Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция

Зиян келтіру салдарынан туындайтын міндеттемелер




Сенiмхат

Бiр адамның (сенiм бiлдiрушiнiң) өз атынан өкiлдiк ету үшiн екiншi адамға (сенiм бiлдiрген) берген жазбаша уәкiлдiгi сенiмхат деп танылады.

Мүлiкке билiк жасауға және нотариаттың куәландыруын талап ететiн мәмiлелер жасауға берiлетiн сенiмхатты, егер заң құжаттарында өзгеше белгiленбесе, нотариат куәландыруға тиiс.

Сенiмхат үш жылдан аспайтын мерзiмге берiлуi мүмкiн. Егер сенiмхатта неғұрлым ұзақ мерзiм көрсетiлсе, ол үш жыл бойы, ал егер қолдану мерзiмi көрсетiлмесе, берiлген күннен бастап бiр жыл бойы жарамды болады.

Берiлген күнi көрсетiлмеген сенiмхат жарамсыз болады.

Сенiмхаттың тоқтатылуы

Сенiмхаттың қолданылуы:

1) сенiмхат мерзiмiнiң өтуi;

2) сенiмхатта көзделген әрекеттердiң жүзеге асуы;

3) сенiмхатты берушi адамның оның күшiн жоюы;

4) сенiмхат берiлген адамның одан бас тартуы;

5) өз атынан сенiмхат берген заңды тұлғаның тоқтатылуы;

6) атына сенiмхат берiлген заңды тұлғаның таратылуы;

7) сенiмхат берген адамның қайтыс болуы, оның әрекет қабiлеттiгi жоқ, әрекет қабiлеттiгi шектеулi немесе хабар-ошарсыз кеттi деп танылуы;

8) сенiмхат берiлген азаматтың қайтыс болуы, оның әрекет қабiлеттiгi жоқ, әрекет қабiлеттiгi шектеулi немесе хабар-ошарсыз кеттi деп танылуы салдарынан тоқтатылады.

 

15. Азаматтық құқықтағы мерзімдер: түсінігі, түрлері, есептелуі

Заңдармен, мәмiлемен белгiленген не сот тағайындайтын мерзiм күнтiзбелiк күнмен немесе сөзсiз болуға тиiстi оқиға көрсетiлiп белгiленедi.

Мерзiм жылдармен, айлармен, апталармен, күндермен немесе сағаттармен есептелетiн уақыт кезеңi ретiнде де белгiленуi мүмкiн.

Уақыт кезеңiмен белгiленетiн мерзiмнiң өтуi күнтiзбелiк күннен немесе мерзiмнiң басталуы белгiленген оқиға болғаннан кейiнгi келесi күннен басталады.

Жылдармен есептелетiн мерзiм - мерзiмнiң соңғы жылының тиiстi айы мен күнiнде бiтедi. Жарты жылмен есептелетiн мерзiмге айлармен есептелетiн мерзiмнiң ережелерi қолданылады. Жыл тоқсандарымен есептелетiн мерзiмге айлармен есептелетiн мерзiмнiң ережелерi қолданылады. Бұл орайда бiр тоқсан үш айға тең деп есептеледi, ал тоқсандарды есептеу жыл басынан бастап жүргiзiледi. Айлармен есептелетiн мерзiм - мерзiмнiң соңғы айының тиiстi күнiнде бiтедi.

Жарты аймен белгiленетiн мерзiм күндермен есептелетiн мерзiм ретiнде қаралады да, он бес күнге тең болып есептеледi.

Егер айлармен есептелетiн мерзiмнiң аяқталуы тиiстi күн саны жоқ айға тура келсе, мерзiм сол айдың соңғы күнiнде бiтедi.

Апталармен есептелетiн мерзiм - мерзiмнiң соңғы аптасының тиiстi күнiнде бiтедi.

Егер мерзiмнiң соңғы күнi жұмыс iстемейтiн күнге тура келсе содан кейiнгi ең таяу жұмыс күнi мерзiмнiң аяқталған күнi болып саналады.

Егер мерзiм қандай да бiр әрекет жасауға белгiленген болса, ол әрекет мерзiмнiң соңғы күнiндегi сағат жиырма төртке дейiн орындалуы мүмкiн.

Алайда, егер бұл әрекет ұйымда жасалуға тиiс болса, онда мерзiм осы ұйымда белгiленген ережелер бойынша тиiстi операциялар тоқтатылған сағатта бiтедi.

Мерзiмнiң соңғы күнiндегi сағат жиырма төртке дейiн почтаға, телеграфқа немесе өзге де байланыс мекемесiне тапсырылған жазбаша мәлiмдемелер мен хабарламалар мерзiмiнде жасалған болып саналады.

16. Талап қою мерзімі

Талаптың ескiруi - адам құқығының немесе заңмен қорғалатын мүдденiң бұзылуынан туындайтын талаптың қанағаттандырылуы мүмкiн болатын уақыт кезеңi.

Талап қою мерзiмдерi және оларды есептеу тәртiбi заңмен көзделедi және оларды тараптардың келiсуiмен өзгертуге болмайды.

Талап қоюдың жалпы мерзiмi үш жыл болып белгiленедi.

Талаптардың жекелеген түрлерi үшiн заң құжаттарымен талап қоюдың жалпы мерзiммен салыстырғанда қысқартылған немесе неғұрлым ұзақ арнаулы мерзiмдерi белгiленуi мүмкiн.

Талап қою мерзiмiнiң өтуi адам құқық бұзушылық туралы бiлген немесе бiлуге тиiс болған күннен басталады. Оларды бұл ережеден айыру осы Кодекспен және өзге де заң құжаттарымен белгiленедi.

17. Меншік құқығы туралы ережелер

Меншiк құқығы дегенiмiз субъектiнiң заң құжаттары арқылы танылатын және қорғалатын өзiне тиесiлi мүлiктi өз қалауынша иелену, пайдалану және оған билiк ету құқығы.

Меншiк құқығы мәмiле жасалған кезде болған барлық жүктемелерiмен басқа адамға берiледi.

Меншiк иесiнiң өз мүлкiн иелену, пайдалану және оған билiк ету құқығы болады.

Иелену құқығы дегенiмiз мүлiктi iс жүзiнде иеленудi жүзеге асыруды заң жүзiнде қамтамасыз ету.

Пайдалану құқығы дегенiмiз мүлiктен оның пайдалы табиғи қасиеттерiн алудың, сондай-ақ одан пайда табудың заң жүзiнде қамтамасыз етiлуi. Пайда кiрiс, өсiм, жемiс, төл алу және өзге нысандарында болуы мүмкiн.

Билiк ету құқығы дегенiмiз мүлiктiң заң жүзiндегi тағдырын белгiлеудiң заңмен қамтамасыз етiлуi.

Меншiк құқығының мерзiмi шексiз.

Жеке меншiк ұғымы және оның түрлерi

Жеке меншiк азаматтардың және мемлекеттiк емес заңды тұлғалар мен олардың бiрлестiктерiнiң меншiгi ретiнде көрiнедi.

