Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция

Конструкция кемістіктерін жою.




 

Ғимараттың құрылысы және пайдалану кезінде түрлі кемістіктер және ауытқулар пайда болуы мүмкін. Әдетте олар ғимараттың пайдаланылуына қауіп туындырмайды. Бірақ олар ғимараттың ішкі және сыртқы көрінісін нашарлатады. Ал ұзақ мерзім ол кемістіктерді жоймаса, апатты жағдайға алып келуі мүмкін. Бетон және темірбетон ұзақ мерзім қызмет ететін материал болып саналады. Бірақ бұларды материалдар секілді универсалды болып табылмайды. Себебі созылуы нашар жұмыс істейді және т.б. Мұнан басқа бетонның жұмыстарды жасау барысында ақаулар болуы мүмкін. Ал олар өз ретінде пайдалану барысында түрлі күрделі кемістіктерге алып келіп, ақырында конструкцияның қирауына мүмкіндік туғызады.

Темірбетон конструкцияларының ең бір осал жері – ол арматураның коррозияға душар болуы. Темірбетондағы арматураны коррозиядан қорғау кальций гидроксидімен қамтамасыздандырылады. Ол цемент массасының гидротациялану жағдайында пайда болады. Бірақ аталған қорғау бетон қабатының тығыздығынан және оның қалыңдығынан тікелей тәуелді. Жөндеу жұмыстары барысында қираған немесе ақауланған аудан толығымен тазаланады. Қажет жағдайда қосымша арматураланып торкреттеу әдісімен бетондалады. Ақау көлемі кіші болған жағдайда оларды жою үшін түрлі полимерлер , синтетикалық смолалар және полимерлі материалдармен жасалған пленкалармен жойылады. Анықталған бос және кеуек орындар цемент ерітіндісімен құйылады.

 

Көтергіш конструкцияларын ауыстыру. Жабындарды ауыстыруға арналған конструкциялар.

 

а) тавр қималы темірбетон прогондары мен жабын конструкциясын ауыстыру.

б)қоставр қималы темірбетон прогондары мен жабын конструкциясын ауыстыру.

1 - ағаш еден;

2 - ағаш лагалары;

3 - жылу қабаты;

4 –жеңіл бетонды плита;

5 –тавр (қоставр) қималы темірбетон прогондары.

Конструкция жағдайын бағалау.

Тозу дәрежесі бойынша конструктивті элементердің классифекациясы.

Тексеретін ғимараттар мен үймереттердің құрылыс конструкцияларында оның түріне сипаттамасына көтеру қасиеті және пайдалану байланысты. Түрлі ақауларға душар болуы мүмкін. Бұл ақауларды бағалау үшін арнайы анықталған дефформация және деффектілер түріне байланысты бір жүйеге келтіріп оларды классификациялары (ақаулар ведомостері) туралы мәліметтерге енгізеді.

Құрылыс элементінің ақаулар түрлерін тиянақты бір жүйеге келтіріп сонымен қатар нормада көрсетілген басқада ауытқуларды анықтап конструкцияның техникалық жағдайына байланысты категориясын орнықтырады және оларды күшейтудің бастапқы іс-шараларын анықтайды.

Конструкциядағы ақауларын тиянақты талдау, тек қана темірбетон конструкциясына ғана емес, сонымен қатар ағаш және бетон конструкциясы үшін қолданылады.

 

Іргетастарды және жер сілемін тексеру.

 

Ғимараттар мен үйлер қайта конструкциялау алдында оны тексеру барысында іргетастар және жел сілемінің көтеру қасиеті анықталуы тиіс. Ол үшін гидрогеологиялық инженерлік геологиялық зерттеулерді құрылыс алаңында жасаймыз, сонымен қатар іргетастардың астындағы сілеміне және нақты (сілемдері үшін) іргетастар үшін инженерлік геологиялық нәтежелер келесі жағдайлар жүргізіледі:

- жұмысшы сызбалары жоқ және іргетастарды тұрғызу құжаттары жоқ болған жағдайы;

- ғимараттар жер үсті бөлігіндегі конструкциясында дефформациялар анықталса және олардың пайда болуы жер сілемінің жер сілемінің бір келкі шөкпеген жағдайы;

- егер жүктелу сипаты өзгерсе немесе жүктеме мәні қайта конструкциялау барысында ұлғайса;

- жер төлі бөлшектерін жасау қажеттілігі пайда болу жағдайы;

- технологиялық процесс өзгергенде (іргетастарға агрессивті сұйықтар әсері немесе жоғары және төмен температура әсері туындаса және т.б.) бұл тексерулер ашық шруптар көмегімен жүргізілген. Ал олардың алаңында орналасуы және қажетті саны әр бір нақты жағдай үшін қарастырылады.

