Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция

Сот тергеуі неден басталады




Вариант

1 Қылмыс жасады деп сезік келтірілген адамды ұстаған кезде қандай құжат жасақталады:

A) үш сағаттан аспайтын мерзімде тергеуші немесе анықтаушы хаттама жасақтауы тиіс;

B) үш тәуліктен аспайтын мерзімде прокурор хаттама жасақтауы тиіс;

C) он тәуліктің ішінде сот төрағасы акт жасақтауы тиіс;

D) айып тағылғанға дейін ешқандай құжат жасақталмайды;

E) үш сағаттан аспайтын мерзімде адвокат ордер жасақтауы тиіс;

2 Адамның ұсталғандығы туралы кімге, қалай, қашан хабарлануы тиіс:

A) бір тәуліктің ішінде прокурорға ауызша хабарлануы тиіс;

B) хаттама жасалған сәттен бастап он екі сағаттың ішінде прокурорға жазбаша хабарлануы тиіс;

C) үш сағаттың ішінде сотқа хабарлануы тиіс; 

D) үш тәуліктен аспайтын мерзімде қорғаушыға жазбаша хабарлануы тиіс;

E) бұл мәселені тергеуші немесе анықтаушы өзі шешеді; 

3 Сезіктінің ұсталғандығы туралы оның туыстарына қашан, кім хабарлауы тиіс:

A) үш тәуліктің ішінде прокурор;

B) бес тәуліктің ішінде адвокат;

C) анықтаушы, тергеуші он екі сағаттың ішінде хабарлауға міндетті;

D) сот төрағасы сегіз сағаттың ішінде хабарлауға міндетті;

E) сезікті адамға айып тағылғанға дейін ешкімге ешқандай хабар берілмейді;

4 Іс бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу кезінде қамауға алудың мерзімін көрсетіңіз;

A) үш ай;

B) сегіз ай;

C) он екі ай;

D) екі айдан аспауы тиіс;

E) алты ай;

5 Төменде көрсетілгендердің қайсысы қылмыстық іс қозғауға себеп не негіз болуы мүмкін:

A) азаматтардың арыздары;

B) кінәсін мойындап келу;

C) бұқаралық ақпарат құралдарындағы хабар;

D) мемлекеттік органның лауазымды адамының немесе ұйымда басқару функцияларын атқарып отырған адамның хабарламасы;

E) аталғандардың барлығы қылмыстық істі қозғауға негіз болуы мүмкін;

6 Ақыл есінің дұрыстығы туралы мәселе бойынша сот психиатриялық сараптаманы қанша сарапшы жүргізеді:

A) сарапшылардың саны үштен кем болмауы тиіс;

B) сарапшылардың саны жетіден кем болмауы тиіс;

C) тек бір сарапшы жүргізеді;

D) сарапшылардың саны заңда белгіленбеген;

E) сарапшылардың саны ешқандай шектеусіз;

7 Іс үшін маңызы бар жағдайларды анықтау үшін әртүрлі білім саласының  негізінде және әртүрлі мамандықтағы сарапшылар өз құзыретінің негізінде жүргізетін сараптама қалай аталады:

A) алқалы сараптама;

B) кешенді сараптама;

C) ұжымдық сараптама;

    D) ұйымдық сараптама;

  E) комиссиялық сараптама;

  8 Айыптау қортындысы қандай бөлімдерден тұрады:

   A) преамбула, текст, резолюция;

   B) кіріспе, мазмұн, қаулы;

   C) кіріспе, сипаттама дәлелдеу, қарар бөлімдерінен;

   D) кіріспе, преамбула, резюме;

   E) резолюция, текст, преамбула;

   9 Қылмыстық іс сотқа қандай орган арқылы жолданады:

   A) ұлттық қауіпсіздік комитеті; 

   B) полицияның тергеу бөлімшесі;

   C) мемлекеттік тергеу комитеті

   D) прокуратура;

   E) сот жанындағы біліктілік комиссиясы арқылы жолдануы тиіс;

  10 Айыпталушыны сотқа беру туралы қаулыны кім шығарады:

A) тергеуші;

B) тергеу басқармасының бастығы;

C) судья;

D) адвокат;

E) прокурор;

11. Сотталушы басқа қорғаушыны таңдаудан бас тартқан жағдайда:

A)сот жаңа қорғаушыны өзі тағайындауды;

