Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция

Буквенная система оценки учебных достижений обучающихся, соответствующая цифровому эквиваленту по четырехбалльной системе




Оценка по буквенной системе Цифровой эквивалент баллов %-ное содержание Оценка по традиционной системе
A 3,84-4,0 95-100

отлично

A- 3,51-3,83 90-94
B+ 3,17-3,50 85-89

хорошо

B 2,84-3,16 80-84
B- 2,51-2,83 75-79
C+ 2,17-2,50 70-74

удовлетворительно

C 1,84-2,16 65-69
C- 1,51-1,83 60-64
D+ 1,17-1,50 55-59
D 1,0-1,16 50-54
F 0-0,99 0-49 неудовлетворительно

 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ

«МАРАТ ОСПАНОВ АТЫНДАҒЫ БАТЫС ҚАЗАҚСТАН

МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ» ШЖҚ РМК

Қоғамдық денсаулық және денсаулық сақтау КафедраСЫ

 

 

бекітемін

ОТЖ жөніндегі проректор

_______________ Абилов Т.С. «____»___________ 20___ж.

Кәсіби практика бойынша

жұмыс бағдарламасы

Практиканың атауы: Қоғамдық денсаулық және денсаулық сақтау қызметі маманы

Мамандық:5В110200 – «Қоғамдық денсаулық сақтау»

Оқу сағаттарының/кредиттерінің көлемі:2/150

 

Практика өту курсы мен семестрі: 4 курс, 8 семестр

 

 

 

Ақтөбе қ., 2017

Кәсіби практиканың жұмыс бағдарламасы «Қоғамдық денсаулық және денсаулық сақтау қызметі маманы» практикасының Оқу бағдарламасы негізінде құрастырылды.

                                                                           

 

Құрастырушылар:

Аға оқытушы _________________ Артықбаева М.А.

Оқытушы     _________________ Ктабалиева А.Т.

 

 

Кафедра отырысында талқыланған 

хаттама №____ «_____» _______________20___ж.

Кафедра жетекшісі ____________________________ Ермуханова Л.С.

м.ғ.к., доцент

 

«Қоғамдық денсаулық сақтау» және «Фармация» мамандықтары бойынша

білім беру бағдарламалары комитетінің отырысында талқыланған

хаттама №____ «_____» _______________20___ж.

Төрайымы ______________________________ Уразаева С.Т.

м.ғ.к., доцент

 

Студенттердің кәсіби практикасы және түлектерді жұмысқа орналастыру

мониторингі бөлімінің жетекшісі

ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы ____________________ Алмағамбетова А.С.

Оқу-әдістемелік жұмыстар бойынша департаментпен келісілді

хаттама №____ «_____» _______________20___ж.

Жетекші ______________________________ Курмангалиева С.С.

м.ғ.к., доцент

             

 

Оқу-әдістемелік кеңес отырысында келісілді

хаттама №____ «_____» _______________20___ж.

Төраға _________________________________ Абилов Т.С.

м.ғ.к.,             


Мазмұны:

1. Кіріспе:Қоғамдық денсаулық сақтауды ұйымдастырушылардың дайындық деңгейіне қойылатын мемлекеттік талаптарды жүзеге асыруға арналған және оқу жұмыс бағдарламаларын құрастыруға негіз болып табылады.

2.Өндірістік тәжірибенің мақсаты: қоғамдық денсаулық сақтауды ұйымдастыруда, мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалауды жүргізуде “қоғамдық денсаулық сақтау” пәндерін өтуде меңгерілетін теориялық білімдерді тереңдету, нығайту және тәжірибелік машықтарды игеру; мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауды жүргізуде «еңбек гигиенасы» пәнінен өтуде меңгерілген теориялық білімдерді тереңдету, нығайту және тәжірибелік машықтарды игеру; мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалауды жүргізуде «эпидемиология» пәнінен өтуде меңгерілген теориялық білімдерді тереңдету, нығайту және тәжірибелік машықтарды игеру; мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауды жүргізуде «балалар мен жасөспірімдер гигиенасы» пәнін өтуде меңгерілген теориялық білімдерді тереңдету,нығайту және тәжірибелік машықтарды игеру; мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауды жүргізуде «тағам гигиенасы» пәнін өтуде меңгерілген теориялық білімдерді тереңдету, нығайту және тәжірибелік машықтарды игеру; мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауды жүргізуде «коммуналдық гигиенасы» пәнін өтуде меңгерілген теориялық білімдерді тереңдету,нығайту және тәжірибелік машықтарды игеру.

 

3.Өндірістік тәжірибенің шаралары:

- денсаулық сақтау жүйелеріндегі емдеу-профилактикалық ұжымдардағы негізгі медициналық құжаттармен,бұйрықтар мен нұсқаулармен, статистикалық есепке алу және есеп беру құжаттармен жұмыс істеуге үйрету;

- балалар мен ересектердің денсаулық жағдайының негізгі денсаулық көрсеткіштерін есепке алуды және қажетті статистикалық мәліметтерді талдауға үйрету;

- берілген статистикалық көрсеткіштерге сүйене отырып, әлеуметтік, табиғи-геофизикалық, өндірістік, экономикалық және т.б факторларды ескере отырып, қоғамдық  денсаулықты бағалау мен талдау жасауға үйрету;

- денсаулық сақтау жүйесін ұйымдастыру және басқару негіздері мен принциптері бойынша, мысал ретінде қала, аудан және ауыл тұрғындарының денсаулықтарын оқу.Әйелдер мен балаларға, кәсіпорын жұмысшыларына медициналық көмек көрсетуді ұйымдастырудың негізгі ерекшеліктерін оқу;

- салауатты өмір салтын ұйымдастыру және насихаттау принциптерін іске асыруды үйрету. бакалаврларды ақпарат беру ойындарында, теледидарда, денсаулық сақтау мекемелерінің құрылымдық бөлімшелерінде, білім беру және тәжірибе беру мекемелерінде немесе тұрғындардың әртүрлі топтарының арасында жүргізілген, жұмыстарға арнайы қатыстыруды қамтамасыз ету;

- денсаулық сақтау менеджерінің негізгі тәжірибелеріне дағдыландыру;

- денсаулық сақтау маркетологының негізгі тәжірибелеріне дағдыландыру;

- емдеу-профилактикалық мекемелерінде басқару шешімдерін қабылдауды үйрету;

- денсаулық сақтау мекемелрінде қаржылық құжаттармен жұмыс істеуді үйрету;

