Студопедия КАТЕГОРИИ: АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция |
Мемлекеттік жастар саясатын іске асыру механизмдері
Ф.7.03-03 Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі М. Әуезов атындағы оңтүстік қазақстан мемлекеттік университеті «Философия және мәдениеттану» кафедрасы
«Жастар саясаты» пәнінен дәріс жинағы
Шымкент, 2018ж.
Ф.7.03-03 Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі М. Әуезов атындағы оңтүстік қазақстан мемлекеттік университеті «Заңтану және халықаралық қатынастар» факультеті «Философия және мәдениеттану» кафедрасы
Бегім А.Б.
«Жастар саясаты» пәнінен дәріс жинағы гуманитарлық және педагогикалық мамандық студенттеріне арналған
Шымкент, 2018ж.
ӘӨЖ061.213(574)
Құрастырған: Бегім А.Б. Жастар саясаты пәнінен дәріс жинағы. – Шымкент: М.Әуезов атындағы ОҚМУ, 2018ж., 46 бет. Оқу жұмыс бағдарламасы, «__24__» __06__ 2016 жылы № ___606___ хаттама ОҚМУ ОӘК бекітілген, таңдау компонентінің оқу бағдарламасы бойынша жасалған. Жастар саясаты пәнінен дәріс жинағы оқу жоспары және жұмыс бағдарламасының талаптарына сәйкес жасалынған. Әдістемелік нұсқауды оқыту үшін барлық қажетті ақпарат қамтылған. Дәріс жинағы мазмұны, сабақты жүргізу жоспары, негізгі терминдер мен ұғымдар, қысқаша теориялық ақпарат, пән бойынша бақылау сұрақтарының тізімі, пән бойынша негізгі және қосымша әдебиеттер қамтылған.
Рецензенттер: Рысбаева С. – с.ғ.к., доцент, М.Әуезов атындағы ОҚМУ. Cатыбекова Э.. – ә.ғ.к., доцент, ОҚМПУ
«Философия және мәдениеттану» кафедрасының мәжілісінде (хаттама №____, «____»_____201___ ж.), «Заңтану және халықаралық қатынастар» факультетінің әдістемелік комиссиясымен (хаттама №____,«____»______201__ж.) қарастырылып баспаға ұсынылды.
М.Әуезов атындағы ОҚМУ оқу - әдістемелік кеңесімен басылымға ұсынылды. ( хаттама №___ «___»_____ 201___ ж.)
© оңтүстік қазақстан мемлекеттік университеті, 2018 Басылымға жауапты Бегім А.Б.
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ Жастар саясатының басымдықтары Қазақстан Республикасының Президенті-Елбасы Н.Ә. Назарбаев бастама жасаған «Қазақстан-2050» стратегиясының түйінді мақсаттарының бірі болып табылады. Жастар – келешегіміздің негізі ретінде өз білімімен, жасампаз еңбегімен және күш-жігерімен өз болашағын құрудың жаңа мүмкіндіктерін алу қажет. Ол ХХІ ғасырда Жаңа Қазақстанның - дамыған, бәсекеге қабілетті және әлемдегі сыйлы мемлекетті қалыптастыруды белсенді жалғастыруы қажет. Мемлекеттік жастар саясатының мақсаты, жастардың шығармашыл, инновациялық күш жігерін қоғамның жасампаз күшіне айналдыру. Аталмыш міндет, жастар ортасындағы процесстердің негізгі заңдылықтарын анықтау негізінде дайындалған пайымды мемлекеттік жастар саясатының нәтижесінде ғана іске асырылады. Осыған байланысты егеменді Қазақстанның стратегиялық міндеттерін іске асыру үшін «Жастар саясаты» оқу пәнін енгізудің қажеттілігін айқындайды. . «Жастар саясаты» пәні студенттерге жастар саясатының тұжырымдамалары туралы қазіргі білімдерді беруге бағытталған және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларына сәйкес әзірленген. Пәннің мақсаты- болашақ мамандарда адамгершілікті, патриотизмді және қазақстандық қоғамдағы саяси процестерді игерудегі толеранттықты дамыту. Студенттердің жалпы және саяси мәдениетін арттыру. Пәнді игеру нәтижесінде: Білу – Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясатының негізгі теориялық ережелерін, негізгі санаттарын, қазіргі бағыттары мен тұжырымдамаларын. Қабілетті – елдегі жағдайға талдау жасауға, қажетті ақпараттарды өз бетінше өңдеуге, өз ойын толық жеткізе білуге, шығармашылық әлеуетті пайдалана отыра қорытындылар жасауға. Игеру – әлеуметтік өзгерістер жағдайында жастар смәселесін шешуге бағытталған тәжірибелік дағдыларды және қазіргі кездегі қолданылатын түсініктік аппаратты. Қолдану – тәжірибеде пәннің негізгі теориялық ережелерін және тұжырымдамасын. Дәріс 1 1.