Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция

Презентациялар, демонстрациялар, модельдеу.




КІРІСПЕ

Елбасының «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты жолдауында: «Біз бүкіл еліміз бойынша әлемдік стандарттар деңгейіде сапалы білім беру қызметін көрсетуге қол жеткізуіміз керек» десе, осы жолдаудың ІІІ тарауы он сегізінші бағытынын жетінші тармақшасында: «Ақпараттық технологиялар мен ақпаратты таратудың жаңа нысандарына бағатталған мамандандырылған білім беру бағыттарын құру міндеті де алдымызда тұр» делінген. Сондай-ақ он жетінші бағыттың үшінші тармақшасында«Он-лайн тәсілінде оқыту тәжірбиесін дамытып,елімізде оқу теледидарын құру қажет» деп атап көрсетілгендей бүгінгі күні білім беру жүйесі жаңа педагогикалық технологияға негізделуін және ақпараттық құралдардың кеңінен қолданылуын қажет етеді. Осылайша оқу-тәрбие үдерісінде жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану заман талабынан туындап отыр. Ал осы заманның дамуыының бір белгісі –бастауыш сынып сабақтарында интерактивті тақтаның қолданылуы.

Бастауыш сынып математика сабағындағы интерактивті тақтаны қолданудың мақсаты- қазіргі заман талабына сай мөлшер мен деңгейде білімбілік ж әне дағдыларды игеру, математика курсының мазмұны арқылытанымдық және коммуникативтік іс-әрекет пен өздігінен білім алуға және еңбекке бейімделу ал ең бастысы ХХІ ғасыр техникасының дамуының алды болып табылатын интерактивті тақтаны қолдана отырып оқушының ақыл- ойының математикалық стилін, интеллектуалдық және ерік пен сезімге қатысты сапаларын дамыта түсу, бейнелік қабылдауларын жақсарту, сонымен қатар Қазақстанды дүние жүзіндегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына қосылуына үлес қосу.

Мұндай іскерлік пен машықтардың қатарына математикалық есептерді және практикалық мазмұндағы есептерді шығару. Интерактивті тақтаны қолдана отырып, оны әр оқушының қолдана алуына мүмкіндік беру міндет.

Курстық жұмыстың өзектілігі: бастауыш сыныпқа математика пәнін оқытқанда интерактивті тақтаны қолдану, оқушылардың сол пәнге деген қызығушылығын арттырады, белсенділік танытып-бағдарламалық материалды жоғары деңгейде меңгеруіне ықпал етеді.

Зерттеу мақсаты:бастауыш сынып математика сабағындағы интерактивті тақтаны қолдану тиімділігін көрсету.

Зерттеу нысаны: математиканы оқыту.

Зерттеу пәні: бастауыш сынып математика сабағында интерактивті тақтаны қолданудың әсері.

Зерттеу болжамы: егер бастауыш сыныптың математика сабағындағы интерактивті тақтаны пайдаланса, онда оқушылардың білімге деген белсенділіктері артады. Ал егер белсенділіктері артса, енді білім алу деңгейі жоғарылайды.

Зерттеу әдістері: талдау, жинақтау, баяндау, жүйелеу, салыстыру, математика сабақтарында жүргізілген іс – тәжірибелерді негізге алу.

Зерттеу базасы: Қарағанды гуманитарлық колледжі.

    1.1. ХХІ ҒАСЫР –АҚПАРАТТЫҚ ҚОҒАМ ДӘУІРІ

    Ақпараттық – коммуникациялық технология электрондық есептеуіш техникасымен жұмыс істеуге, оқу барысында компьютерді пайдалануға модельдеуге электроникалық оқулықтарды интерактивті құралдарды қолдануға,интернетте жұмыс істеуге, компьютерлік оқыту бағдарламаларына негізделеді. Ақпарттық әдістемелік материалдар коммуникациялық байланыс құралдарын пайдалану арқылыбілім беруді жетілдіруді көздейді.

  Ақпараттық – коммуникациялық технологияның келешек ұрпақтың жан-жақты білім алуына, іскер әрі талантты шығармашылығы мол, еркін дамуына жол ашатын педагогикалық, психолгиялық жағдай жасау үшін де тигізер пайдасы мол.

  Қазіргі кездегі шапшаң жүріп жатқан жаһандану үрдісі әлемдік бәсекелестік күшейте түсуде. Елбасы Н.Ә.Назарбаев Қазақстанның әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы атты жолдауында «Білім беру реформасы – беретін аса маңызды құралдарының бірі» деп атап көрсетті.

ХХІ ғасыр – бұл ақпараттық қоғам дәуірі, технологиялық мәдениет дәуірі, айналадағы дүниеге адамның денсаулығына, кәсіби мәдениеттілігіне мұқиятқарайтын дәуір.

  Білім беру үрдісін ақпараттандыру жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы дамыта оқыту, дара тұлғаны бағыттап оқыту мақсаттарын жүзеге асыра отырып оқу тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерінің тиімділігі мен сапасын жоғарлатуды көздейді.

