Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция

Дерматовенерология кафедрасы




оқу жылы: 2016-2017

1!АКАНТОЛИЗ КЕЗІНДЕ ҚАНДАЙ БІРІНШІЛІК ЭЛЕМЕНТТІҢ ТҮЗІЛУ МЕХАНИЗМІ БОЛАДЫ:

*іріңдік

*+көпіршік

*түйіншек

*күлдіреуік

*көпіршікше

         

    2!ҚАБЫРШЫҚ ДЕГЕНІМІЗ:

     *жаңа тін

     *кепкен жалқық

     *дерманың емізікшелерінің ұзаруы

     *терінің эпидермис деңгейіндегі ақауы

     *+мүйізді қабаттың сыдырылған жасушалары

    3!Ер адамның бет терісінде топтасқан, тері бетінен көтеріңкі, көлемі 0,5 х 0,5 см, дөңгелек пішінді, қуыссыз бөртпе. Олардың арасында осы көлемдегі, қабықпен жабылған жаралар және әр түсті – көкшіл және қоңыр түсті ұсақ тыртықтар. Қай біріншілік бөртпенің ЕҢ ЫҚТИМАЛ сипаты:

 

    

 

     *түйін

     *көпіршік

     *түйіншек

     *күлдіреуік

     *+төмпешік

     4!25 жасар әйел кешке қарай күшейетін қышу сезіміне шағымданып келді. Тексергенде: жұптасқан түйіншекті–көпіршікшелі бөртпелер анықталды. Қандай ЕҢ ЫҚТИМАЛ екіншілік бөртпе тән:

 

   

 

      *жара

     *жарылу

     *вегетация

     *+экскориация

     *лихенифекация

   5! Келесі сипаттама қай біріншілік бөртпенің ЕҢ ЫҚТИМАЛ сипаты: қуыссыз, инфильтративті, теріден көтеріліп тұратын элемент, жазылғанда тыртық және атрофия қалдырмайды, табақшалар түзуі мүмкін:

 

  

 

     *түйін

     *төмпешік

     *көпіршік

     *+түйіншек

     * күлдіреуік

        6! Келесі сипаттама қай біріншілік бөртпенің ЕҢ ЫҚТИМАЛ сипаты: теріден көтеріліп тұратын, мөлшері түйреуіш басынан бұршаққа дейін болатын, жалқықты немесе геморрагиялық сұйықтыққа толы қуысты түзіліс:

 

 

   

 

*түйін

*көпіршік

*түйіншек

*күлдіреуік

*+көпіршікше

     7!38 жасар әйелдің бет терісінде көкшіл қызыл түсті, диаметрі 0,8 см, консистенциясы тығыз, дерманың торлы қабатында орналасқан бөртпе орналасқан. Үрдіс беттің оң жақ бөлігінде орналасқан. Келесі сипаттама қай біріншілік бөртпенің ЕҢ ЫҚТИМАЛ сипаты:

 

 

     

 

     *түйін

     *түйіншек

     *көпіршік

     *+төмпешік

     *күлдіреуік

     9!60 жасар ер адам қолының сыртқы бетіндегі бөртпеге шағымданып қаралды. Бөртпе түйіншек түрінде көрінеді. ЕҢ ЫҚТИМАЛ патогистологиялық үрдіс қандай:

     *спонгиоз

     *акантолизис

     *+гиперкератоз

     *вакуолді дегенерация

     *баллондық дегенерация

     10!Ер адамның бет терісінде топтасқан, тері бетінен көтеріңкі, қуыссыз, көлемі 0,5 х 0,5 см , дөңгелек пішінді. Олардың арасында осы көлемдегі, қабықпен жабылған жаралар және әр түсті – көкшіл және қоңыр түсті ұсақ тыртықтар.  ЕҢ ЫҚТИМАЛ патогистологиялық үрдіс қандай:

     *паракератоз

     *гиперкератоз

     *баллондық дегенерация

     *+инфекциалық гранулема

     * дерманың емізікті қабатының ісігі

     11!28 жасар ер адам дерматологқа қызыл еріннің жоғары бөлігіне шыққан көпіршікшелі бөртпелерге шағымданып қаралды. Қандай патогистологиялық өзгеріс ЕҢ ЫҚТИМАЛ болуы мүмкін:

*паракератоз

     *гиперкератоз

     * инфекциалық гранулема

     *+баллондық дегенерация

     *дерманың емізікті қабатының ісігі

12!Емханаға 65 жасар ер адам сол жақ сирақ терiсі түсінің өзгеруiне шағамданды. Ауырғанына 2 ай болды. Сирақ жарақатының орнында іріңдіктер пайда болып артынан қызару, iсiну, сулану, қабық және шетiнде эпидермис қабаршақтанған. Объективтi: зақамдану ошаға iрi фестонда көрiнiстi, айналадаға тiндерден айқан шектелген, көкшiл-қызыл түстi, инфильтрацияланған. Қабықтарды алып тастағанда астында суланған микроэрозиялар, серозды сұйық бөлiнедi. Біріншілік бөртпепенің қандай ЕҢ ЫҚТИМАЛ морфологиялық өзгеріске ұшырауы мүмкін:

*эрозия

*+тыртық

*жырық 

*вегетация

*лихенификация

   13 !Пациенттің иық, білек, сан, балтырының сыртқы бетінде дөңгелек пішінді, әр түрлі көлемдегі, беті аздап қабыршықтанған ақ дақтар. Үлкен дақтардың шеті иректелген. Жанында түйіншектермен табақшалар бар. Қандай патогистологиялық өзгеріс ЕҢ ЫҚТИМАЛ болуы мүмкін:

               

     *спонгиоз

     *акантолизис

     *+паракератоз

     *баллондық дегенерация

     *инфекциалық гранулема   

14 !СТАФИЛОДЕРМИЯҒА ТӘН:

*+іріңдік

*түйіншек

*төмпешік

*фликтена

*фолликулярлық түйін

  15 ! КЕБЕКТІ ТЕМІРЕТКІГЕ ТӘН КЛИНИКАЛЫҚ БЕЛГІ:

*әр түрлі көлемді тығыз көпіршіктер

*қабыршағы бар түйіншек

*көлемі тары тәрізді іріңдіктер

*терідегі суланулы ошақтары

        *+теріде әр түрлі реңді дақтар

16 !ЕРЕСЕКТЕРДЕГІ ҚОТЫРҒА ТӘН ОРНАЛАСУ: 

*арқа

*бет, мойын

*алақан мен табан

*бастың шашты бөлігі                              

*+саусақ аралық қатпарлар               

    17 !ТЕРІНІҢ ҰШЫҚТЫҚ ЗАҚЫМДАЛУЫНДА КӨРІНЕТІН БІРІНШІЛІК БӨРТПЕ ТҮРІ:

 

