![]() Студопедия КАТЕГОРИИ: АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция |
Тест акушерия и гинекология ГОСЭСтр 1 из 2Следующая ⇒
1. Нәрестенің жеке бөліктерінің өзара қарым-қатынасы –бұл: Орналасуы; Позициясы; Түрі; *Мүше икемділігі; Қондырылуы.
2. Леопольд-Левицкийдің бірінші тәсілінің көмегімен анықтайды: Нәрестенің жатуын; Орналасуын, нәрестенің позициясын; Нәрестенің жату бөлігінің кіші жамбасқа кіру жазықтығына қатынасын; *Жатыр түбінің тұру биіктігінің деңгейін және оның түбіндегі нәресте бөлігінің жатуын; Нәрестенің жату бөлігінің кіші жамбас жазықтықтарына қатынасын.
3. Нәрестенің арқасының жатырдың алдыңғы немесе артқы қабырғасына қатынасы: Мүшеикемділігі; *Түрі; Жатуы; Позициясы; Қондырылуы.
4. Нәресте білігінің жатыр білігіне қатынасы: Мүшеикемділігі; * Орналасуы; Позициясы; Түрі; Жатуы.
5. Нәрестенің басы жатыр, арқасы артқа қараған-бұл: Баспен жатуы, алдыңғы түрі; Бірінші позиция, артқы түрі; *Баспен жатуы, артқы түрі; Баспен жатуы, бірінші позиция, артқы түрі; Баспен жатуы, екінші позиция.
6. Леопольд-Левицкийдің үшінші тәсілінің көмегімен анықтайды: Нәресте салмағын; Орналасуын, позициясын; Жату бөлігін; *Жату бөлігін және оның кіші жамбастың кіру жазықтығына қатынасын; Нәрестенің жату бөлігін және оның кіші жамбас жазықтығына қатынасын.
7. Нәресте арқасының жатыр бүйір қабырғаларына қатынасы: Түрі; Қондырылуы; Мүшеикемділігі; Жатуы; *Позициясы.
8. Нәрестенің ірі бөліктерінің (бас немесе бөксе) кіші жамбастың кіру жазықтығына қатынасы: Мүшеикемділігі; Орналасуы; Түрі; *Жатуы; Позициясы.
9. Леопольд-Левицкийдің екінші тәсілінің көмегімен анықтайды: Жату бөлігін; Жату бөлігінің кіші жамбастың кіру жазықтығына қатынасын; Нәресте салмағын; Жату бөлігінің кіші жамбас жазықтықтарына қатынасын; *Орналасуын, позициясын,түрін.
10. Леопольд-Левицкийдің төртінші тәсілінің көмегімен анықтайды: *Жату бөлігінің кіші жамбас жазықтықтарына қатынасын; Жату бөлігінің кіші жамбастың кіру жазықтығына қатынасын; Нәресте салмағын; Орналасуын, нәрестенің позициясын; Жатыр түбінің тұру биіктігінің деңгейін және оның түбіндегі нәресте бөлігінің жатуын.
11. Нәрестенің бөкселері жатыр, арқа алға қараған-бұл: Бірінші позиция, алдыңғы түрі; *Жамбаспен жатуы , алдыңғы түрі; Бірінші позиция, артқы түрі; Жамбаспен жатуы, бірінші позиция; Жамбаспен жатуы, екінші позиция.
12. Нәресте басының сагитталды жігінің кіші жамбас кіру жазықтығының қасаға симфизі және мүйіске қатысты орналасуы: Мүшеикемділігі; Жатуы; *Қондырылуы; Орналасуы; Позициясы.
13. Бөкселері жатыр, нәрестенің арқасы оңға қараған –бұл: *Жамбаспен жатуы, екінші позиция; Жамбаспен жатуы, бірінші позиция, алдыңғы түрі; Жамбаспен жатуы, бірінші позиция, артқы түрі; Жамбаспен жатуы, екінші позиция, алдыңғы түрі; Жамбаспен жатуы, екінші позиция, артқы түрі.
14. Бөкселері жатыр, нәрестенің арқасы солға қараған –бұл: Бірінші позиция, артқы түрі; *Жамбаспен жатуы, бірінші позиция; Жамбаспен жатуы, алдыңғы түрі; Бірінші позиция, алдыңғы түрі; Жамбаспен жатуы, артқы түрі.
15. Мүйіспен және қасаға симфизінің төменгі шеті арасындағы арақашықтық: 11 см; 13,5 см; 20-21 см; *12,5-13 см; 25-26 см.
16. Кіші жамбас қуысының кең бөлігінің түзу өлшемі: 11 см; 12 см; 13 см; *12,5 см; 10,5 см.
17. Мықын сүйектерінің алдыңғы жоғарғы қылқандарының арасындағы арақашықтық: 24-25 см; 27-32 см; 30-32 см; *25-26 см; 23-24 см.
18. Мықын сүйектерінің қырларының арасындағы арақашықтық: 11 см; 20-21 см; 25-26 см; 30-32 см; *28-29 см.
19. Кіші жамбас қуысының тар бөлігінің түзу өлшемі: *11,5 см; 12 см; 12,5 см; 13 см; 10,5 см.
20. Оң қиғаш өлшем- бұл арасындағы арақашықтық: Қасаға симфизі және мүйістің жоғарғы шетінің; Сол сегізкөз- мықын буынының және оң қасаға төмпесінің; Аты жоқ сызықтарының ең қашық нүктелерінің; *Оң сегізкөз –мықын буынының және сол қасаға төмпесінің; Ұршық бас ойдымдарының түптерінің. 21. Қасаға симфизінің жоғарғы шеті және сегізкөз үсті шұңқыр арасындағы арақашықтық: 11 см; 13,5 см; *20-21 см; 30-32 см; 25-26 см.
22. Кіші жамбастың кіру жазықтығының оң қиғаш өлшемі: 11 см; *12 см; 13 см; 11,5 см; 10,5 см.
