Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция

Изопропил спирті (изопропанол)




Кіріспе

    Жарықты қолдану ақпаратты ерте заманнан келе жатыр. Жарықтық дабыл электірлік байланыс болмай тұрып қолданылған. Ертеде талшықтық шағылысудың орнына күн көзін пайдаланылған немесе от жаққан. Жарық сәулесін және түтікті қолдану, симофор таяқшасын пайдалану, көзге көрінетін қашықтыққа ғана берілген.

    ХХ-ғасырдың басында диэлектірлік толқындарға және шыны талшықтарыны экспериментік тәжірибелер жасалынды. Жарық бағытының берілуі және өткізгіштілігі тексеріледі. Кабельдік технология оптикалық талшықтардың дамуына үлкен үлес қосты.      

Сонғы 50 жылдықта өткен және осы ғасырда ақпараттық технологияда үлкен өзгерістер және жаңалықтар пайда болып жатыр. Жарқын үрдіс барысында телекоммуникация саласында жаңа әдістер пайда болды. Бүгінгі таңда телекоммуникация саласы технологиялық жаңалықтарды енгізуде негізгі сала болып табылды. Осының нәтижесінде физика, химия және математика ғылымдарының негізгі фундаменттерінің қалануына байланысты ақпараттық технология өндірісінде жаңалықтар кеңінен ашылуда. Бұл салада негізгі еңбек сіңірген И. Ньютон, Гюгенс, Френнель, Декард, Планк, А. Эйнштейндер болды.

Оптикалық талшықтық байланыс саласына мынадай терминдер кіреді: кванттар, электрондар, фотондар, фермиондар, базондар, экситондар – бұл сөздердің барлығы тек қана кәсіптік физикада қолданылыды.

Оптикалық жөнелту негізінде сыну көрсеткіштері әр түрлі екі ортаның шекарасын түсейтін сәулелері толқын ішкі бейнелену әсері жатады.

Жарықтандырғыштар толқының ұзындығы 0,4-3 мкм (400-300 нм) жарықты босатады , бірақ әзірге іс жүзінде тек ,600-1600 нм ( көрінетін спектр мен инфрақызыл аумақ бөлігі ) ғана пайдаланады.

Талшықты-оптикалық жөнелту тарихы қысқа толқынды (800 нм шамасында ) жүйелерден бастаған.

Сәулелендіргіштер мен қабылдағыштар өндірісі технологиясын мүмкіндігінше жетілдіру арқасында, жөнелту тиімдірек болатын аса ұзын-1300 және 1500 к 2800 нм толқындарға бастауда. Бұл ауқымының (1013-1014 Гц) электромагниттік тербелісінің жоғарғы жылдамдығына қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Ертедегі ғалымдардың жарықтың не екендігі туралы алғышқы түсініктері өте қарапайым болды. Көзден ерекше жінішке сезімтал тарамдар шығып, нәрселерге түседі де, олар нәрселерді жанап өткен кезде көру әсері туады деп есептелген. Оптикалық құбылыстармен алғаш рет танысқанда жарық сәулесі ұғымы енгізілген болатын. Сәулелер жарықтын таралу бағытын көрсетеді. Бұл бағытты анықтау үшін бәз диаметрі толқын ұзындығынан едәуір асып түсетін жіңішке жарық шоғын бөліп аламыз, сонан соң шоқтарды жарықтардың остері болып табылатын сызықтармен алмастырамыз. Осы сызықтар жарық сәулелерін кескіндейді.

Оптикалық-талшықтық байланыс желілерінің дамуының арқасында, телекоммуникация жүйесі мемлекетіміздің елу ел қатарына қосылу мақсатына зор ықпалын тигізді. Оптикалық – талшық байланыс жүйесінің жаңа қызметі пайда болды: цифрлы теледидар, интерактивтік кабельдік теледидар, бейне конференция, технологиялық, коммерциялық, банктік ақпараттар және интернет жүйесі, электрондық почта,телефакс,телемедецина. Осы саланың даму нәтижесінде тұтынушылар саны көбейді.

