Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция

Желтыйсуслик - CitellusErythogenus Br.




Малый суслик – Citellus pygmaeus Pall. Рыжеватый суслик – Citellus Major Pall.

Желтыйсуслик - CitellusErythogenus Br.

 

Саршұнақтардың дамуына, таралуына тұрақты бақылау учаскелерінде жүйелік бақылау жүргізілген барлық жер көлемі 20000 га құрайды. Жүйелік бақылау жұмыстары барысында саршұнақтардың қоныстануы анықталды.

Сырым ауданы бойынша саршұнақтың негізгі екі түрі: кіші саршұнақ және үлкен саршұнақ түрі таралған. Соның ішінде аудан бойынша кең таралғаны – кіші саршұнақ болып табылады. Наурыз айының екінші онкүндігінің басында ауа-райының жоғарылуына байланысты күн райы жылып қар жамылғысының тез еруі байқалды.

Аудан бойынша кіші саршұнақтардың жер бетіне бастап шығуы Жымпиты ауылдық округіне қарасты далалық жерлерде - 6 наурызда тіркелді. Наурыз айының екінші онкүндігінен бастап ауа-райы төмендеп, көктем айының созылуына байланысты саршұнақтардың қайта ұйқыға кетуі байқалды.

Кіші саршұнақтардың жаппай шығуы басы сәуір айының 5 жұлдызында, аяғы сәуір айының 11 жұлдызында тіркелді.

- Саршұнақтардың жай-күйіне көктемгі (сәуір) тексеріс барысында :

-  Сәуір айындағы эмбриондардың орташа санының көрсеткіші – 6,0 дананы құрады.  

-  Саршұнақтардың жай-күйіне көктемгі (сәуір) тексеріс барысында :

-  Кіші сарышұнақ: аналықтардың орташа салмақтары 100-200 г, аталықтары 150-250 г.

-  Үлкен сарышұнақтарда орташа салмақтары - аналықтары 350-370 гр, аталықтары 400-420 г.

Алғашқы буаз аналық 8 сәуір, соңғы буаз аналық 28 сәуір күні байқалды, алғашқы туылған аналық 9 сәуірде байқалды.

Сарышұнақтардың жас ұрпағының алғашқы қолға түсуі 27 сәуір күні тіркелді.

Кәрі сарышұнақтардың алғашқы ұйқыға кетуі 10 мамырда,жаппай ұйқыға кету аяғы 28 мамырда тіркелді. Ал,жас ұрпақтарының алғашқы жаңа жерлерді мекендеу басы 12 мамырда,аяғы 24 мамырда байқалды.

Аналық сарышұнақтардың бастап ұйқыға кетуі - 10 шілдеде байқалды.

Ұйқыға кеткен кездегі аналық саршұнақтардың орташа салмақтары 280-320 гр құрады.

Жас сарышұнақтардың алғашқы ұйқыға кетуі - 15 шілдеде тіркелді,ұйқыға кетуі аяғы 19 тамызда байқалды.

Аналықтардың орташа салмақтары 200-220 гр,денесінің ұзындығы-17,0-17,5 см, аталықтары 200-250 гр,дене ұзындықтары 18,0-18,5 см құрайды.

    Аудан бойынша сарышұнақтардың таралуына көктемгімониторингтікзерттеужұмыстары егістікке дейінгі 12000 жерде зерттеу жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде қоныстануы 6600 га құрады.Экономикалық зияндылық шегінен асып өңдеуге жатқызылған жер көлемі - 420 га құрады. Сарышұнақтардың ең төмеңгі орналасуы Жымпиты ауылдық округі «Ақниет» шаруа қожалығында егістікке дейінгі 300 метр аймақта 1 га жердегі мекенді індер саны 3,0 дана/га, ең жоғарғы орналасуы Шолақаңқаты ауылдық округі «Куспанкөл» ш/қ-да егістікке дейінгі 300 метр аймақта 1 га жердегі мекенді індер саны 7,0 дана/га құрады.

 

Саршұнақтардың жас ұрпақтарының жаппай таралуына және жаппай ұйқыға кетуі кезеңіндегі жазғы мониторингтік зерттеу жұмыстары егіс маңындағы 22000 гажерде зерттелді, қоныстанғаны 8600 га құрады. Зияндылық шегінен асып, 2017 жылғы өңдеуге жатқызылған жер көлемі 560 га құрады. Саршұнақтардың егістікке дейіңгі 300 метр аймақта ең аз орналасуы Жымпиты а/о қарасты «Ақниет» ш/қ-да 1,0 дананы, ең көп орналасуы Шолақаңқаты а/о «Правда» ш/қ-да 9,0 дананы құрады.

