Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция

Http://www.zdorovie.ru/gigiena/news.html




Глоссарий.

Интернет –дербес компьютерлерді және жергілікті компьютерлік желілерді(Интранет) біріктіруші ғаламдық ақпарат кеңістігі.

World Wide Web(WWW,3W, Web, дүниежүзілік тармакталған желісі) –суреттері, бейнежазбалары, дыбыстары, үшөлшемді (кеністіктегі) нақты бейнелері,анимациясы бар мәтіндік құжаттар түрінде ақпаратты жариялау үшін қызметі.

Domen Name Service(Домендік Атау Жүйесі) – IP адрестер мен домендік (DNS) атаулардың сәйкестігі туралы ақпараттан тұратын, Интернет түйіндерінде үлестірілген деректер қоры.

WWWАдрестік кеңістігі жеке аудандарға бөлінген домен деп аталады. Әр доменде төменгі деңгейдегі домендер болады(сол жақта жазылады).

URL (Universal Resource Locator, Ресурстардың әмбебап) —кез-келген файлдың интернет желісінде орналасқан стандарттандырылған адресі.Бұл желіге қосылған компьютерлердің Web-тегі адресін нақты, әрі дәл белгілеп, олардың орналасуын ыңғайлы және бір мәнді түрде анықтайтын адрестеу тәсілі.

Интернеттің даму тарихы.

1960 жылдары(US Defense Department’s Advanced Research Projects Agency — ARPA)АҚШ қорғаныс министрлігінің перспективалық жобаларының зерттеулер агенттігінде телефон желісі көмегімен үлкен арақашықтағы компьютерлерді бір-бірімен байланыстыру жөнінде зерттеулер басталды.

1970-жылдары ARPA қолдауымен компьютерлер желілері арасында ақпарат алмасуды қамтамасыз ететін мәліметтерді бір жүйеге келтіру ережелері немесе оларды құрастыру хаттамасы құрастырылған. «Интернет» деп аталған хаттамалар, АҚШ -тың құрамдары әртекті болған -ғылыми, оқу, әскери орталықтарының желілерін бір-бірімен біріктіріп,ARPANET желісінің құрулуына мүмкіндік берді.

Әрқашанда, ең озық технологияларды әскери мақсатта қолданылуы ұйғарылған, онда желіге қойылатын ең басты талабы-кез-келген шарттардың өзгеруіжағдайларындахабарламаларды сенімді жіберу.

Желі нүктелерінің көптеген бөліктері бұзылғанмен, желініңжұмыс қабілеттілігі қалуы тиіс, егер де ядролық соққы болған жағдайда мемлекетті басқару мүмкіндігін беретін.

Жалпы сенімділігін арттыру мақсатында желібасқарылуыорталықсыздандырылған(бір орталықтан жүргізілмеуішешілді). Барлық түйіндер(нүктелер) түгелімен тең құқылы, яғни әр түйін өзінің хабарламаларының қабылдалуын/жіберілуін қалай қамтамасыз етсе, дәл солай басқа түіндерден келген хабарламаларды керібағыттайды(қайта адрестеу,бағдарлау).

1980 жылдардынбасында Желі Интернетатауыменбелгілі болған(дәлірек айтқанда «желіаралық»), бірақ сол кездегі хаттамалардың тек қана файлдарды және пішімделмеген мәтіндерді жіберу мүмкіндіктері болған.1982 жылы ақпарат таратуды басқаратын TCP/IP (Transmission Control Protocol/Internet Protocol) хаттамасы пайда болып, ARPANet желісіндегі ақпаратты тарататын басты ережелер топтамасына айналды. Дәл сол уақытта TCP/IP хаттамасының әр түрлі компьютерлік желілерді байланыстыра алатын мүмкіндігі белгілі болды. Бұл хаттаманың көмегімен әр түрлі желілер ұлттық, тіпті халықаралық деңгейде ақпарат алмасу мүмкіндігіне қол жеткізген. Желі АҚШ-тан тыс күрт кенінен таралып әлемдегі ірі ғылыми орталықтарды біріктіре отырып; 1980 жылдардың соңында АҚШ үкіметімен Пентагон Интернетті қаржыландыруынан және басқаруынан кетеді.

1990 жылдары Женевада ядролық зерттеулердiң Еуропалық орталығында (European Particle Physics Laboratory, CERN) World Wide Webқызметі құрастырылған.