Заң құжаттарына сәйкес азаматтарға немесе заңды тұлғаларға тиесiлi бола алмайтын жекелеген мүлiк түрлерiнен басқа кез келген мүлiк жеке меншiкте болуы мүмкiн.

Жеке меншiкте болатын мүлiктiң саны мен құны шектелмейдi.

Мемлекеттiк меншiк құқығы

Мемлекеттiк меншiк республикалық және коммуналдық меншiк түрiнде көрiнедi.

Республикалық меншiк мемлекеттік қазынадан және заң құжаттарына сәйкес мемлекеттiк республикалық заңды тұлғаларға бекiтiлiп берiлген мүлiктен тұрады.

18. Азаматтық-құқықтық қатынастар: ұғымы мен элементтері 

9 бен 10 сұрақтың жауабын қараңыз

19. Азаматтардың меншік құқығы мен мемлекеттік меншік құқығы

ҚР Конституциясының 26 бабы мен АК-тің 191 бабына сәйкес азаматтардың меншік құқығы азаматтардың жеке меншігі түрінде көрінеді. Жеке меншік – жеке тұлғаның, жекелеген азаматтардың меншігі.

Азаматтардың меншік құқығының субъектісі жеке тұлға болып табылады.

Азаматтардың меншік құқығы дегеніміз, оны өзіне тиесілі мүлікті иелену, пайдалану және оған билік ету өкілеттігі болып табылады.

Мемлекеттiк меншiк құқығы

Мемлекеттiк меншiк республикалық және коммуналдық меншiк түрiнде көрiнедi.

Республикалық меншiк мемлекеттік қазынадан және заң құжаттарына сәйкес мемлекеттiк республикалық заңды тұлғаларға бекiтiлiп берiлген мүлiктен тұрады.

Республикалық бюджеттiң қаражаты, алтын валюта қоры және алмас қоры, мемлекеттiк меншiктiң объектiлерi және мемлекеттiк заңды тұлғаларға бекiтiлiп берiлмеген өзге де мемлекеттiк мүлiк Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қазынасын құрайды.

Коммуналдық меншiк жергiлiктi қазынадан және заң құжаттарына сәйкес коммуналдық заңды тұлғаларға бекiтiлiп берiлген мүлiктен тұрады.

Жергiлiктi бюджет қаражаты және мемлекеттiк заңды тұлғаларға бекiтiлiп берiлмеген өзге де коммуналдық мүлiк жергiлiктi қазынаны құрайды.

Коммуналдық меншік жергілікті мемлекеттік басқару деңгейлері бойынша облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) және аудандық (облыстық маңызы бар қалалардың) меншік болып бөлінеді.

Мемлекеттiк меншiктегi мүлiк мемлекеттiк заңды тұлғаларға шаруашылық жүргiзу немесе оралымды басқару құқығымен бекiтiлiп берiлуi мүмкiн.

 

20. Азаматтық құқықтағы заттық құқықтар

Заттық құқық деп белгілі бір тұлғаның өз қарамағындағы жеке заттарға үстемдік етуін айтады. Цивилистика ғылымында зат адам еңбегімен жасалған, сондай-ақ табиғи күйінде кездесетін физикалық дене және адамның пайдалануына болатын сыртқы материалдық дүниенің нәрсесі деп түсіндіріледі. Заттық құқық шексіз (абсолюттік) құқық түрінде сипатталады. Заттық құқық екі үлкен топқа бөлінеді: меншік құқығы және меншік иесі болып табылмайтын тұлғаның заттық құқығы.

 

21. Ортақ меншік құқығы ұғымы мен түрлері

Екi немесе бiрнеше адамның меншiгiндегi мүлiк оларға ортақ меншiк құқығымен тиесiлi болады. Мүлiк меншiк иелерiнiң әрқайсысының меншiк құқығындағы үлестерi белгiлене отырып (үлестiк меншiк) немесе ондай үлестер белгiленбей (бiрлескен меншiк) ортақ меншiкте болуы мүмкiн. Ортақ меншiк екi немесе бiрнеше адамның меншiгiне мүлiк түскен кезде пайда болады, оны өзiнiң мақсаты өзгертiлмейiнше бөлуге болмайды (бөлiнбейтiн заттар), өйткенi ол заңға сәйкес бөлiнуге жатпайды. Бөлiнетiн мүлiкке ортақ меншiк заң құжаттарында немесе шартта көзделген реттерде пайда болады.

Ортақ бiрлескен меншiк

Ортақ бiрлескен меншiк:

1) ерлi-зайыптылардың ортақ меншiгi;

2) шаруа қожалығы мүшелерінің ортақ меншігі;

3) жекешелендiрiлген тұрғын үйге ортақ меншiк түрiнде болады.

Ерлi-зайыптылардың некеде тұрған кезде жинаған мүлкi, егер бұл мүлiк ерлi-зайыптылардың үлестi меншiгi болатыны, не олардың әрқайсысына тиесiлi немесе меншiк құқығында тиiстi бөлiктерде ерлi-зайыптылардың әрқайсысына тиесiлi екенi олардың арасындағы шартта көзделмесе, олардың бiрлескен меншiгi болып табылады.

Шаруа қожалығының мүлкі, егер оның мүшелерінің арасындағы шартта өзгеше белгіленбесе, оларға бірлескен меншік құқығында тиесілі болады.

Бірлескен қызмет туралы шарт негізінде жай серіктестік нысанында ұйымдастырылған фермер қожалығының мүлкі оның мүшелеріне ортақ үлестік меншік құқығында тиесілі болады.

Жекешелендiру туралы заңдарға сәйкес жалдаушы сатып алған немесе тегiн алған мемлекеттiк тұрғын үй қорының үйiндегi тұрғын жай, егер олардың арасындағы шартта өзгеше көзделмесе, жалдаушының және онымен бiрге тұрақты тұратын отбасы мүшелерiнiң, соның iшiнде кәмелетке толмаған және уақытша тұрмайтын мүшелерiнiң бiрлескен меншiгiне көшедi.

Жекешелендiрiлген тұрғын үйге бiрлескен меншiк құқығының ерекшелiктерi тұрғын үй қатынастары туралы заң актiлерiнде белгiленедi.

22. Коммерциялық емес ұйымдарға сипаттама

Өз қызметiнiң негiзгi мақсаты ретiнде табысын келтiрудi көздейтiн (коммерциялық ұйым) не мұндай мақсат ретiнде пайда келтiре алмайтын және алынған таза табысын қатысушыларына үлестiрмейтiн (коммерциялық емес ұйым) ұйым заңды тұлға бола алады.

Коммерциялық емес ұйым болып табылатын заңды тұлға мекеме, қоғамдық бiрлестiк, акционерлiк қоғамдар тұтыну кооперативi, қоғамдық қор, дiни бiрлестiк нысанында және заң құжаттарында көзделген өзге де нысанда құрылуы мүмкiн.

Коммерциялық емес ұйым кәсiпкерлiк қызметпен өзiнiң жарғылық мақсаттарына сай келуiне қарай ғана айналыса алады.