Аталған шуруфттар әр бір конструкциясының түрінің ең жүктелген және аз мөлшерлерде жүктеген аудандарда сонымен қатар сыртқы және ішкі қабырғалар тұсында арнайы қондырғылар орналасқан тұсында және т.б. жасайды.

Шруптарды міндетті түрде тым көп дефформацияланған конструкциялар жанында жүктемелер бір шама жоғарлайтын учаскелерде міндетті түрде қазылады. Шруптарды жасау барысында олар арқылы атмосфералық және т.б. сулардың іргетасқа өтпеуін қамтамасыз ету керек. Тексеру жұмыстары аяқталған соң шруптағы топырақтар қабатын нығыздалып толтырлады.

Шруптардың тереңдігі іргетас табанынан 0,5-1 метрнен кем болмауы тиіс. шруптан алынған топырақтар қасиетін анықтау үшін қиратпай сынау және экспресс әдістері қолданылады. Мысалы, электронды акустикалық тәсіл көмегімен бір өсті сығудан туындаған күштер арқылы деффармация модулі және беріктігі анықталады. Зертханалық сынаулар арқылы топырақтың физикалық-механикалық қасиеттері анықталады.

 

Тас және арматуранын тас конструкциясын тексеру.

 

Тас және арматуранын тас конструкциясын тексеру барысында міндетті түрде элементтерді анықтайды. Олардың жағдай ерекше көңіл бөлінуі тиіс. Көзбен шолу және арнайы аспаптар көмегімен конструкцияға қойылатын мөлшерлі талаптардан және жобалық шешімдерден ауытқулар анықталады. Бұл кезде конструктивті элементтің нақты өлшемдері қабырғаның өз ара және жабын конструкциямен және каңқамен түйісу түрі тас және арматураланған тасконструкциясы өз жазықтығында және оған перпендикуляр жазықтығында дефформациялану мәні арқалық жабын плитасының қажетті тірелу жоғарыда сақталмағандығы болат арматуралары және жапсырма бөлшектерінің жағдайы. Олардың каррозияға душар болу дәрежесі анықталады. Ақаулар келесі әсерлер арқылы туындаумүмкін механикалық, динамикалық, температуралық, сұйықтың әсері және мұнан басқа жер сілемі диффереционал бір келкі болмауынан.

 

Қайта конструкцияланатын ғимараттардың негіздерінің топырақтарын күшейтудің негізгі тәсілдерінің салыстырмалы сипаттамасы.

 

Топырақты күшейту тәсілдері

Топырақтар

Қолдану эффектілігі

Аталуы Кф м/тәул
1. Цементация – цемент суспензиясы іргетас табанының астына жайғастырылады.   ірі дәнді құмдар үшін   80   беріктігі R=10-35 кгс/см2 немесе 1-3,5 МПа су өткізбеушілігі
2. Силикатизация – химиялық ерітінділер инъекторлар арқылы сығымдалады.   құмдар, шаң тәріздес грунт   0,2-80   беріктігі R=6-35 кгс/см2 немесе 0,6-3,5 МПа су өткізбеушілігі
3. Смолизация – синтетикалық смола тұрақты кристалл аралық байланыстар жасайды. майда дәнді құмдар жер асты сулары дейгейі жоғары болғанда   0,5-5 беріктігі R=15,25 кгс/см2 немесе 1,5-2,5 МПа су өткізбеушілігі тиөмендейді.
4. Обжиг (күйдіру) – мұндағы ыстық ауа температурасы 600-800°C қысыммен енгізіледі. шаң тәріздес құмдар, қара топырақ Ауа өткізгіштігі 0,1 см/сек   беріктігі R=10-40 кгс/см2 немесе 1-4 МПа суға тұрақтылығы

 

Темірбетон конструкцияларын күшейтудің негізгі әдістері.

Темірбетон конструкцияларынан жасалған үймереттерді және ескі конструкцияларды күшейту бойынша өндіріс ережелері және технологиясы.

