Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция

Функциональды диагностикадан




МЕДИЦИНА ФАКУЛЬТЕТІ

АРНАЙЫ КЛИНИКАЛЫҚ ПӘНДЕР КАФЕДРАСЫ

«ЖДП-дағы дәлелді медицина» пәні бойынша

тәжірибелік сабаққа арналған әдістемелік өңдеулер жинағы

 


Мамандығы 5В130100 – «Жалпы медицина» мамандығының «Жалпы дәрігерлік практика» траекториясы

Курс – 5

 

Құрастырған: оқытушы, М.С.Алмуханбетова

 

 

Түркістан 2017-2018 оқу жылы

 

 

                                                         

Кафедра мәжілісінде талқыланды

№_____ «_____»_________2017ж

Кафедра меңгерушісімен бекітілді

м.ғ.к.,доц.м.а________Г.О.Нұсқабаева

 

                                                       

                                               

 

 

 

                                       

                                   

1. Тақырыбы: №1 ЖДП-дағы дәлелді медицина. Дәлелді медицинаның даму тарихы. ЖДП-дағы дәлелді медицинаның негізгі принциптері мен зерттеу әдістері.

2. Мақсаты:Студенттерді ЖДП-дағы дәлелді медицина пәнімен таныстыру. Медициналық мәліметті алдағы тәжірибеде қолдану.Жалпы дәрігерлік практикадағы дәлелді медицина анықтамасын және дәлелді медицинаның даму тарихын үйрену. ЖДП-дағы дәлелді медицинаның негізгі принциптері мен зерттеу әдістерінің қажеттілігін түсіну.

3. Оқыту мақсаты.

· ЖДП-дағы дәлелді медицина терминдерін студенттерге үйрету;

· Клиникалық зерттеу әдістерін айырмашылығын үйрету;

· Мәліметтер базасынан негізгі мәліметтерді қолдануын үйрету;

· Дәлелді медицина тұрғысынан медициналық мәліметтерге сыни бағалауды үйрету

Студент білу керек:

1. ЖДП-дағы дәлелді медицина пәнінің клиникалық пәндер және биологиялық статистикамен байланысын;

2. ЖДП-дағы дәлелді медицинаның даму тарихын;

3. ЖДП-дағы дәлелді медицинаның терминологиясын. Клиникалық пәндерде қолданылатын зерттеу әдістерінің түрлерін;

4. ЖДП-дағы дәлелді медицинаның дәрігер тәжірибесіндегі маңызын;

5. Құру принциптерін, өңдеу этаптарын, клиникалық типтерін (стандарттар, диагностикалау және емдеу әдістері);

Студент меңгеру керек:

1. Клиникалық жағдайды құрастыру кезінде принципін PICO қолдану;

2. Ғаламтор беттерінен мәліметтер базасын қолдана отырып әр түрлі мәлімет көздерін іздеу және дәлелді бағалау;

3. ЖДП-дағы дәлелді медицинаның терминаологиясын пайдалана отырып, медициналық мақалаларға сыни баға беріп, талдау жасау;

4. Тақырыптың негізгі сұрақтары.

1. Клиникалық зерттеу дизайнын және зерттеудің әдістемелік сапасын анықтау;

2. Тәжірибеге сәйкес клиникалық аудиттің болжамды жоспарын құрастыру;

3. AGREE сауалнамасын қолдана отырып клиникалық экспертиза өткізу;

4. Дәрілік қамтамасыздандыруды қалай жақсарту керек;

5. Дәрілік заттардың дұрыс емес жарнама белгілерін тану.

6. Клиникалық пәндерде қолданылатын зерттеу әдістерінің түрлері.

 

5. Білім берудің  және оқытудың әдістері-шағын топтар, пікірталас, жағдайлық есептер, жұптасып жұмыс істеу, презентациялар, кейс-стадии және т.б.

Шағын топтарда пікірталас:

· ЖДП-дағы дәлелді медицинаның терминологиясын. Клиникалық пәндерде қолданылатын зерттеу әдістерінің түрлерін;

· ЖДП-дағы дәлелді медицинаның дәрігер тәжірибесіндегі маңызын;

· Құру принциптерін, өңдеу этаптарын, клиникалық типтерін (стандарттар, диагностикалау және емдеу әдістері);

6. Әдебиеттер.

негізгі:

1. Р.Флетчер, С.Флетчер, Э.Вагнер «Клиническая эпидемиология. Основы доказательной медицины», М., 2001

2. В.В.Власов «Эпидемиология», М., 2004.

3. Т.Гринхальх «Основы доказательной медицины», М., 2006

қосымша:

1. Принципы клинической практики, основанной на доказанном. Рабочая группа по доказательной медицине под ред. Гордона Гайятта, Драммонда Ренни., М., 2003.

2. Доказательная медицина. Ежегодный справочник. М., 2002.

3. Дербисалина Г.А., Ахметова Д.Н., Бекбергенова Ж.Б., Тулешова Г.Т. «Доказательная медицина в вопросах и ответах » Караганда, 2013г.

4. Дербисалина Г.А., Махаметова М.Г.,Ахметова Д.Н., Бекбергенова Ж.Б., «Дәлелді медицинадағы сұрақтар мен оның жауаптары» Караганда, 2014г.

7.Бақылау.

Бақылау сұрақтары:

- AGREE сауалнамасын қолдана отырып клиникалық экспертиза өткізу;

- Дәрілік қамтамасыздандыруды қалай жақсарту керек;

- Дәрілік заттардың дұрыс емес жарнама белгілерін тану.

- Клиникалық пәндерде қолданылатын зерттеу әдістерінің түрлері.

                                                                                                                        

1.Тақырып: №2 ЖДП-дағы дәлелді медицинаның деңгейлері (I, II, II a, II b, III IV). PICO принципін қолдана отырып, клиникалық жағдайды құрастыру.

2. Мақсаты:Студенттерді ЖДП-дағы дәлелді медицинаның деңгейлерінің қажеттілігін тусіну. PICO принципін қолдана отырып, клиникалық жағдайды құрастыру әдістерін жетік меңгеру. Медициналық мәліметті алдағы тәжірибеде қолдану.

3. Оқыту мақсаты.

· ЖДП-дағы дәлелді медицина терминдерін студенттерге үйрету;

· Клиникалық зерттеу әдістерін айырмашылығын үйрету;

· Мәліметтер базасынан негізгі мәліметтерді қолдануын үйрету;

· Дәлелді медицина тұрғысынан медициналық мәліметтерге сыни бағалауды үйрету

Студент білу керек:

ЖДП-дағы дәлелді медицина пәнінің клиникалық пәндер және биологиялық статистикамен байланысын;

ЖДП-дағы дәлелді медицинаның терминологиясын.

