Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция

Жедел тыныс жетіспеушілігін емдеу   7 страница




Бұрын қолданылып келген «жедел пневмония» деген сөз тіркестігі қазір қолданылмайды, себебі: пневмонияның басынан бастап-ақ жедел ауру екені белгілі. Сондықтан «жедел» деген анықтама артық деп есептелінеді.

Этиологиясы және патогенезі.Пневмонияны қазіргі кезде кездесетін барлық инфекциялық агенттер тудыра алады, бірақ практикада микроорганизмдердің шектелген саны ғана пневмонияның басым қоздырғышы болып табылады.

Әр кез сайын нақтылы түрде аурудың қоздырғышын анықтау қиын болғандықтан, пневмонияны тудыратын агентке бір бағытта баға беру үшін барлық пневмония ауруханадан тыс пневмония (амбулаториялық пневмония, үй пневмониясы), аурухана ішілік пневмония (госпитальдық, нозокомиальдық пневмония), аспирациялық пневмония және иммунитет жетіспеушілік пневмония (ЖИЖС, жүйелі ауруларда және иммуносупрессор дәрілермен емделетіндерде болатын пневмония) болып бөлінеді.

Ауруханадан тыс пневмониялардың ең жиі себептеріне пневмококтер (20-60% жағдайда), микоплазма (5-50% жағдайда), гемофильдік таяқша (3-10% жағдайда), клебсиела (3-10% жағдайда), стафилококк (3-10% жағдайда) жатады. Көрсетілген себептердің ішіндегі ең жиісі – пневмококтер де, ең сирегі – клебсиела мен хламидиялар.

Аурухана ішілік пневмонияның ең жиі қоздырғыштары грам теріс микрофлораның өкілдері (көкшіл – іріңді таяқша, клебсиела, энтеробактер, ішек таяқшасы, протей) болып табылады. Бұл пневмониялардың себебі грам оң микроорганизмдер де (алтынсары стафилококк, гемолитикалық стрептококк және пневмококк) болуы мүмкін.

Аспирациялық пневмонияның әдеттегі себептері – анаэробтар, грам теріс микрофлора.

Иммунитет жетіспеушілік пневмониялардың себептеріне мегаловирустар, саңырауқұлақ-тар, паразиттер және пневмоцисталар жатады.

Себеп ерекшелігіне қарап, жоғары келтірілген пневмониялардан басқа атипиялық пневмонияларды ажыратады, олардың ең жиі қоздырғыштары болып есептелетін микроорганизмдер: микоплазмалар, хламидийлар, легионелла, кокциелла.

   Пневмонияның дамуына жағдай жасайтын қатерлі факторларға науқас адамның жасын (балалар мен егде жастағы адамдар), шылым шегуді, өкпенің, жүректің, бүйректердің, асқазан-ішек жолының ауруларын, иммунитет жетіспеушілік күйлерді, салқын тиюді жатқызады.

   Инфекция өкпенің респираторлық бөліктеріне бронхогендік (аспирациялық, ингаляция-лық), гематогендік (өкпеден тыс орналасқан инфекция ошағынан), лимфогендік (кеуде торы жарақаттанғанда) жолдар арқылы және зақымданған көрші тіндерден (бауыр абсцесі, диафрагмаастылық абсцесс т.б.) тікелей жұғу арқылы тарайды.

Өкпенің респираторлық бөліктеріне инфекция көбіне бронхогендік жолмен енеді. Инфекцияның бронхогендік жол арқылы тарауына тыныс жолдарының кілегей қабығының қорғаныс механизмдерінің әлсіреуі (кірпікшелі эпителий қызметінің бұзылуы, мукоцилиарлық клиренстің төмендеуі, микроб элиминациясының азаюы, вирустардың, химиялық заттардың бронх бұтасы эпителиін жарақаттауы, бронхтың дренаждық қызметінің бұзылуы, жөтел рефлексінің азаюы, альвеола макрофагтары мен нейтрофильдердің фагоцитоздық белсенділігінің төмендеуі) жағдай туғызады.

