Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция

Кітап аялдама кітап доп ата




Тапсырма

VІ. Бағалау бөлімі

Сабаққа қатысы бойынша бағалау.

VІІ. Сабақты қорытындылау

Күні:

Сабақтың тақырыбы: Көктемгі демалыс.

Сабақтың мақсаты: а) білімдік: тақырып бойынша жан-жақты мәлімет бере отырып,

Не істеді? Қайда? Қашан? Қайда? сұрауларын түсіндіру , сауатты жазуға

және сөйлеуге үйрету;

ә) дамытушылық: ауызша және жазбаша тілді дамыту,

қызығушылығын арттыра отырып, танымдық көзқарастарын

қалыптастыру;

б) тәрбиелік: өз елін, жерін, Отанын сүюге, мемлекеттік тілді

құрметтеуге, қоғамдық ортада өзін-өзі ұстауға тәрбиелеу;

Сабақтың міндеті :

1.Етістікті түсіндіру;

Диалогтік әдісті қолдану,

3.Ынтымақтастыққа тәрбиелеу.

Қолданылатын модульдер: «Сын тұрғысынан ойлау», «оқу мен оқытудағы жаңа тәсілдер», «Оқушыларды жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу», «Оқытуда басқару және көшбасшылық»,«Оқытуда ақпараттық технологияларды пайдалану», «Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау»

Стратегиялық іс -әрекеттер: Диалогтік оқыту, миға шабуыл, кері байланыс, бағалау, АВС сұхбат , «Алма ағашы» стратегиясы,Бір айналым сөйлесу»«Жұптас-ойлан-бөліс»стратегиясы,«Блиц турнир».

Бөлімі Бөлімнің мазмұны Мұғалім іс-әрекеті Оқушы іс -әрекеті Ресурстар
Кіріспе Психологиялық ахуал. Ұйымдастыру кезеңі. Тұлғааралық байланысты орнату. Оқушылармен амандасып, түгендеу. .Оқушыларды екі қатарға тұрғызып, «Амандасу» тренингін өткізу, шағын топтарға бөлу. Спикерлерді оқушылармен ақылдаса отырып, сайлау. Бұл қай кезде болады? Өлеңін оқу,сабақтың тақырыбын ашу. Оқушылар бір- біріне қарама-қарсы тұрып, сәттілік тілейді. Көктем гүлдері (бәйшешек, қызғалдақ, бақбақ, меруертгүл) суреттері арқылы топқа бөлемін. Суреттер арқылы сабақтың тақырыбын ашады. (Миға шабуыл) Қима қағаздар
Тұсаукесер Қызығушылықты ояту Сабақтың тақырыбы мен мақсатымен таныстыру.Етістік туралы туралы түсінік беру.Тақтаға сын есімдер жазылады. Сабақтың тақырыбымен мақсатымен танысады.Етістік туралы мәлімет алады Оқушылар берілген етістіктермен сөйлемдер құрады.Жұптық жұмыс интерактивті такта
Негізгі бөлім Мағынаны тану Сергіту сәті: Қара жорға биі «Менің жанымның үні»   Глоссарий:   таза ауа-чистый воздух табиғат-природа бүршік-почка бүр-бутон шу-шум пайдалы-полезно сайрағанәні-песня 1тапсырма Жаңа сөздерді қолданып «Бір айналым сөйлесу»стратегиясы бойынша мәтін құрастыру. Музыка қойылады,баяу ырғақта мәтін оқылады 1тапсырма Мәтінді оқып, сын есімдерді тауып, жазу «АВС»стратегиясынқолдану.     2-тапсырма «Жұптас-ойлан-бөліс»стратегиясы бойынша«Көктемгі демалыс»тақырыбына диалог құрастыру   3-тапсырма «Көктемгі демалысты қалай өткіздім?»ментальді карта жасау   Жаңа сөзерді интербелсенді тақтадан бір рет оқиды да,тақта жабылады. Келесі тақтада сөздердің аудармалары ауыстырылып қойылады соны оқушылар дәптерлеріне дұрыс аудармасын таып жазады. Жазып болған соң тақтаға қарап тексереді.     Жаңа сөздерді қолданып, топтағы әр оқушы тақырыпқа байланысты бір сөйлемнен жалғастырып,логикалық байланысқан мәтінқұрады.   Мәтінді оқып, етістіктерге сұрақ қою арқылы тауып, жазады. Бірінші топ екінші топка сұрақ қояды ,екінші топ жауап береді, үшінші топ жазып алып отырып диалог құрастырады , төртінші топ бақылап бағалайды.   Оқушылар жұптасады, ойлана отырып диалог құрастырады   Оқушылар өздерінің көктемгі демалыста қалай демалғандарын, қайда барғандары, немен айналысқандары туралы кластер құрайды.   Қалам ,дәптер мәтін,сөздік     Постер ,маркер    
Қорытынды Ой толғаныс Тақырыпқа байланысты «Блиц турнир» жүргізу: 1. Көктем айлары қандай? 2. Көктемде қандай мерекелер болады? 3. Көктемде ауа райы қандай болады? 4. Адамдар қалай киінеді? 5. Табиғатта қандай өзгерістер болады? Сол тапсырмаларға жауап береді.    
  Рефлексия Бағалау Үйге тапсырма беру «Алма ағашы» стратегиясын қолдану. «Бүгінгі сабақтан алған әсерім» Оқушыларды әр тапсырмадан кейін өз өздерін бағдаршам арқылы бағалау. Ережені жаттау,күз мезгілінің құрып келу   Оқушы бүгінгі сабақтың тақырыбын ашатын бір сөйлем жазады. смайликтер

 

Күні:

Сабақтың тақырыбы: Жазғы демалыс
Жалпы мақсаттар: - Жаңа сөздерді меңгеру; Өзара бағалау арқылы тақырыпқа деген қызығушылықты арттыру; Тапсырманың түріне қарай сөздік қорды жаңғырту; Өзін-өзі бағалау арқылы білім деңгейін анықтау;
Зерделеу нәтижелері: Жаңа сөздердің алдағы сабақтарда немесе сөздік қорды байытуда керек екендігін білу; Тапсырмалардың дұрыс орындалуына мән беріп, зейін аудару; Өзара немесе өзін-өзі бағалау арқылы нәтижеге жетуді көздеу;
Түйінді идеялар: Тақырыпты төңірегінде кездесетін жаңа сөздерді үйренеді; Топты немесе жұбын бағалау арқылы топтағы ахуалды жақсартады, қандай да бір оң нәтижеге жетуге ұмтылады. Сол арқылы сабақтың қызықты өтуі өрбиді; Өзін өзі бағалап артық кем кеткен тұстарын саралап, келесі сабақта оны қайталамауға немесе сол бағытты ұстанып жұмыс жасауға талпынады;
Ұйымдастыру кезеңі
- Оқушылармен амандасу;
- "Қысқы демалысты мен қалай өткіземін" сұрап шығамын;
- Сыныпты жасыл, сары, қызыл гүлді пайдаланып 3 топқа бөлемін.
- Тілек айту (мұғалім оқушыларға, 4 топтан бір оқушыдан мұғалімге немесе бір-біріне.

- Сабақтың күні, тақырыбын жазады; 4 мин
Іс-әрекеттер
1 әрекет
Тақырыпқа қатысты жаңа сөздерді әрқайсысы дәптерлеріне жазып алады. Жаңа сөздер
А4 форматтағы қағазға жаңа сөздерді пайдаланып топпен диалог құрау. Тапсырманы орындап болған соң парақтарын мұғалімге жинап беріп, әр топтан 2 оқушы шығып диалогты ауызша орындайды;
- Осы тапсырманың нәтижесін топ ішіндегі спикер бағалайды;
Бағалау критериилері:
- Жазбаша жұмыс кезіндегі қарым-қатынас;
- сөйлемнің дұрыстығы;
- Ауызша жұмыстың кемшіліктері мен жетістіктері; 15 мин
2 әрекет
А4 форматтағы тірек сызба бойынша жұбымен 1 сөйлем құрап шығару. Әр жұп тапсырманы орындап болған соң оқиды; Бағалау үшін тапсырманың тиімді жақтары мен қиындық туғызған сәттерін түсіндіру; 7 мин
Сергіту сәті
4,5 мин
3 әрекет
Венн диаграммасы. "Қысқы демалыс" пен "Жазғы демалыстың" ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтау.
"Джиксо" стратегиясы бойынша әр топтан бір оқушы шығып қалған топтарды аралайды. Тобына келіп талқылайды, ой қосады;
Бағалауды топ спикерлері жүргізіп, бағалау критерийлерін өздері құрады.
4 әрекет
Тақырып бойынша үш топ сұрақ ойластырады. Сұрақтың жауабы міндетті түрде суретпен салынуы керек. Әр топта өз сұрағын қоспағанда 2 суреттен шығу керек.
Әр сұраққа 4 мин уақыт беріледі. Тапсырма аяқталған соң топтан бір адам шығып топтарды аралап жауаптарын тексереді. Жауаптарына қарай әр топ спикері қалған топтарды бағалайды.
Бағалау критерийлерін өздері құрайды.
8 мин
Тапсырманы аяқтаңыз:
- "Мақсат парағын" алып топта бір оқушы оқиды. Мақсатқа жеткен, жетпеген жерлерін анықтайды; 2 мин
- А4 форматтағы қағазға маркер немесе фломастермен әр оқушы тобында кіммен қандай қарым-қатынаста болғанын смайликтер арқылы көрсетеді. Кіммен тығыз қарым-қатынаста болса қызыл, тіл табыса алмаса жасылмен белгілейді. Талқылайды. Не себептен тіл табыса алмағандары туралы айтады; 2 мин
- Бағалау;
Үй тапсырмасы: "Жазғы демалыстағы менің бір күнім" тақырыбына сурет салу.

 

 

Күні:

Сабақтың тақырыбы:Мен ауылда демаламын. 

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың «Жазғы демалыс» тақырыбы бойынша білімдерін бекіту:

Міндеттері:

1) оқушылардың тақырып бойынша сөздерді қолдануға машықтану,

2) өмірмен байланыстырып, оқушылардың ауызекі тілде сөйлеу дағдыларын жетілдіру;

3) жаз мезгіліне деген көзқарастарын қалыптастыру;

4) инклюзивті оқушылардың тілін дамыту, шығармашылық қаблеттерін дамыту.

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, іздену, оқытудың белсенді әдістері және сын тұрғысынан ойлау әдістері.

Пәнаралық байланыс: жаратылыстану

Сабақтың көрнекілігі: суреттер

Сабақ кезеңдері Сабақ барысы
1.Ұйымдастыру кезеңі - Сәлеметсіңдер ме, оқушылар! Бүгінгі сабағымызды біз ойдағыдай күнге арнаған сөздерден бастаймыз! -Күлімдеп күн бүгін (қолдарын көтереді.) Қарады маған да. (қолдарын кеуделеріне қояды.) Күлімдеп күн бүгін, (қасындагы балаға қарайды) Қарады саған да-деп жұмысқа кіресейік. -Отырыңдар!  
Сабақтың мақсатын айту - Бүгінгі сабақта біз не істейміз екен? - Бүгінгі сабақта «Жаз» тақырыбы бойынша сөйлесемін, сөйлем құрастырамыз, оқимыз, жазамыз.  
  Бүгінгі сабақта біз «Жаз» тақырыбын жалғастырамыз, бекітеміз. Тыңдаймыз да түсінуге тырысамыз! Диалог: - Алақай, көктем келді! - Ал, маған жаз ұнайды. - Сен жазда қайда демаласың? - Мен лагерге барамын. - Мен ауылда демаламын. - Ауылда кім тұрады? - Онда әжем мен атам тұрады. - Сен ауылда не істейсің? - Әжем мен атама көмектесемін. Балық аулаймын, суға шомыламын... - Жаз тезірек келсе ғой! - Иә,жаз керемет жыл мезгілі! - Менде ауылға барғым келеді...
Тіл дамыту кезеңі Үй тапсырмасын тексеру   - Сонымен, Валерия мен Игорь не туралы сөйлесті? Жаз қандай жыл мезгілі? Үй тапсырмасын тексерейік! Жаз туралы қандай өлең білесіңдер?
Топқа бөлу Сонымен, міне, қараңдар, балалар, менің қолымда суреттер бар, бір-бірден алып шығамыз. - суретте не бар? Екі топқа бөлінеміз: «Аралар» мен «Көбелектер»
Топ ережесі - Міне, достарым, топ ережесін сақтаймыз! Мұғалім оқиды, оқушылар көрсетеді! - Және де бағалау парақтары беріледі!
Тапсырма беру 1 топ «Қос дәптер» стратегиясы 2 топ «Диаманта» стратегиясы
Топтарды тексеру 3 топ тексеру 1-2 топтар шығып қорғайды.
Сергіту сәті «Қойшының ойыны» - Ал енді балалар, демалу үшін «Қойшының ойынын» ойнайық! - Бірінші! - Мен біріншімін! т.б
Шығармашылық жұмыс. «Жаз» тақырыбыбойынша үлкен коллаж жасайды
Үй тапсырмасын беру 5-тапсырма
Рефлексия Балалардың алдарында гүл қойылады. Балалар сендерге сабақ ұнады ма? Мен сендерге мына алма суреттерін беремін, сендердің мақсаттарың осы суреттерге өздерінің тілектеріңді жазып, мына гүлге жапсырыңдар! Міне, балалар, қандай бізде қандай әдемі гүл шыға келді. Сендерге көп рахмет! Сабақ аяқталды, сау болыңдар!