 

2  G-PON     элементтері

Телеақпараттық қызметтің даму желілердің өткізу қабілетіне сұранысты арттырады. Қазырғы кездегі шешімдер жеткіліксіз деп санауға болады,сондықтан жаңа дәуірдің желілерін құру концепциясы жасауда (NGN –Next Generation Network). Онын негізгі концепциясы оптоталшықты соңғы қолданушының үйне дейін жеткізу. Осылайша, абонеттерді желімен қосатын, желінің соңғы бөлігінің жіберу қабілеті біршама артады. РON (пассивті оптикалық желі) – бұл тез дамитын, оптикалық талшық бойынша кең көлемді мультисервисті қолжетімділіктің перспективті  технологиясы. РON технологиясының мәні оның атынан шығады, яғни оның тарамдану желісі активті компонеттерді қолданбай құрылады: байланыстың бір талшықты опт желісі оптикалық сигналдың таралуы оптикалық қуаттылықтың пассивті тарамдану- сплиттерлер көмегімен іске асырылады.

Құрамдылық жағынан кез-келген пассивті оптикалық желі үш негізгі элементтен тұрады- станциялық терминал OLT,пассивті оптикалық сплиттер және абонентік терминал ONT. OLT терминалы PON желісінің сыртқы желілермен өзара әсерін қамтамасыз етеді, сплиттерлер оптикалық сигналдың PON трактісі бөлімінде тарамдануын қамтамасыз етеді, ал ONT абонентік жақпен байланысқа қажетті интерфейске ие. PON архетектурасының негізінде логикалық топология «point-to-multipoint» қолдану арқылы шешеім қабылдауға мүмкіндік береді. Орталық түйіннің бір портына, ондаған абонет қамтитын,ағаш сияқты архетектураның бүтін талшықты оптикалық сегментін қосуға болады. Бұл кезде пассивті оптикалық тарамдану (сплиттерлер) ағаштың аралық түйіндеріне орнатылып, қоректендіру мен қызмет корсетуді қажет етпейді.

    TurboGEPON тезнологиясы (Gigabit Ethernet Passive Optical Network) біреудің 2,5 Гбит/с жылдамдығын қамтамасыз ететін, PON поссивті оптикалық желісі технологиясының бір түрі болып табылады.Бұл технологияның дәстүрлі MetroEthernet оптикалық желісінен айырмашылығы, бүл бір ғана қабылдау-беру құрылысын қолдануға және оптикалық сигналдың бөліну үшін пассивті құрылғыны қолдануға мүмкіндік береді, соның нәтижесінде оптоталшықтардың біршама мөлшерін үнемдеуге болады.

OLT-дан төмен кететін мәліметтер 1490 толқынында 2,5 Гбит/с жылдамдықпен беріледі, ал жоғары кететін ағым барлық ONT-дан 1310 нм толқында жалпы 1,25 Гбит/с жылдамдықпен беріледі. Downstream бағытында (станциялық құрылымы-> абонент), Ethernet   кадырлы беріледі. N әдетте 4 және 64 аралығында жатады. Ethernet өзінін табиғаты бойынша кең хабарлау құралы болып табылғандықтан, downstream бағытында, PON аясында жұмыс жасауға нақ келеді: пакеттер ONTкең хабарлауға берілетін және МАС- адреске сәйкес,  ONT –мен қабылданады. (2 -сурет).

