![]() Студопедия КАТЕГОРИИ: АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция |
Гинекология бойынша тестілер. ⇐ ПредыдущаяСтр 2 из 2
351. Эмбриогенез үрдісі кезінде парамезонефрикалық (Мюллерлық) өзектерден дамиды: Жатыр түтігі; Жатыр ; Қынаптың жоғары үштен бірі; *Жоғарыдағы көрсетілгендердің барлығы дұрыс; Жоғарыдағы көрсетілгендердің оқасы жоқ.
352. Гонадтардың дамуының бейтараптық (индифферентік) сатысы аяқталады: Гестацияның 1-ші аптасында; Гестацияның 14-ші аптасында; Гестацияның 30-шы аптасында; *Гестацияның 7-ші аптасында; Ерте неоналды кезеңде.
353. Ұрықтың әйел түрі бойынша жіктелуі кезінде, біріншілік бүйректің өзектері айналады: Жатыр түтіктеріне; Аналық бездердің арқауына; Жатыр денесіне; Жатырдың жұмыр байламдарына; *Регрессияға түседі және қалдықты құрылым түрінде сақталады.
354. Урогениталды синустан дамиды: Қынаптың төменгі 2/3; Қыздық перде; Қынап кіреберісі; *Жоғарыдағы көрсетілгендердің барлығы дұрыс; Жоғарыдағы көрсетілгендердің оқасы жоқ.
355. Жатыр денесінен және жатыр түтіктерінен лимфа ағысы (жүруі) тарайды: *Бел және сегізкөз лимфа түйіндеріне; Қолқа маңындағы лимфа түйіндеріне; Жалпы мықын лимфа түйіндеріне; Шат лимфа түйіндеріне; Ішкі мықын лимфа түйіндеріне. 356. Жатырдың және қынаптың иннервациясын жүзеге асырады: Құрсақасты және пудендалды жүйкелері; *Жамбас және құрсақасты жүйкелері; Жамбас жүйкелері; Пудендалды және жапқыш жүйкелері; Жапқыш жүйкелері.
357. Аналық бездерді қанмен қамтамасыз етуді жүзеге асырады: Жатыр артериясы; Аналық бездің артериясы; Мықын –бел артериясы; Ішкі жыныс және аналық бездің артериялары; *Жатыр және аналық бездің артериялары.
358. Жатыр артериясы тармағы болып есептеледі: Қолқаның ; Жалпы мықын артериясының; Сыртқы мықын артериясының; *Ішкі мықын артериясының; Мықын –бел артериясының.
359. Жатырдың кең байламына кіреді: Жатыр түтіктері; Түбегейлі (ең басты) байламдар; Жатыр тамырлары; *Жоғарыдағы көрсетілгендердің барлығы; Жоғарыдағы көрсетілгендердің оқасы жоқ.
360. Аналық бездердің топографоанатомиялық ерекшеліктері: Іш пердемен жабылған. Жамбас қабырғаларымен өзіндік байламдармен қосылған; Парамезонефрикалық өзектің туындысы болып есептеледі; Барлық жауаптары дұрыс; * Барлық жауаптары дұрыс емес.
361. Қалыпты етеккірлік циклдің ұзақтығы: 28-29 күндей; 28-40 күндей; 3-7 күндей; *21-35 күндей; 14-28 күндей.
362. Қалыпты етеккірдің ұзақтығы: 1-3 күн; 3-5 күндей; *3-7 күндей; 4 күн; 1-8 күндей. 363. Қалыпты етеккір кезінде орташа қан жоғалту құрайды: 200-250 мл; 100-150 мл; 30-40 мл; 50-70 мл; *40-60 мл.
364. Эндометрияның функциялық қабатының десквамациясы мыналардың салдарынан жүреді: Лютеотропин «шыңының» лақтырысының; *Қандағы прогестерон және эстрогендер деңгейлерінің төмендеуінің; Қандағы пролактин деңгейінің төмендеуінің; Қандағы эстрадиол деңгейінің төмендеуінің; Фоллитропин «шыңының» лақтырысының.
365. Етеккірлік циклдің негізгі екіфазалық критериясы болып есептеледі: Етеккірдің дұрыс ырғағы; Бірінші етеккірдің басталу уақыты; Жыныстық жетілу кезеңінде етеккірлік функцияның қалыптасуының ерекшелігі; *Овуляция; Жоғарыдағы көрсетілгендердің барлығы.
366. Етеккірлік циклдің екіфазалық болуы туралы функциялық диагностиканың тестілердің ішінде қайсысы дәлел бола алады: «Қарашық» симптомы немесе феномені; Кариопикнотикалық индекс; *Базалды термометрия; «Қырық құлақ» симптомы немесе феномені; Жоғарыдағы көрсетілгендердің барлығы.
367. Базалды температураны өлшеу тестісі гипертермиялық нәтижеге негізделген: Эстрадиолға; Простагландиндерге; *Прогестеронға; ЛГ; ФСГ.
368. Етеккірлік циклдің ортасында лютеотропиннің «шыңы» осылардың салдарынан болып есептеледі: Қандағы пролактиннің деңгейінің бірталай жоғарылауынан; Фоллитропиннің шығарылуының төмендеуінен; Гонадотропин-релизинг-гормонның шығарылуының төмендеуінен; Прогестеронның және эстрогендердің деңгейлерінің төмендеуінен; *Эстрадиол деңгейінің бірталай жоғарылауынан.
369. Лютеотропин және фоллитропиндердің циклдік секрециясын қамтамасыз етеді: 60-90 минутта 1 рет гонадотропин- релизинг-гормонның лақтырысы; *Аналық бездегі стероидогенездің теріс және оң қарама-қарсы байланысының механизмі; Фолликулярлық сұйықтықта простагландиндердің құрамының кезеңді жоғарылауы; Нейротрансмиттердің кезеңді лақтырысы; Гипофиздің порталдық жүйесінде қан жүрісінің өзгерісі.
370. Гонадолибериннің синтезі іске асады: Гипофиздің алдыңғы бөлігінде; Гипофиздің артқы бөлігінде; *Гипоталамустың ядроларында; Мидың қыртысының нейрондарында; Мишықтың қыртысының нейрондарында.
