Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция

Http://www. zdorovie.ru/gigiena/news.html




www: Интертеттегі бет түрі. Берілген мысалда www дүниежүзілік өрмектің беті екендігін көрсетеді (World Wide Web).

Http://www. zdorovie.ru/gigiena/news.html

gigiena: Веб-беттер сақталған директория немесе серверлік папка. Берілген мысалда gigiena – қосымша файлдар сақталған папка.

Http://www. zdorovie.ru/gigiena/news.html

news.html: сіздің веб-сайттағы парағыныңыздың аты. Мысалда, файл аты -"news" html- құжат.

Жоғарыда көрсетілгендей, сол сайттарда сақталған құжаттарға бағыттайтын гиперсілтемелердегі «толық» адрестерден басқа қысқаша адрестерді қолдануға болады-

«жол/файл» форматтағы файлдарға жергілікті жолдар.Осындай сілтемелерді қолданылуы, жұмыс істеуі хост-қызметтінің адресінен тәуелсіз «тасымалданатын»сайттарды жасауға мүмкіндік береді.Иллюстрациялардың адресін қысқаша турінде көрсету өте ыңғайлы,әдеттегідей олар құжаттың өзінен (логикалық мағынада) алыс емес жерде сақталған.

Сайттыңинтернеттегіадресін домен депатайды. Домендікатау-олсайттыңбірегейатауыболыптабылады, атаудытергенбойдақолданушысайтқажіберіледі.

Мысалы, zdorovie.ru: Бұл барлық мәліметтерді сақтайтын сервердің атауы. Ол домендік атпен аталады және аты қосылады, нүкте және жұрнақ немесе жоғары дәрежедегі домен(top-level domain, TLD). Бірінші бөлім – көп жағдайда мекеме аты, ал соңғы бөлім жоғары дәрежелі доменнің бірі болуы мүмкін (TLD):

.com: мекемелер және жалпы қысқартулардың үлкен бөлімі;

.edu:білім беру институттары және АКШ университеттері;

.gov: АҚШ үкімет агенттіктері;

.mil: АҚШ-ң әскери сайттары;

.net: желілер, көп жағдайда интернет-провайдерлар сайтын білдіреді;

.org: коммерциялық емес ұйымдар.

Осы жоғары дәрежелі домендермен қатар басқа да соңғы бірнеше жылда пайда болғандары, олар:.info, .biz, и .pro,сонымен қатар елдердің екі мағыналы домендары қолданылады, мысалы: .mx Мексика, .pt Португалия, .de Германия, .fr Франция, .ca Канада, .uk Великобритания, .ru Россия, .kz Қазақстан үшін.

DNS (англ. Domain Name System — домендік атау жүйесі) — домендер туралы ақпарат алу үшін үлестірілген компьютерлік жүйе. Өзінің браузерінде домен атауын терген уақытта пайдаланушыны сайт орналасқан хостингке бағыттау үшін қажет.

Бақылау сұрақтары:

1.Қай жерде телефон желісі көмегімен үлкен арақашықтағы компьютерлерді бір-бірімен байланыстыру жөнінде зерттеулер басталды?

2.World Wide Web (WWW) қызметі қандай қалада өңделді?

3.Қай жылы желі Интернет атауымен белгілі болған?

5.Қандай желі АҚШ -тың ғылыми, оқу, әскери орталықтарының желілерін бір-бірімен біріктірген?

6.Web-бетідегеніміз не?

7.Гипермәтінді белгілеу тілің атаңыз?

8.URL-адрес дегеніміз не?

9.URL-дің құрылымымен міндеті қандай?

10.URI қандай бөліктерден тұрады?

11.Провайдер қызметі дегеніміз не?

12.Қандай стандарт Web-серверлерге қолданбалы бағдарламаларды іске-қосуға рұқсат береді?

13.Онлайн ресурсіне қолжеткізілуі қалай іске асады?

14.Сервер нені білдіреді?

15.Домендік атауының ролі қандай?

16.DNS қызметі не үшін жауап береді?

 

Браузерлер.

1.Браузер түсінігі.

2.MS Internet Explorer-дің аспаптар панелі.

3.MS Internet Explorer-дің негізгі менюі.

4.Контекстік менюі.

5.Браузерді іске қосу және Web-беттерді жүктеу.

6.Интернетте жұмыс жасау үшін арналған басқа бағдарламалар.

