Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция

Ішкі аурулар пропедевтикасы




  1. Ас қорыту жүйесінің аурулары бар науқастардың негізгі шағымдарының сипаттамасы, себептері және олардың даму механизмі.

 2. Ас қорыту жүйесі аурулары бар науқастардан ауру және өмір тарихын сұрастыру ерекшеліктері.

3. Ас қорыту жүйесінің патологиясы бар науқастарды қарағанда анықталатын белгілер және олардың диагностикалық маңызы.

 

Б. Негізгі сұрақтар:

1. Бауырдың зақымдалу синдромының анықтамасы, этиологиясы, патогенезі және түрлері.

2. Созылмалы гепатиттің анықтамасы, этиологиясы мен патогенезі.  

3. Созылмалы гепатиттің клиникалық көрінісі: өңештік және өңештен тыс симптомдардың сипаттамасы, даму механизмі.  

4. Созылмалы гепатитте аспаттық-зертханалық тәсілдермен анықталатын өзгерістер және олардың диагностикалық маңызы.

5. Созылмалы гепатиттің классификациясы.

6. Созылмалы гепатиттің салыстырмалы диагнозы мен клиникалық диагнозын негіздеу ерекшеліктері.

7. Созылмалы гепатиттің алдын алу шаралары мен болжамы.

9. Бауыр циррозының анықтамасы, этиологиясы мен патогенезі.  

10. Бауыр циррозының клиникалық көрінісі: өңештік және өңештен тыс симптомдардың сипаттамасы, даму механизмі.  

11. Бауыр циррозында аспаттық-зертханалық тәсілдермен анықталатын өзгерістер және олардың диагностикалық маңызы.

12. Бауыр циррозының классификациясы.

13. Бауыр циррозының салыстырмалы диагнозы мен клиникалық диагнозын негіздеу ерекшеліктері.

5. Білім берудің және оқытудың әдістері

Өткізу түрі: науқасты шолуға қатысу, тақырыптық науқастарды талқылау, науқас курациясы:

Студенттердің оқытушының көмегімен оқу бөлмесінде бір-біріне неврологиялық науқасты қосымша тексеру тәсілдері, науқас анамнезін жинау және сырқаттама толтыруына машықтанады.

Б) Оқытушы алдын-ала дайындалған, неврологиялық науқасты қосымша тексеру тәсілдері бар кабинеттерге таратады.

В) Студенттердің науқастардың курациялануы.

Оқытушы студенттердің өз бетімен жасалған зерттеу жұмыстарының нәтижесін жеке-жеке талқылауға көмектеседі, неврологиялық науқасты қосымша тексеру тәсілдерін

зерттеуін интерпретация жасау

- шағын топта жұмыс істеу:

Клиникалық есептер

        ЕСЕП 1.

35 жастағы ер кісі физикалық күштемеден кейін және тамақтан соң оң жақ қабырға астында тұрақты түрде ауырлық сезімнің болуына, лоқсу, тәбетінің төмендеуі, іш көлемінің ұлғаюына, терісінің қышуына, қызыл иегінің қанағыштығына, іш қатуға, жалпы әлсіздікке, жұмысқа қабілетінің нашарлауына, тез шаршағыштыққа шағымданады.    

       Анамнезінен:Науқасты 5-6 айдан бері салмағы азайғанын байқаған. Жоғарыда аталған шағымдар бір аптадан бері мазалайды.

Объективті қарағанда: жалпы жағдайы орташа ауырлықта. Терісі сарғыш бозғылт, тілі мен ерні ашық қызыл түсті, теріде петехиялық бөртпелер, алақандарында эритемалар. Іші ұлғайған, тері астылық веналары білеуленген. Іштің беткей пальпациясында оң жақ қабырға астында ауырсыну бар.

