Студопедия
АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция
|
Тест тапсырмаларды орындау (тестілеу)
СИЛЛАБУС
Пән: «Морфология және физиология»
Пән коды: МF - 2101
Мамандығы: 5B130100 - «Жалпы медицина»
Оқу сағатының көлемі: 405 сағат (9 кредит)
Курс-ІІ Семестр-ІV;
2017 оқу жылы
Морфологиялық пәндер кафедрасының мәжілісінде қарастырылды.
«____»_________2017ж Хаттама № ____
Кафедра меңгерушісі , профессор м.а. Танабаев Б.Д.
Физиологиялық пәндер және дене шынықтыру кафедрасының мәжілісінде қарастырылды.
«____»_________2017ж Хаттама № ____
Кафедра меңгерушісі м.а., м.ғ.к., доцент м.а. ____________ С.Б.Бисимбаева
1.7 Оқытушылар туралы мәлімет:
№
| Аты-жөні
| Дәрежесі
| Ғылыми бағыты
| 1
| Танабаев Баймахан Дильбарханович
| кафедра меңгерушісі
профессор м.а.
| «Макро-микрогемоциркуляторное русло органов таза при перевязке внутренних подвздошных артерий»
| 2
| Сисабеков Касымхан Ермекбаевич
| м.ғ.д., профессор
| Нейроиммуногенездің жергілікті механизмдерінің морфологиялық негіздері.
Sisabekov47@mail.ru
| 3
| Жолымбекова Ляйля
Даулетбековна
| кафедра
меңгерушісі, м.ғ.к.,
доцент
| «Сары фосфордың уытты әсерінен организмнің даралық сезімтал дығына байланысты бауыр қызметі нің өзгеруі» тақырып бойынша кандидаттық диссертация қорғады. 41 ғылыми жұмыстардың, 2 алдын-ала патенттің, 1 монографияның авторы. leila_dauletbecovna@mail.ru
| 4
| Бисимбаева Сауле Бабатовна
| кафедра
меңгерушісінің
м.а., м.ғ.к.,
доцент м.а.
| «Өкпе туберкулезін оңтайлы емдеудің гигиеналық тұрғы-дан негіздеу» тақы-рып бойынша жұ-мысың жүргізеді, кандидаттық дис-сертацияны қорғады. 30 ғылыми жұ-мыстардың авторы, 2 алдын-ала патентті, 1 па-тентті, 1 моно-графияны және 2 ғылыми-зерттеу жұмысы нәтиже-лерін енгізу акті-лерін дайындады.bisimbaeva@inbox.ru
| 5
| Мурзанова Динар Альпеновна
| профессор м.а
| Адам анатомиясындағы ішкі ағза атауларының ұлттық сипаты.
| 6
| Турекулова Акжаркын Кенесовна
| магистр, аға оқытушы
| «Ыстық климат жағдайында қорғасынның магистралды артериялар қабырғасының құрылымына тигізетін әсері» тақырыбында жургізуде.
| 7
| Мурина Наталья Михайловна
| аға оқытушы
| Физиология пәнінен орыс тілінде дәріс және тәжірибелік сабақтарды жүргізеді. ОҚММА-ның «Оңтүстік Қазақстан аймағындағы тұрғындар дың салауатты өмір салтын қалыптас тырудың ғылыми негіздері» бағдарламасы аясында ғылыми жұмыс жүргізуде. 12 ғылыми жұмыстардың авторы namuri12@mail.ru
| 8
| Тоймбетова Карлыгаш Абибуллаевна
| аға оқытушы
| Нейроморфология Tojmbetova71@mail.ru.
| 9
| Каратаева
Гульчехра
Есеркеповна
| аға оқытушы
| «Оңтүстік Қазақ-
стан аймағындағы тұрғындардың са-лауатты өмір сал-тын қалыптастыру ғылыми негіздері» ҚР ДМ ғылыми-зер-ттеу бағдарлама
бойынша жұмысың жүргізеді.4 ғылыми жұ-мыстардың авторы nurdaulet_2003_14@mail.ru
| 10
| Оспанов Дакен Толенович
| аға оқытушы
| Анатомия пәнінен қазақ және орыс тілінде дәріс және тәжірибелік сабақтар жүргізеді
| 11
| Бекбергенова Дана Сейткаримовна
| аға оқытушы
| Физиология пәнінен қазақ тілінде дәріс және тәжірибелік сабақтарды жүргізеді. ОҚММА-ның «Оңтүстік Қазақстан аймағындағы тұрғындар дың салауатты өмір салтын қалыптас тырудың ғылыми негіздері» бағдарламасы аясында ғылыми жұмысжүргізуде.Dana.bekbergenova.mk@mail.ru
| 12
| Джубанишбаева Гаухар Ниязкуловна
| аға оқытушы
| Анатомия пәнінен қазақ тілінде дәріс және тәжірибелік сабақтар жүргізеді
| 13
| Орманбаев Канат Серперович
| оқытушы
| Анатомия пәнінен ағылшын тілінде дәріс және тәжірибелік сабақтар жүргізіледі
| 14
| Кожамкулова Патима Рысбековна
| оқытушы
| Тірі организмдегі лимфа жүйесінің қызметін зерттеу <fatima.fatima.1971@mail.ru>
| 15
| Оразбаева
Жайнар
Турисбековна
| магистр, оқытушы
| Физиология пәнінен қазақ тілінде тәжірибелік сабақтарды жүргізеді. «Оңтүстік Қазақстан аймағындағы тұрғындардың салауатты өмір салтын қалыптастырудың ғылыми негіздері» атты магистрлік ғылыми жұмысын қорғады. 8 ғылыми жұмыстардың авторы. zhaynar_078@mail.ru
| 16
| Бахытжан Асылхан
| магистр, оқытушы
| Анатомия пәнінен ағылшын тілінде дәріс және тәжірибелік сабақтар жүргізіледі
| 17
| Юсупов Бабур Хантураевич
| магистр ,оқытушы
| «Морфологические особенности процесса регенерации послеоперационных ран при лечении полифитовым маслом «Қызыл май» в сравнении с аппаратным и традиционным методами лечения» (экспериментальное исследование).
b-yusupov@mail.ru
| 18
| Керимов Расим Азатович
| аға оқытушы,
магистр
| Қалыпты физиология пәнінен ағылшын тілінде дәріс және тәжірибелік сабақтарды жүргізеді. «Диагностические критерии и факторы риска колоректаль- ного рака в Казахстане». тақырыбына докторлық диссертация жазу барысында зерттеулер жүргізуде 13 ғылыми жұмыстардың авторы.kir-2004@list.ru
| 19
| Шалкарова Динара Мухамедияровна
| магистр оқытушы
| «Артериальная гипертензия в климато-метеорологических условиях ЮКО». Dikona1305@gmail.com.
| 1.8 Байланыс ақпараты:
- Кафедраның мекен жайы: Аль – Фараби алаңы 1, негізгі оқу ғимараты цокольді қабат, тел. 40-82-22, 40-82-26 (424), (124); e-mail anatomia.2012@mail.ru
-Кафедраның орналасқан орны: Шымкент қ., Әл-Фараби алаңы, 1, ОҚМФА бас ғимараты, IV қабат, аудиториясы – 412, 414, 415, 417, 419, 420, 422.