Цель: MS Internet Explorer қосымшасын пайдалану негіздерін үйрену.

Глоссарий.

Браузерлер (англ. browse — парақтау, қарастыру) — программалары көмегімен WWW жүйесімен диалог құрады: WWW беттерін қарастырады, WWW-cерверлері мен Интернет ресурстары арасында қарым қатынас жасайды. (Microsoft Internet Explorer, Mozilla (Firefox), Opera, Netscape Navigator).  

 

FTP-клиенттер —FTP (File Transfer Protocol) серверлеріне қолжеткізу үшін арналған бағдарламалар. Ол серверлерде файлдардың мұрағаттары болады: бағдарламалар, фильмдер, музыка (CuteFTP, Windows (Total) Comander, MS Internet Explorer).

Терминалдар — желі арқылы шалғай орналасқан компьютерге қолжетімділікті қамтамысыз ететін және шалғай орналасқан компьютердегі файлдарды басқаруға мүмкіндік беретін, сол жердегі бағдарламаларды іске қоса алатын бағдарлама (Telnet, Telneat).

Хабарламалармен жылдам алмасу жүйелері(интернет-пейджерлер) —

нақты уақытта қысқаша мәтіндік хабарламалармен алмасу бағдарламалары, пайдаланушыларға диалог жүргізугемүмкіндік береді(ICQ, mIRQ).

ICQ қызметі – бұл Internet желісінде адамдардың тегін қарым-қатынас жасауы үшін тегін таратылатын бағдарлама. ICQ (ағылш. I Seek You – Мен сені іздеп жүрмін) бүкіл дүние жүзіндегі адамдармен қарым-қатынас жасаудың ең оңай тәсілі болып табылады.

 

1.Браузер түсінігі.

WEB сайттар HTML атты программалау тілі арқылы құрылады. (Hyper Text Markup Language). WEB парақтарды сіздер арнайы программалау арқылы көре аласыздар. Оның аты WEB браузер деп аталады(Web browser).

Веб шолғыш (ағылш. web browser) — интернеттегі не басқа кез келген желілердегі http://https веб сайттарын, яғни веб парақтарын (html, php және т.б.) қарап шығу, өңдеу және араларымен өту әрекеттерін орындауға арналған бағдарлама.

HTML тілінде құрылған браузер сіздерге ақпараттың барлық түрлерін, оның ішінде мәтіндерді, графиканы, дыбысты, анимацияны, слайд – шоуды, бейне және басқа көптеген ақпараттарды көруге болады. Сіздер WEB браузерді пайдалануды білесіздер, ақпарат алуды, оны іздегенде белгілі уақыт аралығы жеткілікті.

WEB браузер сіздерге жеке WEB сайттардың, жеке WEB парақтардан көрсетеді. WEB сайттар былай ұйымдастырылады: ақпараттардың байланысы бірге жиналады, олар WEB парақтарға топталады, яғни біздің көз алдымызға немесе журналды елестетеді, мысалы, сіздің мектебіңізде WEB сайт бар деп есептейік, олардың көптеген парақтары бар делік. Ал жергілікті кітапханалардың басқа WEB сайты болады, яғни олардың парақтары да бөлек болады немесе олардың парақтары бөлек беттерден тұрады. Әрқашанда WEB сайттардың басы болады, ол үй парағы деп аталады. (HOME PAGE). Үй парағы дегеніміз: ол журналдың сыртқы беті немесе газеттің бірінші бетімен пара-пар. Әдетте ол бетте адамдарды еліктіретін картинкалар болады, яғни ол дегеніміз сайттың мазмұнын ашатын тақырып немесе идея. Оның құрамында сайттардың картасы немесе дәлелдеуіш панель болады. Олар сайттардағы басқа беттердің қандай екенін білдіреді. Браузер беттен –бетке секіруге мүмкіндік береді. Бұны желінің ішін аралау деп айтады. Сіз желіге браузердің терезесі арқылы кіре аласыз.

1993 жылы «Mosaic» алғашқы браузердіNCSA-да ( қуатты компьютерлік қосымшалардың орталығы)Марк Андерсен құрастырған.Mosaic тек ғана мәтіндік ақпаратты көрсете алған. Графикалық пайдаланушы интерфейсі бар операциялық жүйелердің пайда болуына орай, «Netscape Navigator» бағдарламасы бұл браузердің орнын басты. Бұл бағдарламаның көмегімен түрлі мекемелер веб-сайттарды жариялау мен web-парақтарын оқшауланған компьютерлерге жіберу мүмкіндіктерін алып, қорғалған желілер арқылы несие карточкаларымен де жұмыс істей алатын. Осылайша, 90-жылдары интернет технологиялар қарқынды дамып, нәтижесінде «желілер желісі» ақпарат тарату мен коммерциялық әрекеттерді жүзеге асыру механизміне айналды.