371. Овуляцияның болуы туралы төмендегі көрсетілген барлық зерттеулердің нәтижелері бойынша білуге болады, біреуінен басқасын: Базалды температураның графигінің анализі; Доминанттық фолликуланың даму ультрадыбыстық мониторингісі; Эндометрияның қырындысын гистологиялық зерттеуі; Лапароскопия (аналық бездердің беткейінде нысананы (ститманы) анықтау); *Етеккірлік циклдің 12-14-күндері қанда жыныс стероидтық гормондардың шоғырлануын анықтаудан.
372. Олигодисменорея-бұл: *Сирек және мардымсыз етеккір; Сирек және ауыратын етеккір; Етеккір келгенде қан жоғалтудың азаюы; Етеккірдің арасындағы мардымсыз қанды бөлінділер; Жоғарыдағы көрсетілгендердің оқасы жоқ.
373. Меноррагия-бұл: Ациклдік жатырдан қан ағу; *Циклдік жатырдан қан ағу; Ауыратын және көп келетін етеккір; Етеккірдің алдында және соңында келетін қанды бөлінділер; Етеккірлік циклдің ұзақтығының азаюы.
374. Метроррагия-бұл: Етеккірдің ырғағының өзгеруі; Етеккір кезінде қан жоғалтудың ұлғаюы; Етеккірдің ұзақтығының ұзаруы; *Ациклдік жатырдан қан ағу; Етеккірдің сиреуі.
375. Альгодисменорея төмендегі көрсетілгендердің барлығымен байланысты, біреуінен басқасы: Гениталды инфантилизммен; Жыныс мүшелерінің даму ауытқуларымен; *Жатыр мойнының дисплазиясымен; Гениталды эндометриозбен; Жатырдың ретродевиациясымен.
376. Пубертатты кезең үшін тән: Бойдың «кенет көтерілуі»; Етеккірдің алғашқы көрінуі; Қаса және аксиллярлық (қолтықтық) жүн шығудың пайда болуы; Сүт бездерінің ұлғаюы; *Жоғарыдағы көрсетілгендердің барлығы.
377. Мезгілінен бұрын жыныстық дамудың себебі төмендегі көрсетілген барлық аурулар болуы мүмкін , біреуінен басқасы: Бас миының ісіктері; Аналық безінің фолликулярлық кистасы; Адреногениталды синдром; *Гонадтардың дисгенезиясы; Аналық бездердің гранулез жасушаларының ісіктері.
378. Жыныс жолдарынан қанды бөлінділер кезінде 9 жасқа дейінгі жасөспірім қыздарға қажет: Гормондық гемостаз; Бақылау ; Жатырға қан тоқтататын және жиырылтатын заттарды тағайындау; *Қан кетудің жергілікті «мүшелік» себептерін алып тастау; Хирургиялық гемостаз. 379. Ювенилдік кезеңде дисфункциялық жатырдан қан ағудың дамуының ең жиі механизмі болып есептеледі: Гиполютеинизм ; Фолликулалардың персистенциясы; * Фолликулалардың атрезиясы; Қанның ұю жүйесіндегі өзгерістер.
380. Пременопаузалық кезеңде дисфункциялық жатырдан қан ағуды тоқтатудың әдісі болып табылады: Синтетикалық эстроген-гестагендік препараттарды қолдану; Жатырға қан тоқтататын және жиырылтатын заттарды енгізу; Андрогендерді пайдалану; 17-оксипрогестерон капронатты (17-ОПК) үзбей режімде қолдану; *Жатыр қуысының және мойын каналының шырышты қабықтарын жеке-жеке диагностикалық қыру.
381. Овуляцияны ынталандыру үшін төмендегі көрсетілген барлық препараттарды қолданады, біреуінен басқасын: «Кломифенді»; «Хумегонді»; *«Премаринді»; «Профазиді»; «Клостилбегитті».
382. Тері асты имплантаттардың (норпланттың) контрацевтивтік әсерінің механизмі мыналардың негізінде жүреді: Овуляцияны басудың; Мойын жалғықтарының тұтқырлығының жоғарылауы және мөлшерінің азаюының; Мезгілінен бұрын лютеолизді туғызу мүмкіншілігінің; *Жоғарыда көрсетілгендердің барлығы дұрыс; Барлық жауаптары қате.
383. Иньекциялық контрацептивтердің құрамына кіреді: *Әсері ұзартылған прогестагендер; Эстрогендердің конъюгациясы (қосылуы); Прогестагендердің микродозалары; Антиандрогендер; Антигонадотропиндер.
384. Монофазды құрастырылған эстроген-гестагендік препараттарға жатады: «Фемоден»; «Нон-овлон»; «Марвелон»; *Жоғарыдағы көрсетілгендердің барлығы; Жоғарыдағы көрсетілгендердің бірі емес. 385. Контрацепция мақсатында құрастырылған эстроген-гестагендік препараттарды қабылдауды бастайды: Овуляция кезінде; Етеккір алдында; *Етеккірлік циклдің 1-ші күнінен бастап; Етеккірлік циклдің күніне тәуелсіз; Барлық жауаптары қате.
386. Құрастырылған ауыздық контрацевтерді қолдану төмендегі көрсетілген барлық әйелдерге ұсынуға болады, біреуінен басқасын: Аналық бездерінің обырының дамуына байланысты тұқымқуалаушылыққа бейімділігі бар әйелдерге; Түсіктен кейін лезде жүктіліктен сақтануды қажет ететін әйелдерге; Анамнезінде кесар тілігі немесе жатырдан тыс жүктілігі болған әйелдерге; *Артериялық гипертензиясы бар ауруларға; Альгодисменореясы бар ауруларға.
387. Құрастырылған эстроген-гестагендік препараттарды (ауыздық контрацевтивтерді) тағайындау қарсы-көрсету болып есептеледі: Бауыр функциясының бұзылыстары кезінде; Эпилепсия кезінде; Тромбофлебиялық синдром кезінде; Семіздіктің ІІІ-ІV –дәрежелері кезінде; *Жоғарыда көрсетілген барлық ауруларда.
388. Антиэстрогендік белсенділігімен қабілетті, препараттарды көрсетіңіз: «Кломифен»; «Фарестон»; «Тамоксифен»; *Жоғарыдағы көрсетілгендердің барлығы; Жоғарыдағы көрсетілгендердің бірі емес. 389. Жалған аменорея байланысты болуы мүмкін: *Жатыр мойнының каналының атрезиясымен; Жатыр денесінің аплазиясымен; Гонадтардың дисгенезиясымен; Жоғарыдағы көрсетілген барлық аурулармен; Жоғарыдағы көрсетілген барлық аурулардың бірімен емес. 390. Шын (патологиялық) аменорея төмендегі көрсетілген барлық аурулардың салдарынан болуы мүмкін, біреуінен басқасы: Гипотиреоздың; Нейрогендік анорексияның; Тестикулярлық феминизация синдромының; *Қыздық перденің атрезиясының; Гипофиздің микро және макроаденомасының.