23. Кіші жамбас қуысының тар бөлігінің жазықтығының көлденең өлшемі: 11 см; 12 см; 13 см; 12,5 см; *10,5 см.
24. Диагоналды конъюгата: 20-21 см; 13,5 см; 11 см; 9,5 см; *12,5-13 см.
25. Жамбастың қай өлшемдері 20-21 см-ге тең: Шын конъюгата; Диагоналды конъюгата; *Сыртқы конъюгата; Бүйірлі конъюгата; Қиғаш конъюгата.
26. Кіші жамбастың кіру жазықтығының сол қиғаш өлшемі: 11 см; *12 см; 13 см; 11,5 см; 10,5 см.
27. Шын конъюгата: 9,5 см; 10,5 см; *11 см; 12 см; 13 см.
28. Қалыпты үлкен жамбастың өлшемдерін көрсетініз: 22-25-29-18-9 см; *25-28-31-20-11 см; 27-27-32-18-9 см; 23-25-28-17-8 см; 25-25-28-20-11 см.
29. Сан сүйектерінің үлкен ұршықбастарының арасындағы арақашықтық: *31-32 см; 28-29 см; 20-21 см; 23-25 см; 26-27 см.
30. Кіші жамбастың шығу жазықтығының түзу өлшемі: 11 см; *9,5-11,5 см; 12 см; 12,5 см; 10,5 см.
31. Кіші жамбас қуысының кең бөлігінің жазықтығының көлденең өлшемі: 11 см; 11,5 см; 12 см; *12,5 см; 13 см.
32. Кіші жамбастың шығу жазықтығының көлденең өлшемі: *11см; 11,5 см; 12 см; 12,5 см; 13 см.
33. Кіші жамбастың кіру жазықтығының түзу өлшемі: *11 см; 10 см; 11,5 см; 9 см; 13 см.
34. Кіші жамбастың кіру жазықтығының көлденең өлшемі: *13,5 см; 12 см; 11 см; 10 см; 9 см.
35. Шүйдемен жатуы, алдыңғы түрі: Сагитталды немесе жебетәрізді жік көлденең өлшемде, кіші еңбек сол жақта; Сагитталды немесе жебетәрізді жік көлденең өлшемде, кіші еңбек оң жақта; *Сагитталды немесе жебетәрізді жік оң жақ қиғаш өлшемде, кіші еңбек алда; Сагитталды немесе жебетәрізді жік оң жақ қиғаш өлшемде, кіші еңбек артта; Сагитталды немесе жебетәрізді жік оң жақ өлшемде, кіші еңбек алда.
36. Шүйдемен жатуы, екінші позиция , артқы түрі: * Сагитталды немесе жебетәрізді жік оң жақ қиғаш өлшемде, кіші еңбек оң жақта артта; Сагитталды немесе жебетәрізді жік сол жақ қиғаш өлшемде, кіші еңбек оң жақта артта; Сагитталды немесе жебетәрізді жік оң жақ қиғаш өлшемде, кіші еңбек сол жақта алда; Сагитталды немесе жебетәрізді жік сол жақ қиғаш өлшемде, кіші еңбек оң жақта алда; Сагитталды немесе жебетәрізді жік көлденең өлшемде, кіші еңбек оң жақта.
37. Жамбаспен жатудың екінші позициясы, артқы түрі: Ұршықбас ара сызығы көлденең өлшемде, сегізкөз оң жақта; *Ұршықбас ара сызығы оң жақ қиғаш өлшемде, сегізкөз сол жақта артта; Ұршықбас ара сызығы сол жақ қиғаш өлшемде, сегізкөз сол жақта артта; Ұршықбас ара сызығы оң жақ қиғаш өлшемде, сегізкөз сол жақта алда; Ұршықбас ара сызығы сол жақ қиғаш өлшемде, сегізкөз сол жақта алда.
38. Сагитталды немесе жебетәрізді жік түзу өлшемде, нәрестенің арқасы алға қараған: Бірінші позиция, алдыңғы түрі; *Баспен жатуы, алдыңғы түрі; Екінші позиция, алдыңғы түрі; Баспен жатуы, артқы түрі; Екінші позиция, артқы түрі.
39. Шүйдемен жатуы, екінші позиция ,алдыңғы түрі: Сагитталды немесе жебетәрізді жік оң жақ қиғаш өлшемде, кіші еңбек оң жақта артта; Сагитталды немесе жебетәрізді жік сол жақ қиғаш өлшемде, кіші еңбек сол жақта артта; Сагитталды немесе жебетәрізді жік оң жақ қиғаш өлшемде, кіші еңбек сол жақта алда; *Сагитталды немесе жебетәрізді жік сол жақ қиғаш өлшемде, кіші еңбек оң жақта алда; Сагитталды немесе жебетәрізді жік көлденең өлшемде.
40. Сагитталды немесе жебетәрізді жік кіру жазықтығының көлденең өлшемінде, алға ығысқан, нәресте арқасы сол жаққа қараған: Бірінші позиция, алдыңғы түрі; *Бірінші позиция, артқы асинклитизм; Екінші позиция, артқы түрі. Екінші позиция , алдыңғы асинклитизм; Баспен жатуы, екінші позиция.
41. Шүйдемен жатуы, артқы түрі: Сагитталды немесе жебетәрізді жік көлденең өлшемде, кіші еңбек сол жақта; Сагитталды немесе жебетәрізді жік көлденең өлшемде, кіші еңбек оң жақта; Сагитталды немесе жебетәрізді жік түзу өлшемде, кіші еңбек алда; *Сагитталды немесе жебетәрізді жік түзу өлшемде, кіші еңбек артта; Сагитталды немесе жебетәрізді жік көлденең өлшемде, артқа ығысқан.
42. Жамбаспен жатуы, бірінші позиция, алдыңғы түрі: Ұршықбас ара сызығы көлденең өлшемде, сегізкөз алда; *Ұршықбас ара сызығы сол жақ қиғаш өлшемде, сегізкөз сол жақта алда; Ұршықбас ара сызығы оң жақ қиғаш өлшемде, сегізкөз оң жақта алда; Ұршықбас ара сызығы оң жақ қиғаш өлшемде, сегізкөз оң жақта алда; Ұршықбас ара сызығы сол жақ қиғаш өлшемде, сегізкөз сол жақта артта.
