Студопедия КАТЕГОРИИ: АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция |
Жеке айыптау істері дегеніміз
A)онша ауыр емес қылмыстар бойынша істер; B) орташа ауырлықтағы; C)ауыр және аса ауыр қылмыстар бойынша істер; D) заңда жеке айыптау істері деген болмайды; E) жәбірленушінің өтініші бойынша ғана қозғалатын және оның айыпталушымен бітісуіне орай қысқартылуға тиісті істер; 14 Жеке айыптау ісі бойынша анықтама, органына тергеушіге шағым берілген жағдайда ол A)прокурорға жіберілуі тиіс; B)іс өндіріске қабылданып тергеу жүргізілуі тиіс; C)шағым сотқа жіберілуге жатады; D)шағым берушінің өзіне қайтарылады; E)заңда аталған мәселе нақты реттелмаген; 15 Қайтарып алынған жеке айыптау бойынша қылмыстық істі қайта қозғау мүмкін бе A)соттың өз қарауынша шешіледі; B)жәбірленуші талап етсе қозғалады; C)қылмыстық іс қайта қозғалмайды; D)айыпталушы талап етсе қозғалады; E)қорғаушы талап еткенде қозғалуы мүмкін; 16 Жеке айыптау ісін сот мәжілісінде қараудың заңда бекітілген мерзімі A)шағымның сотқа түскен сәтінен бастап он бес тәуліктен кешіктірілмей басталуы тиіс; B)бір ай мерзімде; C)екі айдан; D)алты айдан; E)бір аптадан кешіктірілмей басталуы тиіс; 17 Айыпталушыға оның құқықтары түсіндірілген оған шағымның көшірмесі берілген кезден жеке айыптау істін сотта қарағанша қандай мерзім өтуі тиіс A)бір айдан кем емес; B)екі аптадан; C)сот мәжілісі үш тәуліктен ерте басталмауға тиіс; D)заңда ол жөінде еш нәрсе айтылмаған; E)сот мәжілісі он бес тәуліктен ерте басталмауға тиіс; 18 Жеке айыптау істерінде тараптардың бітімге келуін соңғы мерзімі A)жеке айыптау ісі қозғалғанға дейін; B)судья істі өз өндірісіне қабылдағанға дейін; C)сот мәжілісі басталғанға дейін; D)сот кеңесу бөлмесіне кеткенге дейін; E)барлық уақытта бітімге келуге болады; 19 Аудандық және оларға теңестірілген соттардың заңды күшіне енбеген үкімдеріне апелляциялық шағымдарды кім қарайды A)аталған соттардың төреағасы қарайды; B)аталған соттардың қылмыстық істер бойынша алқасы қарайды; C) облыстық және оларға теңестірілген соттардың қылмыстық істер жөніндегі алқасы қарайды; D)Жоғарғы Соттың алқасы қарайды; E)аталған соттардың үкімдеріне апелляциялық шағым қабылданбайды; 20 Аудандық және оларға теңестірілген соттардың заңды күшіне енген үкімдеріне шағым қай сотқа беріледі A)Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотына; B)Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының қылмыстық істер жөніндегі алқасы мен қадағалау алқасына, облыстық және оған теңестірілген соттардың қадағалау алқасына; C)заңда күшіне енген үкімге шағым қабылданбайды; D)қылмыстық іс жүргізу заңында реттелмеген; E)Қазақстан Республикасының Бас Арбитражына беріледі; Вариант 1 Бірінші сатыдағы сот үкіміне апелляциялық шағым беру мерзімін атаңыз A)үкім жарияланған күннен бастап он тәулік; B)он бес тәулік; C)бір ай; D)бір тәулік; E)екі ай ішінде берілуі тиіс; 2 Қамауда ұсталған сотталушыға апелляциялық шағым беру мерзімін көрсетіңіз A)үкім жарияланғаннан күннен бастап он тәулік; B)он бес тәулік; C) бір ай; D)бір тәулік E)оған үкім көшірмесі табыс етілген күннен бастап он бес тәулік; 3 Үкімге шағымдар, наразылықтар қай сот арылы беріледі A)жоғары тұрған сот арқылы беріледі; B)үкім қабылдаған сот арқылы беріледі; C)прокуротура арқылы беріледі; D)тек адвокаттар коллегиясы арқылы беріледі; E)ҚР. Жоғарғы