391. Физиологиялық аменорея тән: Балалық шақ кезеңі үшін; Постменопауза үшін; Лактация кезеңі үшін; Жүктілік үшін; *Барлық жауаптары дұрыс.
392. Аменорея генезін дәлелдеу үшін зерттеудің қандай қосымша әдістерін пайдалану қажет: Ішкі жыныс мүшелерінің УДЗ-ін; Функциялық диагностиканың тестілері бойынша зерттеуін; Краниографияны; Функциялық гормондық сынамаларды; *Жоғарыдағы көрсетілгендердің барлығын. 393. Құрастырылған эстроген-гестагендік препараттармен функциялық сынаманың теріс нәтижесі аменореяның қандай түрін дәлелдейді: Гипоталамустық; Гипофиздық; Аналық бездік; *Жатырлық; Жоғарыдағы көрсетілгендердің қайсысы болсада.
394. Постменопаузалық боркеміктің (остеопороздың) ең тән клиникалық көрінісін атаңыз: Омыртқаның бел-сегізкөз және кеуде бөлігіндегі ауырсынуы; Бойдың кішіреюі, мүсінділігінің өзгеруі; Дене салмағының азаюы; Омыртқаның қозғалыс функциясының үдемелі шектелуі; * Жоғарыдағы көрсетілгендердің барлығы. 395.Постменопаузалық боркеміктің (остеопороздың) ерте диагностикасының ең нәтижелі әдісін көрсетініз: Омыртқаның бел-сегізкөз бөлімінің рентгенографиясы ; *Моно және бифотондық абсорбциометриясы; Компьютерлік томография; Саусақ білезіктің рентгенографиясы; Қандағы паратиреоидтық гормонның және кальцийдің деңгейлерін анықтау.
396. Постменопаузалық боркеміктің (остеопороздың) емінің ең нәтижелі әдісі болып есептеледі: Емдәм терапиясы; Физиотерапия; *Гормонотерапия; Дәрументерапия; ЕДШ (ЛФК).
397. Атрофиялық кольпитті емдеу үшін қолданады: «Фарматексті»; «Полижинаксты»; «Ваготилді»; *«Овестинді»; Жоғарыдағы көрсетілген барлық пепараттарды.
398. Климактериялық кезеңде алмастырғылық гормон терапиясы үшін төмендегі көрсетілген барлық препараттарды пайдаланады, біреуінен басқасын; «Клименді»; «Ливиалді»; *«Даназолді»; Конъюгацияланған эстрогендермен бірге медроксипрогестерон ацетатты; «Клиогестіні».
399. Аналық бездерінің поликистоздық синдромы кезінде төмендегі көрсетілген барлық симптомдар көрінеді, біреуінен басқасы: Жатырдың гипоплазиясы; Аналық бездердің екіжақты ұлғаюы; Гипертрихозы; *Сүйек массасының азаюы; Біріншілік бедеулік.
400. Прогестеронның(прогестагендердің) синтетикалық аналогтарына (ұқсастықтарына) төмендегі көрсетілген барлық препараттар жатады, біреуінен басқасы: «Дюфастон»; «Неместран» («гестренон»); *«Овестин»; «Оргаметрил»; «Норколут».
401. Прогестагендерді тағайындауға қарсы көрсетулері: Жатыр миомасы; Кистозды мастопатия; Альгодисменорея; Жоғарыдағы көрсетілген аурулардың барлығы; *Жоғарыдағы көрсетілген аурулардың бірі емес.
402. Прогестагендерді қабылдаған кездегі мүмкін болатын асқынуларын атаңыз: Аллергиялық реакциялар; Етеккірлік циклдің аралығындағы қанды бөлінділер; Лоқсу, құсу; Дене салмағының ұлғаюы; *Жоғарыдағы көрсетілген барлық асқынулар.
403. Дексаметазонмен функциялық сынаманы жүргізеді: Гиперэстрогенияны анықтау үшін; Ановуляцияның диагностикасы үшін; *Гиперандрогенияның генезін табу үшін; Гонадтардың дисгенезиясының типтік түрін диагностикалау үшін; Циклдің лютеинді фазасының құндысыздылығын анықтау үшін.
404. Сүт бездерінің емізігінен шыққан патологиялық бөлінділердің себебі болып төмендегі көрсетілгендердің барлығы болуы мүмкін, біреуінен басқасы: Гипофиздің микроаденомасы; Гипотиреоз; Фенотиазиндердің туындыларын ұзақ қолдану; *Андреногениталды синдром; Сүт безінің өзекішті папилломасы.
405. Ановуляторлық циклдік жатырдан қан ағу қалыптының варианты болып есептеледі: Пубертатты кезеңде; Перименопаузалды кезеңде; Лактация кезінде; *Барлық көрсетілген жағдайларда; Осындай қан ағу қалыптыға жатқызуға болмайды.
406. Постменопауза кезінде жыныс жолдарынан қанды бөлінділердің ең жиі себебі болып саналады: Жатыр мойнының обыры; *Эндометрияның обыры; Жатырдың шырышасты миомасы; Аналық бездерінің обыры; Эндометрияның полипі.
407. Микоздық кольпитті емдеу үшін қолданады: «Полижинакс»; «Клотримазол»; «Пимафуцин»; *Жоғарыдағы көрсетілген препараттардың барлығы; Бір жауабы да дұрыс емес.
408. Жыныс мүшелерінің вирустық инфекциясы үшін төмендегі көрсетілгендердің барлығы тән, біреуінен басқасы: Жоғары түйіспеншілігі; Жыныс жолдарын инфекциялау; *Жатыр түтіктерінің зақымдану артықшылығы; Қайталану ағымы; Қоздырғыштардың жоғары онкогендік потенциалы.
409. Гениталды ұшықтың емі үшін қолданады: «Далацин С»; «Полижинакс»; *«Зовиракс»; «Золадекс»; Жоғарыдағы көрсетілген препараттардың барлығы.