*түйін

*төмпешік

*түйіншек

*күлдіреуік

*+ көпіршікше

18 !Айқын кешкі қышу сезімі мазалайтын ер адамда жұптасып орналасқан папуло- везикулалар анықталды. Сипатталған дерматоздың ЕҢ ЖИІ орналасатын жері:

              

 

*шырышты қабаттар

*бұғана асты аймағы

*бастың шашты бөлігі

*+саусақ аралық қатпарлар

*мойынның артқы, бүйір беттері

19!22 жасар әйел дәрігерге жыныстық байланыстан кейін пайда болған қасаға мен жыныс мүшелеріндегі қатты қышу сезіміне шағымданды. Объективті: қасаға мен үлкен жыныс еріндерінде домалақ, бұршақ дәніндей, боз-көкшіл түсті, басқанда жоғалмайтын геморрагиялық дақтар көрінеді. Түктерде майда сіркелер байқалады. Берілген диагноздардың ЕҢ ЫҚТИМАЛЫ:

 

 

*мерез

*қотыр

*трихофития

*+қасаға биті

*аллергиялық дерматит

       20! Дерматолог дәрігерге 28 жасар ер адам кешкі уақытта күшейетін қатты қышу сезіміне шағымданданып қаралды. Қарағанда: саусақ аралық қатпарларда, білектің бүккіш бетінде, іште, сегізкөз аймағында және санның ішкі бетінде қосарланған папуло-везикулезді бөртпелер, нүктелі экскориация байқалады. Берілгендердің ішінде қай дәрілік препарат сыртқы терапияда ЕҢ ОРЫНДЫ:

*сулы тұнба

*цинк майы

*цинк пастасы

*ланолин крем

*+бензилбензоат

        21!35 жасар әйел дәрігерге бас терісі мен мойынның қатты қышуына шағымданып келді. Әйелдің айтуынша қышу сезімі шаштаразға барғаннан соң пайда болған. Бас терісін қарағанда ашық сары «бал тәрізді» қабықтар бар терінің зақым ошағы көрінеді, сонымен қатар фоллиеклиттер, желке терісінің, самай, құлақ арты аймағының экзема тәрізді зақымдануы. Шаштарда жәндіктер салған сіркелер көрінеді. На волосах можно обнаружить гниды, отложенные насекомыми. Берілгендердің ішінде қай дәрілік препарат сыртқы терапияда ЕҢ ОРЫНДЫ:

*сабын-содалы ванна

*бор қышқылының сулы ерітіндісі

*+ниттифорсулы-спиртті ерітіндісі

*гипертониялық ерітіндімен таңу

*хлорлы-сутегі қышқылының ерітіндісі

   22!Дәрігер – дерматологқа 20 жасар ер адам бет терісіне бөртне шығуына байланысты қаралды. Тексергенде: көлемі үлкен емес, жарты шар тәрізді ортасынан түк шығып тұрған іріңдік, айналасы ашық-қызыл түсті қабыну жиегімен көмкерілген. Берілген диагноздардың ЕҢ ЫҚТИМАЛЫ:

 

 

*шиқан

*сыздауық

*жай теміреткі

*+остеофолликулит

*стрептококты импетиго

    23!Дерматологтың қабылдауына 32 жасар ер адам ауру сезімі бар бөртпеге шағымданып қаралды. Ауырғанына 3 ай. Өз бетімен емделген:ихтиол майымен таңғыш қойған. бөртпенің аузы ашылып, ірің аққан, бірақ жаңадан басқа жерлерде жаңа бөртпелер пайда болған. Тексергенде: арқасында көлемі 1,0 х 1,5 см, 10 шақты инфильтрат бар. Кейбіреуінің бетіндегі тері ашық-қызыл түсті, ісінген, түйіндердің ортасында іріңдіктер бар. Кейбір жеке бөртпелердің түсі көкшіл-қызыл түсті, ортасында – болар-болмас жара, одан ірің бөлініп тұр. Сонымен қатар, көлемі 0,5 х 0,5 см көкшіл-қызыл түсті, жаңа тыртықтар бар. Берілген диагноздардың ЕҢ ЫҚТИМАЛЫ:

         

 

 

*+фурункулез

*іріңдікті мерез

*қотыр эктимасы

*созылмалы жаралы пиодермия

*инфильтративті-іріңді трихофтития

24!Дерматологқа 32 жасар әйел қаралды. Маникюрдан кейін, оң қолының ІІІ саусағында ауру сезімі пайда болды. Тексерген кезде жалпы жағдайы қанағаттанарлық, дене қызуы 37,0 С, оң қолының ІІІ саусағындағы тырнақ көбесінің айналасы ісінген, терісі қызарған, аздаған ірің бөлініп тұр. Берілген диагноздардың ЕҢ ЫҚТИМАЛЫ:

 

 

*шиқан

*+күбіртке

*сыздауық

*эризипелоид

*қатты шанкр

25!Дерматологқа 29 жасар ер адам жыныс мүшесінде орналасқан бөртпелерге, қышу және күйдіру сезіміне шағымданып қаралды. Тексергенде: жыныс мүшесінің басында, қызарған фонда жалқықты сұйықтығы бар, топтасқан көпіршікшелер анықталды. Науқас 3 апта бұрын тұмаумен ауырған.  Берілген диагноздардың ЕҢ ЫҚТИМАЛЫ:

   

*хламидиоз

*гарднереллез

*жұмсақ шанкр

*біріншілік мерез

*+гениталды ұшық

 

     26!13 жасар жасөспірімнің қолбасының сыртқы бетінде көп мөлшерде, шектелген, тығыз, ауру сезімінсіз, тері бетінен көтеріңкі, жарты шар тәрізді, қабынусыз, кір-сұрғылт түсті, диаметрі 5 мм, беті кедір-бұдыр түйіншектер. Берілген диагноздардың ЕҢ ЫҚТИМАЛЫ:

  

     *ұшық

     *мерез

     *+сүйел

     *экзема

     *псориаз

      27 !Емханаға 42 жасар әйел адам тұмаудан кейін пайда болған кеуденің бүйір бетінде көпіршікшелерге, ауру сезіміне шағымданып қаралды. Ошақ айқын қызарған. Бөртпелер қабырға аралық жүйке-жүйесінің бойымен орналасқан. Бірнеше күн бұрын зақымдалған ошақта қоңыр түсті қабықтар пайда болды. Тыныштық жағдайда және қозғалған кезде қатты ауру сезімі мазалайды. Берілген диагноздардың ЕҢ ЫҚТИМАЛЫ:

   