Телефоны: 40-82-22 (қос. 225).
Электрондық мекен-жайы: www.ukgma.kz
1.9 Пән саясаты:
Студенттерге қойылатын талаптар-
1. сабақтарға кешікпеу;
2. себепсіз сабақтарды жібермеу;
3. ақ халатпен қалпақ киіп отыру;
4. анатомиялық перчатка, пинцет, скальпель болу;
5. практикалық сабақтарда белсенділік көрсету;
6. сабақтарға дайындалып келу;
7. дер кезінде кесте бойынша СӨЖ тапсырмаларын орындап өткізу;
8. сабақ кезінде басқа шаруалармен айнлыспау;
9. студенттер мен оқытушылармен ашық, жарқын күйде сыйлы қарым қатынаста болу;
10. анатомиялық препараттармен және ағзалармен жұмыс істегенде этикалық қалыптарды сақтау;
11. кафедра мүлкін ұқыпты пайдалану;
12. жіберілген сабақтарды дер кезінде өтеу.
2. Бағдарлама
Кіріспе
Адам анатомиясы – адам организмінің құрылысы мен пішіні, шығу тегі мен дамуы туралы ғылым. Ол қоршаған ортаның әлеуметтік факторлардың, еңбек пен дене шынықтырудың адам ағзаларына әсерін қарастырады. Анатомия медициналық білімдердің фундаментін құрайтын пән болып табылады
Гистология бойынша бағдарламада организмдегі тіндердің, ағзалардың және жүйелердің микроскопиялық құрылысын, дамуын, қызметтерін, нервтенуін, қанмен жабдықталуын және жаңа байланысты ерекшеліктерін оқыту қамтылған. Ағзалар құрамының қалыпты құрылысы мен даму ерекшеліктерін білу олардың әртүрлі биологиялық, физикалық, химиялық және басқа да факторлардың әсерлеріне бейімделу механизмдерін түсініп білуге аса қажет. Зерттеп оқу объектісі ретінде тірі және фиксацияланған жасушалар, тіндер мен ағзалардың препараттары және олардың жарықтың және электрондық микроскоппен түсіру арқылы алынған микро және электрондық фото суреттері қолданылады.
Физиология – жасуша мен жасушалардың жекелеген құрылымдарының, мүшелердің, физиологиялық жүйелердің, тұтас ағзаның тіршілігі, организмнің қоршаған ортамен өзара байланысы кезіңдегі реттелу механизмдері жайындағы негізгі тәжірибелік -теориялық ғылым.
2.2 Пәннің мақсаты:
Клиникалық кафедраларда оқу барысында жетістікке жетуін және дәрігерлердің кәсіптік дағдыларын меңгеруін қамтамасыз ететін қалыпты жағдайда жасушалық, ағзалық және жүйелік деңгейде тіршіліктік үрдістерінің құрылымдық және функционалдық ұйымдастырылуы және даму заңдылықтары туралы түпкілікті теориялық білімін қалыптастыру.
.
2.3 Оқытудың міндеттері:
· адам мүшелері құрылымының өзара байланысы мен өзара қатынасы және қызметі жөнінде, адам ағзасының қоршаған орта жағдайларына, еңбек пен әлеуметтік факторларға байланысты біртұтастығы жөнінде ғылыми көзқарасын жетілдіру;
· адам денесінің негізгі анатомиялық, гистологиялық және физиологиялық сипаттамаларының, оның жыныстық және жас ерекшеліктерінің мәнін анықтау;
· ғылыми эксперименттің қойылу әдістемелерімен таныстыру;
· анатомиялық, гистологиялық, физиологиялық препараттармен, физиологиялық жабдықпен және микроскоппен жұмыс істеу принциптерін меңгеру;
· анатомиялық, гистологиялық және физиологиялық препараттармен жұмыс істеу кезінде қауіпсіздік ережелерімен танысу;
· терминдерге анықтама беру және жаңа түсініктер енгізу.
2.4 Оқытудың соңғы нәтижесі, бірінші деңгейлі (бакалавриат) Дублин дескрипторларымен келісілген.
1) Білім және түсіну.
- ағзалардың және ағзалар жүйелерінің құрылысын және топографиясын білу;
- әртүрлі жастық кезеңдерде тіндердің және ағзалардың гистогенезінің, құрылысының, гистофизиологиясы мен регенрациясының негізгі заңдылықтарын білу;
- дені сау ағзаның физиологиялық жүйелерінің, мүшелерінің, жасушаларының және жасушалық құрылымдарының ерекшеліктерін, оларды реттеу механизмдерін және қоршаған орта жағдайындағы өзгерістерге бейімделуді біледі;
- анатомия, гистология және физиология пәндері мен міндеттерін, олардың медицинадағы маңызын біледі;
- анатомия, гистология және физиологиялық терминологиясын меңгеру;
- анатомия, гистология және физиологиялық препараттармен, оқу құралдармен жұмыс істеудің негізгі әдістерін білу;
- тәжірибелік медицинада кеңінен қолданылатын адамның әртүрлі қызметтерін зерттейтін әдістердің мәнін білу.
2) Білім мен түсінікті қолдану.
- анатомиялық препараттарда ағзаларды көрсету және таба білу, олардың бөліктерін, құрылыстық бөлшектері, адам денесіндегі ағзалардың орналасу орны және проекциясын анықтау.
- бұлшықеттерді және шандырларды препараттау әдісін білу және ірі қан тамырларының, нервтерді, без өзектері жеке ағзаларды таба білу дағдыларын білу;
- медико-анатомиялық түсініктемелі аппаратымен, сыртқы біріншілік бақылау және пальпациялауды меңгеру;
- биологиялық микроскоптық құрғақ және иммерсиялық жүйелерін қолдану арқылы гистологиялық препараттарды микроскоптық қарау машықтарын қолдана білу;
-микроскоптық және ультрамикроскоптық деңгейде ағзаларды диакностикалау,организмнің түрлі физиологиялық және қорғаныстық - бейімделу реакцияларына байланысты ағзалардың құрылымдық өзгерістерін тани білу;
- клинико-физиологиялық аппаратуралармен жұмыс істеу дағдыларды меңгеру ;
-функционалды диагностикалауда қолданылатын клинико-физиологиялық зерттеулерді жүргізу, алған нәтижені талдау;
3) Пікірін қалыптастыру.
-ағзалардың анатомо-топографиялық заңдылықтарын анализдеу және физикалық бақылау ағзалар жүйесінің дағдыларын меңгеру және бірінші жедел көмек көрсету.
