Студопедия КАТЕГОРИИ: АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция |
Содержание психопрофилактической работыСтр 1 из 2Следующая ⇒
КІРІСПЕ Зерттеудің көкейкестілігі.Тіршіліктегі басты құндылық - адамның өмірі екені белгілі. Бір күннің ішінде сан мыңдаған адам өмірге келіп жатса, сол секілді сан мыңдаған адам өмірден бақилық болады. Оның ішінде, талқаны таусылып, Жаратушы қалауымен өмірден озатындарын айтпағанда, өз өміріне өздері балта шауып, ажалынан бұрын өмірімен қоштасатындары қаншама. Әсіресе, өз-өзіне қол жұмсау әрекеті жасөспірімдер арасында жиі көрініс береді. Мұндай келеңсіздіктің сыры неде? “Өз-өзіне қол жұмсап, өмірден баз кешетіндей басына қандай күн туды екен?” деген ой осындайда санамды тұмшалайды. Сау адам тұрмақ, науқас адамның өзі бір шыбын жаны үшін шырылдап, дертіне дауа іздеп зыр жүгіреді емес пе? Айдың-күннің аманында төрт құбыласы тең кейбір жастарымыздың өз-өзіне қол жұмсауы бейжай қарауға болмайтын мәселе. Бүкіл әлемді алаңдатып отырған осынау мәселе соңғы жылдары қоғамдық дертке айналды. Қазақстан Республикасының президентi Н.Ә. Назарбаев «Қоғамның нарықтық қарым-қатынасқа көшу кезiнде саяси-экономикалық және рухани дағдарыстарды жеңiп шыға алатын, iзгiленген ХХI ғасырды құрушы, iскер, өмiрге икемделген, жан-жақты, бәсекеге қабiлеттi, мәдениеттi жеке тұлғаны қалыптастыру - бiздiң басты мақсатымыз» - деп өзiнiң Жаңа әлемдегi жаңа Қазақстан атты Жолдауында тұжырым жасады [1]. Бүкіл әлемді елеңдетіп, қоғам дертіне айналып отырған суицид мәселесі, қоғамда болып жатқан өзгерістер мен сан түрлі қиындықтар бала психологиясына кері әсер етуде. Өзін-өзі өлтіру - әлеуметтік-экономикалық жағдайлары, мәдени және діни дәстүрлері әр түрлі елдерге тән заманауи қоғамның елеулі және өзекті мәселелерінің бірі болып табылады. Статистика бойынша бүгінгі күнде әлемде әр 40 сек сайын 1 адам өз өміріне қастандық жасайды. Жалпы, жыл сайын әлемде 1 000 000 адам өз өмірімен қоштасады. Суицидтің ресми көрсеткіші шынайы цифрдан едәуір айырмашылық жасайды. Жүзеге асырылған суицидтен саны 7-10 есеге жоғары өмірмен қоштасудың сәтсіз әрекеттерін ешкім есепке алмайды. Қазақстандағы «Азаттық» радиосы берген ақпаратқа сүйенсек, Қазақстанда соңғы онжылдықта суицид көрсеткіші 100 мың тұрғынға шаққанда 52-53 құрады. Өзін-өзі өлтіру әрекетіне жиі барған, депрессиялық аймақтардың тізімінде Оңтүстік Қазақстан облысы, Ақтау, Солтүстік Қазақстан және Қарағанды қаласы көрсетілген. Жыл сайын өзін-өзі өлтіру жасарып келеді: бұл туралы балалар ойланып, өзіне-өзі қол жұмсауға тырысады. Жас ерекшелік динамикасы бойынша суицидтің күрт артуы 13 жастан кейін байқалады. Жасөспірімдерде ересектерге қарағанда «Вертер эффектісі», яғни мысалдың, үлгінің әсерінен өзіне қол жұмсау фактілері жиі кездеседі. Өз-өзіне қол жұмсау құбылысымен күресу қажеттілігі ең алдымен адам өмірінің абсолютті құндылығынан, адам өлімінің мағынасыздығынан туындайды. Әлеуметтану тұрғысынан, өзін-өзі өлтіру дегеніміз нашақорлық, жезөкшелік, қылмыс пен алкоголизм сияқты девиантты мінез-құлық пен әлеуметтік патологияның модельдердің бірі. Өзін өлтіру арқылы адам өзін айналасындағы әлемнің бір бөлігі екенін мойындаудан бас тартады, тіпті қайтыс болғаннан кейін де осы әрекеті арқылы өз тұлғасына өзі өмір сүрген, шынайы ескермеген қоғамның мұқият назарын аударады. Осыған байланысты Қазақстанда өзін-өзі өлтіруді болдырмау және жастар ортасында өмірге оңтайлы, позитивті бейімделу шараларын қалыптастыру әлеуметтік - патологиялық қозғалыстардың алдын алу шараларының негізгі мақсаты мен қоғамдық денсаулық сақтаудың басым бағыты болып табылады. Қазір өз-өзіне қол жұмсау проблемасын болдырмау үшін қоғамда көп іс-шаралар жасалуда, бірақ потенциалды суицидентердің өз-өзіне қол жұмсауының жасырын ниеттеріне және шешім шығарудың төтеншелігіне байланысты арнайы бағдарлама әзірлеу өте қиын. Біздің ойымызша, Мать Тереза айтқандай, кері бағытта жұмыс жасау қажет: «Егер сіз соғысқа қарсы болсаңыз, онда бейбітшілікке жақтас болыңыз»принципіне сәйкесантисуицидтік тенденцияларды қалыптастыратын бағдарламалар ендіру қажет – позитивті ойлау, оптимистік көзқарас, болашаққа деген сенім және т.б. 1960 жылдан бастап Халықаралық суицидтің алдын алу қауымдастығы (МАПС) жұмыс жасайды. ХСБҚ- Бұл планетада өзіне-өзі қол жұмсауды болдырмауды өзінің басты мақсаты ретінде қойған халықаралық ұйым. Суицидтерді болдырмау жөніндегі халықаралық қауымдастықтың негізін қалаушылар Эрвин Райлель мен Норман Фарбер, өз қызметтерінің барысында статистикалық мәліметтермен жақсы таныс, олардың айтуынша, көптеген адамдар зорлық-зомбылық пен барлық соғыстарға, қылмыстық өлтірулерге қарағанда, өз-өзіне қол жұмсаудан көбірек өледі. 10 қыркүйек Дүниежүзілік суицидке қарсы күрес күні деп жарияланды. Ол ХСБҚ бастамасымен және ДДҰ қолдауымен белгіленеді. Бұл ұйымның сарапшылары өзіне –өзі қол жұмсаудың 800 себебін және оны жүзеге асырудың 83 тәсілін есептеп шығарды. Демек, бұл көрсеткіштер суицидке қарсы табанды әрі жүйелі күрес жүргізу қажеттігін көрсетеді. [5] Уақыт өте келе, бұл мәселені бір күннің ішінде шешу мүмкін емес, сонымен қатар қауіпті екендігі анықталды, себебі өз-өзіне қол жұмсаудың саны азайған жоқ. Керісінше, «алтын» күздің немесе көктемнің керемет шуақты күндерінде сәтсіз оқу жылының (ҰБТ сәтсіздігі) проблемалары мен қайғылы махаббат (әсіресе табиғат сұлулығы мен айналадағы адамдардың сүйіспеншілікке толы екендігіне байланысты) өткір проблемалар одан сайын тереңдетіле түсті. Психологтардың айтуынша, осы кезеңде табиғаттың