Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция

Негізсіз баю салдарынан туындайтын міндеттемелер




Заңдармен немесе мәмiлемен белгiленген негiздерсiз мүлiктi басқа тұлғаның (жәбiрленушiнiң) есебiнен иеленiп алған немесе жинаған тұлға (сатып алушы), негiзсiз иеленiп алынған немесе жинақталған мүлiктi (негiзсiз баю) алдыңғысына қайтаруға мiндеттi.

Азаматтық Кодексте, басқа да заң актiлерiнде өзгеше белгiленбесе және тиiстi қарым-қатынастар мәнiнен өзгеше туындамаса:

1) жарамсыз мәмiле бойынша орындалғандарды қайтару туралы;

2) меншiк иесiнiң мүлiктi бөгде бiреудiң заңсыз иеленуiнен сұратып алуы туралы;

3) мiндеттемедегi бiр тараптың екiншiсiне осы мiндеттемеге байланысты орындалғандарды қайтару туралы;

4) зиянды, оның iшінде байыған тұлғаның терiс пиғылынан келтiрiлген өтем туралы талаптарға да қолданылуға тиiс.

Негiзсiз байлық ретiнде:

1) егер мiндеттемеде өзгеше көзделмесе, мiндеттеменi орындау үшiн оны орындау мерзiмi басталғанға дейiн берiлген мүлiк;

2) талап ету мерзiмi өткеннен кейiн мiндеттеменi орындау үшiн берiлген мүлiк;

3) азаматқа оның тарапынан терiс пиғыл болмаған жағдайда күнкөрiске арналған қаражат ретiнде (жалақы, авторлық сыйақы, өмiрiне немесе денсаулығына келтiрiлген зиянды өтеу, зейнетақы, алименттер және т.б.) берілген және иемденушi пайдаланған ақша сомасы және өзге де мүлiк;

4) егер иемденушi мүлiктiң қайтарылуын талап еткен тұлғаның мiндеттеменiң жоқтығы туралы бiлгендiгiн не мүлiктi қайырымдылық мақсатында бергенiн дәлелдесе, болмаған мiндеттеменi атқару үшiн берiлген ақша сомасы мен өзге мүлiк қайтарылуға жатпайды.

51. Мұраны ашу. Заң бойынша мұрагерлік

Мұрагерлік – қайтыс болған азамат (мұра қалдырушы) мүлкінің басқа адамға (адамдарға) – мұрагерге ауысуы.

Қайтыс болған азаматтың мұрасы басқа адамдарға әмбебап құқық мирасқорлығы талаптарымен, егер осы бөлімнің ережелерінен өзгеше туындамаса, бірыңғай тұтас нәрсе ретінде және бір-ақ мезгілде ауысады.

Мұрагерлік өсиет немесе заң бойынша жүзеге асырылады.

Өсиет қалдырылмаған не бүкіл мұраның тағдыры айқындалмаған кезде, сондай-ақ өзге де жағдайларда мұрагерлік заң бойынша орын алады.

Мұраның құрамына мұра қалдырушыға тиесілі мүлік, сондай-ақ оның қайтыс болуына байланысты қолданылуы тоқтатылмайтын құқықтар мен міндеттер кіреді.

 Мұра қалдырушының жеке басына тығыз байланысты құқықтар мен міндеттер:

1. егер заң актілерінде өзгеше көзделмесе, заңды тұлғалар болып табылатын ұйымдарға мүше болу құқығы;

2. өміріне немесе денсаулығына келтірілген зиянды өтеу құқығы;

3. алименттік мұрагерлерден туындайтын құқықтар мен міндеттер;

4. зейнетақы төлеу және басқа да сол сияқты туындайтын төлемдер құқығы;

5. мүліктік құқықтармен байланысы жоқ жеке мүліктік емес құқықтар мұра құрамына кірмейді.

 

Мұра азамат қайтыс болуы немесе оны қайтыс болды деп жариялау салдарынан ашылады.

Мұра қалдырушының соңғы тұрған жері, ал егер ол белгісіз болса – мүліктің немесе оның негізгі белгінің орналасқан жері мұраның ашылу орны болып табылады.

Мұра ашылған кезде тірі жүрген, сондай-ақ мұра қалдырушының тірі кезінде іште қалған және мұра ашылғаннан кейін тірі туған азаматтар өсиет және заң бойынша мұрагер бола алады.

Мұра ашылғанға дейін құрылған және мұраның ашылу уақытында болған заңды тұлғалар, сондай-ақ мемлекет өсиет бойынша мұрагерлер болуы мүмкін.

 

52. Өсиет бойынша мұрагерлік

Азаматтың ол қайтыс болған жағдайда өзiне тиесiлi мүлiкке билiк ету жөнiнде өз ықтиярын бiлдiруi өсиет болып танылады.

Өсиетті оны жасаған кезде толық әрекет қабілеттілігі бар азамат жасайды.

Азамат өзінің барлық мүлкiн немесе оның бiр бөлігін заң бойынша мұрагерлер тобына кiретiн де, кiрмейтiн де бiр не бiрнеше адамға, сондай-ақ заңды тұлғаларға және мемлекетке өсиет етiп қалдыра алады.

Өсиеттi өзi жасауға тиiс. Өкiл арқылы өсиет жасауға жол берiлмейдi.

Өсиет қалдырушы себебiн түсiндiрместен заң бойынша мұрагерлердiң бiреуiн, бiрнешеуiн немесе барлығын мұрадан айыруға құқылы. Егер өсиеттен өзгеше туындамаса, заң бойынша мұрагердi мұрадан айыру оның ұсынылу құқығы бойынша мұрагерлiк етушi ұрпақтарына қолданылмайды.

Мұра қалдырушы өзінің кез келген мүлкі, оның ішінде болашақта сатып алуы мүмкін мүлкі туралы да өкім бар өсиет жасауға құқылы.

Өсиет қалдырушы мұрагерлердің мұрадағы үлесін кез келген түрде белгілеуі мүмкін, әртүрлі мүлікке қатысты бір немесе бірнеше өсиет жасай отырып, өз мүлкіне немесе оның қандай да бір бөлігіне билік ете алады.

Мұра қалдырушы жасалған өсиеттiң оны жасағаннан кейiн кез келген уақытта күшiн жоюға және өзгертуге ерiктi және күшiн жоюдың немесе өзгертудiң себебiн көрсетуге мiндеттi емес.

Мұра қалдырушының өсиетте өзi мұрагер етiп тағайындаған адамдарға, олар қайтыс болған жағдайда өз кезегiнде өсиет еткен мүлiктi белгiлi бiр түрде билiк ету мiндетiн жүктеуге құқығы жоқ. Өсиет оның жасалған жерi мен уақыты көрсетiле отырып, жазбаша нысанда жасалып, нотариатта куәландырылуға тиiс.