Кірпікшелі эпителий қызметінің бұзылуының, бронх секретінің көбеюінің және оның тұтқырлығының артуының нәтижесінде микроорганизмдер эпителийлі бронх жолдарының бетіне келіп жабысады, кейін олар эпителий клеткаларында өсіп-өніп, аспирация жолымен өкпенің респираторлық бөліктеріне тарайды.

Өкпедегі қабыну процесінің ерекшеліктері қоздырғыштың сипатына байланысты болады. Эндотоксин түзетін микроорганизмдер (пневмококктер, гемофильді таяқшалар) альвеола – капилляр мембранасын улы зақымдайды, тамыр қабырғасының өткізгіштігін күшейтеді және ісіну сұйықтығының шамадан тыс өндірілуін тудырады. Пневмококктік пневмонияда пневмококктер ісінудің шет жағында орналасады, жанасу жолымен көрші бөліктерге тарайды, осының нәтижесінде қабыну процесі аумақты аудандарды (түгел өкпе бөлігін немесе бірнеше бөлікті) қамтиды. Тіндерге өте көп мөлшерде плазма белоктары, фибриноген, эритроциттер шығады, зақымдалған бөліктің сыртын фибрин жабады.

  Экзотоксин түзетін микроорганизмдер (стафилококктер, стрептококктер, көкшіл-ірің таяқшасы) ошақты қабынуды және ошақтың ортасындағы өкпе тінінің міндетті түрде некрозын (іріңді еруін) тудырады.

Клебсиела себебі болатын фридлендер пневмониясында ұсақ тамырлардың тромбозы және өкпе тінінің инфаркт тәрізді ауқымды некрозы бой көрсетеді. Күшті экссудацияға байланысты микробтық ісіну альвеолалар аралық перделердегі саңылаулар арқылы өкпенің сау бөліктеріне тарап, пневмонияға құйылмалы тарау сипатын береді.

Микоплазмалық, орнитоздық және басқа кейбір вирустық пневмониялар өкпенің интерстициальдық тінінің зақымдануынан басталады. Гриптік жедел пневмония вирустың тікелей капиллярлар мен альвеолаға әсер етуіне байланысты геморрагиялық трахеобронхиттен басталады, кейін бактериялық флора, көбіне стафилококктік флора қосылады.

Аурудың қоздырғышын жойғаннан кейін пневмония басылып, тарай бастайды. Нейтрофильдердің және альвеола макрофагтарының протеолиз ферменттерінің және өкпе тінінің клеткалары бөлетін фибринолизиннің әсерінен экссудат сұйылады. Сұйылған экссудат респираторлық аймақтың капиллярлары және лимфа тамырларының торы арқылы сіңе бастайды, жартылай мукоцилиарлық клиренс жүйесі арқылы сіңеді. Өкпе тіні деструкцияға ұшырамайтын пневмониядан кейін (пневмококктік, сирек - гемофильдік) өкпе тіні толық қалпына келеді. Паренхима деструкцияға ұшырайтын пневмониядан кейін, оның орнында ошақты пневмосклероз аумағы қалыптасатын процесс карнификация деп аталады.

Патоморфологиясы.Перибронхиальды тығыздалу анықталады. Оның қызыл түсті (альвеола ішілік эксудация және эритроциттер диапедезінің нәтижесі) кейін сұрғылт түсті (альвеола ішілік экссудаттың фиброзға айналуының нәтижесі) бауырға ұқсас тығыздалу сатылары болады. Пневмонияның морфологиялық критериі - өкпенің респираторлық бөлігінің қабынуы. Бронхтың қабынуы тұрақты емес, бірақ ауруға тән белгі болып есептеледі. Қабынудың экссудаттық сипаты болады, әдетте ол өкпенің анатомиялық бірліктері (лобарлық пневмония, ошақты пневмония) көлемімен шектеледі.

Классификациясы. Халықаралық консенсусқа сәйкес пневмонияның төмендегідей түрлерін ажыратады:

1. Ауруханадан тыс (бірінші ретті, үй пневмониясы) жүре пайда болған пневмония.