Коммерциялық емес ұйым болып табылатын және мемлекеттiк бюджеттiң есебiнен ғана ұсталатын заңды тұлға тек қана мемлекеттiк мекеме нысанында құрылуы мүмкiн.

Заңды тұлғалар бiрлестiк құра алады

23. Шаруашылық серіктестіктерге сипаттама

Жарғылық капиталы құрылтайшылардың (қатысушылардың) үлесiне (салымдарына) бөлiнген коммерциялық ұйым шаруашылық серiктестiк деп танылады. Құрылтайшылардың (қатысушылардың) салымдары есебiнен құрылған, сондай-ақ шаруашылық серiктестiк өз қызметi үрдiсiнде өндiрген және алған мүлiк меншiк құқығы бойынша серiктестiкке тиесiлi болады.

Шаруашылық серiктестiктер толық серiктестiк, сенiм серiктестiгi, жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiк, қосымша жауапкершiлiгi бар серiктестiк нысандарында құрылуы мүмкiн.

Толық және сенім серіктестігінен басқа, шаруашылық cepіктестікті бір тұлға құра алады, ол оның жалғыз қатысушысы болады.

Толық серіктестіктің қатысушылары және сенім серіктестігіндегі толық серіктер азаматтар ғана бола алады.

Құрылтай шарты мен жарғы шаруашылық серiктестiктiң құрылтай құжаттары болып табылады.

Жарғы бiр адам (бiр қатысушы) құрған шаруашылық серiктестiктiң құрылтай құжаты болып табылады.

Шаруашылық серiктестiктiң құрылтай құжаттарын (жарғы және құрылтай шартын) нотариат куәландыруға тиiс.

24. Акционерлік қоғамдарға сипаттама

Өзiнiң қызметiн жүзеге асыру үшiн қаражат тарту мақсатында акциялар шығаратын заңды тұлға акционерлiк қоғам болып танылады. Акционерлiк қоғамның акционерлерi осы заң актiлерiнде көзделгеннен басқа жағдайларда оның мiндеттемелерi бойынша жауап бермейдi және өзiне тиесiлi акциялар құнының шегiнде қоғамның қызметiне байланысты шығындар тәуекелiн көтередi.

Акционерлiк қоғамның өз қатысушыларының мүлкiнен оқшауланған мүлкi болады, өз мiндеттемелерi бойынша өз мүлкi шегiнде жауапты болады және өз қатысушыларының мiндеттемелерi бойынша жауап бермейдi.

Корпоративтiк жинақтаушы зейнетақы қорларының акционерлерi аталған қорлардың мiндеттемелерi бойынша зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңдарда белгiленген тәртiп пен жағдайларда ортақтасып жауап бередi.

Қоғамның барлық акцияларын бiр акционер сатып алған жағдайда акционерлiк қоғам бiр адамнан құрылуы немесе бiр адамнан тұруы мүмкiн, егер заң актiлерiнде өзгеше көзделмесе.

Акционерлiк қоғамның құқықтық ережелерi, акционерлердiң құқықтары мен мiндеттерi осы Кодекске, заң құжаттарына сәйкес белгiленедi. Мемлекеттік кәсіпорындарды жекешелендіру жолымен құрылған немесе акцияларының бақылау пакеті мемлекетке тиесілі акционерлік қоғамдардың құқықтық жағдайының ерекшеліктері Қазақстан Республикасының заң актілерімен айқындалады.

Заңдарда көзделген жағдайларда, акционерлiк қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанында коммерциялық емес ұйымдар құрылуы мүмкiн.

25. Өндірістік кооператив пен мемлекеттік кәсіпорындар

Азаматтардың бiрлескен кәсiпкерлiк қызмет үшiн мүшелiк негiзде олардың өз еңбегiмен қатысуына және өндiрiстiк кооператив мүшелерiнiң мүлiктiк жарналарын бiрiктiруiне негiзделген ерiктi бiрлестiгi өндiрiстiк кооператив деп танылады.

Кооператив мүшелерi екеуден кем болмауға тиiс.

Өндiрiстiк кооперативтiң мүшелерi кооператив мiндеттемелерi бойынша Өндiрiстiк кооператив туралы заңда көзделген мөлшер мен тәртiп бойынша қосымша (жәрдем беру) жауапты болады.

Өндiрiстiк кооперативтiң және оның мүшелерiнiң құқықтық жағдайы осы Кодекске, заң құжаттарына сәйкес белгiленедi.

Мемлекеттiк кәсiпорын туралы негiзгi ережелер

Мемлекеттiк кәсiпорындарға:

1) шаруашылық жүргiзу құқығына негiзделген;

2) оралымды басқару құқығына негiзделген (қазыналық кәсiпорын) кәсiпорындар жатады.

Мемлекеттiк кәсiпорынның мүлкi бөлiнбейдi және оны салымдар (үлестер, жарналар) бойынша, соның iшiнде кәсiпорын қызметкерлерiнiң арасында бөлуге болмайды.

Мемлекеттiк кәсiпорындардың фирмалық атауында оның мүлкiн меншiктенушi көрсетiлуге тиiс.

Мемлекеттiк кәсiпорын уәкiлеттi мемлекеттiк органның шешiмi бойынша құрылады, таратылады және қайта ұйымдастырылады.

Мемлекеттiк кәсiпорынның органы уәкiлдiк берiлген мемлекеттiк орган тағайындайтын және оған есеп беретiн басшы болып табылады.

26. Міндеттемелік құқық ұғымы мен түрлері

Міндеттемелік қатынасты реттейтін, азаматтық құқықтың қосалқы саласы болып табылатын, азаматтық құқықтық нормалардың жиынтығы – міндеттемелік құқық деп аталады.

Мiндеттемеге сәйкес бiр адам (борышқор) басқа адамның (несие берушiнiң) пайдасына мүлiк беру, жұмыс орындау, ақша төлеу және т.б. сияқты белгiлi бiр әрекеттер жасауға, не белгiлi бiр әрекет жасаудан тартынуға мiндеттi, ал несие берушi борышқордан өз мiндеттерiн орындауын талап етуге құқылы. Несие берушi борышқордан атқарылғанды қабылдауға мiндеттi. Мiндеттемеде оның әр тарабы - несие берушi немесе борышқор ретiнде бiр мезгiлде бiрнеше адам қатыса алады.

Мiндеттемеге қатысушылар

Тараптар (борышқор мен несие берушi) және үшiншi жақ мiндеттемеге қатысушылар болып табылады.

Үшiншi жақ ретiнде мiндеттеме тараптарының бiреуiне мiндеттемелер немесе өзге де құқық қатынастары арқылы байланысты жақтар қатысады.

Мiндеттеме үшiншi жақ үшiн мiндеттер туғызбайды. Заңдарда немесе тараптардың келiсiмiнде көзделген реттерде мiндеттеме үшiншi жақтар үшiн мiндеттеменiң бiр немесе екi тарапына да қатысты құқықтар туғызуы мүмкiн.

Міндеттемелердің жекелеген түрлері : Сатып алу-сату Айырбас Сыйға тарту Рента және өмір бойы асырауда ұстау Мүлік жалдау (аренда) Мердігерлік Тасымалдау және т.б.