Мыналар:

1) нотариатта куәландырылған өсиеттер;

2) нотариатта куәландырылғандарға теңестірiлетін өсиеттер тиiсiнше ресiмделген болып танылады.

Өсиетке өсиет қалдырушының өзi қол қоюы қажет.

53. Отбасы құқығының түсінігі, қағидалары

       Отбасы құқығы деп некеден, туыстықтан, бала асырап алудан немесе балаларды тәрбиеге алудың өзге де нысандарынан туындайтын мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтар мен міндеттерге байланысты және отбасы қатынастарын нығайту мен дамытуға жәрдемдесуге тиісті адамдар тобы қатынастарын реттейтін құқық саласын айтады.

Отбасылық қатынастар мүліктік және мүліктік емес сипатты құрайды. І-сінің құрамына отбасы өміріндегі теңдігі, тәелсіздігі, жеке бостандығы және бала тәрбиелеудегі ата-аналардың еркі мен теңдігі жатады. ІІ-шісінің, яғни мүліктік игіліктер мен құқықтардың құрамына ерлі-зайыптылардың бірлескен ортақ меншіктері, жақын туыстары арасындағы материалдық көмектер: балалары мен кейбір отбасы мүшелерін асырауына қажетті қаражат көздері кіреді.

Қазақстан Республикасының неке-отбасы заңдары бойынша:

- еркек пен әйелдің некелі одағының еріктілігі;

- ерлі-зайыптылардың отбасындағы құқықтарының теңдігі;

- отбасының ісіне кімнің болса да өз бетінше араласуына жол берілмеушілік;

- отбасы ішіндегі мәселелерді өзара келісіммен шешу;

- балаларды отбасында тәрбиелеуге басымдық беру, олардың өсіп жетілуі мен әл-ауқаты болуына қамқорлық жасау;

- отбасының кәмелетке толмаған және еңбекке қабілетсіз мүшелерінің құқықтары мен мүдделерін қорғауға басымдық беру;

- отбасы мүшелерінің өз құқықтарын кедергісіз жүзеге асыруын қамтамасыз ету, бұл құқықтарды сот қорғауының мүмкіндіктері;

- отбасының барлық мүшелерін салауатты тұрмыс салтына ынталандыру қағидаларына негізделеді.

 

54. Некені тоқтату мен бұзу негіздері

Некені тоқтату:

- ерлі-зайыптылардың біреуінің қайтыс болуы немесе сот оны өлді немесе хабар-ошарсыз кеткен деп жарияласа;

- некені бұзу арқылы (ажырасу);

 

Некені бұзу:

- АХАЖ органы арқылы;

- Сот органы арқылы;

 

АХАЖ органында некені бұзу     Ерлі-зайыптылардың өзара келісуі   Ерлі-зайыптылардың біреуінің өтініші бойынша   Тоқтатылу кезі   Некені бұзу мерзімі     Некені тоқтатудың салдары - ерлі-зайыптылардың өзара келісуі жағдайында; - ерлі-зайыптылардың біреуінің өтініші бойынша;   Егер кәмелетке толмаған ортақ балалары жоқ және бір-біріне мүліктік және өзге де талаптар қоймайтын жағдайда   Ерлі-зайыптыларға ортақ кәмелетке толмаған балаларының болуына қарамастан, ерлі-зайыптылардың біреуінің өтініші бойынша, егер олардың екіншісін: - сот хабар-ошарсыз кеткен деп таныса; - сот әрекетке қабілетсіз деп таныса; - қылмыс жасағаны үшін кемінде 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айруға сотталса   АХАЖ органдарында бұзылатын неке АХАЖ кітабында некенің бұзылғандығы мемлекеттік тіркелген күннен бастап тоқтатылады   Некенің бұзылуын ресімдеу және некенің бұзылғаны туралы куәлікті ерлі-зайыптыларға беру олар өтініш берген күннен бастап 1 ай өткеннен кейін жүргізіледі   Ерлі-зайыптылардың некелік қатынастарынан туындайтын жеке және мүліктік құқықтары мен міндеттері тоқтатылады
Сот тәртібімен бұзу мына жағдайларда жүргізіледі     Тоқтатылу кезі     Сот тәртібімен некені бұзу мерзімі - ерлізайыптыларда кәмелетке толмаған ортақ балалары болса; - ерлі-зайыптылардың біреуінің некені бұзуға келісімі болмаса; - егер ерлі-зайыптылардың біреуі өзінің қарсылығы болмауына қарамастан, некені бұзудан өз әрекеттері не әрекетсіздігі арқылы жалтарса; - ерлі-зайыптылардың бір-біріне мүліктік талаптары болса;   Соттың шешімі заңды күшіне енген күннен бастап тоқтатылады   Ерлі-зайыптылар некені бұзу туралы арыз берген күннен бастап кемінде 1 ай өткен соң жүргізіледі

55. Ата-ана мен балалардың құқықтық жағдайы

Ата-аналардың және балалардың құқықтары мен міндеттері балалардың заңмен белгіленген тәртіппен куәландырылған тегіне негізделеді.

Баланың анасы жағынан тегін белгілеу     Баланың әкесі жағынан тегін белгілеу     Баланың анасы мен некеде тұрмайтын адамның әке болуы - ананың медициналық мекемеде бала туғанын растайтын құжаттар негізінде; - бала медициналық мекемедегі тыс жерде туған жағдайда – медициналық құжаттардың, куәлардың көрсетулерінің негізінде АХАЖ органы белгілейді.   Бала неке бұзылған, оны жарамсыз деп таныған кезден бастап немесе бала анасының жұбайы қайтыс болған кезден бастап 270 күн ішінде туған жағдайда, егер өзгеше дәлелденбесе, анасының бұрынғы жұбайы баланың әкесі болып танылады.   - баланың әкесі мен анасының АХАЖ органына бірлесіп арыз беруі жолымен; - анасы қайтыс болған, ол әрекетке қабілетсіз деп танылған, анасының тұратын жерін анықтау мүмкін болмаған жағдайларды немесе ол ата-ана құқығынан айрылған жағдайда; - қорғаншы және қамқоршы органның келісімімен бала әкесінің арызы бойынша, мұндай келісім болмаған жағдайда – сот шешімімен белгіленеді.

 

18 жасқа (кәмелетке) толмаған адам бала деп танылады.