B)адвокаттар коллегиясы басқа қорғаушы жібереді;

C)бұрынғы қорғаушы қайта шақырылады;

D)істі қарау қорғаушының қатысуынсыз жүргізіледі;

E) заңда қорғаушыны ауыстыру ұғымы жоқ;

12. Прокурор қандай істерге қатысуға міндетті

A)тек ауыр қылмыстар бойынша істерге;

B)аса ауыр қылмыстар бойынша істерге;

C)ауыр және аса ауыр қылмыстар бойынша істерге;

D)жеке айыптау істерін қоспағанда, мемлекеттік айыптаушы ретінде басты сот талқылауына қатысуға міндетті;

E)іске қатысуды прокурор тек өз қалауы бойынша шешеді;     

13. Сот талқылауына бірнеше прокурор қатысуы мүмкін бе

A)кез келген іске тек бір прокурор қатысады;

B)қатысушы прокурорлар саны заңмен шектелмейді;

C)заңда аталған мәселе қарастырылмаған;

D)қатысушы прокурорлар санын тек сот шешеді;

E)күрделі және көп эпизодты істер бойынша бірнеше прокурор қатысуы мүмкін;

14. Іске жаңа прокурордың кірісуі мүмкін бе

A)іске қатысушы прокурор ешуақытта ауыстырылмайды;

B)жәбірленушінің талабы бойынша ауыстырылады;

C) қорғаушының немесе сотталушының талап етуімен;

D)төрағалық етуші судьяның жеке шешімі етуімен;

E) сот талқылауы барысында прокурордың одан әрі қатысуының мүмкін еместігі анықталса;

15. Іске жаңа прокурордың кірісуі

A)осы уақытқа дейін жасалған іс-әрекеттерді қайталап жасауға соқтырады;

B)қайталап жасауға соқтырмайды;

C)жаңадан кіріскен прокурор талап еткенде;

D)жәбірленуші талап етсе;

E)сотталушы талап еткенде жасалуы мүмкін;   

16. Егер айыптау сот талқылауында қолдау таппады деген қортындыға келсе прокурор

A)айыпты өзгертуге міндетті;

B)істі қайта тергеуге жіберуге;

C)айыпты ауырлатуға;

D)айыпты жеңілдетуге;

E) айыптаудан толық немесе ішінара бас тартуға міндетті;

17. Мемлекеттік айыптаушыға айыптаудан бас тартуға қай кезде жол беріледі

A)сотталушының соңғы сөзінен кейін;

B)сот тергеуі басталғанға дейін;

C)үкім шығарудан аз уақыт бұрын;

D) сот тергеуі немесе сот жарыссөзі кезінде;

E)ақтау үкімі шығарылған жағдайда тек содан кейін;

18. Айыптаудан прокурор және жәбірленуші толық бас тартқан жағдайда сот

A)өз қаулысымен істі қысқартады;

B)істі қарауды жалғастыра береді;

C)істі қайта тергеуге жібереді;

D) ақтау үкімін шығарады;

E)істі жаңа айып тағылғанша кейінге қалдырады;

19. Жеке айыптау ісі бойынша жәбірленушінің сот отырысына дәлелсіз себептерсіз келмеуі:

A)істі негізінен қарауға әкеп соғады;

B)іс қайта тергеуге жіберіледі;

C)істі қысқартуға әкеп соғады;

D)ақтау үкімін шығаруға негіз болады;

E)айыптау үкімін шығаруға негіз болады;

20. Азаматтық талапкер немесе оның өкілі сотқа келмеген кезде

A)азаматтық талап қаралады;

B) азаматтық талап қаралмауы мүмкін;

C) жауапкердің өтініші бойынша шешіледі;

D) соттың өз шешімі бойынша қаралады;

E)сот қажет деп тапса немесе талапты прокурор қолдаса сот талапкердің немесе оның өкілінің келу-келмеуіне байланыссыз қарайды;

Вариант

1. Басты сот талқылауының шегін көрсетіңіз

A)заңда сот талқылауының шегі деген ұғым жоқ;

B)мемлекеттік айыптаушының талабы бойынша;

C)сотталушының келісімі бойынша өзгерістер шегінде;

D)сот талқылауы тек айыпкерге қатысты және сотқа берілген айыптаудың шегінде ғана жүргізіледі;

