Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция

А. Базистік білімі бойынша.




1. Бүйректің анатомиялық және гистологиялық құрылысы.

2. Бүйректің физиологиясы және патофизиологиясы.

3. Бүйректің физикалық тексеру әдістері.

4. Бүйректің функциялық тексеру әдістері.

5. Аспаптық тексеру әдістері.

6. Қанның лабораториялық, оның ішінде биохимиялық көрсеткіштертердің қалыпты деңгейлері.

Б. Сабақтың тақырыбы бойынша.  

1. Гломерулонефрит және БФСЖ анықтамасы.

2. Эпидемиологиясы.

3. Скрининг

4. Жедел және созылмалы гломерулонефриттің,  БФСЖ жіктемесі.

5. Жедел және созылмалы гломерулонефриттің,  БФСЖ дамуына себепті қауіп факторлары.

6. Жедел және созылмалы гломерулонефриттің,  БФСЖ диагностикасы.

7. Жедел және созылмалы гломерулонефриттің,  БФСЖ амбулаториялық жағдайда жүргізу тәсілі.

8. Жедел және созылмалы гломерулонефриттің,  БФСЖ госпитализациялауға көрсеткіші.

9. Жедел және созылмалы гломерулонефриттің,  БФСЖ динамикалық бақылау.

10. Жедел және созылмалы гломерулонефриттің,  БФСЖ дәрігерлік – еңбек сараптамасы мәселелері.

11. Жедел және созылмалы гломерулонефриттің,  БФСЖ алдын – алу шаралары.

5.Білім берудің және оқытудың әдістері:шағын топтар, пікірталас, жағдайлық есептер, жұптасып жұмыс істеу, презентациялар, кейс-стадии және т.б.

Тақырыптық науқастарды талқылап, ситуациялық есепті шағын топпен шешу:

ЕСЕП № 1.37 жастағы әйелді бел аймағындағы ауырсыну, несептің жиі бөлінуі мазалайды. Анамнезінде: 5 жыл бұрын босанудан кейін бел аймағындағы ауырсыну, қызба, дизурия мазалап, ем қабылдаған.

Объективті: Жалпы жағдайы ортша ауырлықта. Тері жамылғысы таза. Температура 370С.  Өкпесінде везикулалық тыныс, сырылдар жоқ, ТЖ 18 рет минутына. Жүрек тондары анық емес, ырғағы ырғақты. АҚҚ 130/80 мм.с. б. ЖСЖ 84 ре минутына. Қағу симптомы екі жақта да оң мәнді. Қанның жалпы анализінде : лейк – 6,1 мың, ЭТЖ – 20 мм/сағ. Несептің жалпы анализінде: салыстырмалы тығыздығы -1005, белок – 0,033 г/л, лейкоциттер көру аймағында көптеп кездеседі, эритроциттер - өзгермеген 3- 5 к/а. Нечипоренко сынамасы: эр – 1000, лейк – 20000, сафронинмен бояғанда –Штернгеймер-Мальбин клеткалары.

 Сұрақ:

1.Негізгі синдромдарды атаңыз

2.Диагноз қойыныз

3.Негізгі диагнозды дәлелдеу үшін қажетті зерттеу әдістерін жазыңыз

ЕСЕП № 2Науқастың жасы 24-те, шағымдары бас ауыру, шөлдеу, жүрек айну, құсу, мұрыннан қан кету, әлсіздік, тәбеттің төмендеуі.

Анамнезінде: Созылмалы пиелонефритпен 10 жылдан бері ауырады. 

Объективно: Науқастың жағдайы ауыр. Терісінің түсі бозғылт, қасыған іздер бар. Аяғында тізенің үштер бөлігіне дейін ісінулер анықталады. Жүрек тондары анық емес, жүрек ұшында систолдық шу естіледі. АҚҚ - 180/100 мм с.б. ЖСЖ - 100 рет минутына. Қағу симптомы екі жақта да оң мәнді. Қанның жалпы анализінде: Нв–96 г/л, эрит–2,8 млн., лейк-8,2 тыс., ЭТЖ-35 мм/сағ, мочевина–16 ммоль/л, креатинин– 0,250 ммоль/л. Несептің жалпы анализінде: сал. тығыздығы-1005, белок-4,5 г/л, лейкоциты – 8-12 к/а, эрит – 20-25 к/а. Бүйректің УДЗ-і: астауша-тостағанша жүйесі деформацияланған, тығыздалған, қалыңдаған.

Сұрақ:

1.Негізгі синдромдарды атаңыз

2.Диагноз қойыныз

3.Негізгі диагнозды дәлелдеу үшін қажетті зерттеу әдістерін жазыңыз

 

6. Әдебиет

Орыс тілінде

негізгі:

1.Общая врачебная практика. Национальное руководства. Том 1.ГЭОТАР-Мед. 2013г.

2.Внутренние болезни. І-ІІ том. Ав: Мухин Н.А.ГЭОТАР-Мед. 2015 г.

3.«Внутренние болезни» 1-2 том. Ав: Мартынов А.И., Мухин Н.А., Моисеев В.С. ГЭОТАР-Мед. 2013 г.

4.Внутренние болезни. Ав: Маколкин В.И. ГЭОТАР-Мед. 2015 г.

5.Внутренние болезни. Ав: Царев В.П. Ифра-М. 2014 г.

6.Педиатрия поруководством Баранова А.А. 2014 г.

7.Неотложная хирургия органов брюшной полости. Ав: Кондратенко П.Г. 2013 г.

8.Гинекология. Ав: Г.М.Савельева, В.Г.Бреусенко. 2012 г.

қосымша:

1.Внутренние болезни по Дэвидсону – Пульмонология. Ав:Бун Н., Колледж Н., Уолкер Б. 2013 г.

2.Пропедевтика внутренних болезней Ав: Гребенев А.Л. ШИКО 2015 г.

3.Внутренние болезни система органов дыхания. Ав: Струтынский А., Ройтберг Г. МЕДпресс – информ. 2015 г.

4.Пропедевтика внутренних болезней. Учебник для медицинских вузов. Ав: С. Рябов. СпецМед. 2015 г.

5.Поликлиническая терапия. Ав: Зюзенков М.В. 2012 г.

6.Электрокардиография. Ав: Ярцев С.С. 2014 г.

7.Аритмии сердца. Ав: Белялов Ф.И. 2014 г.

8. Эхография в гинекологии. Ав: Озерская М.А. 2013 г.

9. Гиперпластический синдром в гинекологии. Ав: Вишневский А.С. 2013 г.

10.«Акушерство». Ав: Дудо В.И. 2013 г.

11.«Гинекология». Ав: Г.М. Савельевой, Г.Т. Сухих, И.Б. Манухина. 2013 г.

Медициналық сайттар:

1. med-site.narod.ru

2. www.medicusamicus.com

3. www.medprof.ru

7.Бақылау (тесттер)

1.  43 - жастағы ер адам, бел аймағындағы ауыру сезімі, бетінің ісінуі шағымданады.Ұзақ уақыт созылмалы гломерулонефритпен ауырады. Объективті: АҚ – 140/90 мм с. б.б. ЖЗА: салыстырмалы тығыздығы – 1005, белок – 8,4 г/л, лейкоциттер – 4-6 көру аймағында Реберг сынамасы: шумақтық фильтрация – 20 мл/мин., өзектік реабсорбция – 99%. Көрсетілгендерден қай асқыну БАРЫНША тән?