Өкпесінде везикулалық тыныс, ТАЖ минутына 20 рет. Жүрек тондары анық, ырғақты. Пульс минутына 64 рет. АҚҚ 90/60 мм.сын.бағ. Қағу белгісі екі жағында теріс мәнді.

1. Науқастың шағымдарының даму механизмін түсіндіріңіз.

2. Объективті тексергенде анықталған белгілердің механизмін түсіндіріңіз.

3. Қай ауру деп ойлайсыз?

 

        ЕСЕП 2.

49 жастағы науқас Б., автобус жүргізушісі, клиникаға мына шағымдармен түсті: жүрек айнуы, эпигастрий аймағында және оң қабырға астындағы тамақ ішумен байланыссыз ауырсыну, тамақ ішкеннен кейін эпигастрийде толып кету сезімі, тері қышуы, әсіресе түндегі, анда-санда мұрнынан қан кету және қызыл иегінің қанағыштығы.

Науқас 9 жыл бұрын ауыр вирустың гепатитпен "жұқпалы аурулар" ауруханасында емделген. Бір жыл бойы салауатты ем дәмді сақтаған. Соңғы 5 жыл көлемінде оң жақ қабырғасында және эпигастрийде жағымсыз сезім мазалай бастаған. Дәрігерге көрінбеген. Соңғы 1 айда жағдайы нашарлаған. Жүрек айну, кейде тамақтан соң құсу, тері қышуы, ұйқысыздық пайда болған. Науқас емханаға көрініп, ауруханаға жолдама алған.

Объективті: тері жамылғылары қуқылданған, аздап сарғыш тартқан. Тілі таңқурай түстес. Тері асты шел қабаты нашар дамыған. Төсінің жоғарғы бөлігінде, мойнында және бетінде көптеген тамырлық "жұлдызшалар" көрінеді, алақандары қызарған. Ішінің бүйір қабырғаларында кеңіген веналар анықталады. Іштің өлшемі ұлғайған, пальпацияда іші жұмсақ, ауырсынусыз. Іш перкуссиясында бүйір бөліктерінде бос сұйықтық анықталады. Бауыры қабырға доғасынан 3 см төмен, ауырмайды, тығыз, шеті сүйір. Талағы қабырға доғасы тұсында пальпацияланады.

  Қанның жалпы анализі: эр. 3,6х1012/л, Нв 115 г/л, т/к 0,9, лейкоциттер 40х109/л, ЭТЖ-46мм/сағ. Қанның биохим. анализі: Холестерин 28 ммоль/л, билирубин 69,5 мкмоль/л (байланысқан 43,2мкмоль/л, бос 26,3мкмоль/л), жалпы белок 63г/л (альбуминдер 31,4%, глобулиндер 68,6%, гаммаглобулиндер 39%), тимол сынамасы 9 бірлік.

1. Негізгі синдромдар.

2. Болжам диагнозы.

3. Тексеру жоспары (негізгі синдромдарға байланысты күдікті ауруларды есепке ала отырып).

4. Дифференциялық диагноз (тексеру нәтижелерімен жоғарыда аталған синдромдарды толықтырғаннан соң).

5. Клиникалық диагнозды негіздеу.

6. Болуы мүмкін асқынуларды атаңыз.

 

6. Әдебиет

Орыс тілінде

негізгі:

1.Общая врачебная практика. Национальное руководства. Том 1.ГЭОТАР-Мед. 2013г.

2.Внутренние болезни. І-ІІ том. Ав: Мухин Н.А.ГЭОТАР-Мед. 2015 г.

3.«Внутренние болезни» 1-2 том. Ав: Мартынов А.И., Мухин Н.А., Моисеев В.С. ГЭОТАР-Мед. 2013 г.

4.Внутренние болезни. Ав: Маколкин В.И. ГЭОТАР-Мед. 2015 г.

5.Внутренние болезни. Ав: Царев В.П. Ифра-М. 2014 г.

6.Педиатрия поруководством Баранова А.А. 2014 г.

