдай жасайды.

Этиологиясы және патогенезі.ГА себебі белгісіз. Гипертония ауруының пайда болуында бірнеше жағымсыз фактордың қосылып әсер етуінің маңызы бар деп есептеледі. Жағымсыз факторлар қатерлі факторлар деп аталады. Гипертония ауруының дамуында маңызы бар қатерлі факторларға жататындар: тұқым қуалау, науқас адамның өзінде және оның туысқандарында липидтер алмасуының бұзылуы, пациенттің өзінде және оның әке-шешесінде қант диабетінің болуы, әке-шешесінде бүйрек ауруларының болуы, семіздік, алкогольді көп қолдану, ас тұзын шамадан тыс қолдану, стресс, гиподинамия, шылым шегу, науқастың жеке тұлғасының ерекшеліктері. Бұлардың ішіндегі ең маңыздылары – тұқым қуалау бейімділігі және жағымсыз экзогендік әсерлер.

ГА дамуында ерекше маңыздысы генетикалық факторлар. Симпатикалық нерв жүйесінің стреске күшті реакция беруі, натрийдың бүйрек арқылы бөлінуінің (экскрециясының) кемістігі, натрийдың клетка мембранасы арқылы тасымалдануының (транспорт) бұзылуы тұқым қуалайды деген болжам бар. ГА дамуындағы тұқым қуалау факторының ролін дәлелдей түсетін жағдайға артериялық гипертензияның туындауына жағдай жасайтын көптеген генетикалық ауытқулардың болатыны: ангиотензин генінің, альдостерон – синтетазаның, бүйрек эпителийінің амилоридсезімтал натрий каналдарының В – суббірлігінің мутациялары, АГ дамуына бейімділіктің көптеген локустарының болуы.

Экзогендік қатерлі факторлардың ішіндегі ең маңыздылары – артық дене массасы, қоректену ерекшеліктері (тағамның артық энергетикалық құндылығы, тағамда қаныққан май қышқылдарының көп болуы, тағамда калийдың, кальцийдың және магнийдың аз болуы), гиподинамия, ішімдікті көп қолдану және шылым шегу. АГ дамуының маңызды этиологиялық факторы психикалық күйзеліс (стресс), әсіресе ол жедел АГ дамуында өте маңызды. ГА дамуында белгілі рольді психикалық - әлеуметтік факторлар атқарады. Бұл пікірдің дұрыстығын гипертония ауруының қызметте нерв жүйесіне күш түсетін мамандықтың өкілдерінде (аэропорт диспетчерлері, такси жүргізушілер т.б.) жиірек кездесетіні растайды.

ГА дамуында белгілі маңызы бар факторға тұлғаның жеке ерекшеліктері жатады. АГ көбіне мінезінде жасырын агрессивтілік, эмоциональды тұрақсыздық, тез реакция беретінділік және жарысқа бейімділік бар тұлғаларда кездеседі.

Артериялық қан қысымының (АҚҚ) деңгейі үш гемодинамикалық көрсеткішке тәуелді: минуттік қан көлемі, жалпы перифериялық (шеткі) тамыр кедергісі және айналымдағы қан көлемі. Физиологиялық жағдайда үш фактор бір-бірімен байланысты болып келеді және олардың арасында үйлесімділік болады.

АҚҚ көтерілуі осы үш фактордың арасындағы тепе-теңдіктің бұзылуынан болады. Оңдай бұзылудың түрлері: - минуттік қан көлемінің көбеюі және оған сәйкес шеткі тамыр кедергісінің азаймауы;

- шеткі тамыр кедергісінің күшейіп, оған сәйкес минуттік қан көлемінің азаймауы;

- бір мезгілде минуттік қан көлемі мен шеткі тамыр кедергісінің көбеюі.

ГА-да осы факторларды реттеп отыратын жүйенің кез-келген деңгейінде (ми қыртысынан клеткалық мембранаға дейін) ауытқу болады.