A) бүйрек амилоидозы

B) бүйрек туберкулезі

C) неротикалық криз

D) созылмалы пиелонефрит

E) созылмалы бүйрек жетіспеушілігі

 

2. 44 жастағы науқас дәрігерге физикалық күш түскендегі ентігуге, бас ауруына, жалпы әлсіздікке, бел аймағындағы сыздап ауырсынуға, бөлінетін несеп мөлшерінің азаюына, оның түрінің өзгеруіне шағымданады. Анамнезінде жиі суық тиіп ауырады. Қарғанда беті бозарған, үрленген, мойын веналары ісінген. АҚҚ-180/110мм.сын.бағ. Несеп талдауында: протеинурия, гематурия, лейкоцитурия, цилиндрурия. Сіздің диагнозыңыз:

A)  Жедел гломерулонефрит нефротикалық синдроммен, СБЖ 0

B) Жедел гломерулонефрит, жайылған ағым артериалды гипертониямен бірге, СБЖ 0

C) Созылмалы гломерулонефрит, гипертониялық түрі, СБЖ 0

D) Созылмалы гломерулонефрит, нефротикалық түрі,СБЖ 0

E) Созылмалы гломерулонефрит, аралас түрі, СБЖ 0

3. СБЖ-інде қан анализінде не байқалады?

A) Белоктың көбеюі

B) Креатининнің көбеюі

C) Креатининнің азаюы

D) Холестериннің азаюы

E) Цилиндрлердің азаюы

4. Созылмалы гломерулонефрит кезінде глюкокортикоидтарды тағайындауға көрсеткіш:

A) артериялық гипертензия

B) нефротикалық синдром

C) бүйрек шамасыздығы

D) гематурия

E) протеинурия

5. Залалданғаннан кейін жедел гломерулонефриттің бүркемелі кезеңі қанша уақытқа созылады:

А) 2-3 апта    

В) 1 ай

С) 2-3 ай

D) 2-3 күн

Е) 1 жыл

6. Бүйрек фунциясының созылмалы жетіспеушілігі кезінде шұғыл гемодиализге көрсеткіш:

A) гиперкалиемия 6,5 ммоль/л ден артық

B) ауыр артериялық гипертензия

C) анемия

D) ісінулер

E) тыныс шамасыздығы

7 . Тез өршитін гломерулонефриттін себебі:

А) малярия

В) геморрагиялық қазба аурулары ішінен

С) токсоплазмоз

D) жүйелі қызыл жегі

Е) Бехчет ауруы

8. Созылмалы бүйрек шамасыздығы нәтижесінде не дамиды?

A) Каналдардың атрофиясы

B) Канлдардың қабынуы

C) Шумақшалардың атрофиясы

D) Шумақшалардың зақымдануы

E)Тостағаншалардың кеңеюі

 

9.Уремиялық кома кезінде науқастың аузынан қандай иіс шығады?

A) аммиактың

B) алкоголдің

C) ацетонның

D) сасыған жұмыртқаның

E) қышқылдың

10.Созылмалы гломерулонефриттің нефротикалық типінде преднизолонның қанша дозасын тағайындаған тиімді (1кг салмаққа)?

A)  0,3 - 0,4 мг

B) 0,5 - 0,6 мг

C) 0,7 - 0,8 мг

D) 1 мг

E) 0,1-0,5 мг

 

 

1.Тақырып: №8ЖДП-дағы дәнекер тін жүйесі ауруларын дәлелді медицина тұрғысынан диагностикалау және емдеу тәсілдері

2. Мақсаты: ЖДП-дағы дәнекер тін жүйесі ауруларын дәлелді медицина тұрғысынан диагностикалау және емдеу тәсілдерін үйрену. Оның ішінде буын синдромы және остеопороздың, подаграның, остеоартроздың, ревматоидты артриттің, реактивті артриттің этиологиясы, патогенезі, клиникасы, диагностикасы бойынша студенттердің білімін тереңдету және нығайту; буын синдромымен кездесетін науқастардың пропедевтикалық дағдылары және зерттеуі бойынша студенттердің білімін бекіту (Ремус-Нестер, Рич, М.Доэрти, Д.Доэрти бойынша буындардың және омыртқалардың зерттеу әдісіне үйрету); студенттерге подаграның, остеоартроз, ревматоидты артрит, реактивті артрит кезінде тексеру жоспарларын құру негіздеуге үйрету; студенттердің қосымша зерттеу әдістерінің нәтижелерін талдау дағдыларын нығайту.

3. Оқыту мақсаты:

Студент білуі тиіс:

· буын синдромының анықтамасы;

· остеопороз туралы түсінік;

· подагра, остеоартроз, ревматоидты аритрит, реактивті артриттің жіктемесі;

· буын аурулары кезінде дифференциялық диагноз жүргізу үшін сұрастыру мен қараудың орны;

· буын аурулары кезіндегі қолданылатын заманауи зерттеу әдістері;

· подагра, остеоартроз, ревматоидты аритрит, реактивті артрит кезіндегі буындардың зақымдалуының патогенезі және олардың ерекшеліктері;

· подагра, остеоартроз, ревматоидты артрит, реактивті артриттерді тексеру жоспарын, буын синдромының зертханалық өзгерістері;

· подагра, остеоартроз, ревматоидты артрит, реактивті артриттердің дифференциялық диагнозын жүргізу;

Студент жасай алуы тиіс:

· буын синдромымен кездесетін науқастардың пропедевтикалық дағдылары және зерттеуі бойынша студенттердің білімін бекіту (Ремус-Нестер, Рич, М.Доэрти, Д.Доэрти бойынша буындардың және омыртқалардың зерттеу әдісін жүргізуді;

· подагра, остеоартроз, ревматоидты артрит, реактивті артриттерді тексеру жоспарын құруды;

· зертханалық-аспаптық зерттеу әдістері нәтижелерін талдауды;

· рентгенографияда буындардың жағдайын бағалауды;

· буын синдромының дифференциялық диагнозын жүргізуді;

Студент дағдыларды игерген болуы тиіс:

· буын ауруларымен науқастарды сұрастыру, қарауды;

· буын синдромымен науқастардың буындарды пальпациялауды;

· қалыпты жағдайдағы және патологиядағы буын рентгенографиясын талдауды;

4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

а) базистік білімі бойынша:

1. буындардың анатомиясы және қызметі (дәнекер ұлпа, сіңір, сүйек ұлпасы);

2. буын аурулары кезіндегі қабынудың және иммунитет бұзылуының маңызы;

3. буын ауруларын зерттеу әдістері (клиникалық, физикалық, буындардың ультрадыбыстық сканирлеуі мен сцинтографиясы, артроскопия, лабораториялық, морфологиялық).

б) сабақ тақырыбы бойынша:

1. Остеопороз анықтамасы, таралуы, этиологиясы, патогенезі, патоморфологиясы.

2. Подаграның анықтамасы, таралуы, этиологиясы, патогенезі, патоморфологиясы, жіктелуі.

1. Подаграның клиникасы, негізгі клиникалық синдромдары, буын синдромының ерекшеліктері, диагностикасы.

2. Подаграның дифференциялық диагнозы.

3. Подагра кезіндегі емдеу бағдарламасы, жедел подагралық артриттің ұстамасын басу.

4. Остеоартроздың анықтамасы, таралуы, этиологиясы, патогенезі, патоморфологиясы, жіктелуі.

5. Остеоартроздың клиникасы, негізгі клиникалық синдромдары, буын синдромының ерекшеліктері, диагностикасы.

6. Остеоартроздың дифференциялық диагнозы.

7. Остеоартроз кезіндегі емдеу бағдарламасы.

8. Ревматоидты артрит: анықтамасы, этиологиясы, патогенезі, патоморфологиясы

9. Ревматоидты артриттің жіктелуі.