2. Госпитальдық (екінші ретті, ауруханаішілік, нозокомиальды) пневмония.

3. Аспирациялық пневмония.

4. Иммунитет жетіспеушілігіндегі пневмония.

Этиологиясына қарай:

      1. Бактериялық пневмония.

      2. Вирустық пневмония.

      3. Микоплазмалық пневмония.

      4. Хламидийлық пневмония.

      5. Легионелездық пневмония.

      6. Саңырауқұлақтық пневмония.

      7. Паразиттік пневмония.

      8. Аралас себепті пневмония.

      9. Қоздырғышы анықталмаған пневмония.

Клиникалы-морфологиялық белгілеріне қарап:

      1. Плевропневмония (крупозды пневмония)

       2. Бронхопневмония (ошақты пневмония)

Тарау дәрежесіне және орнына қарай:

      1. Лобулярлық пневмония.

      2. Субсегментарлық пневмония.

      3. Сегментарлық пневмония.

      4. Бөліктік пневмония.

      5. Біржақты пневмония.

      6. Екіжақты пневмония.

Ауырлық дәрежесіне қарай:

      1. Жеңіл пневмония.

      2. Орташа ауыртпалықты пневмония.

      3. Ауыр пневмония.

Пневмонияның асқынулары:

      1. Инфекциялы – токсикалық шок.

      2. Экссудатты плеврит.

      3. Дистресс – синдром.

      4. Тамыріші себінді қан ұю синдромы (ТСҚС).

      5. Инфекциялық деструкция.

      6. Инфекциялы – аллергиялық миокардит.

      7. Бронхоспастикалық синдром.

Клиникасы. Пневмонияның клиникалық белгілері ауру қоздырғышының ерекшеліктері мен науқас адамның организмінің күйіне байланысты болады.

Пневмониямен ауыратын адамның басты шағымдары – жөтел, қақырық бөлу, кеуденің ауыруы, ентігу, дене қызуының көтерілуі.

Жөтел құрғақ (аурудың басында) және қақырықты болады. Қақырық кілегейлі, кілегейлі - іріңді және тот түсті (плевропневмонияда) болады. Кеуде қабырғасының ауыруы қосымша плевритке байланысты өкпе қабы беттерінің бір-бірімен үйкелісінен пайда болады, ол тынысты терең алған кезде және жөтел кезінде күшейе түседі, науқас адам ауру жақ бүйіріне жатқанда азаяды. Демікпе (ентігу) әдетте аралас болып келеді, өкпенің тыныстық беті азайғандықтан және тыныстың кеуденің ауыруына байланысты шектелуіне байланысты бой көрсетеді. Дене қызуы көтерілуінің пневмонияның себебіне байланысты сипаты әр түрлі болады. Крупозды пневмонияда қызба тұрақты болады, оған қоса қалтырап тоңу кездеседі.

Басты шағымдардан басқа интоксикацияға байланысты шағымдар да болады: бас ауыруы, миалгия, диарея т.б.

Қараған кезде сананың бұзылғаны (сананың қарауытуы, жоғарғы дәрежелі қызба және интоксикацияға байланысты крупозды пневмонияда сандырақ болады), цианоз, сарғыштық (крупозды пневмонияда болатын токсикалық гепатит себепті), ауырған жақ бет ұшының қызаруы және ұшық бөртпелері (герпес) анықталады.

Өкпе жағынан болатын белгілер: дем алған кезде кеуденің ауру жақ жартысының қалыңқы болуы және өкпе тінінің тығыздалуы синдромының белгілері: дауыс дірілінің күшеюі, өкпенің қабынған бөлігінің үстінде перкуссиялық өкпе дыбысының тұйықталуы  (әлсіреуі) немесе тынық дыбыс, тыңдағанда – бронх тынысы, крепитация және плевраның үйкеліс шуы.

Қосымша тексерулер. Пневмонияның диагнозын қоюдағы ең маңызды тәсіл – рентгенологиялық тексеру, ол өкпе тінінің инфильтрациясын (оның мөлшерін, түрін және орнын), плевра қуысындағы сұйықтықты және өкпе тініндегі деструкция белгілерін анықтауға көмектеседі. 