27. Міндеттемелерді орындау түсінігі, орны, тәсілдері

Мiндеттеме - мiндеттеме шарттары мен заң талаптарына сәйкес тиiсiнше орындалуға тиiс, ал мұндай шарттар мен талаптар болмаған жағдайда - iскерлiк қызмет өрiсiндегi әдеттегi құқықтарға немесе әдетте қойылатын өзге де талаптарға сәйкес орындалуға тиiс.

Егер мiндеттеме шарттарында, заңдарда өзгеше белгiленбесе немесе iскерлiк қызмет өрiсiндегi әдеттегi құқықтардан немесе мiндеттеме мәнiнен өзгеше туындамаса, несие берушi мiндеттеменi бөлшектеп орындауды қабылдамауға құқылы.

Егер мiндеттемеде ол орындалатын күн немесе ол орындалуға тиiстi уақыт кезеңi көзделсе немесе анықтауға мүмкiндiк берсе, мiндеттеме сол күнi немесе тиiсiнше сол кезең iшiнде кез келген уақытта орындалуға тиiс. Мiндеттемеде ол орындалатын мерзiм көзделмесе және бұл мерзiмдi анықтауға мүмкiндiк беретiн шарттар болмаса, ол мiндеттеме пайда болғаннан кейiн ақылға қонымды мерзiмде орындалуға тиiс.

Ақылға қонымды мерзiмде орындалмаған, сол сияқты орындалу мерзiмi талап етiлетiн кезбен белгiленген мiндеттеменi, егер заңдардан, мiндеттеме шарттарынан, iскерлiк қызмет өрiсiндегi әдеттегi құқықтардан немесе мiндеттеме мәнiнен басқа мерзiмде орындау мiндетi туындамаса, борышқор несие берушi оның орындалуын талап еткен күннен бастап жетi күн мерзiмде орындауға мiндеттi.

Ұзақ мерзiмде орындалатын болып есептелген мiндеттемелер, егер заңдарда немесе мiндеттеме шарттарында өзгеше көзделмесе, не мiндеттеме мәнiнен немесе iскерлiк қызмет өрiсiндегi әдеттегi құқықтардан туындамаса, бiрқалыпты, мiндеттеменiң осы түрi үшiн ақылға қонымды кезеңдерде (күн, онкүндiк, ай, тоқсан және т.б.) орындалуға тиiс.

28. Міндеттемені қамтамасыз ету тәсілдері

Мiндеттеменi орындау, заңдарда немесе шартта көзделген айып төлету, кепiл, борышқордың мүлкiн алып қалу, аманат, кепiлдiк, кепiлпұл және басқа да әдiстер арқылы қамтамасыз етiлуi мүмкiн.

Айып төлеу ұғымы

Борышқор мiндеттемесiн орындамаған немесе тиiсiнше орындамаған ретте, атап айтқанда, орындау мерзiмiн өткiзiп алған ретте несие берушiге төлеуге мiндеттi, заңдармен немесе шартпен белгiленген ақша сомасы айып төлеу (айыппұл, өсiм) деп танылады. Айып төлеу туралы талап бойынша несие берушi оған келтiрiлген залалдарды дәлелдеуге мiндеттi емес.

Кепiл ұғымы

Мiндеттемеге сәйкес несие берушiнiң (кепiл ұстаушының) борышқор кепiлмен қамтамасыз етiлген мiндеттеменi орындамаған ретте кепiлге салынған мүлiк құнынан осы Кодексте белгiленген алып тасталатындарды қоспай, осы мүлiк тиесiлi адамның (кепiл берушiнiң) басқа несие берушiлердiң алдында артықшылықпен қанағаттандырылуға құқығы бар мiндеттеменi атқаруының осындай әдiсi кепiл деп танылады.

Кепiлдiк

Кепiлдiк бойынша кепiлдiк берушi, заң актiлерiнде көзделген жағдайларды қоспағанда, басқа жақтың (борышқордың) несие берушiсi алдында осы жақтың мiндеттемесiнiң орындалуына толық немесе борышқормен ортақтасып iшiнара жауап беруге мiндеттенедi.

Кепiл болушылық

Кепiл болушылық бойынша кепiл болушы басқа жақтың (борышқордың) несие берушiсi алдында осы жақтың мiндеттемесiнiң орындалуына толық немесе iшiнара қосалқы жауап беруге мiндеттенедi.

Кепiлпұл ұғымы. Кепiлпұл туралы келiсiм нысаны

Уағдаласушы тараптардың бiреуiнiң шарт бойынша өзiнен алынатын төлемнiң есебiнен екiншi тарапқа және шарт жасау мен орындауды не өзге міндеттемені орындауды қамтамасыз етуге берiлетiн ақшалай сома кепiлпұл деп танылады.

Ұстап қалу туралы жалпы ережелер

Борышқорға не борышқор көрсеткен тұлғаға берілуге тиіс зат қарамағында болған несие беруші, борышқор осы заттың құнын төлеу немесе несие берушіге оған байланысты шығындар мен басқа да залалдарды өтеу жөніндегі міндеттемені мерзімінде орындамаған жағдайда, тиісті міндеттеме орындалғанға дейін оны ұстап қалуға құқылы.

29. Міндеттеменің орындалмағаны үшін жауапкершілік

Мiндеттеменi орындамау, не тиiстi дәрежеде орындамау (мезгiлiнде орындамау, тауарлар мен жұмыстарды толық орындамау, мiндеттеме мазмұнында белгiленген басқа жағдайларды бұзып орындау) тиiсiнше орындамау оның бұзылуы деп түсiнiледi. Тиiстi дәрежеде орындауға мүмкiндiк болмаған жағдайда борышқор бұл туралы несие берушiге дереу хабарлауға мiндеттi.

Мiндеттеменi бұзғандық үшiн борышқорды жауапқа тарту несие берушiнiң талап етуi бойынша жүргiзiледi.

Егер мiндеттеменiң орындалмағаны немесе тиiстi дәрежеде орындалмағаны үшiн айып төлеу белгiленсе, залалдар айып төлеумен жабылмаған бөлiгiнде өтеледi. Мiндеттеме тиiстi дәрежеде орындалмаған жағдайда айып төлеу және залалдарды өтеу, егер заң құжаттарында немесе шартта өзгеше көзделмесе, борышқорды мiндеттеменi орындаудан босатпайды.

Шарттар туралы ережелер

Екi немесе одан көп адамның азаматтық құқықтар мен мiндеттердi белгiлеу, өзгерту немесе тоқтату туралы келiсiмi шарт деп танылады.

Шартқа екiжақты және көпжақты мәмiлелер туралы ережелер қолданылады.

Екiден көп тараптармен жасалатын шарттарға (көпжақты шарттар), егер бұл осындай шарттардың көпжақтылық сипатына қайшы келмесе, шарт туралы жалпы ережелер қолданылады.

Шарттан мiндеттемелiк, заттық, авторлық немесе өзге құқықтық қатынастар туындауы мүмкiн. Азаматтар және заңды тұлғалар шарт жасасуға ерiктi. Тиiстi шарттың мазмұны, заңдармен жазылған жағдайлардан басқасында, шарт ережелерi тараптардың өз қалауы бойынша белгiленедi.