Соты арқылы беріледі; 4 Істің апелляциялық сатыда қаралу мерзімін көрсетіңіз A)іс келіп түскен күннен бастап бір айдан кешіктірілмей қаралуы тиіс; B)екі аптадан; C)үш айдан; D) он күннен; E)он бес күннен кешіктірілмей қаралуы тиіс; 5 Апелляциялық сатыдағы сот отырысына кімнің қатысуы міндетті болып табылады A)сотталушының; B)қорғаушының; C)жәбірленушінің; D)прокурордың; E)бірінші сатыда үкім шығарған судьяның; 6 Апелляциялық сатыда қандай шешімдер қабылдануы мүмкін A)үкімді өзгеріссіз қалдыру; B)шағымды қанағаттандырусыз қалдыру; C)үкімнің күшін жойып, істі бірінші сатыдағы сотқа соттың жаңадан қарауына жіберу; D)үкімнің күшін жойып, істі қысқарту; E)жоғарыда аталғандардың барлығы апелляциялық сатыда қабылдануы мүмкін; 7 Төмендегілердің қайсысы кез келген жағдайда үкімнің күшін жоюға негіз болады A)сотқа жәбірленушінің қатыспауы; B)сотқа айыптаушының қатыспауы; C)сотқа қорғаушының қатыспауы; D)істе сот отырысының хаттамасының болмауы; E)үкім күшін кез келген жағдайда жоятын негіз ұғымы заңда болмайды; 8 Егер үкімді соттың заңсыз құрамы шығарған болса онда A)үкім өзгертілуі тиіс B)үкімнің орындалуы кейінге қалдырылуы тиіс; C)үкім күшіне енгізілуі тиіс; D)үкімнің күші жойылуы тиіс; E)аталған жағдайдың сот үкіміне ешқандай ықпалы жоқ; 9 ҚР Қылмыстық кодексі ерекше бөлімінің тиісті бабының санкциясында көзделгендегіден неғұрлым қатаң жазаның үкімде белгіленуі A)сот тергеуінің толық еместігі B)сот тергеуінің біржақтылығы; C)қылмыстық іс жүргізу заңның бұзылуы; D)соттың үкімде айтылған тұырымарының істің нақты мән-жайына сәйкес келмеуі; E)қылмыстық заңды дұрыс қолданбау болып табылады; 10 Егер сот тұжырымдары сот отырысында қаралған дәлелдемелермен расталмаса ол A)сот тергеуінің біржақтылығы; B)сот тергеуінің толық еместігі; C)соттың үкімде айтылған тұжырымдарының істің нақты мән-жайына сәйкес келмеуі; D)қылмыстық заңды дұрыс қолданбау; E)қылмыстық іс жүргізу заңның елеулі т.рде бұзылуы болып табылады; 11 Апелляциялық қаулы қандай бөлімдерден тұрады A)кіріспе; B)сипаттамалы-дәлелді; C)қортынды; D)негіздеуші; E)кіріспе, сипаттамалы-дәлелді және қарар бөлімдерінен тұрады; 12 Істі апелляциялық сатыда қарауға қатысқан адамдар қаулының қай бөлімінде көрсетіледі A)қортынды; B)сипаттамалы-дәлелді; C)кіріспе; D)шешуші; E)орталық бөлімінде көрсетіледі; 13 Бастапқы үкімінің күші жойылғаннан кейін істі бірінші саты бойынша қараудың қандай тәртібі бекітілген A)іс ерекше тәртіппен қарлады; B)іс тараптарының қатысуынсыз қаралады; C)іс міндетті түрде прокурордың қатысуымен қаралады; D)бастапқы үкімнің күші жойылғаннан кейін іс жалпы тәртіппен қаралуы тиіс; E)іс міндетті түрде жәбірленушінің қатысуымен қаралуы тиіс; 14 Бірінші сатыдағы сот үкімдері қашан күшіне енеді A)шағым немесе наразылық келтірілмесе, оларды келтіру мерзімі өткен соң күшіне енеді; B)ешқандай жағдайға тәуелсіз он күннен кейін күшіне енеді; C)үкім күшіне енуі үшін бір ай өтуі тиіс; D)үкімнің күшіне ену мерзімі заңмен бекітілмеген; E)бірінші сатыдағы сот үкімі күшіне енуі үшін, жоғары тұрған соттың шешімі қажет; 15 Соттылығын алып тастау туралы мәселені кім шешеді A)үкімді шығарған сот шешеді; B)жоғары тұрған сот шешеді; C)жазасын өтеген адамның өтініші бойынша тұрғылықты жеріндегі сот шешеді; D)заңда соттылықты алып тастау деген ұғым жоқ; E)соттылық ешқашан алынбайды; 