Тим Бернерс-Ли (Tim Berners-Lee) мен Роберт Кайо (Robert Cailliau)мәтіндерді, суреттерді, бейнежазбаларды, дыбыстарды, үшөлшемді (кеністіктегі) нақты бейнелерді т.с.с. бір бетте орналасуына мүмкіндік бере алатын,ақпаратты гипермәтін форматындакөрсете алатын «HTML»-ды (hipertext markur Language)ұсынды. Файлдардың «HTML» (hipertext markur Language) форматын іске қосатынгипермәтін мүмкіндігіWeb-парақтарының бір бетінен екінші бетіне көшуді жеңіл жүзеге асырады.Бір құжаттың элементтері(сөздер немесе суреттер) басқа құжатпен «сілтеме» бойынша байланыса алады.Осындай сілтемелер арқылы байланысқан парақтар World Wide Web - тің негізгі құрылымын құрайды.

1994 жылдан бастап WWW-серверлер саны жылдам өсе бастады; Желі ғылымидан коммерциялыққа айналады.

ТМД-да (Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы) 1990 жылдардың ортасына дейін Интернет академиялық мекемелерінде шетелдікәріптестермен(әсіресе ядролық қару шығарушы-физиктер арасында) ғылыми-техникалық ақпаратпен алмасу үшін қолданған.

Интернетке бірте-бірте университеттер және ірі ұйымдар қосыла бастады, ал 2000 жылға қарай интернетке қосылу бағалары төмендегені соңшалық, ниет білдірген әр адамжеліге өз үйінен шыға алды оған телефон және модемі бар компьютер қажет еді.

 

Интернеттің негізгі ұғымдары.

Интернет – миллиондаған компьютерлерді желілердің өте үлкен желісіне біріктіретін әлемдегі ең үлкен және белгілі жел. Интернет сөзі халықаралық желі деген сөзді білдіреді (INTERnational NETwork). Интернет–бүкіл әлемнің компьютерлер серверлерінің жиынтығы. Бұл желі ақпаратты сақтайтын серверлер және басқа компьютерлерден ақпарат алуға болатындықтан клиент –сервер болып табылады. Интернет миллиондаған тұтынушылар мен серверлерден тұрады, ал ақпарат көлемін бағалауға мүмкін емес.  

Интернеттің жұмысына жауап беретін нақты адам жоқ. Интернетте президент жоқ. Сондай-ақ басты әкімшілік жоқ. Алайда өз қалауымен Интернет Қоғамдастығын құрайтындар бар (Internet Society, ISOC). ISOC компьютерлер ақпарат алмаса алатындай ережелердің болуына кепілдік береді. 

Интернет түрлі элементтердің жиынтығы болып табылады, ал Бүкіләлемдік тор – Интернеттің тек бір бөлігі ғана. Интернет сізге қажет ақпаратты желіге біріккен миллиондаған компьютерлерден алуға мүмкіндік беретін бірқатар құралдар ұсынады. Бұл құралдар қарапайым немесе жеткілікті күрделі бола алады, соның ішінде:

Файлдарды жіберу: файлдарды бір компьютерден екінші компьютерге көшіреді. Интернет арқылы файлдарды тасымалдау хаттамасы (File Transfer Protocol, FTP)сияқты мәліметтерді тасымалдайтын арнайы басқарушы қағидалар немесе хаттамалар бар.

Usenet жаналықтары (Usenet News): белгілі бір тақырып бойынша мақалалармен алмасатын,программалық өнімдерді қолдауды қамтамасыз ететін немесе сұрақтардың түрлі категорияларына жауаптар ұсынатын компьютерлер желісі.

Жаңалықтық топтар(newsgroups): USENET-тегі желілік конференция, ол дискуссиялар мен жаңалықтар алмасуды жүргізу үшін ұйымдастырылған. Мәлімдемелерді оқу мен жіберу тұтынушы компьютерінде жүктеліп, жаңалықтар серверімен байланысатын программа арқылы жүзеге асады. 

Бүкіләмдік Тор: әдетте WWW(World Wide Web атауынан).

WWW – Web сервер арқылы миллиондаған электрондық құжаттардың бір-бірімен байланыстарының бірігуі. Web- кеңістігін құрайтын жекелеген құжаттар Web-беттер деп аталады. Тақырып бойынша біріктірілген Web –беттер тобы Web – түйіндер деп аталады (басқаша атауы – Web-сайт немесе жай ғана сайт). Web – беттерді көруге арналған программа браузерлер деп аталады.