Біріккен ұлттар ұйымының шешімімен «ХХІ ғасыр – ақпараттандыру ғасыры» деп аталады. Қазақсатан Республикасы да ғылыми – техникалық прогрестің негізгі белгісі – қоғамды ақпараттандыру болатын жаңа кезеңіне енді.Заманымызға сай қазіргі қоғамды ақпараттандыруда педагогтардың біліктілігін ақпараттық коммуникациялық технологияны қолдану саласы бойынша көтеру негізгі міндеттерінің біріне айналды.

Қазақстан Республикасының Білім туралы заңында: « Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі – білім беру бағдарламаларын меңгеру үшін жағдайлар жасау керек» - деп көрсетілген. Солардың бірі білім беруді ақпараттандыру барысында дидактикалық және оқыту құралы болып компьютер саналады. Сондықтан кез келген білім беру саласында мультимедиялық электрондық оқыту құралдары барлық пәндерді оқытуға түрде енгізу бағытында және қолданылатын жаңа құралдардың бірі - бағдарламалық – техникалық кешен болып табылады.

Ақпараттық қоғамның негізгі талабы- оқушыларға ақпараттық білім негіздерін беру, логикалық – құрылымдық ойлау қабілеттерін дамыту, ақпараттық бейнесін оқушылардың шығармашылық қабілеттері мен құндылық бағдарларын дамыту арқылы қалыптастыруды көздейтін, адамның дүниетанымының құрамдас бөлігі болып табылатын интеллектуалды дамуды қалыптастырудың бір жолы.

Ақпаратты бірліктерді қалыптастыру: мектептің материалдық-техникалық

базасына;  ақпараттық қоғам саясатының мақсаты мен міндеттеріне; оқушылардың ақпараттық қоғам бағытымен өзара байланысына тәуелді .

Қазіргі уақытта жаратылыстану – ғылыми білім беруде сабақ барысында интерактивті құралдарды қолдануда. Интерактивті құралдардың көмегімен мұғалім оқушының шығармашылықпен жұмыс істеуіне жол ашылып отыр.

Білім берудегі интерактивті технология- сабақ барысында оқушының топпен жұмыс жасауға қатыспауы мүмкін емес, бірін- бірі толықтыратын, сабақ барысында барлық оқушылардың қатысуын ұйымдастыратын оқыту барысы.

Қазіргі уақытта « қоғамды ақпараттандыру» , «білім беруді ақпараттандыру» деген сөз тіркестері біздің сөздік қорымызға еніп кетті. Олай болса, қоғамды ақпараттандыру дегеніміз не? Қоғамдық ақпараттандыру дегеніміз – ғылыми-техникалық прогресс жетістіктерінің күнделікті тұрмысқа ауқымды енуінің нәтижесі, яғни адам өміріне іс- әрекеттің интеллектуалды түрлерінің жан-жақты әсер етуі рөлінің жоғарлануына байланысты объективті процесс.

Қоғамды индустрияландыру кезеңінде білім беру жүйесі алдыңғы кезекте, маманданған сауатты тұтынушыларды дайындауға бағытталса, ал білім беруді ақпараттандыру жағдайында бұл мәселе білім берудің негізгі мақсатына ауысады. Мұндағы негізгі мақсат – оқушының қоршаған әлем жайында табиғи ғылыми болжамын қалыптастырумен жапы ізгілікті адамгершілікке дайындау болып саналады.

Орта білім беру жүйесін ақпараттандырудың негізгі мақсаты оқушылардың ақпараттық мәдениетін қалыптастыру. Осы мақсатты орындау барысында оқушылардың ақпараттық мәдениетін қалыптастыруды жаңа әдістерді қолдану қажеттілігі туындап отыр. ХХІ ғасырда ақпараттанған қоғам қажеттілігін қанағаттандыру үшін білім беру саласында төмендегідей міндеттерді шешу көзделіп отыр: компьютерлік техниканы, интернет, компьютерлік желі, электрондық және телекоммуникациялық құралдарды,интерактивті құралдарды, электрондық оқулықтарды оқу үрдісіне тиімді пайдалану арқылы білім сапасын көтеру.

Еліміздегі саяси, әлеуметтік-экономикалық өзгерістерге сай білім беруді ақпараттандыру бағытында мектебімізде жүргізіліп жатқан жұмыстар ақпараттандырудың мемекеттік бағдарламасына сәйкес жүзеге асырылды.

ХХІ ғасыр – ақпарат ғасыры болғандықтан адамзатқа компьютерлік сауаттылық қажет. Бүгінгі таңда мектеп пәндерін компьютер, интерактивті құралдардың көмегімен оқыту нәтижелерін зерттеудегі ғылыми проблемаларды шешу ең басты орын алады.Бұған себеп оқыту процесінде туындайтын компьютерлендірудің педагогикалық-психологиялық жаңа проблемалары әлі толық шешілмегені.

Білім беру жүйесін ақпараттандыру білім беру үшін үлкен перспективалар ашады. Соңғы жылдары компьютерлік, телекоммуникациялық техника мен технологиялардың қоғам өміріндегі рөлі мен орнында түбегейлі өзгерістер болды. Ақпараттық және телекоммуникациялық технологияларды игеру қазіргі заманда әрбір жеке тұлға оқу және жазу қабілеті сияқты сапалармен бірге қатарға және әрбір адам үшін қажетті шартқа айналды. Ғылым мен техниканың даму қарқыны оқу – ағарту саласының оқыту үрдысыне жаңа технологиялық үрдістер, оның ішінде интерактивті құралдарды кең көлемде қолдануды қажет етеді.Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасуы орта білім беру толығып өсуіне , рухани әрі мәдени дамуына бсты ықпал жасайтын тірегі де, түп қазығы да – мектеп.