MS Windows 95 OSR2-ден бастап «MS Internet Explorer» браузері кеңінен таралған MS Windows операциялық жүйесінің жеткізіліміне (тегін) қосылған. Сол уақытта басқа браузерлер жеке коммерциялық бағдарлама ретінде болғандықтан, сәйкесінше бөлек (ақшаға) сатып алынған. Осындай тарату тәсілі себебінен желі пайдаланушылардың 90%

«MS Internet Explorer» браузер көмегімен WWW ресурстарын қарап тұрады.Қазіргі уақытта браузерлер саны өте көп; бұл бағдарламалардың жаңа нұсқалары мерзімді шығып тұрады. Ең кеңінен тараған веб-браузерлер: Internet Explorer (Microsoft.com), Netscape Navigator (Netscape.com), Opera (Opera.com), Mozilla (Mozilla.org), AOL (aol.com).

HTML тілі стандарталған болғанымен әртүрлі браузерлер(бір браузердің әртүрлі версиялары да) Web-беттердің элементтерін (суреттер, кестелер, абзацтар)түрліше бейнеле алады. Сол себепті кейбір сайттардың бірнеше версиялары бар, олардың әрқайсысы бір браузерде ғана оңтайлы жұмыс істейді.

Әртүрлі браузерлерде жұмыс тәсілдерінің айырмашылығы болмағандықтан, мысалдарда кеңінен таралған«Internet Explorer»-ді қолданамыз.

Әртүрлі браузерлердің терезелерініңсыртқы көрінісінің онша айырмашылығы жоқ. Егерде терезені жоғарыдан төмен қарастырса, келесі құрылымдық элементтердібелгілеуге болады:

-тақырып жолы (строка заголовка)-ағымдағы құжаттың атауы, бағдарламаның атауы және жұмыс тәртібі жазылған жол;

-бас мәзірі (главное меню)–бағдарламаның барлық мүмкіншіліктеріне жол ашатын мәзір;

-саймандар (аспаптар) тақтасы(панель инструментов) —

ең кеңінен таралған әрекеттердіоңай орындауға мүмкіндік беретін мәтіндік жазулары бар пиктограммалар;

-адрестік жолы (адресная строка)-ағымдағы беттің URL көрсетілген жол;

қолданушы жаңа адресті қолмен енгізе алатын жол және сілтемені осы жерге көшіруге болады;

-жұмыс аумағы (рабочая область)—HTML-құжатты (Web-бетті) бейнелеу үшін бөліп берілген терезенің басым бөлігі;

-қалып-күйжолы (строка состояния)–осы мезеттегі бағдарламаның әрекеттері туралы ақпарат шығып тұратын жол; мысалы, егерде сілтемеге тінтуір көрсеткішін қоятын болсақ,қалып-күй жолындаосы сілтемеге сәйкес келетін құжаттың URL көрініп шығады.

Internet Explorer– Internet беттерін қарап шығуға арналған бағдарламаны қамтиды.

2. MS Internet Explorerдің саймандар (аспаптар) панелі.

Internet Explorer браузертерезесінің негізгі компоненттері.

Сызықты батырмалар сізді бүкіл әлемдік торға саяхат жасауыңызға тиімді қолдануыңызға мүмкіндік жасайды.

Internet Explorer браузер терезесінің стандартты сызықты батырмалары.

Әр батырманың атқаратын қызметі:

«Артқа-Назад» (Back) [Alt+Left] алдыңғы қаралған веб-параққа қайта келу.

«Алға-Вперед»(Forward) [Alt+Right] келесі бетке өту, егер мұның алдында Назад батырмасы басылған болса.

«Тоқтату-Остановить» (Stop)[Esc] веб-парақтың жүктелуін тоқтатады.

«Жаңарту-Обновить»(Refresh/Reload)[F5]: ағымды парақты ашып, оны жаңартады. 

«Домой» (Home)(бастапқы, негізгі, home page) [Alt+Home] үй парағыжүктеледі(сіз таңдаған үй парақ бетін көрсетеді).