- микроскопиялық, электронды – микроскопиялық және гистохимиялық зерттеу әдістерін талдау нәтижелеріне пікір айту.
- қол жеткен біліктіліктерді жасушалардың, тіндердің, ағзалардың және жүйелердің құрылыстың ерекшеліктерін, олардың регенерациялық, митоздық, некроздық және апоптоздық механизмдерін түсінуге қолдану;
- қоршаған ортаның жағдайының өзгеруіне байланысты қалыпты жағдайдағы ағзаның (жұмыс режимі және демалыс, ұтымды тамақтану, дене тәрбиесі, жаман әдеттерден бас тарту) өзін-өзі реттеуі, салауатты өмір-салтының принциптерін және қорғаныстық-бейімделу механизмдері туралы пікірін қалыптастыру;
- болашақта патологиялық анатомия және патологиялық физиологияны үйрену үшін қалыпты жағдайда жасушалық және жүйелік деңгейде алған фундаменталды-теориялық білімін және тіршілік үрдісінің құрылымдық,қызметтік ұйымдастыру қолдана алу ;
4) Оқыту дағдылары немесе оқуға қабілеті.
-жаңа білімге қалыптастыру қабілетін және дайындығын көрсету;
-оқу және ғылыми әдебиеттермен жұмыс дағдыларын көрсету, компьютерлік оқыту бағдарламалары және электрондық оқулықтармен, Internet көздері, берілген электрондық база;
- жеке шешімдерді тұжырымдайды, реферат, презентация, кроссворд, тест тапсырмалары түрінде жасалады;
- қазіргі заманғы ақпарат көздерінен алынатын деректермен эксперименталдық бақылау нәтижелерін салыстыру;
- зертханалық зерттеулердің нәтижелерінен қорытынды жасайды;
-тәжірибелік сабақтарда, студенттік үйірмелерде, студенттердің ғылыми конференцияларында жеке пікірлерін білдіреді.
5) Коммуникативті қабілеті.
- кәсіби терминологияны меңгеру дағдыларын көрсету;
- сөйлеу дағдыларын меңгереді;
- пікірталас пен сөзталас жүргізу, логикалық талдау, дәлелді сөйлеу, толеранттылық, ынтымақтастық және дауларды шешу, өзара құрметтеу дағдыларын көрсетеді;
- әріптестермен ұжымда жұмыс істеу дағдыларын көрсету;
- әртүрлі жағдайларда түрлі адамдармен араласудағы коммуникативті дағдыларды көрсету;
- кәсіби мінез-құлықты - жауапкершілікті, өнімділікті, өзін-өзі бағалауды, рефлексияны көрсетеді.
2.5 Реквизитке дейінгі:анатомия, гистология, физиология негіздері.
2.6 Реквизиттен кейінгі:жалпы патология (патологиялық анатомия, патологиялық физиология).
2.7 Пәннің қысқаша мазмұны:
Жас аспектісіндегі нормадағы ағзалардың және жүйелердің морфофункционалдық сипаттамасы:
- нерв жүйесі;
- сезім ағзалары;
- жүрек – қантамыр жүйесі;
- қан түзуші және иммунды қорғаныс;
- эндокриндік жүйе;
- асқорыту жүйесі;
- тыныс алу жүйесі;
- тері және оның туындылары, тірек-қимыл жүйесі;
- несеп шығару жүйесі;
- жыныс жүйесі.
2.8 Тақырыптық жоспары:тақырып, әр сабақтың өткізілу түрі мен ұзақтылығы (дәріс, тәжірибелік, өзіндік жұмыс)
2.8.1 Дәрістердің тақырыптық жоспары
(а)-анатомия, б)-гистология, в)-физиология)
№
| Тақырыбы
| Өткізу түрі
| Сабақтың ұзақтылығы
(сағат түрінде)
| 1
| а) Жұлынға жалпы шолу. Жұлынми нервтері.
б)Жұлынның, нерв сабауларының, сезімтал түйіндердің гистологиясы.
в)Жұлынның,сопақша,артқы мидың физиологиясы.
| жалпы шолу
| 2
1
2
| 2
| а) Миға жалпы шолу. Ми қабықтары.
б)Мидың гистологиясы. Мишық қыртысы.
в)Ортаңғы, аралық мидың және бас миының үлкен жарты шарының физиологиясы.
| жалпы шолу
| 2
1
2
| 3
| а) Көру және иіс сезу ағзасы. Көру және иіс сезу ағзасының өткізгіш жолдары.
б)Көру және иіс сезу ағзалары.
в)Көру және иіс сезу талдағыштарының физиологиясы.
| жалпы шолу
| 2
1
2
| 4
| а) Есту, тепе-теңдік және дәм ағзасы. Есту, тепе-теңдік және дәм ағзасының өткізгіш жолдары.
б)Есту, тепе-теңдік сақтау және дәм сезу ағзалары.
в)Есту, тепе-теңдік сақтау және дәм сезу талдағыштарының физиологиясы.
| жалпы шолу
| 2
1
2
| 5
| а) Тамырлар жүйесінің жалпы анатомиясы. Қан айналым шеңберлері.
б)Артериялардың, микроқанайлым арнасы тамырларының гистологиясы.
в)Жүрек қызметінің физиологиясы.
| жалпы шолу
| 2
1
2
| 6
| а) Жоғары және төменгі қуыс вена жүйесі, олардың қалыптасу көздері.
б)Веналар мен лимфа тамырлары. Жүректің гистологиясы.
в)Гемодинамика.
| жалпы шолу
| 2
1
2
| 7
| а) Лимфа жүйесінің жалпы морфологиясы. Лимфалық тамырлар және адам денесіндегі жекеленген лимфа түйіндері.
б)Орталық қан жасау және иммуногенез ағзаларының гистологиясы.
в)Лимфатикалық жүйенің физиологиясы.
| жалпы шолу
| 2
1
2
| 8
| а) Қан жасау және иммунды жүйенің морфофункциональдық сипаттамасы.
б)Шеткі қан жасау және иммуногенез ағзаларының гистологиясы.
в)Қан түзуші ағзалардың қызметтері. Иммунитет..
| жалпы шолу
| 2
1
2
| 9
| а) Эндокриндік аппаратының морфофункциональдық сипаттамасы.
б)Эндокриндік жүйенің тіндік және жасушалық деңгейдегі морфологиясы.
в)Ішкі сөлініс бездерінің физиологиясы.
| жалпы шолу
| 2
1
2
| 10
| а) Ауыз қуысы ағзаларының, жұтқыншақ, өңеш құрылысының ерекшеліктері.
б)Ауыз қуысы ағзалары мен өңештің гистологиясы.