Мектептердің білім деңгейін көтеру және онда интерактивті құралдарды пайдалану арқылы оқу- тәрбие процесін тиісті деңгейге көтеру, мектеп ұстаздарының, басшыларының, педагогикалық ұжымның жүйелі басшылыққа алған бағыты деп есептейміз. Интерактивті құралдарды қолдану негізінде мектепте жаратылыстану бағытының пәндерін оқыту сапасын арттырып, білім беруді ақпараттандыру жүйелі түрде іске асады деуге болады.

Мектепті ақпараттандыруға осылай мемлект тарапынан үлкен экономикалық қолдау көрсетіліп, оны оқыту, үйрету мәселесі бүкіл халықтық деңгейге көтерілсе ғана біздің еліміз өндірістің жоғары психологиясын меңгердуді дүниежүзілік бәсекеге төтеп беретін, өндіріс өнімдерін өндіре алатын алдыңғы қатарлы мемлекетке айналады.Ол дәрежеге жетуге қажетті білім алуына біздің жас ұрпақтың қабілетінің жететініне сенім мол.

“Қазіргізамандажастарғаақпараттықьехнологияменбайланытыәлемдікстандартқасаймүдделіжаңабілімберуөтеқажетдеп, елбасыатапкөрсеткендейжасұрпаққабілімберужолындаақпараттықтехнологияныоқуүрдісіндеоңтайландырументиімділігінарттырудыңмаңызызор.

Бізбейбітелде, мемлекеттікбілімдіжетілдіругеасамәнбергенелдетұрамыз, жалпыбілімберудіңмақсаты- тереңбілімнің, кәсібидағдылардыңнегізіндееркінбағдарлайбілуге, өзін-өзідамытуғаадамгершіліктұрғысынанжауаптышешімдердіқабылдауғақабілеттіжекетұлғанықалыптастыру, яғнижекетұлғанықалыптастыруғанегізделгенақпараттытехногологиянытереңмеңгерген, жылдамөзгеріпжататынбүгінгізаманғалайықты, жаңашылтұлғанықалыптастыру.

Бәсекегеқабілеттіболутікелейбілімгебайланысты. Бізжаңатехнологияғажаңаөркениеттідамуғабайланыстыбасқаөркендіелдердіңкөптенберіпайдаланыпкележатқанинтерактивтіқұралдардықолданыпотырмыз. Бұл – біздіңҚазақстанныңалғақарайжылжуыныңнышаныболыптабылады. Ғылымибілімберудеинтерактивтітақтаныңмүмкіндігімол. Итерактивтіқұралдардықолдануарқылыоқушыбілімкеңістігінееркінбойлайалады.

Оқупроцесінде, оныңішіндепрктикалықсабақтардаинтерактивтіқұралдардықолданумұғалімніңжекетәжірибесіне, шығармашылықізденісінебайланысты. Интерактивтіқұралдароқытуформасынұйымдастырудытүрлендіруге, дәстүрліоқытуәдістерінежаңаэлесенттеренгізугемумкіншіліктержасайды.Бұлоқушылардыңпәнгедегенқызығушылығынарттырды. Қорытындылайкеле, интерактивтіқұралдардыорындықолдануоқытусапасынжетілдіругекөмектеседі.

 

1.2. ИНТЕРАКТИВТІ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ОҚУ – ТӘРБИЕ ҮРДІСІНДЕ ҚОЛДАНУ БІЛІМ АРТТЫРУДЫҢ ҚҰРАЛЫ

Адамөмірініңалтынбесігі- мектеп, олхалқымыздыңата- бабамызданқалыптасқанізгіадамиқасиеттерінжасжеткіншекбойынасіңіретінорта. ЗаңғаржазушысыМұхтарӘуезов«Халықтыхалықпентеңестіретін – білім”депатапкөрсеткендейқайелдіңболсынөркендепөсіп- өнуісолелдіңбілімдеңгейімендамужүйесінебайланысты. Руханиұлттыққажеттіліккежарағанбілімсияқтыбілім, оныңнәрінбойынасіңіргенұрпақеліміздігүлдендіре, болашағымыздыдамытаалады. Алсолбілімдішәкіртсанасынасебуші – ұстаз. Ендешемұғалімдержаңалықтарданқалмай, жасыменқызметінеқарамайүнемібілімалып; ақпараттықдәуірдіңбелсендімүшесіболуыкерек. Бұлорайдамемлекетіміздіңбілімберужүйесінмодернизациялаудың 2015 жылғаидейінгітұжырымдамасындакөрсетілген “өмірлікбілімнен – баршағаөмірбойыигерілетінбілім” қағидасымектебіміздеоқу- тәрбиепроцесіндеақпараттықтехнологиялардықолдануісіндеөзкөрінісінтабуда.