Сурет.2 – OLT-дан  ONT-ға мәліметтерді беру

Барлық ONT жалпы уақыт беретін көздер синхронизацияланын, әр ONT-ға нақты уақыттық домен беріледі. Әр домен бірнеше Ethernet кадрларын беруге қолданылуы мүкін. ONT клиенттен келген әр кадрды, оның уақыттық домені келгенше буферлеуі қажет. Оның уақыттық домені келген кезде , ONT буферде жиналған барлық кадрды Ethernet стандарттарының біріне сәйкес келетін максмальды каналдық жылдамдықпен (10/100/1000 Мбит/с) жіберуі қажет. Егер буферде барлық доменді толтыратындай кадр болмаса, бос 10-битті символдар беріледі. Уақыттық домендердің бөлінуінің әртүрлі кестелері бар,ол статистикалық TDMA (Time – Division Multiple Access) басталын, әр ONT-дағы кезек мөлшерінің сәттік мәні ескеретін динамикалыққа дейін (статистикалық мультиплексирлеу схемасы).

Сурет.3 ONT-дан OLT-ға мәліметтерді беру

    Оптикалық желі ағаш тәрізді архитектураға ие, ол HFC кабельік телевидения желісінде де қолданылыды. PON және HFC желілерінің архетектурасы сәйкес келетіндіктен КТВ тікелі каналы 1550 толқынында сол талшықта беріле алады, бұл осы технологияның сөзсіз артықшылығы болып табылады. Кабельдік операторлар құрылған  HFC талшықты – оптикалық инфрастуктураны тимді қолдана алады, оны кіргенге дейінгі құрудын аяқтап, қосымша кызметтер TurboGEPON үшін жүйесін қоса алады.

Бір талшықты – оптикалық сигмент 20 км радиустағы ONT-ның 64 қабылғасына қызмет көрсете алады. Барлық абонентік түйіндер терминалды болып табылады, сондықтан бір немесе бір неше абоненттік түйіннің істен шығуы қолдандарының жұмысына әсер етпейді.

TurboGEPON  технологиясының негізгі артықшылықтары

· Абоненттерді қазіргі заманғы мультисервисті қызметтерге жоғары жылдамдықта қосу;

· Станциялық терминалдың бір портына 64 абоненттік құрылғыға дейін қосылу мүмкіндігі;

· Оптикалық талшықтың жіберу жолағын тиімді пайдалану;

· Оптикалық талшықтардың қосынды ұзындығының қысқарту;

· Тарамданудың жоғары коэффиценті (до 64);

· Капитал салудың және күнделікті эксплуатациялық шығындардың басқа да технологиялармен салыстынғанда неғұрлым төмен деңгейі;

· Электроқоректерді қажет ететің желіде активті компонентердің болмауы;

· Қызмет етудің толық комплексін ұсыну.

· Сол талшықты КТВ тура аналогты каналының берудің мүмкіндігі.

 

 

3  Оптикалық таратушы шкаф және кросс

   PON желісін жобалау желі түйіндерін анықтаудан басталады, онда абоненттердің пәтерлеріне дейінгі кабельді желі құрылатын, активті құрылғы орналастырылады. 

   АТС-да желілік түйің болады, оның қызмет қөрсету аумағы, негізінен PON желісі аумағымен анықталады. PON-ның OLT ( OLT Optical Line Terminal) түріндегі белсенді шлюзді құрылысы, абонентердің соңғы құрылғысын Интернет жүйесімен, басқа да ұйымға дауыс, мәліметтер және видео  (Tripie Play қызметі) сияқты медиаконтентті қызметтермен байланыстырады.

   OLT-ның PON құрылғысының кіретің порттары ODF OLT оптикалық кросына оптикалық шнурлардың (патч-кордов) немесе шеттелген микрокабельдердің (предтерминирленген кабельдер) көмегімен қосылады. Оптикалық кросс кабельдерді бағат бойынша бөлуге, перекроссировка (коммутация) және сплайс-пластиналар арқылы (қосылыстар үшін кассеталар және бокстар) станциялық оптикалық кабельге (ЛФЦ, кросс) бөлімінде орналасады.

