Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция

РГУ Кокшетауский технический институт




Бекітілді

Көкшетау техникалық институтының

Ғылыми кеңесі шешімімен

___ _________2017 ж. хаттама №__

Төраға___________ С.Д. Шәріпханов

 

Қазақстан Республикасы ІІМ

Төтенше жағдайлар комитеті аудандық бөлімшелерінде

(лауазымға кіру)

диплом алды тәжірибеден өту бойынша 4 курс курсанттары үшін

ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАМА

 

 

Мамандық 5В100100 – «Өрт қауіпсіздігі»

 

Мамандық5В103200 – «Азаматтық қорғаныс командалық тактикалық күштері»

 

Мамандық 5В103100 – «Төтенше жағдайларда қорғау»

 

 

Көкшетау-2017

Курсанттар үшін әдістемелік нсұқама мамандығы бойынша: 5В100100 «Өрт қауіпсіздігі»,5В103200 – «Азаматтық қорғаныс командалы тактикалық күштері», 5В103100 – «Төтенше жағдайларда қорғау» - Көкшетау: «ҚР ІІМ ТЖК Көкшетау техникалық институты» РММ, 2017.

 

Құрастырушылар:

Карменов К.К.–т.ғ.к., ҚР ІІМ ТЖК КТИ өрттің алдын алу кафедрасының бастығы, азаматтық қорғау полковнигі;

БаймағанбетовР.С. –магистр,ҚР ІІМ ТЖК КТИ жедел-тактикалық пәндер кафедрасының бастығы, азаматтық қорғау подполковнигі;

Айтеев А.С. -магистр, азаматтық қорғаныс және әскери дайындық кафедрасы бастығының м.а., подполковник;

Кусаинов А.Б.- магистр, төтенше жағдайларда қорғау кафедрасы бастығының м.а., майор;

Сакенов Р.Е. –ҚР ІІМ ТЖК КТИ жедел-тактикалық пәндер кафедрасының оқытушысы, азаматтық қорғау аға лейтенанты.

 

Өрттің алдын алу кафедрасы отырысында қарастырылды,

Хаттама№_4__22____12__2016ж

Жедел-тактикалық пәндер кафедрасы отырысында қарастырылды,

Хаттама№204__11___ 2016ж

Азаматтық қорғаныс және әскери дайындық кафедрасы отырысында қарастырылды,

Хаттама№_1__02___09___ 2016ж

Төтенше жағдайларда қорғау кафедрасы отырысынды қарастырылды,

Хаттама№_4__23___12___2016ж

 

 

Қазақстан Республикасы

ІІМ ТЖК Көкшетау

техникалық институты

Оқу-әдістемелік кеңесі

отырысында мақұлданды

Хаттама №3 24 01 2017ж.

 

Ғылыми кеңес отырысында қарастырылды және бекітілді

Хаттама №5_25____01____2017 ж.

 

Жалпы ереже

Курсанттардың Қазақстан Республикасы ІІМ ТЖК аудандық бөлімшелерінде диплом алды тәжірибесі (лауазымға кіру) оқу-тәрбиелік үрдістің құрамдас бөлігі болып табылады және теориялық білімінәрі қарай бекітуді және тереңдетуді, қорытынды мемлекеттік аттестацияға дайындықты, азаматтық қорғау органы қызметінде дипломдық жобаның теориялық бөлімінің апробациясын қамтамасыз етеді, кәсіби қабілет пен дағдыны меңгеру және жетілдіру, болашақ лауазымға қатыстыру.

Диплом алды тәжірибе Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыз «Білім берудің тиісті деңгейлерінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы» №1080 қаулысына, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 26 қаңтар «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің әскери, арнаулы оқуорындарында білім алушылардыңкәсіптік практикасын және тағылымдамасынұйымдастыру және одан өту қағидаларынбекіту туралы» №80 бұйрығына сай ұйымдастырылады және Білім министрлігінің нормативтік құжаттарына, оқу жоспарларына және бағдарламаларына сәйкес өткізіледі.