- мемлекеттің экономикалық саясатын ескере отырып, денсаулық сақтау мекемелерінің экономикалық жағдайын реттейтін негізгі әдістер мен реттеу құрал-жабдықтарына үйрету;

- Бірыңғай Ұлттық Денсаулық сақтау жүйесінің элементтері мен принциптерін аймақтық денсаулық сақтау жүйелеріне қалыптастыра отырып, қолдануды үйрету;

- студенттерді тұрғындардың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығын ұйымдастыру және қамтамасыздандыруына үйрету;

- қолайсыз өндірістік факторларға байланысты тұрғындар аурушандығының алдын алу шараларын, мемлекеттік санитарлық қадағалауды жүзеге асыруына үйрету;

-өндірістік орта жағдайына байланысты еңбек етуші тұрғындардың денсаулығын зерделеуге, бағалауға және болжауға үйрету;

- еңбек етуші тұрғындарының денсаулығын сақтау және өндірісті қалпына келтіру мақсатымен санитарлық-гигиеналық, санитарлық-техникалық санитарлық-эпидемиологиялық және медициналық-алдын-алу шараларын жобалау, ұйымдастыруын және орындауын үйрету;

- жұқпалы, паразитарлық және әлеуметтік маңыздылығы бар ауруларға эпидемиологиялық қадағалауды жүзеге асыру;

-жұқпалы аурулар ошақтарында алдын алу және эпидемияға қарсы шараларды ұйымдастыру және жоспарлау;

-дезинфекциялық, дезинсекциялық және дератизациялық шараларды ұйымдастыру;

-қолайсыз экологиялық факторларға байланысты халықтың көзқарастарын болдырмау мақсатында мемлекеттік санитариялық қадағалауды жүргізу;

-табиғи және антропогендік орта жағдайына байланысты халықтың денсаулық жағдайын зерттеу, бағалау және болжау;

-халықтың және халықтың денсаулығын сақтау мақсатында санитарлық-гигиеналық, санитарлық-техникалық, санитарлық-эпидемиологиялық және медициналық-профилактикалық іс-шараларды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізу;

- бақылау нысандарда санитариялық-эпидемиологиялық тексеру жүргізу үшін тағам гигиенасы, балалар мен жасөспірімдер гигиенасы маманы жұмысында білімді, біліктілікті жəне дағдыларды практикада жетілдіру;

-мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау департаментінің (МСЭҚД) , тағам гигиенасы, балалар мен жасөспірімдер гигиенасы бөлімшелерінде есепке алу-есеп беру құжаттарын

ресімдеуді жетілдіру;                                                      

- клиенттерге кеңес беру жəне мамандармен тұлғааралық қарым-қатынас машықтарын жетілдіру.

-халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттығын ұйымдастыру және қамтамасыз ету; 

-қоршаған орта факторларының жағымсыз әсерлерімен байланысты тұрғындардың -сырқаттанушылығын алдын алу мақсатымен мемлекеттік санитарлық қадағалауды жүргізу; 

тіршіліктің табиғи және антрапогендік ортасының жағдайымен байланыс-ты тұрғындардың денсаулық жай-күйін зерделеу, баға беру және болжамдау; 

-тұрғындардың денсаулығын қорғау және адамның тіршілік ортасын сауықтыру мақсатымен санитарлық-гигиеналық, санитарлық-техникалық, санитарлық-эпидемиологиялық және медициналық-профилактикалық шараларды жоспарлау, ұйымдастыру және жүргізу.  

 

4. Практиканы өткеннен кейінгі соңғы нәтижелер Дублин дескрипторлары негізінде анықталады:

А. Білу және түсіну: қоғамдық денсаулық сақтаудың пәні және міндеттері, медициналық статистиканың, медициналық көмек түрлерін көрсетуді ұйымдастыру негіздері туралы білім негіздерін қалыптастыру;

- аналитикалық зерттеу әдісін қалыптастыру;

- медициналық және биологиялық мәліметтерді өңдеуге арналған негізгі статистикалық әдістерді білу; медициналық және биологиялық зерттеулерде биостатистиканың мақсаты мен міндетін қоя білу; медициналық берілгендерді статистикалық талдау нәтижелерін түсіндіре білу;

- ауруларды басқару бағдарламасының принциптері, ҚР- ғы скринингтік бағдарламалар туралы түсінік.

В. Білім мен түсінікті қолдану: әлеуметтік-экономикалық жағдайларға байланысты халықтың денсаулық жағдайының көрсеткіштерін бағалауды және есептеу әдістерін қолдануды; халық денсаулығын нығайтуға және қолайсыз факторлар әсерін жоюға ұсыныстар жасауды;

- инфекциялық аурулар ошағында профилактикалық және эпидемияға қарсы шараларды өткізу.

С. Ойлау қабілетін қалыптастыру: себеп-салдарлық байланыс негізін анықтауды, халық денсаулығына тигізетін факторлар әсерінің дәрежесі мен бағытын анықтауды;

статистикалық көрсеткіштерді есептеу нәтижесі бойынша қорытынды шығару және түсіндіру;

- әлеуметтік маңызды мәселелер мен процестерді талдауға тиісті.

D. Коммуникативті қабілеттіліктер: тұрғындар арасында санитарлық ағарту жұмысты жүргізу және салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағыттауды;

- статистикалықзерттеу нәтижесін кесте, график, презентация түрінде аудиторияға түсінікті тілде ұсыну;

- пән аралық командада жұмыс жасай білуі;

- жеке зерттеулерін немесе мамандар және кәсіби емес аудитория мен пациенттер үшін әдебиетті іздестіру нәтежелерін ұсына білуі.

Е. Оқыту дағдылары және оқуға деген қабілеті: кәсіби міндеттерді орындау үшін ғылыми, оқулық, бекітілген қалыпты және анықтамалық әдебиетті қолдануды; персоналды басқару сұрақтарында білікті болу.

- пәннің мәселелері бойынша ақпарат беру және ұйымдастыруға қабілетті болу;

- бақыланатын обьектілердің әріптестері мен қызметкерлері арасында қарым – қатынас жасауда тиімді тәсілдерді қолдана білу;

- вербальді және вербальді емес коммуникацияның құралдарын тиімді пайдалана алу дағдысын игеру.

АҚТҚҚ облысындағы нормативті-құқықтық құжаттармен( ҚР ДСМ бұйрықтары, АҚТҚҚ, СанЕжН) әдістемелік ұсыныстармен жұмысы т.б.