7.Неотложная хирургия органов брюшной полости. Ав: Кондратенко П.Г. 2013 г.

8.Гинекология. Ав: Г.М.Савельева, В.Г.Бреусенко. 2012 г.

қосымша:

1.Внутренние болезни по Дэвидсону – Пульмонология. Ав:Бун Н., Колледж Н., Уолкер Б. 2013 г.

2.Пропедевтика внутренних болезней Ав: Гребенев А.Л. ШИКО 2015 г.

3.Внутренние болезни система органов дыхания. Ав: Струтынский А., Ройтберг Г. МЕДпресс – информ. 2015 г.

4.Пропедевтика внутренних болезней. Учебник для медицинских вузов. Ав: С. Рябов. СпецМед. 2015 г.

5.Поликлиническая терапия. Ав: Зюзенков М.В. 2012 г.

6.Электрокардиография. Ав: Ярцев С.С. 2014 г.

7.Аритмии сердца. Ав: Белялов Ф.И. 2014 г.

8. Эхография в гинекологии. Ав: Озерская М.А. 2013 г.

9. Гиперпластический синдром в гинекологии. Ав: Вишневский А.С. 2013 г.

10.«Акушерство». Ав: Дудо В.И. 2013 г.

11.«Гинекология». Ав: Г.М. Савельевой, Г.Т. Сухих, И.Б. Манухина. 2013 г.

Медициналық сайттар:

7. med-site.narod.ru

8. www.medicusamicus.com

9. www.medprof.ru

7.Бақылау (тесттер, ситуациялық есептер)

Тест сұрақтары

1. Науқастың жағдайы нашарлап, есенгіреу, сіреспе пайда болып, сарғаюы күшейген. Науқас бауыр циррозымен ауырады. Осы жағдайда қандай зерттеу тәсілін жүргізу маңызды?

A) бромсульфалиенді сынама

B) белокты және оның туындыларын анықтау

C) альфа-фетопротеин құрамын анықтау

D) қан сарысуындағы аммиакты анықтау

E) АЛАТ және АСАТ деңгейін анықтау

2. Бауыр циррозымен ауыратын науқаста гиперспленизм синдромы анықталды. Лабораторлық зерттеу кезінде осы синдромға тән қандай өзгерісті байқауға болады?

A) АЛТ, АСТ, ЩТ белсенділігінің өзгерісі

B) Лейкоцитопения, тромбоцитопения, анемия

C) Билирубинемия

D) гипопротеинемия

E) Гипергаммаглобулинемия

3. Науқас 53 жаста,тәбетінің төмендеуіне оң жақ қабырға астындағы ауырсынуға, терісінің қышуына шағымданады .Обьективті: терісінің сарғаюы, қан тамырларының дақтары, перфифериялық ісінулер, асцит байқалады. Анамнезінен: ішімдік ішкендігі,15 жыл бойы вирусты гепатит С мен ауырған. Зертханалық нәтиже: билирубин ─50, альбумин─2.9%. Диагноз:

A) Бауырдың вирусты циррозы, компенсация, портальды гипертензия

B) Аутоиммунды генездегі цирроз

C) Бауырдың вирусты циррозы, портальді гипертензия субкомпенсация

D) Бауырдың алкогольді циррозы, портальді гипертензия,декомпенсация

E) Бауырдың холестатикалық циррозы

4. Науқас 19 жастағы ер адам. Оң жақ қабырға асты ауырлығына, жалпы жағдайының нашарлығына,салмақ жоғалтуына,және буындар ауруына шағымданады. Жалпы жағдайының нашарлаған уақытын айта алмайды. Обьективті: тері жабындылары сарғыш.телеангиоэтазиялар кездеседі. Шынтақ буынының ішкі аймағынды екпе іздері бар. Бауыры қабырғадан 2.5см шығыңқы. Көкбауыры пальпацияланбайды.Биохимиялық қан анализі: жалпы билирубин -34,8 мкмоль/л, тимол сынамасы ─ 7.2ед, ИФА-австралиялық антиген табылған.Диагноз:

A) Бауырдың билиарлы циррозы

B) Аутоиммунды гепатит

C) Созылмалы гепатит

D) Коновалов ауруы

E) Жильбер ауруы

1. Қан сарысуындағы трансаминазаның деңгейінің жоғарлауы тән:

A) Микронодулярлы циррозға

B) Бауыр үстілік холестазға

C) Жедел вирусты гепатит

D) Біріншілік билиарлы циррозға

E) Бауыр асты холестазға

 

 

1.Тақырып: №7ЖДП-дағы несеп шығару жүйесі ауруларын дәлелді медицина тұрғысынан диагностикалау және емдеу тәсілдері

2. Мақсаты:

1. Жедел және созылмалы гломерулонефриттердің этиологиясы, патогенезі бойынша студенттердің білімін тереңдету.

2. Жедел және созылмалы гломерулонефриттердің жіктелуі, клиникасы, диагностикасы бойынша студенттердің білімін нығайту.

3. Нақты бір науқас бойынша клиникалық, лабороториялық, аспаптық диогностика негіздеріне сүйене отырып, жедел және созылмалы гломерулонефриттің, БФСЖ-ның алдын-алу шараларын үйрену.

 

3. Оқыту мақсаты:

Студент білуі керек:

· Жедел және созылмалы гломерулонефриттердің этиологиясы, патогенезін.

· Жедел және созылмалы гломерулонефриттердің клиникалық жіктемесін.

· Жедел және созылмалы гломерулонефриттердің қауіпті факторларын.

· Жедел және созылмалы гломерулонефриттердің диагностикасын.

· Жедел және созылмалы гломерулонефриттердің амбулаторлық жағдайда жүргізу тәсілдерін.

· Жедел және созылмалы гломерулонефриттердің стационарға, күндізгі стационарға жатқызу көрсеткіштерін.

· Динамикалық бақылауды.

· БФСЖ-ның  этиологиясы, патогенезін.

· БФСЖ-ның  клиникалық жіктемесін.

· БФСЖ-ның  қауіпті факторларын.

· БФСЖ-ның  диагностикасын.

· БФСЖ-ның  амбулаторлық жағдайда жүргізу тәсілдерін.

· БФСЖ-ның  стационарға, күндізгі стационарға жатқызу көрсеткіштерін.

· Динамикалық бақылауды.

· Дәрігерлік-еңбек сараптамасы мәселелерін.

· Алдын-алу шараларын.

Студент меңгеруі тиіс.

1. Жедел және созылмалы гломерулонефритпен және БФСЖ-мен ауырған науқастардың шағымдарын, медицина және психология тұрғысынан науқас жағдайын бағалау үшін нақты және толық анамнез жинауды қазіргі ауруының тарихы мен өмір тарихын жинауды.

2. Тақырыптық науқастарды объектитивті тексеру, мануалды дағдыларды қолдана отырып науқасты қарауды.

3. Табылған симптомдарды бағалауды, оларды синдромдарға топтастыруды және жетекші синдромды анықтауды.

4. Болжам диагнозды қоюды және негіздеуді.

5. Дифференциялық диагноз өткізуді және анықталған клиникалық диагнозды негіздеуді.

6. Қажетті клиникалық-зертханалық және аспаптық зерттеу әдістерін таңдауды және алынған нәтижелерді талдауды;

7. Аурудың жазылуына, өміріне және еңбекке қабілеттілігіне байланысты болжамын.

 

4.Тақырыптың негізгі сұрақтары:










Последнее изменение этой страницы: 2018-04-12; просмотров: 1175.

stydopedya.ru не претендует на авторское право материалов, которые вылажены, но предоставляет бесплатный доступ к ним. В случае нарушения авторского права или персональных данных напишите сюда...