 

 

 

   АТС қызмет көрсететін аумақтағы PON желісінің бөлімінде АТС-тан оптикалық тарату шкафына дейін (ОТШ), талшықтардын магистральды таралуы жүреді. ОТШ-тан PON желісінің тарату бөлімінен абонентетердің соңғы құрылғыларына дейің ( ONT, ONU) байланыс оптикалық тарату қораптарында (ОТҚ) немесе оптикалық тарату шкафтарында (ОТШ) орналастырылатын пассивті оптикалық тарамданулан (сплиттерлер) арқылы жузеге асады.

2-бөлім

    Оптикалық тарату шкафтары магистральдік оптикалық желінің сонғы құрылғылары болып табылады, онда магистральды ТОҚ енгізілуі жүргізіледі, қойылған қосылыстардағы кассеталардың басқа кабельдерге бөлінуі, тарату желісінің кабелдерінің крассировкасы жүргізіледі. Қажеттілігіне байланысты ОТШ-қа оптикалық тарамдаулар (сплиттерлер) орнатылады.

ОТШ-тың конструкциясы мен орындалуы екі түрде болуы мүмкін:

-қабырғаға орнататын ОТШ (үйлердін немесе ғимараттардың ішіне орнатылады)

- фундаментке орнатылган ОТШ (көшелік немесе подъезд ішілік).

1) суретте Қабырғаға ілінетін жіне фундаментке орнататың ОТШ

 

1) сурет

ОТШ-тың ОТҚ-тан айырмашылығы мөлшері улкен және талшықтардың үлкен көлемі сияды.

19 ОТШ орындауында жасалған, антивандальды, кұлпы бар. ОТШ тарату оптикалық кабелінің минимальды ұзындығы есебімен орналастырылады ( 3-4 подъездге ) 1 ОТШ қойылуына мысалы келтіреміз.

Мысалы ; үйде 4 подъезд бар, соған сәйкес подвалға 1 ОТШ орналастырылады. 2 – суретте ОТШ сұлбасы берілген. Магистральды 8-талшықты кабель АТС-тан ОТШ-қа кіреді. Кабельдің 5 талшығы іске қосып дәнекерлеп кроссқа қосамыз және оны 1х32 сплиттерлердің кіретін портынаға қосылады.

 

Сурет 2 оптикалық таратушы шкаф

Үйдің шатырында кабельдің таратылу жүйесі ОТШ-қа магистральды 8-талшықты кабель оптикалық кроссқа жүргізіледі. Патчкордтардың көмегімен жұмыс атқаратын талшықтар 1х32 төрт сплитерге қосылады.

 

3- суретте Шкафтын көлеміи48 талшықболатын тарату кабелі жүргізіледі, ол подъездегі барлық абоненттер мен резетердің 100% қосылуын қамтамасыз етеді. Бұл кабель үлкен емес кесуден қажетті мөлшердегі талшықтарды шығарып алуға мүмкіндік беретін конструкциясы бар, барлық кеспи ақ. Кабелде  G.657A нұсқауларына сәйкес дайындалған индивидуальды буфермен капталған талшықтар колданылады. Бүл талшықтар иілудің аз радиустарына жарамайды.

   Тарату кабелі сол үйдің аз қолданылған стояктарына енгізіледі. Әр қабатқа оптикалық тарату қорабы (ОТҚ) орналасырылады.

  ОТҚ мөлшері үлкен емес, ол тарату кабелімен алынған талшықтар мен drop- кабел талшықтарын қосуға арналған. Бір ОТҚ төрт drop- кабельдерді тарамдауға мүмкіндік береді.

   ОТҚ-дан қолданушының бөлмесіне дейін бір талшықты drop- кабель енгізіледі. Мұндай кабельдердің орташа ұзындығы 20 м. Ол G.657A бойынша талшықты қолдану арқылы дайындалған, ол кадельдің бұл типін пәтерде кадельді канал арқылы немесе иілу радиусы минимальды болатын плинтус арқылы енгізуге мүмкіндік береді.