43. Сагитталды немесе жебетәрізді жік түзу өлшемде, нәресте арқасы артқа қараған: Бірінші позиция, алдыңғы түрі; Баспен жатуы, алдыңғы түрі; Екінші позиция, артқы түрі; *Баспен жатуы, артқы түрі; Баспен жатуы, бірінші позиция.
44. Шүйдемен жатуы, бірінші позиция: *Сагитталды немесе жебетәрізді жік көлденең өлшемде, кіші еңбек сол жақта; Сагитталды немесе жебетәрізді жік көлденең өлшемде, кіші еңбек оң жақта; Сагитталды немесе жебетәрізді жік түзу өлшемде, кіші еңбек алда; Сагитталды немесе жебетәрізді жік түзу өлшемде, кіші еңбек артта; Сагитталды немесе жебетәрізді жік көлденең өлшемде, артқа ығысқан.
45. Шүйдемен жатуы, екінші позиция: Сагитталды немесе жебетәрізді жік көлденең өлшемде, кіші еңбек сол жақта; *Сагитталды немесе жебетәрізді жік көлденең өлшемде, кіші еңбек оң жақта; Сагитталды немесе жебетәрізді жік түзу өлшемде, кіші еңбек алда; Сагитталды немесе жебетәрізді жік түзу өлшемде, кіші еңбек артта; Сагитталды немесе жебетәрізді жік көлденең өлшемде, алға ығысқан.
46. Шүйдемен жатуы, бірінші позиция, артқы түрі: Сагитталды немесе жебетәрізді жік оң жақ қиғаш өлшемде, кіші еңбек оң жақта артта; *Сагитталды немесе жебетәрізді жік сол жақ қиғаш өлшемде, кіші еңбек сол жақта артта; Сагитталды немесе жебетәрізді жік оң жақ қиғаш өлшемде, кіші еңбек сол жақта алда; Сагитталды немесе жебетәрізді жік сол жақ қиғаш өлшемде, кіші еңбек оң жақта алда; Сагитталды немесе жебетәрізді жік көлденең өлшемде, алға ығысқан, кіші еңбек сол жақта .
47. Нәресте басының түзу өлшемі: 9,5 см; 10,5 см; 11 см; *12 см; 13,5 см.
48. Нәресте басының үлкен еңбегінің алдыңғы бұрышы және шүйдеасты шұңқырының арақашықтығы-бұл: Түзу өлшем; Тік өлшем; *Кіші қиғаш өлшем; Ортаңғы қиғаш өлшем; Үлкен көлденең өлшем.
49. Нәресте басының үлкен қиғаш өлшемі: 9,5 см; 10,5 см; 11 см; 12 см; *13,5 см.
50. Нәресте басы маңдайының шашты бөлігінің және шүйдеасты шұңқырының арақашығының шекарасы-бұл: Кіші қиғаш өлшем; *Ортаңғы қиғаш өлшем; Үлкен қиғаш өлшем; Түзу өлшем; Тік өлшем.
51. Нәресте басының үлкен көлденең өлшемі: *9,5 см; 10,5 см; 11 см; 12 см; 13,5 см.
52. Нәресте басының шүйде төмпесі және иек ара қашықтығы-бұл: Түзу өлшем; Тік өлшем; Кіші қиғаш өлшем; Ортаңғы қиғаш өлшем; *Үлкен қиғаш өлшем;
53. Нәресте басының үлкен көлденең өлшемі-бұл арасындағы арақашықтық: Маңдайдың шашты бөлігі және шүйде төмпесінің шекарасы; Таж жігінің ең алыс нүктелері; *Төбелердің (шекелердің) төмпелері; Үлкен еңбектің алдыңғы бұрышы және шүйдеасты шұңқырдың; Кеңсірік және шүйде төмпесі.
54. Нәресте басының тік өлшемі - бұл арасындағы арақашықтық: Кеңсірік және шүйде төмпесі; *Үлкен еңбектің ортасы және тіласты сүйегі; Үлкен еңбектің алдыңғы бұрышы және шүйдеасты шұңқыры; Төбелердің (шекелердің) төмпелері; Шүйде төмпесі және иег.
55. Нәресте иықтарының көлденең өлшемі: 8,5 см; 9,5 см; 10,5 см; 11 см; *12 см.
56. Нәресте басының түзу өлшемі – бұл арасындағы арақашықтық: * Кеңсірік және шүйде төмпесі; Шүйде төмпесі және иег; Үлкен еңбектің алдыңғы бұрышы және шүйдеасты шұңқыры; Маңдайдың шашты бөлігінің және шүйдеасты шұңқырдың шекарасы; Үлкен еңбектің ортасы және тіласты сүйегі;
57. Нәресте басының кіші қиғаш өлшемі: *9,5 см; 10,5 см; 11 см; 12 см; 13,5 см.
58. Нәресте басының кеңсіріктен шүйде төмпесіне дейінгі арақашықтық: Кіші қиғаш өлшем; Ортаңғы қиғаш өлшем; Үлкен қиғаш өлшем; Тік өлшем; *Түзу өлшем.
59. Нәресте басының ортаңғы қиғаш өлшемі: 9,5 см; *10,5 см; 11 см; 12 см; 13,5 см.
60. Нәресте басының үлкен еңбегінің ортасынан тіласты сүйегіне дейінгі арақашықтық - бұл: Кіші қиғаш өлшем; Ортаңғы қиғаш өлшем; Үлкен қиғаш өлшем; *Тік өлшем; Түзу өлшем.
61. Нәресте басының кіші көлденең өлшемі – бұл арасындағы арақашықтық: Маңдайдың шашты бөлігінің және шүйдеасты шұңқырдың шекарасы; *Таж жігінің ең алыс нүктелері; Төбелердің (шекелердің) төмпелері; Үлкен еңбектің алдыңғы бұрышы және шүйдеасты шұңқыры; Кеңсірік және шүйде төмпесі.