 

Тас конструкцияларынан ғимараттарды және үймереттерді қайта конструкциялау үшін оның негізгі көтеру конструкциясының нақты беріктігін білу қажет. Бұл бағалау әдетте қиратып және қиратпай сынау әдістерімен сол ғимараттың кірпіш ерітіндісінің беріктігін және сонымен қатар болаттың аққыштық шегін анықтаймыз. Бұл жерде бірден-бір көтеру конструкциясының қабілетінің төмендеу факторлары міндетті түрде ескерілуі тиіс (жарықшақ, жергілікті зақымдалулар, эксцентриситеттің вертикал бойынша үлкеюі, көтергіш конструкциялар арасындағы кемуі немесе бұзылуы, мұнан басқа жабын және қабатаралық жабын плиталарының прогондарының жобалық жағдайдан ауытқулары). Тас конструкциясының негізгі сығу күшіне жұмыс істейтіне ескере отырып оларды күшейтудің ең ұтымды тәсілі болып болаттан, темірбетоннан және арматураланған ерітінділер арқылы арнайы құрсау жасау болып табылады.

Арқалық және прогондарды күшейту. Күшейтуді конструктивтік шешімі.

Аталған конструкцияларды күшейтудің оңай және тұрпайы түрі. Ол аталған конструкция қатаң немесе серпінді тіреу орнату болып табылады. Бірақ оған технологиялық процестер кедергі жасаса, онда аталған күшейту қолданылмайды. Әдетте қатаң тіреулер астына немесе жаңадан жеке іргетастар жасалынады.

1-сурет. Қатаң тіректі қолдану арқылы арқалықты нығайту.

1 – күшейтілген арқалық;

2 – қосымша іргетас;

3 – күшейткіш ұстын (тірек);

4- болаттар.

2-сурет. Қатаң порталмен арқалықты нығайту.

1 – күшейтілген арқалық;

2 – қатаң портал;

3 – металды бондаж.

 

Өндіріс ғимараттарды қайта конструкциялау.

Өндіріс кәсіпорындарды техникалық қайта жабдықтау және қайта конструкциялаудың мақсаты және міндеттері.

Өндіріс өнімдерінің көлемінің ұлғаюының негізгі қоғам қажеттілігінің өсуін қанағаттандыруға арналған. Ол үшін: өндірістердің материалды техникалық базасына сапалы өзгеріс енгізуді интерсификациялау арқылы жүзеге асырады. Демек, өндіріс қуатын толығырақ пайдалады, сонымен қатар шикізат және жаран қорының барлық түрін қолданылады, жұмысшылар еңбегін жеңілдету арқылы жұмыстың өнімділігін жоғарлатады. Осы аталған жұмыстар арқылы біз өндірісті қайта конструкциялау және техникалық тұрғыдан қайта қаруландырудың соңғы мақсатына жетеміз. Бұл жерде өндіріс орынының шығара бастауын бірден-бір фактр ретінде ескеру керек.

Қайта конструкциялау және техникалық қайта қаруландыру фактрлар схемасы.

Қайта контрукциялау негізінде, ескі техниканы бүгін күн талабына жауап беретін жаңа техникаға ауыстыру қондырғылармен құрал-саймандарды мадернизациялау өндірісте комплексті түрде механизациялау және автоматизациялау технологиялық процестерді өндірісті ұйымдастыруды жақсарту оның ішінде мамандандырлу және каперациялауды ерекше өсіру шикізатының эффективті түрін қолданады. Шығарылатын өнімнің сапасын жоғарлату және еңбекті ұйымдастыруды жетілдіру болып табылады. Бұл үшін келесі түсініктер өндірісте қайта конструкциялау және техникалық қайта қаруландыру үшін орнықтылған:

1. Кеңейту

2. Қайта конструкциялау

3. Өндірісте қайта конструкциялау

1. Жұмыс істеп тұрған кәсіпорынды кеңейту, бұл қосымша жаңа өндіріс орындарының құрылысы, нақты цехтар және негізгі объектіліерді кеңейту, аталған аймақта қызмет атқару және қосалқы ғимараттарды қосымша немесе жаңа өндіріс алаңдары ретінде пайдалану сонымен қатар осы өндіріс құрамына кіретін, жаңа өндіріс құрамына кіретін жаңа өндіріс және филиалдар құрылысы. Аталған жаңа өндіріс орындарының барлығы негізгі өндіріс балансында орналасқан.

2. Қайта конструкциялау - бұл нақты цехтар және негізгі объектілерінің негізгісі қайта құру. Әдетте аталған жұмыстар атқару барысында өндіріс орындарын кеңейтілу іс-шаралар қарастырмайды.