16 Өзіне қатысты соттылықты алып тастау туралы өтініші қаралатын адамның сот отырысына қатысуы міндетті ме A)міндетті болып табылмайды; B)қатысуы міндетті; C)оның қатысуына заң тиым салады; D)аталған мәселе заңда қарастырылмаған; E)прокурор талап еткенде ғана міндетті; 17 Ауыр қылмыс жасағаны үшін шығарылған айыптау үкімі он жыл бойына орындалмай қалса сотталушы A)қайталап сотталуға жатады; B)іс жоғары тұрған сотқа жолданады; C)сотталушы ұсталғанша үкім күшінде болады; D)қандай мерзім өтседе оның үкімге ықпалы болмайыды; E)сотталушы жазаны өтеуден босатылуы тиіс; 18 Соттылықты алып тастаудан бас тартылған жағдайда қандай мерзім өткенше қайталап өтініш беруге болмайды A)қаулы шығарылған күннен бастап бір жылдан ерте қозғалмайды; B)заңда ол жөнінде ешқандай мерзім бекітілмеген; C)алып тастаудан бас тартылғаннан кейін алты ай өтуі тиіс; D)заңда соттылықты алып тастау деген ұғым жоқ; E)соттылық ешуақытта алынбайды; 19 Науқастануына байланысты медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану мәселесін шешетін сот құрамы қандай A)судья жеке дара шешеді; B)дәрілгерлер комиссиясы өкілі шешеді; C)прокурор өзінің қаулысымен шешеді; D)үш cудья құрамындағы сот шешеді; E)сотталушының өзінің келісімі бойынша шешіледі; 20 Медециналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану мәселесін шешу барысында қатысуы міндетті болып табылатын тұлғаны атаңыз A)облыстық соттың төреағасы; B)облыстық прокурор; C)облыстық ішкі істер басқармасы бастығы; D)жәбіленуші, прокурор; E)қортынды берген дәрігерлер комиссиясы өкілі, прокурор; Вариант 1 Сот сарапшыға қай кезде сұрақ қоюға құқылы A)айыптаушы тараптан кейін; B)қорғаушы тараптан кейін; C)соттың сарапшыға сұрақ қоюға құқы жоқ; D)сот жауап алудың кез келген сәтінде сарапшыға сұрақ қоюға құқылы; E)заңда оның тәртібі нақты бекітілмеген; 2 Куәландырылушыны жалаңаштау арқылы куәландыру қайда жүргізледі A)сот залында; B)тергеуші бөлмесінде; C)судьяның кабинетінде соттың өзімен; D)жеке үй-жайда дәрігер немесе өзге маман жүргізеді; E)жалаңаштау арқылы қарауға ешқандай жол берілмейді; 3 Қандай істер қысқартылған тәртіптен сотта қаралуы мүмкін A)ешқандай істер қысқартылған тәртіппен қаралмайды; B)ауыр қылмыстар туралы істер; C)аса ауыр қылмыстар туралы істер; D)адам өлтіруге байланысты істер; E)ауыр емес және орташа ауыр қылмыстар туралы істер сотталушы өзінің кінәсін толық көлемінде және талап-арызды мойындаса; 4 Қысқартылған сот талқылауы қандай мерзімде аяқталуы тиіс A)бір айда, B)екі айда; C)бір аптада; D)он күн мерзімде; E)заңда мерзім нақтыланбаған; 5 Қысқартылған сот талқылауының заңда бекітілген мерзімін ұзарту мүмкін бе A)ешқандай мерзімді ұзартуға жол берілмейді; B) прокурордың рұқсатымен бір айға дейін ұзартады; C)жәбірленушінің келісімімен екі айға дейін; D)сотталушының өтінішімен екі аптаға; E)ерекше жағдайларда бұл мерзім судьяның дәледі қаулысымен ұзартылуы мүмкін; 6 Сот жарыссөзін бірінші болып кім бастайды A)сот төрағасы; B)қорғаушы; C)айыптаушы; D) жәбірленуші; E)сотталушы; Сот жарыссөзінің ұзақтығы сотпен шектелеме A)шектеледі; B)әр тарапқа бір сағат уақыт беріледі; C)жәбірленушінің, айыптаушының уақыты шектеледі; D)шектелмейді; E)сотталушының, қорғаушының уақыты шектеледі; 7 Төреағалық етуші жарыссөзді тоқтатуға құқылы ма A)жарыссөзді тоқтатуға ешкімнің құқығы