 

Баланың құқықтары:   Баланың ұлты   - отбасында өмір сүру және тәрбиеленуге; - ата-анасымен және басқа да туыстарымен қарым-қатынас жасау; - өз пікірін білдіру; - ат алуға, әкесінің атын және тегін алуға; - мүлікке; - қорғалуға   Оның ұлты ата-анасының ұлтымен айқындалады. Егер ата-анасының ұлты әртүрлі болса, ол баланың қалауы бойынша оған жеке басының куәлігі немесе төлқұжат берілген кезде әкесінің немесе шешесінің ұлтымен айқындалады. Одан әрі баланың ұлты оның өтініші бойынша басқа ата-анасының ұлтына өзгертілуі мүмкін.

 

Ата-аналардың құқықтары мен міндеттері

 

Ата-аналардың өз балаларына қатысты құқықтары тең және міндеттері (ата-ана құқықтары) тең болады

 

Ата-аналардың құқықтары мен міндеттері:     Ата-ана құқығының тоқтатылуы: - балаларын тәрбиелеуге; - балаларына білім беруге; - балаларының құқықтары мен міндеттерін қорғауға; - басқа адамдардан балаларын талап етуге;   - балалары 18 жасқа толғанда; - кәмелетке толмаған балалар некеге тұрған кезде.

56. Ерлі-зайыптылардың құқықтық жағдайы. Неке шарты

Жұбайлардың әрқайсысының құқықтары     Қандай мәселелерді ерлі-зайыптылар бірлесіп шешеді?   Ерлі-зайыптылардың міндеттері     - қызмет таңдауға; - кәсіп түрін таңдауға; - тұрғылықты жерді таңдауға ерікті.   - ана болу; - әке болу; - балаларды тәрбиелеу; - балаларға білім беру мәселелері.   Ерлі-зайыптылар отбасындағы өз қатынастарын өзара сыйластық және өзара көмек негізінде құруға, отбасының игілігі мен нығаюына жәрдемдесуге, өз балаларының денсаулығына, өсіп жетілуіне және олардың әл-ауқаты жағдайына қамқорлық жасауға міндетті.

Ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкін иелену, пайдалану және оған билік ету – заң бойынша немесе неке шарты бойынша реттеледі

Егер меншікке құқық заңмен реттелсе, онда заңды режим қолданылады. Егер меншікке құқық шартпен реттелсе, онда шарттық режим қолданылады.

    

57. Ата-ана құқығынын айыру, олардын қалпына келтіру

Ата-ана құқығынан айыру – бұл ата-аналарға әсер ету үшін және соларға қатысты жасалатын соңғы шара. Ата-ана құқығынан айрылған ата-аналар, балаларға деген туыстық фактісінен негізделген барлық құқықтардан айрылады.

Ата-ана құқығын шектеу – бұл ата-аналарға әсер ету үшін және соларға қатысты жасалатын уақытша шара. Ата-ана құқығын шектеген кезде, олар балаларына деген құқықтарынан толық айрылмайды, тек кейбір құқықтарынан шектеледі.

Екі жағдайда да ата-аналардың балаларына деген міндеттері жойылмайды.

Ата-ана құқығын қалпына келтіру

 

Негіздері     Қалпына келтіру тәртібі   Қатысушылар Егер ата-аналар (олардың біреуі), мінез-құлқын, тұрмыс салтын және баланы тәрбиелеуге көзқарасын өзгертсе, олардың ата-ана құқықтары қалпына келтірілуі мүмкін.   Сот тәртібімен жүзеге асырылады.   - прокурор; - қорғаншы және қамқоршы орган;

 

58. Қорғаншылық пен камқоршылық. Патронат

 

Қорғаншылық Қамқоршылық
14 жасқа толмаған балаларға, сондай-ақ психикалық аурудың салдарынан немесе ақыл-есінің кемдігінен сот әрекетке қабілетсіз деп таныған адамдарға белгіленеді. 14 тен 18 жасқа дейінгі кәмелетке толмағандарға, сондай-ақ спиртті ішімдіктерге немесе есірткі заттарға салынуы салдарынан сот әрекетке қабілеттілігі шектеулі деп танылған адамдарға белгіленеді.

 

Жергілікті атқарушы органдар қорғаншы және қамқоршы органдар болып табылады.

 

Патронат

 

Ұғымы     Баланы тәрбиелеуге беру туралы шарттың мерзімнен бұрын бұзылуы жағдайы Уәкілетті мемлекеттік орган мен баланы тәрбиелеуге алуға тілек білдірген адамның (патронат тәрбиешінің) жасасқан шарты бойынша ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар азаматтардың отбасына тәрбиелеуге берілетін тәрбие нысаны.   - дәлелді себептері (сырқаттану, отбасылық немесе материалдық жағдайдың өзгеруі, баламен өзара түсіністіктің болмауы, балалар арасындағы жанжалдар және басқалар) болған кезде патронат тәрбиешілердің бастамасы бойынша; - баланы асырап-бағу, тәрбиелеу және білім беруде қолайсыз жағдайлар туған кезде қорғаншы және қамқоршы органның бастамасы бойынша; - бала ата-анасына қайтарып берілген немесе бала асырап алынған жағдайларда мерзімнен бұрын бұзылуы мүмкін.

 

Патронат тәрбиешілер тәрбиеге алынған балаға (балаларға) қатысты қорғаншылар сияқты құқықтар мен міндеттерге ие болады.

Бала асырап алу

Бала (ұл немесе қыз) асырап алу – асырап алушы мен асырап алынушы арасында ата-ана мен бала арасында пайда болатын қатынас сияқты құқықтық қатынасты (жеке және мүліктік) көздейтін заңды акт

 

Тәртібі   Бала алуды тіркеу негізі     Тіркеу орны   Бала асырап алушы бола алмайтын адамдар   Бала асырап алушы мен асырап алынушы арасындағы жас айырмасы     Ата-ана келісімі қажет етпейтін жағдайлар     Бала асырап алудың құқықтық салдары Баланы асырап алуды бала асырап алуға тілек білдірген адамның арызы бойынша сот жүргізеді. Сот қорғаншы және қамқоршы органдардың қатысуымен қарайды. Бала асырап алу АХАЖ-да тіркеледі.   Соттың заңды күшіне енген шешімі негізінде АХАЖ органдарында тіркеледі.   Сот шешімі шығарылған жерде жүргізіледі.   - әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеттілігі шектеулі адамдар; - ерлі-зайыптылардың бірі әрекетке қабілетсіз не әрекетке қабілеттілігі шектеулілер; - ата-ана құқықтарынан айрылған немесе шектелген адамдар; - заңмен жүктелген міндеттерді тиісінше орындамағаны үшін қорғаншылық (қамқоршылық) міндеттемелерінен шеттетілген адамдар.   Некеде тұрмайтын асырап алушы мен асырап алынушы баланың жас айырмасы 16 жас болуы тиіс. Дәлелді себептер бойынша сот қысқартуы мүмкін.   Егер ата-аналарын: - сот белгісіз немесе өлген, хабар-ошарсыз кеткен деп таныса; - сот әрекетке қабілетсіз деп таныса; - ата-ана құқықтарынан айырса; - баламен бірге тұрмайтын және сот дәлелсіз деп таныған себептер бойынша 6 айдан астам уақыт бойы оны тәрбиелеу мен асыраудан жалтарып жүрсе.    Асырап алынған балалар өздерінің ата-аналарына қатысы бойынша жеке мүліктік емес және мүліктік құқықтарынан айрылады және олар жөніндегі міндеттерден босатылады.