 

 

Күні:

Сабақ тақырыбы: Жемістер.

Сабақтың мақсаты:

а) Білімділік: тақырып бойынша алған білімдеріне қорытынды жасау, үйренген сөздерді сөз тіркестерін қайталау, сөйлем құрап, ауызша сөйлеуге жаттықтыру.

ә) Дамытушылық: топпен жұмыс істеуге үйрету, еске сақтайтын қабілеттерін дамыту, тіл ұстарту.

б) Тәрбиелік: ойын түрлері арқылы оқушыларды жылдамдыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, ойын, түсіндіру, әңгімелесу

Сабақтың көрнекілігі: суреттер, сөзжұмбақтар, кеспе қағаздар, тақта

Пәнаралық байланыс: сурет, дүниетану, есеп

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі. Әнұран орындау.

Оқушылармен амандасу.

Үй тапсырмасын тексеру.

- Балалар қандай жемістерді білесіңдер?

- Жемістер қайда өседі?

- Жемістердің түстері қандай?

- Жемістерді жылдың қай мезгілінде жинаймыз?

Жаңа сабақ. Мұғалім жаңа сабақтың мақсатымен таныстырады.

Ой шақыру.Сурет арқылы бүгінгі сабақтың тақырыбын табу.

- Мынау не?

- Мынау - алма

- Мынау не?

- Мынау - алмұрт

- Мынау не?

- Мынау - өрік.

- Мынау не?

- Мынау - жүзім

- Балалар, қалай ойлайсыңдар, бұлар нелер?

- Бұлар жемістер

- Балалар, яғни бүгінгі сабағымыздың тақырыбы жемістер.

Сөздікпен жұмыс:

Алма - яблоко

Алмұрт - груша

Жүзім - виноград

Шабдалы - персик

Анар - гранат

Шие - вишня

Мұғалім оқушылармен бірге жаңа сөздерді қайталайды. Жаңа сөздермен сөз тіркестерін құрау.

Қызыл алма, жұмсақ алмұрт, тәтті жүзім, дәмді шабдалы, қышқыл анар, қызыл шие.

1-тапсырма. Мұғалім сөздерді орысша айтады,оқушылар қазақша жауап береді.

Это красное яблоко.

Это большое красное яблоко.

Это маленькое красное яблоко.

Это не яблоко, это груша.

Это не виноград, это вишня.

У меня есть сладкая, желтая груша.

Мұғалім:

- Балалар, біз не істедік?

- Сөйлемдерді аудардық, сөздерді қайталадық.

- Ал, енді демалайық!

Сергіту сәті.

Оң қолымда бес саусақ.

Сол қолымда бес саусақ.

Екі қолды қосқанда,

Болады екен он саусақ.

Бекіту:Сұрақтар қою арқылы бекіту

Үйге тапсырма: 4 - тапсырма

Бағалау:Сабаққа қатысы бойынша бағалау.Сабақты қорытындылау

 

 

Күні:

Сабақтың тақырыбы: Көкөністер
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға көкөністер және олардың пайдасы жайлы түсінік беру. Көкөніс туралы толық мағлұмат бере отырып, тілін дамыту, өз ойын айтуға үйрету, суретке қарап әңгімелеуге дағдыландыру.
Міндеттері:
Білімділік: Жалпы көкөніс туралы айта отырып, оның пайдасын, маңызын айту. Көкөністерді күтіп баптауға үйрету.
Дамытушылық: Көркем, таза, әдемі жазуға дағдыландыру. Қызығушылықтарын арттыру. Оқуға бейімдеу. Есте сақтау, есту, көру қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Отансүйгіштікке, адамгершілікке, табиғатты аялап, сүюге, сыныптастарын, үлкендерді сыйлауға білімділікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Көрнекілігі: Қима қағаздар, сюжетті суреттер
Сабақтың формасы:Жеке дара, жұптық.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ – жауап, түсіндірмелі, хабарлау, әңгімелеу.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
Түгендеу, партаға дұрыс отыру. Сабаққа зейінін аудару.
ІІ. Психологиялық дайындық:
ІІІ. Өткенге шолу:
- Балалар, біз кеше қандай тақырыппен таныстық?
- Мақал-мәтел дегеніміз не?
- Қандай мақалдардың түрлерін білесіңдер?
- 3 қатардан 3-4 мақалдан сұрау.
IV. Жаңа сабақ:
а) Көкөніс туралы мағлұмат беру.
Көкөніс тағамға пайдаланатын өсімдік. Тағамға олардың әр түрлі мүшелерін пйдаланады. Түйнек-топырақ арасындағы сабақтың жуандаған бөлігі. Орамжапырақ-тығыз оралып өскен жапырақ. Жемтамыры-қоректік заттың жиналуынан жуандаған өсімдік тамыры. Қияр, қызанақ-жемістері гүлден пайда болады.
Көкөністің кейбір түрлерін жерге тұқым себу арқылы өсірсе, кейбірін көшет түрінде отырғызады. Көкөністерді қыс айларында да өсіріп пайдаланады.Оның қыста өсіретін жерін жылыжай деп атайды. Базарда көкөністер қысы жазы болда.
Сергіту сәті:
Тербелейді ағаштар,
Алдымнан жел еседі,
Кіп-кішкентай ағаштар,
Үп-үлкен боп өседі.
Кітаппен жұмыс:
ә) Көкөністің түрлерін көрсету. Көкөністер туралы әңгімелету. Білетіндерін сұрап өту.
V. Жаңа сабақты бекіту:
б) Суреттегі көкөністердің атын ата?
- Шикілей жеуге болатын көкөністерді ата?
-Қыс айларында көкөністерді қайда өсіреді?
в) Дәптермен жұмыс:
Көру диктанты: Қияр, картоп, орамжапырақ, қызылша, шалқан, қызанақ, сәбіз, пияз.
Сергіту сәті:
Ұзын құлақ сұр қоян,
Естіп қалып сыбдырды,
Ойлы-қырлы жерлермен,
Ытқып-ытқып секірді.
VI. Қорытындылау:
- Көкөністердің қандай пайдасы бар?
- Олардан аналарың не жасайды?
VII. Бағалау: Әр оқушыны мақтау.