жоқ; B)төреағалық етуші жарыссөзді кез келген уақытта тоқтата алады; C)прокурор талап етсе тоқтатады; D)сотталушының талап етуі бойынша тоқтатылады; E)жарыссөзге қатысушылардың сөзі қаралатын іске қатыссыз не сот отырысында зерттелмеген дәлелдемелерге негізделген болса тоқтатуға құқылы; 8 Соңғы ескертпені айту құқығы кімге тиесілі A)прокурорға; D)сот төреағасына; C)жәбірленушіге; D)барлық жағдайларда сотталушымен оның қорғаушысына тиесілі; E)соңғы ескертпені сот отырысының хатшысы айтуы тиіс; 9 Соңғы сөз құқығы кімге тиесілі A)сотталушыға; B)жәбірленушіге; C)айыптаушыға; D)қорғаушыға; E)тараптардың барлығына; 10 Соңғы сөз барысында сұрақ қоюға бола ма A)жол беріледі; B)берілмейді; C)қорғаушы сұрақ бере алады; D)жәбірленшуі бере алады; E)сот беруі мүмкін; 11 Үкімнің заңдылығы бұл A)оның мазмұнында заң баптарының көрсетілуі; B)үкімде заң баптарына сілтеме жасалуы; C)тек айыптау үкімінде қылмыстық заңның көрсетілуі; D)үкімнің заңның барлық талаптары сақтала отырып және заң негізінде шығарылуы; E)үкімнің заңға сілтемесіз шығарылуы; 12 Үкім негізді болып табылады егер ол A)сот отырысында ұсынылған дәлелдемелерді жаң-жақты және объективті зерттеу негізінде шығарылса; B)сот отырысында қарастырылмаған дәлелдемелер негізінде шығарылуы; C)айыптаушы тарап ұсынылған дәлелдемелерге; D)жәбірленуші ұсынылған дәлелдемлер негізінде; E)сотталушы мен қорғаушы ұсынған дәлелдемлеріне сүйене отырып шығару; 13 Сот үкім шығаратын орын A)судьяның кабинетінде; B)жауап алу бөлмесінде; C) сот тергеуі өткізілген залда; D)сотқа қандайда болсын ықпал ету мүмкіндігін болдырмайтын жағдайда кеңесу бөлмесінде шығарылады; E)үкім шығарылатын орынды тараптардың келісімі бойынша сот төреағасы бекітеді; 14 Кеңесу бөлмесінде кімдер болуға құқылы A)сот отырысына қатысушы тараптар; B)запастағы судья; C)қалалық немесе аудандық соттың кез келген судьясы; D)прокурор мен қорғаушы; E)осы ісбойынша соттың құрамына енетін судьялар ғана; 15 Қандай жағдайда сот тергеуін қайта бастауға жол беріледі A)сот тергеуін қайта бастауға ешқашан жол берілмейді; B)сот жарыссөзінде немесе сотталушы соңғы сөзінде іс үшін маңызы бар мән-жайлар туралы хабарласа, сот тараптардың өтініші бойынша немесе өз бастамасымен сот тергеуін қайта бастайды; C) тергеушінің өтінішімен қайта басталуы мүмкін; D)прокурордың талап етуі бойынша; E)сотталушының талабымен қайта басталуы мүмкін; 16 Қандай жағдайда үкім шығарудан бұрын судьялардың кеңесуі өткізіледі A)судьялардың кеңесуі деген ұғым жоқ; B)істі алқалы қарау кезінде; C)онша ауыр емес қылмыстар бойынша істерді қарау барысында; D)ауыр қылмыстарды қарау барысында; E)жеке айыптау бойынша істерді қарау кезінде; 17 Судьялардың кеңесуі барысында төрағалық етуші өз дауысын береді ме A)басқа судьялардан бұрын береді; B)басқа судьялармен бірге береді; C)аталған мәселенің ешқандай маңызы жоқ; D)барлық жағдайларда өз дауысын соңғы болып береді; E) төреағалық етуші дауыс бермейді; 18 Жазаның қандай түрі тек барлық судьялардың толық келісілген шешімі бойынша тағайындалуы тиіс A)айыппұл; B)өлім жазасы; C)бас бостандығынан айыру, D)бас бсотандығынан шектеу; E)қамауда ұстау; 19 Сот үкімдерінің қандай түрлері болады A)ақтаушы және қаралаушы B)айыптаушы және жазалаушы; C)жазалаушы және ақтаушы; D)айыптаушы немесе ақтаушы; E)жаза тағайындаушы және жазадан бостаушы; 20 Сот