 

Сурет.4-Бұл сұлбада көп пәтерлі уйдің тарату желісі көрсетілген

Ауылдын бір көшесін нақты қарастырайық. Сыртқы жарықтандырудың тіреушелерінде (тіреушелер бір-бірінен 50 м қашықтықта орналасқан) бекіту түйіндері мен қысқыштар көмегімен 32- талшықты кабель ілініп, 5 әкетуші муфта орнатылады, олардың әрқайсысы абоненттерге кабельдің алты талшығының тарамдануын қамтамасыз етеді. Балқыту қосылыстарының көмегімен муфтада бұл кабельдер drop- кабельмен қосылады,ол да сыртқы жарықтандыру тіреуіштері арқылы ілумен әр үйге жеткізіледі. Отыз талшык абоненттерді қосу үшін қолданылады, екі талшық резервті болады.

Шкафты аудандарды бөлген кезде келесі енгізгі ережелерді ұстанған жөн:

- Шкафты аудандардың территориясы мүмкіндігінше жинакы болуы қажет;

- Шкафты аудандардың шекаралары табиғи бөгеттер – өзен, бақша, бульвар, темір жол, қала құрылысындағы үлкен бөліністері болуы қажет;

- Табиғи бөліністер болмаған жағдайда шкафты аудандардың шекаралары әдетте , квартал ішіндегі территориямен өтуі кажет;

- Жол қаптары жетілген автомагистралдары бар кең көшелер де шкафты аудандардың шекаралары болады;

Тарату желісімен көшелерді қию саны минимальды болуы қажет.

ОТШ типтері бойынша

Шкафтардың күштену мүмкіндіктерін сараптау негізінде және магистральды желінің шкафты құрылыс вариантын өндеу барысына сәйкес, және PON тарату желісінің схемасына сәйкес ОТШ-тын мүмкін максимальды күші анықталады, соған сәйкес типтері бойынша аталуы: 1) суретте

Бұралмалы есігі бар шкаф, есігі қайта қойылмағанға дейін, шкаф іші жағынан симетриялы емес.

Габариттері (ШхВхГ):600х470х300мм.

Салмағы 30кг жуық.

Бұл опция 192 портқа арналған, оның ішінде -160 порт PON абоненттері үшін, 32 порта- магистральді талшықтар мен басқа да арнайы сигналдар үшін. ОТШ ОТШ- таң басқа да опциялары қолжетімді. Бұл модельдің максимальды сыйымдылығы -846 порт.

LC ажырату типіне байланысты ОРШ тығыздығы жоғарылайды немесе ОТШ мөлшері төмендейді.

Көшелік ОТШ қолданған кезде (фундаментте)

Артықшылықтары:

Кабельді канализацияда бұрынғы ТШ қатар орнатылады.

Абоненттердің көп санына ОТШ-тың аз саны кажет етіледі.

ОТШ-М-нан бастап ОТШ-С және ОТШ-Б-ға дейін біртіндеп жинақтала алады. Магистральды кабелдердің транзитті қосылуын жүзеге алады (муфт орнына қолдану).                                                 Кез-келген уақытта қызмет көрсету үшін ыңғайлы қолжетімділік.     Шкафты аудандарды оптимальды анықтап,құруға мүмкіндік береді.

Кабельді канализацияның түтік каналдарын толтыруды үнемдейді. Шкафаралық беру арқылы айнымалы резервтеуді қолдануға мүмкіндік береді.

Кемшіліктері:                                                                                        Оптикалық компоненттер үшін температуралық тұрақсыздық.  Жердегі жұмыстарды жүргізуді, сондықтан соған сәйкес шкафты орнатуға сәйкес келісулерді алуды қажет етеді.