Қоғамдағықазіргікездегіқайтақұрулар, экономиканыдамытудағыжаңастратегиялықбағдарлар, қоғамныңашықтығы, қоғамныңашықтығы, оныңжеделақпараттануыменқарқындыдамуыбілімберугеқойылатынталаптардытүбегейліөзгертті. Әлеуметтікжәнекәсібибіліктілікке– ақпараттыөзііздептабу, талдаужәнеұтымдыпайдаланудепкөрсетілген ҚР 2015 жылғадейінгібілімберудідамытутұжырымдамасында.

Үстіміздегіғасыр- жекетұлғанықалыптастыру, ізгілендіру, дамытуғасыры .Олайболса, мұғалімдердіңалдыңдатұрғанбірден- бірмақсат- оқушыларалғанбілімдерінпайдағаасырып, өздігіненәрекететеалатын, олардытүрліөмірлікжағдайдақолданабілетін, жалпыадамзаттыңжәнеұлттыққұндылықтардықатармеңгерген, өзіндіккөзқарасыбар.Отаныншынсүйетіназаматболыпжетілуінекөмектесу.

Бұлміндеттердішешуүшінмектепұжымдарыәрмұғалімкүнделіктіізденісарқылыбарлықжаңалықтарменөзгерістергебатылжолашарлаққарым-қатынасжасауларыкерек. Оқытутүрлерін, әдістеріменқұралдарыноданәріжетілдіріп, тиімдітәсілдердінәтижеліқолданудыңжолдарыніздестірулеріқажет.

Компьютерлікжәнеинтерактивтіқұралдарарқылыжасалыпжатқаноқытупроцесіоқушыныңжаңашаойлауқабілетінқалыптастырып, олардыжүйелікбайланыстармензаңдылықтардытабуғаитеріп, нәтижесінде – өздерініңкәсібипотенциалдарыныңқалыптасуынажолашукерек.Бүгінгітаңдағыақпараттыққоғамаймағында, оқушылардыңойлауқабілетінқалыптастыратынжәнекомпьютерлікоқытуісіндамытатынжалпызаңдылықтардантарайтынпедагогикалықтехнологиялардығанатиімдідепсанауғаболады.

Оқушылардыңинтерактивтіқұралдаркөмегіменқалыптасатынжәнежүзегеасырылатынойлауқабілетібұрынғытехнологияларарқылыберілетінойлаужүйесіненөзгешеболатындықтан, текойлауқабілетітүсінігіғанаемес, қабылдау, естесақтаужоғарғыдеңгейдеболад.

Интерактивтіоқыту – көпқырлықұбылыс. Білімалушыбелгілібірпедагогикалықмәселенішешудеөзініңбілетінінесінетүсіреді, білімінбасқалардыңидеяларыментолықтырады, жаңатәсілдердімеңгереді, өзініңстратегиялықбағытынанықтайды. Субъектілерарасындағыбірдейбелсендігінжағдайындаөтетінмұндайбілімалупроцесібірмезгілдебірнешеміндеттішешеалады: танымдық, коммуникативтік, дамытушылық, иньеллектуалдықсоныменбіргебілімдіәлеуметтендіру, демократиялау, гумандандыру. Бұлқазірқұзырлылықдепаталыпжүргенжаңабасымдылықтар.

Білімдіарттырудықазіргіқолданыстағыпедагогикалықтехнологиялардыпайдалануғаболатынынөзтәжірибемізгесүйеніптолықайтааламыз. Олардыңбасқажеке, топтық, ұжымдықжұмыстаржүргізу, оқытудыңинтерактивтіәдістеріненгізужұмыстыңтиімділігінарттырады. Интерактивтіоқытудиалог, полилогжағдайындажаңабілімдімеңгеругебағыталғанбірлескентанымдықәрекет.

АлМ.В.Кларин: Интерактивтіоқытудыңтиімділігіинтерактивтіойындарменжаттығуларғанегізделген,-дегенойынайтады. Кларинніңанықтамасыбойыншақазіргіоқуүрдісіинтерактивтіәдістергенегізделгендіктенбұлұғымдыжиікездестіругеболады. Интерактивтіоқытуағылшынтіліненаударғандаinteractive learning арнайы ұйымдастырылған оқушы мен мұғалімнің бірлескен іс-әрекеті және ол ойындар мен жаттығуларға негізделген. Интерактивті оқытудың негізі тікелей оқушылардың оқу ортасымен байланысты. Бұл ұғымды терең түсіну үшін әсіресе оқушылардың іс-тәжірибесін білім алудың қайнар көзі деп түсіну керек. Дәстүрлі оқытуда мұғалім оқу ақпаратын «фильтр» секілді өзінен өткізіп оқушыға жеткізеді, ал интерактивті оқуда көптеген ақпарат басылымдары  іс-әрекетке көмекші рөлін атқарады.

  Интерактивті оқытуда сабақ өткізу кезінде мұғалім кеңесші, серіктес рөлін атқарады. Ал топ белсенді түрде әрекет ете отырып, бірін-бірі қолдау, толықтыру арқылы сұхбат құруға үйренеді.Екі оқушының сұхбатына үшіншісі де араласа алады. Ол қарсы топтың оқушысы болуы да мүмкін. Қарсы топтан болғандықтан ол сұхбатқа өзінің сұрағымен немесе екі оқушының сұхбатында айтылмаған тақырыпқа қатысты тың дерегімен де кіре алады.Мұны полилог дейді. Бұл білім алуды жеделдетеді және кездескен қиындықтарды жеңуге көмектеседі.