Клиникалық пәндерде қолданылатын зерттеу әдістерінің түрлерін;

ЖДП-дағы дәлелді медицинаның дәрігер тәжірибесіндегі маңызын;

Құру принциптерін, өңдеу этаптарын, клиникалық типтерін (стандарттар, диагностикалау және емдеу әдістері);

Студент меңгеру керек:

Клиникалық жағдайды құрастыру кезінде принципін PICO қолдану;

Ғаламтор беттерінен мәліметтер базасын қолдана отырып әр түрлі мәлімет көздерін іздеу және дәлелді бағалау;

ЖДП-дағы дәлелді медицинаның терминологиясын пайдалана отырып, медициналық мақалаларға сыни баға беріп, талдау жасау;

4. Тақырыптың негізгі сұрақтары.

- Клиникалық пәндерде қолданылатын зерттеу әдістерінің түрлерін;

- ЖДП-дағы дәлелді медицинаның дәрігер тәжірибесіндегі маңызын;

- Құру принциптерін, өңдеу этаптарын, клиникалық типтерін (стандарттар, диагностикалау және емдеу әдістері);

- Клиникалық зерттеу дизайнын және зерттеудің әдістемелік сапасын анықтау;

- Тәжірибеге сәйкес клиникалық аудиттің болжамды жоспарын құрастыру;

- AGREE сауалнамасын қолдана отырып клиникалық экспертиза өткізу;

- Дәрілік қамтамасыздандыруды қалай жақсарту керек;

- Дәрілік заттардың дұрыс емес жарнама белгілерін тану.

- Клиникалық пәндерде қолданылатын зерттеу әдістерінің түрлері.

 

5. Білім берудің және оқытудың әдістері-шағын топтар, пікірталас, жағдайлық есептер, жұптасып жұмыс істеу, презентациялар, кейс-стадии және т.б.

Өткізу түрі: LС, кері байланыс:

- Клиникалық зерттеу дизайнын және зерттеудің әдістемелік сапасын анықтау;

- Тәжірибеге сәйкес клиникалық аудиттің болжамды жоспарын құрастыру;

- AGREE сауалнамасын қолдана отырып клиникалық экспертиза өткізу;

- Дәрілік қамтамасыздандыруды қалай жақсарту керек;

- Дәрілік заттардың дұрыс емес жарнама белгілерін тану.

- Клиникалық пәндерде қолданылатын зерттеу әдістерінің түрлері.

Формативті бағалау: ауызша сұрастыру:

· Құру принциптерін, өңдеу этаптарын, клиникалық типтерін (стандарттар, диагностикалау және емдеу әдістері);

6. Әдебиеттер.

негізгі:

1. Р.Флетчер, С.Флетчер, Э.Вагнер «Клиническая эпидемиология. Основы доказательной медицины», М., 2001

2. В.В.Власов «Эпидемиология», М., 2004.

3. Т.Гринхальх «Основы доказательной медицины», М., 2006

қосымша:

1. Принципы клинической практики, основанной на доказанном. Рабочая группа по доказательной медицине под ред. Гордона Гайятта, Драммонда Ренни., М., 2003.

2. Доказательная медицина. Ежегодный справочник. М., 2002.

3. Дербисалина Г.А., Ахметова Д.Н., Бекбергенова Ж.Б., Тулешова Г.Т. «Доказательная медицина в вопросах и ответах » Караганда, 2013г.

4. Дербисалина Г.А., Махаметова М.Г.,Ахметова Д.Н., Бекбергенова Ж.Б., «Дәлелді медицинадағы сұрақтар мен оның жауаптары» Караганда, 2014г.

7.Бақылау.

Бақылау сұрақтары:

- ЖДП-дағы дәлелді медицинаның зерттеу әдістері

- ЖДП-дағы дәлелді медицинаның деңгейі (I).

- ЖДП-дағы дәлелді медицинаның деңгейі (II).

- ЖДП-дағы дәлелді медицинаның деңгейі (II a).

- ЖДП-дағы дәлелді медицинаның деңгейі (II b).

- ЖДП-дағы дәлелді медицинаның деңгейі (III).

- ЖДП-дағы дәлелді медицинаның деңгейі (IV).

 

1.Тақырып: №3ЖДП-дағы жүрек қан-тамыр жүйесі (артериялық гипертензия, жүректің ишемиялық аурулары, метаболизмдік синдром) ауруларын дәлелді медицина тұрғысынан диагностикалау және емдеу тәсілдері.

2.Мақсаты:Артериялық гипертензияның эпидемиологиясы, жіктемесі және жүрек – қантамыр қаупінің жалпы стратификациясы бойынша білімдерін тереңдету.  Артериялық гипертензияның амбулаториялық жағдайда диагностикалық ізденіс алгоритмі, амбулаториялық жағдайда жүктілерді, қосарласқан ауруы бар егде жастағы және қарт адамдарда ауру ерекшелігін ескере отырып жүргізу тактикасы, артериялық қысымды өлшеу, пациентті үйретудің негізгі принциптері, динамикалық бақылау, дәрігерлік- еңбек сараптамасы мәселелері, реабилитациялық бағдарламасы, санаториялық – курорттық емі және алдын алу шаралары бойынша білімдерін және машықтануын қалыптастыру.

 

3. Оқыту мақсаты:

 Cтудент білуге тиіс:

1. Артериялық гипертензияның этиологиясын және патогенезін;

2. Артериялық гипертензияның жіктемесін, клиникасын, ағымын, асқынуларын және болжамын;

3. Клиникалық-зертханалық және аспаптық зерттеу әдістерінің заманауи әдістерін;

4. Артериялық гипертензияның амбулаториялық жағдайда диагностикалық ізденіс алгоритмін;

5. Амбулаториялық жағдайда жүктілерді, қосарласқан ауруы бар егде жастағы және қарт адамдарда ауру ерекшелігін ескере отырып жүргізу тактикасын;

6. Артериялық қысымды өлшеу, пациентті үйретудің негізгі принциптерін;

7. Динамикалық бақылауды;

8. Стационарға, күндізгі стационарға жатқызу көрсеткіші.

 Студент жасай алуы тиіс:

· амбулаториялық қабылдауда науқастан анамнез жинау;

· амбулаторлық жағдайда науқасты көзбен көру арқылы тексеріп, алғашқы диагнозды қою;

· басқа мамандардың кеңесіне немесе стационарға жолдама беруді негіздеу;

· еңбекке жарамсыздығын сараптау;

· науқасты амбулаториялық жүргізудің жоспарын құру;

· науқаспен, оның туыстарымен, әріптестерімен және басқа да медицина қызметкерлерімен жоғары сенімділік қатынас орнату;

Дағдыларды игерген болуы тиіс:

· Артериялық гипертензиясы бар науқастарды қарауды, пальпация және перкуссия жүргізуді;

· Қан қысымын өлшеу және пульсті санауды;

· ЭКГ жазу және қалыпты жағдайдағы және артериялық гипертензиясы бар науқастардағы ЭКГ-ны талдауды.

4.Тақырыптың негізгі сұрақтары:

 а) базистік білімі бойынша:

1. АҚ-ның қалыпты көрсеткіштерін (систолалық, диастолалық, пульстік).

2. РААС, САС, су-электролиттік бұзылыстар, эндокриндік жүйе, ОНЖ-нің АҚ-н реттеудегі орнын.

3. Жүрек тамыр жүйесінің қалыпты құрылысы.