Подъезд ішілік ОТШ қолданған кезде ( қабырғалық)

Артықшылықтары:                                                                                   Подъез ішіне әдеттегі ОТҚ сияқты қабырғаға орнатылады.             Оптикалық компоненттер үшін температуралық тұрақтылық.             Көп пәтерлі үйлерде қолдануға ыңғайлы: 1 ОТШ = 1-2 үй                 Желіні шкафтық аудандарды анықтамай- ақ құруға мүмкіндік береді (тура қуаттау жүйесі бойынша)                                                    ОТШ орнату үшін жердегі жұмыстарды қажет етпейді.   Кемшіліктері:                                                                                     Көшелік шкафтарды орнатуға қарағанда көп ОТШ санын қажет етеді. Үйде ОТШ орнату орнын таңдауда қиындық тудырады.   ОТШ-ты бірнеше үйге орнатқан кезде, техникалық ғимарат арқылы транзитті кабелді жүргізу қиынырақ және сенімсіз (кабельді канализациямен салыстырғанда).                                     Енгізілетін кабельдер саны және олардың көлемі ОТШ-ты толық жабдықтауға мүмкіндік бермейді.                                                         Кабельді канализацияның бос немесе жартылай ғана бос түтік каналдарының көп мөлшері кажет етіледі.                                Айнымалы резервтеу және шкафаралық беруді қолдану іс жүзінде мүмкін емес.

ОТШ орнату ережесі

Шкафты орналастыру орынымагистральды (АТС-тан шығатын бағытпен) және тарату кабельдерінің бағытымен, сонымен бірге шкафты ауданның территориясының конфигурациясымен анықталады.

ОТШ орналасу –ауданның басында, ОТШ –тан АТС бағытына шығатын ОТШ жалпы көлемінің 20-30% аспайтындай аздап тарату кабельдерінің бағытына жылжумен болу керек.

 

 

4  Оптикалық тарату қораптар

       Оптикалық тарату қораптары, бокстар (ОТҚ) тарату оптикалық желісінің құрылғысының құрамына кіреді және абонентік қосылулар мен магистарльды желінің ОТШ аралығындағы коммутациялық түйін болып табылады. ОТҚ тұрғын үйлердің подъездерінің қабырғаларына орнатуға арналған және соңғы, өтпелі және сплиттерлерді ішкі орнату мүмкіндігі бар болып бөлінеді. Сурет.1. ОТҚ монтаж кезінде оптикалық талшықтарды алдын ала сыртық кабельден бөлініп алынған pig-tail талшықтармен дәнекерлеу жүргізіледі. Дәнекерлеу орны жылу отырғызатын қорғаушы гильзалармен капталған, ол арнайы ұяшықтарға бекітілген. Pig –tail ішкі жағынан ОТҚ – тың бүйір панеліне орнатылған өтпелі розеткаға қосылады. Сыртқы кабельдің және pig-tail артық талшықтары сплайс пластинаға жиналады. Pig –tail-дар өтпелі розеткалар типіне сәйкес коннектор типімен алдын ала дайындалады.

Сурет.1. ОТҚ ішіне оптикалық талшықтарды бөлу сызбасы. Белгілеулер:1- сыртқы ТОК; 2- кабель бекітуінің гермовводдлясы; 3- сыртқы ТОК бөлінген талшықтары; 4- қорап корпусы; 5- сплайс- пластина; 6-КДЗС; 7- дәнекерлеу орны; 8- қабырғаға орнататын винт; 9- Pig –tail талшықтары; 10- Pig –tail коннекторы; 11- оптикалық өтпелі розетка.

Көпмодты талшық үшін кеңінен таралған розеткалардың типі SC және SC mm, ал бірмодты талшың үшін - FC sm, SC sm болып табылады. Оптикалық қосатын шнурлар қосатын розеткаларға қораптың сыртқы жағынан қосылады.