  Сарышұнақтардың аудан егіс алқаптарында себілген дәнді дақылдарға зиян келтірген деңгейін анықтауда жазғы зерттеу жұмыстары Шолақаңқаты а/о «Қарағанды» ш/қ және «Куспанкөл» ш/қ тиесілі жаздық бидай және арпа дақылы егістіктерінде 900 га және 400 га, барлығы 1300 га жер көлемінде жүргізілді. Нәтижесінде зерттелген алқаптарда зақымдалуы жаздық бидай дақылы егістігінде – 2,7 га, арпа дақылы – 1,2 га, барлығы 3,9 га құрады. Егістіктің зақымдалуы 0,3 % құрады.         

Азиатская саранча - Азиялық шегірткесі

 - Locusta migratoria L.

Аудан бойынша азиялық шегірткесінің қоныстануына тұрақты бақылау учаскелерінде жүйелі бақылау жүргізілген барлық аумақ 50000 га құрады, нәтижесінде қоныстануы анықталды.

    Азиялық шегірткесі дернәсілдерінің жер бетіне бастап шығуы Жетікөл ауылдық округі Ақкөл мекені қамыс құрақтарында 21 маусым күні, жаппай шығуы 29 маусым күні тіркелді. Биылғы жылы аталмыш шегіртке зиянкестерінің қоныстануына зерттеу жұмыстары барысында қанаттанған шегіртке зиянкестері анықталмады,бұның себебі соңғы жылдары аталмыш шегіртке зиянкесінің саны төмендеуіне байланысты болып отыр .

Азиялық шегірткесінің күбіршік салу кезеңіне көктемгі мониторингтік зерттеу жұмыстары Жетікөл а/о қарасты қамыс құрақтары жерлерінде 500 га жер көлемінде жүргізілді. Нәтижесінде күбіршіктердің қоныстануы 200 га анықталды. 1 ш.м күбіршіктер саны - 0,8 дананы құрады. Күбіршіктердің зақымдалуы 25 % құрады.

Күбіршіктегі жұмыртқалар саны 40-42 дананы құрады.

  Азиялық шегірткесі дернәсілдерінің шығуы кезеңіндегі көктемгі-жазғымониторингтікзерттеу жұмыстары Алғабас,Қособа және Жетікөл а/о қамыс құрақтары жерлерінде 20800 га жерде жүргізілді. Нәтижесінде қоныстануы 5000 га анықталды.Өңдеуге жатқызылған жер көлемі 2000 га құрады. Азиялық шегірткесі дернәсілдерінің қоныстануы Жетікөл ауылдық округіне қарасты қамыс құрақтарында ең төмеңгі және ең жоғарғы орналасуы 0,1-7,5 дананы құрады.

  Азиялық шегірткесінің шағылысуы және жұмыртқа салу кезеңіндегі жазғы мониторингтік зерттеу жұмыстары Жетікөл,Алғабас,Қособа а/о қарасты қамыс құрақтары және жайылымдық жерлерінде 27500 га аумақта жүргізілді. Нәтижесінде зиянкестердің қоныстануы анықталмады.

Азиялық шегірткелерінің күбіршек салу кезеңіне күзгі мониторингтік зерттеу жұмыстары Жетікөл а/о қарасты қамыс құрақтары жерлерінде 200 га жер көлемінде жүргізілді. Нәтижесінде күбіршіктердің қоныстануы анықталмады.

Сәуір

Мамыр

Маусым

Шілде

Тамыз

Қыркүйек

1  он күндік. 2  он күндік. 3он күндік.. 1 онкүндік. 2 он күн дік. 3 он күн дік.. 1 онкүндік.. 2 он күн дік.. 3 он күн дік. 1 он күн дік.. 2    он күн дік. 3    он күн дік. 1    он күн дік.. 2    он күн дік.. 3    он күн дік.. 1  он күн дік. 2  он күндік.. 3он күндік..
                 
                - - - -            
                                   
                                   
                                   
                           

• жұмыртқа                              #    шағылысуы

- дернәсіл▲▲зиян келтіру кезеңі

+ имаго

Пшеничный трипс (Бидай трипсі) Haplothrips tritici Kurd.

       Бидай трипсінің таралуына жүйелі бақылау жұмыстары барысында олардың алғашқы шығуы 27 сәуірде, ересек трипстердің ұшуы 3 маусымда байқалды.       

  Алғашқы жұмыртқа салуы 11 маусымда байқалды. Бидай трипсі дернәсілдерінің бастап шығуы 27 маусымда, жаппай шығуы 8 шілдеде байқалды.

Тамыз айының 25 жұлдызында дернәсілдердің қыстауға кетуі байқалды.

  Көктемгі аңыздарда қыстап шыққан бидай трипсі дернәсілдерінің жағдайын анықтау үшін Шолақаңқаты а/о қарасты «Қарағанды» ш/қ 100 га егістік танапта жүйелік бақылау жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде қоныстануы анықталмады.