в)Асқорыту жүйесінің қызметтері.Ауыз қуысындағы және асқазандағы ас қорытылу,осы үрдістің реттелуі.
| жалпы шолу
| 2
1
2
| 11
| а) Асқазан, жіңішке және жуан ішектің құрылысының ерекшеліктері.
б)Асқазан, аш ішек және тоқ ішек қабырғаларының гистологиясы. Жастық ерекшеліктері.
в)Ас ішектегі ас қорытылу. Моторика.Сіңірілу механизмі. Асқорыту үрдісіндегі бауыр және ұйқы безінің қызметтері.
| жалпы шолу
| 2
1
2
| 12
| а) Бауыр, ұйқыбезінің құрылыс ерекшеліктері.Ішастар және оның туындылары.
б)Бауырдың, ұйқы безінің гистологиясы. Ас қорытудың гистофизиологиясы. Жастық ерекшеліктері
в)Тоқ ішектегі ас қорытылу.Ішектегі ас қорытылудың реттелуі.
| жалпы шолу
| 2
1
2
| 13
| а) Тыныс алу жүйесінің морфофункциональдық сипаттамасы.
б) Тыныс алу жүйесі ағзаларының гистофизиологиясы. Жастық ерекшеліктері.
в)Тыныс алу физиологиясы.
| жалпы шолу
| 2
1
2
| 14
| а) Тірек-қимыл аппаратының жалпы анатомиясы. Тері және оның туындылары.
б)Сіңірлер мен байламдардың гистологиясы. Сүйек тіндерінің регенерациясы. Остеогенез. Терінің туындылары.
в)Терінің қызметтері.
| жалпы шолу
| 2
1
2
| 15
| а) Несеп ағзаларының морфофункциональдық сипаттамасы.
б)Несеп шығару жүйесінің гистофизиологиясы. Жастық ерекшеліктері.
в)Сыртқа шығару жүйесінің физиологиясы. Несеп түзу механизмі, оның реттелуі.
| жалпы шолу
| 2
1
2
| 16
| а) Еркек жыныс жүйесінің морфофункциональдық сипаттамасы.
б)Еркек жыныс жүйесінің гистофизиологиясы. Жастық ерекшеліктері.
в) Несеп шығару ағзаларының қызметтері. Несеп шығару үрдісі, оның реттелуі
| жалпы шолу
| 2
1
2
| 17
| а) Әйел жыныс жүйесінің морфофункциональдық сипаттамасы.
б)Әйел жыныс жүйесінің гистофизиологиясы. Жастық ерекшеліктері.
в)Адамның репродуктивті жүйесі. Жас ерекшеліктері.Ерлер жыныс жүйесі.
| жалпы шолу
| 2
1
2
| 18
| а) Еркек және әйел шатаралығының бұлшықеттері және шандырлары. Шатаралықтың қанмен қамтамасыз ету, нервтендірілуі, лимфа ағымы.
б)Овариалды – менструалды цикл.
в)Әйелдер жыныс жүйесі. Гипоталомо- гипофизарлы аналық без-жатырлық цикл. Жүктілік. Босану.
| жалпы шолу
| 2
1
2
|
| Жалпы сағаты:
| 36
18
36
| | | | | | 2.8.2 Тәжірибелік сабақтардың тақырыптық жоспары
( а)-анатомия, б)-гистология, в)-физиология)
№
| Тақырыбы
| Өткізу түрі
| Сабақтың ұзақтылығы
(сағат түрінде)
| 1
| а)Жұлын құрылысы. Жұлын қабықтары. Жұлынми нервтері, өрімдері.
б)Нервтер. Нерв түйіндері. Жұлын.
в)Жұлынның,сопақша,артқы мидың физиологиясы.
| муляждармен, кестелермен және планшеттермен жұмыс жасау, ауызша сұрау, тестілік тапсырмаларды шешу, кіші топтарда жұмыс жасау.
гистологиялық препараттарды микроскоппен қарау, суретін салу және сиппаттап жазу.
ауызша сұрау, тәжірибелік жұмыстарды орындау, тестілеу.
| 5
3
3
| 2
| а)Бас ми бөлімдері: сопақша ми, артқы ми, ортаңғы ми, аралық ми, соңғы ми, қарыншалар: құрылысы, топографиясы, функциясы. Ми қабықшалары.
б)Ми. Мишық.
в)Ортаңғы, аралық мидың және үлкен жарты шар қыртысының физиологиясы.
| муляждармен, кестелермен және планшеттермен жұмыс жасау, ауызша сұрау, тестілік тапсырмаларды шешу, кіші топтарда жұмыс жасау.
гистологиялық препараттарды микроскоппен қарау, суретін салу және сиппаттап жазу.
ауызша сұрау, тәжірибелік жұмыстарды орындау, тестілеу.
| 5
3
3
| 3
| а)Көру және иіс сезу ағзасы: құрылысы және функциясы.
б)Көру және иіс сезу ағзалары.
в)Көру және иіс сезу талдағыштарының физиологиясы.
| муляждармен, кестелермен және планшеттермен жұмыс жасау, ауызша сұрау, тестілік тапсырмаларды шешу, кіші топтарда жұмыс жасау.
гистологиялық препараттарды микроскоппен қарау, суретін салу және сиппаттап жазу.
ауызша сұрау, тәжірибелік жұмыстарды орындау, тестілеу.
| 5
3
3
| 4
| а)Есту , тепе-теңдік және дәм сезу ағзасы: құрылысы және функциясы.
б)Есту, тепе-теңдік сақтау және дәм сезу ағзалары.
в)Есту, тепе-теңдік сақтау және дәм сезу талдағыштарының физиологиясы.
| муляждармен, кестелермен және планшеттермен жұмыс жасау, ауызша сұрау, тестілік тапсырмаларды шешу, кіші топтарда жұмыс жасау.
гистологиялық препараттарды микроскоппен қарау, суретін салу және сиппаттап жазу.
ауызша сұрау, тәжірибелік жұмыстарды орындау, тестілеу.
| 5
2
3
| 5
| а)Жүрек. Қолқа және оның тармақтары. Үлкен қан айналымының артериялары.
б)Артериялар. Микроқанайналым арнасы тамырлары.
в)Жүрек физиологиясы. Жүрек қызметін зерттеу әдістері.
| муляждармен, кестелермен және планшеттермен жұмыс жасау, ауызша сұрау, тестілік тапсырмаларды шешу, кіші топтарда жұмыс жасау,PBL, TBL.
гистологиялық препараттарды микроскоппен қарау, суретін салу және сиппаттап жазу,TBL.
ауызша сұрау, тәжірибелік жұмыстарды орындау, тестілеу.
| 5
3
3
| 6
| а)Жоғары және төменгі қуыс веналар жүйесі, оның қалыптасу көздері. Лимфа жүйесі. Лимфа ағынының буындары. Лимфа тамырлары және адам денесіндегі жекеленген лимфа түйіндері.
б)Веналар. Лимфа тамырлары. Жүрек.