жарқын гүлденуі мен ішкі жай-күйдің көлеңкелі кезінің арасындағы елеулі контраст байқалады. Қазіргі кезеңде ХСБҚ ұсынысы бойынша әлемнің көптеген қалаларында және біздің елімізде өз-өзіне қол жұмсауды болдырмау жөніндегі қызметтер құрылды. Бұл білікті медициналық емдеуге және сараптамалар мен кәсіби кеңстерге мұқтаж адамдарға әлеуметтік-психологиялық көмек көрсетуді ұйымдастырудың жаңа формасы. Қызметтер тұрғындардың кең ауқымын қамтиды, бірінші кезекте, психологиялық дағдарысты бастан кешірген адамдарға, стресстік факторлар әсер еткендерге және өз-өзіне қол жұмсауға қабілетті адамдарға бағытталған. Қауымдастықтың қызметкерлері өзіне-өзі қол жұмсау әрекетінен аман қалғандарға, сондай-ақ адамдарға өзін-өзі өлтіру әрекетінен зардап шеккен адамдарға көмек көрсетеді. Бүгінгі таңда жасөспірімдер арасындағы суицид мәселесі мемлекеттік деңгейде қаралады. Қазақстан Республикасының «Салауатты Қазақстан» денсаулық сақтауды дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы қабылданып және жұмыс істейді. Өзін-өзі өлтіруді болдырмаудағы негізгі бағыттары мектептерде және мектепке дейінгі мекемелерде психологиялық тестілеуді енгізу, жаңа кадрларды даярлау, қолданыстағы мамандарды қайта даярлау, мектеп психологтарын және әлеуметтік педагогтарды психологиялық тұрақтылық деңгейін арттыру үшін қарапайым, бірақ тиімді технологиямен оқыту болып табылады Бұл бағдарламаның артықшылығы - психикалық және физикалық денсаулығын зерттеуде ерте кезеңде балалар мен жасөспірімдерде психологиялық тұрақтылықтың төмен деңгейін және жоғары деңгейдегі суицидтік ықтималдылықты диагностикалауға, сондай-ақ мамандардың профилактикалық білімдерін жаңартуға мүмкіндік беретін әмбебептылығы мен бірегейлігінде. [6] Сонымен қатар, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2016-2020 жылдарға арналған "Саламатты Қазақстан" денсаулық сақтаудың жаңа мемлекеттік бағдарламасы әзірленуде. Оның негізгі бағыттары алғашқы медициналық-санитарлық көмекті және денсаулық сақтаудың кадрлық әлеуетін, сондай-ақ денсаулық сақтауға ынтымақты жауапкершілікті қамтамасыз ететін әлеуметтік медициналық сақтандыруды кезең-кезеңмен енгізу болып табылады. [7] 2012 жылы ШҚО кәмелетке толмағандар арасында өзін-өзі өлтіруді болдырмау жөніндегі жобаның пилоттық аймағына айналатыны белгілі болды. Отандық дәрігерлер, педагогтар халықаралық сарапшылармен бірігіп, суицидтің алдын-алу бағдарламасының үлгісін жасады [8]. Жобаның толық атауы - 2012-2015 жылдарға арналған өзіне-өзі қол жұмсауды болдырмау бойынша ведомствоаралық іс-қимыл жоспары. Оны Қазақстанның білім және денсаулық министрлігінің мамандары бірлесе әзірлеген. Бағдарламаны жүзеге асыруға балалар құқығын қорғау жөніндегі облыстық департамент, білім беру, денсаулық сақтау басқармалары, Өскемен қаласының отбасы және баланы қорғау орталығы және басқа да ұйымдар, оның ішінде балаларды қорғау жөніндегі халықаралық сарапшылар, Біріккен Ұлттар Ұйымының Балалар қорының (ЮНИСЕФ) өкілдері қатысты. Қазіргі кезде ҚР Білім және ғылым министрлігі психиатрия, психотерапия және наркология республикалық орталығының суицидология бөлімінің көмегімен оқушыларды суицидтік әрекетке бейімділігін тестілеудің бірегей әдісін дайындауда. Жабық түрде жасөспірімдердің өз-өзіне қол жұмсау оқиғалары болған жерлер тексеріледі. Олар –Шығыс Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан, Ақмола және Қарағанды облыстары. Содан соң мәселе басқа да өңірлерде зерттелетін болады. [9] ЮНИСЕФ пен ДДСҰ деректері бойынша Қазақстан 2012 және 2013 жылдары өзіне қол жұмсау фактілері бойынша ер балалардың өлім санымен екінші орынды, ал, қыз балалар өлімі бойынша бірінші орынды иеленген. Қазақстан 10-14 жастағы ер балалар мен қыз балалардың қайтыс болу коэффициент деңгейі бойынша бірінші орында. ДДСҰ деректері бойынша әлемдегі суицидтің 20% балалардың жеткіншек және жасөспірім шағына қатысты келеді. Суицид фактілері мен әрекеттерінің саны едәуір жоғары көрсеткішке жетіп отыр. ДДСҰ деректеріне сүйенсек 2012 жылы әлемде өзін-өзі қол жұмсаудан өлген адамдардың саны 804 мыңға жеткен. Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің республикалық психиатрия психотерапия және наркология ғылыми практикалық орталығының директоры Сағат Алтынбеков 2013 жылы барлығы 3506 адам, 2014 жылы 3124 адам өзіне қол жұмсағанын хабарлайды. Еліміздің 4 облысында Ақмола, Қарағанды, Оңтүстік Қазастан, Солтүстік Қазақстанда және Алматы қаласында бұл көрсеткіштер бұрынғы деңгейде сақталып қалған. [10] Суицид бойынша, халықаралық сарапшы профессор М. Саркьяпоне балалар арасындағы өзіне қол жұмсағандардың 24,3% соңынан қол жұмсауға түрткі болған қоштасу хаттарын қалдырған, бірақ олар өкілетті органдармен, яғни, ұстаздар мен психологтардың талдауынсыз қалған» деп қорытындылады.[11] Психологтардың пікірінше, балалардың өзін-өзі өлтіруі – дер кезінде олардың жан айқайын, яғни осы арқылы бала өзіне көңіл аудару ниетін естімеудің нәтижесі. Жасөспірім шақ көбіне жанжалмен, жабығуды, шиеленісті, мектептегі және үйдегі проблемаларды сезінуімен сипатталады. Өзін-өзі өлтіру туралы ойлардың тарихы өте ерте кезден бастау алады. Оған дәлел антикалық дәуірдегі Пифагор,Аристотель, Платон ,Сократ Эпикур, Сенека, Цицеронның философиялық ойлары, Қайта құру дәуіріндегі (XIV—XVI ғғ) Мишель Монтень, Дэвид Юм, Иммануил Кант, Артур Шопенгауэр, ХІХ ғасырдағы ФедорМихайлович Достоевский, Владимир Соловьев, Серен Кьеркегор, ХХ ғасырдағы Альбер Камю,Карл Ясперс,Николай Александрович Бердяевтің көзқарастары мен еңбектері.