Оқудың сырттай оқу үлгісінде оқитындар мамандық бойынша олардың жұмыс шартымен Тәжірибеден өтуден босатылады. Мұндай жағдайда олар олардың кәсіби қызметін көрсететін, ҚР ІІМ ТЖК аудандық бөлімше басшысы қолымен жұмыс орнынан анықтама және мінездеме көрсетеді. 

Оқудың сырттай үлгісінде оқитындар, мамандық бойынша жұмыс істемейтіндер Институт бастығының бұйрығымен негізгі функционалды міндеттерін орындаудан бос уақытта Тәжірибеге жіберіледі.

 

2. Диплом алды тәжірибенің оқу, тәрбиелік мақсаттары және тапсырмалары

Тәжірибе мақсаты – курсанттармен негізгі білім бағдарламасын меңгеру барысында алынған теориялық білімді, практикалық қабылет және дағдыны бекіту және тереңдету, дипломдық жобалау және дипломдық жұмысты орындау үрдісінде алынған нәтижені апробациялау, және де курсанттарды қорытынды мемлекеттік аттестацияға дайындау.

Диплом алды тәжірибе тапсырмалары болып табылады:

дипломдық жобалау және дипломдық жұмысты орындау барысында алынған нәтижелерді апробациялау

материалдарды жүйелеу және сараптау;

болашақ кәсіби қызмет элементтерін меңгеру;

түлекпен келешекте жұмыс істейтін нақты құрылымдық бөлімше туралы жалпы көрініс алуы.

 

 

3. Диплом алды тәжірибе кезеңдері

4-ші курс курсантарымен тәжірибеден өту, Қазақстан Республикасы ІІМ ТЖК КТИ бітіретін курс курс курсанттарын жеке бөлу бойынша Комиссия шешіміне сай лауазымда өткізіледі.

Келе салысымен курсант-тәжірибешілер Төтенше жағдайлар комитеті аудандық бөлімшелерінде бітіруші курс курсанттарын жеке бөлуге сәйкес бөлімше бастығы қарамағына түседі.

Диплом алды тәжірибе Қазақстан Республикасы ІІМ ТЖК аудандық бөлімшелерінде диплом алды тәжірибеден өту орнына бару және қайту жолына кеткен уақытты есепке ала отырып 14 күн ішінде жүзеге асады.

Диплом алды тәжірибе нәтижесі бойынша, курсанттар сәйкес Институт кафедраларына тәжірибе және тағылымдама бойынша есеппен аудандық бөлімшеден тәжірибе басшысымен берілген мінездеме (пікір) көрсетіледі.

 

Ескертпе:

1. Курсанттардың диплом алды тәжірибе барысындағы жұмыс тәртібі Қазақстан Республикасы ІІМ ТЖК аудандық бөлімшелерінің жұмыс күн тәртібіне сәйкес орнатылады.

 

4. Ұйымдастырушылық іс-шаралар, аудандық бөлімше бастықтарының, диплом алды тәжірибе басшыларының, және де курсанттардың міндеттері

Тәжірибені әдістемелік басшылықты ұйымдастыру үшін оның барлық кезеңіне институт бойынша бұйрығымен тәжірибенің оқытушы-басшылары тағайындалады, олардың міндеттеріне кіреді:

-тәжірибеге дайындық бойынша ұйымдастырушылық-әдістемелік жұмысты өткізу;

- тәжірибешілердің диплом алды тәжірибеден өту орнына келуін және біткен бойда оқу орнына қайтуын уақытылы және ұйымдасқан түрдеқамтамасыз ету;

- курсанттарға олардың қызметтік міндеттерін орындауда пайда болған сұрақтарды шешуде әдістемелік көмек көрсету;

- курсанттардың есептерін қарау;

- диплом алды тәжірибе нәтижелері туралы жинақ есепті дайындау.