Компьютерлік томографияны өкпенің деструкциясы немесе ісік болуы мүмкін деген күдік туған кезде қолданады.

Фибробронхоскопия мен биоптатты микробиологиялық және цитологиялық тексеру туберкулез және ісік жөнінде күдік туғанда (оларды жоққа шығару үшін) қолданады.

   Сыртқы тыныс функциясын анықтау бронх өткізгіштігін анықтауға мүмкіндік береді.

Қанның жалпы анализінде бактериялық пневмонияда лейкоцитоз, лейкоцит формуласында сол жаққа қарай ығысу, ЭТЖ өсуі болады. Вирустық, микоплазмалық және орнитоздық пневмонияларда лейкопения мен ЭТЖ өсуі табылады.

Қақырықты тексеру пневмонияның табиғатын анықтауға көмектеседі. Қақырықта эозинофильдердің көп болуы аллергиялық процесті, атипиялық клеткалардың табылуы – рак текті пневмонияны, эластикалық талшықтар өкпе тінінің ыдырауын (туберкулез, абсцесс, рак) көрсетеді.

Бактериоскопия көмегімен микроорганизмдердің грам оң және грам теріс екенін анықтауға болады.

Вирустық пневмонияның диагнозын қою үшін вирусологиялық және серологиялық зерттеулер жасау керек.

Иммунитет жетіспеушілік күйлер болса, иммунологиялық зерттеулер жүргізу керек.

Пневмонияның даму барысы. Жедел және ұзарған болып бөлінеді. Егер пневмония    4 аптаға дейін созылса, ондай жағдай пневмонияның жедел дамуы деп аталады. Егер бұл мерзім 4 аптадан ұзақ болса, ол пневмонияның ұзара дамуы деп аталады.

Пневмонияның даму ауырлығының 3 дәрежесін ажыратады (4-кесте).

4-кесте

Пневмония ауырлығының критерийлері

Басты белгілері

Ауырлық дәрежесі

Жеңіл Орташа ауырлықты Ауыр
Температура, С Тыныс жиілігі ЖЖЖ АҚҚ   Интоксикация   Цианоз   Асқынулар және олардың сипаты   Шеткі қан   Қанның кейбір биохимиялық көрсеткіштері Қосымша аурулар декомпенсациясы     Емді көтеру және оның тиімділігі 380 дейін 25/ мин. дейін 90/ мин. дейін Қалыпты күйде Жоқ немесе болмашы Әдетте болмайды Әдетте болмайды   Орташа дәрежелі лейкоцитоз   СРБ ++, фибриноген 5 г/л дейін Әдетте жоқ    Жақсы, тез әсер етеді 38-390 25-30/ мин. 90-100 /мин. Гипотонияға бейімділік Орташа дәрежелі   Орташа дәрежелі   Болуы мүмкін (аз сұйықтық бар плеврит) Жас лейкоциттерге дейін ығысу бар лейкоцитоз   Фибриноген < 10 г/л, СРБ +++   ТТ қайталауы мүмкін, ЖИА, психикалық аурулардың қайта-лауы Аллергиялық, токсикалық әсерлер болуы мүмкін > 390 > 30 мин. > 100 /мин. Диастолалық ҚҚ с/б. 60 мм   Өте ауыр   Жиі өте айқын   Жиі болады (эмпиема, іріңдеу, инфекциялы-токсикалық шок) Лейкоцитоз, нейтрофильдердің улану түйіршіктері, анемия. Лейкопения болуы мүмкін  Фибриноген > 10 г/л, альбумин < 35 г/л, мочевина 7 ммоль/л, СРБ +++ Жиі (жүрек әлсіздігінің, аритмияның күшеюі, қант диабетінің декомпенсациясы т.б.) Жағымсыз реакция жиі (15% дейін), ем кеш әсер етеді

  

Себебіне байланысты пневмония клиникасының өзіндік ерекшеліктері болады.