Жасөспірімдер, әдетте, өте сезімтал, олар басқа топтағы балалармен салыстырғанда болып атқан жағдайға қызбалықпен әрекет етеді. Олардың иланғыштығы және өзгелерге, оның ішінде өзін өзі өлтіруге талап жасаушыларға еліктеушілігі суицидке баруына негіз болуы мүмкін. Жасөспірімдік шақтың проблемалары қазіргі заманғы көптеген зерттеулерде көрініс табады. Жасөспірімдердің жеке тұлғасының қалыптасу заңдылықтары мәселесі Д.Б. Эльконин [12], Л.И. Божович [13], А.В. Мудрик [14], В.А. Сухомлинский [15], А.Е. Личко [16.17], И.С. Кон , Т. Молодцова, И.А. Невский, Л.С. Выготский, Л.Ф. Обухова, А.А. Реан, Б.Н. Алмазов, С.А.Беличева, А.Дүйсебаев, А.Б.Шопбекова, В.С.Мухина, Д. Фельштейн, Х.Ремшмидт және тағы басқалардың зерттеулерінде қарастырылған. Алайда, жасөспірімдік шақтың әртүрлілігі мен күрделілігіне байланысты туындайтын мінез-құлық ауытқулары мен дағдарыстық жағдайларды зерттеушілер мен мамандар әртүрлі бағалайды, өйткені оларды бағалау үшін түрлі көрсеткіштер пайдаланылады. Бұл мінсіз әдіснама мен бірыңғай ұғымдық аппараттың жоқтығына байланысты. Зерттеуші ғалымдар мен практиктер арасындағы айырмашылықтар осы ғылыми бағыттағы маңызды мәселе болды. Сондықтан көптеген зерттеушілер жасөспірімдердің эмоционалды-еріктік және мінез-құлық салаларындағы әртүрлі ауытқулардың көріністерін қамтитын жалпығы ортақ ұғымдарды ұстануды жөн санайды. Тәуекел тобына қатысты үғымдарды нақтылау, осы категориядағы балаларды диагностикалаудың сенімді әдістемелерін әзірлеу, оларды оқыту мен тәрбиелеудің ең жақсы әдістері мен оңтайлы жолдарын іздестіру мәселелерімен Л.Я. Олифренко, Т.Шульга, И.Ф.Деменьева, Н. В.Власова, М.М. С.Певзнер, О.Газман, Т.Корилова, Е.Григоренко, С.Смирнов, Г.М.Коджаспирова, Е.Клеберг және тағы басқалар айналысты. Тәуекел тобындағы жасөспірімдерді психологиялық-педагогикалық қолдау мәселелерін шешуге Қазақстандық көптеген зерттеушілердің еңбектері арналған. Олар: В.Г.Баженова, А.Д.Джумабаева, А.М.Карабаевой, Э.И.Шинибековой, Г.А.Уманова, Л.К.Керимова, В.В.Трифонова, Л.А.Байсерке, Ж.Ж.Ыскакова, Т.Б.Бегалиева, Т.К.Болеева, Л.В.Лысенко,Р.К.Мамбетова, А.К.Дуйсебаева, В.П.Кривошеева, Д.К.Казмбетова және т.б. Осы авторлардың зерттеулерінде жалпы білім беретін мектеп жағдайында оқитын қиын балалар мен жасөспірімдердің мінез-құлық ауытқуларының категорияларын алдын-алу, диагностикалау, түзету және оңалтудың әртүрлі жолдары кеңінен ашылады. Қазақстанда мінез-құлық ауытқуы А.К.Файзулина, М.Н.Кунанбаева, Т.М. Кравцова, В.Зарубаева, Л.К.Керимов, А.Т.Акажанова, У.Б.Толешова, Ш.Е.Джаманбалаева, Д.К.Казымбетова, К.Ж.Кожахметова, Л.Бекмамбетова, М.Кузубова айналысады. Мінез-құлық ауытқушылықтарын жасөспірімдердің суицидтік мінез-құлыққа бейімділігі аясында Касен Г.А., Мынбаева А.К., Айтбаева А.Б., Абдуллаева П.Т., Колдышева А.В., Сеилханова М.С қарастырады. Девиантология мәселесімен психология, педагогика, әлеуметтану және юриспруденциядағы көптеген мамандар айналысады, бірақ девиантты мінез-құлық проблемасының түп тамыры Д.Дюркгеймнің зерттеулерінен бастау алады, ал тәуелсіз ғылыми бағыт ретінде құрылуына Р.Мертон мен А.Конн себеп болды. Мінез-құлық ауытқушылық мәселелері тәуелсіз ғылым саласы және оқу пәні алдымен психологтардың, әлеуметтанушылар және криминологтардың зерттеу жұмыстары негізінен қалыптасып,одан әрі дами бастады. Олар: М.Г. Гернет, Г. Тард, П. Сорокин, Т.Парсонс, Л.И. Божович, Я.И. Гилинский, Д.И. Фельдштейн, М.Г Ярошевский, В.Н. Кудрявцев, А.С. Макаренко, Б.С. Братусь, Э.Фромм, М. Вебер, А.А. Реан, Я.Л. Коломинсков А.А. Сукало, Л.С. Выготский, Ю.А. Клейберг, А.И. Кравченко және т.б. Әлеуметтік-психологиялық аспектіде мінез-құлық ауытқуы әлеуметтендіру процесінің бұзылуымен байланысты: Б.Н. Алмазов, С.А. Беличева, Б.П.Битинас, И.С. Кон, Г.Ф. Кумарина, А.В. Мудрик, И.А. Невский, Змановская Е.В., Колесникова Г.И., Котова А.Б., Петрулевич А.И., Менделевич В.Д, Б.Д. Парыгин, Е.С. Кузьмин, B.C. Мерлин, Г.М. Андреева, Б.Г. Ананьев, Б.С. Волков, Б.Ф. Ломов, С.А. Беличева, И.С. Кон және т.б. Қайта әлеуметтендіру және десоциализация мәселелеріне криминологтар мен заңгерлер тарапынан белсенді қызығушылық байқалуда: A.M. Яковлев, В.Н. Кудрявцев, Н.А. Стручков. Мінез-құлық ауытқушылықтарын зерттеудің әдіснамалық негізін В.С.Афанасьевтің, Я.И.Гилинский, Б.М. Левин, М.Е. Поздняковтың девиантология теориялары; В.П. Казимирчук, В.Н. Кудрявцев, Ю.В. Кудрявцеваның әлеуметтік құқық теориясы, сондай-ақ В.Ф. Левичев, В.Т. Лисовский,И.А. Невский, А.С. Харчевтің еңбектері құрайды. Ауытқушы мінез-құлық табиғатын А.Г.Абрумова, Л.Я.Жезлова қарастырған. Ауытқушы мінез-құлықты биологиялық факторлардың салдары ретінде қарастырған: Г.Ю.Айзенк, Ю.Д. Блувштейн, П.