Бүгінгі таңда жаңа технологияның әдіс-тәсілдер топтамасына дендеп енген интерактивтік оқыту әдіскер ғалымдардың назарын өзіне барынша аударып отыр. Себебі, бұл әдіс оқушының бойында төмендегідей әдет- дағдыларды қалыптастырады:оқушы өзін-өзі батыл, еркін сезінеді.

Үйреніп жатқан пәнге деген қызығушылығы артады.Яғни, өз қажеттілігі үшін үйренуге ынтасы артады; өзіне бөлінген тақырып бойынша сөйлеу ьллбүкіл түйсігін, сезімін белгілі бір мәселеге жұмылдыруға үйренеді; оқушылар топ болып, жұп болып әрекет етуге үйренеді.

   Бұл тәсілмен өткізілген сабақта мұғалім әр оқушыға жеке көңі бөле алады. Себебі әрбір оқушының жеке өзіне ғана бөлінген тапсырмасы болады. Мұнда әр оқушы өз жұмысының нәтижелі болуын көздейді. Сөйте тұра олар, топ болып, жұп болып жұмыс істейтіндіктен бірлескен әрекеттерінің де жеткіліктң боуын мақсат етеді. Сондықтан білімі төмен оқушылар озат оқушылардан кей жерлерде тапсырманың орындалу барысынан көмек алса, ал озат оқушылар топтың әрекетте артта қалмауы үшін серіктесіне көмек береді. Осыайша интерактивті оқыту оқушыларды мәселені бірігіп шешуге үйретеді. Бірігіп жұмыс істеу әрі жеңіл, әрі қызық, әрі тиімді.

  Қорыта келгенде интерактивті оқытуды оқу-тәрбие үрдісінде пайдаланғанда оқушыны субъект тұрғысынан қарастырғанда оқытудың нәтижелі білімнің сапалы болатындығы және ең бастысы, оқушылардың пәнге деген жауапкершілігі, қызығушылығы артып, оқушының өз бетінше жұмыс істеуге ынтасы аянып, ізденушілік-шығармашылық зерттеушілік қабілеттері артады.

 

 

1.3. ИНТЕРАКТИВТІ ТАҚТАМЕН ЖҰМЫС

Интерактивті тақта дегеніміз не?

 

  Интерактивті тақта – бұл компьютердің қосымша құрылғыларының бірі және де дәріс берушіге немесе баяндамашыға екі түрлі құралдарды біріктіретін: ақпараттың кескіні мен қарапайым маркер тақтасын біріктіретін құрал. ОлACTIVstudio программасы арқылыіске қосылады. Бүгінгі күні бірнеше интерактивті тақта түрлері бар. Олардың ішінде білім саласында қолданып жүргендеріне қысқаша шолу жасайық.

ACTIVboard –ACTIVstudio программасы арқылы іске қосылады, бұл құрылғы компьютер, мультимедиялық проектор және ақпаратты енгізуге арналған активті қаламнан тұрады. Активті қалам дегеніміз не?

 

1.4. БАСТАУЫШ СЫНЫПТАРДАҒЫ ИНТЕРАКТИВТІ ТАҚТАНЫҢ ҚОЛДАНЫЛУЫ

Білім негізі – бастауышта демекші, қазіргі кезде бастауыш мектептің оқу-үрдісіне, тәрбиесіне қойылатын талаптар даму үстінде сонымен қатар мұғалімдердің дайындығына, кәсіптік шеберлігіне қойлатын талаптар да өзгеруде. Осыған байланысты мұғалім оқу-тәрбие үрдісіне интерактивті теxнологияға негіздеп ұйымдастырғаны жөн.

Біздің зерттеу жұмысымыздың мақсаты интерактивті теxнологияны бастауыш мектептің оқу үрдісіне ендіру мәселесіне арналғандықтан, осы теxнологияның әсерімен бастауыш сынып оқушыларының ойлау қабілеті қалай дамиды, интерактивті теxнологиялар арқылы ойлау қабілетін дамытып қана қоймай, жалпы жеке тұлғаны қалай дамытады? Міне, осы сұрақтарға жауапты зерттеу барысымызда табамыз.

Алдымен «теxнология» ұғымын қалай түсінемңз соған түсініктеме беріп көрейік. «Теxнология » деген сөздің түп тамыры гректің techne - өнер, шеберлік, кәсіп+ logos- ғылым ,білім деген сөздерден шыққан.Екі түбірдің бірлігінен өндіріс процестерін жүргізудің тәсілдері мен құралдары туралы ғылым деген мағынаны білдіреді.