10. Ревматоидты артриттің негізгі клиникалық синдромдары, ағымы варианттары.

11. Ревматоидты артриттің диагностикасы: зертханалық көрсеткіштері. Рентгенологиялық сатылары.

12. Диагноз критерийлері.

13. РА асқынулары.

14. РА дифференциялық диагнозы.

15. Реакциялық артриттер, себептері.

16. Реакциялық артриттерді қосымша анықтау әдістері.

5. Білім берудің және оқытудың әдістері:шағын топтар, пікірталас, жағдайлық есептер, жұптасып жұмыс істеу, презентациялар, кейс-стадии, науқасты шолуға қатысу, тақырыптық науқастарды талқылау, науқас курациясы.және т.б.

Шағын топта пікірталас жасап, келесі клиникалық есепті шешу:

Есеп №1

62 жастағы зейнеткер әйел, сатушы болып жұмыс iстеген, клиникаға мына шағымдармен түстi: сол тiзе буынының кешке және баспалдақпен төмен түскенде әсiресе күшейетiн ауырсынуы, қимыл қозғалысының шектелуi.

Өзiн бiрнеше жылдан науқас санайды, мезгiл-мезгiл тiзе буындарының ауруы мен сытырлауын байқап жүрген. Ауруын құлаған кездегi алған зақымдануымен байланыстырады. Объективтi: жалпы жағдайы қанағаттанарлық, науқастың дене салмағы артық (бойы 160 см, салмағы 79 кг). Сол тiзе буынының көлемi ұлғайған, деформацияланған. Қол басының II және V саусақтарының фаланга аралық дистальдi буындарында қатты түйiндер бар. Паравертебраль нүктелері мойын, кеуде омыртқалары деңгейінде ауырады, омыртқа аралық буындардың қозғалысы шектелген. Өкпесiнде везикулалық тыныс. Жүректiң шала тұйық дыбыс шегi солға ығысқан. Жүрек тондары әлсiреген, ырғақты. АҚ 130/70 мм сын. бағ. Iшi жұмсақ, ауырсынуы жоқ. Бауыры мен көкбауыры ұлғаймаған.

Тізе буындарының рентгенограммасында: буын саңылауы – 3,5 мм (тарылған), субхондральді склероз, кіші өлшемді екі экзостоз.

1. Алғашқы диагнозыңыз.

2. Клиникалық синдромдары, күдікті аурулары, тексеру жоспары.

3. Дифференциялық диагнозы.

4. Клиникалық диагнозы.

 

 Есеп № 2

45 жастағы әйел адам оң жақ табанының үлкен бақайының қатты ауырсынуына, буыннының ісінуіне, қызаруына, дене ыстығының 380С дейін жоғарлауына шағымданады.

Қарағанда: оң жақ табанының үлкен бақайының ісінуі және гиперемиясы, қозғалысы шектелген, құлақ қалқанында – сарғыш түсті, ауырсынусыз, 2-4 мм диаметрлі тері асты түйіндер. Қанда: лейкоциттер -10 мың, ЭТЖ -30 мм/с. СРБ (++), мочевина-15,0 ммоль/л. Зәр анализінде: салыстырмалы тығыздығы-1014, эритроциттер - 5-7 к/а, ураттар (+++).

1. Болжам диагноз.

2. Клиникалық синдромдары, күдікті аурулар, тексеру жоспары.

Шағын топта кері байланыс:

- Ревматоидты артриттің жіктелуі.

- Ревматоидты артриттің негізгі клиникалық синдромдары, ағымы варианттары.

- Ревматоидты артриттің диагностикасы: зертханалық көрсеткіштері. Рентгенологиялық сатылары.

- Диагноз критерийлері.

- РА асқынулары.

 

6. Әдебиет

Орыс тілінде

негізгі:

1.Общая врачебная практика. Национальное руководства. Том 1.ГЭОТАР-Мед. 2013г.

2.Внутренние болезни. І-ІІ том. Ав: Мухин Н.А.ГЭОТАР-Мед. 2015 г.

3.«Внутренние болезни» 1-2 том. Ав: Мартынов А.И., Мухин Н.А., Моисеев В.С. ГЭОТАР-Мед. 2013 г.

4.Внутренние болезни. Ав: Маколкин В.И. ГЭОТАР-Мед. 2015 г.

5.Внутренние болезни. Ав: Царев В.П. Ифра-М. 2014 г.

6.Педиатрия поруководством Баранова А.А. 2014 г.

7.Неотложная хирургия органов брюшной полости. Ав: Кондратенко П.Г. 2013 г.

8.Гинекология. Ав: Г.М.Савельева, В.Г.Бреусенко. 2012 г.

қосымша:

1.Внутренние болезни по Дэвидсону – Пульмонология. Ав:Бун Н., Колледж Н., Уолкер Б. 2013 г.

2.Пропедевтика внутренних болезней Ав: Гребенев А.Л. ШИКО 2015 г.

3.Внутренние болезни система органов дыхания. Ав: Струтынский А., Ройтберг Г. МЕДпресс – информ. 2015 г.

4.Пропедевтика внутренних болезней. Учебник для медицинских вузов. Ав: С. Рябов. СпецМед. 2015 г.

5.Поликлиническая терапия. Ав: Зюзенков М.В. 2012 г.

6.Электрокардиография. Ав: Ярцев С.С. 2014 г.

7.Аритмии сердца. Ав: Белялов Ф.И. 2014 г.

8. Эхография в гинекологии. Ав: Озерская М.А. 2013 г.

9. Гиперпластический синдром в гинекологии. Ав: Вишневский А.С. 2013 г.

10.«Акушерство». Ав: Дудо В.И. 2013 г.

11.«Гинекология». Ав: Г.М. Савельевой, Г.Т. Сухих, И.Б. Манухина. 2013 г.

Медициналық сайттар:

1. med-site.narod.ru

2. www.medicusamicus.com

3. www.medprof.ru

 

7.Бақылау (тесттер)

1. Подагра мына заттардың біреуінің ұлпаларға жиналуынан дамиды:

A. кальций пирофосфатты кристалдарының

B. несеп қышқылы кристалдарының

C. несеп қышқылы натрий тұздары кристалдарының

D. гидроксиапатиттің

E. кальцийдің

2. Артроздың классификациялық диагностикалық критерийлеріне жатады:

A. ЭТЖ-ның айқын жоғарылауы

B. буын маңы остеопорозы

C. механикалық сипаттағы ауру сезімі

D. ревматоидты факторды анықтау

E. 1 сағаттан артық таңертеңгілік құрысу

3. Подаграның түрін (метаболизмдік‚ бүйректік және аралаc) мына белгілердің біреуімен ажыратады:

A. бүйректе тастардың болуынан

B. гиперурикемияның ұлғаюынан

C. тәуліктік уратурия және несеп қышқылы клиренсі арқылы   

D. тофустардың болуынан

E. буын синдромының айқындылығы арқылы

4. Подагра кезіндегі рентгенологиялық белгілері:

A) деструктивті артрит

В) «Пробойник» симптомы

С) шеміршектің ыдырауы

D) периартикулярлы тіннің ыдырауы

E) кальцификаттар

5. Ревматоидты артритке тән:

A) жоғары титрлі латекс-тест

В) Le жасушаларының жоғарғы титрі

С) дистальды фаланг аралық буындарының зақымдалуы

D) буын синдромының ұшқары болуы

Е) қақпақшалардағы вегетация

6. Подаграда жиі кездесетін буындық емес асқынулар:

A) жүректің зақымдануы

B) бауырдың зақымдануы

C) бұлшық еттің зақымдануы

D) өкпенің зақымдануы

E) бүйректің зақымдануы

7. 45 жастағы ер науқас, аяқтарының әсіресе, оң аяғының бірінші башпайының шыдатпай ауыруы, осы буынның ісіуі, терісінің қызаруы және дене қызуының 38°°С-ға дейін жоғарылауына шағымданады. Буындағы ауыру сезімі жаңа туфлимен ұзақ уақыт жүргеннен кейін мазалаған. Қарап тексергенде: оң аяқтың табан - башпай буындары аймағы ісініп, қызарған, қозғалысы шектелген, құлақ қалқандарында – ауырмайтын диаметрі 2-4 мм сары түсті тері асты түйіндері. Қанда: лейкоциттер -10 мың, ЭТЖ-30 мм/сағ. СРБ (++), мочевина-15,0 ммоль/л. ЖЗА: сал. тығыздығы-1014, эритроциттер - 5-7 к/а, ураттар (+++). Сіздің болжам диагнозыңыз?

a) ревматоидты артрит

b) остеоартроз

c) подагралық артрит

d) псориаздық артрит

e) реактивті артрит

8.50 жастағы науқас, жүргенде күшейетін оң жақ тізе буынындағы үнемі ауыру сезіміне шағымданады. Соңғы екі жыл бойы ұзақ жүргенде буындарының аздап ауыруы мазалайды. Об-ті: тізе буындарының пішіні бұзылған, буын айналасындағы тін тығызданған, оң тізесінде гипертермия. Тексергенде: тексерушінің қол астында сықырлау, буындардағы қозғалыс көлемі сақталған. Дистальды саусақ аралық буындарда тығыз түйіндер және саусақтардың шығулары анықталды. ЖҚА: эр-4,2 млн., л-5,6 мың. ЭТЖ-15мм/сағ. СРБ – теріс, Ваалер-Роуз реакциясы - 1:8. Диагнозды анықтау үшін қандай зерттеу қажет?

A) ревматоидты факторды анықтау

B) қандағы зәр қышқылының деңгейін анықтау

C) синовиальді сұйықтықтың анализі

D) буындар рентгенографиясы

E) зәр қышқылының деңгейін зерттеу

9. 40 жастағы науқас майда саусақ буындарындағы ісіну мен ауру сезіміне шағымданады. Қанда: ЭТЖ - 30 мм/сағ, зәр қышқылы - 0,56 ммоль/л. Берілген диагноздардың қайсысының болуы мүмкін:

A) Рейтер ауруының

B) ревматизмдік артриттің

C) екіншілік остеоартроздың

D) гонореялық олигоартриттің

E) подагралық полиартриттің

10. Ұзақ ағымды остік қаңқаның ірі буындарының рецидивті моноартритімен науқастағы сегізкөз-жамбас буын аймағындағы аурсыну нені көрсетеді:

А) Бехтерев ауруын

В) бел-сегізкөз остеохондрозын
С) ревматоидты артритті
D) Лайма ауруын

Е) псориазды артритті

 

 

1.Тақырып: №9ЖДП-дағы эндокриндік жүйе ауруларын дәлелді медицина тұрғысынан диагностикалау және емдеу тәсілдері.

2. Мақсаты:Қант диабеті ауруы бар науқастарды сұрастыруды, қарауды, диагнозын қоюды, зерттеуді және әр түрлі аурулардан ажыратуды үйрену. Қант диабеттің жіктемесін және диагностикалық критерийлерін үйрену.Қант диабетіне әкелетін қауіп факторларын анықтау.

3. Оқыту мақсаты:

Студент білуі тиіс:

- Науқастың дене салмағының индексін анықтауын

- Семіздіктің тұрлерін (Д.Д.С.Ұ. 1999).

- Көмірсу алмасуының бұзылысының жалпы сипаттамасы және оның басқа алмасулармен липид және май алмасуларымен байланысын;

- Қант диабетінің классификациясын және көмірсу алмасуының басқа да бұзылыстарын (Д.Д.С.Ұ. 1999). Диагнозды жазу принциптері, аурудың ауырлық дәрежесіне және көмірсу алмасуының компенсация дәрежесіне сүйене отырып;

- Инсулиннің және контринсулярлық гормондардың әсер ету механизмі және биологиялық әсерлері, инсулин секрециясының бұзылысының молекулярлы механизмін;

- Қант диабетінің 1-ші және 2-ші типтерінің және көмірсу алмасуының бұзылысының этиопатогенетикалық даму механизмін;

- Қант диабетінің кеш асқынуларының этиопатогенетикалық даму механизмі: диабеттік ретинопатия, катаракта, нефропатия, нейропатия, перифериялық ангиопатия, дермопатия, остеоартропатия, «Диабеттік аяқ басы» синдромы, энтеропатия, энцефалопатия, кардиопатия, макроангиопатия коронарлы атеросклероз, артериальды гипертензия;

- 1-ші және 2-ші типті қант диабеті кезінде диагностикалық іс-шаралар, глюкозаға толеранттылығын анықтайтын тесттің мағынасы мен мәні, гликемиялық профильдің, глюкозуриялық профильдің, ренальды глюкозурияның, иммунореактивті инсулиннің және С-пептидтің деңгейінің мағынасы мен мәні;

- Міндетті түрде орындалатын диагностикалық зерттеулер және қант диабетінің кеш асқынуларының нәтижелері мен трактовкасы: диабеттік ретинопатия, катаракта, нефропатия, нейропатия, перифериялық ангиопатия, дермопатия, остеоартропатия, кардиопатия, «Диабеттік аяқ басы» синдромы, энтеропатия, энцефалопатия, макроангиопатия, коронарлы атеросклероз, артериальды гипертензия.

Студент жасай алуы тиіс:

1. науқастын дене салмағын анықтау

2. висцеральды және абдоминальды семіздікті ажырата білу

3. семіздіктің тұрлеріне байланысты науқастың тексеру жоспарын құрастыру;

4. көмірсу алмасуының бұзылысының синдромдарын анықтау;

5. қант диабетіне күдіктенген науқастың тексеру жоспарын құрастыру;

6. диагнозды қою үшін гормондарды зерттеу және жүктеме сынамалар жүргізу;

7. несептегі қант пен ацетон деңгейін экспресс-диагностика тәсілімен анықтап және нәтижелерін бағалау;

8. қандағы глюкоза деңгейін экспресс-диагностикасы тәсілін анықтап және оның нәтижелерін бағалау;

9. гликемиялық профильді бағалау;

10. тәуліктік глюкозурияны есептеу;

11. глюкозуриялық профильді бағалау;

12. глюкозаға толеранттылығын тексеру тестінің нәтижелерін трактовкалау және қан плазмасындағы иммунореактивті инсулин мен С-пептидтің мөлшерінің нәтижелерін талқылау.

13. қант диабетімен ауыратын науқастардың көмірсу жєне май алмасуының жағдайын бағалау;

14. қант диабеті кезінде организмнің жүрек-тамыр, несеп-жыныс, асқорыту, жүйке жүйелерінің функциональды жағдайын бағалау.

15. қант диабеті кезінде жүргізілген ЭКГ, ЭХОКГ, УДЗ, рентгенограмма, КТ, МРТ, радиоизотоптық тәсілдер, реовазограмма, термография, ультрадыбысты допплерография нәтижелерін интерпретирлеу.

16. клиникалық диагноз қою, асқынуларын айқындау, ауырлық дәрежесін анықтау, компенсация, субкомпенсация және декомпенсация сатысын көмірсу алмасуында анықтау.