Шарттың ережесi заңдарға сәйкес қолданылатын қалыппен көзделген реттерде, егер тараптардың келiсiмiмен өзгеше (диспозитивтiк қалып) белгiленбесе, тараптар өздерiнiң келiсiмдерiмен қалыптың қолданылуын жоя алады немесе сол қалыпта көзделгеннен өзгеше жағдайды белгiлей алады.

Оферта

Шарт жасасу туралы бiр немесе бiрнеше нақты жақтарға жасалған ұсыныс, егер ол жеткiлiктi дәрежеде айқын болып, ұсыныс жасаған жақтың ол қабылданған жағдайда (акцепт) өзiн сонымен байланысты деп есептеу жөнiндегi ниетiн көрсетсе, оферта деп танылады. Егер ұсыныста шарттың елеулi ережелерi немесе оларды анықтау тәртiбi көрсетiлсе, ол жеткiлiктi дәрежеде айқын деп табылады.

Акцепт

Оферта жолданған жақтың оны қабылдағаны туралы жауабы акцепт деп танылады.

Акцепт толық әрi бұлтарыссыз болуға тиiс.

31. Сатып алу сату шарты: ұғымы мен элементтері

Сатып алу-сату шарты бойынша бір тарап (сатушы) мүлікті (тауарды) екінші тараптың (сатып алушының) меншігіне, шаруашылық жүргізуіне немесе жедел басқаруына беруге міндеттенеді, ал сатып алушы бұл мүлікті (тауарды) қабылдауға және ол үшін белгілі бір ақша сомасын (бағасын) төлеуге міндеттенеді.

Бұл шарт консенсуалды шарт болып келеді. Өйткені, тараптар барлық мәнді жағдайлар жөнінде келісімге келген сәттен бастап жасалған болып саналады.

Шарттың негізгі белгілері қайтарымдылығы, мүліктің ауысуы және ақшалай түрдегі төлем.

Шарттың элементі:

ü Тараптары - сатушы мен сатып алушы. Азаматтық                                         құқықтың кез келген субьектісі;

ü Пәні –      азаматтық айналымнан алынбаған кез келген зат;

ü Бағасы –  егер ол заңда тікелей көзделмесе, мәнді жағдай болып табылады;

ü Мерзімі –  мәнді жағдай;

ü Нысаны -      ауызша және жазбаша;

 

32. Сатып алу сату шартының түрлері

Сатып алу-сату шартының түрлері:

1)Бөлшектеп сатып алу – сату шарты;

2)Тауар жеткізілімі шарты;

3)Энергиямен жабдықтау шарты;

4)Келісім шарт жасасу шарты;

5)Кәсіпорынды сату шарты;

Бөлшектеп сатып алу-сату шарты -Тауар сату жөніндегі кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын сатушы бөлшектеп сатып алу-сату шарты бойынша сатып алушыға кәсiпкерлiк қызметке байланысты емес, әдетте жеке өзiне, отбасында, үйiнде немесе өзге де пайдалануға арналған тауарларды беруге мiндеттенедi.

Бөлшектеп сатып алу-сату шарты жария болып табылады

Тауар жеткізілімі шарты -Кәсiпкер болып табылатын сатушы (тауар берушi) сатып алушыға өзі өндіретін немесе сатып алатын тауарларды кәсіпкерлік қызметке немесе жеке өзіне, отбасына, үй ішіне және сол сияқты өзге де пайдалануға байланысты емес өзге мақсаттарға пайдалану үшін келісілген мерзімде немесе мерзімдерде беруге міндеттенеді.

Энергиямен жабдықтау шарты -Энергиямен жабдықтау шарты бойынша энергиямен жабдықтаушы ұйым абонентте (тұтынушыға) жалғанған желi арқылы энергия беруге мiндеттенедi, ал абонент алынған энергия үшiн ақы төлеуге, сондай-ақ оны тұтынудың шартта көзделген режимiн сақтауға, өзiнiң қарауындағы энергетика желiлерiн пайдалану қауіпсіздігін және энергияны тұтынуға байланысты пайдаланылатын аспаптар мен жабдықтардың ақаусыздығын қамтамасыз етуге мiндеттенедi.

Энергиямен жабдықтау шарты жария болып табылады

Келісім шарт жасасу шарты -Келiсiм-шарт жасасу шарты бойынша ауыл шаруашылық өнiмiн өндiрушi өзi өсiрген (өндiрген) ауыл шаруашылық өнiмiн - ұқсату немесе сату үшiн осындай өнiмдi сатып алуды жүзеге асыратын дайындаушы-тұлғаға беруге мiндеттенедi.

Кәсіпорынды сату шарты -Кәсiпорынды сату шарты бойынша сатушы тұтас алғанда кәсiпорынды мүлiктiк кешен ретiнде сатып алушының меншiгiне беруге мiндеттенедi, бұған сатушы басқа тұлғаларға беруге құқығы болмайтын құқықтар мен мiндеттер қосылмайды

 

33. Сыйға тарту шартының ұғымы мен элементтері

Сыйға тарту шарты бойынша бір тарап (сыйға тартушы) басқа тараптың (сыйды алушының) меншігіне затты немесе үшінші адамға мүліктік құқықты тегін береді немесе беруге міндеттенеді не оны өзінің немесе үшінші тұлғаның алдындағы мүліктік міндеттен босатады.

Шарттың элементі:

ü Тараптары - сатушы мен сатып алушы. Азаматтық                                             құқықтың кез келген субьектісі;

ü Пәні –       азаматтық айналымнан алынбаған кез келген зат;

ü Бағасы –  заңда тікелей көзделмесе, мәнді жағдай;

ü Мерзімі –  мәнді жағадай;

ü Нысаны - ауызша және жазбаша; Қозғалмайтын мүлікке                         байланысты міндетті түрде мемлекеттік тіркелуге тиіс және ол жазбаша жасалынуы тиіс;

 

34. Айырбас шарты: ұғымы мен элементтері

Айырбас шарты бойынша тараптардың әрқайсысы шаруашылық жүргізуді, оралымды басқаруды басқа тараптың меншігіне бір тауарды екіншісіне айырбасқа беруге міндеттенеді.

Шарттың элементі:

ü Тараптары - сатушы мен сатып алушы. Азаматтық                                             құқықтың кез келген субьектісі;

ü Пәні –      азаматтық айналымнан алынбаған кез келген зат;

ü Бағасы – заңда тікелей көзделмесе, мәнді жағдай;

ü Мерзімі –  мәнді жағадай;

ü Нысаны -      ауызша және жазбаша;

 

35. Өмір бойы асырауда ұстау

Өмiр бойы асырауда ұстау шарты бойынша рента алушы азамат өзiне тиесiлi қозғалмайтын мүлiктi сол азаматты және (немесе) ол көрсеткен үшiншi бiр адамды өмiр бойы асырауда ұстауды жүзеге асыруға мiндеттенген рента төлеушiнiң меншiгiне бередi.