б) сабақ тақырыбы бойынша:     

1. АГ анықтамасы, біріншілікті және екіншілікті артериялық гипертензия туралы түсінік.

2. АГ таралуы, этиологиясы, патогенезі.

3. Клиникалық көрінісі, нысана мүшелердің зақымдалуы.

4. АГ дәрежелерінің жіктелуі: І-ші, ІІ-ші, ІІІ–ші дәрежелері.

5. Гипертониялық криздер. Диагностикасы, АГ-мен науқастарды 3 кезеңдік тексеру әдістері.

6. Қауіп факторлары: АҚ мөлшері, гиперлипидемия, гиподинамия, 60 жастан асқан адамдар, қант диабеті, жынысы (еркек немесе әйел), менопауза,  жанұялық анамнезінде кардиологиялық аурулардың болуы, глюкозаға толеранттігінің төмендеуі, семіру ж.т.б.

7. Жоғарыдағы факторлардың бар немесе жоғына байланысты қауіп факторларының стратификациясы. Қауіп топтары туралы түсінік.

8. Симптомдық АГ-дың жіктемесі.

- Нефрогендік АГ-лар:

- Вазорендік АГ

- Эндокриндік АГ-лар:

- Гемодинамикалық АГ:

- Нейрогенездік АГ-лар:

- Дәрілік АГ:

 

9. Негізгі лабораториялық және аспаптық зерттеу әдістері.

10.Артериялық гипертензияның амбулаториялық жағдайда диагностикалық ізденіс алгоритмі.

12.Амбулаториялық жағдайда жүктілерді, қосарласқан ауруы бар егде жастағы және қарт адамдарда ауру ерекшелігін ескере отырып жүргізу тактикасы.

9. Стационарға, күндізгі стационарға жатқызу көрсеткіші.

10. Артериялық қысымды өлшеу, пациентті үйретудің негізгі принциптері.

11. Динамикалық бақылау.

12. Дәрігерлік- еңбек сараптамасы мәселелері.

5. Білім берудің және оқытудың әдістері -шағын топтар, пікірталас, жағдайлық есептер, жұптасып жұмыс істеу, презентациялар, кейс-стадии және т.б.

Өткізу түрі: шағын топта жұмыс істеп келесі жағдайлық есепті шешу:


Есеп №1.

55 жастағы әйел ауруханаға түсті. Шағымдары: басының шүйде аймағы аурады, басы айналады, қулақтары шулайды, жүрек тұсы шаншып ауырады, жүрегі айниды, бір рет құсқан.

Анамнезінде: 10 жыл бойы аурады, АҚ жоғары екені бірінші рет медициналық қарау кезінде анықталған. Содан бастап диспансерлік бақылауда тұрады, кей кездерде энат, атенолол, тромбокард ішіп жүреді. Үш рет стационарда емделген, бірақ шыққаннан кейін тағайындалған емді толық және тұрақты қолданбаған. Себебі: басы ауырмағанда дәрілерін ішпеген. Соңғы 2 жыл ішінде АҚ 170/100 мм.с.б. көтерілді, кейде 220/120 мм.с.б. жоғарылайды. Кеше жұмысындағы жағымсыз жағдайға байланысты, көңіл-күйі нашарлады: басы қатты ауырып айналды, жүрегі шаншыды, жүрегі айнып бір рет құсты. Гипотензивті дәріні ішкеніне қарамастан «Жедел жәрдем» машинасымен ауруханаға жеткізілді.

 Қарау: жағдайы орташа ауырлықта, бет-қабақтары аздап ісінген, бозғылт. Сана сезімі айқын, патологиялық рефлекстері жоқ. Бетінің сол жағында тактильдык және ауырсыну сезімталдығы төмендеген. Перкуссияда жүректің шала тұйық шекарасы солға 2 см ығысқан, тыңдағанда 2-ші нуктеде ІІ тонның акценті естіледі. АҚ 230/120 мм.с.б. Пульсі 60 рет минутына, ырғақты. ЭКГ-да сол қарынша гипертрофиясының белгілері анықталады.

1. Диагнозды қойыңыз. Науқаста қандай асқыну дамыған?

2. Жедел жәрдем көрсетіңіз.

3. Тексеру жоспарын жазыңыз.

4. Емді тағайындаңыз.

Есеп № 2.

Науқас Т., 19 жаста, стационарға: жүрек соғуының жиiлеуi, қалтырау, терлеу, терісінің қуқылдануы, басының айналуы, жүрек айнуы, құсу, басының қатты ауруымен сипатталатын ұстамаға шағымданып келді.

       Өзiн 3 жылдан берi ауру деп санайды. Алғашқыда ұстама 10-20 минуттарға созылған, кейiнгi кездерi 2-3 сағат және одан ұзақ уақытқа созылатын болды. Ұстама кезiнде артериялық қысымы өте жоғарылайды және ұстама аралық уақытында да жоғарылаған күйiнде қалады.

       Науқас емханада тексерiлген, нейроциркуляциялық дистония қойылған. Жарты жылдан кейiн “Гипертонялық ауру II сатысы, бас миының зақымдалуымен” деген диагноз қойылған. Клофелин, допегит, капотенмен ем – нәтижесiз болған.

       Об-тi: жалпы жағдайы қанағаттанарлық, терi жамылғылары қалыпты түсті. Жүрек ұшында әлсiз систолалық шу, аорта үстiнде II тонның акцентi бар. АҚ 150/100 мм сын. бағ. Бауыры қабырға доғасына сәйкес келедi. Бүйректі пальпациялау кезiнде науқастың жағдайы кенеттен нашарлап, қорқыныш сезiмi туды, терiсі бозғылттанды, аяқ-қолдарының салқындауы және треморы, жүрек айнуы, тершеңдік дамыды. Артериялық қысымы 250/140 мм сын. бағ. дейін көтерілді. Пульс кернеуі жоғарылады, минутына 120 рет болды.

Ұстама кезiнде түсірілген ЭКГ-да тахикардия, қарыншалық экстрасистолия тіркелді. Қанда лейкоцитоз – 11,2х109/л.

1. Алғашқы диагнозды қойыңыз.

2. Тексеру жоспарын жазыңыз.

3. Дифференциялық диагноз схемасын құрастырыңыз.

4. Айығу және еңбекке қабiлеттiлік болжамын анықтаңыз.

5. Дәрiгердiң тактикасы.

 

Формативті бағалау: ауызша сұрастыру:

- Клиникалық-зертханалық және аспаптық зерттеу әдістерінің заманауи әдістерін;

- Артериялық гипертензияның амбулаториялық жағдайда диагностикалық ізденіс алгоритмін;

- Амбулаториялық жағдайда жүктілерді, қосарласқан ауруы бар егде жастағы және қарт адамдарда ауру ерекшелігін ескере отырып жүргізу тактикасын;

- Артериялық қысымды өлшеу, пациентті үйретудің негізгі принциптерін;

- Динамикалық бақылауды; Стационарға, күндізгі стационарға

 

6. Әдебиет

Орыс тілінде

негізгі:

1.Общая врачебная практика. Национальное руководства. Том 1.ГЭОТАР-Мед. 2013г.