Джекобс, Э. Кречмер, Ч. Ломброзо, Р. Фокс, К. Юнг, У. Шелдон. Девиацияны тұлғаның психологиялық қарама-қайшылығы, тұлғаішілік конфликт салдары ретінде: А. Адлер, Д. Берлингем, Б.С. Братусь, А.П. Венгер, Ф.А. Захаров, А. Маслоу, Н.К. Радкина, К. Роджерс, Е.О. Смирнова, Л.Д. Столяренко, В. Франкл, З. Фрейд, Э. Фромм қарастырған. Зерттеу тақырыбымның негізгі қайнар көзін Юрий Робертович Вагиннің «Авитальная активность» (злоупотребление психоактивными веществами суицидальное поведение у подростков) және «Профилактика авитальной активности» еңбектері құрады. Ю.Р.Вагин жасөспірімдердің авитальді белсенділігін аутентисттік дағдарыспен байланыстырады. Сонымен қатар, Шелехов И. Л, Каштанова Т. В., Корнетов А. Н., Толстолес Е. С, Змановская Е. В, Л. А. Азарова, В. А. Сятковский, Алимова М.А, А.В.Хомич еңбектері талданды. Балалардың суицидтік мінез-құлқының алдын алуда отбасы, мектеп, педагог, психолог, әлеуметтік педагог басты рөл атқарады, олар жасөспірімдерді суицидтік әрекетке жеткізетін көңіл-күймен күресуде ата-аналармен жұмыс атқарады және оларға көмек береді. Ата-аналарды өз баласына сауатты көмек көрсетуі үшін, оны түсінуі мен қолдау көрсетуінде қажет жеткілікті біліммен қаруландыру керек. Ата-аналардың педагогикалық мәдениеті неғұрлым мол болған сайын, олар өз балаларына жалпыадамзаттық және адамгершілік құндылықтарды соғұрлым көп меңгертеді. Қазақстан Республикасының «Неке және отбасы»туралы заңының «Ата-аналардың құқықтары мен міндеттері» деп аталатын 11-тарауының 70-бабында ата-аналардың баланы тәрбиелеу және оған білім беру жөніндегі келесідей құқықтары мен міндеттері айқындалған: [28] · Ата-аналар өз баласының денсаулығына қамқорлық жасауға мiндеттi. · Ата-аналардың өз баласын тәрбиелеуге құқығы бар және осыған міндетті. Ата-аналардың барлық өзге адамдар алдында баласын тәрбиелеуге басым құқығы бар. Бала тәрбиелеушi ата-аналар оның дене бітімі, психикалық, адамгершілік жағынан және рухани дамуына қажеттi өмiр сүру жағдайларын қамтамасыз ету үшін жауаптылықта болады. Сондықтан да, өз баласының психологиялық, физикалық денсаулығына қамқорлық жасау мақсатында ата-аналар балаларының тұлғалық дамуындағы ауытқушылықтарды алдын алу және болдырмауға бағытталған іс-шараларға белсене қатысуы тиіс.
Біздің зерттеу жұмысымызда, педагог - психолог, әлеуметтік педагог, сынып жетекші мен ата-аналарға суицидтік мінез-құлықтың психологиялық механизмдерін түсінуге және жасөспірімдер мен жастардың суицидтік мінез-құлқын алдын-алу үшін қажетті әрекеттер жасауға мүмкіндік беретін материалдар ұсынылады. Жасөспірімдер мен кәмелетке толмағандардың өзіне - өзі қол жұмсау проблемасының күрделілігін, оның себептерінің әртүрлілігін ескере отырып, суицидтік мінез-құлықты бағалау және оны алдын-алу үшін кешенді тәсілдердің қажеттiлiгi туындайды. Дәл осы жағдай біздің зерттеуіміздің өзектілігін анықтайды және осы бағыттағы жұмыстардың тиімділігін арттыру бойынша кешенді шаралардың жүзеге асырылуын , сондай-ақ, теориялық және тәжірибелік шешімдерді талап етеді. Зерттеліп отырған мәселе бойынша ғылыми еңбектерді талдау - жалпы жасөспірімдердің авитальді белсенділігін алдын алу шараларын ұйымдастырудың, олардың ата-аналарына психологиялық-педагогикалық қолдау көрсетудің қажеттiлiгi мен осы бағыттағы ғылыми-практикалық ұсыныстардың жеткiлiксiздiгi арасында қарама – қайшылық туындап отырғандығын айқындауға мүмкіндік берді. Бұл қарама-қайшылық жасөспірімдердің авитальді белсенділігін алдын алу бойынша ата-аналармен жүргізілетін психологиялық-педагогикалық жұмысты ұйымдастырудың және өткізудің оңтайлы әдісін анықтау мен негіздеуден тұратын зерттеу проблемасын анықтауға мүмкіндік берді. Осылайша, жасөспірімдердің авитальді белсенділігін алдын алу мәселесінің өзектілігі, әлеуметтік және ғылыми маңызы, оның жеткіліксіз зерттелуі біздің зерттеу проблемамызды айқындауға және тақырыпты «Жасөспірімдердің авитальді белсенділігінің алдын алу бойынша ата-аналармен жүргізілетін психологиялық-педагогикалық жұмыс» деп таңдауымызға негіз болды. Зерттеудің мақсаты - жасөспірімдердің авитальді белсенділігін алдын алу жұмысын теориялық негiздеу және ата-аналармен бірлестікті қамтамасыз ететін алдын алу жұмыстарының әдiстемесiн тәжiрибелiк - педагогикалық жұмыс барысында тексеру. Зерттеудің объектісі– жасөспірімдердің авитальді белсенділігінің психологиялық сипаты. Зерттеудің пәні– жасөспірімдердің авитальді белсенділігін алдын алу шаралары, ата-аналармен жүргізілетін психологиялық-педагогикалық жұмыс. Зерттеудің болжамы- егер педагог-психолог жасөспірімдердің авитальді белсенділігін алдын алу мақсатындағы педагогикалық-психологиялық жұмыстарға олардың ата-аналарын немесе олардың тәрбиесі үшін жауапты ересектерді белсенді жұмысқа тарту шараларын ұйымдастырса, ондажасөспірім тұлғасын тәрбиелеу мен дамыту мәселесін сәтті шешуге болады, өйткені, ата-аналармен тығыз серіктестік пен белсенді әрекеттестігінсіз жасөспірім тұлғасын әлеуметтендіру мүмкін емес. Зерттеудің міндеттері: 1. «Авитальді белсенділік» ұғымының мәнiн ашып көрсету. Авитальді белсенділік проблемасына қатысты негізгі теориялық және әдіснамалық тұғырларды талдау негізінде жасөспірімдердің жеке басын, жасөспірімдік шақтың психологиялық табиғатын, қозғаушы механизмдерін, себептерін, анықтау. 