60. Неке ұғымы, шарттары және тәртібі

  Неке - ерлі-зайыптылар арасындағы мүліктік және мүліктік емес жеке қатынастарды туғызатын, отбасын құру мақсатымен заңдарда белгіленген тәртіппен тараптардың ерікті және толық келісімі жағдайында жасалған еркек пен әйелдің арасындағы тең құқықты одағы.

Отбасылық заңнама келесі шарттар мен тәртіптерді реттейді:

  • Некеге тұру;
  • Некені тоқтату;
  • Некені жарамсыз деп тану.

Некені қию, некені бұзу және оны жарамсыз деп тану азаматтық хал актілерін жазатын мемлекеттік органдар (АХАЖ) арқылы тіркеледі.

    Некеге отыру шарттары

 

Маңызды шарттар:   Неке жасы     Дәлелді себептер болып: - некеге тұрушылардың өзара ерікті келісімдерінің болуы; - неке жасына жетуі; - некеге отыруға кедергі болатын жағдайлардың болмауы;   Еркектер мен әйелдер үшін – 18 жас. Дәлелді себептер болған жағдайда – 16 жас.   - баланың дүниеге келуі; - жүкті болуы; - некеге тұрушылардың біреуінің ұзақ мерзімге іс-сапарға кетуі; - тағы басқа жағдайлар

 

Некеге отырудың тәртібі

 

Қай жерде және қалай тіркеледі?   Арыз беруге қажетті құжаттар   Мерзімі     Ерекше мән-жайларға жататын жағдайлар     Тіркеу қорытындысы Неке мемлекеттік азаматтық хал актілерін жазу органдарында қиылады. Некесін тіркегісі келетін адамдар арыз берушінің біреуі тұратын жердегі не өздерінің ата-аналары тұратын жердегі АХАЖ органына арыз береді.   - жеке басын куәландыратын құжаттар; - белгіленген неке жасын кеміту қажет екенін растайтын құжаттар; - бұрынғы некелері туралы мәліметтер; балалары туралы мәліметтер;   Некені қию некеге тұруға тілек білдірушілер АХАЖ органына арыз берген күннен бастап 1 ай мерзім өткен соң жүргізіледі. Дәлелді себептер болған жағдайда неке қиюды мемлекеттік тіркеу орны бойынша АХАЖ органы 1 ай өткенге дейін неке қиюға, сондай-ақ осы мерзімді ұзартуға, бірақ 1 айдан аспайтын мерзімге ұзартуға рұхсат етіледі. Ерекше мән-жайлар болған кезде неке өтініш берілген күні қиылуы мүмкін.   - жүктілік; - бала тууы; - бір тараптың өміріне тікелей қауіп төнуі;    Некені тіркеу өткізілгеннен кейін ерлі-зайыптыларға неке туралы куәлік беріледі.

 

 «Азаматтық іс жүргізу құқығы» бойынша мемлекеттік емтихан сұрақтары

 

61. Азаматтық іс жүргізу құқығының түсінігі, пәні және қағидалары

Азаматтық іс жүргізу бұл сот және басқа субъектілер арасындағы азаматтық іс қарау мен шешу кезіндегі құрылатын азаматтық іс жүргізү құқығының нормаларымен реттелген азаматтық іс жүргізү құқықтық қатынастар және процессуалдық әрекеттер жиынтығы.

Азаматтық іс жүргізү құқығы азаматтық істерді қарап, шешім шығарып және оны орындау тәртібін реттейтін нормалар жиынтығынан тұратын ұлттық құқықтың бір саласы.

Азаматтық іс жүргізу құқығының пәні азаматтық іс жүргізу болып табылады.

Азаматтық сот ісін жүргізудің қағидалары:

  • Заңдылық
  • Сот төрелігін тек қана соттың жүзеге асыруы
  • Адамның құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін сотта қорғау
  • Жеке адамның ар-намысы мен қадір-қасиетін құрметтеу
  • Жеке өмірге қол сұғылмаушылық. Хат жазысудың, телефон арқылы сөйлесудің, почта, телеграф және өзге де хабарлардың құпиясы
  • Меншікке қол сұғылмаушылық
  • Судьялардың тәуелсіздігі
  • Барлық адамдардың заң мен сот алдындағы теңдігі
  • Сот ісін жүргізу тілі
  • Тараптардың айтысуы мен тең құқықтылығы
  • Дәлелдемелерді ішкі сенім бойынша бағалау
  • Куәлік жауап беру міндетінен босату
  • Білікті заң көмегін алуға құқықты қамтамасыз ету
  • Сотта істі қараудың жариялылығы
  • Сотта істі қарау барысында қауіпсіздікті қамтамасыз ету
  • Сот актілерінің міндеттілігі
  • Іс жүргізу әрекеттері мен шешімдеріне шағымдану бостандығы

 

62. Сот мәжілісінің хаттамасы

Бірінші сатыдағы соттың әрбір сот отырысы туралы, сондай-ақ отырыстан тыс жасалған әрбір жеке іс жүргізу әрекеті туралы хаттама жасалады.

Сот отырысының немесе отырыстан тыс жасалған жеке іс жүргізу әрекетінің хаттамасы істі қараудың немесе жеке іс жүргізу әрекетін жасаудың барлық елеулі сәттерін көрсетуге тиіс.

Сот отырысының хаттамасында:

1) сот отырысының жылы, айы, күні және орны;

2) сот отырысы басталған және аяқталған уақыт;

3) істі қарайтын соттың атауы, сот отырысы судьясының, хатшысының және сот приставының тегі мен аты-жөні;

4) істің атауы;

5) іске қатысушы адамдардың, өкілдердің, куәлердің, сарапшылардың, мамандардың, аудармашылардың келгені туралы мәліметтер;

6) іске қатысушы адамдарға, өкілдерге, сондай-ақ аудармашыға, сарапшылар мен мамандарға олардың іс жүргізу құқықтары мен міндеттерінің түсіндірілгені туралы мәліметтер;

7) төрағалық етушінің өкімдері және сот отырысы залында соттың шығарған ұйғарымы;

8) хаттаманың жасалған күні көрсетіледі.