62. Нәресте басының үлкен қиғаш өлшемі – бұл арасындағы арақашықтық: Кеңсірік және шүйде төмпесі; *Иег және шүйде төмпесі; Маңдайдың шашты бөлігі және шүйдеасты шұңқырының шекарасы; Төбелердің (шекелердің) төмпелері; Таж жігінің ең алыс нүктелері;
63. Нәресте басының кіші көлденең өлшемі: 9,5 см; 11 см; 12 см; 13,5 см; *8 см.
64. Нәресте басының кіші қиғаш өлшемі – бұл арасындағы арақашықтық: Кеңсірік және шүйде төмпесі; Шүйде төмпесі және иег; *Үлкен еңбектің алдыңғы бұрышы және шүйдеасты шұңқыры; Маңдайдың шашты бөлігі және шүйдеасты шұңқыры; Үлкен еңбектің ортасы және тіласты сүйегі .
65. Нәресте басының тік өлшемі: *9,5 см; 10 см; 11 см; 12 см; 13 см.
66. Нәресте бөкселерінің көлденең өлшемі: *9-9,5 см; 10,5 см; 11 см; 11,5 см; 12 см.
67. Кіші қиғаш өлшемге үйлесімді, бастың шеңбері: *32 см; 30 см; 34 см; 35 см; 40 см.
68. Ортаңғы қиғаш өлшемге үйлесімді, бастың шеңбері: 30 см; *33 см; 32 см; 34 см; 35 см.
69. Үлкен қиғаш өлшемге үйлесімді, бастың шеңбері: *40 см; 38 см; 42 см; 35 см; 37 см.
70. Түзу өлшемге үйлесімді, бастың шеңбері: 30 см; *34 см; 28 см; 20 см; 25 см.
71. Тік өлшемге үйлесімді, бастың шеңбері: 30 см; 25 см; *32 см; 33 см; 20 см.
72. Иықтардың көлденең өлшемінің шеңбері: 25 см; 30 см; 32 см; *35 см; 40 см.
73. Бөкселердің көлденең өлшемінің шеңбері: *28 см; 26 см; 20 см; 25 см; 27 см.
74. Distantia spinarum: *25-26 см; 23-24 см; 22-23 см; 21-22 см; 20-21 см.
75. Distantia сristarum: 29-30 см; *28-29 см; 27-28 см; 26-27 см; 25-26 см.
76. Distantia trochanterica: 25-26 см; 28-29 см; *30-31см; 20-21см; 27-28 см.
77. Conjugata externa: *20-21см; 29-30см; 25-26см; 27-28см; 30-31см.
78. Босану каналының жұмсақ тіндеріне не кіреді, біреуінен басқасы: Жатыр; Қынап; Жамбас түбі; Сыртқы жыныс мүшелері; *Аналық бездер.
79. Кәріжілік-білезік буынының шеңбері: 11 см; 12 см; 13 см; 15 см; *14 см.
80. Жүктіліктің соңында іштің шеңбері: *90-100 см; 80-90 см; 70-80 см; 50-60 см; 60-70 см.
81. Жүктіліктің соңында баспен жатуы кезінде жатыр түбінің тұру биіктігі (ЖТТБ): *32-34 см; 30-32 см; 27-28 см; 30-31 см; 25-26 см.
82. Жүктіліктің соңында жамбаспен жатуы кезінде жатыр түбінің тұру биіктігі (ЖТТБ): *34-36 см; 32-34 см; 27-28 см; 30-31 см; 25-26 см.
83. Нәрестенің ұзынша орналасуы кездеседі: *99,5 %; 90,5 %; 95,5 %; 85,5 %; 75,5 %.
84. Көлденең және қиғаш орналасуы кездеседі: *0,5 %; 1 %; 2 %; 1,5 %; 2,5 %.
85. Баспен жатуы кездеседі: *96 %; 95 %; 90 %; 85 %; 80 %.
86. Жамбаспен жатуы кездеседі: *3,5%; 3%; 4%; 5%; 4,5%.
87. Нәрестенің қалыптыда жүрек жиырылуының жиілігі (ЖЖЖ): *120-160 соққы 1 минутына; 170-180 соққы 1 минутына; 180-190 соққы 1 минутына; 100-110 соққы 1 минутына; 90-100 соққы 1 минутына.
88. Шүйдемен жатудың алдыңғы түрі кезінде босану биомеханизмінің бірінші негізгі сәті: * Бастың кіші жамбас кіру жазықтығына өзінің жебетәрізді немесе сагитталды жігімен қиғаш немесе көлденең өлшемде қондырылуы; Бастың жазылуы; Бастың түсуі; Бастың барынша бүгілуі; Бастың ішкі бұрылуы.
89. Шүйдемен жатудың алдыңғы түрі кезінде босану биомеханизмінің бірінші қосымша сәті: *Бастың болмашы бүгілуі; Бастың жазылуы; Бастың түсуі; Бастың барынша бүгілуі; Бастың ішкі бұрылуы.
90. Шүйдемен жатудың алдыңғы түрі кезінде босану биомеханизмінің екінші негізгі сәті: *Нәресте басының кіші жамбас қуысына түсуі; Бастың ішкі бұрылуы; Бастың бүгілуі; Бастың жазылуы; Бастың кіші жамбас кіру жазықтығына қондырылуы.
91. Шүйдемен жатудың алдыңғы түрі кезінде босану биомеханизмінің екінші қосымша сәті: *Нәресте басының шүйдемен алға қарай ішкі бұрылысы; Нәресте басының шүйдемен артқа қарай ішкі бұрылысы; Бастың болмашы бүгілуі; Бастың жазылуы; Нәресте басының кіші жамбас қуысына түсуі.