Ауруханадан тыс пневмония

Ауруханадан тыс пневмониялардың ең жиі өкілдері – пневмококктер, стафилококктер және гемофильдік таяқша тудыратын пневмониялар.

Пневмококтік пневмония крупозды пневмония түрінде көрініс береді, өкпенің бөлігі, бірнеше бөлігі зақымданады, сегментарлық қабынуы да мүмкін (ошақты пневмония, бронхопневмония), циклды дамиды. Ауру адамның шағымдары – дене қызуының көтерілуі (тұрақты қызба түрінде), қалтырап тоңу, басында құрғақ жөтел, кейін тот түсті қақырық бөлінетін (патогномониялық симптом) жөтел, терең дем алғанда және жөтелгенде кеуденің шаншып ауыруы (плевропневмония) және ентігу. Аурудың басында болатын белгілер: ауырған жақтың бет ұшының қызаруы, ұшық бөртпелері (герпес), тыныс алу кезінде танаудың қампайып керілуі, тыныстың жиілеуі, кеуденің ауру жақ жартысының тыныс алу кезінде қалыңқы болуы. Зақымданған өкпе бөлігінің үстінде - өкпе дыбысының тұйықталуы, дауыс дірілі мен бронхофонияның күшеюі, қатқыл тыныс немесе бронх тынысы реңді дыбыс фонында крепитацияның (indux) естілуі. Аурудың нағыз өршіген кезінде болатын белгілер: перкуссиялық тынық дыбыс, дауыс дірілі мен бронхофония күшейген, бронх тынысы естіледі. Аурудың шешілу сатысында болатын белгілер: перкуссиялық тынық дыбыс әуелі тұйық дыбыспен алмасады, кейін қалыпты өкпе дыбысына көшеді, қайтадан крепитация (redux) пайда болады, дауыс дірілі мен бронхофония біртіндеп әлсірейді. Рентгенологиялық тексергенде - өкпе бөлігінің аумағында гомогенді қарайғандық болады, плеврада сұйықтық көрінеді, кейде сегментарлық қарайғандық болуы мүмкін. Қанда – лейкоцитоз, лейко-формулада солға қарай ығысу, лейкоциттерде улану түйіршіктерінің болуы, ЭТЖ өсуі. Қақырықта пневмококктер табылады.

Стафилококтік пневмониягрипп індетінен кейін дамиды, ошақты пневмония түрінде басталады. Кейінгі даму барысы – ауыр, тез іріңді деструктивті процестер (абсцесс, іріңді плеврит) қалыптасады, деструкциялы процестердің дамуы стафилококтердің өкпе паренхимасын ыдырататын ферменттер өндіруімен байланысты. Рентгенограммада –алғашында полисегментарлы инфильтрация, 5-7 күннен кейін сақина тәрізді ауалы қуыстардың пайда болуы (ұсақ бронхтардағы клапандық механизм және жедел ошақты эмфизема), кейін ішінде сұйықтық деңгейі бар некроздық қуыстардың қалыптасуы көрінеді. Пневмония жиі пневмоторакс түрінде асқынады. Қанда - лейкоцитоз, нейтрофилез бен солға ығысу, нейтрофильдердің улану түйіршіктері, ЭТЖ өсуі.

Гемофильдік таяқша тудыратын пневмония.Ауру өкпенің созылмалы обструктивті ауруларының фонында дамиды, өкпенің төменгі бөліктері зақымданатын ошақты пневмония түрінде көрініс береді. Қызбаның екінші толқыны болуы ауруға тән белгі. Дамуы ауыр, менингитпен, плевра эмпиемасымен, перикардитпен асқынады. Пенициллинмен емдегеннен нәтиже болмайды.

Ауруханаішілік пневмония

Ең жиі өкілдері – фридлендер пневмониясы, анаэробты инфекция, ішек таяқшасы және көкшіл-ірің таяқшасы туғызатын пневмониялар.