Хаттаманы сот отырысының хатшысы жасайды. Хаттамаға төрағалық етуші және хатшы қол қояды. Барлық өзгерістер, түзетулер, толықтырулар хаттамада айтылуға және олардың қол қоюымен куәландырылуға тиіс.

63. Аппелляциялық инстанцияда істі қарау

Апелляциялық шағымдар, наразылықтар бойынша апелляциялық сатыдағы сот істе бар және қосымша табыс етілген материалдар бойынша істің нақты мән-жайы анықталуының, материалдық құқық нормаларының қолданылуы мен түсіндірілуінің дұрыстығын, сондай-ақ істі қарау мен шешу кезінде азаматтық іс жүргізу заңы нормаларының сақталуын тексереді. Iс апелляциялық сатыда ол бiрiншi сатыдағы соттан келiп түскен күннен бастап бiр айлық мерзiмнен кешiктiрiлмей қаралуға тиiс.

Апелляциялық сатыдағы соттың отырысына iс бойынша қорытынды беретiн прокурор мiндеттi түрде қатысады.

Iстi талқылаудың басталуы

Төрағалық етушi апелляциялық сатыдағы соттың сот отырысын ашып, қандай iс, кiмнiң шағымы немесе наразылығы бойынша және қай соттың шешiмi қаралып отырғанын, сондай-ақ апелляциялық сатыдағы соттың құрамын және егер iстiң қаралуына қатысып отырса, прокурорды, сарапшыларды, мамандарды, аудармашыларды хабарлайды.

Іс мәні бойынша қаралып біткен соң төрағалық етушi тараптар мен өкілдерден олардың жасайтын өтінімдері мен толықтырулары туралы сұрайды. Сот бұл өтінімдерді шешіп, содан соң сот жарыссөзіне көшеді. Апелляциялық қаулы кеңесу бөлмесiнде шығарылып, оған судьялардың барлық құрамы қол қояды және судьялар кеңесу бөлмесiнен қайтып келген соң, отырыс залында жарияланады.

Сот осы баптың бiрiншi бөлiгiнiң талаптарын сақтай отырып, қаулының қарарлық бөлiгiн шығара алады. Бұл жағдайда қаулының толық мәтiнi iстi қараған күннен бастап бес күндiк мерзiмде жазылып, оған барлық судьялар қол қояды. Апелляциялық саты iстi қарау нәтижелерi бойынша сот актiсiн қаулы түрінде шығарады. Апелляциялық сатыдағы соттың қаулылары қабылданған күннен бастап заңды күшiне енедi.

64. Талап арыздың түсінігі және оның мазмұны

Талап құқық туралы дау шешу үшін бұзылған немесе даулы субъективтік құқықты немесе заңмен қорғалатын мүддені қорғау туралы талап қою арқылы туоғаның сотқа жүгінуін айтамыз.

Талап арыз сотқа жазбаша нысанда беріледі.

Арызда:

1) арыз берілетін соттың атауы;

2) талап қоюшының атауы, оның тұрғылықты жері, тұрғылықты жері бойынша тіркелгені туралы мәліметтер немесе, егер талап қоюшы ұйым болса, оның тұрған жері, салық төлеушінің тіркеу нөмірі мен банктік реквизиттері, сондай-ақ, егер арызды оның өкілі берсе, өкілдің атауы мен мекен-жайы;

3) жауапкердің тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген болса), оның тұрғылықты жері немесе тұрған жері және, егер талапкерге белгілі болса, оның тұрғылықты жері бойынша тіркелгені, жұмыс орны туралы мәліметтер мен салық төлеушінің тіркеу нөмірі (eгep сот бұйрығын шығару туралы арызда көрсетілген болса) немесе, егер жауапкер заңды тұлға болып табылса, оның атауы, нақты тұрған жері не, егер талапкерге бірыңғай Мемлекеттік тіркелімнен мәліметтер белгілі болса, салық төлеушінің тіркеу нөмірі мен банк реквизиттері;

4) талап қоюшының құқықтарын, бостандықтарын немесе заңды мүдделерін және оның талап қою талаптарын бұзудың немесе бұзу қаупінің мәні;

5) талап қоюшы өзінің талаптарын негіздейтін мән-жайлар, және бұл мән-жайларды растайын дәлелдемелер;

6) егер талап қою бағалауға жатса, талап қоюдың бағасы;

7) алынып тасталды

8) арызға қоса тіркелетін құжаттардың тізбесі көрсетілуге тиіс.

65. Мәжбүрлеу шараларын қолдану негіздері және оның түрлері

Мәжбүрлеу шараларын сот төрелігі міндеттерін іске асыру мақсатында сот келесі тұлғаларға қолданады:

  • Іске қатысушы адамдарға;
  • Процестің басқа да қатысушыларына;
  • Жеке азаматтарға және заңды тұлғалардың лауазымды адамдарына.

Сот мәжбүрлеу шараларын аталған тұлғаларға мына жағдайларда қолданады:

  • сот ісін шешуге араласқаны
  • судьяға қатысты қоқан-лоққы жасағаны
  • судьяны қорлағаны
  • сот қаулыларын орындамағаны
  • сотқа құрметпен қарамағаны
  • сот отырысында тәртіп бұзғаны үшін
  • судьяның, соттың жеке ұйғарымы бойынша шаралар қолданбағаны және басқа да құқыққа қарсы іс-әрекеттері үшін қолданады.

 

66. Бұйрық арқылы іс жүргізу

Сот бұйрығы өндіріп алушының ақшалай сомаларды өндіріп алу немесе мүлікті борышкерді немесе өндіріп алушыны олардың түсіндірмелерін тыңдау үшін шақырмай-ақ және сотта іс қарамай-ақ, даусыз талаптар бойынша борышкерден талап ету туралы арызы бойынша шығарылған судьяның актісі болып табылады.

Сот бұйрығының атқарушылық құжат күші болады. Ол бойынша өндіріп алу бұйрық берілгеннен кейін және сот шешімдерін атқару үшін белгіленген тәртіпте жүргізіледі. Сот бұйрығы:

1) егер талап нотариатта куәландырылған мәмілеге негізделсе;

2) егер талап жазбаша мәмілеге негізделсе және оны жауапкер таныса;

3) егер талап төленбеген вексельге, акцептің болмауына және нотариус жасаған акцептің күні белгіленбеуіне білдірілген наразылыққа негізделсе;

4) егер әкеліктің белгіленуіне немесе үшінші тұлғаларды тарту қажеттігіне қатысы жоқ, кәмелетке толмаған балалар үшін алименттерді өндіріп алу туралы талап мәлімделген болса;

5) егер азаматтардан және заңды тұлғалардан салықтар мен басқа да міндетті төлемдер бойынша бересіні өндіріп алу туралы талап мәлімделген болса;

6) егер қызметкерге аударылған, бірақ төленбеген жалақы мен өзге де төлемдерді өндіріп алу туралы талап мәлімделген болса;

7) егер жауапкерді немесе борышкерді іздестіру жөніндегі шығындарды өндіріп алу туралы талаптарды ішкі істер органдары немесе қаржы полициясы мәлімдеген болса шығарылады.