2.Внутренние болезни. І-ІІ том. Ав: Мухин Н.А.ГЭОТАР-Мед. 2015 г.

3.«Внутренние болезни» 1-2 том. Ав: Мартынов А.И., Мухин Н.А., Моисеев В.С. ГЭОТАР-Мед. 2013 г.

4.Внутренние болезни. Ав: Маколкин В.И. ГЭОТАР-Мед. 2015 г.

5.Внутренние болезни. Ав: Царев В.П. Ифра-М. 2014 г.

6.Педиатрия поруководством Баранова А.А. 2014 г.

7.Неотложная хирургия органов брюшной полости. Ав: Кондратенко П.Г. 2013 г.

8.Гинекология. Ав: Г.М.Савельева, В.Г.Бреусенко. 2012 г.

қосымша:

1.Внутренние болезни по Дэвидсону – Пульмонология. Ав:Бун Н., Колледж Н., Уолкер Б. 2013 г.

2.Пропедевтика внутренних болезней Ав: Гребенев А.Л. ШИКО 2015 г.

3.Внутренние болезни система органов дыхания. Ав: Струтынский А., Ройтберг Г. МЕДпресс – информ. 2015 г.

4.Пропедевтика внутренних болезней. Учебник для медицинских вузов. Ав: С. Рябов. СпецМед. 2015 г.

5.Поликлиническая терапия. Ав: Зюзенков М.В. 2012 г.

6.Электрокардиография. Ав: Ярцев С.С. 2014 г.

7.Аритмии сердца. Ав: Белялов Ф.И. 2014 г.

8. Эхография в гинекологии. Ав: Озерская М.А. 2013 г.

9. Гиперпластический синдром в гинекологии. Ав: Вишневский А.С. 2013 г.

10.«Акушерство». Ав: Дудо В.И. 2013 г.

11.«Гинекология». Ав: Г.М. Савельевой, Г.Т. Сухих, И.Б. Манухина. 2013 г.

Медициналық сайттар:

1. med-site.narod.ru

2. www.medicusamicus.com

3. www.medprof.ru

7.Бақылау (тесттер)

Тест сұрақтары

1. Науқас Н., 67 жаста, 10 жыл бойы артериялық қан қысымымының жоғарлауымен ауырады, 15 жыл бойы шылым шегеді, сонымен қатар қантты диабеттің 2-ші түрімен 4-жыл бойы ауырады, тәулігіне 850 мг мөлшерінде глюкофаж қабылдайды. Дене салмағының индексі 29 кг/м2, холестерин деңгейі 5,0 ммоль/л. ЭКГ –де сол жақ қарыншаның гипертрофия көріністері анықталды. Қараған кезде АҚҚ160/110 мм.с.б.б. Сіздің диагнозыңыз:

A. АГ 3 дәреже, 2 кезең, қауіп 4

B. АГ 2 дәреже, 3 кезең, қауіп 3

C. АГ 2 дәреже, 2 кезең, қауіп 4

D. АГ 1 дәреже 2 кезең, қауіп 4

E. АГ 3 дәреже, 3 кезең, қауіп 4

2. Артериальды гипертонияның қауып дәрежесін бағалаңыз: Артериальды қысым, 1 дәрежесі; қауып факторлары, нысана-мүшелер зақымдануы мен ассоцирленген аурулар жоқ.

А) төмен қауып

В) орташа қауып

С) жоғары қауып

D) өте жоғары қауып

Е) асқынулардың даму қаупы болмайды

3. Артериялық гипертонияның қатер тобын бағалаңыз: Артериялық қысым, 3 дәрежесі; қатер факторы 1-2; нысана-мүшелердің зақымдалуы, ассоциирленген аурулар жоқ.

А) төмен қатер

В) орта қатер

С) үлкен қатер

D) өте жоғары қатер

Е) асқынулардың даму қатері жоқ                                                                      

4. Артериялық қан қысымы 140/90 мм.с.б. және қант диабетімен ауыратын науқастың қауіп тобы:

А) жоғары қауіп тобы

В) өте жоғары қауіп тобы

С) орташа қауіп тобы

D) төмен қауіп тобы

Е) қауіп тобына жатпайды

5. Артериялық гипертония кезінде ЭКГ-да кездеседі:

A) Гисс шоғырының блокадасы

B) U тісшесінің амплитудасы жоғарлайды

C) жүрекше мен қарынша аралығындағы өткізгіштіктің нашарлауы

D) сол қарыншаның гипертрофиясы

E) Р тісшесінің амплитудасы жоғарлайды

 

 

1.Тақырып: №4ЖДП-дағы жүрек қан-тамыр жүйесі (ырғақ бұзылыстары, жүрек шамасының жеткіліксіздігі) ауруларын дәлелді медицина тұрғысынан диагностикалау және емдеу тәсілдері

 

2.Мақсаты:Аритмиялардың амбулаториялық жағдайда диагностикалық ізденіс алгоритмі, амбулаториялық жағдайда жүктілерді, қосарласқан ауруы бар егде жастағы және қарт адамдарда ауру ерекшелігін ескере отырып жүргізу тактикасы, стационарға, күндізгі стационарға жатқызу көрсеткіші, дәрігерлік-еңбек сараптамасы мәселелері, реабилитациялық бағдарламасы, динамикалық бақылау және алдын-алу шаралары бойынша білімдерін және машықтануын қалыптастыру.

3. Оқыту мақсаты:

Cтудент білуге тиіс:

1. Аритмиялардың этиологиясын және патогенезін;

2. Аритмиялардың жіктемесін, клиникасын, ағымын, асқынуларын және болжамын;

3. Клиникалық-зертханалық және аспаптық зерттеу әдістерінің заманауи әдістерін;

4. Аритмиялардың амбулаториялық жағдайда диагностикалық ізденіс алгоритмін;

5. Амбулаториялық жағдайда жүктілерді, қосарласқан ауруы бар егде жастағы және

қарт адамдарда ауру ерекшелігін ескере отырып жүргізу тактикасын;

6. Стационарға, күндізгі стационарға жатқызу көрсеткішін;

7. Дәрігерлік-еңбек сараптамасы мәселелерін;

8. Реабилитациялық бағдарламасын;

9. Динамикалық бақылауды және алдын-алуын

   

Студент жасай алуы тиіс:

· амбулаториялық қабылдауда науқастан анамнез жинау;

· амбулаторлық жағдайда науқасты көзбен көру арқылы тексеріп, алғашқы диагнозды қою;

· басқа мамандардың кеңесіне немесе стационарға жолдама беруді негіздеу;

· еңбекке жарамсыздығын сараптау;

· науқасты амбулаториялық жүргізудің жоспарын құру;

· науқаспен, оның туыстарымен, әріптестерімен және басқа да медицина қызметкерлерімен жоғары сенімділік қатынас орнату;

Дағдыларды игерген болуы тиіс:

· Аритмиясы бар науқастарды қарауды, пальпация және перкуссия жүргізуді;

· Қан қысымын өлшеу және пульсті санауды;

· ЭКГ жазу және қалыпты жағдайдағы және ырғық бұзылысы бар науқастардағы ЭКГ-ны талдауды.