410. Жыныс мүшелерінің туберкулезі кезінде біріншілік ошақ ең жиі орналасады: *Өкпеде; Сүйектерде; Зәршығару жүйеде; Лимфа түйіндерінде; Іш пердеде.
411. Туберкулез кезінде әйелдің жыныс жүйесінің қандай бөлімдері ең жиі зақымданады: *Жатыр түтіктері; Аналық бездері; Жатыр; Сыртқы жыныс мүшелері; Қынап.
412. Ішкі жыныс мүшелерінің туберкулезін қай жас кезінде ең жиі анықтайды: Бала –шақ кезеңінде; Пубертатты кезеңде; *Ұрпақ өрбіту кезеңінде; Пременопаузалды кезеңде; Постменопаузалды кезеңде.
413. Жатыр қосалқыларының туберкулездік зақымдануының негізгі клиникалық симптомы: Созылмалы жамбас ауырсынуы; Аменорея; Менометроррагия; *Біріншілік бедеулік; Екіншілік бедеулік.
414. Түтіктік –ішперделік бедеуліктің диагностикасының зерттеу әдістерінің қайсысы ең ақпаратты: Кимографиялық пертубация; Гистеросальпингография; Трансқынаптық эхография; *Хромосальпингоскопиямен бірге лапароскопия; Биконтрасты пельвиография.
415. Созды сальпингит үшін төмендегі көрсетілгендердің барлығы тән, біреуінен басқасы: Етеккірлік циклдің ерте фолликулярлы фазасындағы аурулардың бастамасы; Жатыр қосалқыларының екі жақты зақымдануы; Антибактериялық препараттардан тез нәтиже беруі; *Қанның жедел фазалық көрсеткіштерінің белсенділігінің жоқтығы; Зақымданудың көп ошақтығы.
416. Создық инфекцияның таралу жолының артықшылығы: Лимфогендік; Гематогендік; Периневралдық; Түйіспелі; *Интраканаликулярлық.
417. Өрлеме соз- бұл зақымдануы: Жатыр мойнының каналының; *Жатыр түтіктерінің; Парауретралды бездерінің; Үрпінің; Жоғарыдағы көрсетілген мүшелердің барлығының.
418. Гонококктар үшін келесі белгілер тән: Грам бойынша оң түсі: *Жасуша ішінде орналасуы (цитоплазмадағы мононуклеарлар); Дөңгелек нысаны; Көп қабатты жалпақ эпителияға зақымдау әсері; Жоғарыдағы көрсетілгендердің барлығы.
419. Создың диагнозын белгілеу келесі негізінде болуы мүмкін: Диплококктар түрінде, жұптап орналасқан, микроорганизмдердің жыныс жолдарынан бөлінген жағындысында табу; Грам бойынша кокктардың теріс түсі; Жасуша ішінде орналасуы; Көрсетілген белгілердің ішінде қайсысын болсада табу; *Диагнозды анықтаған кезде көрсетілген белгілердің барлығы.
420. Гонококктың ең нәтижелі теңестіру (идентификация) әдісі: Серологиялық; *Дақылды; Бактериоскопиялық; Иммунофлюоресценттік; Биологиялық өршітуден кейін бактериоскопия.
421. Жатыр қосалқыларының жедел қабынуының мүмкін болатын асқынуларын көрсетініз: Созылмалы түріне ауысу; Жайылған перитонит немесе жергілікті дамуымен инфекциялардың таралуы; Абсцестену (іріңқалталану); Созылмалы жамбас ауырсыну синдромының қалыптасуы; *Жоғарыдағы көрсетілгендердің барлығы. 422. Спецификалық емес вульвовагинитке тән клиникалық көріністердің барлығы қажет, біреуінен басқасы: Ақкір; Бұтаралық және қынаптың қышуы; Диспареуния; *Ациклдік қанды бөлінділер; Вульвовагинит үшін барлық көрсетілген симптомдар тән.
423. Бактериялық вагиноздың негізгі клиникалық симптомын атаңыз: Сыртқы жыныс мүшелерінің және бұтаралығының қышуы; Диспареуния; *Жағымсыз иісі бар көп келетін ақкірлер; Дизурия; Жамбастың ауырсынуы.
424. Бактериялық вагиноз бар болуы туралы куәландыратын диагностикалық тестілерді көрсетіңіз: Кілтті жасушаларды табу; Қынаптық секреттің рН жоғарылауы; Ақкірдің аминотестсі оң; *Жоғарыда көрсетілгендердің барлығы дұрыс; Жоғарыда көрсетілгендердің оқасы жоқ.
425. «Біріншілік бедеулік» термині көрсетеді: *Бірде бір жүктілігі болмаған; Тірі бала тумаған; Барлық жүктілігі медициналық көрсетулерімен үзілген; Әйелдің ішкі жыныс мүшелері жоқ; Жоғарыда көрсетілгендердің барлығы.
426. Эндокриндік бедеулік байланысты болуы мүмкін, біреуінен басқасы: Гипофиздің пролактин шығаратын ісіктерімен; Адреногениталды синдроммен; *Дисгерминомалармен; Аналық безінің текомаларымен; Гипоталамды-гипофизарлық дисфункциясымен.
427. Жатыр түтіктерінің жиырылу белсенділігінің функциялық бұзылыстары мыналардың салдарынан болуы мүмкін. Психоэмоциялық стресстің; Аналық бездердің гипофункциясының; Гиперпростагландинемияның; Гиперандрогенияның; *Жоғарыда көрсетілгендердің барлығының.
428. Функциялық түтіктік бедеуліктің емі үшін төмендегі көрсетілген заттардың және әдістердің барлығын қолданады, біреуінен басқасын: *Емдік гидротубацияны; Седативтік препараттарды; Стероидты емес қабынуға қарсы препараттарды; Физио және бальнеотерапияны; Спазмолитиктерді.
429. Жатыр түтіктерінің өткізгіштігінің бұзылысы мыналардың салдарынан болуы мүмкін: Гениталды хламидиоздың; Сыртқы гениталды эндометриоздың; Құрсақ қуысы және кіші жамбас мүшелеріне оперативтік араласудың; Создық сальпингиттің; *Жоғарыда көрсетілгендердің барлығымен.
430. Сарпайдың преинвазивтік обыры және дисплазиясының диагностикасының негізгі әдісі болып саналады: *Биопсиядан кейін оны гистологиялық зерттеу; Вульвоскопия; Радиоизотоптық зерттеу; Жағынды-таңбаларды цитологиялық зерттеу; Вульваның флюоресценттік микроскопиясы.