67. Дәлелдеу және дәләлдемелер

Заңмен көзделген тәртіпте сот тараптардың талаптары мен қарсылықтарын негіздейтін мән-жайлардың бар-жоғын, сондай-ақ істі дұрыс шешу үшін өзге де маңызы бар мән-жайларды солардың негізінде анықтайтын заңды түрде алынған нақты деректер іс бойынша дәлелдемелер болып табылады. Бұл нақты деректер тараптардың және үшінші тұлғалардың түсініктемелерімен, куәлардың айғақтарымен, заттай дәлелдемелермен, сарапшылардың қорытындыларымен, іс жүргізу әрекеттерінің хаттамаларымен, іс жүргізу әрекеттерінің барысын және нәтижелерін көрсететін сот отырыстары хаттамаларымен және өзге де құжаттармен анықталады. Әр тарап өзінің талаптарының және қарсылықтарының негізі ретінде сілтеме жасайтын мән-жайларды дәлелдеуі тиіс. Дәлелдемелерді тараптар мен іске қатысушы басқа да тұлғалар береді.

Істі дұрыс шешу үшін маңызы бар мән-жайларды тараптардың және іске қатысушы басқа да тұлғалардың тараптары мен қарсылықтарының негізінде, материалдық және іс жүргізу құқығының қолданылуға тиіс нормаларын ескере отырып, сот анықтайды.

Іс үшін маңызы бар мән-жайлар туралы мәліметтерді қамтитын актілер, құжаттар, іскерлік немесе жеке сипаттағы хаттар жазбаша дәлелдемелер болып табылады. Егер заттар өзінің сыртқы түрімен, қасиеттерімен немесе өзге де белгілерімен іс үшін маңызы бар мән-жайды анықтау құралы бола алады деп ұйғаруға негіз болса, олар заттай дәлелдемелер деп танылады.

68. Сотта істі қараудың жариялылығы

Барлық соттар мен барлық сот сатыларында сотта істі қарау ашық жүргізіледі.

Мемлекеттік құпиялар болып табылатын мәліметтері бар шешімдерді хабарлауды қоса, сондай-ақ бала асырап алу құпиясын, жеке, отбасылық, коммерциялық немесе өзге де заңмен қорғалатын құпияларды, азаматтар өмірінің ашық айтпайтын сырлары туралы мәліметтерді сақтауды қамтамасыз ету қажет екендігін не істі ашық қарауға кедергі келтіретін өзге де мән-жайларды негізге алған іске қатысушы адамының өтінішін сот қанағаттандырған кезде, сондай-ақ АІЖКодексінің нормаларында көзделген жағдайда заңға сәйкес істерді қарау жабық сот отырысында жүзеге асырылады.

Азаматтардың жеке хат алысуы және жеке телеграф байланысы ашық сот отырысында арасында осы хат алысу мен телеграф байланысы болған адамдардың келісімімен ғана жария етілуі мүмкін. Бұлай болмаған жағдайда бұл адамдардың жеке хат алысуы мен жеке телеграф байланысы жабық сот отырысында жария етіліп, зерттеледі. Аталған ережелер фото және кино құжаттарын, дыбыс және бейне жазбаларды, сондай-ақ техникалық құралдардың көмегімен алынған жеке сипаттағы мәліметтер бар хабарларды зерттеген кезде де қолданылады.

Соттың жабық отырысында істі қарау кезінде іске қатысушы адамдар, олардың өкілдері, ал қажет болған жағдайларда куәлар, сарапшылар, мамандар, аудармашылар да қатысады.

Сот істі соттың жабық отырысында қарау туралы дәлелді ұйғарым шығарады.

Сот отырысының залына, егер іске қатыспайтын адамдар болса немесе куә болмаса, он алты жасқа толмаған азаматтар жіберілмейді.

Жабық сот отырысында істі қарау азаматтық сот ісін жүргізудің барлық ережелері сақтала отырып жүргізіледі.

Іске қатысушы адамдар мен ашық сот отырысына қатысушы азаматтардың сотта істі қарау барысын залда отырған орындарынан жазып алуға немесе дыбыс жазуды пайдаланып жазып алуға құқығы бар. Сотта істі қарау барысында киноға және суретке түсіру, бейнетаспаға жазу, тікелей радио және телехабар жүргізу соттың іске қатысушы адамдардың пікірін ескере отырып берген рұқсаты бойынша ғана мүмкін болады. Бұл іс-әрекет сот отырысының қалыпты жүруіне бөгет жасамауға тиіс және оның уақытын сот шектеуі мүмкін.

69. Ерекше және шарттық соттылық

Ерекше соттылық

Жер учаскелеріне, үйлерге, үй-жайларға, ғимараттарға, жерге тығыз байланысты басқа объектілерге (жылжымайтын мүлік) құқықтар туралы, мүлікті тыйым салудан босату туралы талаптар осы объектілер немесе тыйым салынған мүлік орналасқан жер бойынша қойылады.

Мұра қалдырушыға кредит берушілердің мұраны мұрагерлердің қабылдап алуына дейін қойылған талаптары мұраға қалдырылған мүлік немесе оның негізгі бөлігі орналасқан жердегі соттың соттауына жатады.

Тасымалдаушыларға жүктер, жолаушылар немесе теңдеме жүкті тасымалдау шарттарынан туындайтын талаптар көлік ұйымының тұрақты жұмыс істейтін органы орналасқан жер бойынша қойылады.

Шарттық соттылық

Тараптар өзара келісім бойынша аталған істі қай соттың қарайтынын аумақтық жағынан өзгерте алады. Ерекше соттылықта белгіленген істің соттылығын тараптардың келісімімен өзгертуге болмайды.

70. Судьяға және іске қатысушы басқа тұлғаларға қарсылық білдіру негіздері

Судьяға қарсылық білдіру үшін негіздер.

Егер судья:

1) осы істі мұның алдындағы қарау кезінде куә, сарапшы, маман, аудармашы, өкіл, сот отырысының хатшысы, сот орындаушысы, сот приставы ретінде қатысса;

2) іске қатысушы адамдардың немесе олардың өкілдерінің біреуінің туысы болса;

3) істің нәтижесіне жеке, тікелей немесе жанама түрде мүдделі не оның әділдігіне негізді күмән туғызатын өзге де мән-жайлар болса, ол істі қарауға қатыса алмайды және оған қарсылық білдірілуге тиіс.