2. Педагог - психологтың жасөспірімдердің авитальді белсенділігін алдын алу жұмысының, құрылымдық-мазмұндық моделін жасау, өлшемдерін, көрсеткіштерін, деңгейлерін анықтау. 3. Жасөспірімдердің авитальді белсенділігін алдын алу бойынша ата-аналармен жүргізілген жұмыс тиiмдiлiгiн тәжiрибелiк – педагогикалық жұмыс барысында тексеру, әдiстемелiк ұсыныстар даярлау. Зерттеудің базасы– Алматы қаласы, №10 жалпы білім беретін мектептің 7-8 сынып оқушылары Зерттеу әдістері: ü теориялық әдiстер: зерттеу мәселесі бойынша ғылыми психологиялық - педагогикалық, философиялық әдебиеттерді, диссертациялар мен мақалаларды талдау, синтез, салыстыру, абстрактілеу, жалпылау, педагогикалық модельдеу; ü эмпирикалық әдiстер: педагогикалық бақылау, сауалнама жүргiзу, әңгiмелесу, тестiлеу, тәжірибелік-педагогикалық жұмыс нәтижелерiн статистикалық сапалы талдау және өңдеу, Роршах тесті, «Ата-ана жасөспірім көзімен» ADOR/ПОР Вассерман Л.И., Горьковая И.А., Ромицына Е.Е. және т.б. әдістемелері; Дипломдық жұмыстың құрылымы: дипломдық жұмыс кіріспеден, екі тараудан, әрбір тарау үш бөлімнен, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және қосымшадан тұрады. Кіріспедезерттеу мәселесінің өзектілігі негізделеді, зерттеудің мақсаты, объектісі, пәні, міндеттері анықталып, зерттеудің болжамы, әдістемелік негізі, көрсетіледі. «Жасөспірімдердің авитальді белсенділігін алдын алу бойынша ата-аналармен жүргізілетін психологиялық-педагогикалық жұмыстың ғылыми теориялық негізі»деп аталатынбірінші бөлімдежасөспірімдердің авитальді белсенділігінің педагогикалық-психологиялық әдебиеттерде зерделенуі, сонымен қатар жасөспірімдік шақтың өзіне тән психологиялық ерекшеліктері мен феноменологиясы қарастырылады.Сонымен қатаржасөспірімдердің авитальді белсенділігін алдын алу бойынша ата-аналармен жүргізілетін психологиялық-педагогикалық жұмыстың сипаттамасы беріл Жасөспірімдердің авитальді белсенділігін алдын алуға бағытталған тәжірибелік-педагогикалық жұмыс мазмұны деген екінші бөлімде тәжірибелік-педагогикалық жұмысты ұйымдастырудың ерекшеліктері сипатталып, жасөспірімдердің авитальді белсенділігін анықтайтын диагностикалық аппарат ұсынылады, нәтижелері өңделіп, жасөспірімдердің авитальді белсенділігін алдын алу бойынша ата-аналармен жүргізілетін жұмыстың психологиялық-педагогикалық бағдарламасы әзірленеді. Қорытынды бөлімденегізгі нәтижелер қорытындыланып, зерттелетін мәселенің қорытындылары бойынша тұжырымдар жасалады, оның дамуының перспективалы бағыттары анықталады. Қосымшададиагностикалық және әдістемелік материалдар көрсетіледі.
I ТАРАУ. ЖАСӨСПІРІМДЕРДІҢ АВИТАЛЬДІ БЕЛСЕНДІЛІГІН АЛДЫН АЛУ БОЙЫНША АТА-АНАЛАРМЕН ЖҮРГІЗІЛЕТІН ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЖҰМЫСТЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ 1.1. Жасөспірімдердің авитальді белсенділігінің педагогикалық-психологиялық әдебиеттерде зерделенуі Ю.Р. Вагин өзін-өзі өлтіру құбылысын кең мағынада қарастырады және осы құбылысқа келесідей анықтама береді: авитальдық белсенділік (латын тілінен аударғанда «а»- жоққа, теріске шығару, бас тарту, «vitae» - өмір). «Авитальді белсенділік» - өмірге, өзіне қарсы бағытталған белсенділік, өлімге ұмтылу, (басқаша айтқанда, «авитальді белсенділік» - өзінің әлеуметтік және биологиялық қызметін қысқартуға немесе тоқтатуға бағытталған психикалық және мінез-құлық белсенділігі). Авитальді белсенділік - бұл адамның физиологиялық, психологиялық және әлеуметтік жұмыс істеуі үшін оңтайлы жағдайларды жасауға және қолдауға бағытталған витальді белсенділікке қарама-қарсы белсенділік. Авитальдық белсенділік адамның әлеуметтік және биологиялық жұмысының бұзылуына алып келетін аддиктивті мінез-құлық, индивид ретінде өмір сүруге, ұрпақ жалғастыруды толығымен тоқтатуға немесе кедергі келтіретін бірнеше нысандарды қамтиды.
1-сурет. Витальді және авиталді белсенділіктер
Адамның витальді (өмірлік) белсенділігі екі формада көрінеді: 2-сурет. Витальді белсенділік формалары Адамның авитальді (суицидтік) белсенділігінің психологиялық және психопатологиялық тәжірибеде байқалатын құбылыстарының төрт тобынан тұратын толық жіктеуді ұсынамыз.