Пәннің мақсаты және міндеттері. 2.Жастар саясатының қалыптасу тарихы. 3.Өскелең ұрпақтың әлеуметтік дамуы бойынша жасалған мемлекеттік шаралар ішкі саясаттың бағыты ретінде. Жастар - қоғамның жемісі және оны түрлендіруші күш екенін анықтау. Бұл шындықты түсіну өскелең ұрпаққа қатысты обьективті дұрыс саясаттың алғышарты болып табылады. Адам өмірге, келешегіне негіз болып табылатын қатынастар жүйесімен, өндіруші күштердің белгілі деңгейімен, мәдениетпен күнделікті кездесетінін ұғындыру. Өмір жолының сипаты, оның бағыты, оның түрлендіруші күші көптеген жағдайда адам басынан өткен жағдайлармен анықталады. Теориялық тұрғыда әр адам өмірде рационалды өмір сүруге құқылы, олардың іске асырылуы да асырылмауы да мүмкін, кей жағдайларда ол бірте-бірте қоғамдық дамудың ыдырауына алып келеді. Бұл көп жағдайда қоғамға, тұтас мемлекетке, олардың бұл мәселе жайлы көзқарасына байланысты болуына назар аударылады. Жастар — келешегіміздің негізі ретінде өз білімімен, жасампаз еңбегімен және күш-жігерімен өз болашағын құрудың жаңа мүмкіндіктерін алу қажет. Ол ХХІ ғасырда Жаңа Қазақстанның — дамыған, бәсекеге қабілетті және әлемдегі сыйлы мемлекетті қалыптастыруды белсенді жалғастыруы қажет. Мемлекеттік жастар саясатының 2020 жылға арналған тұжырымдамасының миссиясы осында жатыр. Тұжырымдама Қазақстанды дамытудың 2030 жылға дейінгі стратегиясының, Қазақстан Республикасы дамытудың 2020 жылға дейінгі стратегиялық жоспарының, үдемелі индустриялық инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасының негізгі ережелеріне жауап береді және Мемлекет басшысының Қазақстан халқы ассамблеясының ХІХ сессиясында, Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» бағдарламалық мақаласында берген тапсырмаларға сәйкес әзірленді. Пәннің мақсаты - болашақ мамандарда адамгершілікті, патриотизмді және қазақстандық қоғамдағы саяси процестерді игерудегі толеранттықты дамыту. Студенттердің жалпы және саяси мәдениетін арттыру. Пәнді игеру нәтижесінде: Білу – Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясатының негізгі теориялық ережелерін, негізгі санаттарын, қазіргі бағыттары мен тұжырымдамаларын. Қабілетті – елдегі жағдайға талдау жасауға, қажетті ақпараттарды өз бетінше өңдеуге, өз ойын толық жеткізе білуге, шығармашылық әлеуетті пайдалана отыра қорытындылар жасауға. Игеру – әлеуметтік өзгерістер жағдайында жастар смәселесін шешуге бағытталған тәжірибелік дағдыларды және қазіргі кездегі қолданылатын түсініктік аппаратты. Қолдану – тәжірибеде пәннің негізгі теориялық ережелерін және тұжырымдамасын.
Жастар саясатының басты басымдылықтарын іске асыру үшін келесі мақсаттар бөлініп көрсетілді: 1. Жастар потратизмінде жастардың қоғами және рухани дамуын қамтамасыз ету. 2. Жастардың еңбек, білім және денсаулығын сақтау саласында әлеуметтік құқықтарын қорғау. 3. Жастардың әлеуметтік–экономикалық қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін жағдайлар жасау. 4. Жастардың рухани және материалдық дамуы үшін жағдайлар жасау. 5. Жастар қоғамдағы инициативаларын ынталандыру және қолдау. 6. Қазақстан жастарын халықаралық мәдени, экономикалық, ғылыми және білім беру процесстеріне тарту. Жастар саясатын жүзеге асырудағы мемлекеттің негізгі ролі негізгі мақсаты нақты тапсырмаларды шешуге бағытталған жастардың патриоттық рухты көтеруге негізделген жобаларын қаржыландыруда. Сонымен бірге, өз мәселелерін өздігінен шешуді көздейтін, жастар мүмкіндігін арттыратын кешенді бағдарламаларды іске асыруға көмегі бар құқықтық және қаржылық-экономикалық механизмдерді құру да мемлекеттің мойнында болса керек. Бұл бағытта жалпы шаруашылықты жүргізу жағдайында экономикалық ортаның белгілі жеңілдіктерін алғашқы кезеңде қалыптастыру, еңбек мотивацияларын арттыру, жастар ортасында кәсіпкерлікті дамыту және көтермелеу тапсырмаларын шешу сияқты мәселелер бар.