*жай теміреткі

*+белдеулі теміреткі

*вульгарлы пемфигус

*буллезді эпидермолиз

*герпетиформды Дюринг дерматозы

    28 !Дәрігердің қабылдауына 2,5 жасар ұл баланың ата-анасы келді. Оларды баласының денесіне шыққан түйіншектер мазалайды. Субъективті шағым жоқ. Алғаш бұл түйіншектерді екі апта бұрын байқаған, олардың саны біртіндеп көбейіп барады. Тексергенде: баланың денесінің жоғарнғы бөлігінде жиырмаға жуық түйіншектер орналасқан, түстері тері түсіндей, інжу тәрізді жылтыр, көлемдері 0,1-ден 0,5 см-ге дейін, жарты шар тәріздес, ортасында кратер тәрізді шұңғылы бар. Пинцетпен түйіншекті қысқан кезде ірімшік тәрізді қоймалжың бөлінеді. Берілген диагноздардың ЕҢ ЫҚТИМАЛЫ:

 

         

*псориаз

*жазық сүйел

*тікенекті теміреткі

*+жұқпалы моллюск

*қызыл жазық теміреткі

29!14 жасар жасөспірім қышу, шаншу сезімімен жүретін ауыз бұрышындағы бөртпелерге шағымданып қаралды. Анамнезінде ауру 3 күн бұрын тартылу және ашу сезімімен жүретін дақтың пайда болуынан басталған. Дақ негізінде көптеген көпіршікшелер пайда болған, олар жартылай жарылып, эрозиялар түзілген. Бөртпелер шығар алдында дене қызуы 38о С жоғарылап, бұлшықеттердің аурырған. Берілген диагноздардың ең ықтималы:

     *езулік

     *пемфигус

     *+қарапайым ұшық

     *Дюринг дерматиті

     *көп түрлі жалқықты эритема

    30 !Дәрігер дерматологқа 44 жасар әйел қышу ауру сезімі, тыртысумен байқалатын табанда орналасқан бөртпелерге шағымданды. Науқас жиі бассейнге барады. Тексергенде: табан күмбезінде және башпай аралықтарында ісінген эритема фонында топтасқан тығыз қабықты, ақшыл түсті, лайлы сұйықтыққа толы, езілген күріш дәніне ұксас, көпіршікшелер және көпіршіктер байқалады. Берілген диагноздардың ЕҢ ЫҚТИМАЛЫ:

 

 

     *табан рубромикозы

     *дисгидротикалық экзема

     *эпидермофития, қабыршықты түрі

     *эпидермофития, интертригинозды түрі

     *+эпидермофития, дисгидротикалық түрі

     31! Емханаға 35 жасар ер адам қаралды. Тексеру кезінде 5-ші және 4-ші, 4-ші және 3-ші башпай аралықтарында эритематозды – қабыршықты әлсіз қышу сезімі бар ошақ анықталды. Ер адам жүзу тренері болып жұмыс істейді. Берілген диагноздардың ЕҢ ЫҚТИМАЛЫ:

 

     *табан сүйелі

     *екіншілік мерез

     *алақан – табан псориазы

     *алақан-табан кератодермиясы

     *+табан эпидермофитиясы қабыршықты түрі

       32!Ауруханаға 45 жасар ер адам башпай арасында орналасқан бөртпеге, қышу және күйдіру сезіміне шағымданып түсті. Тексеру кезінде 5-ші және 4-ші, 4-ші және 3-ші башпай аралықтарында ісіну, ақжемделу, эрозия және жарылу анықталды. Ауырғанына 2 ай. Емделмеген. Моншада жұмыс істейді. Берілген диагноздардың ЕҢ ЫҚТИМАЛЫ:

 

      

     *ихтиоз

     *екіншілік мерез

     *дисгидротикалық экзема

     *алақан-табан кератодермиясы

     *+интертригинозды эпидермофития

33!Дерматолог дәрігерге 16 жасар қыз бала қышу және шаштарының сынуымен жүретін басының шашты бөлігіндегі бөртпелерге шағымданды. 2 айдан бері ауырады. Науқас ит пен мысығы бар жер үйде тұрады. Тексергенде: диаметрі 2х3см, шекарасы айқын емес, дұрыс емес пішінді бірнеше эритематозды-сквамозжы ошақтар көрінеді. Ошақтағы кейбір шаштар тері бетінен 6-8мм жоғарыда сынған. Шаш сынықтары саңырауқулақ спораларының тығыз футлярымен қоршалған. Берілген диагноздардың ЕҢ ЫҚТИМАЛЫ

 

 

*фавус

*склеродермия

*екіншілік мерез

*бастың шашты бөлігінің трихофитиясы

*+бастың шашты бөлігінің микроспориясы

34!Ауруханаға түскен 12 жасар бала ашу және қышу сезімімен жүретін барлық тері жабындысына шыққын бөртпелерге, сонымен қатар басындағы шаштарының түсуіне шағымданды. Жазда науқас ірі қара мал ұстайтын ауылдағы апасының үйінде қонақта болған. Тексергенде: іш, арқа, мойын аймақтарында диаметрі 2х4см, жиегі айқын валик тәрізді көтеріңкі, домалақ эритематозды-қабыршықты дақтар көрінеді. Ошақтың бетінде қабыршықтар, көтеріңкі жиекте көпіршікше, іріңдік, жалқықты-геморрагиялық қабықтар бар. Бастың шашты бөлігінде эритематозды-қабыршықты аздаған ісінумен көрінетін ошақтар. Ошақтағы шаштар тері деңгейінен 2-3мм жоғары сынған. Берілген диагноздардың ЕҢ ЫҚТИМАЛЫ:

 

*фавус

*кандидоз

*+трихофития

*микроспория

*эпидермофития

35!Дәрігердің қабылдауына 32 жасар әйел кеудесінде және арқа терісіде дақтардың пайда болуына, аздаған қышу сезіміне шағымданып келді. Ауырғанына бір жыл болған, ауруын ашық водаемда суға түсумен байланыстырады. Тексергенде: кеудесінде және арқасында көптеген қабынусыз, әртүрлі пішіндегі және көлемдегі, сарғыш-қоңыр түсті бетінде кебекті қабыршықтары бар дақтар. Берілген диагноздың ЕҢ ЫҚТИМАЛЫ

*токсидермия

*себореялық дерматит

*рецидивті мерез

*+кебекті теміреткі

* Жибердің қызғылт теміреткісі

     36 !Дәрігердің қабылдауына 52 жасар ер адам, жұмысшы, оң жақ сирағындағы ауру, күйдіру сезімі бар жараға, ұйқысының бұзылуына, жалпы әлсіздікке шағымданып келді. Ауырғанына 5 ай. Жарақат алғаннан кейін, сыздауық пайда болды, жарылғаннан кейін жараға айналды. Қосымша ауруларынан ошақты өкпе туберкулезі, аяқтағы көк тамырларының тромбофлебиті бар екендігін айтты. Тексергенде: оң жақ сирағындағы латералды бөлігінде аяқ басына қарай өтетін шеті иректелген, жиегі тығыздалған, қабынған, түбі тегіс емес, әлсіз, босаң, сұр түсті грануляциямен жабылған, айтарлықтай жалқықты іріңді бөліндісі бар жара. Ем тағайындау үшін төменде берілген дәрілердің қайсысы ЕҢ орынды болып табылады:

      *анальгетиктер

*цитостатиктер

*+антибиотиктер

*безгекке қарсы

*стероидты гормондар

      37!30 жасар ерке жыныс мүшесінің басына шыққан, субъективті сезімі жоқ, бөртпеге шағымданады, Ауырғанына 3 ай болған. Бөртпенің көлемі үнемі ұлғайуда. Тексергенде: тәждік жүлге аймағында, жыныс мүшесінің басында көлемі 0,4 см  түсі тері түсіндей, кейбір жерлері ақжемделу салдарынан ақшылдау, консистенциясы жұмсақ, жіңішке аяқшада орналасқан. Түйіншектердің беті түрлі-түсті капустаға ұқсас, бөліктерден тұрады. Қандай ем тағайындау ЕҢ орынды болып табылады:

     *+криотерапия, ацикловир 

     *дифлюкан, нистатин майы

     *аевит, В тобының дәрумендері

     *неотигазон, 10% салицил майы

     *жалпы денсаулықты нығайтатын ем

     38!56 жасар әйел қызыл еріннің төменгі бөлігіндегі күйдіру сезімімен байқалатын, бөртпеге шағымданады. Бөртпе үшінші рет мазалап отыр. Рецидив аралығы 2-3 айды құрайды. Рецидив суықтану және суықтық аурулармен байланысты. Тексергенде: қызыл еріннің төменгі бөлігінд,е эритема фонында мөлдір сұйықтығы бар, топтасқан көпіршікшелер, жалқықты қабықтар. Ем тағайындау үшін төменде берілген дәрілердің қайсысы ЕҢ орынды болып табылады:

*дәрумендер

*антибиотиктер

*сульфаниламидтер

*безгекке қарсы дәрілер

*+вирусқа қарсы дәрілер

      39 !29 жасар әйел, дәрігерге табанындағы қышу сезіміне, ойылуға шағымданды. Ауырғанын қатты ыстықтағанмен байланыстырады. Ұзақ походтан кейін, тар аяқ-киімін шешкен соң, табанның башпай аралықтарында ақжемделу, ойылуды байқады. Көпшілік түсетін моншаға түседі, өзі майтабан. Тексергенде: ошақ табанның башпай аралықтарында, башпайдың ішкі бетінде орналасқан. Эпидермистің мүйізді қабаты ісінген, сыдырылған эрозия көрінеді. Табан терісінде – ұсақ, суланатын эрозиялар, табан күмбезінде – топтасқан «күріш дәндері» тәрізді, көпіршікшелі бөртпе, айтарлықтай қабыршықтану. Төменде берілген дәрілердің қайсысын тағайындау ЕҢ орынды болып табылады:

     *вирусқа қарсы

     *безгекке қарсы

     *антигистаминді

     *паразиттерге қарсы

     *+саңырауқұлаққа қарсы

40!48 жасар ер адам қолтық астындағы, субъективті сезімі жоқ даққа шағымданып қаралды. Қолтық астының терісін қарағанда көлемі 8х10 см, анық шектелген, қоңыртым-қоңыр түсті, шеті иректелген, кебекті қабыршықтармен жабылған дақ анықталды. үшін Төменде берілген дәрілердің қайсысын тағайындау ЕҢ орынды болып табылады:

     *дәрумендер

     *+фунгицидты

     *антигистаминді

     *вирусқа қарсы

     *иммуномодуляторлар

    41!Емханаға 35 жасар ер адам қаралды. Тексеру кезінде 5-ші және 4-ші, 4-ші және 3-ші башпай аралықтарында эритематозды–қабыршықты әлсіз қышу сезімі бар ошақ анықталды. Ер адам жүзу тренері болып жұмыс істейді. Қандай емдеу тактикасын тағайындау ЕҢ орынды болып табылады:

     *физиоем

     *электрокоагуляция

     *фукорцинмен өңдеу

     *+сабын-сода ваннасы

     *сұйық азотпен күйдіру

    42!Дәрігерге 43 жасар ер адам қышу, құрғау, қабыршықтануға шағымданып қаралды. Ауырғанына үш жыл болған, алғаш рет табан терісінің құрғауы, жарылуды аңғарған. Ауруын жоғары тершеңдікпен байланыстырады, өйткені жоғары температуралы цехта жұмыс істейді. Жұмыстан соң күнделікті көпшілік жуынатын душта шомылады. Тексергенде: барлық аяқ-басы башпай аралық қатпарлары зақымданған: қабыршықтану, жарылу, табан терісі инфилтративті, құрғақ, табан жүлгелері айқын көрініп тұр, оларда айқын ұн тәрізді қабыршықтану. Зақым табанның бүйір беттеріне және саусақтарға таралған. Қандай жергілікті емдеу тактикасын тағайындау ЕҢ орынды болып табылады:

     *ультродыбыстық ем

     *диатермокоагуляция

     *сұйық азотпен күйдіру

     *+сабын-сода ваннасы

     *магнито-сәулелі-лазерлік ем

    43!Дерматологқа 38  жасар әйел адам 5-ші және 4-ші, 4-ші және 3-ші башпай аралықтарында орналасқан эритематозды-қабыршықты бөртпеге, әлсіз қышу сезіміне шағымданып қаралды. Моншада жұмыс істейді. Қандай дәрілік заттарды жергілікті тағайындау ЕҢ орынды болып табылады:

     *дәрумендер

     *+фунгициды

     *антибиотиктер

     *тыныштандыратын

     *иммуномодуляторлар

     44!Дәрігерге қаралған 25 жасар науқас күнге күйгеннен кейін пайда болған, мойын және денесінің жоғары бөлігінде орналасқан әртүрлі көлемдегі және пішіндегі көптеген гипопигментті дақтарға шағымдандып қаралды. Әр жерлерде сондай-ақ бетінде кебекті қабыршықтары бар сарғыш-қоңыр түсті аздаған дақтар. Төменде берілген дәрілердің қайсысын тағайындау ЕҢ орынды болып табылады:

     *антибиотиктер

     *вирусқа қарсы

     *антигистаминді

     *паразиттерге қарсы

     *+саңырауқұлаққа қарсы

     45 !68 жасар ер адам табандағы қышу сезіміне, тырнақ пластинкаларының өзгеруіне шағымданып дерматологқа қаралды. Тексергенде: табан терісі құрғақ, айқын емес эритема фонында, табан қыртыстарында айқын көрінетін ұн тәрізді қабыршықтану. Сондай-ақ табанның барлық тырнақ пластинкалары зақымдалған. Қалыңдаған сұрғылт-қоңыр түсті. Кейбір тырнақ пластинкалары қалыңдаған және қисайған. Қандай емдеу тактикасын тағайындау ЕҢ орынды болып табылады:

       *+орунгал- пульс-терапия

       *жалпы нығайтатын ем

       *дифлюкан, нистатин майы

       *аевит, В тобының дәрумендері

       *неотигазон, 10% салицил майы

     46!Диспансерге 75 жасар еркек, ерін аймағындағы ауру сезімене шағымданды.Тексергенде езу терісі ылғалды, ақжемделген, қызарған, тез алынатын ақшыл түсті өңезбен жабылған (өңезді алғанда беті тегіс қызыл түсті эрозия ашылады); төменгі ерінде кейбір қызарған аймақ үстінде ақ нүкте тәрізді түйіршікті өңез (өңезді алғанда асты ылғалды, жылтыр). Науқаста имплантантты тістер. Қандай емдеу тактикасын тағайындау ЕҢ орынды болып табылады:

       *+фукорцин,леворин майы

       *цитостатиктер, Видаль сүті

       *дифлюкан, нистатин майы

       *гормондық ем, этил спирті

       * аевит, В тобының дәрумендері

        47 !Дерматология бөліміне 50 жасар ер адам түсті. Мойынның артқы жағына қатты ауыратын инфильтрат пайда болған, біртіндеп өсіп бала алақанына дейін қошқыл- қызыл, ортасы көкшіл бернеше тесіктері бар одан түсі жасыл қан аралас іріңді некротикалық масса бөлініп тұр. Бас ауру және қалтырау. Дене қызуы 38,50С. Қандай емдеу тактикасын тағайындау ЕҢ орынды болып табылады:

   *ультродыбыстық ем

   *сұйық азотпен күйдіру

   *анилин бояуымен өңдеу

   *магнито-сәулелі-лазерлік ем

    *+хирургиялық ем, антибиотик

  48 !30 жастағы әйелдің сол жақ қолтық астында ауру сезімі. Ауырғанына 5 күн болған, алғаш тері астына тығыз инфильтрат пайда болғаннан бастап. Дене қызуы 38,0 С. Сол жақ қолтық аймағында көлемі 2 см ісіну, түсі қошқыл-қызыл түсті, жұқарған, пальпация кезінде қою ақ түсті ірің бөлінеді. Науқас антибиотик (5 күн бұлшық етке цефтриоксон), аутогемотерапия қабылдаған. Нәтижелі ем тағайындау үшін төменде берілген қосымша емнің қайсысы ЕҢ орынды болып табылады:

     *+хирургиялық ем

     *ультродыбыстық ем

     *сұйық азотпен күйдіру

     *анилин бояуымен өңдеу

    *магнито-сәулелі-лазерлік ем

    49!32 жастағы ер адам бетіне шыққан бөртпеге, қышу, күйдіру, ауру сезіміне шағымданады. Ауырғанына 2 жыл. Тексергенде: бет терісінде, иек аймағында ашық-қызыл түсті инфилтрацияланған ошақтар фонында іріңдікті бөртпелер, қабықтар және көптеген эрозиялар, айналасында түйіншекті-іріңдікті бөртпелер. Қандай жергілікт емдеу тактикасын тағайындау ЕҢ орынды болып табылады:

*физиоем

    *гормоналды майлар

    *ультродыбыстық ем

    *сұйық азотпен күйдіру

    *+ фукорцинмен өңдеу

   50 !Дәрігер дерматологқа 30 жасар ер адам мойын аймағындағы теріге шыққан бөртпеге шағымданды. Тексергенде: көлемі үлкен емес жарты шар тәрізді ортасынан түк шығып тұрған іріңдік, айналасындағы тері ашық-қызыл түсті қабынған терінің жиегімен көмкерілген. Қандай жергілікт емдеу тактикасын тағайындау ЕҢ орынды болып табылады:

   *лазеротерапия

   *гормоналды майлар

   * ультродыбыстық ем

   *сұйық азотпен күйдіру

    *+таза ихтиолмен таңба

    51 !60 жастағы ер адам дәрігерге езуінде орналасқан, қышу және аздаған ауру сезімімен байқалатын бөртпеге шағымданып қаралды. Тексергенде: екі езуінде ісінген тоқыраулы-қызарған жиек және жалқықты-іріңді қабық анықталды. Қандай жергілікт емдеу тактикасын тағайындау ЕҢ орынды болып табылады:

    *левомиколь

    *гормоналды майлар

    *таза ихтиолмен таңба

    *сұйық азотпен күйдіру

    *+резорцин ертіндісімен өңдеу

         52!АЙҚЫН СУЛАНУМЕН БАЙҚАЛАТЫН ЭКЗЕМАНЫ ЕМДЕУДЕ ЕҢ МАҢЫЗДЫ:

       *+сулы таңба

*ланолин кремі

*анилин бояулары

*стероидты майлар

     *сутегінің асқын тотығы

53!45жастағы ер адам мойынның артқы бетіндегі қатты қышу сезіміне шағымданады. Тексергенде көрсетілген аймақта тері тоқыраулы қызарған, лихенифицирленген. Зақым ошағының шекарасы айқын емес. Пальпация кезінде тері тығыздалған, кедір-бұдырлы, қатқыл. Берілген диагноздардың ЕҢ ЫҚТИМАЛЫ:

 

    

     *псориаз

*есекжем

*+ошақты нейродермит

*жазық терінің трихофитиясы

*лихеноидты тері туберкулезі

    54!Цемент жасайтын цех жұмысшысында 2 ай жұмас iстегеннен кейiн қол басында, дененiң ашық аймақтарында қышыма, қызару, iрiңдiктi бөртпелер пайда болды және бетiнде микровезикулалар мен сулану бар. Зақымдану ошақтарының шекаралары айқын емес. Анамнезiнде: басқа жұмысшылардың арнайы киiмiн жиi кию, киiмiн сирек жуу. Берілген диагноздардың ЕҢ ЫҚТИМАЛЫ:

 

*қотыр

*токсидермия

*+кәсiби экзема

*себореялақ экзема

*жанасулы дерматит

     55!Дерматологқа 65 жасар ер адам сол жақ сирақ терiсі түсінің өзгеруiне шағамданды. Ауырғанына 2 ай болды. Сирақ жарақатының орнында іріңдіктер пайда болып артынан қызару, iсiну, сулану, қабық және шетiнде эпидермис қабаршақтанған. Объективтi: зақамдану ошаға iрi фестонда көрiнiстi, айналадаға тiндерден айқан шектелген, көкшiл-қызыл түстi, инфильтрацияланған. Қабықтарды алып тастағанда астында суланған микроэрозиялар, серозды сұйақ бөлiнедi. Берілген диагноздардың ЕҢ ЫҚТИМАЛЫ:

 

       