Қазіргі уақытта желідегі ақпараттын басым бөлігі WWW ресурстары түрінде берілген. Көбінесе Интернет деп осы ғана қызметті қате атайды. WWW қызметініңжұмыс істеу қағидалары түсіну үшін, кейбір терминдерін қарастырып шығайық.

Интернет (Желі) — «желілердің желісі», стандарттандырылған хаттамаларды (мысалы, TCP/IP) қолданатын компьютерлік желіжәне 50000 мыңнан астам желілерді біріктірген(WAN, WWW).

Интранет (интражелі) —Интернеттің бағдарламалық жасақтамасын, технологиясын, стандарттарын пайдаланатын ішкікорпоративтік желі. Интранет сыртқы пайдаланушылардан бөлектеніп немесе сырттан қол жетімсіз автономды желі ретінде жұмыс атқарылады.

Клиент(латынша clіens, италянша clіente – тапсырыс беруші) — басқа компьютерден немесе бағдарламадан деректерді, ресурстарды, қызметтерді немесе өңдеуді сұрататын пайдаланушы, компьютер немесе бағдарлама.

Контент (ақпараттық толтырылу) — ақпараттық жүйенің немесе веб-түйіннің кез келген ақпараттық-маңыздық толтырылуы(мәтін, графика, мультимедиа).

Онлайн ресурс(тікелей желі)—Желі ресурсі. Бұл ресурсқа желіге қосылған компьютер көмегімен нақты уақыт тәртібінде(“тікелей байланыста”) қол жеткізуге болады. Онлайн ресурс түрінде жедел ақпарат ұсынылады немесе диалог режимінде бағдарламамен немесе басқа пайдаланушымен жұмыс мүмкіндігі беріледі.

Портал— біріктірілген ақпараттыберуге арналғанвеб-торабы(түйін).Барлық керекті ресурстарға "бірыңғай рұқсат нүктесін" көрсетеді жәнемазмұны порталдың қолданушыларының мүддесіне жауап бере алатын басқа веб-тораптарына сілтемелерді қамтиды.

Провайдер-Internet қызметтерін ұсынатын компания. Желімен байланысқысы келетін компьютерлерді олардың талабы бойынша Internet-ке тікелей қосуды, олардың серверлермен қатынас құруын жүзеге асыратын заңды тұлға.

Сервер— 1) басқа бағдарламаларға (клиенттерге) кейбір қызмет көрсететін бағдарлама; клиентпен сервер арасындағы байланыс хабарламалар жіберу арқылы жүзеге асырылады, жиі желі бойынша және клиенттің сұраныстарымен сервердің жауаптарын кодтау үшін қандай да бір хаттама қолданады.

2)өзіне желі арқылы қосылған, басқа компьютерлерге кейбір қызмет көрсететін компьютер.

Веб-… (Web-…) — Бүкіләмдік Торға немесе Бүкіләмдік Тор принципі бойынша ұйымдастырылған, деректермен алмасу корпоративтік желіге тиістілігін көрсететінсөз алды қосымшасы. Web сөзі  WWW қызметінің синонимі ретінде қолданылады.

Web-беті—  өзінің ақпаратың (пішімделген мәтін және графика)қамтитын,сондай-ақ басқа беттерге сілтемелерді қамтитын WWW-дің құрылымдық бірлігі.

Web-сайт (site)—бірдей дизайнерлік шешімі бар және мағынасы бойынша біріктірілген HTML-құжаттар (Web-беттер)тобы. Әдеттегідей сайт толықтай белгілі Web-торапта(түйінде) орналасады.

Web-түйін—компьютерлік желі арқылы көруге арналған  өз-ара байланысқан ақпараттық онлайн ресурстер жиынтығы.

CGI (Common Gateway Interface) — Web-серверлерге қолданбалы бағдарламаларды іске-қосуға рұқсат беретін стандарт, мысалы іздеу жүйелері, тұтынушылар Web-беттердегі толтырған формалардан алынған ақпаратты өңдеу бағдарламалары.

HTML (HyperText Markup Language, гипермәтінді белгілеу тілі) —мәтіндік файлдың форматы,онда құжаттың әртүрлі бөліктерібасқарушы белгілерімен жабдықталған.