ОТҚ-ның кемшіліктеріне оптикалық шнурлардың әлсіз қорғалғандығын, жүйені өсірудің ыңғайсыздығын, сонымен бірге барлық ОТҚ – лардың артық оптикалық шнурларды сақтау мүмкіндігінің жоқ екендігін жатқызуға болады. ОТҚ- тың артықшылығы – бұл конструкциясының қарапайымдылығы, бағасы қымбат емес, тіреуіштерді қолдану қажеттілігінің жоқтылығы. 2 суретте ОТҚ –ның бір қатар шығарылатын модулдері берілген.

Сурет.2. ОТҚ ішінде оптикалық талшықтарды бөлу сызбасы   

Оптикалық тарату панелдерінің (ОТП) ОТҚ- тан айырмашылығы олар 19 тіруішіне бекітіледі. Тіреуіштік вариант әсіресе қабылдау-беру құрылғысы сол тіреуіште орналасқанда артықшылығы бар. Бұл жерде оптикалық шнурларды қосу қарапайым болады. Бір тіреуіште құрылғының концентрациясы жүйенің сенімділігін арттырады және қызмет көрсетуді жеңілдетеді. 3- суретте ОТП мысалдары келтірілген 3а – суретте сплайс- модулмен қосылған терминерлеуге арналған панель көрсетілген. Бір немесе бірнеше осындай панель шағын коммутациялық түйіндерге орнатылады.

3б-суретте тікелей терминирлеуге арналған панель көрсетілген. Осы панельге станциялық кабель жүретін сплайс – бокс, сол тіреуіш – секцияның басқа бөлімінде орналасуы мүмкін.                                  

Бұл панель ірі коммутациялық түйіндерде қолдануға арналған.

Сурет – 3.. оптикалық тарату панельдерінің сыртқы түрі:                      а) спайс-модулы біріктірілген және вертикальды кабелі бар терминирлеуге арналған 24 – позициялық панель ; б) тікелей терминирлеуге арналған 72- позициялық панель.

  Оптикалық тарату панельдері притерминтрленген ТОК- мен завод жағдайында дайындалады және оптикалық кабельдің катушкасымен бірге келеді, сует – 4. Стандарттық орындалу да болады, бұл кезде ОТП тіреуішке кабельді орауды, сонымен бірге модифицирленген орындау, мұнда ОТП катушкаға бекітілген күйінде қалады да, кабельді ораудан босату кезінде бірге айналады.

Модифицирленген вариантында ОРП-ны катушкадан бөліп алады, кабельдің барлығы ораудан босаған кезде тіреуішке бекітуге болады. Модифицирленген варианттар тесіктен тарту керек болатын жағдайларда жақсы келеді. Сплайс түйінге дейінгі арақашақтықты білген кезде, притерминирленген ОРП-ға тапсырыс беруге кабельдің қажетті ұзындығын көрсетуге болады. Сонымен бірге тапсырыс беруге қажет қосқыштар мен розеткалардың талап етілетін стандартын беруге, сонымен бірге келетін талшықтар санын және ТОК типін көрсетуге болады.

 

Сурет-4. Притерминирленген ТОК-пен оптикалық тарату панелінің сыртқы көрінісі

Монтаждық жұмыс

Электірлік кабельмен салыстырғанда оптика монтажының абоненттік розеткалардың, қосатын қораптардың және коммутациялық панельдердің конструкциясына әсер ететін өзінің ерекшеліктері бар. Бұл қосқыштарды орнату технологиясымен байланысты. Шеттеу процесі кезінде коннекторды қолға алып, кептіру пешіне салып, тегістеу машинасына салуға тура келеді. Бұл үшін көп талшықты кабельді үлкен ұзындықта кесуге тура келеді, 1-1,5м жалаң талшық қалдыра отырып, Шеттелген соң артықтары иілуі 30мм, зақымданудан қорғалған арнайы бағыттауға жиналу қажет. Осы жинақтаушы бағыттардың әсерінен оптикалық абоненттік розеткалар электрлікке карағанда корпусы үлкен болады. Сплайс-пластиналар дәнекерлеуші байламдарды немесе көпталшықты кабельдерді қосылу орнында спайлыстарды бекітуге арналған.