17. әрбір кеш асқынулардың жіктемесіне сүйене отырып, диагноз жазу кезінде қант диабетінің барлық кеш асқынуларын (артериальды гипертензия, ЖИА, диабеттік ретинопатия, нефропатия, нейропатия, ангиопатия, «Диабеттік аяқ басы» синдромы) толығымен жазу.

18. Қант диабетімен ауыратын науқастың ауру тарихын құрастыру;

19. Қажетті медициналық құжаттарын құрастыру (амбулаторлы картасы, ауру тарихы, санаторлы-курортты карталар және т.б).

Дағдыларды игерген болуы тиіс:

· Ұйқы безінің патологиясы бар науқастарды қарау, пальпация, перкуссия жасауды;

· Семіздіктің түрлеріне байланысты науқастың тексеру жоспарын құрастыру;

· Несептегі қант пен ацетон деңгейін экспресс-диагностика тәсілімен анықтап және нәтижелерін талдауды;

·  қандағы глюкоза деңгейін экспресс-диагностикасы тәсілін анықтап және оның нәтижелерін талдауды.

4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

4.1. Базистік білім бойынша:

1. ұйқы безінің құрылысы, функциональды анатомиясы және дамуы. А,В,Д,G,Р клеткалардың инкреторлы активтілігіне байланысты ультрақұрылысы мен цитохимиялық мінездемесі;

2. Инсулиннің және ұйқы безінің гормондарының биологиялық эффектісі туралы жалпы мәлімет. Инсулиннің биологиялық әсер ету механизмі.

3. Несепте және қандағы глюкозасы анықтау тәсілдері. Несепте және қандағы гормондар мен метаболиттерін анықтау принциптері.

4. ұйқы безінің зақымдалу нәтижесінде дамитын патофизиологиялық және патологоанатомиялық процесстер. Қант диабеті кезінде патологоанатомиялық өзгерістері мен асқынулары. Қант диабеті кезінде өлімнің себебі. Балалардағы қант диабетінің ерекшеліктері (синдром Мориака). Инсулинома. Аналық безінің поликистозы.

5. Қант диабетінің әлеуметтік—гигиеналық аспектісі.

Сабақтың тақырыбы бойынша:

1. Қант диабетін және басқа да гипергликемия деңгейін анықтау.

2. Инсулиннің екі фазалық секрециясы туралы түсінік, аш қарынға глюкоза деңгейін және пост прандиальды глюкоза деңгейін анықтау.

3. Гликемияның бұзылысының этиологиялық жіктемесі (ДДСҰ, 1999).

4. Қант диабеті және басқа да гипергликемиялық деңгейіндегі диагноз жазу (ДДСҰ, 1999).

5. Қант диабетінің ауырлық дәрежесін анықтау.

6. Гипергликемиялық және глюкозуриялық синдромдардың патогенетикалық даму механизмі.

7. Диабеттік асқынулардың дамуының патогенетикалық механизмі.

8. Қант диабеті кезінде терінің зақымдануының патогенетикалық механизмі.

9. Қант диабеті кезінде ангиопатияның дамуының патогенетикалық механизмі.

10. Перифериялық ангиопатияның жіктемесі, диагностикасы (қан тамырлар пульсациясын анықтау, қан тамырлар проекциясында шуларды тыңдау, доплерография, ангиография, дуплексті триплексті ультрадыбысты сканирлеу төменгі аяқ артерияларын).

11. «Диабеттік аяқ басының» синдромының жіктемесі.

12. Диабеттік остеоартропатия дамуының патогенетикалық механизмі, сонымен қатар буындардың қозғалысының шектелу синдромының дамуының патогенетикалық механизмі.

5.Білім берудің және оқытудың әдістері:шағын топтар, пікірталас, жағдайлық есептер, жұптасып жұмыс істеу, презентациялар, кейс-стадии, науқасты шолуға қатысу, тақырыптық науқастарды талқылау, науқас курациясы:

Студенттердің оқытушының көмегімен оқу бөлмесінде бір-біріне-гі эндокринді ауруларымен ауыратын науқастарды зерттеуге машықтанады.

Б) Оқытушы алдын-ала дайындалған ЖДП ауруларымен ауыратын науқастарды таратады.

В) Студенттердің науқастардың курациялануы.

Оқытушы студенттердің өз бетімен жасалған зерттеу жұмыстарының нәтижесін жеке-жеке талқылауға көмектесіп науқастардың ауруларының топикалық диагноздарын анықтатады.

Блок бойынша ситуациялық есептерді шешу:

- клиникалық синдромдарды анықтау, диагноз қою;

- зерттеу жоспарын ұйымдастыру;

№ 1есеп.

12 жастағы науқас қант диабетімен 8 жасынан бастап ауырады. Шағымдары жоқ. Таңертең – 24 ед., кешке – 10 ед монотард қабылдайды. Диета сақтайды.

Объективті: Бойы - 146см, салмағы - 43кг. Пульс 1 минутта - 88, ырғақты. Жүректің салыстырмалы шекарасы қалыпты, тондары әлсіз. Өкпеде визикулярлы тыныс. Іші жұмсақ, ауырсынусыз. Бауырдың төменгі жағы қабырға доғасының астында, оң орта бұғана сызығынан 3 см-ге шығыңқы орналасқан, ауырсынусыз.

Қосымша зерттеулер: гликозуриялық профиль: 8-14сағ. - 0,45литр - 11,1 ммоль/л (2г/л); 14 - 19сағ.- 0,5 литр - 2,78ммоль/л (0,5 г/л); 19 - 23 сағ - 0,2 литр- глюкоза жоқ; 23 - 8сағ - 0,3литр - 2,78ммоль/л (0,5 г/л); глюкоза қанда аш қарынға - 6,68ммоль/л. ЖЗА – глюкозурия .      

Көз түбірі: микроаневризмалар, торлы қабықшаның көк тамырлары кеңейіп, иректелген.

Сұрақтар және тапсырмалар.

1. Қант диабетінің түрін анықтаңыз.

2. Көз түбірінің өзгерістері нені көрсетеді, бағалаңыз.

3. Объективті тексергенде анықталған белгілердің механизмін түсіндіріңіз.

 

 №2 есеп.

26 жастағы науқастың шағымдары: әлсіздік, жұмысқа қабілеттіліктің төмендеуі, ауыздың құрғауы, шөлдеу, кіші дәретке жиі бару, кеуденің ауырсынуы, ентігу, аяқ ауырсыну . Қант диабетімен 5 жыл ауырады. Аурудың ағымы лабильды, гипогликемия және кетоацидозға ынтасы бар. Қазір таңертең 90ед. инсулин ”ленте’’ қабылдайды. Жылда стационарда емделеді.

Қарағанда: Жалпы жағдайы ауыр. Бойы - 176см, салмағы - 76 кг, дене қызуы 37,6С. Пульс 1 мин- 86 рет, ырғақты. АҚ-120/80 мм.с.б.б. Салыстырмалы жүрек шекарасы қалыпты, тоны дыбысты. Перкуссия кезінде кеуденің оң жартысында перкуторлық дыбыстың қысқарғаны анықталды, сол жерде майда көпіршікті ылғалды сырылдар естіледі. Өкпе экскурсиясы шектелген. Бауыр пальпациясында оң қабырға доғасының аймағының ауырсынуы анықталды, бауыр қабырға доғасының астынан 3 см шығыңқы, ауырсыну байқалады.

Кеуденің рентгеноскопиясы: оң жақта өкпе суретінің күшеюі сол жерде тығыздалған орны анықталады. ЭКГ- миокардтың диффузды өзгерісі. Көз түбірі-көктамырдың кеңеюі, капиллярлардың микроаневризмалары.