Фридлендер пневмониясының қоздырғышы – клебсиела (Фридлендер таяқшасы), иммунитет жетіспеушілігі күйде (қарт адамдарда, маскүнемдерде, қант диабетінде, ұзақ уақыт иммунодепресанттармен емделетін адамдарда) бой көрсетеді. Аурудың некрозды сипаты болатындықтан тез қуыстар пайда болады. Науқас адам аурудың бірінші күнінен бастап тұтқыр, жабысқақ (таңдайға жабысатын) қан аралас сұрғылт-жасыл түсті, от шалған ет иісті қақырық тастайды. Қақырықта капсуласы бар грам теріс таяқша болады. Клиникасы жағынан крупозды пневмонияны еске түсіреді. Рентгенологиялық тексергенде өкпенің жоғарғы бөлігінде құйылма пневмония көрінеді, кейін өте тез іріңдік (абсцес) қалыптасады. Даму барысы ауыр.

Анаэробты инфекция тудыратын пневмониялар (аспирациялық пневмониялар) әлсіреген адамдарда жұтыну бұзылғанда немесе ауыз-жұтқыншақ ішіндегі тамақ бөлшектері аспирация болғанда дамиды. Аспирацияланған бактериялар жоғары бөліктің артқы сегменттеріне және төменгі бөліктердің жоғарғы сегменттеріне енеді. Сондықтан ауру осы жерлердің пневмониясы немесе абсцесі болып көрініс береді. Қақырықта анаэробтардың (пептострептококтер, фузобактериялар, бактероидтар, анаэробты стрептококтер, актиномицеттер, бифидобактериялар) көп мөлшері табылады.

Ішек таяқшасы тудыратын пневмониялар асқазан-ішек жолының және несеп-жыныс жүйесінің ауруларымен ауыратын және несеп пен нәжісті ұстай алмайтын науқастарда кездеседі. Өкпенің төменгі бөліктері зақымданады. Жиі плевра эмпиемасы бой көрсетеді. Қақырықта ішек таяқшасы анықталады.

Көкшіл-ірің таяқшасы тудыратын пневмония ауыр, жүдеп титықтаған науқастарда (лейкоз, АИЖВ-инфекциясында т.б.) кездеседі. Аурудың даму барысы жедел және ауыр, инфильтрацияның тез тарауы, плеврит пен іріңдеудің қосылуы тән.

Иммунитет жетіспеушілігі күйінде дамитын пневмониялар

    Пневмонияның бұл тобы әр түрлі жағдайда (лейкоздар, агранулоцитоз), оның ішінде туа болатын иммунитет жетіспеушілігінде және адамның иммунитет жетіспеушілігінің вирусты инфекциясында, ятрогендік иммуносупрессияда туындайды. Бұл топқа жататын науқас адамдарды шартты түрде иммунитет жетіспеушілігімен қатар нейтропения болатын және нейтропения болмайтын деп екі топқа бөледі.

Бірінші топта пневмонияға қоса нейтропения байқалады, көбіне грам теріс бактериялар (ішек таяқшасы, клебсиела, көкшіл-ірің таяқша) себеп болады. Нейтропениялы пневмония клиникасының басты ерекшелігі – инфекцияның дүлей дамуы. Нейтропения пневмонияның клиникалық белгілерінің дамуына мүмкіндік бермейді: жөтел, өкпедегі сырылдар бірнеше рет сирек кездеседі. Жиі аурудың жалғыз белгісі қызба болады. Бұл адамдарда өкпе зақымдануының жоққа жақын күйінде өкпеден тыс жалпы белгілер (жүдеу, субфебрилитет т.б.) көрініс береді.

Иммунитет жетіспеушілігі бар, бірақ нейтропения жоқ күйде кездесетін пневмонияны жиі грам оң бактериялар, клеткаішілік микроорганизмдер, вирустар, саңырауқұлақтар, қарапайымдар тудырады.

Атипиялық пневмониялар

    Атипиялық пневмониялар жиі клетка ішілік микроорганизмдердің (микоплазма, легионелла, хламидиялар), вирустардың және риккетсиялардың әсерінен дамиды.