431. Сарпайдың меланомасын және обырын емдеудің негізгі әдісі: Дистанциялық сәулелі терапия; Химиотерапия; Гормондық терапия; *Хирургиялық; Жақын фокусты рентгенотерапия.
432. Жатыр мойнының қынаптық бөлігі қалыптыда жабылған: Цилиндрлік эпителиямен; Бірқабатты көпқатарлы эпителямен; Безді эпителиямен; *Көпқабатты жалпақ мүйізгектену емес эпителиямен; Көпқабатты жалпақ мүйізгектену эпителиямен.
433. Жатыр мойнының астарлас ауруларына төмендегі көрсетілгендердің барлығы жатады, біреуінен басқасы: Жай лейкоплакия; *Дисплазия; Эритроплакия; Эктропион; Жатыр мойны каналының қайталанушы полипі. 434. Жатыр мойнының обырының ерте диагностикасы үшін ең ақпаратты скрининг-тест: Жай кольпоскопия; Бимануалдық ректовагиналдық зерттеу; *Жатыр мойны каналынан және жатыр мойнының беткейінен жағындыны цитологиялық зерттеу; Жатыр мойны каналынан вакумм-кюретаж жасау; Эндометрияның аспираттын цитологиялық зерттеу. 435. Жатыр мойны дисплазиясы диагностикасының ең ақпаратты әдісі: Кеңейтілген кольпоскопия; *Жатыр мойнының биоптатын гистологиялық зерттеу; Жатыр мойны каналынан және жатыр мойнының беткейінен алынған жағындыны цитологиялық зерттеу; Жатыр мойны каналын вакуум-кюретаж жасау; Бимануалдық ректовагиналдық зерттеу.
436. Жатыр мойны дисплазиясын емдеу үшін төмендегі көрсетілген әдістердің барлығы қолданылады, біреуінен басқасы: *Диатермокоагуляция; Электроконизация; Лазеротерапия; Штурмдорф бойынша жатыр мойнының конус тәрізді ампутациясы; Жатыр мойнының жоғары ампутациясы.
437. Жатыр мойнының эпителия іші обырының диагнозын тек нәтижелердің негізінде қою мүмкін болады: Цервикоскопияның; Гистероскопияның; *Эндоцервикстің қырындысын және жатыр мойнының биоптатын гистологиялық зерттеудің; Кеңейтілген кольскопияның; Жатыр мойны каналынан және жатыр мойнының беткейінен алынған жағындыны цитологиялық зерттеудің.
438. Жатыр мойны обырының негізгі клиникалық симптомын атаңыз: Жамбастың ауырсынуы; Шырышты-іріңді ақкірлер; *Түйіспелі қан кету; Ациклдік жатырдан қан ағу; Диспареуния.
439. Жатыр мойнының қынаптық бөлігінің обыр алды өзгерістерін көрсетіңіз: Цервикалды каналдың қайталанушы полипі; Шын эрозия; *Дисплазия; Эктропион; Эндометриоз.
440. Жатыр мойнының инфильтративтік обырымен байланысты қан кету кезінде, күттірмейтін көмектің көлемін анықтаңыз: Жатыр мойны каналы және жатырдың қуысының шырышты қабығын емдеу-диагностикалық жеке қыру; *Қынапты тығыз тығындау; Ішті кесу, жатыр экстирпациясы; Жатыр мойнына циркулярлы қысқыштарды салу; Ішті кесу, ішкі мықын артериясын байлау.
441. Жатыр миомасының тәндік ерекшеліктері: *Бұл қатерсіз, гормон тәуелді ісік; Көлденең жолақты бұлшық ет тіндерінен шығады; Пубертатты шақта және ерте ұрпақ өрбіту кезеңіндегі әйелдерде ең жиі кездеседі; Малигнизацияға жақын; Жоғарыда көрсетілгендердің барлығы дұрыс.
442. Жатырдың бұлшық ет арасындағы миоманың диагностикасының ең ақпараттық әдісі: Қынаптық зерттеу; *Ультрадыбысты зерттеу; Гистеросальпингография; Гистероскопия; Лапароскопия.
443. Жатырдың шырышасты миомасының негізгі клиникалық симптомы: Созылмалы жамбастың ауырсынуы; Альгодисменорея; *Меноррагия; Екіншілік бедеулік; Теміртапшылықтық анемия.
444. Жатырдың шырышасты миомасының тууы кезінде асқынуы төмендегі көрсетілгендердің барлығы жатады, біреуінен басқасы: *Декубиталды жараның пайда болуы; Түйіннің инфекциялануы; Жатырдан көп қан ағуы; Жедел ишурияның болуы; Жатырдың айналып кетуі.
445. Туып жатқан миоматозды түйіннің диагностикасының ең ақпаратты әдісі: Трансқынаптық эхография; *Жатыр мойнынын айнада қарап, сосын бимануалды зерттеу жүргізу; Рентгенотелевизиялық гистеросальпингография; Гистероскопия; Лапароскопия.
446. Жатырдың шырышасты миомасының болуы туралы төмендегі көрсетілген зерттеулердің нәтижелерінің негізінде білуге болады, біреуінен басқасын: Трансқынаптық эхографияның; Рентгенотелевизиялық гистеросальпингографияның; Гистероскопияның; Жатыр қуысын сүнгілеудің; *Лапароскопияның.
447. Жатыр миомасының болуы кезінде мойында түйіннің орналасуында хирургиялық емнің оңтайлы көлемі: Жатырдың қынапүстілік ампутациясын жасау; Қынап арқылы концервативтік миомэктомияны жасау; Гистерорезектоскопияны жасау; *Жатырдың экстирпациясын жасау; Жатыр миомасын хирургиялық емдеуде мынадай орында жүргізбейді.
448. Гениталды эндометриозды анықтау бойынша: Бұл эндометрия тәрізді тіндердің эндометриядан тыс жерде ұлғаюы; Гормондық және иммундық бұзылыстардың аясында пайда болады; Ұрпақ өрбіту жастағы әйелдерде жиі кездеседі; Үдемеліге және қайталануға жақын; *Жоғарыда көрсетілгендердің барлығы дұрыс.