Жекелеген нозологиялық формалар және жұмыскерлердін аурушандық динамикасының классы бойынша, құрылыстарын, деңгеіне оперативті бағалауды жүргізу.

Өндірістік желдетудің санитариялық-эпидемиологиялық сараптамасын жүргізу.

Өндірістік жарықтандырудың санитариялық-эпидемиологиялық сараптамасын жүргізу.

Ауадағы шаңның құрамын анықтау.

Санитарлық сұрақтар бойынша жоғарғы инстанцияларға шешім жобасын құрастыру немесе мекеме басшылығына ұйғарым жазу.

Санитарлық бюллетень толтыру.

Тұрғындардың хатымен істеу.

Жұқпалы, паразитарлық және әлеуметтік маңыздылығы бар ауруларға эпидемиологиялық қадағалауды жүзеге асыру;

Жұқпалы аурулар ошақтарында алдын алу және эпидемияға қарсы шараларды ұйымдастыру және жоспарлау;

Дезинфекциялық, дезинсекциялық және дератизациялық шараларды ұйымдастыру.

Тағам обьектілерінде азық-түліктерді сақтау орнында санитариялық-эпидемиологиялық сараптау өткізу.

Зертханалық зерттеу үшін сынамаларды алуымен азық-түліктерге санитариялық-эпидемиологиялық сараптау өткізу.

Ет жəне шұжық өнімдеріне санитариялық-эпидемиологиялық сараптау өткізу.

 Сүтке санитариялық-эпидемиологиялық сараптау өткізу.

Ұнға санитариялық-эпидемиологиялық сараптау өткізу.

Нанға санитариялық-эпидемиологиялық сараптау өткізу.

Обьектінің санитариялық-эпидемиологиялық тексеру актісін құрастыру.

?оғамдық тамақтандыру кəсіпорындарын санитариялық-эпидемиологиялық тексеру.

Азық-түлік дүкенді санитариялық-эпидемиологиялық тексеру.

 Базарды санитариялық-эпидемиологиялық тексеру.

Тамақ өнеркəсібі кəсіпорындарың санитариялық-эпидемиологиялық тексеру.

Компьютерлік технологиялар қолдана отырып есепке алу-есеп беру құжаттарды толтыру. Тағамдық уланулар, жедел ішек инфекциялар жəне алиментарлы аурулардың алдын алу шараларын жүргізу.

Тағам гигиенасы саласында мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау жүргізу.

Санитариялық-эпидемиологиялық тексеру актісін құрастыру.

Алынған олқылықтарға арнайы құжаттама толтыру жəне оның орындалуын бақылау.

Саламатты өмір салты туралы сұхбаттасу (ата-аналар, жастармен бірге мектеп аудиторияларында).

 Мектепке дейінгі мекемелерге, бөбек бақшаларына санитариялық-эпидемиологиялық зерттеу жүргізу.

Мектеп-интернат немесе жалпы білім беретін мектептерге санитариялық-эпидемиологиялық зерттеулер жүргізу.

 Жалпы білім беретін мектептерде (мектеп ішілік сауықтандыру лагерлерінде) жазғы сауықтандыру жұмыстарын санитариялық-эпидемиологиялық бағалау.

Балалардың керек жарақтарын, жи?аздарды шығаратын мектептен тыс мекемелерге жəне кəсіпорындарға санитариялық-эпидемиологиялық зерттеу жүргізу.

 Бастауыш сынаптарда мектеп жи?аздарына жəне оқушылардың дұрыс отырғызылуына санитариялық-эпидемиологиялық баға беруді жүргізу.

Мектепке дейінгі мекемелерде балалар жи?аздарына санитариялық-эпидемиологиялық бағалау жүргізу.

 Мектептің (мектеп-интернат) оқу бөлмелерінің табиғи жəне жасанды жарықтануына санитариялық-эпидемиологиялық баға беруді жүргізу.

 Мектептерде оқу процестерінің ұйымдастыруын санитариялық-эпидемиологиялық бағалау.

 Жалпы білім беретін мектептерде дене шынықтыру сабақтарын жүргізілуін жəне ұйымдастырылуын санитариялық-эпидемиологиялық бағалау.

Санитарлық жағдайын бағалау үшін қоршаған ортаның әртүрлі салаларынан сынамаларды алудың жаңа құралдары мен аппараттарымен жұмыс істеуді игеру; 

Санитарлық қадағалаудың әр түрлерінде бақылаушы нысандарда аспаптық өлшеулерді жүргізу; 

Коммуналды гигиена нысандарына ескертпелі және ағымды санитариялық қадағалауды жүргізуде актілерді және хаттамаларды жазу; 

Су арқылы таралатын инфекциялық ауруларды алдын алу жөнінде санитариялық бюллетеньдерді шығару;  

Халықтың шағымдарымен жұмыс істеу; 

 Жоғарғы органдармен хат алмасу тәртібін игеру.  

5. Практиканың пререквизиттері: жалпы гигиена және экология, биостатистика, қоғамдық денсаулық сақтау, коммуникативтік дағдылар.

6. Практиканың постреквизиттері:мамандық бойынша магистратура, еңбек қызметі.

7. Практиканың мазмұны:

Қоғамдық денсаулықты сақтауды ұйымдастыру маманы ретінде.Қоғамдық денсаулықты сақтау мамандығы бойынша тәжерибелік дағды бағдарламасының құрылымы. Денсаулық сақтауды ұйымдастырушы бакалаврдың жұмыс құрылымы.

Аймақтағы денсаулық сақтауды басқару жұмысын ұйымдастыру.Жұмыстың формасы, әдістері, құрылымы, міндеттері. Басты мамандардың міндеттері, олардың жұмыстарының түрлері мен құрылымы. Ұйымдастыру - басқару және нормативтік база. Техникалық қамтамасыздық. Басқару иерархиясы.

Емханалардың жұмысын ұйымдастыру. Жұмыстың формасы, әдістері, құрылымы, міндеттері. Басты мамандардың міндеттері, олардың жұмыстарының түрлері мен құрылымы. Нормативтік және негізгі тіркеу - есеп беру құжаттары. Жұмыстың сапасын бағалау көрсеткіштері.

Стационар жұмысын ұйымдастыру.Жұмыстың формасы, әдістері, құрылымы, міндеттері. Мамандардың міндеттері, олардың жұмыстарының түрлері мен құрылымы. Стандарттар және негізгі тіркеу - есеп беру құжаттары. Мекеме және маман жұмыстарының сапасын және санын бағалау көрсеткіштері. Біріңғай Ұлттық  денсаулық сақтау жүйесі.       