Курсанттар тәжірибесін тікелей ұйымдастыру және өткізу Қазақстан Республикасы ІІМ ТЖК аудандық бөлімшелер Бастықтарына жүктеледі, оның міндеттеріне кіреді:

- тәжірибе орнын анықтау (бітіруші курс курсанттарын жекелей бөлу бойынша Комиссия шешіміне сәйкес) және оларға тиісті жағдайларды ұйымдастыру;

- тәжірибеге келген курсанттармен кездесу ұйымдастыру, нұсқаулық жүргізу, бөлу және бөлімшелер бойынша жіберу. Тәжірибені ұйымдастыру тәртібі және өткізу уақыты бұйрықпен анықталады;

- курсанттарға нақты лауазымда оның міндеттерін орындау туралы куәлік ретінде жеке куәлікке қосымша парақты уақытылы рәсімдеу және беруді ұйымдастыру;

- диплом алды тәжірибені ұйымдастыруға және өткізуге кезеңдік бақылауды жүзеге асыру;

- қорытындылау, қатыстыру және диплом алды тәжірибе нәтижелерін сараптау, оны жетілдіру бойынша ұсыныстар өндіру және оқу орнына сәйкес құжатты (анықтама) жіберу.

4.1 Аудандық бөлімше бастығы міндетті

- диплом алды тәжірибе Әдістемелік нұсқамамен танысу;

- курсант-тәжірибешілерді бөлімше жеке құрамына таныстыру;

-курсанттардың күн тәртібін құрастыру, тәжірибе ұйымдастыру тәртібін түсіндіру, қауіпсіздік шаралары және еңбек қорғау бойыншанұсқама жүргізу;

- курсанттарға тәжірибе барысында оларға басшылық жүргізу үшін дайынырақ қызметкерлердің арасынан басшыны бекіту;

- курсанттардың тәжірибе барысына жұмыс жоспарын бекіту (мөрмен растау);

- Әдістемелік нұсқамамен қарастырылған жұмысты орындау сапасын бақылау;

- диплом алды тәжірибе біткен бойда курсант жазбаша есептерді, тәжірибеден өту туралы пікірді бекіту (мөрмен растау).

Диплом алды тәжірибеден өту барысында курсант статистикалық материалды жинауы керек, аудандық бөлімше қызметтік құжаттамаларынан қажетті жазбалар жасау, бөлімше қызметі бойынша ақпаратпен танысу.

4.2 Курсант-тәжірибеші міндетті

-тапсырмаға сәйкес, 3 күн ішінде жұмыс жоспарын құрастыру (қосымша №2) және бөлімше басшысына бекітуге оны көрсету;

-тапсырмамен көрсетілген барлық жұмыстарды, және де басшы өкімдерін уақытында және сапалы орындау;

-курсанттың жұмыс күнделігін жүргізу;

-заңдылықты, бұйрық талаптарын, киім үлгісін кию ережелерін, тәртіпті және ішкі тәртіпті сақтау;

-диплом алды тәжірибе бітер алдында, аудандық бөлімше басшысымен бекітілетін және мөрмен расталатын есеп құрастыру.

Азаматтық қорғау органдары жұмысын регламенттейтін және осы уақытта әрекет ететін нұсқаулықтарды, әдістемелік нұсқамаларды, нормативтік құжаттарды, қаулыларды оқуы қажет.

Тәжірибеге жалпы басшылықты ұйымдастыру және дайындау Қазақстан Республикасы ІІМ ТЖК КТИ күндізгі оқу факультетінің бастығымен жүзеге асырылады, оның міндетіне облыстар, Астана және Алматы қалаларының ТЖД қажетті құжаттарды (бұйрықтар, тәжірибе бағдарламасынан үзінді көшірме) дайындау кіреді.

Қорытынды кезеңде курсант тәжірибеден өту барысынды жиналған материалды жинақтауы керек, оның жеткіліктігін және дұрыстығын анықтауы керек, жазбаша есеп рәсімдеуі керек.

Тәжірибе барысында курсант лауазымдық нұсқаулықтарды оқиды, бөлімшенің жұмыс Жоспарымен және функционалдық міндеттерімен танысады. Бұл материалдармен танысу болашақ лауазымымен жан-жақты танысуға мүмкіндік береді.

Тәжірибе барысында оқу керек материалдар мен сұрақтар, диплом алды тәжірибені өткізуге жеке жоспар мазмұнымен және сипатымен анықталады.