Кезінде Қазақ ССР-де 1991 жылы 28 маусымда «Қазақ ССР-дегі мемлекеттік жастар саясаты туралы» №722-XII заңы жұмыс істегені белгілі.
Оның үстіне, жұмыссыз жүрген жас азаматтарға: барлық мемлекеттік өндірістерге, өнеркәсіптерге, ұйымдарға жас азаматтарды жұмысқа қабылдауға квота тағайындау; мемлекеттік оқу орнын бітірушілерге, жас әскери қызметшілерге, үш жылдан астам еңбек стажы барларға жұмысқа орналасуға ұсыныс беру; жұмыс іздестіру кезінде қиыншылықтар көрген, сондай-ақ жұмыссыз ата-аналары немесе оларды ауыстыратын кісілері барлар, бас бостандығынан айырылғандар отыратын жерлерден келген азаматтар, зағип жандар, еріксіз келген мигранттарға еңбекке орналасуда әлеуметтік қорғауды талап ететін кепілдіктер берілген. Тіпті, жас азаматтарға Қазақ ССР-нің және өзге де одақтас республикалардың оқу орындарында коммерциялық негізде оқуға ақы төлеу үшін 10 жылға дейінгі мерзімде несие беру қарастырылған болатын.
Қазіргі кезеңде жастар саясатының жаңа нормативтік-құқықтық базасын құруда жоспарланған іс-шараларға сәйкес жұмыс атқарылуда. Бұл бағыттағы маңызды қадам ретінде республика азаматтарының, оның ішінде жастардың міндеттері мен құқықтарының негізі, қоғамдық қатынастардың барлық салаларындағы кепілдіктер бекітілген, Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 30 тамыздағы жаңа Конституцияның қабылдануын атап өтуге болады.
Естеріңізде болса, Қазақстанда жастар үшін әлеуметтік қызмет 1980 жылдары құрыла бастаған. Бірақ республикамызда оның қарқындап даму шыңы 1990 жылдардың орта кезіне ғана келіп жетті. Сонан соң бұл іс-шара тек 1990-шы жылдардың ортасынан бастап қолға алына бастады және де бүгінгі таңда қайта өрлеу кезеңін бастан кешіріп отырған жайы бар. Мәселен, егер 1995 жылы республикамыздың 12 облысында 31 әлеуметтік қызмет құрылымдық бөлімдері құрылса, 1996 жылы олар 68-ге жеткен. Осы уақытта мемлекеттік органдар тарапынан әлеуметтік қызмет үшін жергілікті бюджет есебінен қажетті анықтамалық-ұйымдастыру және әдістемелік құралдар, әлеуметтік қызмет үшін арнайы мамандар даярлауға көмек көрсетіліп отырды. Бұл қызметтер облыстық орталықтарда орналасып, “сенім телефоны”, жастар еңбек биржасы, үйінен кетіп қалған балалар үшін баспана, медицина-психологиялық кеңес беру пунктер жүйесін құра білді.
ассоциациясы», «Қазақстан жастар одағы» т.б. осындай ұйымдар республика көлемінде жұмыс атқаруда.
Мемлекеттік жастар саясаты елдің әлеуметтік-мәдени дамуының негізі болып табылады. Жастар саясаты өз кезегінде кез-келген елдің басты басымдығы. Өйткені жастар саясатының өзі жастардың қоғамдағы әлеуметтік, экономикалық, саяси, құқықтық, мәдени-рухани мәртебесін сақтау әрі қорғау шаралары жүйесі, осы тұрғыдағы мемлекеттік және қоғамдық органдардың қызметі болып табылады. Сондықтан еліміздің жастарын ұлтжандылыққа, адамгершілікке, білімділікке, өркениеттілікке тәрбиелеу біздің ең басты құндылықтарымыздың бірі болмақ.