Диспансерлік мекемелердің жұмысын ұйымдастыру.Жұмыстың формасы, әдістері, құрылымы, міндеттері. Мамандардың міндеттері, олардың жұмыстарының түрлері мен құрылымы. Стандарттар және негізгі тіркеу - есеп беру құжаттары. Мекеме және маман жұмыстарының сапасын және санын бағалау көрсеткіштері.

Ауыл тұрғындарына медициналық көмекті ұйымдастыру.Жұмыстың формасы, әдістері, құрылымы, міндеттері. Мамандардың міндеттері, олардың жұмыстарының түрлері мен құрылымы. Стандарттар және негізгі тіркеу - есеп беру құжаттары. Мекеме және маман жұмыстарының сапасын және санын бағалау көрсеткіштері.

Әйелдер мен балаларға медициналық көмекті ұйымдастыру. Ана мен баланы қорғау.

Жұмыстың формасы, әдістері, құрылымы, міндеттері. Мамандардың міндеттері, олардың жұмыстарының түрлері мен құрылымы. Стандарттар және негізгі тіркеу - есеп беру құжаттары. Мекеме және маман жұмыстарының сапасын және санын бағалау көрсеткіштері.

Ұйымдастыру- әдістемелік жұмыстар. Айлық, кварталдық, жылдық жоспар және ЕПМ жұмысы жөнінде есеп беру материалдарын дайындау және құру. Тұрғындарға стационаралмастыру  көмекті ұйымдастыруды қарастыру. Медициналык- статистикалық құжаттарды реттеу. Ғылыми-тәжерібелік жұмыстарды орындау. Денсаулықты жақсарту жұмыстарының нәтижесін бағалау.

Санитарлық-ағарту жұмыстары.Салауатты өмір салтын ұйымдастыру және насихаттау принциптерін іске асыру. Бакалаврларды ақпарат беру ойындарында, телевидениеде, денсаулық сақтау мекемелерінің құрылымдық бөлімшелерінде, білім беру және тәрбие беру мекемелерінде немесе тұрғындардың әртүрлі топтарында жүргізілген жұмыстарға қатыстыру.

Денсаулық сақтау мекемелеріндегі маркетинг және менеджмент.Медициналық мекемелердегі менеджмент жүйесін оқу. Басқару функциялары. Стратегиялық жоспарлау, болжамдау. Мотивация мәселелері. Мекеменің құрылымы. Бақылау функциясы.

Ескертпелі санитарлық қадағалауды жүзеге асыру.

Өндірістік объектіге жер учаскесін бөлу туралы санитарлық қорытындыны толтыру. Өндірістік объектілерді жобалауға санитариялық тапсырыс құрастыру.

Ағымды санитарлық қадағалауды жүзеге асыру.

Жұмыс істейтін өндірістік өнеркәсіптерді санитариялық жағдайын бақылау.Объектінің санитарлық жағдайы бойынша, қолайсыз өндірістік факторларды болдырмауға және жиілігін төмендеуге бағытталған шаралардың орындалуын бақылау. Жұмысшылардың аурушаңдығы, санитариялық-тұрмыстық қызмет көрсету, санитариялық-техникалық шаралардың (еңбек процессінің кезеңділігін толығымен жазу) гигиеналық нәтижелігін, еңбек жағдайын детальды зерделеу. Жұмысшылардың еңбек жағдайын, сырқаттанушылығын санитариялық-тұрмыстық қамтылуын, санитариялық-техникалық шаралардың гигиеналық тиімділігін (толық, жұмыс процессін ретімен суреттеу; қолданылатын материалдар мен жабдықтардың сипаттамасы, жұмыстың санитарлық маңызды элементтері бар кезеңдеріне хронометраж жасау) зерттеу, жұмыс күнінің тәртібі (түскі үзіліске дейінгі жұмыс ұзақтығы, жұмыс процессінде қысқа үзілістердің болуы, сүреттелетін кәсіптегі жұмысшыларға әсер ететін өндірістік зияндылықтар). Өндірістік жарақаттанудың алдын-алу шараларын өткізу.

Ұйымдастырушылық-әдістемелік жұмыс.

Санитариялық сауықтыру шараларының кешенді жоспарын құрастыру материалдарын дайындау; бақылау объектілерінің санитариялық жағдайын жақсарту бойынша ұсыныстарды дайындауы; еңбек гигиенасы бөлімі бойынша жылдық, кварталдық айлық жұмыс жоспарын және есебін құрастыруды. Медициналық-санитариялық құжаттарды толтыруды. Ғылыми практикалық жұмыстарды орындау. Өткізілетін сауықтыру шараларының нәтижелегін бағалау.

Санитарлық ағарту жұмысы.

Өндірістік жарақаттанудың алдын-алу шараларын өткізу.

Эпидемияға қарсы жұмыс.Эпидемиологиялық қадағалау бөлімі жұмысының ұйымдастырылуы мен құрылымы.Эпидемиолог маманның қызметтік міндеттері. Эпидемияға қарсы жұмысты басқару және жоспарлау. Ошақтарда алғашқы эпидемияға қарсы шараларды ұйымдастыру..

Жұқпалы және паразитарлық аурулар ошақтарын эпидемиологиялық тексеру. Эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің тіркеу-есеп беру құжаттарын талдау. Лабораторлық зерттеулерге қоршаған орта нысандарынан сынамаларды (жұғындарды) алуды ұйымдастыру. Эпидемиялық ошақтың шоғырлануы (жойылуы) туралы жоспарлар құру. Тексеру актілерін, қорытындыларын, нұсқамаларын, хаттамаларын дайындау.

Дезинфекциялық іс.Дезинфекциялық қызметті ұйымдастыру. Инфекцияның эпидемиологиялық ерекшеліктеріне байланысты дезинфекциялық, дезинсекциялық және дератизациялық шараларды жоспарлау. Алдын алу және ошақтық дезинфекцияны ұйымдастыру. Стерилизацияның, камералық дезинфекцияның тиімділігі мен сапасын бақылау. Дезинфекциялық, дезинсекциялық және дератизациялық жұмыстардың сапалық көрсеткіштерін талдау. Емдеу-профилактикалық, балалар және басқа да мекемелердегі санитарлық-эпидемияға қарсы тәртіптің орындалуын бақылау.