в) Гемодинамиканың негізгі заңдары
| муляждармен, кестелермен және планшеттермен жұмыс жасау, ауызша сұрау, тестілік тапсырмаларды шешу, кіші топтарда жұмыс жасау.
гистологиялық препараттарды микроскоппен қарау, суретін салу және сиппаттап жазу.
ауызша сұрау, тәжірибелік жұмыстарды орындау, тестілеу.
| 5
3
3
| 7
| а)Орталық және шеткі ағзаларының иммунды жүйесі.
б) Қан жасау және иммуногенез ағзалары.
в) Қан түзуші ағзалардың физиологиясы
| муляждармен, кестелермен және планшеттермен жұмыс жасау, ауызша сұрау, тестілік тапсырмаларды шешу, кіші топтарда жұмыс жасау.
гистологиялық препараттарды микроскоппен қарау, суретін салу және сиппаттап жазу.
ауызша сұрау, тәжірибелік жұмыстарды орындау, тестілеу.
| 5
2
3
| 8
| Аралық бақылау – І.
| Тестілеу, ауызша сұрау.
Тестілеу, микросуреттер мен микропрепараттарды анықтау
Тестілеу, ауызша сұрау
| 2
2
3
| 9
| а)Эндокрин бездеріне жалпы шолу: тимус, қалқанша және қалқаншамаңы безі, гипофиз, түйін тәрізді (эпифиз) бүйрекүсті безі, аортамаңы денешіктер, ұйқы безінің эндокрин бөлігі, жыныс бездерінің эндокрин бөліктері – аналық без, аталық без.
б)Эндокриндік жүйенің ағзалары.
в) Ішкі сөлініс бездерінің жеке физиологиясы
| муляждармен, кестелермен және планшеттермен жұмыс жасау, ауызша сұрау, тестілік тапсырмаларды шешу, кіші топтарда жұмыс жасау, PBL, TBL.
гистологиялық препараттарды микроскоппен қарау, суретін салу және сиппаттап жазу.
ауызша сұрау, тәжірибелік жұмыстарды орындау, тестілеу.
|
5
2
3
| 10
| а)Ауыз қуысының ағзалары: өңеш құрылысы, топографиясы және функциясы.
б)Ауыз қуысы ағзалары. Өңеш.
в) Ауыз қуысы мен асқазандағы
асқорыту
| муляждармен, кестелермен және планшеттермен жұмыс жасау, ауызша сұрау, тестілік тапсырмаларды шешу, кіші топтарда жұмыс жасау.
гистологиялық препараттарды микроскоппен қарау, суретін салу және сиппаттап жазу.
ауызша сұрау, тәжірибелік жұмыстарды орындау, тестілеу.
|
5
2
3
| 11
| а)Асқазан, жіңішке және жуан ішек: құрылысы, топографиясы және функциясы.
б)Асқазан. Аш ішек.
в)Ас ішектің қызметі. Асқорыту үрдісіндегі бауыр және ұйқы безінің қызметтері.
| муляждармен, кестелермен және планшеттермен жұмыс жасау, ауызша сұрау, тестілік тапсырмаларды шешу, кіші топтарда жұмыс жасау.
гистологиялық препараттарды микроскоппен қарау, суретін салу және сиппаттап жазу.
ауызша сұрау, тәжірибелік жұмыстарды орындау, тестілеу.
|
5
2
3
| 12
| а)Бауыр, ұйқы безі, құрылысы, топографиясы және функциясы. Ішастар және оның туындылары.
б)Тоқ ішек. Бауыр. Ұйқы безі.
в) Тоқ ішектегі асқорыту
| муляждармен, кестелермен және планшеттермен жұмыс жасау, ауызша сұрау, тестілік тапсырмаларды шешу, кіші топтарда жұмыс жасау.
гистологиялық препараттарды микроскоппен қарау, суретін салу және сиппаттап жазу.
ауызша сұрау, тәжірибелік жұмыстарды орындау, тестілеу.
|
5
2
3
| 13
| а)Тыныс алу жүйесінің ағзалары: құрылысы, топографиясы және функциясы.
б)Тыныс алу ағзалары.
в)Тыныс алу жүйесінің физилогиясы
| муляждармен, кестелермен және планшеттермен жұмыс жасау, ауызша сұрау, тестілік тапсырмаларды шешу, кіші топтарда жұмыс жасау,PBL, TBL.
гистологиялық препараттарды микроскоппен қарау, суретін салу және сиппаттап жазу.
ауызша сұрау, тәжірибелік жұмыстарды орындау, тестілеу.
| 5
2
3
| 14
| а)Тірек-қимыл аппаратының жалпы анатомиясы. Тері және оның туындылары.
б)Шеміршек ағза ретінде. Сүйек ағза ретінде. Тікелей және тікелей емес остеогенез. Бұлшықет ағза ретінде. Терінің туындылары.
в)Терінің сыртқа шығару және басқа қызметтері
| муляждармен, кестелермен және планшеттермен жұмыс жасау, ауызша сұрау, тестілік тапсырмаларды шешу, кіші топтарда жұмыс жасау.
гистологиялық препараттарды микроскоппен қарау, суретін салу және сиппаттап жазу.
ауызша сұрау, тәжірибелік жұмыстарды орындау, тестілеу.
|
5
2
3
| 15
| а)Несеп ағзалары: құрылысы, топографиясы және функциясы.
б)Несеп шығару ағзалары.
в) Бүйректің сыцртқа шығару қызметтері. Несеп түзілу үрдісі.
| муляждармен, кестелермен және планшеттермен жұмыс жасау, ауызша сұрау, тестілік тапсырмаларды шешу, кіші топтарда жұмыс жасау, PBL, TBL.
гистологиялық препараттарды микроскоппен қарау, суретін салу және сиппаттап жазу.
ауызша сұрау, тәжірибелік жұмыстарды орындау, тестілеу.
| 5
2
3
| 16
| а)Еркек жыныс ағзалары: құрылысы, топографиясы және қызметі.
б)Еркек жыныс ағзалары.
в)Несеп түзілудің реттелуі.Несеп шығару физиологиясы.
| муляждармен, кестелермен және планшеттермен жұмыс жасау, ауызша сұрау, тестілік тапсырмаларды шешу, кіші топтарда жұмыс жасау.
гистологиялық препараттарды микроскоппен қарау, суретін салу және сиппаттап жазу.
ауызша сұрау, тәжірибелік жұмыстарды орындау, тестілеу.
| 5
2
3
| 17
| Аралық бақылау – ІІ.
| Тестілеу, ауызша сұрау.
Тестілеу, микросуреттер мен микропрепараттарды анықтау
Тестілеу, ауызша сұрау
| 2
2
| 18
| а)Әйел жыныс ағзалары: құрылысы, топографиясы және қызметі.
б)Әйел жыныс ағзалары.