талқылауының барысында судья ауыстырылған жағдайда талқылау қалай жүргізіледі A) сот талқылауы одан әрі жалғастырыла береді; B) істі талқылау қайтадан басталады; C) сотталушы келісім берсе ғана жалғастырылады; D)жәбірленуші келісім берсе жалғастырылады; E) жаңадан тағайындалған судьяның өзі шешеді; Вариант 1 Запастағы судья тағайындалуы мүмкін A)кез келген қылмыстық істі қарау барысында: B) мүліктің тәркіленуі мүмкін болатын істерде; C) талқылау үшін ұзақ уақытты қажет ететін істі алқалы түрде қарау кезінде; D) ешқандай жағдайда запастағы судья тағайындалмайды; E) сотталушының талап етуі бойынша тағайындалады; 2 Басты сот талқылауына төрағалық етуге кім құқылы A)берілген соттың төрағасы немесе сот төрағасы тапсырған судья; B) сот тергеуіне қатысушылардың өздері таңдап алған судья; C) мемлекеттік айыптаушының талап етуімен тағайындалған судья; D) жәбірленушінің өзі қалап алған судья; E)сотталушының өтініші бойынша тағайындалған судья; 3 Іске запастағы судья ісіне қарастырылған жағдайда A)істі қорғау қайтадан басталды; B)төреағалық етуші ауыстырылды; C)сот құрамы қайтадан жасақталды; D)істі талқылау жалғастырыла берді; E)айыптаушы немесе қорғаушы ауыстырылды; 4 Запастағы судья іске қарастырылған жағдайда ол құқылы A)айыптаушының ауыстырылуын талап етуге; B)қорғаушының ауыстырылуын талап етуге; C)сот талқылауын қайтадан бастауды талап етуге; D)кез-келген сот әрекетін жаңартуды бәріне құқылы; E)запастағы судья жоғарыда аталғандардың бәріне құқылы; 5 Сотталушы адамның басты сот талқылауына қатысуы қандай жағдайда міндетті A)барлық жағдайда міндетті; B)заңда көзделген жағдайларды есептемегенде міндетті; C)кез келген жағдайда сотталушы қатыспауға құқылы; D)прокурор сотталушының қатыспауын талап етсе; E)жәбірленуші талап етсе; 6 Сотталушы болмаған жағдайда істі қарауға қандай жағдайда жол берілуі мүмкін A)онша ауыр емес қылмыс үшін сотталушы істі оның қатысуынсыз қарау туралы өтініш берсе; B)жәбірленуші сотталушының қатыспауына келісім берсе; C) қорғаушы оның қатыстырылмауын талап етсе; D)сотталушы судьяның жақын туысы болса; E)жәбірленуші мен сотталушы өзара туыс болса; 7 Қорғаушы келмеген және оны осы сот отырысында ауыстыру мүмкін болмаса A)істі қарау жалғастырыла береді; B)істі талқылау кейінге қалдырылады; C)прокурор талап етсе істі қарау жалғастырылады; D)жәбірленушінің талабы бойынша істі қарау жалғасады; E)аталған жағдай заңда реттелмеген; 8 Сот отырысына келмеген қорғаушыны ауыстыру үшін A)прокурордың келісімі қажет B)жәбірленушінің келісімі қажет; C)тек сотталушының келісімімен ғана жол беріледі; D)сот төрағасы өзінің қарауынша шешім алады; E)қорғаушыны ауыстыруға ешқашан жол берілмейді; 9 Сотталушы шақырған қорғаушының іске қатысуы ұзақ уақыт ішінде мүмкін болмаса сот қандай шешім қабылдауы мүмкін A)сот тергеуі жүргізіле береді; B) сот талықлауы кейінге қалдырылады; C)қорғаушының іске қатысу мүмкіндігі пайда болғанша күтіледі; D)сот талқылауын кейінге қалдыра отырып, айыпталушыға басқа қорғаушыны таңдау ұсынылады; E)аталған мәселенің сот тергеуіне ешқандай ықпал жоқ; 10 Егер сотталушы басқа қорғаушыны таңдаудан бас тартса A)сот жаңа қорғаушыны өзі тағайындайды; B)адвокаттар коллегиясы басқа қорғаушы жібереді; C)бұрынғы қорғаушы қайта шақырылады; D)істі қарау қорғаушының қатысуынсыз жүргізіледі; E) заңда қорғаушыны ауыстыру