Егу ісі.Егу ісін ұйымдастыру. Алдын ала егуді ұйымдастыру және олардың дәрігер учаскесінде орындалуын бақылау. Вакциналардың тасымалдануына, сақталуына және айналымына бақылау. Егу препараттарын есептеу. Егілуге жататын контингенттерді таңдау және есепке алу, Ұлттық профилактикалық егу күнтізбесіне, іс-әрекеттегі нұсқауларға сәйкес егулерді жоспарлау. Егуден кейінгі асқынуларды тексеру тәртібі. Тіркеу- есеп беру құжаттарын дайындау.

Иммунопрофилактиканың тиімділік сапасын бағалау. Дәрігер учаскесінде, мектепке дейінгі балалар мекемесінде және мектептерде егу жұмысын тексеру актісін құру.

Эпидемиологиялық қадағалау. Эпидемиологиялық диагностика

Жұқпалы урулардың әр түрлі нозологиялық формаларында эпидемиологиялық қадағалауды ұйымдастыру. Эпидемиологтың ақпараттық базасы. Тіркеу-есеп беру құжаттары. Жұқпалы сырқаттанушылықты эпидемиологиялық талдау. Қажетті арнайы лабораторлық және аспаптық зерттеу (микробиологиялық, вирусологиялық, паразитологиялық және т.б.) әдістерін анықтау. Оперативті және ретроспективті эпидемиологиялық талдау әдістемесі.

Тағам гигиенасы саласында мелекеттік санитарлық қадағалау

Тағам гигиенасы бөлімі бойынша МСЭҚБ құрылымы. Тағам гигиенасы бөлімі бойынша МСЭҚБ мекемелері мен органдарының міндеттері. Тағам гигиенасы бөліміндегі МСЭҚБ лауазымды қызметкерлерінің міндеттері мен құқықтары. Жұмысты жоспарлау. Азық-түлік сапасы жөніндегі инспекиясымен, ветеринарлық қызметпен, полициямен, прокуратурамен, жергілікті басқару органдарымен қарым-қатынасы. ҚР санитарлық заңы. ҚР қылмыстық кодексі заңы бойынша санитарлық – гигиеналық нормалар мен ережелердің бұзылуын жіктеу.

Тамақтық азық-түліктерді санитарлық-эпидемиологиялық сараптау

Азық-түліктерді гигиеналық сараптау бойынша заңды материалдар мен нормативтік құжаттар. Гигиеналық сараптаудың негізгі міндеттері. Сапа жөніндегі инспекияның және ветеринарлық қызметтің азық-түлікті сараптау жөніндегі өзара функияларын ажырату. Зертханалық зерттеулерге үлгілер алу. Зертханада үлгілерді сақтау, зерттеу мерзімі мен тәртібі. Үлгілерді тексеру әдістері және зертханалық зерттеу нәтижесін жазу. Гигиеналық сараптау нәтижесі бойынша қорытынды жазу. Жарамсыз (бракталған) өнімдерді жою тәртібі.

Тағам гигиенасы бөлімі бойынша санитарлық сараптау орталығының (ССО) жұмысын ұйымдастыру.Зертхананың құрылымы. Жұмыс жоспары және маз-мұны. Ведомствалық зертханалармен жұмысты үйлестіру. Анализдерді қабыл-дау және өткізу тәртібі. Технологиялық проесті зертханалық бақылау (бастап-қы шикізатты, жартылай фабрикаттарды, дан өнімдерді, сынамаларды т.б. зерттеу). Халықтың тамақтануын зертханалық бақылау. Қойма желісінде сақта-латын немесе сауда желісінде сатылатын азық-түліктердің сапасын зертхана-лық бақылау. Бақылауға алынған тамақ обьектілерінің қызметкерлерін гель-минтоздарға және бактерия тасымалдаушылыққа тексеру. Тамақ обьектілері жұмысшыларының еңбек жағдайын бақылау. Зертханалық зерттеу әдістері. Зерттеу хаттамаларын бездендіру. Зертхананың есепке алу-есеп беру құжаттары.

Тағам гигиенасы саласында жүргізілетің ескерпелі санитарлық қадағалау, сауда, қоғамдық тамақтандыру және тамақ өнеркәсіп кәсіпорындарының жабдықталуына қойылатын талаптар.

Ескертпелі санитарлық қадағалау.Ескертпелі санитарлық қадағалауды жүргізу бойынша МСЭҚБ жұмыс көлемі және жалпы бағыттары. Ескерпелі санитарлық қадағалау бойынша нормативтік-заңды материалдар.

Тамақ өнеркәсіп кәсіпорындарына, қоғамдық тамақтандыру және сауда кәсіпорындарына жүргізілетің ескертпелі санитарлық қадағалау. Тамақ кәсіпорындарына ескертпелі санитарлық қадағалау жүргізудегі МСЭҚБ жұмыс көлемі мен негізгі бағыттары. Ескертпелі санитарлық қадағалаудың кезеңдері. Тамақ кәсіпорындарында ескертпелі санитарлық қадағалау жүргізу кезінде қолданылатын нормативтік құжаттар. Тамақ кәсіпорындары жобаларына келісім беру кезінде МСЭҚБ ұсынылатын материалдар, жобаның құрамдық бөліктері. Тамақ объектілеріне ескертпелі санитарлық қадағалауды жүргізу кезіндегі әкімшілік-құқықтық акт формалары

Балалар мен жасөспірімдер гигиенасы бойынша мемлекеттік қадағалау

Балалар мен жасөспірімдер гигиенасы бөлімі бойынша МСЭҚБ құрылымы. Балалар мен жасөспірімдер гигиенасы бөлімі бойынша МСЭҚБ мекемесі органдарының міндеттері. Жұмыстың жоспарлануы (жылға, кварталға, жыл мезгіліне байланысты айға). Прокуратура мен жергілікті жетекші органдармен қарым –қатынас. ҚР санитарлық заңдылықтары. ҚР қылмыстық кодекс заңы бойынша санитарлық-гигиеналық нормалар мен ережелерді бұзудың жіктелуі.

Балалар мен жасөспірімдер гигиенасы бойынша нысандарды және балалардың керек жарақтарын санитарлық-гигиеналық қадағалау

Балалар мен жасөспірімдер мекемелерінің санитарлық-гигиеналық жағдайы, балалардың керек-жарақтарын санитарлық-гигиеналық сараптаудың сұрақтары жөніндегі нормативті құжаттар және заңдылық материалдары.

Зертханалық зерттеулеге сынама алу. Зертханаларда сынамаларды сақтау және зерттеудің мерзімі, реті. Сынамаларды зертханалық зерттеудің қорытындысын жазу. Гигиеналық сараптауға қорытынды беру.