Істі қарайтын соттың құрамына өзара туыс адамдар кіре алмайды.

Прокурорға, сарапшыға, маманға, аудармашыға, сот отырысының хатшысына, сот приставына қарсылық білдіру үшін негіздер

Сонымен қатар сарапшы немесе маман, егер:

1) ол іске қатысушы адамдарға немесе олардың өкілдеріне қызмет жағынан немесе өзгедей тәуелді болса немесе тәуелділікте болып келсе;

2) ол тексеру жүргізіп, оның материалдары сотқа жүгінуге негіз болса не осы азаматтық істі қарағанда пайдаланылса, істі қарауға қатыса алмайды.

Прокурордың, маманның, аудармашының, сот отырысы хатшысының, сот приставының осы істі мұның алдында қараған кезде тиісінше прокурор, сарапшы, маман, аудармашы, сот отырысының хатшысы, сот приставы ретінде қатысуы оларға қарсылық білдіруге негіз болып табылмайды. Сараптама қорытындысының дұрыстығына күмән туындауына орай ол қайталап жүргізілетін жағдайларды қоспағанда, сарапшының осы істі алдыңғы қарау кезінде сарапшы ретінде қатысуы оған қарсылық білдіру үшін негіз болып табылмайды.

71. Іске қатысушы тұлғалар

Іске қатысушы тұлғалардың құрамы

Тараптар: дау нысанасына дербес талаптарын мәлімдейтін үшінші тұлғалар, дау нысанасына дербес талаптарын мәлімдемейтін үшінші тұлғалар, прокурор, мемлекеттік органдар, жергілікті өзін өзі басқару органдары, ұйымдар, жекелеген азаматтар, сот ерекше іс жүргізу тәртібімен қарайтын істер бойынша мәлімдеушілер мен мүдделі адамдар іске қатысушы тұлғалар болып танылады.

Іске қатысушы тұлғалардың құқықтары мен міндеттері

Іске қатысушы тұлғалардың іс материалдарымен танысуға, олардан үзінділер жазып алуға және көшірмелер түсіруге; қарсылықтарын мәлімдеуге; дәлелдеме табыс етуге және оларды зерттеуге қатысуға; іске қатысушы басқа адамдарға, куәлерге, сарапшылар мен мамандарға сұрақтар қоюға; өтінім жасауға, соның ішінде қосымша дәлелдеме талап ету туралы өтініш жасауға; сотқа ауызша және жазбаша түсініктемелер беруге; сот процесі барысында туындайтын барлық мәселелер бойынша өз дәлелдерін келтіруге; іске қатысушы басқа тұлғалардың өтінімдері мен дәлелдеріне қарсылық білдіруге; сот жарыссөздеріне қатысуға; сот отырысының хаттамасымен танысуға және оған жазбаша ескертпелер беруге; соттың шешімі мен ұйғарымына шағымдануға; азаматтық сот ісін жүргізу туралы заңдарда берілген басқа да іс жүргізу құқықтарын пайдалануға құқығы бар. Олар өздеріне берілген барлық іс жүргізу құқықтарын адал пайдалануға тиіс.

72. Жазбаша және заттай дәлелдемелер

Жазбаша дәлелдемелер

Іс үшін маңызы бар мән-жайлар туралы мәліметтерді қамтитын актілер, құжаттар, іскерлік немесе жеке сипаттағы хаттар жазбаша дәлелдемелер болып табылады. Жазбаша дәлелдемелерді тараптар және іске қатысушы басқа да тұлғалар тапсыруы, сондай-ақ олардың өтініші бойынша сот талап етуі мүмкін. Талап етілген жазбаша дәлелдемелерді табыс ету немесе оны сот белгілеген мерзімде табыс ету мүмкіндігі жоқ тұлғалар бұл туралы себептерін көрсете отырып, сотқа хабарлауға міндетті. Жазбаша дәлелдемелер, әдетте, түпнұсқа күйінде беріледі. Егер құжаттың көшірмесі берілсе, сот қажет болған жағдайда түпнұсқаның берілуін талап етуге құқылы.

Заттай дәлелдемелер

Егер заттар өзінің сыртқы түрімен, қасиеттерімен немесе өзге де белгілерімен іс үшін маңызы бар мән-жайды анықтау құралы бола алады деп ұйғаруға негіз болса, олар заттай дәлелдемелер деп танылады. Заттай дәлелдемелер істе сақталады немесе айрықша тізілім бойынша соттың заттай дәлелдемелер сақтау камерасына өткізіледі. Сот заттай дәлелдемелерді өзгеріссіз қалпында сақтауға шара қабылдайды.

73. Сараптама және олардың түрлері

Сараптама сарапшы арнайы ғылыми білімдер негізінде жүргізетін іс материалдарын зерттеу нәтижесінде іс үшін маңызы бар мән-жайлар анықталуы мүмкін жағдайда тағайындалады. Азаматтық сот ісін жүргізуге қатысушы өзге адамдардың мұндай білімінің болуы сотты тиісті жағдайларда сараптама тағайындау қажеттігінен босатпайды. Сараптаманың тағайындалуы туралы сот ұйғарым шығарады. Сараптама зерттеу сипатына не сот отырысында зерттеу үшін объектілерді жеткізудің мүмкіндігі жоқтығына немесе қиындығына байланысты сотта немесе соттан тыс жүргізіледі.

Сараптамалық зерттеу объектілерінің дұрыстығына және жол берілгендігіне сот кепілдік береді.

Жеке және комиссиялық сараптама

Сараптама жүргізуді сарапшы жеке не сарапшылар комиссиясы жүзеге асырады.

Комиссиялық сараптама күрделі сараптамалық зерттеулер жүргізу қажет болған жағдайларда тағайындалады және оны бір мамандықтағы бірнеше сарапшы жүргізеді.

Кешенді сараптама

Кешенді сараптама іс үшін маңызы бар мән-жайларды анықтау үшін әртүрлі білім саласының негізінде зерттеулер жүргізу қажет болған жағдайларда тағайындалады және оны мамандығы әртүрлі сарапшылар өздерінің құзыреті шеңберінде жүргізеді.

74. Сот шығындары

Сот шығындары мемлекеттік баж бен іс жүргізуге байланысты шығындардан тұрады.

Мемлекеттік бажды төлеудің тәртібі мен мөлшері Қазақстан Республикасының Салық кодексiнде белгіленеді.