3. Техникамен қайта қаруландыру – бұл жекеленген өндіріс орындарының техника-экономикалық деңгейін жоғарлату алдыңғы қатарлы техника және технологияларды учаскілерге және цехтарға ендіру механизациялау, автоматизациялау және тозған ескі құрал-саймандармен қондырғыларды жоғарғы өнімді жаңаларына ауыстыру демек техникалық қайта қаруландырудың негізгі мақсаты бұл өндірісте түбегейлі интектификациялау өнімді шығаруеңбек өнімділігін артырып, өнім сапасын жоғарлату жаңа технология арқасында жұмыс орындарын қолданатын материалдар көлемін үнемдеп өнімнің өзіндік құнын кеміту, мұнда техникалық қайта қаруландыруға қарастырған қаржы көлемін оның құрылыс мантаждау жұмыстарының 10% аспауы тиіс.

 

Өндірістік ғимараттарды қайта конструкциялау ерекшеліктері.

Өндіріс ғимараттарын қайта конструкциялау барысында келесі міндеттер атқарлады:

1. Нақты ғимараттар көлемдік жоспарлық құрылымын мадарнизацияланатын немесе орнықтырлатын жаңа өндірісінің қажеттілігіне келтіру, ал кейбір ғимараттардың функцианалды арналуы өзгереді. Демек, мұны жаңа қызмет және цехтар жағдайына келтіру.

2. Нақты ғимараттардың көтергіш және қорғау конструкциялардың эксплуатациялық сапасын жоғарлату және оны жаңа өндіріс талаптарына сәйкестендіру.

3. Ғимараттың негізгі құрылыс өлшемдерін өзгерту (пішімін, жоспарын, бөлмелерін биіктігін, ұстын торын) аталған жұмыстар технологиялық процесстер тоқтатылмай атқарылуы тиіс.

4. Мадернизацияланатын өндірістің инженерлік жүйелерін мадернизациялау арқылы қажеттілігін қамтамасыздандыру және оны жұмысшылар жоғарғы норматалаптарына келтіру.

5. Ғимараттың сыртқы және ішкі көрінісі сәулет көлемдік сапасын жетілдіріп, көркейту.

Өндіріс ғимарат мен үймереттерді қайта конструкциялау жүргізу қажеттілігі.

Шығарылатын өнім және оған қажетті жаңа аспаптар жаңарлату қысқа мерзім арасында болып тұрады, ал олар орналасқан ғимараттар мен үймереттер бастапқы қалыпта сақталады, атап айтсақ машина құрылыс өндірісінде технологиялық өзгеруі және өндірістік аспаптардың жаңалануы 10-15 жыл, химия өндірісінде 6-8 жыл, электроникада 5 жыл. Ғимараттар мен үймереттердің оның физикалық тұрғысынан ұзақ мерзім қызмет етуі 50-100 жыл. Демек, егер біз ғимараттарды ұзақ қызмет етуін төменгі шекарасын алатын болсақ, онда атқарлатын негізгі технология өзгеріп тұрады. Бұл дегеніміз аспаптарды ауыстыру өзгерту барысында өндірістік ғимараттарды жаңалап қайта конструкциялау қажеттілігі туындайды. Ол үшін қайта конструкциялау алдында кәсіпорындарда бастапқы парамертлермен анықтау үшін және негізгі қорды жаңалау концепциясын анықтау ретінде комплексті зерттеу жүргізеді.

Негізгі қорды жаңалайдың комплексті концепциясы.

Пайдаланған әдебиеттер тізімі:

1. Матвеев Е.П. Реконструкция жилых и гражданских зданий. - М., 1999.

2. Под редакцией А.Л. Шагина Реконструкция зданий и сооружений. – М.: 1991.

3. Реконструкция промышленных предприятий. В 2-х томах под ред. д.т.н. В.Д. Топчия. Справочник строителя. -М.: Стройиздат, 1990.

4. Савиовский В.В., Болотских О.Н. Ремонт и реконструкция гражданских зданий. -Харьков, «Ватерпас», 1999.

5. Справочник прораба. Под общей ред. А.И. Парамонова. - Алматы: Изд-во «Капитал», 2006.

 










Последнее изменение этой страницы: 2018-05-31; просмотров: 442.

stydopedya.ru не претендует на авторское право материалов, которые вылажены, но предоставляет бесплатный доступ к ним. В случае нарушения авторского права или персональных данных напишите сюда...