92. Шүйдемен жатудың алдыңғы түрі кезінде босану биомеханизмінің үшінші негізгі сәті: *Нәресте басының жаруы және жарып шығуы; Нәресте басының шүйдемен алға қарай ішкі бұрылысы; Нәресте басының шүйдемен артқа қарай ішкі бұрылысы; Бастың бүгілуі; Бастың жазылуы.
93. Шүйдемен жатудың алдыңғы түрі кезінде босану биомеханизмінің үшінші қосымша сәті: * Нәресте басының жазылуы; Нәресте басының жаруы және жарып шығуы; Бастың бүгілуі; Нәресте басының шүйдемен алға қарай ішкі бұрылысы; Нәресте басының шүйдемен артқа қарай ішкі бұрылысы.
94. Шүйдемен жатудың артқы түрі кезінде босану биомеханизмінің бірінші негізгі сәті: *Бастың кіші жамбас кіру жазықтығына өзінің жебетәрізді немесе сагитталды жігімен қиғаш немесе көлденең өлшемде қондырылуы; Нәресте басының жаруы және жарып шығуы; Нәресте басының шүйдемен алға қарай ішкі бұрылысы; Бастың бүгілуі; Бастың жазылуы.
95. Шүйдемен жатудың артқы түрі кезінде босану биомеханизмінің бірінші қосымша сәті: *Бастың орташа бүгілуі; Бастың жазылуы; Нәресте басының жаруы және жарып шығуы; Нәресте басының шүйдемен алға қарай ішкі бұрылысы; Нәресте басының шүйдемен артқа қарай ішкі бұрылысы.
96. Бастың ішкі бұрылысы аяқталғаннан кейін сагитталды немесе жебетәрізді жік жамбас түбінде қандай өлшемде орналасады: Оң қиғаш; Көлденең ; *Түзу; Түзу немесе көлденең; Сол қиғаш.
97. Шүйдемен жатудың алдыңғы түрі кезінде нәресте басы кіші жамбастың кіру жазықтығына қандай өлшемімен түседі: Түзу; Оң қиғаш; Көлденең; *Қиғаш немесе көлденең; Сол қиғаш.
98. Шүйдемен жатудың артқы түрі кезінде нәресте басы қандай өлшемімен жарып шығады: Түзумен; Кіші қиғашпен; *Ортаңғы қиғашпен; Үлкен қиғашпен; Тікпен .
99. Шүйдемен жатудың алдыңғы түрі кезінде кіші жамбас қуысының тар бөлігінде сагитталды немесе жебетәрізді жік қандай өлшемде орналасады: Түзу өлшемде; Оң қиғаш; Сол қиғаш; *Қиғаш, түзуге жақын; Көлденең .
100. Шүйдемен жатудың артқы түрі кезінде нәресте басының бекіту нүктесі болады: Шүйде төмпе; *Шүйдеасты шұңқыр және маңдайдың шашты бөлігінің шекарасы; Шүйдеасты шұңқыр; Шүйде төмпесі және кеңсірік; Маңдайдың шашты бөлігінің шекарасы.
101. Бас кіші жамбас қуысының қай бөлігінде ішкі бұрылысты аяқтайды: Кең; Тар; *Жамбас түбінде; Жамбас қуысында; Кіші жамбас қуысының кең бөлігінен тар бөлігіне өткен кезде.
102. Босанудың қалыпты биомеханизмі кезінде бастың кіші жамбас қуысының кең бөлігіне түскен кезде сагитталды немесе жебетәрізді жік қай өлшемде орналасады: Оң қиғаш; Көлденең; Физиологиялық асинклитизм жағдайда; Сол қиғаш; *Жоғарғыдағы көрсетілгендердің барлығы дұрыс.
103. Төбесімен жатуы кезінде бірінші болып не туады: Маңдай ; Кеңсірік ; Мұрын ; *Үлкен еңбек ; Шүйде .
104. Шүйдемен жатудың алдыңғы түрі кезінде өту нүктесі болып есептеледі: Үлкен еңбек; *Кіші еңбек ; Шартты түрде үлкен еңбек ; Үлкен және кіші еңбектердің орта арасының арақашықтығы; Шүйде.
105. Төбесімен жатуы кезінде тууында нәресте басы қандай қозғалыс жасайды: Жару ; Бүгілу ; *Қосымша бүгілу,жазылу; Жазылу ; Жарып шығу .
106. Шүйдемен жатудың алдыңғы түрі кезінде бас қандай өлшеммен жарып шығады: Тік ; Ортаңғы қиғаш ; *Кіші қиғаш ; Бипариеталды ; Түзу.
107 . Шүйдемен жатудың артқы түрі кезінде нәресте басы жарып шығуда қандай қозғалыс жасайды : Бүгілу ; Жазылу ; Ішкі бұрылу ; *Бүгілу,жазылу; Түсу .
108. Бетімен жатуы кезінде кіші жамбастың кіру жазықтығына нәресте басы қандай өлшеммен түседі : Кіші қиғаш ; Ортаңғы қиғаш ; Үлкен қиғаш ; *Тік ; Түзу .
109. Нәрестенің иық белдігі қандай өлшеммен жарып шығады : *Түзу ; Оң қиғаш ; Көлденең ; Түзу және көлденең ; Сол қиғаш .
110 .Шын конъюгатаны төмендегі көрсетілген барлық өлшемдер бойынша анықтауға болады,біреуінен басқасы : Сыртқы конъюгата ; *Соловьев индексі; Диагоналды конъюгата ; Михаэлис ромбасының ұзыншасы; Франк өлшемі .
111. Шүйдемен жатудың артқы түрі кезінде өту нүктесі болып есептеледі : Үлкен еңбек ; *Кіші еңбек ; Шартты түрде үлкен еңбек ; Үлкен және кіші еңбектердің орта арақашықтығы ; Шүйде .
112 .Төбемен жатуы кезінде өту нүктесі болып есептеледі : *Үлкен еңбек ; Маңдай ; Кеңсірік ; Мұрын ; Шүйде .
113 .Маңдаймен жатуы кезінде өту нүктесі болып есептеледі : *Маңдай ; Үлкен еңбек ; Мұрын ; Иек ; Кеңсірік .