449. Жатыр денесінің ішкі эндометриозының рентгенологиялық белгілерін көрсетіңіз: Контурарты көлеңке; Жатыр қуысының контурысының тегіс еместігі; Жатыр мойыншасының кеңеюі, түтіктер бұрыштарының дөңгелек контуры; Жоғарыда көрсетілгендердің оқасы жоқ; *Жоғарыда көрсетілгендердің барлығы.
450. Сыртқы гениталды эндометриозға төмендегі көрсетілгендердің барлық түрі жатады, эндометриоздың біреуінен басқасы: Аналық бездер; *Жатыр денесі; Жатыр мойны; Жатыр арты кеңістігі; Жатыр түтіктерінің интерстициалды бөлігі.
451. Гениталды эндометриоз кезінде ұрпақ өрбіту қызметінің бұзылыстарының мүмкін болатын себептерін атаңыз: Жатыр түтіктерінің функциялық белсенділігінің өзгеруі; Құрсақ қуысындағы жабысқақ үрдіс; Миометрияның морфологиялық ашық өзгерістері; Ішперделік сұйықтықтың құрамының өзгеруі; *Жоғарыда көрсетілгендердің барлығы. 452. Жатыр мойнының эндометриозының негізгі клиникалық симптомы: Альгодисменорея; Менометроррагия; *Етеккірлік циклдың алдында және соңында болатын қанды бөлінділер; Бедеулік; Барлық жауаптары қате.
453. Сыртқы гениталды эндометриоздың диагностикасында қандай құрал-аспаптық зерттеудің әдістері ең ақпаратты: *Лапароскопия сосын биоптаттарды патоморфологиялық зерттеу; Трансқынаптық эхография; Гистероскопия сосын эндометрия қырындысын патоморфологиялық зерттеу; Рентгенотелевизиялық гистеросальпингография; Компьютерлік томография.
454. Ретроцервикалды эндометриозды төмендегі көрсетілген барлық аурулармен салыстыру қажет, біреуінен басқасын: Тік ішектің обырымен; Аналық бездердің обырымен; Сүт бездерінің обырының көшіктерімен; Асқазан обырының көшіктерімен; *Зәр қуығының обырымен.
455. Аденомиоз-бұл: Жатыр денесінің шырышты қабығының қабынуы; Эндометрияның обыралды ауруы; Жатыр мойнының обыралды ауруы; *Жатыр денесінің ішкі эндометриозының таралуының ІІІ-дәрежесі; Жатырдың қатерсіз ісігі.
456. Эндометрияның обырының бірінші патогенетикалық варианты үшін төмендегі көрсетілгендердің барлығы тән, біреуінен басқасы: *Эндометрияның атрофиясы; Анамнезінде тұрақты ановуляция; Бала туу функциясының бұзылысы; Аналық бездің тека-тінінің гиперплазиясы; Семіздік немесе қант диабеті.
457. Эндометрияның обырының екінші патогенетикалық варианты үшін төмендегі көрсетілгендердің барлығы тән, біреуінен басқасы: *Ісіктердің саралауының жоғары дәрежесі; Тез өсуі және көшіктенуі; Прогестиндерге ісіктердің сезімталдығының жоқтығы; Жуан ішекте, сүт бездерінде, аналық безінде ісіктердің бірмезгілдік дамуының төмен жиілігі; Миометрияға терең кіруі (инвазиясы).
458. Жатыр денесінің обырының негізгі клиникалық симптомы: Созылмалы жамбастың ауырсынуы; Түйіспелі қан кету; *Ациклдық қан ағу; Көрші мүшелердің қызметінің бұзылысы; Бедеулік.
459. Жатыр денесінің обырының диагностикасының негізгі әдісі: *Эндометрия қырындысын гистологиялық зерттеу; Жатыр қуысының аспираттын цитологиялық зерттеу; Трансқынаптық эхография; Гистероскопия; Рентгенотелевизиялық гистеросальпингография.
460. Эндометрияның қандай жағдайлары обыралдыға жатады: Безді-кистозды гиперплазия; Эндометрияның безді полипі; Эндометрияның атрофиясы; *Атипиялық гиперплазия; Жоғарыда көрсетілгендердің барлығы.
461. Эндометрия обыры және обыралды аурулардың дамуының қауіп-қатер факторларына төмендегі көрсетілгендердің барлығы жатады, біреуінен басқасы: Тұрақты ановуляция; Семіздік және артериялық гипертензия; *Жатырішілік контрацептивтерді ұзақ пайдалану; Қант диабеті; Эндокриндік генездің бедеулігі.
462. Аналық бездердің ісік тәріздес құрылымдарына төмендегі көрсетілгендердің барлығы жатады, біреуінен басқасы: *Дермоид кистасы; Фолликулярлық киста; Сары дененің кистасы; Пиовар; Тека-лютеинді киста.
463. Аналық бездердің кисталарының тәндік ерекшеліктері: *Бұл-ретенциялық құрылым; Жасушалардың пролиферациясының салдарынан өлшемдері ұлғаяды; Капсуласы болмайды; Малигнизацияның болуы мүмкін; Жоғарыда көрсетілгендердің барлығы дұрыс. 464. Аналық бездердің кистомалары: Бұл қатерсіз ісіктер; Жасушалардың пролиферациясының салдарынан өлшемдері ұлғаяды; Капсуласы болады; Малигнизацияның болуы мүмкін; *Жоғарыда көрсетілгендердің барлығы дұрыс. 465. Аналық бездердің эпителиялық ісіктеріне барлығы жатады, біреуінен басқасы: Серозды цистаденома; Муцинозды цистаденома; Цистаденокарцинома; Бреннер ісіктері; *Текомалар.
466. Аналық бездерінің ісіктерінің қайсысы ең жиі малигнизацияға ұшырайды: Фиброма; Муцинозды цистаденома; *Серозды цистаденома; Текома; Тератома.
467. Аналық бездерінің гормондық-белсенді ісіктеріне төмендегі көрсетілгендердің барлығы жатады, біреуінен басқасы: Гранулезді жасушалық ісіктер; Тека-жасушалық ісіктер; Андробластомалар; Арренобластомалар; *Дисгерминомдар.
468. Аналық бездерінің қатерсіз ісіктері кезінде қандай асқыну ең жиі кездеседі: *Ісіктің аяқшасының айналуы; Ісіктің қуысына қанқұйылуы; Қабтың жыртылуы; Ішіндегісінің іріңдеуі; Көрші мүшелердің қысылуы.