Жұмыстың мазмұны мен жоспарлануы. Ұйымдастырылған балалар мен жасөспірімдер ұжымдарында жұмыс атқарушыларды медициналық тексерудің реті. Балалар мен жасөспірімдер гигиенасындағы зертханалық зерттеу әдістері. Зерттеу кезінде хаттамаларды толтыру.

Балалар мен жасөспірімдер гигиенасындағы ескертпелі санитарлық қадағалау. Балалар мен жасөспірімдер мекемелерінің құрылымы мен жабдықталуына қойылатын талаптар

Ескертпелі санитарлық қадағалау.Ескертпелі санитарлық қадағалау жүргізу кезінде МСЭҚБ жұмысының көлемі және жалпы бағыттары. Ескертпелі санитарлық қадағалау бойынша нормативті-заңдылық материалдары. Ескертпелі санитарлық қадағалаудың этаптары. Балалар мен жасөспірімдер мекемелерінде ескертпелі санитарлық қадағалауды жүргізуде қолданылатын нормативті материалдар. Жобаның құрам бөлігіне және жобаға келесім бергенде МСЭҚБ ұсынылатын материалдар. Ескертпелі санитарлық қадағалауды жүргізгенде әкімшілік-құқықтық актінің формасы.

Коммуналды гигиена бөлімшесі жұмысының мазмұны 

Коммуналды гигиена бөлімшесінің құрылымы және жұмысын ұйымдастыруы.Санитарлық-техникалық құжаттары, аспаптық-техникалық жабдықтары. Пәннің келесі тараулары бойынша коммуналдық гигиенасы бөлімдегі маманның қызметтік міндеттері және жұмысының сипаты.      

Су және елді мекендерді сумен қамтамасыздандыру гигиенасы 

Суды тазалау қондырғыларын, су құбыры желісін санитарлық тексеру. Орталықтанған және орталықтанбаған сумен қамтамасыздандыру жүйелеріндегі судың сапасына зертханалық бақылау. Судың түріне, зерттеу мақсатына және анықталатын көрсеткіштерінің тізіміне байланысты судың сынамаларын алу және консервациялау ерекшеліктері. Жергілікті және орталықтанған сумен қамтамасыздандыру көздерінен судың сынамаларын жеткізу. Жолдама құжаттарын толтыру. Суды зерттеу схемасын анықтау    (толық, қысқартылған). Тазалаудың және залалсыздандырудың әрбір сатыларында ауыз суды зерттеу және оның нәтижелерін талдау. Ауыз судың сапасын жақсарту бойынша шараларды құрастыру.

 Су қоймаларын санитариялық қорғау.Су қоймаларын ластаушы көздерді топографиялық тексеру. Сумен қамтамасыздандырушы көздері болып табылатын ашық су қоймаларынан судың сынамаларын алу және жеткізу зертханалық зерттеу және нәтижелерін бағалау. Іркінді суды және олардың шөгінділерін тазалау, жете тазалау және зиянсыздандыру қондырғыларын санитарлық тексеру. Шаруашылық-тұрмыстық іркінді суларды тазалаудың әрбір сатыларында іркінді судың сынамаларын алу жолымен олардың жұмысының тиімділігіне баға беру. Іркінді суларды зертханалық зерттеу және нәтижелерін бағалау. Іркінді суларды тазалау қондырғыларының жұмысын жақсарту бойынша ұсыныстарды дайындау. 

Атмосфера ауасының гигиенасы.Атмосфера ауасының ластануын бақылаушы стационарлық және жылжымалы посттарының жұмысымен танысу. Стационарлық посттардың мәліметтері бойынша атмосфера ауасының ластану дәрежесін бағалау әдістемесі. Стационарлық бақылау посты орналасқан орнын бейнелеу. Атмосфера ауасын ластаушы көздері ретінде өнеркәсіптік кәсіпорындарды санитариялық тексеру. Атмосфера ауасын санитарлық қорғау шаралары. Санитарлық-қорғау аймағын ұйымдастыру.    

7.1. Кәсіби практиканы өту уақытындағы жұмыс түрлері. 

- ҚР тұрғындарының денсаулығын қорғау заңын медицина мекемесі қызметкерлерінің жұмыстарында қолдану;

- тұрғындардың денсаулығын бағалау көрсеткіштерін есептеу;

- емдеу-профилактикалық мекемелердің ұйымдастыру-экономикалық аспектілерін оқу;

- денсаулық сақтау мекемелерінде маркетинг және менеджмент әдістемелерін қолдану;

- тұрғындар арасында жұқпалы және жұқпалы емес ауарулардың пайда болу себебін, қауіп факторларын және таралуын зерттеу және олардың профилактикасын жүргізу;

- дәрігерлік конференцияларға қатысу;

-қызметкерлердің сынып бойынша жекелеген нозологиялық нысандар деңгейінің деңгейін, құрылымын және динамикасын жедел бағалауды жүргізу;

-аурудың негізгі көрсеткіштерін есептеу;

-өндірістік желдетудің санитарлық-эпидемиологиялық сараптамасын қарау;

-өндірістік желдету құрылғысының қорытындысын қарау;

-өндірістік жарықтандырудың санитарлық-эпидемиологиялық сараптамасын қарау;

-ауадағы шаңның мөлшерін анықтау;

-өндірістік үй-жайларда микроклимат көрсеткіштерін анықтау: температура, салыстырмалы ылғалдылық, қозғалыс жылдамдығы және сәулелену деңгейін есептеу;

- жұқпалы аурулар ошақтарын эпидемиологиялық тексеруді жүргізу;

- лабораторлық зерттеулерге қоршаған орта нысандарынан сынамаларды (жұғындарды) алуды ұйымдастыру;

- эпидемиялық ошақты шоғырландыруға (жоюға) бағытталған шараларды жоспарлау;

- санитарлық жағдайын бағалау үшін қоршаған ортаның әртүрлі салаларынан сынамаларды алудың жаңа құралдары мен аппараттарымен жұмыс істеуді игеру; 

-санитарлық қадағалаудың әр түрлерінде бақылаушы нысандарда аспаптық өлшеулерді жүргізу;  

-тамақтық азық-түліктердің гигиеналық сараптауын жүзеге асыру;

-есепке алу – есеп беру құжаттарын толтыру; 

-су арқылы таралатын инфекциялық ауруларды алдын алу жөнінде санитариялық бюллетеньдерді шығару;  

-халықтың шағымдарымен жұмыс істеу; 