 «Баспаға шығару-Печать» (Print)[Ctrl+P] ағымды веб-парақты баспаға шығарады.

«Іздеу-Поиск» (Search): сізге қажетті тақырыпты Интернеттен іздеген кездегі ашылатын парақ.

«Таңдаулы-Избранное»(Favorites): сілтемелердің тізімі.

«Пошта-Почта» (Mail): электронды поштаны ашады және сілтеме мен хабарламаларды.

Мультимедиа»(Media): WindowsMedia.com сілтемесінде ән тыңдау.

«Журнал»(History): соңғы қарастырылған веб-парақтар тізімі.

 

3. MS Internet Explorer-дің бас мәзірі.

Бас (негізгі) мәзір бағдарламаның барлық мүмкіншіліктеріне жол ашатын мәзір. Мәзір пункттары келесі бөлімдерден топтасқан: «Файл», «Көрініс -Вид», «Таңдаулы-Избранное», «Қызмет -Сервис», «Анықтама-Справка». Бұл бөлімдердің негізгі командаларына түсініктеме беріп кетейік.

«Файл» (“File”):

Терезе Құру (Создать / Окно)[Ctrl+N] — тағы бір браузердің терезесін ашу, осы терезеде «аналық» терезеден тәуелсіз Web-бетті қарастыруға болады.

Ашу (Открыть)[Ctrl+O] — жергілікті компьютердеWeb-сайттың немесе HTML-құжаттың адресін енгізу үшін сұхбаттық терезесін шығару. «Шолу -Обзор» батырмасы жергілікті файлға жолын көрсетуге мүмкіндік береді.

Сақтау(Сохранить) [Ctrl+S] — жергілікті компьютерде ағымдағы бетті сақтау.

Басып шығару(Печатать) [Ctrl+P] — баспаға шығару сұхбаттық терезесін шақырту, онда принтерді таңдауға және оның баптауларын жасауға, баспаға шығару үшін беттердің нөмірін көрсетуге болады.

Қасиеттер (Свойства) — қасиеттерімен бірге ағымдағы беттің терезесін шығару:оның толық атауын, жүктелу хаттамасын, типін, URL-адресін, өлшемін және құрылған күнін көруге болады.

Жабу(Закрыть) [Ctrl+W] — браузердің терезесін ағымдағы терезеден жабу.

 

«Өңдеу-Правка» (“Edit”):

Көшіру (Копировать) [Ctrl+C] — ерекшеленген мәтінді алмасу буферіне көшіру.

Қою (Вставить) [Ctrl+V] — алмасу буферінен мәтінді кірістіру(тек ғана енгізу өрістеріне қолдануға болады: адрестік жол, іздеу жүйесіндегі кілттік (түйінді) сөздерді енгізу жолы).

Барлығын ерекшелеу(Выделить все) [Ctrl+A] —беттегі барлық мәтінді ерекшелеу.

Осы бетте Іздеу (Найти на этой странице) [Ctrl+F] — ағымдағы бет ішінде сөз іздеу.

 

«Көрініс-Вид» (“View”):браузердің сыртқы көрінісін қолданушының талғамы бойынша реттеуге мүмкіндік береді:әртүрлі басқару панелдерін және шолушысын, мәртебе жолын және т.б қосуға немесе ажыратуға болады.

Қәріп өлшемі (Размер шрифта) —базалық қәріп өлшемін өзгерту(қәріп өз беттерінде өлшемін қатан бекіткен кейбір сайттарда жұмыс істемеуі мүмкін).

Кодтама(Кодировка) — кириллица символдары үшін кодтамасын таңдау. Әдетте «Автотаңдау» режимін айтарлықтайбелгілеуге болады, бірақ кейде браузер қателесуі мүмкін.Кеңінен таралған кириллица кодтамалары келесілері: Windows (CP-1251), KOI8-R, DOS-866, Mac, ISO, Юникод (UTF-8).

HTML-кодты қарау (Просмотр HTML-кода) — «Блокнот» редакторын ашады және оған ағымдағы Web-беттіңалғашқыHTML-кодын жібереді. «Файл / Сақтау» мәзірі арқылы беттін сақталуына автор тиым салғандықтан, бұл бетті сақтаудың бір тәсілі болып келеді.