Қазақстан Республикасының жастар саясаты мына қағидаларға сүйенеді: · Конституцияда және халықаралық келісімдерде бекітілген адамның негізгі құқығы мен еркіндігін сақтау; · Нәсілі, тілі, діні, жынысы, этникалық және әлеуметтік шығу тегіне және мүліктік жағына қарап жіктеуге жол бермеу; · Жеке адам мен мемлекеттің мүддесін үйлестіру, биліктің барлық саласының, қоғамдық ұйымдар мен топтардың ықпалын топтастыру; Жас кезде қалыптасқан идеялар мен құндылықтар уақыт өткен сайын өзгеріп отырады, дегенмен олар әлеуметтік маңызы бар тұлғаның дүниетанымдық негізін құрайды. Сол себептен де жаңа заңда жастарды әлеуметтік бейімдеу мен рухани және имандылық жағынан дамыту мәселелеріне баса көңіл бөлінген . Адамның адамгершілігінің, этикасының, мінез-құлқының дұрыс қалыптасуында жауапкершіліктің мәні өте зор. Сонымен қатар, адамның жан дүниесі өзінің мойнындағы жауапкершілікті бағалап, түсіне алатындай дәрежеде кемел болуы да шарт. Бұл ол адамның дүниеге көзқарасымен, діни танымымен және алған тәрбиесімен ұштасып жататын мәселе. Сол себептен жоғарыда аталған қасиеттерді жастардың бойына дарыту, қоғамдағы құндылық түсінігін қалыптастыруда ерекше мәнге ие болады. Бұл жағдайдың қалыптасуына жоғары білім, ғылым және мәдениет үнемі ықпал етіп отырған. Жастар өзіне тиімді және болашағы бар, игілікті өмір сүруді қамтамасыз ете алатын білім мазмұны мен формалардан, өзіндік қажеттіліктерін қалыптастырады. Ал қоғам өзінің қызмет ету мен өміршеңдігі мәселелерін шешуге арнайы маман кадрларын дайындауды ойластыруға міндетті. Адам не үшін өмір сүреді? Өзін жүзеге асыру үшін. Нәтижесінде пенде – ұрпақ, тұлға, мұра, ұлт-руханият қалдырады. Соңғысынан – бірегей, төлтума мәдениеттер жиынтығынан әлемдік, жалпыадамзаттық рухани қазына құралады. Барлық елдердің саясатында жастардың қолдауына ие бола білу аскпектісі аса мыңызды болып табылады. Бұл заңдылық әрбір елдің идеологиясына, оның ішінде жаңадан құрылып жатқан елдің де идеологиясына негіз болады. Бұған дәлел ретінде өткен ғасырдың 30-жылдарында АҚШ-та жүргізілген Франклин Рузвельттің жастар бағдарламасын алсақ болады. Жас американдықтардың ұжымдық-патриоттық санасын ту етіп көтеріп, ұтымды жоспарланған қоғамдық жұмыстар жүйесімен елді қысылтаяң шақтан алып шықты. Жапон билеушілері де осы тектес жобаны пайдаланған болатын. Дәстүрлі жапон құндылықтары мен жапон ұлтының өзіндік ерекшеліктеріне байланысты жастар жаңа ақпараттық өркениетті қалыптастыруға жұмылдырылды. Жастар философияда, мәдениеттануда, әлеуметтануда, саясаттануда және басқа ғылымдарда жиі қолданатын ұғым. Алайда бұл әлеуметтік категорияның анықталу ауқымы өте күрделі екендігі ғалымдар ортасында мойындалады. Жалпы «жастар» ұғымы ғылыми әдебиеттерде, оның жастық ерекшеліктеріне қарай қарастырылып, жас шекараларын анықтауға тырысқандық байқалады. БҰҰ-ның мәліметтерінде «жастар» термині мағынасы дүниежүзілік елдері арасындағы айырмашылықтарға тәуелдендіре анықталатыны байқалады. Демек бұл ұғымның анықтамасы немесе оның жасының төменгі және жоғарғы шегі өзгеріп отыратын, елдердің саяси, экономикалық, әлеуметтік және мәдени жағдайларының өзгеріп отыруына, этностық ерекшеліктерге, ұлттық дәстүрге байланысты құбылмалы сипат алуы да ықтимал деген қорытынды жасауға болады. Сондықтан «жастар» ұғымын өзгеріп отыратын категориялар қатарына жатқызуға келеді. Ол – әлеумет тарихының әр кезеңінде өзгеріске ұшырап отыратын, тарихи-әлеуметтік ұғым. БҰҰ-ның мәліметі бойынша «жастар» ұғымының қазіргі заманғы жас шекарасы 13-14 жастан 20-30 жасқа дейінгі аралықты қамтиды. Әлемдік зерттеулерге сүйенетін болсақ, жастар жасының төменгі шегін анықтауда жыныстық жетілуге, жалпы білім алуының аяқталуымен, кәсіптік білім алудың басталу мерзімімен байланыстырылса, ал жоғарғы шегі адамдағы экономиклық тәуелсіздік, жеке дербестік, қаржы құралына иелік ету сезімдерімен, өз отбасын құру мүмкіндіктерімен байланыстырады. Жоғарыда айтылғандарға сүйене отырып, қорыта айтқанда «жастар» – ол қоғамның әлеуметтік-демографиялық тобы; ол жастыққа тән сипаттамалардың жүйесі. Біз «жастар» терминін қоғам әлеуметінің жастар тобы шоғырын білдіру үшін және ғалым-социолог Г.