ұғымы жоқ; 11 Прокурордың қатысуы міндетті істерді көрсетіңіз A)тек ауыр қылмыстар бойынша істерге; B)аса ауыр қылмыстар бойынша істерге; C)ауыр және аса ауыр қылмыстар бойынша істерге; D)жеке айыптау істерін қоспағанда, мемлекеттік айыптаушы ретінде бас сот талқылауына қатысуға міндетті; E)іске қатысуды прокурор тек өз қалауы бойынша шешеді; 12 Қандай жағдайда сот талқылауына бірнеше прокурор қатысуы мүмкін A)кез келген іске тек бір прокурор қатысады; B)қатысушы прокурорлар саны заңмен шектелмейді; C)заңда аталған мәселе қарастырылмаған; D)қатысушы прокурорлар санын тек сот шешеді; E)күрделі және көп эпизодты істер бойынша бірнеше прокурор қатысуы мүмкін; 13 Іске жаңа прокурордың кірісуі мүмкін A)іске қатысушы прокурор ешуақытта ауыстырылмайды; B)жәбірленушінің талабы бойынша ауыстырылады; C) қорғаушының немесе сотталушының талап етуімен; D)төрағалық етуші судьяның жеке шешімі етуімен; E) сот талқылауы барысында прокурордың одан әрі қатысуының мүмкін еместігі анықталса; 14 Іске жаңа прокурордың кірісуі A)осы уақытқа дейін жасалған іс-әрекеттерді қайталап жасауға соқтырады; B)қайталап жасауға соқтырмайды; C)жаңадан кіріскен прокурор талап еткенде; D)жәбірленуші талап етсе; E)сотталушы талап еткенде жасалуы мүмкін; 15 Егер айыптау сот талқылауында қолдау таппады деген қортындыға келсе прокурор міндетті A)айыпты өзгертуге міндетті; B)істі қайта тергеуге жіберуге; C)айыпты ауырлатуға; D)айыпты жеңілдетуге; E) айыптаудан толық немесе ішінара бас тартуға міндетті; 16 Мемлекеттік айыптаушыға айыптаудан бас тартуға жол беріледі A)сотталушының соңғы сөзінен кейін; B)сот тергеуі басталғанға дейін; C)үкім шығарудан аз уақыт бұрын; D) сот тергеуі немесе сот жарыссөзі кезінде; E)ақтау үкімі шығарылған жағдайда тек содан кейін; 17 Айыптаудан прокурор және жәбірленуші толық бас тартса сот A)өз қаулысымен істі қысқартады; B)істі қарауды жалғастыра береді; C)істі қайта тергеуге жібереді; D) сақтау үкімін шығарады; E)істі жаңа айып тағылғанша кейінге қалдырады; 18 Жеке айыптау ісі бойынша жәбірленушінің сот отырысына дәлелсіз себептерсіз келмеуі неге әкеліп соқтыруы мүмкін A)істі негізінен қарауға әкеп соғады; B)іс қайта тергеуге жіберіледі; C)істі қысқартуға әкеп соғады; D)ақтау үкімін шығаруға негіз болады; E)айыптау үкімін шығаруға негіз болады; 19 Азаматтық талапкер немесе оның өкілі сотқа келмесе онда A)азаматтық талап қаралады; B) азаматтық талап қаралмауы мүмкін; C) жауапкердің өтініші бойынша шешіледі; D) соттың өз шешімі бойынша қаралады; E)сот қажет деп тапса немесе талапты прокурор қолдаса сот талапкердің немесе оның өкілінің келу-келмеуіне байланыссыз қарайды; 20 Басты сот талқылауын кім ашуға құқылы A)прокурор; B)қорғаушы; C)сот отырысының хатшысы; D)белгіленген уақытта төрағалық етуші ашады; E)сотталушы ашады; Вариант 1 Сот талқылауы сотталушы айыптау хаттамасының көшірмесін алғаннан кейін қандай мерзім өткенше бастала алмайды A)екі апта өткенше; B)он күн өткенше; C)үш тәуліктен бұрын бастала алмайды; D)бір ай мерзім өтуі тиіс; E)заңда ондай мерзім қарастырылмаған; |
||
Последнее изменение этой страницы: 2018-05-31; просмотров: 496. stydopedya.ru не претендует на авторское право материалов, которые вылажены, но предоставляет бесплатный доступ к ним. В случае нарушения авторского права или персональных данных напишите сюда... |