Тәжірибе басшысы:

- диплом алды тәжірибе барысында материалдарды жинау сұрақтары бойынша курсанттармен ұйымдастырушылық жиналыстарды дайындау және өткізуді жүзеге асырады, материалдарды жинау әдістемелік ұсынылымда көрсетілген тізімдеме негізінде жүзеге асырылады:

- жеке жоспарға сай тапсырма береді;

- курсанттар үшін консультациялар ұйымдастырады;

- ғылыми-әдістемелік көмек көрсетеді;

- тәжірибеден өту барысында материалды жинау бойынша бақылауды жүзеге асырады;

- курсанттар есебін қорғауды ұйымдастырады, есептерді қорғау кестесін құрады.

 

4.3 Курсанттар-тәжірибешілердің құқығы бар

- өндірістегі бар нормативтік актілермен, қызметтік құжаттармен және де басқа материалдармен танысу;

- диплом алды тәжірибе басшысы тапсырмасы бойынша құжаттарға өз атынан қол қою. Диплом алды тәжірибе басшысы курсантпен құрастырылған және қол қойылған құжаттардың заңдылығына өзіне дербес жауапкершілік артады;

- орнатылған тәртіпте бөлімшелерде бар анайы техникамен және де басқа жабдықтармен қолдану;

- институт және облыстар (қалалар) ТЖД аудандық бөлімшелер басшылығына тәжірибені өткізуді жетілдіру және ұйымдастыру бойынша ұсыныстар енгізу.

 

Курсантқа бекітілген, аудандық бөлімшеден тәжірибе басшысы, міндетті:

- тәжірибе әдістемелік нұсқалымдар мазмұнымен танысу;

- курсанттармен кіріспе нұсқаулық жүргізу, төтенше жағдай жедел жағдайымен, ішкі тәртіппен, қауіпсіздік техника ережелерімен танысу;

- тәжірибеге тапсырмалармен анықталған іс-шараларды орындау үшін қажет уақыт бюджетін анықтау;

- тәжірибе жоспарымен қаралған әр жұмысты орындау алдында курсантпен әдістемелік нұсқаулық өткізу;

- оларды орындау үрдісінде жұмыс сапасын бақылау және жоспарланған және есептік құжаттаманы рәсімдеуге әдістемелік көмек көрсету;

- тәжірибені өткен курсантқа мінездеме құрастыру және оларды аудандық бөлімше басшысына бекітуге көрсету;

- тәжірибе анықталған бойда тәжірибе барысында оқылған материал көлемі бойынша қорытынды баға қоюмен дифференцті сынақ өткізу.  

 

5. Диплом алды тәжірибеге (лауазымға кіру) тапсырма, әдістемелік ұсынылымдар, оларды орындау мерзімі

Диплом алды тәжірибеден өтуде курсант-тәжірибеші осындай жалпы талаптарды орындауы міндетті:

- ұйымдастыру-басқару құрылымымен және аудандық бөлімше тапсырмаларымен танысу;

-жедел жағдаймен танысу;

-аудандық бөлімше жұмыс жоспарымен танысу;

-лауазымдық нұсқаулықтармен танысу;

- дипломдық жобалауды қорғауға дайындық бойынша жұмысты жалғастыру (апробация, жетпейтін материалды жинау)

 

5.1Алдын алу қызметі бойынша курсанттар үшін тапсырма

өрт қауіпсіздігі саласында ақпараттық-аналитикалық жұмыс жүргізу;

өрт қауіпсіздігі сұрақтары бойынша бұқаралық ақпарат құралдары арқылы үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу;

     сипатын, арналуын және өндірістер жағдайын, технологиялық процесстерді және бақылауға алынған ұйымдар пайдаланатын жабдықтарды зерттеу;

жеке және заң тұлғаларының жолдауын қарау;

өрт қауіпсіздігі саласында бақылау-тексеру іс-шараларын өткізуде тексеру нәтижелері туралы актілерді жеке және заң тұлғаларына беруді жүзеге асыру;

жұмыс орны және тұрғылықты орны бойынша жұмысшыларды, қызметкерлерді және халықты өрт қауіпсіздігі ережелерін оқыту бойынша жұмыстар жүргізу, өртте дұрыс әрекеттер тағылымдамасын дағдыландыру;