С. Абдрайымованың сөзімен айтқанда, қазіргі тарихи үдеріс аясында келешек құндылықтарын сомдайтын, жаңа қоғамның пайда болуына негіз қалайтын, ескіргенді жаңартатын, қоғамды алға жетелейтін ұлы күшті сипаттайтын ұғым ретінде қолданамыз . Қорыта айтқанда, озық жетістіктерге негізделген білім нәрімен қатар, ұлттық тәрбие құндылықтарын бойына сіңірген ұрпақ ғана ұлт тағдырын тереңінен таразылап, болашағын болжай білетін тұлға ретінде қалыптастырары анық. Ұлттық және жалпыадамзаттық мүдде тұрғысынан жастардың белсендігінің қалыптасуында ұлттық менталитет, патриоттық сезімдермен қатар дүниеге қөзқарастық ұстанымдар мен діни сенімдердің де алатын орны ерекше. Сол себепті де, қазіргі кездегі жастардың ұлттық мәдениеттегі үлесі орасан. Себебі ұлт болашағы, қазақ халқының дәстүрінің жалғасы осы жастардың бойындағы ұлттық сана-сезім мен дүниетанымына тікелей тәуелді. «Ел болам десең бесігіңді түзе» деген қанатты сөз бекер айтылмаса келек. Сондықтан мектептерде, кәсіби білім беру саласында және жоғары оқу орындарында ұлттық-рухани құндылықтарымызды көбірек жастарға жеткізіп, зиянды ағымдар мен теріс пиғылды ұйымдардан сақтандырған дұрыс. Қазақстан елі үшін өзінің әлеуметтік өміріндегі рухани-моральдық құндылықтарын сақтап, жаңғыртып күшейту мәселесі әлемдік жаппай жаһандану заманында өз бет-бейнесін, ішкі әлеуеті мен қайталанбас ұлттық болмысын еш нұқсансыз әрі дамыған күйде ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп отыру мақсатында басымдылық алуы тиіс. Жетпіс жылдық саяси отарлау салдарынан рухани-этникалық «мендігі» қоғамдық санадан өшіріле бастаған кезеңде, егемендігіне қол жеткізген қазақ елі, ендігі кезде шетелдермен саяси, экономикалық, мәдени қарым-қатынастар орнатып экономикалық байланысқа түсті. Бұл кезеңде де рухани моральдық құндылықтарды қалайда сақтап қалу және оны жаңғырту жолдарын іздестіру мәселесі күн тәртібінен алынбауға тиіс. Қазақстан халқы кеңес өкіметіне дейін өзінің рухани атамұрасын, моральдық-этикалық құндылығын, әдет-ғұрып, салт-дәстүрін ислам діні және шариғат өлшемдерімен сәйкестендіріп қалыптастырғаны мәлім. Сондықтан да бүгінгі күні халқымыздың діни-моральдық бет-бейнесін сақтап қалу үшін жан-жаққа, басқа жұрт мәдениетіне еліктемей, оның табиғи жолмен, ғасырлар бойы қалыптасқан діни сана-сенімін, ішкі қуатын қайта жаңғырту ісіне бел байланса, болашақ жастардың бағыт-бағдары адаспайды деген пайымдамыз. Сөйтіп, Шығыс пен Батыстың ізгі құндылықтарын тоғыстыра білген жастардың болашағы айқын болары даусыз. Әдебиеттер: 1. Майлыбаев Б. Государственная молодёжная политика – важнейшийфактор реформ. // Столичное обозрение, 1999, 22 января. - 7с. 2. Маданов Х. Қазақ мәдениетінің қалыптасу кезеңдері. – Алматы: «Қаржы қаражат». 1995. - 136 б. 3. Мургабаева А.С. Қазақ мәдениетіндегі ұлттық ойындардың ерекшеліктері мен рәсімдік негіздері // филос.ғыл.кан. ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған дисс...авторефераты. –Алматы, 2006. – 18 б. 4. Қазақстан Республикасының мемлекеттік жастар саясаты туралы Заңы, 2005.- 15 б. 5. Абдрасилова Г.З., Оразимбетова К.Ш. Ұлттық мәдениет құндылықтар мен мәселелері // Қазіргі заман адамының рухани ізденісі. Халықаралық ғылыми конференция материалдары. – Алматы, 2006 -174 б. 6. Леванов Е. Общественно-политический потенциал молодёжи: 7. Хатаяма И. Цвет сакуры //Япония, 1987. - С. 17-21. 8. Абдрайымова Г.С. Социология молодежи. – Алматы: Жибек жолы, 2008. – 278 б. 9. Жетибаев Е.Ж. Шәкәрім дүниетанымындағы рухани құндылықтар мәселесі // филос.ғ.к. ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған дисс.авторефераты / –Алматы, 2009. – 12 б.