Сұрақтар және тапсырмалар:

1. Диагноз қойып, науқастың жағдайын бағалаңыз.

2. Гликемиялық профильдің нәтижесін бағалау.

3. Қант диабетінің декомпенсациясын және оның лабильді ағымының себебін көрсетіңіз.  

                                                  № 3 есеп.

    8 апталық жүктілігі бар әйел, қант диабетінің 1- түрінің декомпенсациясы мен диабет нефропатия, ретинопатияның 2 - дәрежесі жағдайымен сырқаттанады.   

Жүктілікті сақтау мүмкіншілігі туралы жауабын шешіңіз:

А) Қант диабетің компенсация кезінде сақтауы мүмкін.

В) Қант диабетің ауыр ағымынан және диабетикалық микроангиопатияның айқын белгілері себебінен сақтауға болмайды.

 

                                                  № 4 есеп.

29 жастағы науқас. Қант диабетінің жеңіл түрі және алиментарлы семіздіктің 1-дәрежесімен сырқаттанады. 0,005 гр манинил күніне 3 рет қабылдайды. 10 апталық жүктілігі бар. Қант диабетін емдеу мақсатымен эндокринолог дәрігерге кеңес алуға келеді. Шағымдары жоқ. Диетаны өте қатал сақтайды.  

Қарағанда: Бойы - 168 см, салмағы - 79кг, пульс 1 мин- 76, ырғақты. Жүректің салыстырмалы шекарасы қалыпты, жүрек тоны әлсіз. Бауырдың төменгі жағы оң орта бұғана сызығымен қабырға доғасынан 1см төмен, ауырсынусыз.

Қосымша зерттеулер: Аш қарынға глюкоза - 7ммоль/л, күніне глюкоза мөлшері - 9,1 ммоль/л аспайды. 2 литр зәрде -2,78 ммоль/л глюкоза. Көз түбірі қалыпты.

· Диагноз қойып, дәлелдеңіз.

· Объективті тексергенде анықталған белгілердің механизмін түсіндіріңіз.

· Тексеру жоспарын құрыңыз.

 

Кері байланыс:

- Гипергликемиялық және глюкозуриялық синдромдардың патогенетикалық даму механизмі.

- Диабеттік асқынулардың дамуының патогенетикалық механизмі.

- Қант диабеті кезінде терінің зақымдануының патогенетикалық механизмі.

- Қант диабеті кезінде ангиопатияның дамуының патогенетикалық механизмі.

- Перифериялық ангиопатияның жіктемесі, диагностикасы (қан тамырлар пульсациясын анықтау, қан тамырлар проекциясында шуларды тыңдау, доплерография, ангиография, дуплексті триплексті ультрадыбысты сканирлеу төменгі аяқ артерияларын).

- «Диабеттік аяқ басының» синдромының жіктемесі.

 

6. Әдебиет



Орыс тілінде

негізгі:

1.Общая врачебная практика. Национальное руководства. Том 1.ГЭОТАР-Мед. 2013г.

2.Внутренние болезни. І-ІІ том. Ав: Мухин Н.А.ГЭОТАР-Мед. 2015 г.

3.«Внутренние болезни» 1-2 том. Ав: Мартынов А.И., Мухин Н.А., Моисеев В.С. ГЭОТАР-Мед. 2013 г.

4.Внутренние болезни. Ав: Маколкин В.И. ГЭОТАР-Мед. 2015 г.

5.Внутренние болезни. Ав: Царев В.П. Ифра-М. 2014 г.

6.Педиатрия поруководством Баранова А.А. 2014 г.

7.Неотложная хирургия органов брюшной полости. Ав: Кондратенко П.Г. 2013 г.

8.Гинекология. Ав: Г.М.Савельева, В.Г.Бреусенко. 2012 г.

қосымша:

1.Внутренние болезни по Дэвидсону – Пульмонология. Ав:Бун Н., Колледж Н., Уолкер Б. 2013 г.

2.Пропедевтика внутренних болезней Ав: Гребенев А.Л. ШИКО 2015 г.

3.Внутренние болезни система органов дыхания. Ав: Струтынский А., Ройтберг Г. МЕДпресс – информ. 2015 г.

4.Пропедевтика внутренних болезней. Учебник для медицинских вузов. Ав: С. Рябов. СпецМед. 2015 г.

5.Поликлиническая терапия. Ав: Зюзенков М.В. 2012 г.

6.Электрокардиография. Ав: Ярцев С.С. 2014 г.

7.Аритмии сердца. Ав: Белялов Ф.И. 2014 г.

8. Эхография в гинекологии. Ав: Озерская М.А. 2013 г.

9. Гиперпластический синдром в гинекологии. Ав: Вишневский А.С. 2013 г.

10.«Акушерство». Ав: Дудо В.И. 2013 г.

11.«Гинекология». Ав: Г.М. Савельевой, Г.Т. Сухих, И.Б. Манухина. 2013 г.

Медициналық сайттар:

1. med-site.narod.ru

2. www.medicusamicus.com

3. www.medprof.ru

7.Бақылау (тесттер)

Тест сұрақтары

1. 2-ші типті қант диабетінің өлімге әкелетін жиі себебі болып табылады:

A. кетонемиялық кома

B. гиперосмолярлы кома

C. миокард инфарктісі

D. аяқтардың гангренасы

E. диабеттік нефропатия

2.Қант түсіруші сульфаниламидтік препараттардың әсер ету механизмі:

А) ұйқы безінің инсулинді секрециялауын күшейтеді.

В) β-клеткалардың глюкозаға физиологиялық сезімталдығын қалпына келтіреді

С) глицерин түзілуін азайтады

D) бауыр мен бұлшық еттерде глюкозаның утилизациясын жоғарлатады

Е) глюконеогенезді тежейді

3. 15 жастағы жасөспірімде салқын тиіп ауырғаннан кейін шөлдеу, полиурия, жалпы шаршағыштық пайда болды. Қанда қант 12 ммол/л, зәрде ацетон анықталады. Науқаста диабеттің қай түрі:

А) екіншілік қант диабеті

В) қант диабеті инсулинге тәуелсіз (2 тип)

С) қант диабеті инсулинге тәуелсіз (2 тип), инсулин талап ететін фаза

D) қант диабеті 2 – тип жас адамда (MODY)

Е) қант диабеті инсулинге тәуелді (1 тип).

4. Тері астына инсулинді енгізгендегі асқынулар:

A) гипогликемиялық жағдай

B) инсулиннен кейінгі липодистрофия.

C) кетоацидоз

D) ауалық эмболия

E) қышыну

5. 45 жастағы семіз әйелде диспансерлік қарау кезінде аш қарында гликемия 9,2 ммоль/л, глюкозурия 3%, зәрде ацетон «теріс». Туған ағасы қант диабетімен ауырады. Науқаста диабеттің қай түрі:

А) қант диабеті инсулинге тәуелді (1тип)

В) қант диабеті инсулинге тәуелсіз (2тип).

С) қант диабеті инсулинге тәуелсіз (2тип), инсулин талап ететін фаза

D) қант диабеті 2 – тип жас адамда (MODY)

Е) екіншілік қант диабеті

1.Тақырып: №10ЖДП-дағы қан түзу жүйесі ауруларын дәлелді медицина тұрғысынан диагностикалау және емдеу тәсілдері

2. Мақсаты:Студенттерге жедел лейкоздар, созылмалы лейкоздар (лимфолейкоз, миелолейкоз) этиологиясын, патогенезін, клиникасын, жіктемесін, дифференциялық диагнозын жүргізуді (абсолютті және салыстырмалы), диагноз құруды, адекватты тексеру жоспарын және тағайындауды үйрету.