4.Тақырыптың негізгі сұрақтары:

а) базистік білімі бойынша:

1. Жүрек-тамыр жүйесінің анатомо-физиологиялық ерекшелігі.

2. Жүректің өткізгіштік жүйесінің схемасы

б) сабақ тақырыбы бойынша:     

1. Ырғақ және өткізгіштік бұзылысының жіктемесі.

2. Аритмияның негізгі этиологиялық факторлары.

3. Аритмияның патогенетикалық даму механизмі.

4. Жүрекшелер жыбыры, даму себептері, механизмдері.

5. Жүрекшелер дірілі, даму себептері мен механизмі.

6. Синус түйіні әлсіздік синдромының даму себептері мен механизмі, классификациясы.

7. АВ блокадаларының даму себептері мен механизмі, классификациясы.

8. Жүрек ырғағы және өткізгіштігі бұзылыстарының ЭКГ диагностикасы;

9. Аритмиялардың амбулаториялық жағдайда диагностикалық ізденіс алгоритмі.

10. Амбулаториялық жағдайда жүктілерді, қосарласқан ауруы бар егде жастағы және қарт адамдарда ауру ерекшелігін ескере отырып жүргізу тактикасы.

11. Стационарға, күндізгі стационарға жатқызу көрсеткіші.

12. Дәрігерлік-еңбек сараптамасы мәселелері.

13. Реабилитациялық бағдарламасы.

14. Динамикалық бақылау және алдын-алу.

5. Білім берудің және оқытудың әдістері

Өткізу түрі: науқасты шолуға қатысу, тақырыптық науқастарды талқылау:

студенттердің оқытушының көмегімен оқу бөлмесінде бір-біріне ми бағанасы және онда орналасқан жұп нервтерқызметін зерттеуге машықтанады.

Б) Оқытушы алдын-ала дайындалған, ырғақ бұзылыстары бар науқастарды таратады.

В) Студенттердің науқастардың курациялануы.

науқас курациясы, шағын топта жұмыс істеу - жағдайлық есепті шешу: Оқытушы студенттердің өз бетімен жасалған зерттеу жұмыстарының нәтижесін жеке-жеке талқылауға көмектесіп науқастардың ауруларының диагноздарын, диагностикасы мен емдеу тәсілдерін анықтатады.

       Есеп № 1.75 жастағы науқас әйел ықшам ауданның дәрiгерiн үйiне шақырды: қалыпты, тыныш жағдайдағы ентiгу, жүрек аймағында шалыс соғулар мен ауырсыну сезiну, аяқ бастарының тұрақты iсiнуi.

       Анамнезiнен: 5 жыл бұрын физикалық күштемелерге ентiгу мен аяқ бастарының iсiнуi пайда болған. Мезгiл-мезгiл диуретиктер мен жүрек гликозидтерiн (дигоксин, целанид) қабылдағанда ентiгуi мен аяқ бастарының iсiнуi кемiген. Жағдайының ауырлауы – соңғы екi айда.

       Об-тi: жалпы жағдайы орта ауырлықта, салмағы артық, акроцианоз. Ентiгуi тыныш жағдайда байқалды, төсекке горизонталь қалыпта жатудан бас тартты. Перифериялық iсiну аяқ басынан тiзесiне дейiн. Өкпесiнде везикулалық тыныс, төменгi бөлiктерiнiң үстiнде үнсiз, ылғалды сырылдар. Жүректiң шала тұйық дыбыс шектерiнiң сол жағы сол бұғана орта сызығынан 1,5 см тыс. Жүрек тондары тұйықталған, ырғақсыз, жүрек ұшында систолалық шу, аорта үстiнде II тонның акцентi, ж.с.с. 96, пульсi 84 рет минутына, ырғақсыз, толуы мен кернеуi әртүрлi. АҚ 130/70 мм сын. бағ. Бауыры қабырға доғасынан 3 см-дей төмен, тығыз эластик консистенциялы.

1. Болжам диагнозы.

2. Негiзгi синдромына байланысты күдiктi ауруларға тәуелдi тексеру жоспары.

3. Дифференциялық диагнозы.

Есеп № 2.52 жастағы науқас, ер кiсi, II топ мүгедегi, келесi шағымдармен келдi: тыныш жағдайдағы ентiгу, жүрек жұмысының шалыстығын сезу, аяқ бастарының iсiнуi, оң қабырға астындағы ауырлық сезiмi.

        Екі жыл бұрын миокардтың инфарктiсiмен ауырғаннан берi болмашы физикалық күштенулерге жүрек қағып кетуi, жүрек тұсының ауыруы, инспирациялық ентiгу мазалайды. Жағдайы бiр ай бұрын төмендеген: ентiгуі күшейген, аяқ басы мен балтырларының iсiнуi, жүрек жұмысының шалыстығы, оң қабырға астының ауыр тартуы дамыған.

       Об-тi: жалпы жағдайы орта ауырлықта, терi жамылғылары қуқыл, акроцианоз. Аяқтары балтырына дейiн iсiнген. Өкпесiнде везикулалық тыныс, төменгi аймақтарында тынысы әлсiреген, сол жерлерде үнсiз ылғалды сырылдар естiледi, тыныс жиiлiгi 26 әр минутта. Жүрек тондары әлсiз, ырғақсыз, ж.с.с. 118 минутына, АҚ 110/70 мм сын. бағ. Пульсi 102 рет минутына, ырғақсыз, кернеуi мен толуы әртүрлi, пульс тапшылығы бір минутта – 16. Пальпацияда iшi жұмсақ, оң қабырға астының ауырсынуы бар, бауыры 4 см-ге шығыңқы, пальпацияда ауырады, қатты эластик консистенциялы, талағы үлкеймеген.

       ЭКГ-де: RR интервалы 0,48-0,65 сек, Р тiсшесi жоқ, III, aVF тiркемелерiнде кеңіген, терең Q тiсшесi.

1. Болжам диагнозы.

2. Негiзгi синдромына байланысты (ЭКГ-ны шешiңiз) күдiктi ауруларға тәуелдi тексеру жоспары. 

3. Дифференциялық диагнозы.

 

6. Әдебиет

Орыс тілінде

негізгі:

1.Общая врачебная практика. Национальное руководства. Том 1.ГЭОТАР-Мед. 2013г.

2.Внутренние болезни. І-ІІ том. Ав: Мухин Н.А.ГЭОТАР-Мед. 2015 г.

3.«Внутренние болезни» 1-2 том. Ав: Мартынов А.И., Мухин Н.А., Моисеев В.С. ГЭОТАР-Мед. 2013 г.

4.Внутренние болезни. Ав: Маколкин В.И. ГЭОТАР-Мед. 2015 г.

5.Внутренние болезни. Ав: Царев В.П. Ифра-М. 2014 г.

6.Педиатрия поруководством Баранова А.А. 2014 г.

7.Неотложная хирургия органов брюшной полости. Ав: Кондратенко П.Г. 2013 г.