Тақырып 1. Қазіргі жастардың өзекті мәселелері. Дәріс 2 1.Құндылықтар жүйесінің жаһандануы және бұлдырлығы. 2.Қазіргі кездегі жастар және адамгершілік мәселелері. 3. Жастар ортасының радикалдану қатері. 4. Діни секталар және жастар.
Жастардың санасындағы «құндылық» ұғымын дұрыс қалыптастыру елдің болашағын айқындайтын факторлардың қатарына жатады. Адамзат өркениетінің бүгіні мен болашағы көп жағдайда жастардың әлеуметтік белсенділігіне қатысты екені даусыз. Сондықтан жастардың жетілуінің сапалық деңгейі де, жастарға деген жаңа көзқарастың қалыптасуы да үш бірдей фактордың - жастар белсенділігінің қалыптасуының әлеуметтік-мәдени алғышарттары мен жастар саясаты, оның мәдени бетбұрыстарының жиынтығынан және қазіргі кездегі жастардың белсенділігінің әлеуметтік-мәдени болмысына тәуелді болуымен байланыстырылады. Жастар белсенділігі қоғамдық жүйенің дәрежесіне, елдегі саяси-әлеуметтік реформаларға, демократиялық бетбұрыстарға, мәдени құндылықтарға, ұлттық дәстүрге тәуелді, яғни жастар белсенділігінің әр кезде мәдени құндылықтық негіздерін анықтап отырудың заңдылыққа айналуымен байланыстырылады. Сонымен бірге, жастар белсенділігі қоғам мен билік арасындағы алшақтыққа тосқауыл қоймақ ниеттен, құбылмалы әлеуметтік-мәдени ортада өз құқығын қорғамақ шешімнен, жаңа қауымдастықта өз орны мен рөлін қалыптастырмақ талпыныстан туындайды. Осындай сыртқы және ішкі әлеуметтік-мәдени бағдарға байланысты жастар туралы түсінікте, жастар белсенділігінің қалыптасуы мен ол туралы көзқарастардың әрқалай қабылдауы және таралуы табиғи құбылыс. Жастардың әлеуметтік-құндылықтық бағдарына ықпал ететін көптеген факторлар бар. Атап айтар болсақ, олардың қызығушылықтары, қалыптасатын ортасы, діни түсініктері, халықтың салт-дәстүрі, мемлекеттің ұстанымы т.б. – жас ұрпақтың мәдени бағдарына әрқалай ықпал етуде. Қазіргі нарықтық жағдайда құндылық туралы түсініктер мен бағыттар өзара үйлесе бермейді де, сол алшақтық белгілі бір деңгейде жастар арасында құлдырауға тап болғандығы да шындық. Мұның басты себебі ретінде, жастардың өркениеттілік, мәдениеттілік тұрғысынан өзіндік үлгісінің ауытқушылығы деуге болады. Сонымен бірге, төл мәдениетіміз бен құндылықтарымыздың негізін құрайтын салалардың әлсіреуі, ұлттығымызға жат әрекеттердің кеңінен таралуына түрткі болуда. Сонымен қатар, еліміздегі ұлтаралық, дінаралық, конфессияаралық тұрақтылық пен төзімділікті сақтап қалу да барынша маңызды мәселелердің қатарына жатады.