 

 

Күні:

Сабақ тақырыбы: Супермаркетте
Сабақ мақсаты:
Білімділік:
Оқушыларды мәтінді түсінікті меңгеруге жағдай жасау; Мәтіннен қиын сөздерді таба алуға үйрету; Мәнерлеп оқу дағдысын арттыру;
Дамытушылық:
Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту; Кейіпкердің іс - әрекетін сыни тұрғыдан бағалау;
Тәрбиелік:
Оқушыларды үлкенді сыйлауға, мәдениетті қарым - қатынасқа тәрбиелеу;
Сабақ түрі: ойын сабақ
Сабақтың әдісі: топпен жұмыс, жеке жұмыс, сұрақ – жауап, «Ішіне – сыртына» стратегиясы
Көрнекіліктер: суреттер, таразы, алма
Пәнаралық байланыс: орыс тілі, дүниетану
Сабақ барысы:
І Қызығушылығын ояту.
Қуаныш шеңбері (бала өзін достық шеңберіне қабылданғанын сезінеді, өзіне сенім артады)
Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз,
Барша жанды құрметтеп
Бас иеміз біз.
Сабақты ойынмен бастаймыз, бұл ойынның мақсаты: жаңа сабақ тақырыбын ашуға дайындық ретінде қолдану.
Кім мамандықтың атын жылдам табады?
Білімнің нәрін теретін,
Балаға тәлім беретін. (мұғалім)
Айнытпай келбетті
Салатын суретті. (суретші)
Бүгінгі тақырыбымыз сатушы мамандығымен байланысты болады.
ІІ Мағынаны ашу
1) Мәтінмен жұмыс (мәтінді оқудың бірнеше түрлерін алудағы мақсаты: оқушылардың оқу дағдысын арттыру)
мәтінді мұғалім оқиды
І топ Мәтінді тізбектеп оқиды
ІІ топ Мәтінді күбірлеп оқиды
ІІІ топ Мәтінді рөлге бөліп оқиды
2) Сөздікпен жұмыс (мәтінді мазмұнын толық түсіну үшін және сөздік қорын молайту үшін қолданамын, оқушылар сөздікті дәптерге жазады)
Қос жұдырықтай - үлкен
Бедірейіп тұра берді – көңіл бөлмегендей тұра берді
Тілалғыш – жұмсағанға жүгіріп бара беретін, айтқан жұмысты екі еттірмей қалтқысыз орындайтын адам
Зыта жөнелді – қаша жөнелді
3) «Ішіне – сыртына» стратегиясы арқылы баланың жағымды, жағымсыз жақтарын көрсетіңдер
(Мақсаты: кейіпкердің жағымды, жағымсыз әрекеттерін бағалай білу)
Жағымды
Анасының айтқанын тыңдап дүкенге барады
Жағымсыз
Сатушының айтқанын естімегендей болып тұра береді
ІІІ Ой толғаныс
1) Көрініс көрсету Орынтай мен сатушы арасындағы әңгімеден үзінді көрсетіледі
Рөлде ойнайтындар: Сатушы және Орынтай
(Мақсаты: оқушылар өзін еркін айта білу және қоршаған ортада өзін ұстай білуге тәрбиелейді)
Сатушы:
- Қарғам, түскен алманы әперіп жіберші, - деді.
- Апай, сіз жаққа домалап кеткен екі алманы әперіңізші, - деп өтінді.
2) Жеке оқушымен жұмыс
1 - тапсырма
Мәтінді оқып, мазмұны бойынша жоспар құр.
2 - тапсырма
- Осы мәтіннен өзіңе не алдың?
3 - тапсырма Сұрақтарға жауап бер
- Кім өкінді? Кім ұялды? Кім кімнің қателігін бетіне басып айтты?
3) Мәтін мазмұнына сай мақал – мәтелдер айтып, мағынасын түсіндір.
Дос жылатып айтады,
Дұшпан күлдіріп айтады.
Үлкенге құрмет,
Кішіге ізет.
Қорытынды.
Бағалау
Үй тапсырмасы
Мәтін мазмұнын айту, «Сен үшін ұялдым» тақырыбына эссе жазу
Жүректен – жүрекке
Әр оқушы жанындағы досына жүрекке жылы сөз жазып береді

 

Күні:

Сабақтың тақырыбы: Жеміс – жидек дүкенінде.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: «Жеміс – жидек дүкенінде» тақырыбы бойынша оқушылардың сөздік қорын қалыптастырып, қорытындылау. Тақырыпты шынайы өмірмен ұштастыру.
Дамытушылық: Байланыстырып сөйлеу дағдысын тақырыпқа сай жүргізу. Материалдарды өмірдегі жағдаяттармен байланыстыра отырып, тілдесім әрекетін жандандыру. Әр оқушының білім сапасын оқылым, тыңдалым, жазылым, айтылым әрекеттері арқылы дамыту.
Тәрбиелік: Тілге деген қызығушылықты арттыру; азық-түлік, көкөніс, жеміс-жидектің маңызын түсіндіріп, олар бойынша тәрбиелік әңгіме жүргізу.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
1. Амандасу.
2. Ауызекі сөйлеу.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
Өткен сабақ бойынша сөздерді карточка бойынша тексеру.
Яблоко Капуста
Овощи Свёкла
Ягоды Земляника
Витамин Клубника
Огурец Фрукты
Малина Овощи
Клубника Витамин
Виноград Ягоды
ІІІ. Негізгі кезең.
1. Жұптық жұмыс. Азық-түлік, көкөніс, жеміс-жидек атауларын еске түсіру мен оларды ажырату білу мақсатымен өткізіледі.
АЛМА НАН СҮТ ІРІМШІК ҚИЯР ПИЯЗ ОРАМЖАПЫРАҚ ТАҢҚУРАЙ БҮЛДІРГЕН ҚҰЛПЫНАЙ МАЙ ҚАЙМАҚ ШҰЖЫҚ АЛМА ЖҮЗІМ АЛМҰРТ СӘБІЗ ҚЫЗЫЛША
АЗЫҚ –ТҮЛІК ДҮКЕНІ КӨКӨНІС ДҮКЕНІ ЖЕМІС-ЖИДЕК ДҮКЕНІ
Әр тағамды өз дүкеніне орналастыр.
2. Оқылым әрекеті дұрыс, сауатты, мәнерлеп оқу мен аудару мақсатымен орындалады.
Біздің қалада дүкендер көп. Мен әжеммен азық-түлік дүкеніне бардым. Әжем нан, май, сүт, ірімшік сатып алды. Кейін біз көкөніс дүкеніне бардық.
Онда біз орамжапырақ, қартоп, қияр, қызанақ сатып алдық.
3. Айтылым.
-Костя, сен не сатып аласың?
-Мен екі нан, бір алмұрт сатып аламын.
4. Жазылым. Карточкалармен деңгейлік тапсырмалар.
1-деңгей.
Аудар. Жуан сөздердің астын сыз.
Магазин, груша, молоко, колбаса, масло.
2-деңгей.
Аудар. Жуан сөздердің астын сыз.
Вкусная колбаса. Большое яблоко. Красная клубника.
3-деңгей.
Аудар. Жуан сөздердің астын сыз.
Я масло купил. Мама капусту купила.
ІV. Қорытындылау.
1. Тақпақтарды жаттау.
ШиеАлма
Мен шиемін, шиемін,«Алма, алма» дейсің,
Күннің көзін сүйемін.Алма әкелсем, жейсің,
Қышқыл шырын менде бар,Айтпайды екен деме,
Төмен басты иемін.Алманы жумай жеме.
2. «Балық сүйегі» ойыны.
3. «Жуан, жіңішке» ойыны.
V. Үйге тапсырма.
1. Қалған тақпақты жаттау.
2. «Жеміс – жидек дүкенінде» тақырыбына сурет салып, әкелу.
3. 165-бет, 1-жаттығу.
VI. Бағалау.

 

 

Күні:

Сабақтың тақырыбы. Базарда

Сабақтың мақсаты:

І Білімділік Оқушыларды қазақ тіліне үйрету, қазақ тіліне тән дыбыстарының айтылуы мен жазылуын қадағалау. Оқушылардың білім-білік дағдыларын қалыптастыру.

ІІ Дамытушылық Оқушыларды сөйлету арқылы тілдік қорларын молайту, ой- өрістерін дамыту.

ІІІ Тәрбиелік Оқушыларға эстетикалық тәрбие беру.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: Сұрақ –жауап, түсіндірмелі, талдау, әңгімелеу.

Сабақтың көрнекілігі: Суреттер.

Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру кезеңі

Амандасу, оқушыларды түгендеу. Оларды сабаққа бейімдеу.

ІІ Үй тапсырмасы

Оқушылардан үйге берілген тапсырманы сұрау.

ІІІ Жаңа сабақ

Жаңа сабақ тақырыбымен таныстыру, мақсатын қою.

ІV Жаңа сөздер.

Сөздік

жеміс-жидек -овощи- фрукты

ащы - горький

қанша тұрады? – сколько стоит

арзан - дешево

тым- очень

дәмі- вкусный

тәтті - сладкий

V Дәптермен жұмыс

5- тапсырма. Сөйлемдерді аударып, жатқа жазыңдар.

Я люблю ходить по магазинам. Я хочу купить бананы на базаре. Ты не хочешь есть яблоку? Овощи и фрукты полезны для здоровья. Они на базаре ничего не купили. Центральный базар находится на юге города. Наш дом находится недалеко от базара.

6- тапсырма. Кестедегі сөздерді пайдаланып, сұрақтарға жауап беріңдер.

Адамдар базарға не алу үшін келеді?

овощи, фрукты, ягоды, капуста, морковь, свекла, вишня, смородина,клубника

Сіз жидектерден нені жақсы көресіз?

вишня, смородина, крыжовник, арбуз, малина, клубника, черешня.

Көкөністен не алмақсыз?

капуста, кортовель, морковь, редис, чеснок, огурец

VІ Тақтамен жұмыс

«Базарда» сөзін септеу және фонетикалық талдау жасау.

VІІ Оқулықпен жұмыс

1- тапсырма. Сұхбатты оқып, жалғастырыңдар.

Анашым, біз бүгін базарға барамыз ба?

Иә балам, базарға барамыз.

Онда не аламыз?

Көкөніс, жеміс - жидек сатып аламыз.

.

.

2-тапсырма. Мәтінді оқып, мазмұндаңдар.

Базарда

Адамдар базарға көкөніс, жеміс- жидек алу үшін барады. Жексенбі күні базарда адамдар көп болады. Базардың ішінде сатып алушылар арзан бағалы көкөністерді алып жүр. Менің анам тосап жасау үшін жеміс – жидектерді төмен бағамен сатып алды. Жеміс- жидектің ішінен анам қарақатты молырақ алды. Қарақатта С дәрумені көп. Ол дам ағзасына пайдалы.

тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңіздер.

Жемістерге не жатады? Көкөністерге не жатады? Жидектерге не жатады?