бөлім жұмыс жоспарын әзірлеуде, есеп және ақпарат құжаттарын құрастыруға қатысу;

тұрғындарды, тұрғылықты пункттерді және объектілерді оларды жою бойынша табиғи және техногенді сипатты төтенше жағдайлардан меншік формасынан тәуелсіз қорғау бойынша келекшекті және ағымдағы жоспарды әзірлеуге қатысу;

жергілікті орындаушы билік органдарына ақпараттар, Азаматтық қорғаныс саласында нормативтік-құқықтық актілерді орындау және өртке қарсы қызмет жағдайы бойынша әртүрлі тізімдемелер дайындау;

қызметтік уақытты тиімдірік пайдалану үшін жұмыс жоспарлауды ұйымдастыру.

 

5.2 Өрт сөндіру қызметтеріне бағытталған курсанттар үшін тапсырма

Лауазымдық міндеттерді жарғыларға, тәлімдемелерге, нұсқаулықтарға, бөлім жеке құрамының тактика-арнайы және қызметтік дайындығы бағдарламасына сай толық көлемде орындау, соның ішінде:

кезекші қарауыл қызметін, және де өрт сөндіруде және шаруашылық жұмыстарды орындауда қарауыл жұмыстарын басқару;

кезекші қарауыл жеке құрамының тактика-арнайы және әлеуметтік-құқықтық дайындығы бойынша кесте құру;

бөлімнің сабақ кестесіне сәйкес, жеке құраммен пән бойынша тактика-арнайы дайындық бойынша сабақтар жүргізу;

қарауылдарға тәрбие жұмысы бойынша іс-шаралар жүргізу (әңгімелесулер, ақпараттар және т.б.);

кезекші қарауыл жеке құрамдарымен спорттық жарыстар ұйымдастыру және өткізу.

димломдық жобалау бойынша объектке, оның тактика-техникалық сипаттамасымен нақтырақ танысу үшін бару;

осы объектілерде болған өрттердің статистикасын, осы өрттерді сөндіруде азаматтық қорғау органдары қызметкерлерінің әрекеттерін толық зерттеу;

өрт сөндіру бөлімдері жұмыс жоспарын орындауды қамтамасыз ету бойынша жұмысқа қатысу.

 

Құрастыру:

ағымдағы жылда кезекші қарауылдар жауынгерлік әрекетін сараптамасын және жинақты кестесін;

өрт сөндіру бөлімдері жеке құрамымен сабақтар кестесі;

бір айда ЖСМ шығына бойынша есеп (өрт автомобильдері қолданбалы карточкасы, жинақты тізімдеме және т.б.);

сипаттамалы өртті суреттеу;

бөлім бастығы тапсырмасы бойынша өрт сөндіру жедел жоспары;

жоспар-конспект әзірлеу және түтін камерасында сабақ өткізу.

Бөлімнің рационализаторлық жұмысымен танысу. Сипаттамалы рационалды ұсыныстар суреттемесін және эскизін институтқа жіберу.

5.3 Азаматтық қорғаныс және әскери дайындық бойынша бағытталған курсанттар үшін тапсырма

Төтенше жағдайларды ескертуге, стихиялық апаттардан, аварияларда және зілзаладан шығынды төмендетуге бағытталған Азаматтық қорғаныс іс-шараларын әзірлеу және өткізу;

Азаматтық қорғаныс саласында әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы іс өндірісін орындау;

Азаматтық қорғаныс саласындағы мемлекеттік бақылауда табиғи және техногенді сипатты төтенше жағдайларды ескерту және жою саласында ақпараттық-аналитикалық жұмыс жүргізу;

Азаматтық қорғаныста, табиғи және техногенді сипатты төтенше жағдайларды ескерту сұрақтары бойынша бұқаралық ақпарат құралдары арқылы үгіт-насихат жұмыстарын өткізу;

     сипатын, арналуын және өндірістер жағдайын, технологиялық процесстерді және бақылауға алынған ұйымдар пайдаланатын жабдықтарды, азаматтық қорғау құрама санын зерттеу;