  Бидай трипсі ересек зиянкестерін анықтау мақсатында жазғы жүйелік бақылау жұмыстары Шолақаңқаты а/о қарасты «Абай» ш/қ жаздық бидай егістік алқабында 300 га жер көлемінде зерттеу жұмыстары жүргізіліді. Нәтижесінде қоныстануы 300 га жерде анықталды.    1 сабақтағы ересек бидай трипсінің саны – 2,4 дананы құрады.

  Бидай трипсі дернәсілдерінің орналасуына жазғы кезеңдегі жүйелік бақылау жұмыстары Шолақаңқаты а/о қарасты «Қарағанды» ш/қ, «Куспанкөл» ш/қ және «Правда» ш/қ жаздық бидай егістіктерінде барлығы 1000 га жерде жүргізілді. Нәтижесінде қоныстануы 800 га анықталды. 1 шаршы метрдегі бидай трипсі дернәсілдері зиянкестерінің саны 3,0-6,0 дананы құрады.

  Бидай трипсі дернәсілдерінің орналасуына күзгі жүйелік зерттеу жұмыстары Шолақаңқаты а/о қарасты «Куспанкөл» ш/қ 100 га егістік жерде жүргізілді. Нәтижесінде қоныстануы анықталды. Астық дақылдары бидай трипсі дернәсілдерінің 1 ш/м 2 орналасу тығыздығы - 5,0 дананы құрады.

Сәуір

Мамыр

Маусым

Шілде

Тамыз

Қыркүйек

1    он күн дік. 2      он күн дік. 3он күн дік.. 1  он күн дік. 2 он күн дік. 3 он күн дік.. 1    он күн дік. 2      он күн дік. 3он күн дік.. 1  он күн дік. 2 он күн дік. 3 он күн дік.. 1    он күн дік. 2      он күн дік. 3он күн дік.. 1  он күн дік. 2 он күн дік. 3        он күн дік.
- - - - - -                        
            + +                    
              . . .                
                - - - - - - - - - -
        ▲▲ ▲▲ ▲▲ ▲▲ ▲▲ ▲▲ ▲▲              

- дернәсіл          ▲▲ зиян келтіру кезеңі

     + имаго                             

· жұмыртқа

Ауданның егіс алқаптарында таралған арамшөптер түрлері:

Азжылдық арамшөптерден тауық тары, кәдімгі қара сұлы, кәдімгі сораң, көк итқонақ, мысыққұйрық итқонақ, егістік ярутка.

Көпжылдықтардан кездесетін: тікенқурай, егістік қалуен, далалық шырмауық, қызылот арпабас, татар ақсүттігені, жатаған бидайық.

Кесте № 76

(1 ш.м/дана)

                                     Сырым ауданы бойынша

         2016 жылы егіс алқаптарында арамшөппен ластану кестесі.

Арамшөптер атауы 1 ш/м арамшөптердің орташа саны,дана
тауықтары 6,0
кәдімгі қарасұлы 7,0
кәдімгі сораң 8,0
көк итқонақ 14,0
мысыққұйрық итқонақ 12,0
егістік ярутка 6,0
Азжылдық арамшөптер : 6,0-14,0
талшықты сүттіген 2,0
егістік қалуен 3,0
далалық шырмауық 2,0
қызылот арпабас 2,0
татар ақсүттігені 3,0
жатаған бидайық 2,0
Көпжылдық арамшөптер: 2,0-3,0
Барлық түрімен ластануы: 2,0-14,0

Арамшөптердің өсіп дамуы.

 

                           (Echinochloa crus-galli L.) Ежовникобыкновенный, куриное просо

Тауықтары тұқымының өнуі 13 мамыр, өскіні 18 мамыр, сабақтануы 16 маусым, гүлденуі 15 шілде, жеміс салуы 17 тамызда басталды.

 

 

                        (Avena fatua L.) Овсюг обыкновенный

 

          Кәдімгі қарасұлы тұқымының өнуі 13 мамыр, өскіні 18 мамыр,түптенуі - 27 мамыр, шашақтану - 27 маусым, гүлдену – 8 шілде, жеміс салуы 11 тамызда байқалды.

 

 

                          (Salsola ruthenica Jlijin) Солянка обыкновенная

Кәдімгі сораң тұқымының өнуі 10 мамыр, өскіні 16 мамыр, сабақтануы 14 маусым, гүлденуі 15 шілде, жеміс салуы 12 тамызда басталды.

 

 

                 (Setaria viridis L.) Щетинник зеленый (мышей зеленый)

Көк итқонақ тұқымының өнуі 13 мамыр, өскіні 16 мамыр,түптенуі - 2 маусым, түтіктену - 13 маусым, масақтануы – 24 маусым, гүлденуі 8 шілде, жеміс салуы - 29 шілдеде байқалды.