VIII Шығармашылық жұмыс

IX Қорытынды

Оқушыларға сұрақтар қою арқылы өткен тақырыпты қалай меңгергендерін тексеремін.

X Бағалау

Оқушыларды білім деңгейлеріне байланысты бағалау.

XI Үй тапсырмасы

Өзара сөйлесу.

Күні: 18.09

Сабақтың тақырыбы: Алғашқы бақылау үзігі

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:Оқушылардың ой өрісін кеңейту, өткен тақырыптар бойынша алған білімдерін тексеріп шығу.

Дамытушылық:Оқушылардың сөздік қорын байыту, ауызша сөйлеу, сауатты жазу, жазу дағдыларын қалыптастыру.

Тәрбиелік:Оқушыларды қазақ тіліне деген сүйіспеншілігін арттыру, қазақ тіліне тән дыбыстарына көп көңіл аударуға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:диктант

Сабақтың типі:аралас сабақ, тапсырмалар

Сабақты жүргізу әдісі:жазбаша

Көрнекілік құралдар:тақтамен, керекті қиын сөздер

I Ұйымдастыру кезеңі:

-          Сәлемдесу

-      Сыныпты түгендеу

-      Үй жұмысын тексеру

-      Жаңа сабақты меңгерту

II Жаңа сабақ: 1 Кіріспе:Тақтаға күнің жазып, оқушылармен сәлемдесіп, бақылау жұмысын жазғызуға дайындаймын.

2 Жаңа тақырыпты түсіндіру:Оқушылармен өткен тақырыптарды қайталау үшін бақылау жұмысын жазғызу. Осында екі грамматикалық тапсырма беріледі.








































































































































































































Диктант

 «Сабақ кестесі».

Сабақ кестесі - оқушылардың апта бойындағы мектептіксабақтарының жоспары. Кестені тамыз айында балаларға оқу ісінің меңгерушісі дайындайды. Осы істелінген кестені сынып жетекші өз балаларына бірінші қыркүйекте береді. Берілген сабақ кестесі бойынша балалар сабаққа жыл бойы барады.

 

Тапсырмалар:

  1. Сабақ кестесі – сөз тіркесін буынға бөліп, буын түрін ажыратады.
  2. Тамыз – сөзіне фонетикалық талдау жасаңыз.
  3. Оқу құралдардармен 5 сөз тіркесін құра.

 

III Қорытынды:Балалардың бақылау жұмысын жазғанда қандай көп қате жіберген жұмысты талдап шығып, дұрыс жазылуын түсіндіру.

 

 

Күні:

Сабақтың тақырыбы: Саябақ.

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: Бау-бақшада өсетін жемістер мен көкөністер туралы мәлімет беру. Тілдесу әрекетіне бағыт жасау.

Дамытушылық: Сауатты оқуға, жазуға баулу.

Тәрбиелік: Оқушыларды әсемдікке, әдемілікке, тазалыққа баулу.

Сабақтың түрі:жаңа сабақ

Сабақтың әдісі:сурет бойынша жұмыс, сұрақ-жауап

Сабақтың көрнекілігі: суреттер, оқулық

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі.

II.Үй тапсырмасын тексеру.

III.Жаңа сбақ.

Тақырып бойынша жемістер мен көкөністердің адам өміріне, денсаулығына тигізетін пайдасы туралы түсініктер беру. Жаңа сабақты өткен сабақпен байланыстыра өткізу. 1-тапсырмадағы сурет бойынша сұрақ – жауап жасау.

1. Сөздікпен жұмыс.

2. Оқылым әрекетін тыңдалым әрекетіне ұштастыру мақсатында 1-тапсырмадағы мәтінді оқушыларға кезекпен оқыту. Мәтіннің мазмұнын түсіндіру. Оқу техникасын жетілдіру.

3. Қисынды ойлау, еске сақтау қабілетін дамыту үшін 2 – тапсырманы орындау. Бірнеше рет қайталап алған соң, оқулықты жауып, әр оқушы неше суретін атауын естеріне сақтағандарын тексеру. Оқушыларға қолдау көрсетіп, мадақтап отыру. Осы тапсырманы сауатты жазу дағдысын молайту мақсатында тақта алдында жалғастыру.

4. «Кім ең әдемі сурет салады?» атты жарыс ұйымдастыру. Суреттерді сараптап, ең әдемі суреттерді тақта алдына іліп қою.

5. Жазылым.

Оқушылардың қисынды ойлау қабілетін жандандыра отырып, 3 – тапсырманы оқушылардың өз бетімен орындауларын қадағалау. Тапсырманы тексеру.

Сергіту сәті.

6. Тілдесім.

Тілдесім әрекетін 4 – тапсырма арқылы жалғастыру. Суреттегі жемістер мен көкөністердің атауларын қайталап алған сон, оқушылармен жеке-жеке жұмыс жасау.

7. Айтылым.

«Саябақ » тақырыбы бойынша (осы жыл мезгіліне байланысты) түсініктерді қалыптастырып бекіту үшін 5 – тапсырмадағы сурет бойынша сурет жасау. Айтылым әрекетін үй жұмысымен ұштастыру.

IV. Сабақты қорытындылау

а) күзгі жемістер мен көкөністердің атауларымен сөз тіркесін жасату;

ә) күзге байланысты атауларды жатқа қайталау.V. Үйге тапсырма. Бағалау.

 

 

Күні:

Сабақтың тақырыбы. Күзгі саябақ.

Мақсаттары:

Білімділік: жаңа тақырып бойынша оқушыларға жан-жақты білім беру. Оқушылардың жаңа тақырып бойынша алған білімдерін молайту.

Дамытушылық: күзгі саябақ туралы айта отырып, оқушылардың сөздік қорын молайту. «Күзгі саябақ тақырыбында сөйлесу дағдысы қалыптастыру.

Тәрбиелік: Оқушыларды сауатты,көркем жазуға үйрету.

І.Үйымдастыру кезеңі.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

ІІІ. Жаңа сабақтың мақсатын, барысын айтып түсіндіру.

IV.Жаңа сабақ.

Тақтадағы тірек сызбамен жұмыс.

Жазғы

 

            Саябақ

 

Қысқы Көктемгі

 

?