АҚҚ реттелуі организмнің прессорлық және депрессорлық жүйелерінің арасындағы тиімді үйлесімділікпен анықталады. Прессорлық жүйеге жататындар: - симпатикалық – адренал жүйесі (САЖ);

- ренин-ангиотензин жүйесі (РАЖ);

- альдостерон жүйесі;

- антидиурездік гормон (АДГ) жүйесі (вазопрессин).

Депрессорлық жүйеге жататындар:

- аортокаротид зонасы (қолқа-ұйқы артериясы зонасы);  

- депрессорлық простагландиндер жүйесі;

- калликреин-кинин жүйесі;

- жүрекшелік натрийуретикалық фактор;

- эндотелий тәуелді релаксация факторы.

Гипертония ауруында прессорлық және депрессорлық жүйелер арасындағы үйлесімділік әр түрлі бұзылады; прессорлық жүйе белсенділігінің артуы мен депрессорлық жүйенің белсенділігі төмендеуінің әр түрлі бірлестілігі байқалады.

ГА патогенезінің негізгі механизмдері – симпатикалық – адренал жүйесінің, ренин – ангиотензин – альдостерон жүйесінің, калликреин – кинин жүйесінің және простагландиндер белсенділігінің өзгеруі, бүйрек функциясы мен су-тұз алмасуының бұзылуы.

Симпатикалық нерв жүйесі белсенділігінің күшеюін қан айналысы реттелуінің орталық механизмдерінің бұзылуы, барорецепторлар сезімталдығының өзгеруі, синапс саңылауынан норадреналинді қайтадан қамтудың бұзылуы тудырады; адренорецепторлардың сезімтал-дығы мен (немесе) санының көбеюі және жүрек-тамыр жүйесіне парасимпатикалық әсердің әлсіреуінің көмектесуі мүмкін.

САЖ белсенділігінің артуы тудырады:

1) шеткі вазоконстрикцияны, оның өзі қанның жүрекке көп оралуын тудырады және жүректен айдалатын қанның мөлшерін көбейтеді;

2) тахикардияны; ол систолалық қан көлемінің көбеюімен қосылып, минуттік қан көлемін (айдалма қан көлемін) көбейтеді;

3) шеткі артериолдардың b-рецепторларының белсенділігін арттыру арқылы жалпы шеттік тамыр кедергісін (ЖШТК) күшейтеді.

Ренин – ангиотензин жүйесінің белсенділігінің күшеюі қан плазмасындағы ангиотензиноген – ІІ (АТ – ІІ) көбейтеді. АТ – ІІ концентрациясының қанда көбеюі шеткі артериолдардың салалы бұлшық еттерінің ұзақ уақыт түйілуін (спазмын) тудырады және жалпы шеткі тамыр кедергісін күшейтеді. Бұдан басқа, АТ – ІІ көбеюі сол жақ қарынша миокардының гипертрофиясы мен фиброзын, тамырлардың салалы бұлшық ет талшықтарының гипертрофиясын тудырады, нефроздың дамуына, натрий мен судың реабсорбциясының күшеюіне, бүйрек безінің милы қабатынан катехоламиндердің босауына жағдай жасайды. АТ – ІІ мөлшері қанда көбеюімен қатар тіндерде де көбейеді, яғни тіндік ренин – ангиотензин жүйесі қызмет етеді. АТ-ң классикалық түзілу жолымен қатар оның түзілуінің альтернативтік те жолы бар, бұл жол бойынша АТ – І АТ – ІІ-ге басқа ферменттердің (мыс. химазаның) көмегімен көшеді. Сонымен қатар, АТ – І түзілуінің рениндік емес жолы да болады.










Последнее изменение этой страницы: 2018-04-12; просмотров: 355.

stydopedya.ru не претендует на авторское право материалов, которые вылажены, но предоставляет бесплатный доступ к ним. В случае нарушения авторского права или персональных данных напишите сюда...