1-кесте. Суицидтік белсенділік жіктемесі Өз-өзіне қол жұмсаудың жоғарыда аталған нысандарының әрқайсысы өз ерекшеліктеріне ие. 1. Суицидке дейінгі белсенділік ішкі авитальді тенденциялардың біртіндеп дамып, витальді белсенділіктен үстем бола түсу процесін көрсетеді: күту синдромы мен созылмалы шаршау саналы түрде өмір сүруді қалаусыздыққа (өзінің биологиялық және әлеуметтік тіршілігін тоқтату) алып келеді, бірақ саналы түрде өлуге ниет жоқ. Суицидке дейінгі кезең- бұл өзіне-өзі қол жұмсау үрдістерінің басталуы сананың шегіне жетпейтін, оны толығымен түсінбейтін уақыт кезеңі.
3-сурет. Суицидке дейінгі кезең 1.1. Күту синдромы (экспектинг) – авитальді белсенділіктің ерте кезден белгілі және қазіргі таңдағы ең көп таралған формаларының бірі. «Осында және қазір» адамды қуантпайды, бірақ болашаққа үмітпен өмір сүреді, «қазір жаман, бірақ содан кейін жақсы болады, сондықтан қазір өмір сүру керек емес, тек тезірек ертеңгі күнге дейін уақыт өлтіруді ойлайды». Бұл патологиялық жағдай шын мәнінде кез-келген адамға таныс, қалыпты күтуге ұқсас, мысалы, ұзақ сапардан оралып, туыстарымен кездесуге дайындалу және т.б. Күту құбылысы уақыттың белгілі бір бөлігін тезірек өткізуді қалайтын ниетті, кейде тіпті айқын фрустрациялық жағдай болмағанның өзінде көрініс табады (тезірек жаз келсе екен, демалыс күндері болар еді, тезірек мектепті аяқтасам, тезірек үйленсем, тез арада отбасынан кетсем жақсы болар еді деген ойлар); бұл адамның өз өмірін жылдам өткізуді қалайтындығын көрсетеді. Адам қанағаттанбаушылық сезімі билегенде, күту ауыр сипатқа ие болады. Өмір адам қажеттіліктері мен сұраныстан терең қанағаттандырмайды, бірақ ол оқиғалардың барысына әсер ету мүмкіндігін көрейді, сондықтан ол бар нәрсе өмірінде өздігінен болады деп күтеді. Іс-әрекеттің орнына мінез-құлықта күту реакциясы қалыптасады, бұл қорғаныш мінез-құлықтың патологиялық модельдерін қолдану мүмкіндігін білдіреді. Бұл факт күту синдромын суицидке дейінгі мінез-құлықтың ең ерте түрлерінің бірі ретінде қарастыруға негіз болады. 1.1. Содан кейін астениялық жағдайлар мен өмірден шаршау орын алады. Бұл өмір тұтастай алғанда шаршау мен жалығуды білдіреді. Мұндай жағдайлар көбінесе психоактивті заттардың (ПАЗ) теріс пайдаланумен қатар жүреді. Сонымен қатар, алкогольді немесе есірткіні теріс пайдаланумен мұндай астениялық жағдайларды «емдеу» немесе жасыру жиі кездеседі. ПАЗ-ы қолдануды тоқтатқаннан кейін дереу астено-апатиялық жағдай орын алады, бұл психоактивті заттарды қайта қабылдауға немесе суицидтік белсенділіктің пайда болуына әсер етеді. 1.2. Өмір сүруді қаламау - бұл өмір бақытты емес, ал болашақта жақсы нәрсе өзгеруі мүмкін деген үміт жоқ күйді білдіреді. Мысалы: таңертең оянғысы келмейді. Кеш пен түн ғана жеңілдік сезімін тудырады. Бұл «өмірді өмір сүруге тұрарлықсыз» деп бағалайды. Бұл жағдай жиі депрессиялық және невротикалық бұзылулары бар адамдарда жиі кездеседі, сонымен қатар қиын жағдайларға ұшыраған дені сау адамдарда да кездеседі. 1.3. Осознанное желание умереть возникает вслед за осознанным нежеланием жить. В этот период появляются мысли о желательности смерти, мысли о том, что «хорошо бы уснуть и не проснуться», «хорошо бы случайно попасть под машину или в какую-нибудь катастрофу», «везет же людям, которые заболевают тяжелыми, неизлечимыми заболеваниями». Подобные мысли и высказывания эпизодически могут возникать практически у любого человека. Если они мимолетны, не занимают всю сферу психической активности, то не представляют большой опасности, тем более, если есть мощная противосуицидальная мотивация, которая в большинстве случаев не допускает возможности сознательного логического завершения этих мыслей. 1. Суицидальная активность предполагает осознанное стремление прекратить собственное биологическое функционирование. Начало суицидальной активности совпадает с первым появлением суицидальных мыслей. Суицидальные мысли перерастают в тенденции, затем формируется суицидальная готовност, которая в последующем приводит к суицидальной попытке или завершенному суициду. Период от возникновения суицидальных мыслей до совершения суицидальной попытки (или суицида) зависит от многих факторов: темпераментных свойств личности, тяжести психотравмирующей ситуации, возрастных и гендерных особенностей человека и др. 2. Парасуицидальная активность преполагает неосознанное стремление прекратить собственное биологическое функционирование и осознанное стремление ограничить, снизить, нарушить или поставить под угрозу собственное биологическое функционирование ( аскетическая активность, пренебрежение здоровьем и отказ от лечения, самоповреждения, злоупотребление психоактивными веществами, влечение к риску, антисоциальное поведение). 3. Десоциальная активность предполагает неосознанное стремление прекратить собственное биологическое функционирование и осознанное стремление ограничить собственное социальное и психологическое функционирование, предпочитая уединение, уход в монастырь, обет молчания, обет безбрачия, отсутствие детей и семьи. В тех случаях, когда личностные связи по тем или иным причинам не сформированы и разрушены, человека практически в этой жизни ничто не держит- и он готов раствориться в работе, алкоголе или небытии. При этом если с помощью суицидального поведения человек уходит из жизни, то с помощью десоциального аддиативного поведения человек уходит от жизни.