469. Гидроторакс-клиникалық көріністердің бірі: Гранулезді жасушалық ісіктерінің; Аналық бездерінің дисгерминомаларының; *Аналық безінің фибромаларының; Муцинозды цистаденомалардың; Жетілген тератомалардың.
470. Крукенберг ісігі: Асқазан-ішек жолының обырының көшігі болып есептеледі; Қағида бойынша, екі аналық безін зақымдайды; Орнықты құрылымы бар; *Барлық жауаптары дұрыс: Барлық жауаптары қате.
471. Аналық бездерінің көшікті зақымдануы мүмкін: Сүт безінің обыры кезінде; Жатыр денесінің аденкорциномасы кезінде; Аналық бездерінің біреуінің қатерлі зақымдануы кезінде; Асқазан-ішек жолының обыры кезінде; *Жоғарыда көрсетілген барлық жағдайларда.
472. Аналық бездерінің обырының ІІ-ІІІ-сатысы кезінде оперативтік араласудың қандай көлемін түбегейлі (радикалды) деп санауға болады: Кеңейтілген жатырдың экстирпациясы (Вертгейм операциясы); *Біруақытта үлкен шарбының резекциясы немесе экстирпациясымен жатырдың қосалқыларымен экстирпациясы; Қосалқыларымен жатырдың қынапүстілік ампутациясы; Пангистерэктомиясы; Жоғарыда көрсетілгендердің оперативтік араласу көлемінің қайсысы болсада.
473. Ұрпақ өрбіту жастағы аналық безінің қатерсіз ісігі бар ауру әйелдің емінің шара-тәсілін анықтаңыз: 2-3 ай бойы гормондық терапия, нәтижесі болмаса-ішті жару, аднексэктомия; 1-2 ай бойы қабынуға қарсы терапия, нәтижесі болмаса –ішті жару, аналық безді резекциялау; Шұғыл ішті жару немесе лапароскопия, аднексэктомия; *Жоспарлы түрде ішті жару, аналық безді резекциялау; Бақылау, асқыну болған кезде-ішті жару, аднексэктомия.
474. Хориокарцинома-қатерлі жаңа өскін: Децидуалды қабықтардан; Миометриядан; *Трофобластыдан; Тека-тіндерден; Эндометриядан.
475. Хориокарцинома кезінде көшіктердің ең жиі орналасуы: *Қынапта; Аналық безде; Параметрияда; Бауырда; Бүйректе.
476. Хориокарцинома үшін төмендегі көрсетілгендердің барлығы тән, біреуінен басқасы: Жатыр жүктілігімен немесе жатырдан тыс жүктілікпен міндетті түрде байланысы; Ерте және тез көшіктенуі; Жыныс жолдарынан қайталанушы ациклдік қанды бөлінділер; *Үлкен шарбыға көшіктену; Аналық бездерде тека-лютеиндық кисталардың пайда болуы.
477. Трофобластикалық аурудың емінің нәтижесін бағалаудағы негізгі диагностикалық әдіс: Динамикалық трансқынаптық эхография; Компьютерлік томография; *Хориондық гонадотропиннің титрін қан және зәр сарысуының динамикасында анықтау; Гистероскопия жасау, сосын жеке диагностикалық қыру; Лапароскопия.
478. Хориокарциноманың емінің негізгі әдісі: Хирургиялық; Дистанциялық сәулелітерапия; *Моно немесе полихимиотерапия; Гормондық терапия; Симптомдық терапия.
479. Хориокарцинома жиі дамиды: Жатырдан тыс жүктіліктен кейін; Босанудан кейін; Жүктілікті жасанды үзуден кейін; *Көпіршікті тығыннан кейін; Кеш индуцирленген түсіктен кейін.
480. Жатырдан тыс жүктілік төмендегі көрсетілген барлық мүшелерде орналасуы мүмкін, біреуінен басқасы: Жатыр мойнында; Жатырдың рудиментарлық мүйізінде; Аналық безде; Құрсақ қуысында; *Қынапта.
481. Жатырдан тыс жүктіліктің ең жиі себебі болып саналады: Гениталды инфантилизм; Сыртқы гениталды эндометриоз; Жатырдың шырышасты миомасы; *Созылмалы сальпингит; ЖІС ұзақ «көтеріп жүру».
482. Түтіктік жүктіліктің диагностикасының ең ақпаратты әдісі: Трансқынапты эхография; Хориондық гонадотропиннің титрін қан және зәр сарысуының динамикасында анықтау; *Лапароскопия; Рентгенотелевизиялық гистеросальпингография; Құрсақ қуысына қынаптың артқы күмбезі арқылы пункция жасау.
483. Жатырдан тыс жүктілік кезінде эндометриядағы ең тәндік өзгерістер: Атрофия; Пролиферация; Безді-кистозды гиперплазия; *Децидуалдық өзгеріс (трансформация); Эндометрияның полипі.
484. Үдемелі жатырдан тыс жүктіліктің негізгі клиникалық симптомдары қандай: Іштің төменгі жағындағы ұстамалы ауыру сезімі; Жыныс жолдарынан «жағынды сияқты» қанды бөлінділер; Іш перденің тітіркенуінің әлсіз оң симптомы; *Жоғарыдағы көрсетілгендердің барлығы; Жоғарыдағы көрсетілгендердің барлығының оқасы жоқ.
485. Құрсақ ішілік қан ағудың себебі төмендегі көрсетілген аурулардың барлығы болуы мүмкін, біреуінен басқасы: Аналық безінің апоплексиясы; Медициналық түсік кезінде жатыр перфорациясы; Талақтың (көкбауырдың) қабыасты жыртылуы; Жатырдан тыс жүктіліктің түтіктік түсігі бойынша бұзылысы; *Аналық бездің ісігінің аяқшасының айналуы.
486. Геморрагиялық шоктың негізгі клиникалық симптомдары: Артериялық гипотензия; Олигурия және анурия; Жиі жіңішке пульс; Акроцианоз; *Жоғарыдағы көрсетілген симптомдардың барлығы;
487. Жедел шомбалды қан жоғалту кезінде аурудың жағдайының ауырлығын бағалаудағы клиникалық критериялары: Жүрек жиырылуының жиілігі; Артериялық және орталық веноздық қысым; Сағаттық диурез; Терінің түсі және дене температурасы; *Жоғарыдағы көрсетілгендердің барлығы;
488. Парамезонефроздық өзектердің толық емес қосылуы кезінде дамиды: Қыздық перденің атрезиясы; *Екімүйізді жатыр; Қынап атрезиясы; Гонадтардың дисгенезиясы; Жоғарыдағы көрсетілгендердің барлығы.