114. Бетпен жатуы кезінде өту нүктесі болып есептеледі : *Иек ; Маңдай ; Үлкен еңбек ; Кіші еңбек ; Мұрын .
115. Жамбастың тарылуының бірінші дәрежесі кезінде шын конъюгатаның өлшемін көрсетініз: *11<9см; 12<10см; 13<11см; 14<12см; 15<13см.
116. Жамбастың тарылуының екінші дәрежесі кезінде шын конъюгатаның өлшемін көрсетініз : *9<7см; 11<9см; 12<10см; 13<12см; 14<12см.
117. Жамбастың тарылуының үшінші дәрежесі кезінде шын конъюгатаның өлшемін көрсетіңіз: *7<5см; 9<7см; 11<9см; 12<10см; 13<11см.
118. Жамбастың таралуының төртінші дәрежесі кезінде шын конъюгатаның өлшемін көрсетініз: *5 см-ден аз; 10 см-ден аз; 9 см- ден аз; 12см- ден аз; 11 см- ден аз.
119.Жалпы бір қалыпты тарылған жамбас үшін тән: дұрыс түрі; сүйектері жіңішке; барлық өлшемдері бірқалыпты кішірейген; қасаға асты бұрыш сүйір; *жоғарыдағы көрсетілгендердің барлығы дұрыс.
120.Жай жалпақ жамбас кезінде босану биомеханизмінің ерекшеліктері; Кіші жамбастың кіру жазықтығына сагитталды немесе жебе тәрізді жіктің көлденең өлшемде бастың ұзақ жоғары тұруы; кіші жамбастың кіру жазықтығында нәресте басының жазылуы; нәресте басының асинклитикалық қондырылуы; нәресте басының сагитталды немесе жебе тәрізді жігінің төмен көлденең тұруы; *жоғарыдағы көрсетілгендердің барлығы дұрыс.
121.Жамбастың тарылуының қандай түріне осы өлшемдер (24-26-28-18-11-9)сәйкес келеді; Жай жалпаққа; мешелді жалпаққа; *жалпы бір қалыпты тарылғанға; жалпы тарылған жалпаққа; көлденең тарылғанға.
122. Жамбастың тарылуының қандай түріне осы өлшемдер( (24-25)-(25-26)-(28-29)-20-11-9)сәйкес келеді; *көлденең тарылғанға; жай жалпаққа; мешелді жалпаққа; жалпы бір қалыпты тарылғанға; жалпы тарылған жалпаққа.
123. Жамбастың тарылуының қандай түріне осы өлшемдер(26-29-30-18-11-9)сәйкес келеді; *жай жалпаққа; көлденең тарылғанға; мешелді жалпаққа; жалпы бір қалыпты тарылғанға; жалпы тарылған жалпаққа.
124. Жамбастың тарылуының қандай түріне осы өлшемдер(26-26-31-17-10-8)сәйкес келеді; *мешелді жалпаққа; жай жалпаққа; көлденең тарылғанға; жалпы бір қалыпты тарылғанға; жалпы тарылған жалпаққа.
125. Жамбастың тарылуының қандай түріне осы өлшемдер(24-25-27-16-9-7)сәйкес келеді; * жалпы тарылған жалпаққа; жалпы бір қалыпты тарылғанға; көлденең тарылғанға; жай жалпаққа; мешелді жалпаққа.
126.Жүкті әйелдің ерте токсикозының ауырлық дәрежесінің қандай кезінде амбулаторлық ем мүмкін болады; *Жеңіл; Орташа; Ауыр; өте ауыр; Токсикоздың ауырлығына қарамастан ауру ауруханаға жатуы қажет.
127.Жүкті әйелдің құсуының ауырлық дәрежесінің қандайы үшін зәрде ацетонның жоқтығы тән; *Жеңіл; Орташа; Ауыр; Өте ауыр; Зәрдегі ацетонның болуы токсикоздың ауырлық дәрежесіне байланысты емес.
128.Жүкті әйелдің құсуының емі үшін қолданылатын инфузиялық емінің құрамына кіреді; Электролиттер және микроэлементтер бар ерітінділер; Нәруызды препараттар ; Микроциркуляцияны жақсартатын ерітінділер; Уытсыздандыру препараттары; *Жоғарыда көрсетілген барлық инфузиялық орталар.
129.Жүкті әйелдің құсуына төмендегі көрсетілгендердің барлығы жатады, біреуінен басқасы: *Таңертеңгі бір рет құсу; Күніне қайталанатын 3-5 ретке дейін құсулар; Организмде функциялық өзгерістермен жүретін көп ретті құсулар; Организмде дистрофиялық өзгерістермен жүретін көп ретті құсулар; Тамақ ішумен байланысты емес көп ретті құсулар.
130.Төмендегі көрсетілген барлық симптомдар жүктіліктің I-жартысындағы токсикоздың ауырлығы туралы көрсетеді, біреуінен басқасы: Дене массасының азайғаны; Зәрде ацетонның болуы; Гипотония; *Бас ауруы; Субфебрильді температураның болуы.
131.Гестоздың патогенетикалық механизмдерінің пайда болуын көрсетеді: Гиповолемия, микроциркуяцияның бұзылыстары; Жатыр-плаценталық қан айналысының бұзылыстары; Қанның созылмалы шашыранды тамырішілік ұюы; Нәруыздың және су-электролиттік баланстың өзгерістері; *Жоғарыдағы көрсетілгендердің барлығы.
132.Гестоздың кешенді инфузиялық терапиясына төмендегі көрсетілгендердің барлық препараттары қолданылады, біреуінен басқасы: Орташа және төменгі молекулярлық декстрантар; Микроциркуляцияның және қанның реологиялық қасиетін жақсартатын препараттар; Тікелей әсері бар антикоагулянттар; Спазмолитиктер (түйілуді жоятын заттар); *Дәрумен В1 тобындағы препараттар.