-сурет. Суицидтік мінез-құлықтың даму механизмі (Э. Дюркгейм)
Әр түрлі авторлар өзін-өзі өлтірудің ықтимал 8-ден 16-ға дейінгі тәсілдерін ажыратады. Қазіргі суицидологияда былай бөлінеді:
1.2. Жасөспірімдік шақтың феноменологиясы Жасөспірімдік шақ қарапайым шақ емес және ол неше түрлі қарама-қайшылыққа толы кезең, ата-аналардың көбісін алаңдататын, уайымға берілдіретін күрделі шақ. Аса көп алаңдататыны: мектепте де отбасында да агрессияның көтеріңкілігі, дау-дамайдың жоғарылығы, эмоциялық тұрақсыздық, ашықтан ащық наразылық, ата-ананың қамқорлығын қабылдамаушылығы, ұялшақтық және қыз-бозбалалық максимализм. Жасөспірімнің мінез-құлқындағы өзгерістер себебін түсіну үшін , оның психологиялық механизмін білу керек. Ата-аналар өздерінің балалары жасөспірімдік жасқа (11-15) жеткен уақытта күрделі , тіпті кей жағдайда неше түрлі қайшылықтарға кездесетінін түсінулері қажет. Адамның 11 жастан 15 жасқа дейінгі даму сатысын психологияда дәстүрлі түрде – жасөспірімдік, сондай-ақ өтпелі, қиын, ауыспалы кезең деп атайды. Бұл жасты көптеген көрнекті психологтар зерттеген; жасөспірім психологиясына арналған әдебиет көп кездеседі. Бұл шақ жас ерекшелігінің өзгерістері және дағдарыстарымен сипатталады. Жасөспірімтер өздерін отбасының , сыныптың, қоғамның тең құқықты мүшесі, тұлға ретінде сезіне бастайды. Бұл жастардың осы шақтағы аса маңызды психологиялық ерекшеліктері. Жасөспірімдер бұл шақта өздерін қоғамдық қарым-қатынастар жүйесінде сезінумен бірге болашақтағы ересек өмірге жоспарлар құра бастайды. Бұл жоспарлары көбінесе тәжірибелері жоқтықтан нақты емес, көмескі болып келеді, шалалық пен балалық аңғалдықты аңғартады. Бірақ та олар жасөспірім үшін аса маңызды, оған ересек адамдардың араласуын жақтырмайды, қызғанады, себебі, олар осы қиялмен өмір сүреді. Ата-аналар, ұстаздар, тіпті балалар үшін маңызды адамдар, жасөспірімтердің осы еркешеліктерін ескермей, ой-пікірлеріне құлақ аспай, олардың қиялдар әлеміне беталды араласуы арқылы, жасөспірімдердің өздеріне деген сенімі мен араларындағы қарым-қатынасын жоғалтып алады. Жасөспірімтік жас дағдарысы баланың қоғамға енердегі кедергілерді жеңуімен аяқталады. ( бұл жолдастарымен және ата-анадарымен қарым-қатынас дағдарыстары, өзіндік сана-сезім дағдарысы-адам өзіндік даралық сезімін иелене бастауы). Бұл жаста бала ересектер қатарына да жатпайды, бірақ бала болғысы да келмейді. Сондықтан да жасөспірімге ересек адамның тығыз байланысы мен терең өзара түсіністігі аса қажет. Бұл жас төмендегідей жыныстық жетілуімен психикалық есеюмен сипатталады.[86] · Жоғары деңгейдегі сезімталдығы · Жылауықтық · Ой-қиялы мен іс-әрекеттеріндегі қарама-қайшылық · Мінез-құлқындағы бүлікшілдік
Психологиядағы жасөспірімдік шақ «жаңалығын» құқық бойынша С.Холл иеленеді. Өзі жасаған қайталану теориясына сүйене отырып, С.Холл жасөспірімдік саты индивидтің дамуында адамзат тарихындағы романтизм кезеңіне сәйкес келеді және адамның табиғи ұмтылыстары әлеуметтік өмір талаптарымен бетпе –бет келетін ретсіздік (хаос) кезеңін еске түсіреді деп пайымдайды. С.Холл жасөспірімдік шақтың психологиялық ерекшеліктерін алғаш сипаттаған. Оның түсініктеріне сәйкес, жасөспірімге неғұрлым тән мінез-құлықтың қарама-қайшылығы болып табылады. Бұл жасөспірімдердің шамадан тыс белсенділігі қалжырататындығынан, шексіз көңілділігі мұңмен алмасатындығынан, өзіне деген сенімділігінің сенімсіздікке және өзіне күмәндануына ауысатындығынан, өзімшілдіктің қалтқысыздықпен кезектесетіндігін, қарқынды қарым-қатынастың тұйықтықпен алмасатындығынан, білуге құмарлықтың ақыл-ой селқостығына, оқуға деген құштарлығының оған деген немқұрайлылыққа ауысатындығынан және т.б көрінеді. С.Холл психологияға дамудың дағдарыстық кезеңі ретіндегі жасөспірімдік шақ туралы ұғым енгізді. Жасөспірімдік шақтың дағдарыстық, жағымсыз құбылыстарын С.Холл берілген кезеңнің онтогенездегі өтпелілігімен, аралық кезеңнің болуымен байланыстырды. Ол жасөспірімдік шақтағы даму үдерістерінің биологиялық шарттылығы туралы түсінікті негізге алған. Жасөспірімнің анатоиясы мен физиологиясындағы өзгерістердің маңыздылығы соншалықты, оларды сипаттау үшін ғалымдар «гормондық толқу», «эндокриндік толқын», «өсудегі секіріс» және т.б тіркестерін қолдануды ұнатқан. Қарқынды өсу және физиологиялық қайта құрылыу барысында жасөспірімде қорқыныш сезімі, жоғары қозғыштық, күйзеліс пайда болуы мүмкін. Д.Б.Эльконин жасөспірімдік шақтағы даму оның есеюінің аясында өтеді, жасөспірімдерде пайда болатын ересектік сезімімен және ересектік үрдісімен анықталады деп пайымдайды. Жасөспірімнің өз-өзіне ересек адам деп қарауы ретіндегі ересектік сезімі айналасындағылардың оған кішкентай бала деп емес, ересек адам деп қарағанын табанды түре қалауының пайда болуынан көрінеді. Мұның артында жеке қажеттіліктер: құрмет, сенім, әдеп, адамгершілік ар-намысын және белгілі бір дербестікке деген құқығын мойындау қажеттіліктері жатыр. Жасөспірімдерде мінез-құлықтың өзіндік желісінің, белгілі бір көзқарастарының, бағалауларының болуы және ересек адамдардың немесе құрдастарының келіспеушіліктеріне қарамастан, оларды қорғап қалуы ересектік сезімінің маңызды көрсеткіші болып табылады. Осы қажеттіліктерді ересек адамдардың қанағаттандырмаулары наразылықтың әр түрлі нысандарына: тіл алмаушылыққа, дөрекілікке, қыңырлыққа, өзін ересек адамдарға қарсы қоюға, олармен қақтығыстарға алып келеді. Отандық психологияда жасөспірімдік дағдарысының табиғатына, осы жастағы дамудың заңдылықтары мен механизмдеріне қатысты сәйкес келетін де, сондай-ақ өзгешеленетін де көзқарастар бар. Л.