4. Тұтынушылыққа құштарлық
Қазақстан жастары үшін басымдылық адал, мейірімділік, әділдік, шыдамдылық ретіндегі дәстүрлі жалпы адами құндылықтар болуы тиіс. Қазақстан – зайырлы мемлекет, ол жастар мен келешек өскелең ұрпақты тәрбиелеуде әлеуметтік әріптес ретінде діни бірлестіктерді қарайды. Сонымен қатар діндарлық руханилықпен толықтай теңдестірілуге тиіс емес. Ал басқа жағдайларда қоғам секулярлық сипатын жоғалтады, діни қағидаларға бағыныстылығымен өзінің даму болашағын тарылтады.
жаңа адамгершілік бағдарды қалыптастыру: білім мен кәсібилік; денсаулығына деген сындарлы қарым-қатынас; жаңашылдық пен өзгерістерді дұрыс қабылдау; экологиялық таным; табиғаттың баға жетпес құндылығы және қоршаған ортаның және т.б. ахуалына жауапкершілік;
Тұжырымдаманың мақсаты мен міндеттері
2. Салауатты өмір салтын қалыптастыру 3.Құқықтық мәдениетті арттыру және жастар бойында мемлекеттіліктің негізін құраушы құндылықтарына деген құрметті қалыптастыру; 4.Жастарды жұмысқа орналастыру үшін жағдайлар жасау; 5. Жастарға арналған қол жетімді тұрғын үй жүйесін дамыту; 6.Жастарды мәдени құндылықтарға қатыстыру; 7. Жастардың азаматтық және патриоттық сезімдерін өздігінен дамытуына ынталандыру; 8. Жастарды моральдық - рухани сабақтастықты қамтамасыз етуге бағыттау; 9.Мемлекеттік жастар саясатын ғылыми-зерттеумен қамтамасыз ету және нормативтік-құқықтық базасын жетілдіру; 10.Жастарды «Қазақстан-2050» стратегиясын іске асыруға қатыстыру.
Қазақстан мемлекеттігінің негізін қазақ мәдениеті құраса, сол мәдениеттің өзегінде ислам діні жатқандығы ақиқат. Бұл оймен келіспейтіндердің де қарасы аз емес. Соңғы кездері дәстүрлі қазақ мәдениетін терістеп, оны дінсіздік деп танитын топ жастар арасынан да көрініс таба бастады. Бұл айтылып жүрген пікірлердің ұшқары екенін және діни сауатсыздықтан пайда болғанын көзі ашық азаматтар бірден байқайды. Біздің ата-бабалармыздың ешқандай да діни фанатизмге жол бермегені және исламның ақ жолын ұстанғаны белгілі. Себебі, қазақ халқының ауыз әдебиетінде сал-серілердің өлең, жыр-дастандары, ортағасырлық ғұламалардың еңбектері осының айғағы. Жастар - біздің жарқын болашағымыз. Оларға жіті көңіл бөлу, тәрбиелеу - дін жетекшілері мен елбасшылары алдындағы негізгі мәселелердің бірі. Олардың болашағы осыған байланысты. Сондықтан бұл саладан қаражат аяп қалуға болмайды. Жастарымыздың сан ғасырлар бойы қалыптасқан салт-дәстүрін ұдайы жадында сақтап, оны құрмет тұтып қадірлеуі, өз тума-туыстары мен отандастарына ілтипат көрсетуі үшін кезкелген қоғамда нағыз шынайы құндылықтар бірінші орында тұруға тиіс. Бүгінгі таңда еліміздегі діни ахуал туралы сөз қозғаған кезде, жастар туралы айтпай өту мүмкін емес. Себебі ел жастарының дінге деген қызығушылығы жыл сайын артып келеді. Бүгінгі күні кез келген діни ғимаратқа бара қалсаңыз, ондағы жамағаттың көп бөлігін жастар құрайтындығын көрер едік. Бұл қоғамдағы дінді ұстанушы тұрғындардың басым бөлігін жастар құрайтындығын көрсетеді. Дін жастарды несімен қызықтырады? Жастардың пікірі бойынша, дін - адамдарды сабырлыққа және адамдарға деген сүйіспеншілікке тәрбиелей отырып, олардың бойында болашаққа деген сенімділікті қалыптастырады. Көптеген жастар үшін Құдайға деген сенім өмірдегі мәнді құндылық ретінде жақсылыққа деген үміт болып табылады. Демек, дін – адамның рухани қалыптасуы мен дамуында шешуші ықпал ететін факторлардың қатарынан орын алады. Оның үстіне жастардың діни сана-сезімі де үлкен өзгерістерді бастан кешіруде. Бүгінгі таңда мемлекетімізде діни бірлестіктердің саны 3 000 мыңға жетіп, ал діни конфессиялардың 40–тан астам түрі тіркелген. Қазақстанда соңғы жылдары діни институттардың саны мен сапасы артып қара көз қазақтың 500 мыңға жуығы басқа діннің өкіліне айналған. Бір алаңдататыны олардың арасында жастарымыздың саны көбейгендігі. Мәдениеттер мен діндердің халықаралық орталығының осы бағытта жүргізген социологиялық зерттеулері, өздерін дінді ұстанатындардың қатарына жатқызатын жастардың көп бөлігі дінге отбасындағы тәрбие ықпалымен келгендігін көрсетеді. Сонымен қатар, жастардың төрттен бір бөлігі дінге өздерінің рухани ізденістері нәтижесінде келген. Әрбір жетінші респондент дін жолына өз таныстары мен достарының ықпалымен келген болса, ал әрбір оныншы респондент дінге материалдық қиындықтың себебімен келгендігін көрсеткен. Яғни, жастардың дінге келуін оның қоршаған әлеуметтік ортасымен және басқа да әртүрлі жағдайларға қатысты бірнеше факторлармен айқындауға болады. Осы деректер және күнделікті өмірдегі қарапайым бақылаулар жастардың дінге келуі мен ұстануында олардың ішкі ізденістерінен гөрі, сыртқы факторлардың ықпалы басымдау екендігін көрсетеді.