E)жәбірленуші талап еткен шекте ғана жүргізіледі;

2. Прокурор айыптаудан толық бас тартып, ал жәбірленуші айыптауды талап етсе

A)сот істі талқылауды кейінге қалдырады;

B)істі талқылауды жалғастырып, оны жалпы тәртіппен шешеді;

C)істі қайта тергеуге жібереді;

D)істі қысқартады;

E)ақтау үкімін шығарады;

3 Жоғарыда аталған жағдайда

A)прокурор ауыстырылады;

B)прокурор ауыстырылмайды;

C)прокурор процеске қатысуын жалғастырады;

D) прокурор процеске одан әрі қатысудан босатылады, айыптауды жәбірленушінің өзі немесе өкілі қолдайды;

E)іс толығымен қысқартылады;

4. Прокурор мен жеке айыптаушы айыптаудан ішінара бас тартқан кезде сот

A)істі толығымен қысқартады;

B)істі қайта тергеуге жолдайды;

C)айыптаудың бас тартылған бөлігінде істі қысқартады, айыптаудың қалған бөлігінде іс жалпы тәртіппен қаралады;

D)іс бойынша айыптау үкімі шығарылады;

E)іс бойынша ақтау үкімі шығарылады;

5. Қандай жағдайда басты сот талқылауы кейінге қалдырылуы мүмкін

A)сот залында көрермендер тым аз болса;

B)сот залы тиісті түрде жарақтандырылмаса;

C) сотталушының жеке басы анықталмаса;

D)сот отырысына шақырылған адамдардың біреуі келмеуі, жаңа дәлелдер алдыру қажеттігіне байланысты істі талқылау мүмкін болмауы жағдайында;

E)істі кейінге қалдыруға еш уақытта жол берілмейді;

6. Төмендегілердің қайсысы қылмыстық істі тоқтата тұруға себеп болуы мүмкін

A)айыпталушы ретінде жауапқа тартуға жататын адамның анықталмауы;

B)айыпталушының ҚР-нан тысқары жерлерде болуы;

C)айыпталушының ауыр науқастануы;

D)айыпталушы соттан жасырынып қалса;

E)аталған жайлардың барлығы істі тоқтата тұруға себеп болуы мүмкін;

7. Басты сот талқылауы кезінде сот сотталушыға қарсы бұлтартпау шарасын

A)таңдап алуға, өзгертуге немесе күшін жоюға құқылы;

B)бұлтартпау шарасына қатысты сот ешқандай өкілеттікке ие болмайды;

C)сот тек сотталушының жеке келісімі бойынша өзгертуі мүмкін;

D)прокурор келісім берсе ғана сот бұлтартпау шарасын өзгерте алады;

E)жәбірленушінің таңдаған шарасына сай өзгертуі мүмкін;

8. Сотталушыны бұлтартпау шарасы ретінде қамауға алу мерзімі іс сотқа түскен күннен бастап қандай мерзімге дейін созылуы мүмкін

A)екі аптаға дейін;

B)екі айға дейін;

C)үш айға дейін;

D)алты айдан аспайтын мерзімге;

E)бір айдан аспайтын мерзімге;

9. Ауыр қылмыстар туралы істер бойынша жоғарыда аталған мерзімді сот өз қаулысымен қандай уақытқа дейін ұзартуға құқылы?

A)он екі айға дейін ұзартуға;

B)сегіз айға дейін;

C)алты айға дейін;

D)екі айға дейін;

E)үш айға дейін;

10. Жоғарыда көрсетілген қамау мерзімдері аяқталғаннан кейін сот сотталушыға бұлтартпау шарасын

A)одан әрі ұзартады;

B)үйде қамауда ұстайды;

C)қорғаушының бақылауына береді;

D)прокурордың қадағалауына береді;

E)үйде қамауда ұстау немесе ешқандай кетпеу туралы қолхат беруге ауыстыруға тиіс;

11 Жоғарыда белгіленген шектеулер аса ауыр қылмыстар туралы істерге қолданылама?