 - жоғарғы органдармен хат алмасу тәртібін игеру;

 

7.2. Кәсіби практиканың күн тәртібі қоғамдық денсаулықты сақтауды ұйымдастыру маманы ретінде

Жұмыс түрлері Уақыты
1 Дәрігерлік конференцияларға қатысу. Құжаттармен жұмыс- медициналык мекемелердегі бұйрық және нұсқаулар, есепке алу және есеп беру құжаттары. Денсаулық қорғауды ұйымдастырушылардың біреуінің жұмыс орнына қатысу және әртүрлі жұмыс көлемдеріне уақыт жұмсауы мониторингін бақылау. Гигиена бөлімі құрылымы мен жұмысын ұйымдастыру. Өндірістік жайлардағы діріл деңгейін анықтау. Өндірістік жайлардағы шу деңгейін анықтау. Нормативті-құқықтық құжаттармен жұмыс. Эпидемиялық ошақты тексеруді жүргізуге қажетті негізгі мәліметтерді бағалау және жинау (жедел хабарлама, жұқпалы ауруларды тіркеу журналы, амбулаторлық карталар, ауру тарихы, лабораторлық зеттеулер мәліметтері және т.б.). Қосымша мәліметтерді бағалау (санитарлық- гигиеналық, бактериологиялық зерттеулердің, ветеринарлық лабораториялардың мәліметтері және т.б.). Тамақ обьектілерінде азық-түліктерді сақтау орындарында гигиеналық сараптаманы жүргізу. Азық-түлік өндірісінің технологиясының сапасына, азық-түлікті сақтау мен сатылуына қойылатын талаптары бойынша нормативтік-техникалық құжаттармен, тамақтық қоспалардың қолдануына берліген рұқсаттармен, тараға, ораушы материалдарға қойылатын талаптармен танысу. МСЭҚБ қызметкерінің күәлігін көрсету, келу мақсатың түсіндіру. Салауатты өмір салты туралы әңгіме жүргізу (ата-аналар, жастармен бірге мектеп аудиторияларында) Жергілікті жағдайды ескере отырып, санитарлық-ағарту жұмыстары үшін өзекті тақырыптарды таңдау. Тыңдаушыларға аудиторияны таңдау. Орталықтанған, орталықтанбаған сумен қамтамасыздандыру көздерінен және ашық су қоймаларынан органолептикалық және химиялық зерттеулер үшін судың сынамаларын алу. Нормативті құжатты біледі және судың сынамаларын осы құжаттың талаптарына сәйкесті алады: судың сынамасын алу үшін химиялық таза ыдысты алып, дистилденген сумен шаяды, содан кейін тағы сынаманы алатын сумен екі рет толық анализ үшін судың сынамасын сиымдылығы 5 дм³ батометрге немесе бутыль ыдысына алады, қысқа анализ үшін сиымдылығы 2 дм3 ыдысқа алады. 09.00-10.30
2 Денсаулық қорғауды ұйымдастырушылардың біреуінің жұмыс орнына қатысу және әртүрлі жұмыс көлемдеріне уақыт жұмсауы мониторингін бақылау. Денсаулық сақтау жүйесінің жұмысы мен денсаулық жағдайды туралы мәлеметтерінің көшірмесін алу (белгілі бір медициналық мекемеде жұмыс, мысалы, емхана, стационарлық, диспансер және т.б) және оларды өндеу. Өндірістік жайлардың ауасын зерделеуге сынама дайындау Физико-химиялық зерттеулерді жүргізу. Жүргізілген өлшеулер және әртүрлі өндірістік объект орталарынан сынама алудағы жолдама құжаттарын толтыру. Эпидемиялық ошақта, бақылаудағы нысандарға эпидемиялық көрсеткіштер бойынша немесе жоспарлы тексеру жүргізу. Эпидемиялық ошақтың шоғырлануына (жойылуына) бағытталған алдын алу және эпидемияға қарсы шараларды жоспарлау. Инфекция көзіне бағытталған шараларды жүргізу: оңашалау, лабораторлық тексеру, емдеу, диспансерлік қадағалау. Лабораториялық зерттеу үшін сынаманы алуымен азық-түліктердің гигиеналық сараптауын өткізу. Азық-түліктердің сынама алу ережелерімен, санитарлық-бактериологиялық обьектілерімен танысу Танысу, МСЭҚБ қызметкерінің күәлігін көрсету, келу мақсатың түсіндіру. Азық-түлік партиясына берілетің құжат-тармен танысу (тіркеме қағазы, сертификаттар және т.б.). Мектепке дейінгі мекемелерге, бөбек бақшаларына санитарлық-гигиеналық зерттеу жүргізу Мектепке дейінгі мекемелерде қолданылатын талаптармен және нормативті, заңды құжаттармен танысу. Балалар мен жасөспірімдер гигиенасы бөлімшесінің жетекші-сімен бірге нысандарға бару және бөбек бақшаларын тексеру. Тазалау қондырғыларының жұмысының тиімділігін анықтау үшін іркінді сулардың сынамаларын алу   Нормативті құжатты біледі және тексерілуші нысанда іркінді сулардың түзілу жағдайын анықтайды; егер нысанда іркінді судың түзілуі уақыт ішінде біркелкі болса, онда сынаманы әрбір сағат сайын 250-300 мл алады;  Тазалау қондырғыларының жұмысының тиімділігін анықтауда іркінді сулардың сынамаларын тазалау қондырғыларына түсер алдында және олардан кейін алады  10.30-12.30
3 Әртүрлі деңгейдегі ұйымдастырушы мамандардың жұмыс істеу әдістерін оқу, талдау және өңдеу. Барлық жұмыс көлемінен негізгі жұмыс түрлерін бөлу, басшылардың типтерін, мінезін және қол астындағы жұмысшылармен қарым-қатынасына көңіл бөлу. Денсаулық сақтау мекемелерінің қаражат және шаруашылық жөніндегі сұрақтарын оқу. Алынған мәліметтердің көрсеткіштерін СанЕжН-мен салыстыру Белгіленген уақытта өнеркәсіп бөлімінің жұмыс есебін және жоспарын құрастыру. Тұрғындар арасында гигиеналық біліктілігін арттыру бойынша шаралар жүргізу (дәрістер, семинарлар, сұхбаттасулар). Құжаттарды дайындау: жұқпалы аурулар ошақтарын эпидемиологиялық тексеру карталарын, тексеру актілерін, қорытындыларын толтыру, алдын алу және эпидемияға қарсы шаралар жоспарын құру. Арнайы профилактиканы ұйымдастыру және жүргізу Вакциналардың қолдану схемасын, көрсеткіштерін, мерзімін регламенттейтін нормативті құжаттарды біледі. Профилактикалық егулердің жеке жоспарын құру (вакцинация мерзімі, препараттың дозасы, енгізу тәсілі). Еттің гигиеналық сараптауын өткізу. Зерттелетің азық-түлік бойынша НТҚ танысу. Зерттеу үшін сынамаларды дайындау. Органолептикалық зерттеуді өткізу: сыртқы түрі мен түсін, консиситенциясын, иісін, дәмін анықтау. Мектеп-интернат немесе жалпы білім беретін мектептерге санитарлық-гигиеналық зерттеулер жүргізу. Жалпы білім беретін мектептерде, мектеп-интернаттарда қолданылатын гигиеналық талаптармен және нормативті құжаттармен танысу. Айып салу санкциясын шығару үшін қолданылатын шұғыл есеп құжаттарымен және айып салу санкцияларымен танысу Химиялық, бактериологиялық, гельминтологиялық зерттеулерге топырақтың сынамаларын алу  зерттеулер үшін топырақтың учаскесінің өлшемін осы учаскенің тағайындалуына байланысты таңдап алатынын түсіндіреді (өнеркәсіптік аймақ, бала бақша аймағы т.б.). әрқайсысының ауданы 25 м² екі алаңды таңдап алады: біріншісін - ластаушы көзге жақын орында, екіншісін – одан алшақ жерден (бақылаушы учаске); бақылаушы учаскесі ластанбаған болуы керек, табиғи құрамы сынақшы учаскесімен бірдей болуы тиісті .  12.30-13.00
4 Денсаулық және денсаулық сақтау жүйесі жөніндегі статистикалық көрсеткіштерге талдау жасау. Қортынды және өлшеу хаттамаларын беру. Әкімшілік бұзушылықты толтыру. Санитарияық сұрақтар бойынша жоғарғы инстанцияларға шешім жобасын құрастыру немесе мекеме басшылығына ұйғарым жазу Санитарлық бюллетень толтыру. Тұрғындардың хатымен жұмыс істеу Дезинфекцияны ұйымдастыру және жүргізу. Зарарсыздандыруды ұйымдастыру және жүргізу. Жұқпалы аурудың әр түрлі нозологиялық формасына байланысты дезинфекцияны жүргізуге нақты препараттар мен құралдарды таңдау. Дезинфекциялық жұмыс ерітінділерін дайындау әдістемесі. Стерилизация алды өңдеуді жүргізудің әдістемесі (дезинфекция, ағынды сумен шаю, жуғыш заттардың ерітінділеріне салу, механикалық өңдеу, тазартылған сумен шаю, ыстық ауамен кептіру). Стерилизацияны жүргізудің әдістемесі. Міндетті түрде санитарлық тексеруді өткізу күні көрсетіледі. Одан кейін санитарлық тексеруді өткізетің адамның тегі, аты, әкесінің аты және қызметі көрсетіледі. Кімннің қатысқанымен (тегі, аты, әкесінің аты және қызметі) санитарлық тексеру өткізіледі екенді көрсетіледі. Жалпы білім беретін мектептерде (мектеп ішілік сауықтандыру лагерлерінде) жазғы сауықтандыру жұмыстарын санитарлық-гигиеналық бағалау. Жазғы сауықтандыру мекемелерінің құрылымы мен жабдықталуына қойылатын гигиеналық талаптармен және нормативті құжаттармен танысу. Айып салу санкцияларын анықтау үшін шұғыл есеп құжаттарымен, критерияларымен танысу. Аспирациялық әдіспен елді мекендердің атмосфера ауасынан және жабық бөлмелердің ауасынан сынамаларды алу. Ауаның сынамаларын алуға дейін нормативті құжаттарды оқиды және атмосфера ауасынан және жабық бөлмелердің ауасынан сынамаларды алуды осы құжаттарға сәйкес. Аспирациялық әдісті, егер анықталатын заттың концентрациясы шамалы болса және оны анықтау үшін ауа көп көлемде қажет екендігін түсіндіріп береді; осы әдістің негізіне зерттелетін ауаны сору алынған.  13.00-14.00