1.Назарбаев Н.Ә. Сындарлы он жыл – Алматы.2000. 2. Назарбаев Н.Ә. Ғасырлар тоғысында – Алматы: Өнер, 1996. 3 Назарбаев Н.Ә. Тәуелсіздік белестері. –Алматы: Жібек жолы, 2012 4. Назарбаев Н.Ә. Қазақстан жолы. –Алматы: Жібек жолы, 2012 5. Назарбаев Н.Ә. Тарих толқынында. –Алматы: Атамұра, 1999 Қосымша әдебиеттер 1. «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты туралы» Қазақстан Республикасының Заңы. 2.«Қазақстан 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» 3. Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары. 4. «Нұр Отан» ХДП «Жас Отан» жастар қанатының 2020 жылға дейінгі «Жастар –Отанға!» стратегиясы. 5.Мукашев Т.Т. Молодежная политика как составная часть государственной социальной политики. – Астана: Академия государственной службы при Президенте РК, 2002 6. Зайниева Л.Ю. Государственная молодежная политика: Казахстан в контексте мирового опыта. – Алматы: Дайк-пресс, 2006 7. Осимбаев А.С. Политико-правовые основы молодежной политики Республики Казахстан.- Астана: МКИОС РК, 2003 8. Мекебаева М. Положение молодежи в Республике Казахстан // Analytic = Аналитическое обозрение. - 2009. -№5(51) . - С. 91-96. 9.Нуров К.И. Национальная идея: к вопросу о национальном единстве // Нуров К.И. Казахстан: национальная идея и традиции. - Алматы, 2011. 10. Аналитический доклад «Молодежь Казахстана-2009» // МОН РК, Астана, 2009. 11. Всемирный доклад ООН по вопросам молодежи, 2007. 12. Проблемы вовлечения молодых людей в жизнь общества. Записка Генерального Секретаря ООН. Февраль 1991 г. // Международные документы по молодежной политике. – М., 1993. – С. 161. 13. Уразов Н. Н., Шойкин Г. Н. Государственная молодежная политика в Республике Казахстан. – Астана: МКИОС РК, 2003. – 280 с. 14. Сборник нормативно-правовых актов по правам молодежи. Казахстанский Институт Молодежи.- Алматы: ОФ «Казахстанский Институт Молодежи», 2004. -156 с. 15. Программа государственной молодежной политики на 2003-2004 годы. //Государственная молодежная политика. Опыт и тенденции развития. В 4-х частях. Часть 1. Н.Н. Уразов, Г.Н. Шойкин и др. – Астана: МКИОС РК, 2003.- 280 с.
Тақырып 2. Қазақстан Республикасының жастар саясатындағы құндылықтар жүйесі. Дәріс 3 1.Патриотизм. Халықтар бірлігі. Мәдени сан алуандық. 2. Толеранттылық. Заңды құрметтеу. Білім беру. Еңбекқорлық. 3. Инновациялық, ғылым және инновация. 4. Отбасы. Денсаулық және спорт. Оң мұраттар. Жаңа экологиялық этика.
|
||||||||||||||||||
Последнее изменение этой страницы: 2018-05-10; просмотров: 1653. stydopedya.ru не претендует на авторское право материалов, которые вылажены, но предоставляет бесплатный доступ к ним. В случае нарушения авторского права или персональных данных напишите сюда... |