8.Гинекология. Ав: Г.М.Савельева, В.Г.Бреусенко. 2012 г.

қосымша:

1.Внутренние болезни по Дэвидсону – Пульмонология. Ав:Бун Н., Колледж Н., Уолкер Б. 2013 г.

2.Пропедевтика внутренних болезней Ав: Гребенев А.Л. ШИКО 2015 г.

3.Внутренние болезни система органов дыхания. Ав: Струтынский А., Ройтберг Г. МЕДпресс – информ. 2015 г.

4.Пропедевтика внутренних болезней. Учебник для медицинских вузов. Ав: С. Рябов. СпецМед. 2015 г.

5.Поликлиническая терапия. Ав: Зюзенков М.В. 2012 г.

6.Электрокардиография. Ав: Ярцев С.С. 2014 г.

7.Аритмии сердца. Ав: Белялов Ф.И. 2014 г.

8. Эхография в гинекологии. Ав: Озерская М.А. 2013 г.

9. Гиперпластический синдром в гинекологии. Ав: Вишневский А.С. 2013 г.

10.«Акушерство». Ав: Дудо В.И. 2013 г.

11.«Гинекология». Ав: Г.М. Савельевой, Г.Т. Сухих, И.Б. Манухина. 2013 г.

Медициналық сайттар:

4. med-site.narod.ru

5. www.medicusamicus.com

6. www.medprof.ru

7.Бақылау (тесттер)

1. ЭКГ-да QRS комплесінің біркелкі деформациясы тіркелінген. ЖЖЖ минутына 180 рет. Науқаста жүрек ырғағының қандай бұзылысы болуы мүмкін?

A) қарыншалық экстрасистолия

B) пароксизмальды суправентикулярлы тахикардия

C) синустық тахикардия

D) пароксизмальды қарыншалық тахикардия

E) пароксзмальды қарыншалар фибрилляциясы

2. С. атты 42 жастағы науқас, бір жыл бұрын ентігу және оң жақ қабырғасының астында ауыру сезімін байқаған. Осыдан кейін түнгі уақытта тұншығу ұстамалары пайда болып, балтырлары ісінген. Соңғы айларда қан түкірген. Объективті: өкпесінің төменгі бөлімінде – ұсақ көпіршікті айқын естілмейтін сырылдар. Жүрек шекаралары солға қарай ығысқан, жүрек үндері бәсең. ЖЖЖ – 90 рет мин. Жүрек ұшында систолалық шуыл. ЭКГ- жыпылық аритмиясының тахисистолалық түрі. ЭхоКГ-да: Айдау фракциясы - 21%. Диффузды гипокинезия. Сіздің диагнозыныз?

A) Ревматикалықемес миокардит, аралас түрі, жедел асты ағым

B) Алкогольді кардиомиопатия, СЖЖ ІІА (ФК ІІІ)

C) Ишемиялық кардиомиопатия, жыбыр аритмия, СЖЖ І (ФК І)

D) Рестриктивті кардиомиопатия, жыбыр аритмия, СЖЖ ІІБ (ФК ІІІ)

E) Дилатациялық кардиомиопатия, жыбыр аритмия, СЖЖ ІІБ (ФК ІІІ)

3. QRS кешенінің кеңеюімен тахикардия кезінде Р тісшелерінің болмауы тән:

A) Жүрекшелік пароксизмальды тахикардия

B) Атриовентрикулярлы пароксизмальды тахикардия

C) Лаун – Генонг – Ливайн синдромында жүрекшелік пароксизмальды тахикардия

D) Қарыншалық пароксизмальды тахикардия

E) Синусты аритмия

4. Жүрекше жыбырын ЭКГ да көрсетеді:

A) Ретсіз F толқынының әртүрлі формасы мен амплитудасы

B) QRS комплексінің 0,12c ұлғаюы

C) ST сегментінің изолиниядан төмендеуі

D) биік, үшкір,P тісшесі.

5. Жүрек соғу санына қарай жыбыр аритмияны мына төмендегі түрлерге бөледі:

А) нормосистолиялық, тахисистолиялық., брадисистолиялық

В) нормосистолиялық, пароксизмдік, брадисистолиялық

С) нормосистолиялық, тахисистолиялық., пароксизмдік

D) пароксизмдік, тахисистолиялық., брадисистолиялық

Е) өтпелі, пароксизмдік, брадисистолиялық

 

1.Тақырып: №5ЖДП-дағы тыныс алу жүйесі ауруларын дәлелді медицина тұрғысынан диагностикалау және емдеу тәсілдері. Аралық бақылау 1.

2.Мақсаты: Жедел және созылмалы бронхит. Ауруханадан тыс пневмонияның этиологиясын, патогенезін, клиникасын, диагностикасын, дифферециальды диагностикасын, емдеу принциптерін, профилактикасын үйрену. Өкпеде қабыну инфильтрациясы синдромы бар нақты науқасқа клиникалық, лабораториялық, инструменталды зерттеу жүргізуді, ем және профилактика принциптерімен танысу.

3.Оқыту мақсаты:

Студент білуі тиіс:

1. Бронх-өкпе жүйесі құрылысын және қызметін;

2. Жедел және созылмалы бронхиттердің этиологиясын және патогенезін;

3. Жедел және созылмалы бронхиттердің жіктемесін, клиникасын, ағымын, асқынуларын және болжамын;

4. Жедел және созылмалы бронхиттердің қосымша зерттеу тәсілдерін;

5. Бронхтық өткізгіштігінің бұзылу синдромы бар балаларды, жасөспірімдерді, егде және қарт науқастарды жүргізу ерекшеліктерін.

6. Ауруханадан тыс пневмонияның эпидемиологиясын, этиологиясын, жіктемесін;

7. Ауруханадан тыс пневмонияның патогенезін, клиникалық белгілерін, диагностикасын және дифференциальді диагностикасын;

8. Балаларды, жасөспірімдерді, егде және қарт адамдарды жүргізу ерекшеліктері.

Студент жасай алуы тиіс:

1. науқастың шағымын, ауру тарихын, өмір тарихын сұрастыруды;

2. тематикалық науқас бойынша объективті зерттеу жүргізуді;

3. синдромдарды ажырата алуды;

4. алғашқы болжам диагноз қою және оны негіздеуді;

5. дифференциалды диагноз жасау, клиникалық диагнозды негіздеуді;

6. өмірі және жұмысқа қабілеті бойынша болжам жасауды;

7.бронхтық өткізгіштігінің бұзылу синдромы бар науқастарға дәрігерлік - еңбек сараптама жүргізуді, реабилитациялық бағдарлама жасауды

 Дағдыларды игерген болуы тиіс:

· Өкпе аурулары бар науқастарды қарау, пальпация, перкуссия және аускультация жасауды;

·  Қақырық және плевра сұйықтық анализін талдауды;

·  Пикфлоуметрия жүргізуді және оның нәтижелерін талдауды;

·  Спирометрия жүргізуді және оның нәтижелерін талдауды.

·  Өкпенің тығыздалу синдромының рентгенологиялық белгілерін ажырата білуді.