3. Оқыту мақсаты:

Студент білуі тиіс:

· жедел лейкоздар, созылмалы лейкоздар (лимфолейкоз, миелолейкоз) анықтамасын;

· жедел лейкоздар, созылмалы лейкоздар (лимфолейкоз, миелолейкоз) этиологиясын, патогенезін;

· жедел лейкоздар, созылмалы лейкоздар (лимфолейкоз, миелолейкоз) негізгі клиникалық синдромдарды, клиникасын;

· жедел лейкоздар, созылмалы лейкоздар (лимфолейкоз, миелолейкоз) кезеңдеріндегі клинико-гематологиялық сипаттамасын;

· жедел лейкоздар, созылмалы лейкоздар (лимфолейкоз, миелолейкоз) жіктемесін;

· жедел лейкоздар, созылмалы лейкоздар (лимфолейкоз, миелолейкоз) дифференциялық диагнозын;

Студент жасай алуы тиіс:

· жедел лейкоздар, созылмалы лейкоздармен сырқат (лимфолейкоз, миелолейкоз) науқастарды сұрастыруды және объективті тексеруді жүргізу;

· анықталған симптомдарды бағалау және оларды синдромдарға топтау;

· болжам диагнозды негіздеу;

· жедел лейкоздар, созылмалы лейкоздармен (лимфолейкоз, миелолейкоз) науқастарды тексерудің адекватты жоспарын құру;

· берілген параклиникалық тексерулердің мәліметтерді интерпретациялау, сонымен бірге миелограмманы талдау;

· клиника-лабораторлы синдромдардың негізінде ұқсас аурулармен дифференциялық диагноз жүргізу;

· клиникалық диагнозды негіздеу;

Студент дағдыларды игерген болуы тиіс:

· гемобластоздармен науқастарды сұрастыруды, қарауды;

· лейкоздармен науқастардың лимфа түйіндерін, көкбауырын, бауырын пальпациялауды, перкуссия және аускультация өткізуді;

· қалыпты жағдайдағы және патологиядағы гематологиялық көрсеткіштерді талдауды;

4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

а) базистік білімі бойынша:

1) анатомия және физиология курсынан – қан жасау жүйесінің анатомо-физиологиялық ерекшеліктерін;

2) патофизиология курсынан – қан клеткаларының сандық және сапалық құрамының өзгерістерін, морфологиялық өзгерістерін, циркуляциядағы эритроциттердің массасын анықтау әдістерін, эритроциттегі оттегінің парцинальды қысымын өлшеу;

3) ішкі аурулар пропедевтикасы курсынан – қан жасау жүйесі органдары ауруы бар науқастарды тексеруді, сұрастыруды, плеторикалық синдромды, гепатоспленомегалияны, гиперкоагуляция синдромын;

б) сабақтың тақырыбы бойынша:

1. Жедел және созылмалы лейкоздар анықтамасы, жіктемесі.

2. Жедел және созылмалы лейкоздардың даму себептері мен механизмі.

3. Созылмалы миелолейкоз анықтамасы, себептері.

4. Созылмалы миелолейкоздың негізгі клиникалық синдромдары.

5. Созылмалы лимфолейкоз анықтамасы, себептері.

6. Созылмалы лимфолейкоздың негізгі клиникалық синдромдары.

5.Білім берудің және оқытудың әдістері:шағын топтар, пікірталас, жағдайлық есептер, жұптасып жұмыс істеу, презентациялар, кейс-стадии және т.б.

Шағын топта жұмыс істеу, дискуссия:

- лейкоздар, созылмалы лейкоздар (лимфолейкоз, миелолейкоз) кезеңдеріндегі клинико-гематологиялық сипаттамасын;

- түйіндерін, көкбауырын, бауырын пальпациялауды, перкуссия және аускультация өткізуді;

- қалыпты жағдайдағы және патологиядағы гематологиялық көрсеткіштерді талдауды;

- мен механизмі.

- Созылмалы миелолейкоз анықтамасы, себептері.

- Созылмалы миелолейкоздың негізгі клиникалық синдромдары.

- Созылмалы лимфолейкоз анықтамасы, себептері.

- Созылмалы лимфолейкоздың диагностикасы мен емдеу тәсілдері.

 

6. Әдебиет

Орыс тілінде

негізгі:

1.Общая врачебная практика. Национальное руководства. Том 1.ГЭОТАР-Мед. 2013г.

2.Внутренние болезни. І-ІІ том. Ав: Мухин Н.А.ГЭОТАР-Мед. 2015 г.

3.«Внутренние болезни» 1-2 том. Ав: Мартынов А.И., Мухин Н.А., Моисеев В.С. ГЭОТАР-Мед. 2013 г.

4.Внутренние болезни. Ав: Маколкин В.И. ГЭОТАР-Мед. 2015 г.

5.Внутренние болезни. Ав: Царев В.П. Ифра-М. 2014 г.

6.Педиатрия поруководством Баранова А.А. 2014 г.

7.Неотложная хирургия органов брюшной полости. Ав: Кондратенко П.Г. 2013 г.

8.Гинекология. Ав: Г.М.Савельева, В.Г.Бреусенко. 2012 г.

қосымша:

1.Внутренние болезни по Дэвидсону – Пульмонология. Ав:Бун Н., Колледж Н., Уолкер Б. 2013 г.

2.Пропедевтика внутренних болезней Ав: Гребенев А.Л. ШИКО 2015 г.

3.Внутренние болезни система органов дыхания. Ав: Струтынский А., Ройтберг Г. МЕДпресс – информ. 2015 г.

4.Пропедевтика внутренних болезней. Учебник для медицинских вузов. Ав: С. Рябов. СпецМед. 2015 г.

5.Поликлиническая терапия. Ав: Зюзенков М.В. 2012 г.

6.Электрокардиография. Ав: Ярцев С.С. 2014 г.

7.Аритмии сердца. Ав: Белялов Ф.И. 2014 г.

8.Эхография в гинекологии. Ав: Озерская М.А. 2013 г.

9.Гиперпластический синдром в гинекологии. Ав: Вишневский А.С. 2013 г.

10.«Акушерство». Ав: Дудо В.И. 2013 г.

11.«Гинекология». Ав: Г.М. Савельевой, Г.Т. Сухих, И.Б. Манухина. 2013 г.

Медициналық сайттар:

1. med-site.narod.ru

2. www.medicusamicus.com

3. www.medprof.ru

7.Бақылау (тесттер, ситуациялық есептер)

Тест сұрақтары

1. Жедел лейкоздың жалпы қан анализіндегі негізгі диагностикалық критериилер:

А) панцитопения

В) лейкоцитоз

С) базофильді-эозинофильді ассоциация

D) бластемия

Е) Боткин – Гумпрехт жасушалары                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                          

2. 58 жас науқас әйел, дәрігерге дене ыстығының жоғарлауына, тершеңдікке, жалпы әлсіздікпен шағымдалып қаралған. Қарағанда: бұғана асты, қолтық асты лимфа түйіндері ұлғайған, ауырсынусыз қозғалады, айқын емес спленомегалия. Қанда: Нв-80 г/л, лейк-72х109/л, тр-110х 109/л, формулада-лимфоцитоз 79%. Дұрыс диагнозды тандаңыз.

А) созылмалы миелолейкоз

В) жедел лейкоз

С) созылмалы лимфолейкоз

D) сейкемоидты реакция

Е) идиопатты миелофиброз.