Өмiр бойы асырауда ұстау шартына, егер заң ережелерiнде өзгеше көзделмесе, ғұмырлық рента туралы ережелер қолданылады. Өмiр бойы асырауда ұстау мiндеттемесi рента алушы қайтыс болғанда тоқтатылады. Рента төлеушi өз мiндеттемелерiн елеулi түрде бұзған кезде рента алушы өмiр бойы асырауды қамтамасыз етуге берiлген қозғалмайтын мүлiктi қайтаруды не АКодекстiң нормаларында белгiленген жағдайда өзiне сатып алу бағасын төлеудi талап етуге құқылы. Бұл орайда рента төлеушiнiң рента алушыны асырауда ұстауға байланысты жасалған шығындарды өтеудi талап етуге құқығы жоқ.

36. Рента шарты: ұғымы мен элементтері

Рента шарты бойынша бiр тарап (рента алушы) екiншi тараптың (рента төлеушiге) меншiгiне мүлiк бередi, ал рента төлеушi алған мүлiкке айырбас ретiнде рента алушыға белгiлi бiр ақша сомасы түрiнде немесе оны ұстау үшiн өзге де нысанда қаражат беру түрiнде мезгiл-мезгiл рента төлеп отыруға мiндеттенедi.

Рента шарты бойынша рента алушыға рентаны мерзiмсiз (тұрақты рента) немесе өмiр бойы төлеу (ғұмырлық рента) мiндетiн бекiтуге жол берiледi. Ғұмырлық рента азаматты өмiр бойы асырап отыру жағдайларында белгiленуi мүмкiн. Рента шартын нотариат куәландыруға тиiс, ал рентаны төлеу үшiн қозғалмайтын мүлiктi иелiктен айыру көзделетiн шарт та мемлекеттiк тiркелуден өтуге тиiс.

37. Мүлікті жалдау шартының түрлері

Мүлікті жалдау шартының түрлері:

1) Лизинг;

2) Кәсіпорынды жалдау;

3) Үйлер мен ғимараттарды жалдау;

4) Көлік құралдарын жалдау;

5) Прокат;

 

Лизинг -Лизинг шарты бойынша лизинг берушi лизинг алушы көрсеткен мүлiктi сатушыдан меншiгiне сатып алуға және лизинг алушыға осы мүлiктi ақы төлеп уақытша иеленуге және кәсiпкерлiк мақсатта пайдалануға беруге мiндеттенедi.

Лизинг шартында сатушыны және сатып алынатын мүлiктi таңдап алуды лизинг берушi жүзеге асырады деп көзделуi мүмкiн.

Қазақстан Республикасының заң актiлерiмен лизинг шартының жекелеген түрлерiнiң ерекшелiктерi белгiленуi мүмкiн. Yйлер, ғимараттар, машиналар, жабдықтар, құрал-саймандар, көлiк құралдары, жер учаскелерi және кез келген тұтынылмайтын заттар лизинг нысанасы бола алады. Бағалы қағаздар мен табиғи ресурстар лизинг нысанасы бола алмайды.

Кәсіпорынды жалдау -Кәсiпорынды жалдау шарты бойынша жалға берушi жалға алушыға кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыруы үшiн кәсiпорынды ақы төлеп уақытша иеленуге және кәсiпорынды толығымен бiртұтас мүлiк кешенi ретiнде пайдалануға, оның iшiнде құқық иесiнiң фирмалық атауына және (немесе) коммерциялық белгiсiне, қорғалатын коммерциялық ақпаратқа құқығын, сондай-ақ жалға берушiнiң басқа тұлғаларға беруге құқығы жоқ құқықтар мен мiндеттердi қоспағанда, шартта көзделген басқа да айрықша құқықтағы объектiлердi - тауар белгiсiн, қызмет көрсету белгiсiн және т.б. (айрықша құқықтар кешенiн) беруге мiндеттенедi.

Үйлер мен ғимараттарды жалдау -Үйдi немесе ғимаратты жалдау шарты бойынша жалға берушi үйдi немесе ғимаратты жалға алушының уақытша иеленуiне және пайдалануына беруге мiндеттенедi.

Көлік құралдарын жалдау -Көлiк құралын (уақытша кеме жалдау) басқару және техникалық пайдалану бойынша қызмет көрсетуiмен жалдау шарты (көлiк құралын экипажымен жалдау шарты) бойынша жалға берушi жалға алушыға ақы төлетiп көлiк құралын уақытша иелену мен пайдалануға беруге және өз күшiмен оны басқару мен техникалық пайдалану бойынша қызмет көрсетуге мiндеттi.

Прокат -Прокат шарты бойынша тұрақты кәсiпкерлiк қызмет ретiнде қозғалатын мүлiктi жалға берудi жүзеге асыратын жалға берушi жалға алушыға мүлiктi ақы төлетiп уақытша иеленуге және пайдалануға беруге мiндеттенедi.

Прокат шарты бойынша берiлген мүлiк, егер шартта өзгеше көзделмесе немесе мiндеттеме мәнiнен өзгеше туындамаса, тұтыну мақсатында пайдаланылады.

Прокат шарты жазбаша түрде жасалады.

Прокат шарты жария болып табылады

38. Мүлікті жалдау шартының ұғымы мен элементтері

Мүлік жалдау (аренда) шарты бойынша жалға беруші жалға алушыға мүлікті ақы төлеп уақытша иеленуге және пайдалануға беруге міндетті.

Жалға алушы жалға алған мүлікке заңда белгіленген жағдайлар мен тәртіп бойынша иелік етуге құқылы.

Жалға алушы мүлікті шарт талаптарына сәйкес, ал егер шарттан мұндай талаптар белгіленбесе, мүліктің мақсатына сәйкес пайдалануға міндетті.

Жалданған мүлікті пайдалану нәтижесінде жалға алушының алған өнімі, жемістері және өзге де кірістері, егер заң актілерінде немесе шартта өзгеше көзделмесе, ноың меншігі болып табылады.

Лизинг, прокат шарттары да, сондай-ақ мүлікті ақы төлеп уақытша иелену мен пайдалануға беруге байланысты шарттардың өзге түрлері да мүлік жалдау шарттарына жатады.

Шарттың элементі:

Тараптары -      жалға беруші жалға алушыға

ü Пәні –       азаматтық айналымнан алынбаған кез келген зат,

ü Мерзімі – шартта белгіленген мерзімге жасалады.

ü  Нысаны -   бір жылдан астам мерзімге жасалған, ал егер                                    Тараптардың біреуі заңды тұлға болса, мерзіміне қарамай-ақ, мүлік жалдау шарты жазбаша түрде жасалуға тиіс.

 

39. Лизинг шарты ұғымы мен элементері

Лизинг шарты бойынша лизинг берушi лизинг алушы көрсеткен мүлiктi сатушыдан меншiгiне сатып алуға және лизинг алушыға осы мүлiктi ақы төлеп уақытша иеленуге және кәсiпкерлiк мақсатта пайдалануға беруге мiндеттенедi.

Лизинг шартында сатушыны және сатып алынатын мүлiктi таңдап алуды лизинг берушi жүзеге асырады деп көзделуi мүмкiн.