в)Адамның репродуктивті қызметтері.
| муляждармен, кестелермен және планшеттермен жұмыс жасау, ауызша сұрау, тестілік тапсырмаларды шешу, кіші топтарда жұмыс жасау.
гистологиялық препараттарды микроскоппен қарау, суретін салу және сиппаттап жазу.
ауызша сұрау, тәжірибелік жұмыстарды орындау, тестілеу.
| 5
2
3
|
| Жалпы сағаты:
| | 84
42
54
| 2.8.3 Студенттің өзіндік жұмысына арналған тапсырмалар
(а)-анатомия, (б)- гистология, (в)- физиология
№
| Тақырыбы
| Өткізу түрі
| Бақылау
кестесі
(мерзімі
көрсетіледі)
| Сағат саны
| 1
| а)Балалардың жұлынының анатомиясы.
б) Балалардың жұлынының гистологиясы.
в) Физиологияның негізгі түсініктері
| Оқулық және қосымша әдебиеттермен жұмыс, глоссарий дайындау.
| 1 апта
| 4
2
3
| 2
| а)Балалардың бас миының анатомиясы.
б)Балалардың бас миының гистологиясы.
в) Торлы құрылымның физиологиясы
| реферат, презентация.
презентация, жағдайлық есептер, тестілер, глоссарий
презентация, тестілер
| 2 апта
| 4
2
3
| 3
| а)Сезім мүшелерінің жалпы мінездемесі және анализаторлар туралы ілім. Көру және иіс сезу ағзалары.
б)Сезімтал жасушалар және сезімталдың механизмі. Көздің көмекші аппараты.
в)Иіс сезу талдағыштары. Иістердің жіктелуі
| реферат, презентация.
презентация, жағдайлық есептер, тестілер, глоссарий
презентация, кроссворд
| 3 апта
| 4
2
3
| 4
| а)Вестибулярлы аппараты. Дәм сезу ағзасы.
б)Есту тепе-теңдік сақтау және гравитация ағзалары. Дәм сезу ағзасы
в)Дәм сезу рецепциясының механизмі. Иіс сезу, дәм сезу, көру талдағыштарының өзара әрекеттесуі
| реферат, презентация.
презентация, жағдайлық есептер, тестілер, глоссарий
презентация, кроссворд
| 4 апта
| 4
2
3
| 5
| а)Балалардың жүрегінің және қан тамырларының құрылысының жастық ерекшеліктері.
б)Жүректің өткізгіш жүйесінің морфо-функционалдық ерекшеліктері.
в) Жүректің қақпақшалық аппараты. Қанның систолалық және минуттық көлемі
| реферат, презентация.
презентация, жағдайлық есептер, тестілер, глоссарий
презентация, глоссарий
| 5 апта
| 4
2
3
| 6
| а)Ірі қан тамырларының адам денесіндегі проекциясын анықтау, тамырларды тыңдау және басу орындарын анықтау.
б)Жүрек қабырғасының, артериялардың, веналардың, жасқа байланысты құрылыстың ерекшеліктері.
в)Қан тамырларында қанның ағысын қамтамасыз ететін факторлар
| реферат, презентация.
презентация, жағдайлық есептер, тестілер, глоссарий
презентация, глоссарий
| 6 апта
| 4
2
3
| 7
| а)Иммуногенездің орталық және шеткі ағзалары.
б)Постэмбрионалды гемоцитопоэз.
в)Қан топтары/ АВО жүйесі, резус –сәйкестік. Қан құю ережелері. Қан алмастырушы ерітінділер.
| реферат, презентация.
презентация, жағдайлық есептер, тестілер, глоссарий
презентация, тестілер
| 7 апта
| 4
2
3
| 8
| а)Эндокринді және эндокрин емес қызметтерін байланыстыратын анатомия ағзалары.
б)Диффузды эндокриндік жүйе.
в)Организм қызметін реттеуде гипоталамо-гипофизарлы - бүйрекүсті жүйесінің жастық ерекшеліктері
| реферат, презентация.
презентация, жағдайлық есептер, тестілер, глоссарий
презентация, тестілер
| 9 апта
| 4
2
3
| 9
| а)Нәресте және ерте жастағы балалалардың бауыр құрылысының және қызметінің ерекшеліктері.
б)Балалардағы ас қорыту жүйесі бездерінің құрылыстың ерекшеліктері.
в)Тағамдық уәждеме. Ашығу мен тойынудың физиологиялық негіздері
| реферат, презентация.
презентация, жағдайлық есептер, тестілер, глоссарий
презентация, глоссарий
| 10 апта
| 4
2
3
| 10
| а)Өт қабының және өт жолдарының анатомиясы.
б)Өт қабы мен өт шығару жолдарының гистологиялық сипаттамасы.
в)Қандағы қоректік заттарды тұрақты ұстап тұратын функционалды жүйе
| реферат, презентация.
презентация, жағдайлық есептер, тестілер, глоссарий
презентация, кроссворд
| 11 апта
| 4
2
3
| 11
| а)Нәресте және ерте жастағы балалардың ұйқы безінің құрылысы және қызметтерінің ерекшеліктері.
б)Жаңа туған нәресте мен ерте жастағы балалардағы ұйқы безінің гистологиялық ерекшеліктері.
в) Тамақтанудың физиологиялық мөлшері. Тиімді тамақтанудың физиологиялық негіздері.
| реферат, презентация.
презентация, жағдайлық есептер, тестілер, глоссарий
презентация, кроссворд
| 12 апта
| 4
2
3
| 12
| а) Бронх ағашының құрылысы.
б)Жаңа туған нәрестенің өкпесінің гистологиялық құрылысы.
в)Өкпенің жасанды вентиляциясы. Жасанды тыныс алу тәсілдері
| реферат, презентация.
презентация, жағдайлық есептер, тестілер, глоссарий
презентация, тестілер
| 13 апта
| 4
2
3
| 13
| а)Буындардың жастық ерекшеліктері.
б)Тірек-қимыл жүйесі гистологиясының жасқа байланысты ерекшеліктері.
в)Биологиялық белсенді нүктелер және рефлексотерапия принциптері. Жансыздандыру мен наркоз туралы жалпы ұғым.
| реферат, презентация.
презентация, жағдайлық есептер, тестілер, глоссарий
презентация,
жағдайлық есептер
| 14 апта
| 4
2
3
| 14
| а)Бүйректің дамуының ауытқулары.
б)Аномалиялық бүйректің гистомор
фологиялық сипаттамасы.
в)Зәр түзілудің нейро-гуморалдық реттелуі,жүйке жүйесі мен гормондардың рөлі.
| реферат, презентация.
презентация, жағдайлық есептер, тестілер, глоссарий
презентация,
тестілер
| 15 апта
| 4
2
3
| 15
| а)Шатаралық бұлшықеттері және шандырлары. Еркек және әйел жамбас құрылысының ерекшеліктері. Жастық ерекшеліктері.