3. Созылмалы миелолейкозбен науқастарда клиникалық көріністе басым:

А) спленомегалия

В) лимфоаденопатия

С) терілік лейкемиялық инфильтраттар

D) геморрагиялық бөртпелер

Е) гепатомегалия

4. Промиелоцитарлы лейкоз кезінде геморрагиялық синдром негізделеді:

А) тромбоцитопениямен

В) тромбоцитопатиямен

С) тұтыну коагулопатиясымен

D) тамырішілік шашыраңқы қан ұю синдромымен

Е) протромбинді кешен факторы тапшылығымен

5. Жедел лейкоздық толық ремисиясының ең негізгі белгісі:

A)гемограмада бласттардың жоғалуы

B)миелограммада бласттар саны 5% дейін

C)гемоглобин 110г/л төмен емес болуы

D)тромбоциттер 100х109/л төмен емес болуы

E)клиникалық статусының қалыптасуы

6. Созылмалы миелолейкозға тән қанның көрінісін көрсетіңіз:

A) панцитопения

B) анемия, бласттық түрлері бар лейкоцитоз

C) анемия, гиперлейкоцитоз, абсолютті лимфоцитоз

D) лейкоцитоз, таяқшалы ядроға ығысқан нейтрофилез

E) анемия, миелоциттерге, промиелоциттерге дейін ығысқан лейкоцитоз

7. Жедел лейкоз түрлерін анықтайтын зерттеу:

A) цитохимиялық реакция

B)гемограмма

C)ЭКГ

D)миелограмма

E)трепанобиопсия

8. 40 - жастағы ер адам, әлсіздік, тершеңдік, дене салмағының төмендеуі, сол қабырға астындағы тұйық ауыру сезімге шағымданады. Объективті: тері жабындылары бозғылт, ылғалды. Бауыры қабырға доғасынан 3 см төмен. Көкбауыры кіндік деңгейінде, тығыз, ауырмайды. Қанында: эритроциттер – 3,0 млн., лейкоциттер – 96 мың, тромбоциттер - 200 мың, миелобласттар - 2%, промиелоциттер – 84 г/л, метамиелоциттер - 8%, таяқша -12%, сегменттер - 52%, базофилдер - 5%, лимфоциттер - 12%. ЭТЖ – 56 мм/сағ. Төменде келтірілген диагноздардың қайсысының болуы мүмкін?

A. созылмалы миелолейкоз

B. созылмалы лимфолейкоз

C. жедел миелобласттық лейкоз

D. тромбофлебитикалық спленомегалия

E. миелоидты типті лейкемоидты реакция

9. Некроздық энтеропатия қайсысына тән емес?

A. лимфогранулематозға

B.  цитостатиктік ауруға

C.  иммундық агранулоцитозға

D.  жедел лейкозға

E.  В12-дефицитті анемияға

Клиникалық есептер

Есеп

Науқас К, 16 жаста, дене температурасының 38°С, қайталамалы мұрыннан қан кетуге, жүргенде байқалатын ентігуге, құрғақ жөтелге, бірден болатын жалпы әлсіздікке шағымданады.

4 апта бұрын ауырған, жұмыс қабілеті төмендеген,бас ауруы, бас айналуы, жалпы әлсіздік мазалаған. Мектептегі сабақтарына қиындықпен барып келген. Кейіннен дене температурасы 37,5-38°С, мұрыннан қан кетулер пайда болған. Учаскелік дәрігер жолдамасымен стационарға жіберілген.

Жалпы жағдайы орта ауырлықта. Тері және кілегей қабаты түсі бозғылт. Дененің және аяқ-қолдардың терісінде майда нүктелік геморрагиялық бөртпелер бар. Жақ асты, мойын, қолтық асты лимфа түйіндері ұлғайған, консистенциясы эластикалық, ауырсынбайды. Өкпеде везикула тынысы. Жүрек тондары тұйықталған, тахикардия.АҚ 110/60 мм.сын.бағ. Бауыр қабырға доғасынан 3 см. төмен, талақ 2 см. шығыңқы.

Кеуде клеткасының рентгеноскопиясында ұлғайған бронхо-пульмональды лимфа түйіндері анықталады.

Қан анализінде: Hв-60г/л, эритроциттер- 1,8х1012/л, түсті көрсеткіш 1,0, тромбоциттер 65х109 /л, лейкоциттер 8,2х109/л, т/я нейтрофильдер 1%, с/я нейтрофильдер - 7%, лимфоциттер - 11%, моноциттер - 2%, лимфобласттар 79%, ЭТЖ 50мм/сағ. Анизоцитоз және пойкилоцитоз айқын.

1. Болжам диагноз құрыңыз.

2. Лимфа түйіндерінің ұлғаюымен жүретін ауруларды атаңыз.

3. Қажетті зерттеулерді тағайындаңыз.

Есеп

Науқас А, 29 жаста, шофер. Стационарға мына шағымдармен келіп түсті: жұтқанда аранда ауырсыну, дене температурасының 38°С-қа жоғарылауы, сүйек және буындарда ауырсыну, иек терінің қанағыштығы, күшейетін жалпы әлсіздік.

Ауру екі апта бұрын басталған, суықтанудан соң дене температурасы 39°С-қа жоғарылаған, жұтқанда аранда ауырсыну, бас ауру мазалаған. Аймақтық дәрігер баспа деп диагностикалық ішке қабылдауға ампициллин, аранды шаюға фурациллин тағайындаған. Бірақ науқаста қызба сақталып сүйектерде ауырсыну мазалаған, иек терінің қанағыштығы пайда болған. Бір рет мұрынннан қан кету байқалған. Қанды амбулаторлы жағдайда тексергенде анемия және лейкоцитоз анықталған.

Жалпы жағдайы орта ауырлықта. Науқас адинамия жағдайында. Тері және кілегей қабаттары түсі бозғылт. Аяқ қолдарының терісінде майда нүктелік және дақты қан құйылулар байқалады. Иек пен бадамшалардың гиперплазиясы айқын. Ауыз қуысында жаралы некротикалық өзгерістер. Перифериялық лимфа түйіндері ұлғаймаған. Өкпеде везикулалық тыныс, жүрек ұшында систолалық шу, тондары тұйықталған, тахикардия. АҚ 100/65 мм с.б.б. Бауыр қабырға доғасынан 4 см, талақ 3 см. шығыңқы, пальпацияда ауырсынады.

Қан анализінде: Нb – 90г/л, эритроциттер – 3,0 х 1012/л, түсті көрсеткіш– 0,9 , тромбоциттер – 65 х 109/л, лейкоциттер – 26 х 109/л, таяқша ядролы нейторфилдер – 1%, сегментті ядролы нейтрофильдер– 33%, лимфоциттер – 10%, моноциттер – 5%, миелобласттар – 51%, ЭТЖ – 60 мм/сағ, анизоцитоз және пойкилоцитоз айқын.

1. Болжам диагнозыңыз. Дифференциальды диагноз жүргізетін ауруларды атаңыз.

1. Клиникалық диагноз қоюға қандай зерттеулер жүргізу керек.

Есеп.

41 жастағы науқас Б., II-ші топтың мүгедегi, гематология бөлiмiне келесi шағымдармен түстi: күрт әлсiздiк, қабырға астының қос жақты ауруы, жүдеу (1,5 айда 12 кг-ға), тершеңдiк.










Последнее изменение этой страницы: 2018-04-12; просмотров: 1366.

stydopedya.ru не претендует на авторское право материалов, которые вылажены, но предоставляет бесплатный доступ к ним. В случае нарушения авторского права или персональных данных напишите сюда...