4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

А. Базистік білім бойынша:

1. Анатомия және паталогиялық анатомия бойынша: өкпенің және бронхтардың құрылысы және патологиялық өзгерістері.

2. Физиология және патофизиология бойынша: бронхөкпе жүйесінің қызметі және қызметінің бұзылуы, мукоцилиарлы транспорт қызметінің ерекшеліктері.

3. Микробиология бойынша: тыныс алу жүйесінің зақымдануын шақыратын микроорганизмдер және олардын ерекшеліктері (вирустар, бактериялар, қарапайымдар және саңырауқұлақтар).

4. Ішкі аурулар пропедевтикасы және визуальды диагностика бойынша: физикалды зерттеу тәсілдері, лабораториялық және аспаптық зерттеулер нәтижелерінің диагностикалық маңызы (қақырықты зерттеу, өкпе рентгенографиясы, спирография, пикфлоуметрия).

 

Б.Сабақтың тақырыбы бойынша:

1. Жедел бронхиттің анықтамасы және этиологиясы

2. Жедел бронхиттің патогенезі

3. Жедел бронхиттің клиникасы

4. Созылмалы бронхиттің анықтамасы және этиологиясы

5. Созылмалы бронхит патогенезінің схемасы

6. Созылмалы бронхиттің клиникасы

7. Өкпенің созылмалы обструктивті ауруларының анықтамасы, этиологиясы, патогенезі.

8. Өкпенің созылмалы обструктивті ауруларының патогенезі.

9. Өкпенің созылмалы обструктивті ауруларының клиникасы.

10. Бронхиалды обструкция синдромы кезіндегі жалпы клиникалық және биохимиялық зерттеулер, қақырықты зерттеу, рентгенография, фибробронхоскопия жүргізу.

11. Тыныс ағзаларының ауруларында спирография және пикфлоуметрия жасаудың маңыздылығы.

12. Ауруханадан тыс пневмонияның эпидемиологиясы, этиологиясы, жіктемесі.

13. Ауруханадан тыс пневмонияның патогензі, клиникасы, қоздырғышына байланысты клиникалық белгілерінің ерекшеліктері.

14. Ауруханадан тыс пневмонияның диагностикасы және дифференциальді диагностикасы.

15. Ауруханадан тыс пневмониясы бар балаларды, жасөспірімдерді, егде және қарт адамдарды жүргізу ерекшеліктері.

5.Білім берудің және оқытудың әдістері:шағын топтар, пікірталас, жағдайлық есептер, жұптасып жұмыс істеу, презентациялар, кейс-стадии және т.б.

Өткізу түрі: науқасты шолуға қатысу, тақырыптық науқастарды талқылау, науқас курациясы:

Студенттердің оқытушының көмегімен оқу бөлмесінде бір-біріне мидың жоғарғы саналылық қызметтері, вегетативтік нерв жүйесі қызметін зерттеуге машықтанады.

Б) Оқытушы алдын-ала дайындалған, мидың жоғарғы саналылық қызметтері, вегетативтік нерв жүйесі қызметінің зақымдалған науқастарды таратады.

В) Студенттердің науқастардың курациялануы.

Г) курацияланған науқастарының зерттеудегі мануальді дағдысы, табылған симптомдарынан синдромдар шығарып, қорытындысында топикалық диагнозын дұрыс шешуіне байланысты әр студентке клиникалық жағдай.

 - шағын топта жұмыс істеу, дискуссиялар:

Оқытушы студенттердің өз бетімен жасалған зерттеу жұмыстарының нәтижесін жеке-жеке талқылауға көмектесіп науқастардың ауруларының топикалық диагноздарын анықтатады., рольдық ойындар, кері байланыс.

Формативті бағалау: ауызша сұрастыру, тестілеу.

- Өкпенің созылмалы обструктивті ауруларының клиникасы.

-Бронхиалды обструкция синдромы кезіндегі жалпы клиникалық және биохимиялық зерттеулер, қақырықты зерттеу, рентгенография, фибробронхоскопия жүргізу.

-Тыныс ағзаларының ауруларында спирография және пикфлоуметрия жасаудың маңыздылығы.

 

6. Әдебиет

Орыс тілінде

негізгі:

1.Общая врачебная практика. Национальное руководства. Том 1.ГЭОТАР-Мед. 2013г.

2.Внутренние болезни. І-ІІ том. Ав: Мухин Н.А.ГЭОТАР-Мед. 2015 г.

3.«Внутренние болезни» 1-2 том. Ав: Мартынов А.И., Мухин Н.А., Моисеев В.С. ГЭОТАР-Мед. 2013 г.

4.Внутренние болезни. Ав: Маколкин В.И. ГЭОТАР-Мед. 2015 г.

5.Внутренние болезни. Ав: Царев В.П. Ифра-М. 2014 г.

6.Педиатрия поруководством Баранова А.А. 2014 г.

7.Неотложная хирургия органов брюшной полости. Ав: Кондратенко П.Г. 2013 г.

8.Гинекология. Ав: Г.М.Савельева, В.Г.Бреусенко. 2012 г.

қосымша:

1.Внутренние болезни по Дэвидсону – Пульмонология. Ав:Бун Н., Колледж Н., Уолкер Б. 2013 г.

2.Пропедевтика внутренних болезней Ав: Гребенев А.Л. ШИКО 2015 г.

3.Внутренние болезни система органов дыхания. Ав: Струтынский А., Ройтберг Г. МЕДпресс – информ. 2015 г.

4.Пропедевтика внутренних болезней. Учебник для медицинских вузов. Ав: С. Рябов. СпецМед. 2015 г.

5.Поликлиническая терапия. Ав: Зюзенков М.В. 2012 г.

6.Электрокардиография. Ав: Ярцев С.С. 2014 г.

7.Аритмии сердца. Ав: Белялов Ф.И. 2014 г.

8. Эхография в гинекологии. Ав: Озерская М.А. 2013 г.

9. Гиперпластический синдром в гинекологии. Ав: Вишневский А.С. 2013 г.

10.«Акушерство». Ав: Дудо В.И. 2013 г.

11.«Гинекология». Ав: Г.М. Савельевой, Г.Т. Сухих, И.Б. Манухина. 2013 г.

Медициналық сайттар:

1. med-site.narod.ru

2. www.medicusamicus.com

3. www.medprof.ru

7.Бақылау (тесттер, ситуациялық есептер)                                                                          

Тестілік сұрақтары

1. Науқас 37 жаста, дәрігерге ентігуге, шырышты-іріңді қақырықты жөтелге шағымданып келді. Жағдайының 5 күн бұрын нашарлауын айтады. 5 жыл бойы ауырады. Көктеммен -күз айларында аурудың өршуі байқалған. Шырышты-іріңді қақырық аурудың өршуі кезінде бірнеше ай бойы және өте көп мөлшерде бөлінеді. Темекіні 20 жылдан бері күніне 1 қорап шегеді. Объективті қарағанда: дене қызуы 37,50С. Өкпеде айқын перкуторлық дыбыс естіледі. Аускультацияда: везикулярлы тыныс әлсіреген. ТАЖ минутына 22 рет. Жүрек тоны анық, ырғақты, ЖЖЖ минутына 72 рет, АҚ 120/80мм.сн.бағ. Қандай ауру туралы ойлауға болады?