Қазақстан Республикасының заң актiлерiмен лизинг шартының жекелеген түрлерiнiң ерекшелiктерi белгiленуi мүмкiн. Yйлер, ғимараттар, машиналар, жабдықтар, құрал-саймандар, көлiк құралдары, жер учаскелерi және кез келген тұтынылмайтын заттар лизинг нысанасы бола алады. Лизинг шартында мынадай талаптар болуға тиiс:

1) мүлiктi сатушының атауы;

2) лизинг алушыға мүлiктi берудiң талаптары мен мерзiмi;

3) төлемдердiң мөлшерi мен мерзiмдiлiгi;

4) шарт мерзiмi;

5) егер шартта лизинг алушының меншiгiне мүлiктiң көшуi көзделсе, осындай көшудiң талаптары.

40. Мердігерлік шарт ұғымы мен элементтері

Мердігерлік шарты бойынша бір тарап (мердігер) екінші тараптың (тапсырысшының) тапсырмасы бойынша белгілі бір жұмысты атқаруға және белгіленген мерзіміде оның нәтижесін тапсырысшыға өткізуге міндеттенеді, ал тапсырысшы жұмыс нәтижесін қабылдап алуға және оған ақы төлеуге (жұмыстың бағасын төлеуге) міндеттенеді.

Егер заң актілерінде немесе шартта өзгеше көзделмесе, жұмыс мердігердің тәуекелімен орындалады.

Шарттың элементі:

ü Тараптары - бір тарап (мердігер) екінші тараптың (тапсырысшы)                                               

ü Пәні –       азаматтық айналымнан алынбаған кез келген зат;

ü Бағасы – шартта жұмыстың бағасы немесе оны анықтау әдістері

                     көрсетіледі. Жұмыстың бағасы смета жасау жолымен 

                    белгіленуі мүмкін

ü Мерзімі –  жұмысты орындаудың бастапқы және түпкі мерзімі          

                     көрсетіледі.мәнді жағадай;

ü Нысаны - шартта өзгеше көзделмесе, жұмыс мердігердің

                   қарамағында: соның материалдарымен, күштерімен                                

                     және қаражатымен орындалады.

 

41. Мердігерлік шартының түрлері

Мердігерлік шартының түрлері:

Тұрмыстық мердігерлік -Тұрмыстық мердiгерлiк шарты бойынша кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асырушы мердiгер тапсырысшы азаматтың тапсырмасы бойынша тапсырысшының тұрмыстық немесе басқа да жеке қажеттерiн қанағаттандыруға арналған белгiлi бiр жұмысты орындауға мiндеттенедi, ал тапсырысшы жұмыстың нәтижесiн қабылдап алуға және оған ақы төлеуге мiндеттенедi.

Тұрмыстық мердiгерлiк шарты жария шарттарға жатады

Құрылыс мердігерлік -Құрылыс мердiгерлiгiнiң шарты бойынша мердiгер тапсырысшының тапсырмасы бойынша шартта белгiленген мерзiмде белгiлi бiр объектiнi салуға не өзге де құрылыс жұмысын орындауға мiндеттенедi, ал тапсырысшы мердiгерге жұмысты орындауы үшiн қажеттi жағдайлар жасауға, оның нәтижесiн қабылдап алуға және ол үшiн келiсiлген бағаны төлеуге мiндеттенедi.

Құрылыс мердiгерлiгiнiң шарты кәсiпорынды, үйдi (оның iшiнде тұрғын үйдi), ғимаратты немесе өзге де объектiнi салуға немесе қайта жаңартуға, сондай-ақ монтаждау, iске қосу-жөнге келтiру және салынып жатқан объектiмен тығыз байланысты өзге де жұмыстарды орындауға жасалады. Егер шартта өзгеше көзделмесе, осы параграфтың ережелерi үйлер мен ғимараттарды күрделi жөндеу кезiнде де қолданылады.

Жобалау және іздестіру жұмыстарына мердігерлік -Жобалау және iздестiру жұмыстарына мердiгерлiк шарт бойынша мердiгер (жобалаушы, iздестiрушi) тапсырысшының тапсырмасы бойынша жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеуге және (немесе) iздестiру жұмыстарын жүргiзуге мiндеттенедi, ал тапсырысшы оларды қабылдап алуға және ақы төлеуге міндеттенедi.

Егер заң актiлерiнде немесе жобалау және (немесе) іздестіру жұмыстарына арналған шартта өзгеше көзделмесе, жобалау және iздестiру жұмыстарына арналған шартты орындаудың кездейсоқ мүмкiн болмауының тәуекелi тапсырысшыға жүктеледi.

Ғылыми –зерреу, тәжірибе-конструкторлық және технологиялық жұмыстарға мердігерлік -Ғылыми-зерттеу жұмыстарына жасалған шарт бойынша мердiгер (атқарушы) тапсырысшының тапсырмасында көзделген ғылыми зерттеулердi жүргiзуге, ал тәжiрибе-конструкторлық және технологиялық жұмыстарға шарт бойынша - жаңа бұйымның үлгiсiн, оған конструкторлық құжаттаманы, жаңа технологияны жасауға немесе үлгi дайындауға міндеттенеді; тапсырысшы мердігерге (атқарушыға) техникалық тапсырма беруге, жұмыс нәтижелерін қабылдауға және оларға ақы төлеуге міндеттенеді.

 

42. Тапсырма шартының ұғымы мен элементтері

Тапсырма шарты бойынша бір тарап (сенім білдірілген өкіл) екінші тараптың (сенім білдірушінің) атынан және соның есебінен белгілі бір заңды іс-әрекет жасауға міндеттенеді. Сенім білдірілген өікл жасаған мәміле бойынша құқықтар мен міндеттерге тікелей сенім білдірушіде пайда болады.

Тапсырма шарты жазбаша нысанда жасалады.

Егер заң актілерінде немесе шартта көзделген болса, сенім білдіруші сенім білдірілген тұлғаға сыйақы төлеуге міндетті.

Тапсырма шартының тараптары болып сенім білдіруші және сенім білдірілген өкіл табылады.

Тапсырма шартының пәні болып материалдық емес қызмет көрсетулер табылады.

 

43. Комиссия шарты: ұғымы мен элементтері

Комиссия шарты бойынша бір тарап (комиссионер) екінші тараптың (комитент) тапсыруы бойынша сыйақы үшін комитент есебінен өз атынан бір немесе бірнеше мәміле жасауға міндеттенеді.

Комиссия шартының тараптары – комиссионер және комитент.

Комиссия шартының пәні болып азаматтық айналымның барлық спектріндегі делдалдық қызметтер табылады.

Комиссия шарты жазбаша нысанда жасалынады.

Комитенттің мәміледе аты аталса немесе үшінші тұлғамен мәміле бойынша тікелей қатынастарға кірсе де, комиссионердің үшінші тұлғамен жасаған мәмілесі бойынша комиссенер құқықтар иеленеді және міндетті болады.