С.Выготский бірінші болып жасөспірімдік кезеңнің орталық құрылымы ретінде өзіндік сананың пайда болуын көрсеткен. Л.И.Божович те сондай-ақ жасөспірімдік шақ дағдарысының осы кезеңде жасөспірімдерде өздерін басқа адамдардан өзгеше, дәл оған ғана тән қасиеттерге ие болатын тұлға ретінде танып-білуге қабілеттілік пен қажеттіліктің пайда болуы оның айырмашылықты белгісі болып табылатын өзіндік сананың жаңа деңгейінің пайда болуымен байланысты деп пайымдаған. Бұл оларда өзін танытуға, өзін көрсетуге және өзін тәрбиелеуге ұмтылысты тудырады. жоғарыда көрсетілген қажеттіліктердің шектелуі (депривация) жасөспірімдік шақ дағдарысының негізін құрайды. [82] Т.В.Драгунова мен Д.Б.Эльконин өмірдің осы кезеңіндегі ауыспалы көріністерді сананың құрылымы ретіндегі ересектік сезімінің қалыптасуымен байланыстырады [83]. Ересектік сезімі жасөспірімнің адамдарға және әлемге қатысты жаңа өмірлік ұстанымын білдіреді, оның әлеуметтік белсенділігінің айрықша бағыты мен мазмұнын, жаңа ұмтылыстарының, жан құбылыстарының, аффективтік реакцияларының жүйесін анықтайды. Жасөспірімнің тек өзіне тән әлеуметтік белсенділігі ересек адамдар әлемінде және олардың қатынастарында болатын мінез-құлықтың нормаларын, құндылықтарын және тәсілдерін игеруге деген ерекше қабілеттілігінен көрінеді. Өзін балалық шақтың шекарасынан өткен адам ретінде сезіну жасөспірімнің бір нормалар мен құндылықтардан екіншілеріне-балалықтан ересектікке қайта бағдарлануын анықтайды. Балалық шақтағы ересек адамдармен болған қатынастар түрі ол үшін енді қолдануға келмейтін, оның өзінің кемелдену деңгейі туралы түсінігіне сәйкеспейтін болады. Ол ересек адамдардың құқықтарын шектейді, ал өз құқықтарын кеңейтеді және оның тұлғасы мен адамгершілік ар-намысын құрметтуге, сенімге және дербестігін кеңейтуге, яғни, ересек адамдармен тең құқықтылыққа ұмтылады және олардың мұны мойындауларына қол жеткізуге тырысады. Психологиялық зерттеулерді талдау негізінде және даму дағдарысы туралы біздің түсініктерімізге сәйкес жасөспірімдік шақ дағдарысының түсіндірмелік үлгісін белгілеуге болады. Даму дағдарысының мән-маңызын индивидтің ішіндегі, оның өзі туралы түсінігінің ішіндегі, оның өзіндік санасындағы қарама-қайшылық құрайды. Өзіндік сананың жаңа деңгейінің қалыптасуы оқу іс-әрекеті барысында теориялық ойлаудың пайда болуы мен дамуына негізделген. Теориялық ойлау жасөспірімге жаңа мазмұнды меңгеруге мүмкіндік береді, таныдық қызығушылықтарының жаңа түрін қалыптастырады, ішкі рефлексияның пайда болуыны алып келеді,өз әрекеттері мен қылықтарының ішкі негіздемелеріне бет бұру, жасөспірімнің қоршаған ортамен қатынастарының өзгеруіне алғышарт жасайды. Жасөспірімдерде нағыз, толыққанды ересектік сезімі болмайды. Өзінің ішкі әлемін ашу, өзін, өзінің Менін ұғыну болып табылады, бірақ олар бұл Меннің не екендігін әлі білмейді. Жасөспірім әлі өзін ұғына алмайды, өзін, өзінің орнын және әлемдегі мақсатын түсіне алмайды. Бұған өзін таныту, өзінің дене және әлеуметтік мүмкіндіктерін тексеру, өзін іздеу келіп шығады. Бұл іздеу көбінесе ашушаң-қияңқы нысанға ие болады, жасөспірімдер мен ересек адамдар қатынастарына қақтығыстар алып келеді. Жасөспірімдер мен ата-аналардың арасындағы эмоционалдық-психологиялық арақашықтық ұлғая түседі: жасөспірімдер ересек адамдардан оқшаулану, дербестік қажеттілігін көрсетеді. Бірақ ата-аналарынан оқшаулану олардың өмірлерінің құндылықтары мен нормаларынан бас тарту, олардан эмоционалдық ажырау дегенді білдірмейді. Тәуелсіздікке ұмтылу өз пікірлерінің болуына, өз мінез-құлқын өздігінен анықтауға қажеттілікті білдіреді. Жасөспірімнің дербестікке және өзін-өзі билеуге деген күшейе түскен қажеттілігі ересек адамдармен- ата-аналарымен және педагогтарымен қақтығыстарға алып келуі мүмкін. Қағида бойынша, қақтығыстың күштілігі ересек адам мінез-құлқының стратегиясына байланысты болады. Өзін тексеру тәжірибесінің шындығы өз Менінің шындығын сезінуді береді. « Мен бармын!»-өзін танытудың, өз Менінің болуы негіздерінің өздерін танытудың тұжырымы. « Мен бармын ба?» деген басты сұраққа жауап бергеннен кейін, келесі «Мен қандаймын?», «Мен кім болып табыламын?» деген сұрақтарға жауап беру керек. Жасөспірімдер үнемі бір-біріне және өз-өздеріне бірдеңені дәлелдеп жүреді. Жасөспірім үшін құрдастар тотарының маңызы күрт ұлғаяды. Олардың өміріндегі дене, психологиялық, әлеуметтік өзгерістерді олар осыған ұқсас сезімдерді басынан кешіріп отырған адамдармен, яғни, өздірінің құрдастарымен талқылауға ұмтылады. Құрдастар ортасы жасөспірімнің әлеуметтік дамуында негізгі рөл атқарады. Құрдастарымен қарым-қатынаста жасөспірім өзін сынайды, өзінің кім екендігіне, оның мінезінің қандай қырлары оны құрдастарының әр түрлі топтарында танымал ететіндігіне назар аударады. Құрдастар топтарындағы қарқынды қарым-қатынас және ықпалдастық барысында өзі туралы алынатын әр алуан ақпаратты қарама-қайшылықсыз тұтас тұлғаға кіріктіру жүзеге асырылады. |
|||||||||||||||||
Последнее изменение этой страницы: 2018-05-10; просмотров: 359. stydopedya.ru не претендует на авторское право материалов, которые вылажены, но предоставляет бесплатный доступ к ним. В случае нарушения авторского права или персональных данных напишите сюда... |