 

(Setaria glauca L., Setaria pumila) Щетинник сизый (мышей сизый)

 

Мысыққұйрық итқонақ тұқымының өнуі 13 мамыр, өскіні 16 мамыр,түптенуі - 3 маусым, түтіктену - 14 маусым, масақтануы – 23 маусым, гүлденуі 8 шілде, жеміс салуы - 28 шілдеде байқалды.

 

(Amaranthus retroflexus L.) Щирица запрокинутая

Кәдімгі гүлтәжі тұқымының өнуі 12 мамыр, өскіні 20 мамыр,түптенуі - 8 маусым, түтіктену - 17 маусым, масақтануы – 27 маусым, гүлденуі 15 шілде, жеміс салуы - 28 шілдеде байқалды.

 

 

            (Cfenopodium album L.) Марь белая

Ақ алабұта тұқымының өнуі 10 мамыр, өскіні 16 мамыр, сабақтануы - 8 маусым, бүрленуі – 22 маусымда, гүлденуі 11 шілде, жеміс салуы - 28 шілдеде байқалды.

 

                      (Thlaspi arvense L.) Ярутка полевая

Егістік ярутка тұқымының өнуі 7 сәуір, өскіні 12 сәуір, сабақтануы 30 сәуір, гүлшоғырын қалыптастыру 20 мамырда,гүлденуі- 27 мамыр, жеміс салуы - 23 маусым байқалды.

 

 

                        (Euphorbia virgata WK) Молочай лозный

Талшықты сүттіген тұқымының өнуі 18 сәуір, өскіні 26 сәуір, сабақтануы 20 мамыр, бүрленуі – 10 маусымда, гүлденуі – 27 маусымда, жеміс салуы 28 шілдеде басталды.

 

(Cirsium arvense L.) Бодяк полевой

 

Егістік қалуен тұқымының өнуі 21 сәуір, өскіні 28 сәуір, сабақтануы 20 мамырда,бүрленуі – 9 маусымда, гүлденуі - 24 маусымда, жеміс салуы 27 шілдеде басталды.

 

 

                      (Convolvulus arvensis L.) Вьюнок полевой

 

Далалық шырмауық тұқымының өнуі 19 сәуір, өскіні 27 сәуір, сабақтануы 23 мамыр, гүлденуі 21 маусым, жеміс салуы 28 шілдеде басталды.

Ауыл шаруашылық дақылдары егістіктерінде ору науқанынан кейінгі топырақтағы арамшөптер тұқымдарымен ластануы бойынша

2016 жылғы күзгі зерттеу жұмыстарының жылдық есебі

 

Аудан бойынша Шолақаңқаты, Талдыбұлақ, Аралтөбе ауылдық округтерінде егістік танаптарда топырақтың арамшөптер тұқымдарыменластануына300 га жер зерттелді. 

1 га көлеміндегі топырақтың 10-30 см қабатында тұқым саны 15,6 млн.дана құрады. Оның ішінде азжылдық астық тұқымдас арамшөптер тұқымымен ластанған аумақ           1,8 млн.дана/га. Азжылдық қосжарнақты 4,0 млн.дана/га. Атпатамырлы арамшөптер тұқымымен ластанған аумақ 7,0 млн.дана/га. Тамыр сабақты арамшөптер тұқымымен ластанған 2,8 млн.дана/га құрайды.

Арамшөптерге қарсы күрес шаралары жүйелі түрде жүргізілуі кажет. Олардың биологиялық қаблеттерін ескере отырып, атап айтқанда дұрыс ауыспалы егістік жүйесін жүргізу, өңделген таза тұқымдарды себу, уақытылы себу мен өнімді жинау, агротехникалық және химиялық әдістерді үйлесімді қолдану.

2017 жылы агротехникалық және химиялық әдіспен өсімдіктерді қорғау жұмыстары өз деңгейінде жүргізілмесе, арамшөп өсімдіктері егіс алқаптарында биылғы жылдан жоғары болады деп болжамдалуда. Келесі жылы аз жылдық астық тұқымдастар және азжылдық қосжарнақты арамшөптерге қарсы химиялық отау жұмыстарын жүргізу жоспарлануда.

                                        

Нестадные саранчовые (Үйірсіз саяқ шегірткелер)

Крестовая кобылка – Айқышты саяқ шегітке – Pararcyptera microptera F. W.

Белополосая кобылка – Ақ жолақты немесе мүсінді саяқ шегіртке -










Последнее изменение этой страницы: 2018-05-10; просмотров: 868.

stydopedya.ru не претендует на авторское право материалов, которые вылажены, но предоставляет бесплатный доступ к ним. В случае нарушения авторского права или персональных данных напишите сюда...