Барлық атипиялық пневмонияға тән белгілер:

1. Жалпы симптоматиканың басым болуы;

2. Өкпе симптомдарының жоқ болуы немесе олардың әлсіз болуы;

3. Кеуде торының рентгенограммасында инфильтрациялық өзгерістердің болмауы.

Клетка ішілік инфекциялар тудырған пневмонияның клиникасында жалпы белгілермен қатар себеп инфекцияға тән белгілер де болады.

Микоплазмалық пневмония біртіндеп ЖРА кейін, аурудың екінші толқыны сияқты дамиды: тамақтың қырнауы, тұрақты ұстамалы жөтел, интоксикация белгілері болады. Клиникалық көрінісі пневмококтік пневмонияға ұқсас, атипиялық болуы мүмкін, сондықтан оны бұрын «алғашынан-атипиялық пневмония» деп атады. Оған өкпеден тыс мүшелердің зақымдануы тән: миалгия, конъюнктивит, миокардит, перикардит, гемолитикалық анемия, неврологиялық бұзылыстар, психоз, артрит. ЭТЖ өскен, лейкоцитоз жоқ. Рентгенологиялық тексергенде – интерстициальдық пневмонияның белгілерімен қатар көптеген тығыздалған ошақтар табылады.

Хламидиоздық пневмония.Хламидиоздық пневмонияның дамуының қатерлі факторына құстармен жанасу жатады. Өте тығыз орналасқан ұжымдарда аурудың індеті болуы мүмкін. Клиникасында жедел басталу, қақырықсыз жөтел, сананың күңгірттенуі, ларингит (дауыстың қарлығуы), тамақтың ауруы болады.

Легионеллездық пневмония кондиционер қолданылатын орындарда отыратын адамдарда және санитарлық техниктерде (легионелла, жылы және ылғалды ортада тез көбейеді) кездеседі. Ауруға тән белгілер: 1) «вирустық» ауру продромы;

2) құрғақ жөтел,есеңгіреу немесе диарея;

3) лимфопения, онша айқын емес нейтрофилия;

4) өте жоғары ЭТЖ (60-80мм/сағ);

 5) гипонатриемия.

Легионнелез ауыр ағымды вирустық немесе микоплазмалық пневмонияны еске түсіреді. Аурудың диагнозын оның қоздырғышын қақырықта, плевра сұйықтығында және бронхтың жуған суында иммунофлюоресценция әдісінің көмегімен табу арқылы қояды.

Клетка ішілік инфекция тудыратын пневмонияларда микроорганизмдерді қақырықты дәстүрлі бактериологиялық әдіспен тексеру арқылы табу мүмкін емес. Сондықтан олардың диагнозын қою үшін серологиялық зерттеудің нәтижесін қолданады. Диагнозды спецификалық антиденелердің жоғарғы титры (микоплазма үшін 1:64 және легионнелла үшін 1:128 кем емес) табылған кезде бір рет тексерудің нәтижесіне қарап қоюға болады. Хламидиялық инфекцияда маңызды антиденелердің титры иммуноглобулиндер класына тәуелді болып келеді:Іg G үшін 1:512 төмен емес, Іg M үшін 1:32 төмен болмауы керек.

Вирустық пневмонияларгрипп вирусының, аденовирустардың, инспираторлық синцитиальдық вирустардың, цитомегаловирустың әсерінен дамиды. Пневмония көбіне интерстициальды болып келеді, бірақ ошақты пневмония болуы да мүмкін. Аурудың клиникалық көрінісінде вирустық интоксикация белгілері (токсикоз, гипертермия, бас ауруы, көз алмасының ауруы, бұлшық еттердің ауруы, менингизм симптомдары) басым болады. Аурудың басынан геморрагиялық бронхит белгілері анықталады. Рентгенологиялық тексергенде – шеттері айқын емес нәзік инфильтраттар, өкпе түбірінің кеңейгені көрінеді. Лейкопения, ЭТЖ өскен.










Последнее изменение этой страницы: 2018-04-12; просмотров: 345.

stydopedya.ru не претендует на авторское право материалов, которые вылажены, но предоставляет бесплатный доступ к ним. В случае нарушения авторского права или персональных данных напишите сюда...