A)қолданылады;

B)қолданылмайды;

C)соттың өз қарауынша шешілуі тиіс;

D)прокурордың рұқсатымен ғана қолданылады;

E)қорғаушы талап етсе қолданылады;

31 Айыптау актісінде көрсетілген айыптауды бастапқы тағылған айыптаудан неғұрлым ауыр немесе елеулі түрде өзгеше айыптауға өзгерту қажет болса судья:

A)қылмыстық істі қосымша тергеу үшін қайтаруға құқылы;

B)істі негізінен қарауы тиіс;

C)істі жоғары тұрған сотқа тексеруге жібереді;

D)істі қысқартады;

E)істі қарау барысында аталған кемшіліктерді түзетеді;

13 Іс қосымша тергеуге кім арқылы жіберіледі

A)тергеу органының басшылығы арқылы;

B)жоғары тұрған сот;

C)тергеушінің өзіне;

D)прокурор арқылы;

E)жоғары тұрған тергеу органы арқылы жіберіледі;

14 Тәртіп бұзғаны үшін сот отырысы залынан шыарып жіберу шарасы кімге қолданылуы мүмкін?

A)айыптаушыға;

B)қорғаушыға;

C) сотталушыға;

D)жәбірленушіге;

E)айыптаушы мен қорғаушыдан басқа кез келген процеске қатысушыға қоданылуы мүмкін;

15 Сот отырысы залынан сотталушы шығарылып жіберілген жағдайда үкім қалай жариялануы тиіс

A)ондай жағдайда үкім жарияланбайды;

B) үкім сотталушының қатысуынсыз жарияланады;

C)үкімнің көшірмесі қорғаушыға беріледі;

D)үкім оның (сотталушының) көзінше жариялануға немесе ол жарияланғаннан кейін дереу қолхат алып хабарлануға тиіс;

E)аталған жағдай туралы заңда ештеңе айтылмаған;

16 Басты сот талқылауының хаттамасын кім жүргізеді

A)судья;

B)прокурор;

C)қорғаушы;

D)жәбірленуші;

E)сот отырысының хатшысы;

17 Сот отырысы хаттамасының шығарылу мерзімін көрсетіңіз

A)сот отырысы аяқталғаннан кейін бес тәуліктен кешіктірілмей жасалуы тиіс;

B)хаттаманы жасауға екі апта уақыт беріледі;

C)оған бір ай мерзім беріледі;

D)сот отырысы аяқталған күні шығарылуы тиіс;

E)заңда нақты мерзім көрсетілмеген;

18 Басты сот талқылауының хаттамасына кімдер қол қоюға тиіс

A)төрағалық етуші;

B)прокурор және төрағалық етуші

C)қорғаушы және сот отырысының хатшысы;

D) төреағалық етуші және жәбірленуші;

E)төрағалық етуші мен хатшы;

19 Басты сот талқылауының хаттамасына қол қойылғаннан кейін тараптар қандай мерзім ішінде ескертпелер беруге құқылы

A)бес тәуліктің ішінде;

B)екі апталық мерзімде;

C)он тәуліктің ішінде;

D)бір ай мерзімде;

E)заңда мерзім бекітілмеген;

20 Тараптар өтініш жасаса төрағалық етуші аталған мерзімді қандай уақыт ұзартуы мүмкін

A)заңда рұқсат берілмеген;

B)он тәулікке дейін;

C)бір айға дейін;

D)бір аптаға дейін;

E)үш күнге дейін;

Вариант

1 Басты сот талқылауын кім ашады

A)прокурор;

B)қорғаушы;

C)сот отырысының хатшысы;

D)белгіленген уақытта төрағалық етуші ашады;

E)сотталушы ашады;

2 Сот талқылауы сотталушы айыптау хаттамасының көшірмесін алғаннан кейін қандай мерзім өткенше бастала алмайды

A)екі апта өткенше;

B)он күн өткенше;

C)үш тәуліктен бұрын бастала алмайды;

D)бір ай мерзім өтуі тиіс;

E)заңда ондай мерзім қарастырылмаған;

Сот тергеуі неден басталады

A)айыпталушының сотталушыға таққан айыбының мәнісін баяндаудан;

B)қорғаушының іс бойынша мәлімдемесінен;

C)жәбірленушінің өз арызын айтудан;

D)сотталушының іс бойынша берген мәлімдемесін таңдаудан;

E)соттың жасаған хабарламасын таңдаудан басталады;










Последнее изменение этой страницы: 2018-05-31; просмотров: 396.

stydopedya.ru не претендует на авторское право материалов, которые вылажены, но предоставляет бесплатный доступ к ним. В случае нарушения авторского права или персональных данных напишите сюда...