б)Жыныс жүйесінің эмбрионалдық даму көздері мен даму жолдары.
в)Зәр шығарылудың рефлекторлы реттелуі.Бүйрек қызметін зерттеудің клинико-физиологиялық әдістері.
| реферат, презентация.
презентация, жағдайлық есептер,
тестілер, глоссарий
| 16 апта
| 4
2
3
|
| Жалпы сағаты:
| | | 60
30
45
| 2.9 Қолданылатын әдебиеттер тізімі:
Анатомия пәні:
Қазақ тілінде:
негізгі:
1. Рақышев, А. Р. Адам денесі. 3 томдық. Т. 2. Ас қорыту жүйесі. Тыныс алу жүйесі. Несеп-жыныс жүйесі. Эндокриндік бездер. Тамырлар туралы ілім. Лимфа жүйесі- М. : ГЭОТАР - Медиа, 2014.
2. Рақышев, А. Р. Адам денесі. 3 томдық. Т. 3. Жүйке жүйесі. Сезім мүшелері: оқулық / А. Р. Рақышев. - М. : ГЭОТАР - Медиа, 2014. - 376 бет
3. Рақышев, А. Р. Адам денесі. 3 томдық. Т. 1. Сүйектер туралы ілім. - М.: ГЭОТАР - Медиа, 2014
4. Кузенбаева, Ә. О. Адам анатомиясы. 1 - кітап: оқу құралы /. - Алматы: Эверо, 2016. - 292 бет. с.
5. Кузенбаева, Ә. О. Адам анатомиясы. 2- кітап : оқу құралы . - Алматы: Эверо, 2016. - 248 бет.с.
Қосымша:
1. Рақышев, А.Р. Адам анатомиясы. 1-кітап оқулық / А. Р. Рақышев. - 2-бас., түзет. және толықт.; ҚР Жоғары оқу орындарының қауымдастығы. - Алматы : Дәуiр, 2009. - 420 бет.
2. Адаманатомиясы. Т.2. Ішкі мүшелер жүйесі және эндокринді бездер атлас / Ә. Б. Әубәкіров [ж. б.] ; жалпы ред. басқ. А. А. Идрисов. - Астана : Фолиант, 2008. - 251 бет
3. Рақышев А.Р. Адам анатомиясы І,ІІ том 2004
4. Рақышев А.Р. Адам анатомиясының атласы, І,ІІ том. Алматы: «Кітап», 2006.
5. Жұмабаев У., Әубәкіров Ә.Б., Досаев Т.М. ж.т.б. Адам анатомиясы, атлас. І,ІІ,ІІІ,ІV том. Астана: «Фолиант», 2005.
На русском языке:
Основная:
1. Борзяк, Э. И. Анатомия человека. Фотографический атлас. В 3 т. Т. 3. Внутренние органы нервная система: учебное пособие - М. : ГЭОТАР - Медиа, 2016. - 488 с
2. Борзяк, Э. И. Анатомия человека. Фотографический атлас. В 3-х томах. Том 1. Опорно - двигательный аппарат учебное пособие - М. : ГЭОТАР - Медиа, 2014. - 480 с
3. Анатомия человека. В 3 т. Т 2. Спланхнология и сердечно-сосудистая система: иллюстрированный учебник / М-во образования и науки РФ; под ред. Л. Л. Колесникова. - М.: ГЭОТАР - Медиа, 2014. - 320 с.
4. Синельников, Р. Д. Атлас анатомии человека. В 4 т. Т. 1. Учение о костях, соединении костей и мышцах : учеб. пособие . - 7-е изд, перераб . - М. : Новая волна : Издатель Умеренков, 2012.
5. Синельников, Р. Д. Атлас анатомии человека. В 4 т. Т. 2. Учение о внутренностях и эндокринных железах : учеб. пособие . - 7-е изд., перераб . - М. : Новая волна : Издатель Умеренков, 2012.
6. Синельников Р.Д. Атлас анатомии человека. В 4 т. Т.4. Учение о нервной системе и органах чувств: учеб. пособие. -7-е изд, перераб. –М.: Новая волна: Издатель Умеренков, 2012.
Дополнительная:
1. Сапин, М. Р. Нормальная анатомия человека: В 2 кн. Кн.1: учебник / М. Р. Сапин, Г. Л. Билич ; - М. : МИА, 2010. - 480 с-20экз.
2. Сапин, М. Р. Нормальная анатомия человека: В 2 кн. Кн. 2: учебник / М. Р. Сапин, Г. Л. Билич. - ; М. : МИА, 2010. - 548 с.-20экз
3. Привес М.Г. Анатомия человека: учебник. -12-е изд., перераб. И доп. – СПб.: Изд. дом. СПбМАПО, 2009.
Ағылшын тілінде:
Негізгі:
1. Atlas of Human Anatomy: Netter F.N.; Saunders/Elsevier, 2014.
2. Gray’s Anatomy for Students. Drake R.L., Vogl A. W., Mitchell A.W.M.; Churchill Livingstone/ Elsevier 2014.
Қосымша:
1. Chummy S. Sinnatamby. Last’s Anatomy. Regional and Applied.
2. Tenth Edition. D.Chaurasia’s Human Anatomy. Regional and Applied, Dissection аnd Clinical. Fourth Edition, 2004.
3. Frank H. Netter, M.D. Atlas of Human Anatomy Fourth Edition, 2004.
Электронды ресурстар:
1. Адам анатомиясы. 3 томдық. 1- ші т. Тірек-қимыл аппараты [Электронный ресурс]: оқулық / И. В. Гайворонский [т/б.] ; қазақ тіл. ауд. А. Б. Аубакиров. - Электрон. текстовые дан. (795Мб). - М. : ГЭОТАР - Медиа, 2015. - 416 б. с.
2. Адам анатомиясы. 3 т. 2-ші т. Спланхнология және жүрек-тамыр жүйесі [Электронный ресурс] : оқулық / И. В. Гайворонский [т/б.] ; қазақ тіл. ауд. А. Б. Аубакиров. - Электрон. текстовые дан. (836Мб). - М. : ГЭОТАР - Медиа, 2016. - 488 б.с.
3. Адам денесі:оқулық: в 3-х т./А.Р. Рақышев.-Т.1.- М. ГЭОТАР – Медиа,2015
4. Адам денесі:оқулық: в 3-х т./А.Р. Рақышев.-Т.2.- М. ГЭОТАР – Медиа,2015
5. Адам денесі:оқулық: в 3-х т./А.Р. Рақышев.-Т.3.- М. ГЭОТАР – Медиа,2015
Гистология пәні:
Қазақ тілінде:
негізгі:
1. Гистология: Оқу құралы төрт бөлімді/ Ж.О.Аяпова. Алматы: «Кітап» баспасы. – 2005. - 285 б.