Тегтерді шартты түрде үш типке бөлуге болады: логикалық белгілеу(бөлімдерге бөліктеу), элементтердіңсырт келбетін сипаттау(әріптердің , қәріптердің типтары, безендіру элементтері), және де басқа ресурстарға сілтемелер жасау (беттер, суреттер ж.с.с),шын мәніндеосыларайтқанда мәтіннен гипермәтінді жасайды.HTML тілінде жазылған құжатты жиі Web-құжат (Web-бет)деп атайды.HTML-дің Web-құжатындағы әр ресурсының (сурет, бағдарлама, бейнеклип және т.б.) адресі болады,оны-әмбебап ресурстар идентификаторы(Universal Resource Identifier - URI) көмегімен кодтауға болады.

Әдетте URI үш бөліктен тұрады:

1. Ресурқаенуүшінқолданылатынмеханизмнің атауыныңсхемасы.

2. Ресурс орналасқанмашинаныңаты.

3. Жолтүрінде берілгенресурстыңаты.

 

Мысалы:

Сіз браузерді ашқанда және берілген беттегі хабарды зерттегенде, сіз басқа да беттерді көріп шыға аласыз.Сіз беттер арасында әртүрлі тәсілдермен орналаса аласыз. Жаңа бетке көшудің ең жылдам тәсілі, нәтижелі әрі ыңғайлы, не өрмекті жасайтын, жаңа бетке көшудің ең жылдам тәсілі – гипермәтін (hypertext) деп аталады. Гипермәтін – ақпаратты әр түрлі беттерде, тіпті сайттарда байланыстыру. Гипермәтіндік сілтемелер вев-беттерде көп жағдайда, асты сызылған сөздер, сөйлемдер тіпті графиктер арқылы көрсетіледі. Сіз веб-бетті тышқан көрсеткішімен жылжытсаңыз да, асты сызылған болмаса да, сіз гиперсілтемені жеңіл айыра аласыз. Сіз тышқан көрсеткішін гиперсілтемеге нұсқағанда, ол нұсқаушы алақан нұсқаушысына ауысады. Егер гипермәтіндік сілтемені шертсеңіз, сіз келесі, яғни тақырып мәтіндегі бетке ауысасыз.

Мысалы, сізге өте маңызды антарктикалық зерттеумен байланысты тарихи баяндама істеу қажет. Сіз келесі мәтінді веб-беттен табасыз. Мысалда жоғары бірнеше сөздердің асты сызылғанын ескеріңіз. Веб-беттерде олар көбінесе көкшіл түспен ерекшеленеді. Ол –гипермәтіндік сілтеме. Егер бұл веб-бет болса, сіз сол сілтемені шертіп, сол сөзге анықтама және мысалдар берілген бетке ауыса аласыз. Ал егер Ф.Ф.Беллинсгазгер сілтемесін шертсеңіз, онда сіз мына зерттеушінің өмірбаяны туралы әңгіме айтылған бетке өтер едіңіз. Дәл сол сияқты, мұз айдынына сөзіне шертсеңіз, сол табиғат бейнесі суреттелген бетке өтесіз.

Дүниежүзілік өрмектің көмегі арқылы басқа бетке немесе басқа сайтқа көшудің жаңа тәсілі – веб-мекен жайларды қолдана аласыз. Мекен – жайы болмағандықтан, үйді табу қиын, сондықтанда кез-келген веб-сайттың өзіне тән мекен –жайы болады. Ол мекен-жай әмбебап локатор қоры (Uniform Resource Locator) немесе URL деп аталады.

URL (Universal Resource Locator, әмбебапресурстаркөрсеткіші) —сөзбе-сөз айтқанда, берілген беттің интернетте орналасқан орны. URL –дің жазылуында «/» (слэш) таңбасы қолданылады және оны қолдануда ашық жер қалдыруға болмайды. Әр бір URL-де негізі ұқсас ақпараттар бар.Мысалы, төменде көрсетілген URL-ға қараңыздар:

http://www.zdorovie.ru/gigiena/news.html

http://: URL бірінші бөлімі ресурстардың түрлерін немесе алыну жолдарын анықтайды. Көптеген халықаралық сайттарда URL басында  http көрсетілген, ол гипермәтін тапсыру протоколы (hypertext transfer protocol). HTTP – дүниежүзілік өрмектен ақпараттты жіберуге және хабар алуға арналған ережелер топтамасы.










Последнее изменение этой страницы: 2018-04-12; просмотров: 279.

stydopedya.ru не претендует на авторское право материалов, которые вылажены, но предоставляет бесплатный доступ к ним. В случае нарушения авторского права или персональных данных напишите сюда...