 

44. Кешенді кәсіпкерлік лицензия шарты

Кешенді кәсіпкерлік лицензия (франчайзинг)шарты бойынша бір тарап (кешенді лицензиар) екінші тарапқа (кешенді лицензиатқа) сйыақыға айрықша құқықтар кешенін соның ішінде лицензиардың фирмалық атауын және қорғалатын коммерциялық ақпаратты пайдаланы құқығын, сондай-ақ лицензиаттың кәсіпкерлік қызыметінде пайдалану үшін шартта көзделген айрықша құқықтардың басқа да обьектілерін беруге міндеттенеді.

Бұл шарт жазбаша нысанда жасалуы тиіс, консенсуалды және екі жақты шарт. Бұл шарт мерзімді де мерзімсіз де болып келеді. Бағасына келетін болсақ: бұл шарттың бағасы елеулі жағдай.

Лицензиар кешенді кәсіпкерлік лицензиарлар шарты бойынша сататын (орындайтын, көрсететін) тауарлардың (жұмыстардың) сапасының сәйкессіздігіне байланысты лицензиатқа қойылған талаптар бойынша субсибиарлы жауапта болады.

 Бұл шарттың мақсаты – халық тұтынатын тауарларды өндірудің бәсекеге қабілеті жоғары технология тәсілдерін тарату.

 

45. Сақтау шартының ұғымы мен элементтері

Сақтау шарты дегеніміз – бір тарап (сақтаушы) оған екінші тарап (жүк беруші) берген затын сақтауға және бұл затты сақталған күйінде қайтаруға міндеттенеді.

Сақтау шарты зат жасалуға берілген кезден бастап жасалған болып саналады.

Шарттың элементі:

  • Тараптары - сатушы мен сатып алушы.
  • Пәні - азаматтық айналымнан алынбаған кез келген заттар сонымен бірге бағалы қағаздар, ақша.        
  • Бағасы –  заңда тікелей көзделмесе, мәнді жағдай;
  • Мерзімі – қысқа мерзім;
  • Нысаны -      ауызша және жазбаша;

 

46. Сақтау шартының түрлері

Сақтау шартының түрлері:

1)Ломбартта сақтау;

2) құндылықтарды банкте сақау;

3) көлік ұйымдарының сақтау камерасында сақтау;

4)Ұйымдардың киім ілгіштерінде сақтау;

5) қонақ үйде сақтау;

6) даулы заттарды сақтау;

7) тауар қоймасында сақтау;

 

Ломбартта сақтау -Затты ломбардта сақтау шарты ломбардтың атаулы сақтау түбiртегiн беруiмен ресiмделедi.

Ломбардқа сақтауға өткізілетін зат тараптардың келісуі бойынша, осы тектес және сапасы сондай затқа, оны сақтауға қабылдау кезі мен жеріндегі саудада әдетте белгіленетін бағаларға сәйкес бағалануға тиiс.

құндылықтарды банкте сақау -Банк бағалы қағаздарды, қымбат металдарды, тастарды және өзге де құндылықтарды, сондай-ақ құжаттарды сақтауға қабылдай алады.

Құндылықтарды банкте сақтау шарты банктiң жүк берушiге атаулы сақтау құжатын беруiмен ресiмделедi, оны көрсету банктiң жүк берушiге немесе оның өкiлiне сақтаудағы құндылықтарды беруi үшiн негiз болып табылады.

көлік ұйымдарының сақтау камерасында сақтау -Көлiк ұйымдарының қарамағындағы сақтау камералары жол жүру құжаттарының болуына қарамастан жолаушылардың және өзге де азаматтардың заттарын сақтауға қабылдауға мiндеттi. Көлiк ұйымдарының сақтау камераларында сақтау шарты жария шарт деп танылады

Ұйымдардың киім ілгіштерінде сақтау -Егер затты сақтауға өткiзу кезiнде сақтағаны үшiн сыйақы беру айтылмаған болса, ұйымдардың киiмiлгiштерiнде сақтау тегiн болады деп ұйғарылады.

Сақтаушы заттың киiмiлгiште сақтауға қабылданғанын растап, жүк берушiге заттың сақтауға қабылданғандығын растайтын нөмiрлi жетон немесе басқа да таңба бередi.

Киiмiлгiшке өткiзiлген зат жетонды көрсеткен адамға берiледi. Бұл ретте сақтаушы жетонды көрсетушiнiң затты алуға өкiлеттiгiн тексеруге мiндеттi емес. Алайда сақтаушы жетонның оны көрсеткен адамға тиесiлi екендiгiне күмән келтiрсе, затты жетон көрсетушiге қайтаруды тоқтата тұруға құқылы.

Сақтаушы жүк берушi жетонды жоғалтып алғанда да киiмiлгiштен затты беруге құқылы, бiрақ оның киiмiлгiшке зат өткiзгендiгi фактiсi немесе оның жүк берушiнiкi екендiгi күмән тудырмауы немесе жүк өткiзушi оны дәлелдеуi керек.

қонақ үйде сақтау -Қонақүй сақтаушы ретiнде, онда тұратын адамның қонақүйге енгізген ақшасын, өзге де валюталық құндылықтары мен бағалы қағаздарын қоспағанда, жоғалу мен бүлiну дүлей күштiң, заттың өз ерекшелiктерi салдарынан не тұратын адамның өзiнiң, оның қасында жүргендердiң немесе оған келушiлердiң кiнәсiнен болған жағдайлардан басқа кезде, бұл туралы ерекше келiсiм жасамай-ақ, заттың жоғалғаны немесе бүлiнгенi үшiн жауап береді.

Қонақүй ақшаның, өзге де валюталық құндылықтар мен бағалы қағаздардың жоғалғаны үшiн олар сақтауға қабылданған жағдайда ғана жауап бередi.

Қонақүйде тұратын адам өз затының жоғалғанын немесе бүлiнгенiн байқаған бойда бұл туралы дереу қонақүй әкiмшiлiгiне мәлiмдеуге мiндеттi. Бұлай жасамаған жағдайда қонақүй заттың сақталмағаны үшiн жауапкершiлiктен босатылады.

Қонақүй мұндай жауапкершiлiктi өзiне алмайтындығы туралы хабарлама бергенмен, онда тұратындардың заттарын сақтау жөнiндегi жауапкершiлiктен босатылмайды.

даулы заттарды сақтау -Секвестр туралы шарт бойынша затқа деген құқық жөнiнде араларында дау туған екi немесе бiрнеше адам даулы затты даудың шешiлуi бойынша соттың шешiмi не дауласып жүрген барлық адамның келiсуi (шарттық секвестр) бойынша бұл зат кiмге берiлсе, соған қайтаруды мiндетiне алатын үшiншi адамға бередi.

Даулы зат соттың шешiмi бойынша секвестр тәртiбiмен сақтауға берiлуi мүмкiн (сот секвестрi).

Сот секвестрi бойынша сақтаушы сот тағайындаған адам да, дауласушы жа&










Последнее изменение этой страницы: 2018-05-10; просмотров: 602.

stydopedya.ru не претендует на авторское право материалов, которые вылажены, но предоставляет бесплатный доступ к ним. В случае нарушения авторского права или персональных данных напишите сюда...