1.Балалар, біз қандай тақырыпты өттік?

2. Жазда саябақ қандай болады?

3. Қыста саябақ қандай болады?

Дұрыс. Жақсы балалар. Сонда қай жыл мезгілінің саябағын өткен жоқпыз.

Неге мына жерде сұрау белгісі тұр.Дұрыс балалар ! «Күзгі саябақ!»

Ал енді дәптерлерімізді ашып бүгінгі күнді, тақырыптың атауын жазып қояйық.

Кім айтады күзде саябақ қандай болады?

V.Сөздік жұмысы.

Таусылмайтын қазына-неиссякаемый клад.

Білімді адам-образованный человек

Жол ашық-дорога свободна (открыта)

әрқашан-всегда

сондықтан –поэтому

сынып жетекшісі-классный руководитель

1.Мұғалім сөздікті оқып береді, сөздердің мағынасын түсіндіреді.

2.Ойын өткізу арқылы сөздікті пысықтау. Мұғалім сөздік бойынша бір сөздің орысшасын айтып, допты бір оқушыға лақтырады , оқушы допты қағып алады ,сөздің қазақшасын айтып ,допты мұғалімге қайтарады.Осылай бірнеше рет қайталанады

3. Сөз тіркестерін құрастырады.

4 Сөйлемдер құрастырады.

Оқылым:3бет 1 жаттығу. Мәтінді оқып, аударады, сұрақтарға жауап береді.

Жазылым: 3 бет 3 жаттығу . Берілген сөздер және сөз тіркестермен сөйлем құрастыр.

Айтылым: 3бет 2 жаттығу суретті әңгімелеу.

Тілдесім: 5 бет 4 жаттығу. Ұсынылған тақырып бойынша, мұғалім сұрақтар қояды, Оқушылар жауаптарын айтады. Содан соң ауысқан сөйлемдерді ретімен қойып, мәтін құрастырады.

VІ.Сабақты қорытындылау, бағалау.

VІ. Үйге тапсырма беру.

1. Жаңа сөзді жаттау.

Күні:

Сабақтың тақырыбы: Мен саябақта демаламын.

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: Бау-бақшада өсетін жемістер мен көкөністер туралы мәлімет беру. Тілдесу әрекетіне бағыт жасау.

Дамытушылық: Сауатты оқуға, жазуға баулу.

Тәрбиелік: Оқушыларды әсемдікке, әдемілікке, тазалыққа баулу.

Сабақтың түрі:жаңа сабақ

Сабақтың әдісі:сурет бойынша жұмыс, сұрақ-жауап

Сабақтың көрнекілігі: суреттер, оқулық

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі.

II.Үй тапсырмасын тексеру.

III.Жаңа сбақ.

Тақырып бойынша жемістер мен көкөністердің адам өміріне, денсаулығына тигізетін пайдасы туралы түсініктер беру. Жаңа сабақты өткен сабақпен байланыстыра өткізу. 1-тапсырмадағы сурет бойынша сұрақ – жауап жасау.

1. Сөздікпен жұмыс.

2. Оқылым әрекетін тыңдалым әрекетіне ұштастыру мақсатында 1-тапсырмадағы мәтінді оқушыларға кезекпен оқыту. Мәтіннің мазмұнын түсіндіру. Оқу техникасын жетілдіру.

3. Қисынды ойлау, еске сақтау қабілетін дамыту үшін 2 – тапсырманы орындау. Бірнеше рет қайталап алған соң, оқулықты жауып, әр оқушы неше суретін атауын естеріне сақтағандарын тексеру. Оқушыларға қолдау көрсетіп, мадақтап отыру. Осы тапсырманы сауатты жазу дағдысын молайту мақсатында тақта алдында жалғастыру.

4. «Кім ең әдемі сурет салады?» атты жарыс ұйымдастыру. Суреттерді сараптап, ең әдемі суреттерді тақта алдына іліп қою.

5. Жазылым.

Оқушылардың қисынды ойлау қабілетін жандандыра отырып, 3 – тапсырманы оқушылардың өз бетімен орындауларын қадағалау. Тапсырманы тексеру.

Сергіту сәті.

6. Тілдесім.

Тілдесім әрекетін 4 – тапсырма арқылы жалғастыру. Суреттегі жемістер мен көкөністердің атауларын қайталап алған сон, оқушылармен жеке-жеке жұмыс жасау.

7. Айтылым.

«Саябақ » тақырыбы бойынша (осы жыл мезгіліне байланысты) түсініктерді қалыптастырып бекіту үшін 5 – тапсырмадағы сурет бойынша сурет жасау. Айтылым әрекетін үй жұмысымен ұштастыру.

IV. Сабақты қорытындылау

а) күзгі жемістер мен көкөністердің атауларымен сөз тіркесін жасату;

ә) күзге байланысты атауларды жатқа қайталау.

V. Үйге тапсырма: 4 тапсырма

Бағалау.

 

Күні:

Сабақтың тақырыбы: Қысқы саябақ

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың тақырып бойынша білімдерін молайту. Түрлі тапсырмалар арқылы білімдерін бекіту.

Дамытушылық:Оқушыларға бағыт-бағдар бере отырып,өз беттерінше жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру.

Тәрбиелік:Оқушыларды көркем жазуға,қазақ тілінде жатық сөйлеуге машықтандыру.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

ІІІ. Жаңа сабақ

Лексикалық тақырыпты түсіндіру

Қыс. Айналаның бәрі ақ көрпе жамылғандай.Ағаштар аппақ гүл шоқтары тәрізді. Төңірек мүлгіген тыныштық. Ауа райы жиі өзгеріп, қатты аяз, боран болады. Адамдар жылы киімдерін киеді. Балалар қысқы саябақта серуендеуге жақсы көреді.

Қыс-жылдың ең суық мезгілі.

Сөздікпен жұмыс

Сөз мағыналарын түсіндіру.

Сөйлем құрау.

1-тапсырма

қысқы каникул

Қыста Жаңа жыл болады.

өте суық

2-тапсырма

Асты сызылған сөздерді қай септікте тұрғанын ата.

Қыс.