Бүкіл экранға (Во весь экран )[F11] — браузер терезесінің экранға толығымен ашылуы. Бүкіл экранның ауданы жұмыс кеңестігі үшін бөлінеді, ал барлық ақпараттық-басқару элементтері (аспаптар панелінен басқасы) жасырылынады. Стандартты режиміне оралу үшін қайтадан [F11] басу қажет.

 

«Таңдаулы-Избранное» (“Favourites”):қолданушыға бетбелгілермен («закладка»)жұмыс жасауға мүмкіндік береді, яғни әртүрлі Web-беттерге сілтемелерінен тұратын мәзірді құру.

Таңдаулыға қосу (Добавить в избранное…) — «Таңдаулы-Избранное» мәзіріндегі ағымды бетке сілтемелерді қосу. Қосу кезінде мәзірдебейнеленген атауын өзгертуге болады.

Таңдаулыны реттеу(Упорядочить избранное…) —«Таңдаулы-Избранное» мәзірін баптау: сілтемелер үшін бумаларды құру және ескірген сілтемелерді жою.

«Құралдар-Сервис» (“Sеrvice.”): ReGet, ICQ, пошталық тұтынушылар ж.т.б. сияқты Желіде жұмыс жасау үшін арналған қосымша бағдарламаларға сілтемелері болады.

Шолғыштың қасиеттері (Свойства обозревателя…) — браузердің баптауын сұхбаттық терезесінің шақыртады. Бұл терезенің әртүрлі астарлы беттерінде(вкладка) керекті қауіпсіздік деңгейінтаңдауға болады, Интернетке қосылу типіменанықталып және үнсіздік бойынша Web-беттердің безендіру стилін өзгертуге болады.

 

«Анықтама -Справка» (“Help”).

Анықтама шақырту (Вызов справки)-[F1] —қолданушының Internet Explorer-де жұмыс істеу нұсқаулығы бар анықтамалық жүйені шақырту.

 

4. Контексті мәзір.

Web-беттерді қарастыру кезінде бас мәзірден басқа контексті мәзірді қолдануға болады.Бұл мәзірді шақырту үшін браузердің жұмыс аймағында тышқанның оң жақ батырмасын шерту қажет. Шерту кезінде тышқанның нұсқағышы қандай обьектіде тұрғанына байланысты контексті мәзірдің мазмұны әртүрлі болуы мүмкін.

Егерде тышқанның нұсқағышы астында мәтін (немесе жұмыс аймағының обьектілерден бос орында) орналасса контексті мәзір келесі әрекетерді жасауға мүмкіндік береді:алдындағы бетке өтуге, беттің фондық суретін жұмыс үстелінде немесе файлға сақтауға, бетті «Таңдаулы» тізіміне қосуға немесе ағымдағы бетке жарлық (таңбаша) құруға, беттің HTML-кодын қарауға, кириллицанын символдар кодтауын ауыстыруға, бетті басып шығаруға немесе қайта жүктеуге, беттің қасиеттерін қарауға (құрастырған күнін, өлшемін, нақты орналасқан жерін).

Егерде тышқанның нұсқағышы астында гиперсілтеме орналасса контексті мәзір келесі әрекетерді жасауға мүмкіндік береді: ағымдағы немесе жаңа терезеде сілтемені ашуға, гиперсілтемені сақтауға немесе басып шығаруға, сілтемені «Таңдаулы» тізіміне қосуға және оның қасиеттерін қарауға.

Егерде тышқанның нұсқағышы астында графикалық кескінорналасса контексті мәзір келесі әрекетерді жасауға мүмкіндік береді:жұмыс үстелінде немесе файлға суретті сақтауға, суретті басып шығаруға және оның қасиеттерін қарауға.

 

5. Браузерді іске қосу және Web- бетті жүктеу.

Браузер«Пуск» мәзірінен немесе жұмыс үстеліндегі жарлық арқылы іске қосылады. Internet Explorer жарлығы (Жер шары) «e» әрпі ретінде стильденген. Бағдарлама ашылған кезде бастапқы бет жүктеледі. Бұдан басқа, браузермен байланысқан файлдарын(htm немесе html кеңейтуі бар) немесе сол файлдарға жарлықтарын активтеу кезінде браузер автоматты жүктеледі; Желідегі Web-беттерге жарлықтар құруға болады.

Белгілі бір Web-бетке өту үшін бірнеше тәсілдері бар.

—Егерде қолданушыға беттің адресі(URL форматында) белгілі болса, онда оны браузердің адрестік жолына енгізіп және [Enter]-ді басу қажет.  