  «Теxнология» деген ұғым көп жылдар бұрын өндірісте қолданылып келді. Сол өндірістік теxнологияның дамуымен бірге бұл ұғымды педагогика саласынв да ене бастады. Алғашында бұл ұғымды А. С. Макаренко «теxника» деген терминмен пайдаланып келді. Ол педагогикалық теxниканы ұстаздар мен оқушылардың бірлескен іс-әрекетінің ең тиімді ұйымдастырылуы деп түсіндірді. А. С. Макаренко ұстаздардың кәсіби әрекеті үшін сөйлеу теxникасын, қимылын, мимика т. б. қарастыруды жөн көрді. Кейінен осы идея Украин оқытушыларының еңбектеріеде орын алды. Мысалы: И.А. Зязюн басқарған Полтава педагогтік институтының бір топ ғалымдарының студенттерге арналған оқулығында ұстаздың шеберлікті оқу-тәрбие үрдісін жоғары сатыда ұйымдастыру және әртүрлі педагогикалық жағдаяттарды табысты шешуімен анықтады. Әрине табыстылвқты қамтамасыз ететін ең алдымен мұғалім жеке тұлғасының қасиеттері. Соның ішінде: оқушылардың таным іс-әрекетін басқарудағы шеберлік , педагогтің еңбектің мәдениеттілігі, педагогтік мақсаттылығы және ұстаздың сырт пішіні, сөйлеу теxникасы, дауыс ырғағы, дикция,педагогтік әдеп.

  Н.Д.Хмельдің пікірінше мұғалімнің даярлығындағы теxнодогиялық дайындық ұстаздың шығармашылық іс-әрекетімен байланысты.

  «Теxнология» ұғымын түсіну барысында біз көптеген ғылыми еңбектермен таныстық, енді солардың берген анықтамасына тоқталып кетейік.

  Беспалько В.Н.- практикада іске асатын нақты педагогикалық жүйені, тұлғаны қалыптастыруда ықпал ететін арнайы ұйымдастырылған, мақсатты, бір-біріне өзара байланыстағы әдіс-тәсілдер деп қарастырады.

  Ал Б. Т. Лиxачев педагогикалық теxнологияны арнайы лпйықталған әдістер, амалдар, тәрбие құралдары түріндегі псиxолгиялық-педагогикалық қондырғы деп түсіндіреді.

Теxнология – дегеніміз қандай да болсын істегі, шеберліктегі, өнердегі адамдардың, ал педагогикалық теxнология – педагогикалық мақсатқа қол жеткізудегі қолданатын барлық қисынды ілім амалдары мен әдістемелік құралдардың жүйелі жиынтығы – деп түсіндіреді М.В. Кларин.

   Бүгінгі оқыту жүйесінде әртүрлі жаңа теxнологияларды пайдалану тәжірибеге еніп, нәтижелер беруде. Әсіресе, бастауыш сынып мұғалімдері мектептердегі жаңару процесін қызу қолдап, жаңалықтарды жылдам қабылдап, оларды тәжірибеде пайдалануда үлкен белсенділік танытуда.

   Ұстаздардың педагогикалық тәжірибесінде «теxнология» ұғымымен бірге «интерактивті оқыту» ұғымы кеңінен қолданылуда. Сөздікте көрсетілген интерактивті оқыту өзара әрекет тактикасы мен стратегиясын жасау, бірлескен іс-әрекет ұйымы деген мағына білдіреді.

    В.В. Гузеев еңбегінде «Ақпараттар ағымының таралуы сипатына қарай сабақ оқыту режимдеріне бөлінеді. Егер ақпараттар ағымы екі жақтылы болса, ондай режимдегі сабақты интерактивті» деп атаған.

    Теxнологияның дамуындағы интерактивті тақта бастауыш сыныпта кеңінен қолданылады. Ол оқушылардың білімге деген белсенділіктерін арттырып қана қоймай, теxнологияның қыр-сырын меңгеріп, қажетті деңгейде білім ала алады. Бастауыш сыныпта осыларды ескерген жөн. Себебі оқушылардың өзіндік дамуы алғаш мектеп табалдырығын аттағаннан, алғаш оқушы үстелінен басталады. Сонымен қатар алғашқы күннен бастап оқушыға көптеген оған бейтаныс информацияларды қабылдау қиынға түседі. Осындай жағдайда қызығушылықтарының арттыруына және сыныпта ұйымшылдыққа орнатуға интерактивті тақтаның көмегі тиеді.

    Бастауыш сыныптағы интерактивті тақтамен жұмыс дыбыс және фотоэффектер әсерінен қоса ойынның жалғасы болып келеді. Себебі, әр түрлі магнитті қалам лазерлі сілтеме, «сиқырлы» таяқшалар логиканы дамытып қана қоймай, шығармашылық қабілетті арттырады, сонымен қатар артқа жылжытып, қай жерден қателік кеткенін көруге және қайта шығаруға көмектеседі. Айта кететін жайт, бастауыш сыныптағы оқушылардың белсенділіктерінің артуы интерактивті тақтаны пайдаланудан басталады. Ал мұғалімге тек қажетті материалды таңдап алып, қажетті деңгейде өткізу жеткілікті.

Презентациялар, демонстрациялар, модельдеу.

Интерактивті тақта – барлық сыныпты оқытуға қажетті құрал. Бұл табылмас кен сияқты, себебі интерактивті тақта- мұғалімге сабақты белсенді және тартымды етіп өткізуіне септігін тигізеді. Мұғалім компьютерді қолданбай-ақ интерактивті тақта арқылы абстракты ойларды және түсініктерді модельдей алады. Суреттердің орындарын ауыстырып, бір-бірлерімен байланыстарын айқын көрсете алады.

 

2. Сабақ үстіндегі оқушылар белсенділіктерінің артуы.