133.Эклампсия талмасы дамуы мүмкін: Жүктілік уақытында; Босану уақыттында; Босанғаннан кейінгі ерте кезеңде; Босанғаннан кейінгі кеш кезеңде; *Жоғарыдағы көрсетілген кезеңдердің қайсысы болсада.
134.Гестоздың ауыр түрінің қарқынды терапиясы кезінде акушерлік шара-тәсіл мәселесін шешеді; *Бірнеше сағат ішінде; Бір тәулік ішінде; Үш тәулік ішінде; Жеті тәулік ішінде; Барлық жауаптары дұрыс емес.
135.Гестоздар кезінде өкпені жасанды желдендірудің көрсетулері болып есептеледі: Эклампсиялық статус; Жедел тыныс алу жеткіліксіздігі; Бауыр-бүйрек жеткіліксіздігі; *Жоғарыдағы көрсетілгендердің барлығы дұрыс; Гестоз өкпені жасанды желдендірудің қарсы көрсетулері болып табылады.
136.Қазіргі акушерияда жүкті әйелдерді эклампсиямен жүргізу кезінде В.В. Строгановтың жетілдірген барлық ұстанымдары пайдаланады, біреуінен басқасы: Сыртқы тітіркендіргіштерді алып тастау; Өмірге маңызды мүшелердің функцияларын реттеу; *Қан жіберу; Ерте амниотомия; Тез және ұқыпты босандырып алу.
137.Гестоздың ерте белгісі болып есептеледі: Жүктіліктің екінші жартысында дене салмағының патологиялық және біркелкі емес ұлғаюы; Артериялық қысымның ассимметриясы; Никтурия; Тромбоцитопения; *Жоғарыдағы көрсетілгендердің барлығы дұрыс.
138.Гестоздың алдын алуын іске асырады осылардың көмегімен: Дәрілік өсімдіктердің (фитожинау); Дезагреганттардың; Мембраностабилизатлардың; Антиоксиданттардың; *Жоғарыдағы көрсетілгендердің барлық заттарымен.
139.Эклампсия кезінде шұғыл босандырып алу мақсатында төмендегі көрсетілген барлық әдістерді қолданады, біреуінен басқасын: Акушерлік қысқыштарды; *Вакуум-экстракцияны; Кесар тілігін; Жамбас жағынан нәрестенің экстракциясын; Нәрестені бөлшектен шығару операциясын.
140.Жүктілік кезіндегі эклампсияда дәрігердің оңтайлы шара-тәсілін көрсетіңіз: Реанимация бөлімшесі жағдайында кешенді қарқынды терапия; Кешенді қарқынды терапиядан кейін босануды қоздыру; *Шұғыл жағдайда кесар тілігі; Босандыруды қоздырудан кейін табиғи жыныс жолдары арқылы босандырып алу; Кешенді кезаралы ауыртпау.
141.Жүктіліктің қай мерзімінен бастап ана организмінде темірдің қажеттілігі артады: 12-аптаға дейін; *16-аптадан 20 аптаға дейін; 12-аптадан 16 аптаға дейін; 20-аптадан 24 аптаға дейін; 24-аптадан 32 аптаға дейін.
142. Жүктілік кезінде тамақпен бірге түсетін темірді: Нәресте пайдаланады; Плацента қалыптасқан кезде пайдаланады; Жатыр бұлшық етіне жиналады; Қосымша гемоглобинді өндіру үшін пайдаланады; *Жоғарыдағы көрсетілгендердің барлығы дұрыс.
143. Жүктілік кезінде теміртапшылық анемияның сенімді диагнозын негізінде қояды: Жүкті әйелдің тән шағымы; *Зертханалық зерттеу нәтижесі; Жүрек-тамыр бұзылыстарының көрінуі; Трофикалық бұзылыстардың болуы; Нәрестенің құрсақ ішілік дамуының бұзылыстары.
144. Гестациялық қант диабетінің дамуының қауіп-қатер тобына төмендегі көрсетілген барлық пациент әйелдерді жатқызуға болады, біреуінен басқасын: Глюкозуриясы бар жүкті әйелдерді; Анамнезінде ірі нәрестемен босанған әйелдерді; *Гестозы бар жүкті әйелдерді; Дене салмағы артық әйелдерді; Ата-анасы немесе жақын туысқандары қант диабетімен ауыратын әйелдерді.
145.Қант диабеті кезінде жүктіліктің ең жиі асқынуын атаңыз: Көпсулық ; Гестоз; Мезгілінен бұрын жүктілікті үзу; Нәрестенің даму ақаулары; *Нәрестенің ірі өлшемдері.
146.Қант диабеті кезінде кесар тілігінің көрсетулері болып есептеледі: Алып нәресте немесе жамбаспен жатуы ; Кетоацидозға бейімділігі бар құбылмалы диабет; Нәрестенің үдемелі гипоксиясы; Ауыр гестоз; *Жоғарыдағы көрсетілгендердің барлығы дұрыс.
147. Қант диабеті кезінде жүктілікті көтеріп жүрудің негізгі шарты болып есептеледі: *Жүктілік кезінде және оғанға дейін қант диабетінің толық компенсациясы (орны толыққан); Көмірсу алмасуын қалыпқа келтіру үшін, емдәмді сақтау; Нәресте жағдайын мұқият бақылау; Қандағы қант мөлшерін бақылау; Жоғарыдағы көрсетілгендердің барлығы дұрыс.
148.Жүктілік кезінде дамитын сарғаю, байланысты болуы мүмкін: Ерте токсикоздың және кеш гестоздың ауруы түрімен; Холестаздық гепатозбен; Өт-тас ауруымен ; Вирустық гепатитпен; *Жоғарыдағы көрсетілген патологиялармен.
149. Холестаздық гепатоздың негізгі клиникалық симптомы болып табылады: Тәбеттін жоғалту; Сарғаю; *Терінің қышуы ; Диспепсиялық бұзылыстар; Оң қабырға асты ауыру сезімі. 150. Бауыр аурулары кезінде жүктілік қарсы көрсету болып табылады немесе төмендегі барлық көрсетілген аурулар кезінде жүктілікті үзу қажет, біреуінен басқасын: порталды цирроз; *жүкті әйелдердің холестаздық гепатозы; бауырдың жедел майлы дистрофиясы ; өт-тас ауруы және бауыр түйілуінің ( шаншуының) жиі ұстамалары ; гестоз себепші болған бауыр жеткіліксіздігі.