2. Гистология, цитология және эмбриология атласы медицина жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған. /Р.Б. Абильдинов, Ж.О. Аяпова, Р.И. Юй. – Алматы: «Эффект» баспасы, 2006. – 411 б.
қосымша:
1. Гистология: Оқу құралы. Ажаев С.А. Төрт бөлімді. Кентау: Еркін и К – ХХI, 2004.
2. Цитология, жалпы эмбриология және гистология негіздері. Рысұлы М., Омаров К. / ҚР БМ Яссауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті. – Алматы: Ғылым, 1996. – 224 б.
На русском языке:
Основная:
1. Афанасьев Ю.И. и Юрина Н.А. Гистология, цитология и эмбриология – 6-е изд. – М.: Медицина, 2012. 800 С.
2. Юшканцева С.И., Быков В.Л. Гистология, цитология и эмбриология: Атлас.- М.: ГЭОТАР-Медиа, 2012. 296 с.
3. Кузнецов С.Л., Мушкамбаров Н.Н. Гистология, цитология и эмбриология. Учебник. Изд-во: МИА, 2007. 600 С.
Дополнительная:
1.Крстич Р.В. Иллюстрированная энциклопедия по гистологии человека: 1576 иллюстраций. Пер. с англ. – М.: ООО «Издательство Оникс»: «Издательство «Мир и Образование», 2010. 608 с.
2. Жункейра Л.К., Карнейро Ж.. Гистология: учебное пособие. Пер. с англ. Под ред. В.Л. Быкова. – М.: ГЭОТАР-Медиа, 2009. 576 с.
Ағылшын тілінде:
негізгі:
1.Textbook of Histology, 4th Edition. Leslie P. Gartner.
Elsevier Health Sciences. 2016. 672 рр.
2. Sadler, T.W. Langman s Мedical Embryology. T.W. Sadler. 13th edition. — Wolters Kluwer. 2015. 423 pp.
3. The Developing Human: Clinically Oriented Embryology Moore K. L., Persaud T. V. N., Torchia M. G.; Saunders / Elsevier 2013
қосымша:
1. Basic histology. Texts and atlases, published in Northern America, 2003, 512 pp.
2. Functional histology. Texts and colour atlas. Curchill Livingstone, International edition. Sidney. Toronto. 2000. 413 pp.
Физиология пәні:
Қазақ тілінде:
негізгі:
1. Бабский Е.Б., Бабская Н.Е. Адам физиологиясы:Оқулық 1-2-3 том.-Эверо, 2015.
2. Қалыпты физиология : оқулық. - М. : ГЭОТАР - Медиа, 2015.
3. Нұрмұхамбетұлы, Ә. Орысша- қазақша медициналық (физиологиялық) сөздік = Русско-казахский медицинский - Алматы : Эверо, 2014.
4. Қалыпты физиология: оқулық ; ред. Л. З. Тель - М. : "Литтерра", 2015.
қосымша:
1. Қасымбеков, В. Қ. Қалыпты физиология бойынша ахуалдық есептер жиынтығы : оқу-әдістемелік құрал /. - Алматы : Эверо, 2016.
2. Қасымбеков, В. Қ. Физиологиялық зерттеу әдістері : оқу- әдістемелік құрал / Алматы : Эверо, 2016.
3. Сайдахметова, А. С. Физиологиядан тәжірибелік сабақтарға нұсқаулар : оқу құралы / А. С. Сайдахметова, С. О. Рахыжанова. - Караганды : АҚНҰР, 2016.
4. Миндубаева, Ф. А. Физиология пәнінен практикалық сабақтарға арналған нұсқау : оқу-әдістемелік құрал . - Алматы : Эверо, 2012.
5. Адам физиологиясы : оқулық / Л. З. Тель [ж. б.]. - ҚР Денсаулық сақтау м-лігі оқу-ғыл.-әдіст. орт. мед. инновациялық технологиялық орталығы. - Алматы : Эверо, 2012.
На русском языке:
Основная:
1. Косицкий Г.И.Физиология 1-2-3 том.- Эверо, 2014.
2. Нұрмұхамбетұлы, Ә. Орысша- қазақша медициналық (физиологиялық) сөздік = Русско-казахский медицинский - Алматы : Эверо, 2014.
3. Физиология человека : учебник / Л. З. Тель [и др.]. - Алматы : Эверо, 2012.
Дополнительная:
1. Физиология человека : учебник / под ред. В. М. Покровского, Г. Ф. Коротько. - 2-е изд., перераб. и доп ; М.: Медицина, 2007, 2003, 2001.
2. Миндубаева Ф. А. Руководство к практическим занятиям по физиологии: учеб.-методическое пособие . - Алматы : Эверо, 2016, 2012.
3. Ситуационные задачи по курсу нормальной физиологии: учебно-методическое пособие / В. К. Касымбеков [и др.]. - Алматы : Эверо, 2016.
4. Физиология человека. Compendium : учеб. пособие / под ред. Б. И. Ткаченко. - 3-е изд. испр. и доп. - М. : ГЭОТАР - Медиа, 2010.
5. Нормальная физиология: Практикум : учеб. пособие / под ред. К. В.
Судакова. - М. : МИА, 2008.
6. Чеснокова, С. А. Атлас по нормальной физиологии : учеб. пособие . - 2-е изд., испр. и доп. - М. : МИА, 2007.
Ағылшын тілінде:
негізгі:
1. Babsky, Y. B. Human physiology. Volum 1.: textbook / Y. B. Babsky, Y. B. Babsky. - Almaty : "Evero" , 2017.
2. Babsky, Y. B. Human physiology. Volum 2.: textbook / Y. B. Babsky, U. B. Babsky. - Almaty : "Evero" , 2017.
3. Babsky, Y. B. Human Physiology. Volum 3. : textbook / Y. B. Babsky, N. Y. Babsky. - Almaty : "Evero" , 2017.
қосымша:
1. Smagulov , N. K.: textbook / N. K. Smagulov , N. M. Kharissova ; Ministry of public health of Republic of Kasakhstan; Karaganda state medical universitety. - Almaty : LLP "Evero", 2013.
Электрондық ресурстар:
1. Адам физиологиясы. Динамикалық сызбалар атласы [Электронный ресурс]: оқулық / К. В. Судаков [ж.б.] ; қазақ тіл. ауд. М. Қ. Қанқожа. - Электрон. текстовые дан. (105Мб). - М. : ГЭОТАР - Медиа, 2017.
2. Қалыпты физиология:оқулық/редакторы Ф.А.Миндубаева.- М.:ГЭОТАР-Медиа, 2015.
3. Смольянникова, Н. В. Анатомия и физиология [Электронный ресурс] : учебник . - Электрон. текстовые дан. ( 47,5 Мб). - М. : Изд. группа "ГЭОТАР-Медиа", 2011. - 576 с. эл. опт. диск (CD-ROM).
|