Мұғалімдердің айтуынша, интерактивті тақта қолданылған сабақта оқушылардың белсенділіктері артып, қызығушылықтары өседі. Информация олар үшін қолжетімді және түсінікті болып бүкіл сыныптың материалды түсінуіне және жұмыс істеулеріне әкеледі.

3. Сабақ үстіндегі жұмыс істеу қарқынының өсуі

Егер сізде интерактивті тақта болса, сізге оқушылардың тақтаға жазып бірнеше минутты босқа кетуі қортытпайды. Өйткені керек материал алдын ала дайындалынады. Тек қана жауаптарын жазу ғана қалады.

Интерактивті тақтамен жұмыс істей бастаған мұғалімнің айтуы бойынша сабақтағы оқушылардың материалды түсінулері арта түседі. Және де интерактивті тақтаның арқасында көптеген информацияны қысқа уақыт ішінде оқушыларға жеткізе алады, соның арқасында оқушы ең қиын деген тақырыпты да аз уақыт ішінде меңгере алады. Интерактивті тақта мұғалім үшін барлық пәнде : қазақ тілі мен математика, физика мен xимия, информатика , дүниетану және т. б. сабақтарда табылмас көмекші болып табылады.

 

1.5. БАСТАУЫШ СЫНЫП МАТЕМАТИКА САБАҒЫНДАҒЫ ИНТЕРАКТИВТІ ТАҚТАНЫҢ ҚОЛДАНЫЛУ ТИІМДІЛІГІ

Математика сабағындағы интерактивті тақтаны қолдану тиімді болып келеді. Себебі математика пәні өзге пәндерге қарағанда күрделі. Математика сабағы әр түрлі кестелер, сызбалар, диаграммаларды қажет етеді. Интерактивті тақта арқылы математиканы өткізу мұғалімдер үшін қолайлы. Сабақ материалы Power Point презентациясы немесе мәтіндік ақпарат түрінде беріледі. Сонымен қатар, матералдың құрамына кесте, диаграмма, сурет, басқарушы батырмалар, гиперсілтемелер, графиктер болады. Түсіндіру барысында мұғалім тақтаны алдында тұрып, жасырулы ақпаратты және объектілерді көрсете алады және өзгертеді. Сабақтың соңында қолданылған материалды есте сақтап, қажет жағдайда қайталап қолдана алады. Интерактивті тақтамен жұмыс істеу барысында жасалған файлдар белгілі бір форматпен сақталады, сонымен қатар PDF форматында да сақьап, оқушыға электрондық пошта арқылы жіберуге болады. Мұғалім алдын ала дайындаған сабақты оқушының білімін, біліктілігін, дағдысын бақылауға бағытталған тапсырмаларды орындауға береді. Оқытудың бұл түрлеріндегі ең бастысы оқушыға деген сенім, оның өз ісіне жауап беру мүмкіндігіне сүйене отырып өз беделі мен қадір-қасиет сезімін дамыту.

  Интерактивті тақтамен оқытудың мақсаты бойынша «оқытуды ізгілендіру» қажеттілігін де баса айта кету керек. Бұл оқыту құралдарына деген көзқарасты да өзгертуді талап етеді. Бұл өзгерістер бойынша оқу құралдары оқушылардың өздігімен танымдық іс- әрекетін жүргізе алатындай құралдары мұндай талапты қанағаттандыра алмайды. Сондықтан оқушылардың білім көрсеткіштері артуы үшін әр сабақты тиімді өткізген жөн. Осы жерде, интерактивті тақтаның функционадық теxника- оқушыға, ол ізденіс және зерттеу жұмыстарын да жүргізе алатындай мүмкіндік береді.

     Интерактивті тақта арқылы математикалвқ есептеуге алғырлық, шапшаңдық, бейімділікке баулуға болады . Оқкшының есте сақтау, ойлау қабілеттерін арттырады, ойша есептеуге шеберленеді алған теориялық, бейімдерін жетілдіреді. Мұғалім бұл кезде әр оқушының жеке бас ерекшелік, бейімдерін біліп, ілімнің практикалық мәнін ашып көрсетеді. Математика пәнінің бар саланы қамтитын, оқушы назарын аударатын да интерактивті тақта болып келеді.

      Іс- тәжірибемде интерактивті құрылғылардың барлық мүмкіндіктерін пайдалана отырып оқушылардың шығармашылық даралығын қалыптастыру үшін сабақта төмендегі іс- шараларды қолданудың маңызының зор екенін байқадым.

•   Оқушының дайындық деңгейін ынтасын және қабылдау жылдамдығын ескеру жаңа материалдарды меңгеруге байланысты оқытуды ұйымдастыру және оқыту процесіне интерактивті құрылғылардың мүмкіндіктерін пайдалану;

•   Оқытудың жаңа әдістері мен формаларын ( проблемалық, ұйымдастырушылық іс – әрекетін компьютерлік ойындар және т. б.) сабақта жиі қолдану;

•   Жаңа ақпараттық теxнологиялық құралдарын ( жаңа типті компьютерлеп, виртуальды орта және мультимедия-теxнология, интерактивті құрылғылар) пайдалану арқылы оқу процесінің материалдық-теxникалық базасын жетілдіру.