жеке және заңды тұлға жолдауларын қарау;

АҚ бойынша объектілік жаттығуларға (АҚБ жұмыс жоспарында келісілген және бар болса) қатысу;

жұмыс орны және тұрғылықты орны бойынша жұмысшыларды, қызметкерлерді және халықты азаматтық қорғаныс бойынша оқыту, ТЖ дұрыс әрекеттер дағдысын дарыту;

мемлекеттік органдарда, ұйымдарда және кәсіпорындарда Азаматтық қорғаныс сұрақтары бойынша нормативтік-құқықтық актілердің орындалуына бақылауды жүзеге асыру;

АҚБ жұмыс жоспарын әзірлеуге, есептік және ақпараттық құжаттарды құрастыруға қатысу;

тұрғындарды, тұрғылықты пункттерді және объектілерді оларды жою бойынша табиғи және техногенді сипатты төтенше жағдайлардан меншік формасынан тәуелсіз қорғау бойынша келекшекті және ағымдағы жоспарды әзірлеуге қатысу;

жергілікті орындаушы билік органдарына ақпараттар, Азаматтық қорғау саласында нормативтік-құқықтық актілерді орындау және өртке қарсы қызмет жағдайы бойынша әртүрлі тізімдемелер дайындау;

5.4 Төтенше жағдайлар бойынша бағытталған курсанттар үшін тапсырма

төтенше жағдайларды жою бөлімінің ұйымдастыру-басқару құрылымымен және тапсырмаларымен, күн тәртібімен танысу, лауазымдық нұсқаулықтарды оқу;

облыс (қала) табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайларға ұшырауымен және жедел жағдаймен танысу;

облыс ауданы үшін сипатты төтенше жағдайлар болғандағы апаттан құтқару жұмыстары қызметінің күштер мен құралдарының және Азаматтық қорғаныс құрамаларының әрекет жоспарымен танысу (өрт қауіпті кезең, табиғи өрт, ракета тасымалдаушы апаттар, террористік актілер кезінде оқ-дәрі мен жарылыс құрылғыларын табу және жарылуы және т.б.);

Азаматтық қорғаныстың бейбіт және соғыс кезеңіне, табиғи және техногенді сипатты төтенше жағдайлар қауіпі және пайда болғанда халықты қорғаудың жоспары мазмұнымен және құрылымымен танысу;

облыс (қала) Азаматтық қорғаныс құрамаларының және апаттан құтқару қызметінің дайындығы жағдайы бойынша ақпаратты есепке алу және талдау жұмыстарына қатысу;

шұғыл жауап қайтару отрядтарының дайындық жағдайын есепке алуды және талдау жүргізу;

азаматтық қорғау күштері мен құралдарының орналасу картасын әзірлеу;

соңғы 5 жылда облыс (қала) ауданында болған төтенше жағдайлар және олардың заласы(ТЖ саны, өлгендер, зақымданғандар, материалды шығын) бойынша жинақтау және талдауды іске асыру;

ауданның табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайға ұшырау қауіптілігін бағалау;

табиғи және техногенді төтенше жағдайлардың жеке қауіпін бағалау және талдау жүргізу;

қалалар және облыс аудандары (қалалар) үшін төтенше жағдайлардың кешенді көрсеткішін жүргізу;

Азаматтық қорғаныстың хабарлау жүйелері (орталықтандырылған, локалды) облыста (қалада) бар аудандарына талдау жүргізу.

Қалаларда, облыс аудандарында, Азаматтық қорғау қызметтерінде, облыс (қала) ұйымдарында командалы-штабты жаттығу өткізуді дайындауға және өткізуге қатысу;

6.Тәжірибе бойынша есепті дайындау тәртібі және қорғау мерзімдері, есептік материалдар мазмұнына талаптар

Тәжірибе қорытындысы бойынша курсант келесе есептік материалды көрсетуі керек:

ҚР ІІМ ТЖК аудандық бөлімше басшысымен бекітілген, гербті мөрмен расталған Тәжірибеден өту жоспары;

тікелей Тәжірибе басшысының іс-шаралардың орындалуы туралы белгісімен Тәжірибеден өту күнделігі;

ҚР ІІМ ТЖК аудандық бөлімше басшысымен бекітілген және мөрмен расталған орындалған жұмыстар туралы есеп.