151.Сығырлық (миопия) кезінде жүктілікті сақтау мүмкіндігі төмендегі көрсетілген барлық факторларға тәуелді, біреуінен басқасы: көз түбінің жағдайына; сығырлықтың дәрежесіне; сығырлықтың қатерсіз немесе қатерлі ағымына; жүкті әйелді бақылау үрдісін көру өзгерісінің динамикасына; *әйелдің балалы болу тілегіне.
152. Мезгіліне жеткен жүктілікте асқынған « соқыр ішек » ( аппендицит) кезінде акушерлік шара тәсілі қарастырылады: кесар тілігі; кесар тілігінен кейін жатырдың қынап үсті ампутациясы; кесар тілігінен кейін қосалқыларсыз жатырдың экстирпациясы; кесар тілігінен кейін жатыр түтіктерімен жатырдың экстирпациясы; *босануды консервативті жүргізу.
153. Нәрестенің антенаталды инфекциялануының мүмкін болатын патогенетикалық механизмін көрсетіңіз: трансплаценталық; өрлеме; трансдецидуалық (трансмуралдық); төмен түсу; *жоғарыдағы көрсетілгендердің барлығы.
154. Құрсақ ішілік инфекцияның клиникалық көрінісі осылардан тәуелді: инфекцияланудың болғанындағы жүктіліктің мерзіміне; қоздырғыштардың вируленттілігіне; инфекциялану жолдарына; *жоғарыдағы көрсетілген факторлардың барлығына.
155. Жаңа туған баланың цитомегаловирустық инфекциясының классикалық көрінісі болып табылады: гепатоспленомегалия; тромбоцитопения; пневмония; бойдың құрсақ ішілік кідірісі; *жоғарыдағы көрсетілгендердің барлығы дұрыс.
156. Жүктіліктің ерте мерзімінде инфекцияланудың тератогендік әсерін көрсетеді: қызамық вирусы; цитомегаловирус; жай ұшық вирусының II -түрі; желшешек және құрсау теміреткі вирусы; *жоғарыдағы көрсетілген вирустардың барлығы.
157. Құрсақ ішілік инфекциялардың диагностикасының тікелей әдістеріне төмендегі көрсетілгендердің барлығы жатады, біреуінен басқасы: хорионның аспираттын зерттеу; қағанақ суын зерттеу; нәресте қанын зерттеу; бала туып жатқан сәтте жұтқыншақтың аспираттын зерттеу; * жүкті әйелдің қынабынан және жатыр мойнынан алынған бөлінділердің қоздырғышын идентификациялау (салыстыру).
158. Жүктілік кезінде дәрі-дәрмек заттардың мүмкін болатын зақымдау әсерінің түрлерін атаңыз: гонадопатия; фетопатия; эмбриопатия; *жоғарыда көрсетілгендердің барлығы.
159. Жүктіліктің екінші жартысында төмендегі көрсетілген барлық антибактериялық препараттарды қолдануға болады, біреуінен басқасын: эритромицин; *левомицетин; фурагин; оксациллин; цефазолин.
160. Нәрестенің алкоголдік синдромы төмендегі көрсетілгендердің барлығын өзіне қосады, біреуінен басқасын: орталық жүйке жүйесінің дамуының кемістіктерін; нәресте бойының құрсақ ішілік кідіруін; бет бассүйегінің дисморфозын; нәрестенің дамуының көп ауытқуларын ( жүрек, бүйрек, аяқ-қолдар және тағы басқа); *нәрестенің ірі болып қалыптасу үрдісін.
161. Жедел плаценталық жеткіліксіздігінің негізгі себебі болып табылады: *плацентаның бөлінуі; мезгілінен бұрын босанудың түсу қаупі; кәсіптік зияндылықтары; гениталды инфантилизм; жатыр миомасы.
162. Созылмалы фетоплаценталық жеткіліксіздіктің дамуында негізгі рөлді атқарады: гестоз; жүкті әйелдегі жүрек – тамыр жүйесінің аурулары; жүкті әйелдегі бүйрек аурулары; жүктіліктің ұзаққа созылуы; *жоғарыдағы көрсетілгендердің барлығы.
163. Созылмалы плаценталық жетіспеушіліктің қалыптасуының қауіп-қатер факторларына жатады: жүкті әйелдің балғын жасы ( 15-17 жас); жүкті әйелдің алкоголизмі және темекі шегуі; созылмалы спецификалық және спецификалық емес инфекциялар; үйреншікті жүктілікті көтереалмаушылық; *жоғарыда көрсетілген факторлардың барлығы.
164. Нәресте бойының құрсақ ішілік кідіруінің диагностикасын, оның түрін және ауырулық дәрежесін анықтау мақсатында келесі фетометриялық параметрлерді пайдаланады: нәресте басының бипариеталды өлшемін; нәресте санының ұзындығын; іш шеңберін; нәресте іш шеңберінің сан ұзындығына қатынасын; *жоғарыда көрсетілген параметрлердің барлығын.
165. Үдемелі плаценталық жетіспеушілік кезінде орталық гемодинамикалық бұзылыстарды сипаттайтын өзгерістерге жатқызу керек: нәресте жүрегінің қуысының дилатациясын (кеңеюін); жүректің барлық қақпақшалары арқылы қан айналысының жылдамдығының төмендеуін; бас миын қорғау феноменін; оң жүрекше қарынша (үш жармалы) қақпақшаның функ |
||
Последнее изменение этой страницы: 2018-05-10; просмотров: 375. stydopedya.ru не претендует на авторское право материалов, которые вылажены, но предоставляет бесплатный доступ к ним. В случае нарушения авторского права или персональных данных напишите сюда... |