   *нағыз экзема

*тiлме қабыну

*себореяла экзема

*+ микробты экзема

*аллергиялақ дерматит

56!36 жастағы әйел білек және кеудесінде пайда болған бөрпеге байланысты шағымдалды. Ауырғанына 3 жыл болған. Ауру көбіне диетаны бұзумен, әсіресе шоколад жеген соң пайда болады. Тексергенде: бет, мойын, білек терісі аздап инфильтрацияланған, көкшіл-қызыл түсті. Осы фонда көптеген майда папулалар, микровезикулалар, жалқықты аймақтар. Кеуде мен жамбаста жиегі айқын емес, көлемі әртүрлі эритематозды-сквамозды бөртпелер бар. Субъективті – аздаған қышыну сезімі. Берілген диагноздардың

ЕҢ ЫҚТИМАЛЫ:

    

*пруриго

*нейродермит

*токсидермия

*+нағыз экзема

*аллергиялық дерматит

    57 !Мамандығы геолог, жуырда Африканың дамушы елдерінің бірінен командировкадан келген, 30 жасар науқасты тексергенде, кейінгі кезде байқаған қышу сезімі бар күлдіреуікті бөртпелер, қанның жалпы анализінде 15% эозинофильдер анықтаған. . Берілген диагноздардың ЕҢ ЫҚТИМАЛЫ:

           

        

       *+есекжем

*токсидермия

*белдемелі ұшық

*қызыл жазық теміреткі

*жазық тері рубромикозы

     58!Дәрігерге 20 жасар қыз бала қышу сезімімен байқалатын, беттің терісіндегі және бастың шашты бөлігіндегі өзгерістерге шағымданды. Ауырғанына 1 жыл. Зақым құлақ қалқаны, мойынға таралды. Тексергенде: бастың шашты бөлігінде көп мөлшердегі сұрғылт-сұр түсті, босаң кебекті қабыршықтармен қатар, көптеген қабықтар бар, кей жерлерде сулы ошақтар. Шашы құрғақ, табиғи жылтырын жоғалтқан. Субъективті-қышу. Берілген диагноздардың ЕҢ ЫҚТИМАЛЫ:

     

       *псориаз

*пеллагра

*токсидермия

*+себореялық экзема

*аллергиялық дерматит                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                              

59!Дерматологтың қабылдауына 45 жасар ер адам сол жақ балтырындағы қышу және күйдіру сезімі бар бөртпелерге шағымданып келді. 2 ай бұрын аяғын жарақаттап алған. Балтырындағы жарақаттың орнында іріңдіктер, қызару, ісіну, сулану, қабық пайда болған. Тексергенде: зақым ошағы ірі ошақты, жиегі иректелген, жан-жағындағы тіннен айқын шектелген, көкшіл-қызыл түсті, қабынған. Қабықты алғанда асты ылғалды, мөлдір жалқық бөлетін микроэрозиялар бар. Берілген дәрілік препараттардың ЕҢ ТИІМДІСІ:

*анальгетик

*цитостатик

*+антибиотик

*стероидты гормондар

*безгекке қарсы дәрілер

60!Емханаға 27 жасар ер адам қышу сезімімен жүретін бөртпелік элементтерге шағымданды. Қарағанда мойын, шынтақ, тізе арты қатпарында көптеген лихенойдты түйіншектер, қоңыр-қошқыл түсті, олар терең экскориациялары бар, үлкен шекарасы айқын емес ошақтарға біріккен. Дермографизм тұрақты ақ түсті. Сыртқы емге қай дәрілік препаратты тағайындаған жөн:

   *бензил-бензоат

*+гормоналды май

*2% салицил майы

*күкіртті-қара май

*антибиотикті май

61!Цемент жасайтын цех жұмысшысында 2 ай жұмас iстегеннен кейiн қол басында, дененiң ашық аймақтарында қышыма, қызару, iрiңдiктi бөртпелер пайда болды және бетiнде микровезикулалар мен сулану бар. Зақымдану ошақтарының шекаралары айқын емес. Анамнезiнде: басқа жұмысшылардың арнайы киiмiн жиi кию, киiмiн сирек жуу. Берілген зерттеу тәсілдерінің қайсысы диагноз қоюда НЕҒҰРЛЫМ ДҰРЫС:

*жағынды таңба

*иммунологиялық зерттеу

*+аллергиялық сынама қою

*жалпы клиникалық зерттеу

*бөртпе элементтерінің қырындысы

62!68 жасар ер адамның сирағындағы жарақат орнында алдымен іріңдіктер, сосын қызарып, ісініп, жалқық, қабық және айналасында сылынған эпителий қалдықтарынан тұратын ошақ пайда болды. Зақым ошағы ірі фестонды, айналадағы тіннен айқын шектелген, қызыл-көкшіл түсті, сіңбеленген. Қабықты алғанда астында серозды сұйықтық бөлетін жалқықты бет ашылады, микроэрозиялар. Берілген дәрілік препараттардың ЕҢ ТИІМДІСІ:

*седативті

*витаминдер

*цитостатиктер

*+антибиотиктер

*стероидты гормондар

63!19 жасар қыздың басының шашты бөлігінде көп мөлшерде кебек тәрізді сарғыш-сұр түсті, борпылдақ қабыршақтар, шаштар құрғақ, жылтырамайды, арасында жалқықты ошақтары бар, көп мөлшерде қабықпен жабылған. Субъективті-қышу сезімі. Берілген дәрілік препараттардың ЕҢ ТИІМДІСІ:

       *ретиноидтар, дәрумендер

*кортикостероидтар, калий препараты

*+антигистаминдер, десенсибилизаторлар

*антибиотиктер, саңырауқұлаққа қарсы препараттар

*цитостатиктер, саңырауқұлаққа қарсы препараттар                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                      

64!ҚАРАПАЙЫМ ҚАТЫНАСТЫҚ ДЕРМАТИТКЕ ТӘН ЕҢ ЫҚТИМАЛ КЛИНИКАЛЫҚ КӨРІНІС:

*вегетация

*терінің некрозы

*қара некротикалық қабық

*папуло-везикулезді бөртпе

*+серозды сұйықтығы бар көпіршік

 65 !Участкелiк дәрiгерге бөртпелi элементтерге және өзiн нашар сезiнуiне шағамданып 40 жастағы науқас келдi. Бөртпелер сульфален қолданғаннан кейiн пайда болды. Объективтi: диаметрi 2-3 см бiрнеше эритематозды домалақ дақтар. Берілген диагноздардың ЕҢ ЫҚТИМАЛЫ:

     *нағыз экзема

    *екiншiлiк сифилис

     *аллергиялақ дерматит

     *+фиксацияланған токсидермия

     *Жибердiң қызғылт темiреткiсi

66!Дәрігерге 24 жасар медбике фурацилин қолданғаннан кейiн саусақтарындаға қышитын бөртпелерге шағымданып қаралды. Фурацилинді қолдануды тоқтатқаннан кейiн бөртпе және қышу сезiмi жоғалды. Қайта қолданғаннан кейiн жайылмалы қызару, iсiну және папуло-везикулездi бөртпелер пайда болған. Берілген диагноздардың ЕҢ ЫҚТИМАЛЫ:

*нағыз экзема

*фотодерматоз

*микробта экзема

*+аллергиялақ дерматит

*дәрi-дәрмек токсидермияса

67!Ер адамда асқазанның ауыру сезiмiн жою үшiн новокаин ерiтiндiсiн қабылдағаннан кейiн: әлсiздiк, бас ауыруы, дене қызуа 38,50 С пайда болды, сонымен қатар кеудесінде, кейін дене терiсiнің барлық жерiнде жайылған эритематозды-уртикарлы, петехиалды және папулезді қашу сезiмiмен жүретін бөртпелер пайда болды. Берілген диагноздардың ЕҢ ЫҚТИМАЛЫ:

*есекжем

*дерматит

*нағыз экзема

*+токсидермия

*жалқықты эритема

68!27 жасар ер адам. Ауырғанына 10 күн. Тауда шаңғы тепкеннен кейін бетінің қызарып ісінуін, көпіршіктер пайда болып сулануын байқаған. Субъективті: ауыру, ашу белгілері бар. Берілген диагноздардың ЕҢ ЫҚТИМАЛЫ:

*экзема

*себорея

*+фотодерматит

*токсикодермия

*аллергиялық дерматит

69!Ұзақ жолға жаңа аяқ киіммен шыққан жолаушының кешкісін табанында ауыратын көпіршектер пайда болған. Берілген диагноздардың ЕҢ ЫҚТИМАЛЫ:

    *табан сүйелі

    *+қарапайым дерматит

    *көп түрлі жалқықты эритема

    *туа пайда болған буллезді эпидермолиз

    *табан эпидермофитиясының дисгидротикалық формасы

70!Келесі клиникалық белгілерде қандай диагноз ЕҢ ЫҚТИМАЛ: қоздырғыш фактор әсер еткен жерде ғана бөртпе пайда болады, ағза сенсибилизациясының, патологиялық үрдістің диссеминациясы немесе перифериялық жайылуының болмауы, қоздырғыш заттар әсерi жойылғаннан кейiн бөртпелердің өздігінен жазылуы:

*есекжем

*нағыз экзема

*токсикодермия

*микробта экзема

*+қарапайым қатынастық дерматит

71!Дерматологқа 47 жасар ер адам бетіндегі күйдіру, ауыру сезімімен жүретін бөртпелерге шағымданып қаралды. Бөртпелер күн сәулесінде ұзақ уақыт болғаннан кейін пайда болған, беті қызарып ісінген, көпіршікшелер мен сулану пайда болған. Берілген дәрілік заттардың қайсысын тағайындаған ЕҢ ЫҚТИМАЛ:

*витамины

*антигистаминдер

*гипосенсибилизация

*дезинтоксикациялық

*+фотодесенсибилизаторлар

72!40 жастағы әйел дерматолог дәрігерге қышу сезімімен жүретін кеуде және аяқ-қол терісіндегі бөртпелерге шағымданды. Бөртпе шықпас бұрын тамағы ауырып бактрим қолданған. Тексергенде денесінде және аяқ қолдарында домалақ пішінді, эритематозды қызғылт-күлгін түстес ошақты көріністер.Науқастың жалпы емінде қай тактика НЕҒҰРЛЫМ ДҰРЫС:

     *цитостатиктер

     *седативті дәрілер

     *антиоксиданттар

     *антибиотикотерапия

     *+десенсибилизациялық

73! Участкелiк дәрiгерге бөртпелi элементтерге және өзiн нашар сезiнуiне шағамданып 40 жастағы науқас келдi. Бөртпелер сульфален қолданғаннан кейiн пайда болды. Объективтi: диаметрi 2-3 см бiрнеше эритематозды домалақ дақтар. Науқастың жалпы емінде қай тактика НЕҒҰРЛЫМ ДҰРЫС:

         *антиоксиданттар

       *витаминотерапия

       *жалпы қуаттандыратын терапия

       *+гипосенсибилизациялық терапия

       *стеройдты емес қабынуға қарсы препарат

74!Пневмониямен ауыруына байланысты 5 күн бойы пенициллин алған науқастың денесімен аяқ қолдарында көптеген ашу және қышу белгілерімен бірге жүретін эритематозды дақтар және күлдіреуік байқалады. Науқасты емдеудің қай тактикасы НЕҒҰРЛЫМ ДҰРЫС:

        *ламизил, трентал, экзодерил-крем

     *винкристин, микосист, флуцинар

     *делагил, витаминотерапия, қорғаныш кремдер

     *дапсон, калий препараты, метилен көгі

                   *+дәріні қабылдауды тоқтату, тавегил, сулы-тұнбалы қоспа

75!37 жасар ер адам дәрігерге саусақтарындағы қышыну, күйдіру белгілеріне шағымданды. Ауруын жуатын химиялық заттармен байланыстырады. Қарағанда: ісінген қызарған ошақта ұсақ көпіршіктер, эрозиялар серозды бөлініспен, қабықтар, шекарасы айқын емес. Берілген диагноздардың ЕҢ ЫҚТИМАЛЫ:

    *йодтық тор

    *физиоем

    *электрокоагуляция

    *фукорцинмен күйдіру

 *+сулы-ылғалды таңба

76!ҚАРАПАЙЫМ ПЕМФИГУСТЫ ЗЕРТТЕУДЕ БЕРІЛГЕН ӘДІСТЕРДІҢ ЕҢ МАҢЫЗДЫСЫ: 

*диаскопия

*Балзер сынамасы

*Поспелов белгісі

*+Никольский белгісі

*калий йодидімен сынама

77!Дерматологқа 37 жастағы ер адам қышу, ашу сезімімен жүретін бөртпелерге, дене қызуының жоғарылауына, катаралды көріністерге шағымдалды. Бөртпе білек аймағында орналасқан. Ауру көктем-күз айларында пайда болады. Тексергенде: көкшіл түсті ортасы түсіңкі дақтар мен көпіршіктер. Берілген диагноздардың ЕҢ ЫҚТИМАЛЫ:  

 

*нағыз пемфигус

*микробная экзема

*Дюринг дерматозы

*буллезді токсидермия

*+көп түрлi жалқықты эритема

78!68 жастағы ер адам дәрігерге кеуде, арқа, аяқ-қолдарындағы бөртпеге шағымданды. 5 жылдан аса ауырады. Аурудың асқынуы жиі көктем, күз айларында пайда болып жылдам регресске ұшырайды. Клиникалық көрінісі бірігуге бейім полиморфты бөртпелерден-эритемалық дақтар, папула, везикула, көпіршік, геморрагиялық қабықтар мен экскориациялардан тұрады. Анамнезінен: соңғы жылдары асқазан-ішек жолдарының ауруларымен көп сырқаттанған. Берілген диагноздардың ЕҢ ЫҚТИМАЛЫ:

*нағыз экзема

*+Дюринг дерматиті

*қарапайым пемфигус

*буллезді эпидермолиз

*Сенир-Ашер пемфигусы

79!55 жастағы әйел ауыз қуысындағы тамақ iшкенде ауыратын бөртпелерiне шағамдалып дәрiгерге көрiндi. Ауарғанына 1 ай болған. Тексергенде бетi тегiс, шеттерi жұлынған ашық қызыл түсті көптеген эрозиялар көрiнедi. Берілген диагноздардың ЕҢ ЫҚТИМАЛЫ:

*бiрiншiлiк мерез

*+кәдiмгi пемфигус

*афтозды стоматит

*ауыз қуысының кандидозы

*Дюрингтiң ұшық тәрiздi дерматитi

80!60 ж. әйел бүкiл денесiндегi ашу, қышу, дене қызуының 380С-а дейін жоғарылауына, әлсiздiкпен қабат жүретiн бөртпелiк элементтерге шағамдалуа. Объективтi: қызарған және iсiнген терiде бос көпiршiктер, үлкен эрозиялар, қабаттасқан қабаршақтар. Никольский белгiсi оң. Науқастың әр қимылы эпидермистiң жыртылуына, үлкен ет-қызыл түстес сулы эрозиялардың пайда болуына әкеп соғада. Берілген диагноздардың ЕҢ ЫҚТИМАЛЫ:

 

      

*кәдiмгi пемфигус

*буллездi эпидермолиз

*Сенир-Ашер пемфигуса

*+жапырақ тәрiздi пемфигус

*Дюринг ұшақ тәрiздi дерматиті

81!Тері аурулар клиникасына 28 жасар науқас эритематозды фонда орналасқан солғын қақпағы бар көпіршіктерге және ашық қызыл түсті эрозияларға шағымдалды. Эрозиялардың шетінде сыдырылған эпидермистің қалдықтары. Зақымдалу ошағының беті жұқа, сарғыш түсті, қырған кезде жеңіл алынатын қабықпен жабылған. Бөртпенің негізгі бөлігі симметриялы түрде бетте, мұрында орналасқан, ал кейбір бөртпелер кеудеде және арқада байқалады. Субъективті сезім жоқ. Ауырғанына 3 ай. Емделмеген. Берілген диагноздардың ЕҢ ЫҚТИМАЛЫ:

 

 *қызыл жегі

 *қарапайым безеу

 *дюринг дерматозы

 *себореялық дерматит

 *+себореялық пемфигус

82!Клиника бөліміне 35 жасар әйел қолтық асты және шап қатпарындағы көлемді эрозияларға шығмдалды. Тексергенде: эрозиялар ашық қызыл түсті өзгермеген теріде орналасқан. Шетінде эпидермистің сыдырылған қалдықтарынан жиек байқалады. Эрозия түбінде жұмсақ папиломатозды өсінділер, сұрғылт түсті өңезбен жабылған. Субъективті қалтырау жалпы әлсіздік зақымдалған ошақта ауру және қышу сезімі. Қосымша ауруы жоқ. Ауырғанына 9 ай. Никольский белгісі теріс. Берілген диагноздардың ЕҢ ЫҚТИМАЛЫ:

     

*эритразма

 *стрептодермия

 *қайталамалы ұшық

 *+вегетациялық пемфигус

 *медикаментозды дерматит

83!55 жасар ер адам кеуде терісіндегі бөртпелік элементтерге шағымданады. Ауырғанына 3 жыл. Бөртпелер шығар алдында қатты ашу мен шаншу сезімі болады. Объективті: кеуде, іш, арқа терісінде дақтар, түйіншектер, көпіршікшелер, көпіршіктер мен күлдіреуіктерден тұратын полиморфты бөртпелер бар. Бөртпелер топтасып орналасқан. Көпіршікшелер мен көпіршіктер айналасындағы тері ісінген, қызғылт-қызыл түсті. Жарылған көпіршіктер орнында қабықтармен жабылған эрозиялар. Берілген дәрілік препараттардың қайсысын тағайындау НЕҒҰРЛЫМ ДҰРЫС:

       *цитостатиктер, кандидаға қарсы

       *безгекке қарсы, витаминотерапия

       *антибиотиктер, саңырауқұлаққа қарсы

       *кортикостероидтар, натрий салицилат

       *+сульфон тобының препараттары, антиоксиданттар

84!48 жасар әйел ауыз қуысындағы эрозиялар мен кеуде терісінде пайда болған көпіршіктерге шағымданды. Объективті: көпіршіктер бүкіл тері бетінде және ауыз қуысында орналасқан. Олардың көлемі 1-ден 3см-е дейін, іші мөлдір және бұлыңғыр сұйықтыққа толы. Жарылған көпіршіктердің орнында көпбұрышты, жалқықты эрозиялар қалған. Никольский белгісі оң. Берілген жағдайда негізгі ем ретінде қай препаратты тағайындау НЕҒҰРЛЫМ ДҰРЫС:

     *пенициллин

       *авлосульфон

       *+преднизолон

       *гистаглобулин

       *натрий салицилат

85!35 жастағы ер адам қолтық пен шап қатпарындағы үлкен эрозияларға шағымданды. Қарағанда айқын қызыл түсті эрозиялар өзгермеген теріде орналасады. Жиегінде сылынып көтерілген эпидермис. Эрозия түбінде сұр жағындымен жабылған жұмсақ папилломатозды өсінділер. Субъективті: қалтырау, жалпы әлсіздік, зақым ошағында қышу және ауру сезімі. Қосымша аурулары жоқ. Ауырғанына 9 ай болған. Берілген диагноздардың ең ықтималы:

Берілген дәрілік препараттардың қайсысын тағайындау НЕҒҰРЛЫМ ДҰРЫС:

     *дифлюкан, нистатин майы

*неотигазон, салицил майы

     *+криотерапия, преднизолон 

       *аевит, В тобының витаминдері

     *жалпы жағдайды жақсартатын терапия

86!60 жасар әйел ашу, қышу сезімімен, дене қызуыныңи 380С көтерілуімен, мазасыздану мен әлсіздікпен жүретін бүкіл тері жабынындағы бөртпелік элементтерге шағымданды. Объективті: қызарған, ісінген теріде бос көпіршіктер, үлкен эрозиялар, қабатталған қабықтар. Никольский белгісі айқын оң. Науқастың әрбір қимылы эпидермистің жыртылуына, беті суланған қызыл -ет түсті үлкен эрозиялардың пайда болуына алып келеді. Сыртқы емнің қай тактикасы НЕҒҰРЛЫМ ДҰРЫС:

     *физиоем

     *йодтық тор

     *+фукорцинмен күйдіру

     *оксигеноталассотерапия

     *ылғалды-кептіретін таңба










Последнее изменение этой страницы: 2018-05-10; просмотров: 1751.

stydopedya.ru не претендует на авторское право материалов, которые вылажены, но предоставляет бесплатный доступ к ним. В случае нарушения авторского права или персональных данных напишите сюда...