A) пневмония

B) өкпе рагы

C) созылмалы обструктивті бронхит

D) бронхиальді демікпе

E) өкпе туберкулезі

2. Созылмалы обструктивті емес бронхиттің өршуіне тән:

A) субфебрильді температура

B) айқын емес интоксикация

C) шырышты-іріңді қақырықты жөтел

D) қатаң тыныс және құрғақ шашыранды төмен үнді сырылдар

E) дем шығарғанда айқын естілетін ұзақ әртүрлі үнді құрғақ сырылда

3. Өкпенің ошақты туберкулезі. Профилактикалық тексеруде науқас 5-6 жыл бойы таңертеңгі уақытта мазалаған шырышты қақырықпен жөтелге шағымданады. Өкпеде қатаң тыныс, бірен-саран құрғақ сырылдар. Болжам диагноз:

A) жедел бронхит

B) бронхоэктазды ауру

C) созылмалы іріңді бронхит

D) созылмалы катаральды бронхит

E) созылмалы обструктивті бронхит

Клиникалық есептер

ЕСЕП № 1

Науқас К., дәрігерге мынадай шағымдармен келді: ентігу, тез жүрген кезде күшейеді, таңертеңгі мезгілде жөтелмен бірге қақырық бөлінеді. Созылмалы бронхитпен ауырғанына 15 жыл болған. Темекі шекпейді, емделіп тұрады.

Объективті: Кеудесі  күбі тәріздес, дауыс дірілі әлсіреген, бронхофония әлсіреген, перкуторлы қорап тәрізді дыбыс, топографиялық перкуссияда өкпенің төменгі шегі төмен түскен, тыныс алған кезде аз қозғалады, өкпенің экскурсиясы екі жақта да 2 см, қолтық орта сызығымен.

Аускультацияда везикулалық тыныс әлсіреген, бірен-саран құрғақ сырыл естіледі.

1. Негізгі синдромдарды атаңыз

2. Диагноз қойыныз

3. Негізгі диагнозды дәлелдеу үшін қажетті зерттеу әдістерін жазыңыз

ЕСЕП № 2

Қарт кісіде кілегейлі-іріңді қақырықпен бөлінетін тұрақты жөтел, жүрген кезде пайда болатын ентігу, тыныс шығару ұзарған, жалпы әлсіздік, жүрек соғысының жиілеуі.

Объективті: беті қызарған, еріннің айналасы цианозды реңмен. Мойын веналары білеуленген, кеуде сарайы күбі тәріздес, қабырға аралығы кеңейген. Перкуторлы: өкпенің төменгі шегі 1 см. төмендеген. Аускультацияда: әлсіреген везикулалық тыныс, бірен-саран құрғақ сырыл естіледі. Жүрек соғу жиілігі 92 рет минутына.

1. Негізгі синдромдарды атаңыз

2. Диагноз қойыныз

3. Негізгі диагнозды дәлелдеу үшін қажетті зерттеу әдістерін жазыңыз

1.Тақырып: №6ЖДП-дағы асқорыту жүйесі ауруларын дәлелді медицина тұрғысынан диагностикалау және емдеу тәсілдері.

2. Мақсаты:студенттерге бауырдың зақымдалу синдромы, созылмалы гепатиттер, бауыр циррозы, этиологиясын, патогенезін, жіктемесін, клиникалық ерекшеліктерін, дифференциялық диагнозын жүргізуді, клиникалық диагнозды негіздеуді, зерттеу жоспарын дұрыс құрастыруды және алынған ақпараттарды талдауды үйрену.

3. Оқыту мақсаты:

         Студент білуі тиіс:

· бауырдың зақымдалу синдромы, созылмалы гепатиттер, бауыр циррозы бар науқастардың шағымдарының даму механизмдерін;

· бауырдың зақымдалу синдромы, созылмалы гепатиттер, бауыр циррозы бар науқастардың ауру анамнезі мен өмір тарихының ерекшеліктерін;

·  бауырдың зақымдалу синдромы, созылмалы гепатиттер, бауыр циррозы бар науқастарды объективті тексеруді;

·  бауырдың зақымдалу синдромы, созылмалы гепатиттер, бауыр циррозының аспаптық-зертханалық белгілері мен олардың диагностикалық маңызын;

·  бауырдың зақымдалу синдромы, созылмалы гепатиттер, бауыр циррозының дифференциялық диагнозын;

·  бауырдың зақымдалу синдромы, созылмалы гепатиттер, бауыр циррозының болжам және клиникалық диагнозын негіздеу;

Студент үйреніп алуы қажет:

· бауырдың зақымдалу синдромы, созылмалы гепатиттер, бауыр циррозы бар науқастардың шағымдарын сұрастыруды;

· бауырдың зақымдалу синдромы, созылмалы гепатиттер, бауыр циррозы бар науқастардың ауру анамнезі мен өмір тарихын сұрастыруды;

· бауырдың зақымдалу синдромы, созылмалы гепатиттер, бауыр циррозы бар науқастарды объективті тексергенде патологиялық белгілерді анықтауды;

· бауырдың зақымдалу синдромы, созылмалы гепатиттер, бауыр циррозы бар науқастарға тексеру жоспарын құрастыру мен анықталған аспаптық-зертханалық өзгерістерді талдауды;

· бауырдың зақымдалу синдромы, созылмалы гепатиттер, бауыр циррозы бар науқастарда жетекші синдромдарды анықтау және оларды негіздеуді; 

· бауырдың зақымдалу синдромы, созылмалы гепатиттер, бауыр циррозы бар науқастарға болжам және клиникалық диагнозын негіздеуді; 

4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

Қалыпты анатомиядан

1.Ас қорыту жүйесі ағзаларының негізгі қызметтері.

Қалыпты физиологиядан

2.Ас қорыту жүйесі ағзаларының негізгі қызметтері.

Гистологиядан

1. Ас қорыту жүйесі ағзаларының морфофункциональдық ерекшеліктері.

Патологиялық анатомиядан

1. Ас қорыту жүйесі ағзаларының құрылымдық бұзылыстары.

Патологиялық физиологиядан

1. Ас қорыту жүйесі ағзаларының негізгі қызметтерінің бұзылуы, даму механизмі.

Функциональды диагностикадан

1.Асқазан ішек жолының функциональды тексеру әдістері.

 Визуальді диагностикадан

   1. Асқазан-ішек жолының қалыпты рентген-анатомиясы.

2. Асқазан-ішек ауруларының визуальды диагностикасы.

 Лабораториялық диагностикадан

  1. Ас қорыту жүйесінің лабораториялық тексеру әдістері.










Последнее изменение этой страницы: 2018-04-12; просмотров: 1506.

stydopedya.ru не претендует на авторское право материалов, которые вылажены, но предоставляет бесплатный доступ к ним. В случае нарушения авторского права или персональных данных напишите сюда...