Іс бойынша іс жүргізуге байланысты шығындар

Іс бойынша іс жүргізуге байланысты шағындарға:

1) куәгерлерге, сарапшыларға және мамандарға төленуге тиісті сомалар;

2) сол жерде қарау жүргізілуге байланысты шығындар;

3) заттай дәлелдемелерді сақтауға байланысты шағындар;

4) жауапкерді іздестіру жөніндегі шығындар;

5) іс бойынша жарияланымдар мен хабарландыруларға байланысты шығындар;

6) тараптарға хабарлау және оларды сотқа шақыру жөніндегі шығындар;

7) тараптар мен үшінші тұлғалардың жолақысы және олардың сотқа келуіне байланысты шеккен тұрғын жайды жалға алу жөніндегі шығындар;

8) өкілдердің көмегіне ақы төлеу жөніндегі шығындар;

9) соттың шешімдерін, үкімдерін, ұйғарымдарын және қаулыларын орындауға байланысты шығындар;

10) сот қажет деп таныған өзге де шығындар жатады.

75. Іс жүргізу мерзімдері

Іс жүргізу әрекеттері заңда белгіленген мерзімдерде жасалады.

Егер іс жүргізу әрекеттерін жасауға арналған мерзім заңда белгіленбеген жағдайда, оны сот тағайындайды. Іс жүргізу әрекеттерін жасауға арналған мерзімдер сөзсіз болуға тиіс оқиға көрсетіле отырып, дәлме-дәл күнтізбелік күнмен немесе жылдармен, айлармен немесе күндермен есептелетін уақыт кезеңімен белгіленеді. Соңғы жағдайда әрекет бүкіл кезеңнің ішінде жасалуы мүмкін. Кезеңмен есептелетін іс жүргізу мерзімінің ағымы оның басталуы белгіленген күнтізбелік күннен немесе оқиға болған күннен кейінгі күні басталады. Жылдармен есептелетін мерзім сол мерзімінің соңғы жылының тиісті айында және күнінде бітеді. Айлармен есептелетін мерзім сол мерзімінің соңғы айының тиісті ай мен күнінде бітеді. Егер айлармен есептелетін мерзімнің соңы тиісті күні жоқ айға сәйкес келсе, мерзім осы айдың соңғы күнінде бітеді. Күндермен есептелетін мерзім белгіленген кезеңнің соңғы күні бітеді. Мерзімнің соңғы күні демалыс күніне тап келген жағдайда мерзімнің аяқталатын күні одан кейінгі жұмыс күні болып есептеледі.

76. Талап қою бойынша іс жүргізу

64 сұрақтың жауабын қараңыз

77. Талап арызды қабылдаудан бас тарту, оны қайтару және қозғалыссыз қалдыру

Судья талап арызды қабылдаудан, егер:

1) арыз азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен қарауға және шешуге жатпаса;

2) сол тараптардың арасындағы дау бойынша, сол нысана туралы және сол негіздер бойынша шығарылған соттың заңды күшіне енген шешімі немесе талап қоюшының талап қоюдан бас тартуына байланысты іс бойынша сот ісін жүргізуді тоқтату туралы немесе тараптардың бітімгершілік келісімін бекіту туралы сот ұйғарымы болса, бас тартады.

Судья талап арызды, егер:

1) талап қоюшы істердің осы санаты үшін дауды сотқа дейін алдын ала шешу заңдармен белгіленген тәртібін сақтамаса және осы тәртіпті қолдану мүмкіндігі жойылмаса;

2) іс осы соттың соттауына жатпаса;

3) арызды әрекетке қабілетсіз адам берсе;

4) арызға оған қол қоюға өкілеттігі жоқ адам қол қойса;

5) осы немесе басқа бір соттың іс жүргізуінде сол тараптар арасында, сол нысана туралы және сол негіздер бойынша дау жөнінде іс бар болса;

6) коммуналдық мүлікті басқаруға құқылы орган жылжымайтын мүлікке құқықты мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын органның осы затты қабылдаған күнінен бастап бір жыл өткенге дейін жылжымайтын затқа коммуналдық меншікті тану туралы өтінішпен сотқа жүгінсе;

7) бұл туралы талап қоюшы мәлімдесе, қайтарып жібереді.

Талап арызды қозғалыссыз қалдыру

Судья талап арыз жазу талаптарына сәйкес келмеген жағдайда арызды қозғалыссыз қалдыру туралы ұйғарым шығарып, бұл туралы талап арызды берген тұлғаға хабарлайды және оған кемшіліктерді түзету үшін мерзім береді.

78. Талап қоюды қамтамасыз ету шаралары

Аралық сотта немесе төрелiкте iс қарау тараптарының iсiне қатысатын адамдардың арызы бойынша соттың талап қоюды қамтамасыз ету үшін шаралар қабылдауы мүмкін. Талап қоюды қамтамасыз етуге, егер мұндай шараларды қабылдамау сот шешімін орындауды қиындатса немесе оның орындалуын мүмкін етпесе, істің барлық жағдайларында да жол беріледі.

Талап қоюды қамтамасыз ету жөніндегі шаралар:

1) жауапкерге тиісті және онда немесе басқа адамдарда болатын мүлікке тыйым салу (банктiң корреспонденттiк шотындағы ақшаға және сауда-саттық ұйымдастырушылар ашық сауда-саттық әдісімен сауда жүйелерінде жасасқан»репо»операциясы бойынша нысана болып табылатын мүлікке де тыйым салуды қоспағанда);

2) жауапкерге белгілі бір әрекеттерді жасауға тыйым салу;

3) басқа адамдардың мүлікті жауапкерге беруіне немесе оған қатысты өзге де міндеттемелерді орындауына тыйым салу;

4) мүлікті тыйым салудан босату туралы талап қойылған жағдайда мүлікті өткізуді тоқтата тұру;

5) мемлекеттік органның, ұйымның немесе лауазымды адамның (Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің немесе қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік органның қаржы нарығындағы қызметті жүзеге асыруға арналған лицензиялардың қолданылуын тоқтата тұру және (немесе) одан айыру, қаржы ұйымдарын консервациялауды жүргізу жөніндегі актілерін, сондай-ақ олардың жазбаша нұсқамаларын қоспағанда) дауға салынатын актісінің қолданылуын тоқтата тұру;

6) борышкер сот тәртібімен дауға салатын атқарушылық құжат бойынша өндіріп алуды тоқтата тұру болуы мүмкін.

79. Істі сотта қарауға әзірлеу

Арызды қабылданғаннан және азаматтық істі қозғағаннан кейін судья оны уақытылы және дұрыс шешуді қамтамасыз ету мақсатымен сотта іс қарауға істі әзірлейді.

Сотта іс қарауға істі әзірлеудің әрбір іс бойынша міндетті міндеттері мыналар:










Последнее изменение этой страницы: 2018-05-10; просмотров: 822.

stydopedya.ru не претендует на авторское право материалов, которые вылажены, но предоставляет бесплатный доступ к ним. В случае нарушения авторского права или персональных данных напишите сюда...