Адресті енгізген сайын браузер адрестік жол астында көмекше сөздерді(подсказка) бере алады; егерде қолданушы бетте болған болса, сол беттің адресі енгізіліп жатқан кезде, түсетін тізімге шертіп(адрестік жолдын оң жағында орналасқан қара ұшбұрыш) және тізімнен адресті таңдап алуға болады.

—Егердеқолданушы қандай болса дабетке алдында кіріп шыққан болсажәне «Таңдаулы» мәзірінде бетбелгі қойылса, сол мәзірге кіріп және осы бетбелгіге шерту жеткілікті.

—Егерде қандай болса да Web-құжатта керекті бетке сілтеме болса, онда сол сілтемеге шертуге болады.Аспаптар панеліндегі «Артқа» және «Алға» батырмалары туралы ұмытпауыңыз қажет.

—Internet Explorer кіріп шыққан сайттарға журналын жүргізеді. «Көрініс» мәзірі арқылы сәйкесті панелін ашуға болады және журналда керекті сілтемені табуға болады(соңғы кіру күніне қарап).

 

Назар аударыңыз, бет жүктелген кезде терезенің жоғарғы оң жақ бұрышында анимациялық ролик ойнап тұрады (айналмалы Жер шары немесе желпілдеген ту). Анимация жүктеліп аяқталған соң статикалық кескінге ауысады. Бұл элемент беттің толығымен жүктелгені туралы білуге мүмкіндік береді.

6. Интернетте жұмыс жасау үшін арналған басқа бағдарламалар.

Интернеттің әртүрлі қызметтерімен жұмысты қамтамасыз ететін бағдарламаларды бірнеше топқа бөлуге болады.Төменде типтік өкілдерінің тізбесімен біргебұл топтардың қысқаша сипаттамасы келтірілген.

1. Браузерлер —гипермәтіндік құжаттарды қарап шығу үшін HTML және XML кодты интерпретатор-бағдарламалар (Microsoft Internet Explorer, Mozilla (Firefox), Opera, Netscape Navigator). Кейбір HTML-құжаттар әртүрлі бағдарламаларда әрқалай көрсетілуі мүмкін.

2. е-mail-клиенты — электрондық поштамен жұмыс жасау үшін арналған бағдарламар (MSOutlookExpress, TheBat). Қолданушыға e-mail алуға және жіберуге, адрестік кітабын және типттік хаттарының үлгілерін пайдалануғамүмкіндік береді.

3. FTP-клиенттер — FTP (File Transfer Protocol) серверлеріне қолжеткізу үшін арналған бағдарламалар. Бағдарламалар ішінде файлдардың мұрағаты бар: бағдарламалар, музыка, фильмдер (CuteFTP, Windows (Total) Comander, MS Internet Explorer).

4. Айдау менеджерлері(Менеджеры закачки) (файлдарды және сайттарды) — жергілікті компьютерде бүкіл сайттың көшірмелерің сақтау үшін және

үлкен файлдарды тиімді жүктелуі үшін арналған бағдарламалар (ReGet, FlashGet; Teleport).

5. Терминалдар — желі арқылы қашықтағы компьютерге қолжеткізуді қамтамасыз ететін және қашықтағы компьютердегі бағдарламаларды жүктеу үшін және файлдарды басқаруға мүмкіндік беретін бағдарламалар (Telnet, Telneat).

6. Тез арада хабарламалармен алмасу жүйелері(интернет-пейджерлер) —

нақтыуақыттәртіптемесінде қысқаша мәтіндік хабарламалармен алмасу үшін арналған бағдарламалар; қолданушыларға диалог жүргізуге мүмкіндік береді (ICQ, mIRQ).

7. Басқалар (звонилкалар, трафик санауыштар, файрволлдар (брандмауэрлар)) — қолданушының компьютерін қаскүнемдік енуден қорғайтын, ақпараттық трафикті ескеретін, провайдердің модемдік пулына коңырау шалуды жеңілдететін өзге қызмет көрсету бағдарламалары.

 

Бақылау сұрақтары:

1.World Wide Web қызметі қандай мүмкіндіктерге ие?

2.Web-құжаттың пішімі қандай? Олардың дәстүрлі мәтіндік құжаттардан айырмашылығы неде?

3.Браузер деп нені айтады? Ол қандай қызмет атқарады?

4.Алғашқы «Mosaic» браузерді кім құрастырған және оның қандай мүмкіндіктері болған?