Есепте келесі мәліметтерді көрсету қажет:

бөлімше, лауазым және өндірістік тәжірибеден өту мерзімі туралы мәліметтер;

Тәжірибеде өткен бөлімшеге жалпы қысқа мінездеме;

Күнделік жазбаларын негізге ала отырып, орындалған жұмыс мазмұнын нақтырақ көрсету, қандай құжаттармен танысы және нені зерттеді, қандай міндеттері және тапсырмалар орындады, қандай нормативтік актілерге сай қандай жұмыстарға қатысты және т.б.;

Теория мен практиканың сәйкес келмеу мәселелі сұрақтар кездестіргенін және осындай мәселелерді шешу бойынша өз пікірін көрсету, Тәжірибеде атқарған қызметтің ұйымына жеке қатысушылығын көрсету;

Тәжірибеден өтуді ұйымдастыру бойынша тәжірибеші ойы, теориялық оқуда қандай сұрақтарға назар аудару қажет;

ҚР ІІМ ТЖК аудандық бөлімше басшысымен бекітілген және басшымен қол қойылған мінездеме-пікір.

Тәжірибе басшысымен дайындалған мінездемеде көрсету қажет: Тәжірибеде кім, қайда және қашан өтті, кім ретінде, қандай тапсырмалар мен міндеттер орындады, соның ішінде өздігінен; Тәжірибе бағдарламасын орындауға қатысы, ынталығы, жеке қасиеттері, тәртіптілігі, орындаушылығы. Тәжірибе басшысының кәсіби қажеттілігі туралы пікірі және сынақ нәтижесі бойынша міндетті баға. Мінездеме мөрмен расталады;

Курсантпен құрастырылған, Тәжірибеден өту кезінде зерттелген, осы бағдарлама шекарасынан шықпайтын құжаттар және материалдар көшірмесі.

Тәжірибе бойынша есеп аудандық бөлімшеден тәжірибе және тағылымдама басшысымен тексеріледі, институтқа келген бойда курсант кафедраларда комиссия алдында қорғалады.

Комиссия құрамына оқу орнынан тәжірибе және тағылымдама басшысы, шығаратын кафедра профессорлық-оқытушы құрамы кіреді. Және де комиссия құрамына практикалық бөлімшелердің тәжірибелі қызметкерлері тартылады.

Комиссия төрағасы әскери, арнайы оқу орындарында шығарылатын кафедра бастықтары арасынан сайланады. Комиссия құрамы 5 адамна көп болмайды.

Комиссия шешімі қарапайым дауыс берумен шешіледі. Дауыстар тең келген жағдайда комиссия төрағасы шешуші болып табылады.

Тәжірибені қорғау нәтижесі бойынша диплом алды практиканы қорғау хаттамасы құрастырылады.

Кәсіби тәжірибе бойынша қорытынды баға аудандық бөлімшелерден тәжірибе басшысы бағасын ескеріп қойылады, оның қорытынды бағадан салыстырмалы салмағы 60% және оқу орнынан тәжірибе басшысының көрсетілген есепті қорғау бойынша қорытынды бағасы, оның салыстырмалы салмағы қорытынды бағадан 40% құрайды.

Есепті қорғау нәтижесі Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңына сәйкес орнатылған баллдық-дәрежелік әріптік бағалау жүйесімен бағаланады.

Кәсіби тәжірибе және тағылымдама бойынша есепті қорғау нәтижесі қорытынды бақылау тізімдемесіне енгізіледі.

Кәсіби тәжірибе және тағылымдама нәтижесі сәйкес әскери, арнайы оқу орындарының кафедраларында, факультеттерінде талқыланады. Тәжірибенің жалпы нәтижесі ІІМ әскери, арнайы оқу орындарының оқу-әдістемелік кеңесінде қорытындылайды.