489. Қыздық перденің атрезиясы көрінуі мүмкін: Зәрдің кідіруімен; Гематокольпоспен; Дефекацияның қиындығымен; Іштің төменгі жағында циклдік пайда болатын ауыру сезімімен; *Барлық жауаптары дұрыс.
490. Гинекологиялық стационарға шұғыл жатқызу төмендегі көрсетілген барлық жағдайларға болады, біреуінен басқасы: Аналық бездің ісігінің аяқшасының айналуы; Шырышасты миоматозды түйіннің тууы; *Эндометрияның атипиялық гиперплазиясы; Жатыр қосалқыларының жедел іріңді қабынуы; Жатырдан тыс жүктіліктің түтіктік түсігі бойынша бұзылысы.
Есеп. 33 жастағы ауру әйел, етеккірдің алдында 1 апта бұрын олигурияға, бетінің және қол-аяқтарының ісінуіне және терісінің әлсін-әлсін пайда болатын қышуына шағымданып келді. Етеккірлік функциясы бұзылмаған. Анамнезінде бір қылмысты түсік. Гинекологиялық зерттеу кезінде патологиялар табылмаған. Диагнозды таңдаңыз? Невроз; Альгодисменорея; Пиелит; Экзема; *Етеккіралды синдром.
Есеп. 35 жастағы ауру әйел еттеккіралды синдроммен зардап шегеді. Осы жастағы ең дұрыс гормондық терапияны атаңыз: Эстриол; *Норколут; Сустанон-250; Эстрадиолдипропионат; Амбосекс.
Есеп. Ауру әйел 51 жаста. Шағымы: жиі құйылу, бас ауыруы, гипергидроз, жүрегінде ауыру сезімі. Анамнезінде гипертониялық аурумен ауырған. Соңғы етеккірі 1,5 айдан бұрын болған, ауырмай келген. АҚ-140/80 мм.с.б. гинекологиялық зерттеу-патология жоқ. Диагнозы: Стенокардия; Альгодисменорея; Миокардит; *Климактериялық синдром; Гипертониялық криз.
Есеп. 28 жасар ауру әйел стационарға жатырдан қан кетумен келіп түсті, 2 жыл бойы бедеулікпен зардап шегеді. Анамнезінде 1 жасанды түсік. Тексерген кезде жалпы және жыныстық инфантилизм анықталған. Диагноз қойыңыз? *ДЖҚА; Плаценталық полип; Жатыр қосалқыларының қабынуы; Басталған түсік; Эндометриоз.
Есеп. Ауруды оң үлкен жыныс еріннің аймағындағы ауыру сезімі мазалайды. Еріні ісінген, қатты ауырады, оның үстіндегі терісі қызарған, жұмсарған учаске білінеді. Сіздің диагнозыңыз: Жедел вульвит; Бартолин безінің кистасы; Жедел лимфоаденит; *Бартолин безінің жалған абсцесі; Қысылған шап жарығы.
Есеп. Ауруда дене қызуының 38,5 0 дейін көтерілуі, іштің төменгі жағының ауырсынуы, бір рет құсу болған. Еттеккірлік циклдің 5-күні ауырған, іші жұмсақ, пальпация кезінде төменгі бөліміне ауыру сезімі және Щеткин-Блюмберг симптомы оң екені байқалған. Айнамен қарағанда: жатыр мойны таза, бөлінділері іріңді. ҚЗ: жатыр мойны цилиндр тәрізді, ернеу жабық. Жатыр қалыпты мөлшерде, пальпация кезінде ауыру сезімді, қосалқылардың екі жағынан овоид тәрізді, тығыздылығы жұмсақ, ауыру сезімді құрылым анықталады. Сіздің диагнозыңыз: *Жедел екі жақты аднексит(сальпингоофорит); Жедел пельвиоперитонит; Жедел параметрит; Жайылған перитонит; Жедел аппендицит.
Есеп. Ауру дене қызуының 380-дейін көтерілуіне, жыныс жолдарынан іріңді-қанды бөлінділердің, іштің төменгі жағында ауыру сезімінің болуына шағымданып гинекологиялық бөлімшеге келіп түсті. Етеккірлік циклдің 8-ші күні ауырған, осыдан 3 күн бұрын ЖІС салғызғын. Объективті, айнада: жатыр мойны таза. Цервикалды каналда ЖІС-нің өткізуші жіптері. Іріңді –қанды бөлінділер. ҚЗ: жатыр біршама үлкейген, қатты ауырады, қозғалысы шектелген. Қосалқылары анықталмайды. Күмбездері терең, ауыру сезімді. Сіздің диагнозыңыз: Пельвиоперитонит; Параметрит; ЖІС енгізу кезінде жатырдың перфорациясы; Аднексит; *Эндометрит.
Есеп. Ауру М. 28 жаста, етеккірінің 14 күндей кідіруінің пайда болған кезінде, жыныс жолдарынан қара қоңыр-қанды бөлінділерге және ішінің төменгі жағында толғақ тәрізді ауыру сезімге шағымданып келіп түсті. 5 жүктілігі болған, оның бірі босанумен және 4 медициналық түсікпен аяқталған. Түсіктің соңғысы эндометритпен асқынған. Жағдайы қанағаттанарлық. Пульсі-80, АҚ-110/70 мм.с.б. Айнада: жатыр мойны және қынаптың шырышты қабығы көгерген, бөлінділері қара қоңыр-қанды. ҚЗ: жатыр дұрыс орналасқан, қалыптыдан біршама үлкейген, қозғалмалы, ауыру сезімсіз. Қосалқылардың сол жақ маңында қамыр тығызды, ауырмайтын құрылым анықталады. Оң жақтан қосалқылар анықталмайды. Артқы күмбез тегістелген, ауыру сезімді. Диагноз қойыңыз: Толық емес түсік; *Жатырдан тыс жүктілік; Аналық бездің кистомасы; Эндометрит; Жедел сол жақты аднексит.
Есеп. |
||
Последнее изменение этой страницы: 2018-05-10; просмотров: 375. stydopedya.ru не претендует на авторское право материалов, которые вылажены, но предоставляет бесплатный доступ к ним. В случае нарушения авторского права или персональных данных напишите сюда... |