5.Кеңінен таралған браузерлерді атап шығыңыз?

6.Браузер терезесі қандай құрылымдық элементерінен тұрады?

7.MS Internet Explorer –дің аспаптар панелі нені қамтиды?

8.MS Internet Explorer негізгі менюінің құрамына қандай бөлімдер кіреді?

9.Әдетте Internet Explorer жарлығының көрінісі қандай?

10.Белгілі бір Web-бетке ауысу жолдарын атап шығыңыз?

11.Интернетте жұмыс жасауға арналған басқа бағдарламалардыатап шығыңыз?

12.Желі арқылы шалғай орналасқан компьютерге қолжетімділікті қамтамысыз ететін бағдарламалар қалай аталады?

13.Звонилка, трафик есептігіштері, файрволлдардегеніміз не?

14.ICQ дегеніміз не?

 

Әдебиет:

1.Құдабаев Қ.Ж. Информатика. Медициналық жоғары оқу орындарында арналған оқу құралы.Алматы.Эверо баспасы.2014.-216 б.

2.Тапалов Т. Компьютерлік желілер мен жүйелер.Оқулық.Қарағанды.-2014.-270 б.

3.Камардинов О. Информатика. Оқу туралы.Алматы:Қарасай баспасы.2008.-359 б.

4.Жапарова Г.Ә. Информатика негіздері: Оқу құралы.Алматы: Экономика.2006.-296 б.

5.Байжұманов М.Қ., Жапсарбаева Л.Қ. Информатика.Оқу құралы. Астана.2004.-232 б.

6.Балапанов Е.Қ., Бөрібаев Б., Дәулетқұлов А.Б.Жаңа информациялық технологиялар: информатикадан 30 сабақ. Алматы.2004.-400 б.

 

Тест.

1.Әлемдік компьютерлік желі INTERNET қай жылы құрылды?

a) 1981 ж.

b) 1969 ж.

c) 1990 ж.

d) 1991 ж.

e) 1985 ж.

 

2.Интернеттегі Қазақстанға тиесілі жоғарғы деңгейлі үйшік атауын көрсетіңіз:

a) .kz+

b) .org

c) .ru

d) .kaz

e) .com

 

3.Интернетке қосылған компьютердің міндетті түрде қандай адресі болады?

a) Web-адрес

b) домендік адрес

c) телефондық адрес

d) IP-адрес

e) желілік адрес

 

4. «Браузер» түсінігінің дұрыс анықтамасын көрсетіңіз:

a) интернет қызметтерін ұсынушы

b) Internet қор көздеріне шолу жасау бағдарламасы +

c) іздеу сервері

d) электрондық пошта

e) вирусқа қарсы бағдарламалар

 

5. Төменде аталғандардың қайсылары Браузер бағдарламасы болып саналады?

a) Outlook Express

b) Internet Explorer +

c) Windows Messenger

d) Microsoft Excel

e) HTML

 

6.Internet Explorer бағдарламасының Таңдаулы мәзірінде … сақталады.

a) әлемдегі сайттардың бәрінің мекен – жайы

b) сіз бір кездері қатынаған сайттардың бәрінің тізімі

c) сіз жиі қатынайтын сайттардың мекен – жайы +

d) әлемдегі ең танымал сайттардың тізімі

e) сіз бір кездері қатынаған танымал сайттардың тізімі

 

7. World Wide Web (WWW) қызметі қай қалада құрастырылған?

a) Женева

b) Цюрих

c) Кельн

d) Мәскеу

e) Дюсельдорф

 

8. Телеконференция дегеніміз не?

a) желілік форум

b) желілік қызмет

c) пошталық сервер

d) хабарламалармен алмасу жүйелері

e) дауыстық тілдесу жүйелері

 

9. Хабарламалармен жылдам алмасу жүйелері қалай аталады?

a) чаттар

b) конференция

c) интернет-телефония

d) электрондық пошта

e) домен

 

10.Кез-келген файлдың интернет желісінде орналасқан стандарттандырылған адресі қалай аталады?

a) URL

b) Хаттама

c) HTML

d) ISQ

e) Telnet










Последнее изменение этой страницы: 2018-04-12; просмотров: 358.

stydopedya.ru не претендует на авторское право материалов, которые вылажены, но предоставляет бесплатный доступ к ним. В случае нарушения авторского права или персональных данных напишите сюда...