7.Диплом алды тәжірибе бойынша есептік құжаттама үлгілері

 

 

Қосымша 1

 

Үлгі 90*60

 

ҚОСЫМША ПАРАҚ

жекелігін куәландыратын құжатқа

№_______________________________
курсант _____________________________________________________________
(арнайы атағы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))
лауазымда тәжірибеші (тағылымдамашы) болып табылады_______________

_____________________________________________________________________
(лауазым және ішкі істер органының мекеме, бөлімше атауы)

 

Кадр жұмысы Басқармасының бастығы
ІІД (Т), ҚОЖД, ТЖД
____________________ __________ _____________________________________
(арнайы атағы) (қолы) (Тегі, аты, әкесінің аты, (бар болса))

 

«_____» ____________ 20___ ж.

Жарамды «______» _________________ 20___ ж дейін.

 

Жеке куәлігін көрсеткенде ________________
(жеке қолы)

 

 

Қосымша 2

 

 









Б Е К І Т Е М І Н

_______ облысының (қала) ТЖД бастығы

_________________________

(Т.А.Ә.)

“___”_____________20 __ж.

 

 

ЖОСПАР

курсант жұмысының _____________________________________________________________

оқу тобының

 _____________________________________________________________

        (тегі, аты, әкесінің аты)

тағылымдама барысында лауазымында ____________________________________________

___________________________________________________________________________

 

“___”_________20___жылдан “___”________20__жылға дейін

 

 

№ р/с Іс-шаралар атауы Орындау мерзімі Орындалғаны туралы белгі
1 2 3 4
       
       

 

 

Құрастырған: курсант _____________________ оқу тобы _________________ курс

_______________________________________________

Тегі және инициалы, қолы

 “___”________________ 20__ ж.

 

 

Қосымша 3

 

ТӘЖІРИБЕДЕН ӨТУ КҮНДЕЛІГІ

 

курсант жұмысы ________________________ оқу тобы ____________________________________________________________________________                                                                                                                                      (тегі, аты, әкесінің аты)

тағылымдама барысында лауазымда ____________________________________________________________________________

_____________________________________________________________________________

”___”__________ 20__ж. “___”____________ 20__ж. дейін

 

 

Күні Орындалған жұмыс мазмұны Тағылымдама басшысының қолы
1 2 3
     
     

Құрастырған: курсант _______________ оқу тобының _________ ҚР ІІМ ТЖК КТИ курсы _________________________________________

Аты және инициалы, қолы

 

“___”_____________20 _ж.

 

 

Қосымша 4

 

БЕКІТЕМІН

___________ облысының (қаласының) ТЖД бастығы

 

 

«___»____________20__ж.

М.О.

 

ДИПЛОМ АЛДЫ ТӘЖІРИБЕДЕН ӨТУ ТУРАЛЫ

 

ЕСЕП

(тәжірибе түру)

_________________________________________________________

әжірибешінің тегі, аты, әкесінің аты)

в_______________________________________________________

(тәжірибеден өту орны)

 «___»___________20__ж. «___»___________20__ж. дейін

 

ЕСЕП ҚҰРАСТЫРУ БОЙЫНША ҰСЫНЫСТАР

 

Есеп еркін түрде орындалады. Әдетте онда көрсетіледі:

тәжірибені қайда, қашан және қандай лауазымда өтті;

тәжірибе объектісі бойынша жалпы мәлімет (өрт сөндіру бөлімі);

тәжірибе бағдарламасының және жеке тапсырманың орындалуы туралы мәлімет;

практикалық жағдайларды талдау және шешу;

тәжірибе нәтижесі бойынша қорытынды және ұсыныстар.

 

ЕСЕП МӘТІНІ

_________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

 

 

Есепті құрастырған:

_____оқу тобының курсанты

__________________________________   

(қолы)                      (Т.А.Ә.)

 

РГУ Кокшетауский технический институт










Последнее изменение этой страницы: 2018-06-01; просмотров: 253.

stydopedya.ru не претендует на авторское право материалов, которые вылажены, но предоставляет бесплатный доступ к ним. В случае нарушения авторского права или персональных данных напишите сюда...