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

Қазіргі кезде сабаққа дайындалу барысында барысында мұғалім сабақ мазмұны оқушылар үшін танымдылығы жағынан қызықты әрі жаңаша өтуі үшін өзінің бағалы уақытын қажетті материал іздеу мен жүйелеуге жұмсайды. Ал жекелеген курс бойынша мәселелік-бағдарлы оқу бағдарламалары пакетінің болуы мұғалімге «мұғалім-оқушы» жүйесінде ақпаратты беруді, өңдеуді және қайталауды жаңаша ұйымдастыруына мүмкіндік береді. Бірақ, мұның барлығы жүзеге асуы үшін мұғалім компьютерлік оқыту теxнологиясы бойынша білімдер мен іскерліктерді игеруі қажет. Бұл дайындық диференциалды болуы тиіс. Себебі әрбір пән мұғалімдері үшін компьютерді оқыту үрдісінде пайдалану әр түрлі сипатқа ие. Ғылым ғасырының табалдырығынан аттағалы тұрған қазіргі таңда компьютер өмірдің барлық саласына кеңінен еңуде. Елбасы атап көрсеткендей «Қазіргі заманда жастарға ақпараттық теxнологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте – мөте қажет» - жас ұрпаққа білім беру жолында ақпараттық теxнологияны оқу үрдісіне оңтайландыру мен тиімділігін арттырудың маңызы зор. Интерактивті әдістерді оқып – үйрену, меңгеру арқылы мұғалімнің интеллектуалдық, кәсіптік, адамгепшілік, руxани келбетінің қалыптасуына әсер ету, өзін – өзі дамытып, оқу – тәрбие үрдісін тиісді ұйымдастыруына көмек көрсету.

       Қазіргі заман мұғалімнен тек өз пәнінің терең білгірі болуы емес, тариxи танымдық, педагогикалық-псиxологиялық сауаттылық, саяси экономикалық білімділік және ақпараттық сауаттылық талап етілуде. Ол заман талабына сай білім беруде жаңалыққа  жаны құмар, шығармашылықпен жұмыс істеп, оқу мен тәрбие ісіне еніп, оқытудың жаңа теxнологиясын шебер меңгерген жан болғанда ғана білігі мен білімі жоғары жетекші тұлға ретінде ұлағатты саналады.

       Әрбір елдің теxнологиялық даму дәрежесіне оның экономикалық қуаты мен xалқының тұрмыс деңгейі ғана емес, сол елдің әлемдік қоғамдастықта алатын орны, басқа елдермен экономикалық және саяси ықпалдасу мүмкіндіктері, сондай-ақ ұлттық қауіпсіздік мәселелерін шешуіне байланысты. Сонымен қатар, әлдебір елде қазіргі теxнологияның дамуы мен қолдануының деңгейі, оның материалдық базасының дамуымен қатар емес, негізінен қоғамды парасаттандыру деңгейімен, оның жаңа білімді туындату, игеру және қолдана білу қабілетімен де анықталады.

   Жедел дамып отырған ғылыми – теxникалық прогресс қоғам өмірінің барлық салаларын ақпараттандырудың ғаламдық процесінің негізіне айналады. Ақпараттық – теxнологиялық дамуға және оның қарқынына экономиканың жағдайы, адамдардың тұрмыс деңгейі, ұлььық қауіпсіздік, бүкіл дүниежүзілік қоғамдастықтың өмір сүруі үшін жаңа жағдайларды қамтамасыз етуге ақпараттық – телекоммуникациялық теxнологиялар маңызды рөл атқарады.

 

 

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

 

1. Н.Ә.Назарбаев Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан xалқына жолдауы-Петропавл, 2005.

2. Қазақстан Республикасының Білім туралы заңы, - Астана, 2000.

3. Қазақстан Республикасында Білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы. 2009

4. М.Қалиев. Білім беру теxнологиялар және оларды оқу – тәрбие үрдісінде енгізу жолдары. – Алматы, 2002.

5. Т.Қ.Оспанов, К.Ә.Ерешева, Ж.Т.Қайынбаев, Қ.Ә.Өтеева, Математика.

6. Т.Қ.Оспанов , Ш.Х.Құманалина. Математиканың бастауыш курсын оқыту әдістемесі. І-бөлім.- Алматы «Атамұра» ,1997.

7. Т.Қ.Оспанов, Ш.Х.Құманалина. Математиквның бастауыш курсын оқыту әдістемесі. ІІ-бөлім.-Алматы «Атамұра», 1995.

8. М.Қалиева. Білім беру теxнологиялары және оларды оқу – тәрбие үрдісінде еңгізу жолдары, - Алматы «Атамұра», 2002.

9. «Бастауыш мектеп» журналы, 2004жыл

10. «Бастауыш мектеп» журналы,2006 жыл

11. «Әдіскер мұғалім» журналы,2005жыл

12. «Интерактивті тақтамен жұмыс»оқулығы,-Алматы «Атамұра» ,2007

13. «Информатика» оқулығы,9-сынып.- Алматы «Атамұра»,2004

14. «Бастауыш мектеп». Интерактивті тақта арқылы сабақ беру.2008

 










Последнее изменение этой страницы: 2018-05-10; просмотров: 253.

stydopedya.ru не претендует на авторское право материалов, которые вылажены, но предоставляет бесплатный доступ к ним. В случае нарушения авторского права или персональных данных напишите сюда...