8. Практика бойынша есеп даярлау мерзімі.

Қорытынды бақылау - дифференцирленген сынақ

1. Жазбаша есеп (есеп практиканың соңғы екі күнінде дайындалады)

2. Практика күнделігі ( практика  жетекшісі немесе базалық ұйымның жетекші маманының күнделікті қол қойылуымен)

3. Кәсіптік практика жетекшісінің және базалық  ұйым меңгерушісінің қолдары қойылған мінездеме; 

4. Кәсіптік  практикаға қатысу журналы. 

5. Кәсіптік практиканың қорытындысы бойынша дифференцирленген сынақ «Рейтингке...» сәйкес студенттердің тәжірибелік машықтарын (орындау біліктігін) бағалау нәтижелеріне негізделеді. Тәжірибелік машықтарын бағалау баллдық-әріптік жүйе бойынша және % бағамен жүргізіледі (кестені қараңыз).     

9. Дағдыларды бағалау критерийлері мен тәртібі:оқу жетістіктері (білім, білік, дағды және құзыреттіліктер) балдық-рейтингілік әріптік жүйе бойынша, төрт балдық жүйе бойынша цифрлық баламаға сәйкес келетін, оң бағалар кемуіне қарай, А-дан Д-ға дейін бағаланады, Ғ – «қанағаттанарлықсыз»).

Білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың төрт балдық жүйе бойынша цифрлық баламасына сәйкес келетін әріптік жүйесі

Әріптік жүйе бойынша баға Балдың цифрлық баламасы % Дәстүрлі жүйе бойынша баға
A 3,84-4,0 95-100

үздік

A- 3,51-3,83 90-94
B+ 3,17-3,50 85-89

жақсы

B 2,84-3,16 80-84
B- 2,51-2,83 75-79
C+ 2,17-2,50 70-74

қанағаттанарлық

C 1,84-2,16 65-69
C- 1,51-1,83 60-64
D+ 1,17-1,50 55-59
D 1,0-1,16 50-54
F 0-0,99 0-49 қанағаттанарлықсыз

 

 










Последнее изменение этой страницы: 2018-06-01; просмотров: 218.

stydopedya.ru не претендует на авторское право материалов, которые вылажены, но предоставляет бесплатный доступ к ним. В случае нарушения авторского права или персональных данных напишите сюда...