Қыс түсті.Күн суытты. Даланы ақ қар басты. Балалар көк мұз үстінде коньки теуіп жүр. Кішкентай бір бала шанамен сырғанап барады. Екі бала шаңғы теуіп жүр.

Септеу

Шана сөзін септеу

3-тапсырма

Сызба бойынша сөйле

365---12---4---7---24---60---12

Кім? не? Сұрағына жауап беретін сөздерді бөлек жазу.

Жұмбақ

1.Қыста үйге кірмейді,

Көктем шықса , жүрмейді .

Семантикалық карта

Мысалдар

Көптік жалғау

Септік жалғау

Тәуелдік жалғау

Балам

Кітаптың

Әкем

Ағалар

Құстар

Терезесі

Сыныбым

Шаңғының

Алмам

Сыныппен

Сабақты қорытындылау

Үйге тапсырма беру

5-тапсырма

«Қыс қызығы» эссе жазу.

 

Күні:

Тақырыбы: «Саябаққа саяхат»

Мақсаты:

Білімділік: Балалардың саябақ туралы түсініктерін молайту, әрбір жеміс ағашына сипаттама бергізуді еске түсіріп, жалғастыру. Жемістер туралы түсініктерін молайту.

Дамытушылық: Балалар әрбір жеміс ағашына сипаттама бере отыра, ой қиялы, тілдік қаситеі, ой түйсігі, зейіні, бейнелеу қасиеті дамытылады.

Тәрбиелік: Балалардың табиғатқа деген қамқорлық сезімін одан әрі ояту. Табиғатты сүйе білуге, оны ластамауға, өзінің екінші үйіндей сезінуге үйретуді жалғастыру.

Керекті құрал- жабдықтар: жеміс ағаштары, саябақ көркі, қоқыстар, шөптер, құлып және кілт.

Әдіс- тәсілдер: ойға шабуыл жасау, түсініктерін молайту, сұрақ- жауап, тапсырмалар орындау.

Қызмет кезеңдері Педагогтің басқару іс-қимылдары Балалар қызметі
    1 кезең уәждік түрткі болу Баланың әрекетке кірісуіне түрткі болу: Балалар қане ең алдымен тәрбиеші апайлармен амандасып алайық! Проблемалық жағдай орнату: Балалар енді менің жұмбағымның жауабын тауып көріңдер. Өзі саябақ көркі, түстері жап- жасыл ұзын бойлы балалар бұлар нелер? Саябақта қандай ағаштар болады? Олардың жемістерін атап жіберейікші балалар. Жарайсыңдар балалар, ендеше, бүгін біз саябаққа саяхат жасаймыз. Балалар бақтың есігі құлыпталып тұр екен. Оның кілтін табу керекпіз. Балалар қараңыздар ана жерде Асия әжей жүр қане бақтың кілтін сұрап алайық. Асия әжей сәлеметсіз бе? «- Сәлеметпе балаларым, амансыңдарма, не болды? Қандай шаруамен келдіңдер?» Асия әжей бізге саябағыңыздың кілті керек еді. Баққа саяхат жасайық деп едік. «- Жарайды, кілтті берместен бұрын менің сендерге айтар тапсырмам бар, Мына саябақтың жемістерін жинап балабақшаға апарып жерсіңдер, сендерге берер тартуым болсын, жарайма? Ал саябаққа кірерде абайлаңдар, әрбір жеміс ағашының арасында кедергілер бар, сол кедергілерден сүрінбей өтіңдер. Ал сәттілік тілеймін.» деп кілтті береді       § Сәлеметсізбе!     § Ағаштар     § Алма, апельсин, банан, алмұрт т.б.   Балалар мұғаліммен саябаққа саяхатқа шығады.     Асия әжейге барып кілтін сұрайды.   Балалар Асия әжейдің берер тапсырмасын тыңдайды   § Жарайды әжей   Балалар әжейден кілтті алады
    2 кезең проблемалық- ізденістік Балаларды проблеманы шешуге бағдарлау: Саябақтың құлпын ашып, әрбір жеміс ағашының тапсырмаларын орындайды. 1.Кішкентай алма ағашына көмек көрсету 2.Алмұрт ағашының айналасындағы қоқыстарды жинау 3.Банан айналасындағы аррам шөптерді жұлу. 4.Сергіту сәті «Тербеледі ағаштар» 5.Гүлдерді жинау. Қарлығаш келіп хабарлама айтады: «- Достарым, достарым балабақшадан хабар әкелдім, сіздерді Бибігүл апайларын мен Ақмарал апайларын сағына күтіп отыр, Асия әжейдің жемістерін тез алып келсін дейді, ал сау болыңдар»   Саябақтағы жеміс ағаштарының тапсырмаларын орындау.   Балалар кішкентай алма ағашына көмектеседі   Алмұрт тапсырмасын орындайды     Банан жеміс ағашының тапсырмаларын орындайды   Сергіту сәтін рындайды. Гүлдердің тапсырмасын орындайды.   Қарлығаштың хабарламасын тыңдайды
3 кезең рефлексті- түзетімдеуші Балалар қызметінің нәтижелерін талдау: Балалар біз бүгін қайда бардық? Онда неше жеміс ағашы болды? Қандай қандай? Біз оларға не істедік? Сендерге саяхатымыз ұнады ма? Жарайсыңдар, балалар қане бәріміз саябақтың есігін кілтеп кетейік. Ал балалар тәрбиеші қонақтарға не айтамыз? Себетімізді, гүлдерімізді алып балабақшамызға, тобымызға барайық   § Саябаққа саяхат жасадық   § Бес   § Көмектестік   § Иә ұнады     Бақтың есігін кілтейді.   § Сау болыңыздар!   Балалар себеттерін алып топқа барады.

 

Күтілетін нәтиже: Балалар әрбір жеміс ағашы туралы толық мәлімет алады, табиғатқа деген қамқорлығы молая түседі.

Білуі тиіс: Табиғатты ластамауға, әрбір жеміс аттарын білуі тиіс.

Үйге: Эссе жазу.

Бағалау.

 

Күні:










Последнее изменение этой страницы: 2018-04-12; просмотров: 354.

stydopedya.ru не претендует на авторское право материалов, которые вылажены, но предоставляет бесплатный доступ к ним. В случае нарушения авторского права или персональных данных напишите сюда...