Оптикалық тарату қораптары көпталшықты кабельдерді бөлу үшіне және көптеген абоненттік кабельдерді тарату пунктерінде шеттеуге арналған.

 

5 Оптикалық қосқыштар

   Оптикалық қосқыштар талшықтардың тұрақты немесе уақытша, ажырайтын немесе ажырамайтын қосылыстары үшін арналған. Қосқыштардың негізгі параметрлері – әкелетін шығын және кері шағылысу деңгейі. Жоғалтуларды азайту үшін міндетті түрде қосылатын талшықтардың нақты өзара позиционирленуі қажет, оған әсіресе бірмодты талшықтар үшін қол жеткізу қиын. Қосқыштардың манызды сипаттамасы – жұмыс температурасының диапазоны, өйткені қосқыштардың компоненттерінің жылулық кеңеюі, барлық салдарымен позиционерлеудің нақтылығына әсер етеді. Қосқыштардың сапасы олардың бағасымен немесе қажетті құрылғылармен тығыз байланысты, сондықтан өмірдің барлық жағдайына сай келетін қосқыш жоқ.                                                  

  Екі талшықтың ажырамалы қосылысына олардың ұштарына конекторлар (connector) орнатылады, олар қосу розеткасына (receptacle) қойылатын вилкалар болып табылады. 1-суретте көрсетілген. Конекторлардың екі функциональдық элементі бар – корпус 1 және наконечник 2. Талшыққа бекітілетін наконечник (ferrule), оның розеткадағы орталықтануын қамтамасыз етеді. Наконечник дайындалған материалға коннектордың спасы байланысты – әкелетін шығын деңгейі. Ең жақсы материал керамика болып табылады – оның өндеу кезіндегі жолы оңай, одан соң таттанбайтын құрыш, ең арзан коннекторлар наконечнигі пластмасса болып табылады. Наконечниктегі талшық эпоксидті желім көмегімен (дәстүрлі әдіс), немесе конектордың сәйкес бөлшегін қысу көмегімен бекітіледі. Талшықтын шығып тұрған шетін кеседі және тегістейді. Тегістеу тірелетін наконечниктегі талшықтар барынша бір – бірімен жақынырақ байланысу үшін, ал бетіндегі кедір – бұдырлық қосымша шығындар әкелмеуі үшін қажет. Наконечник конектордың корпусына қозғалыссыз немемсе біршама бос орналастырылады. Корпус кабельді бекітуге және коннекторды резеткаға фиксациялауға мүмкіндік береді. Наконечник жылжымалы әдіспен бекіту оптикалық байламды коннектордың корпусы мен кабеліне механикалық әсерлерден қорғайды.

Сурет.1 Ажырамалы қосылыс

     Розетка корпустан және орталықтандыратын қоспадан тұрады. Розетка корпусы 3 оның панелге бекітілуін және коннектордың фиксациясын қамтамасыз етеді. Қоспа 4 коннектор наконечниктерінің нақты өзара позиционерленуін қамтамасыз етеді, ол наконечниктердің позиционерлеу нақтылығын анықтайды.

     Қосылатын талшықтардың типіне байланысты ажыраулар бірмодты және көпмодты болып бөлінеді. Бірмодты үшін позиционерлеудің жоғары нақтылығы қажет етіледі.(талшық өзегінің диаметірінің аз болуына байланысты). Бұл жерде коннектор наконечниктері мен розеткалардың орталықтандыру қоспалары үшін әдетте керамиканы қолданады. Мұндай коннекторларда жиі (жылжымалы) қолданады, өйткені сыртқы механикалық әсерлер позиционерлеудің бұзылысына әкелмес үшін. Коннекторлардын кейбір типтерін наконнечниктің ішкі диаметрі 125,126 және 127 мкм болатындай қалып шығарады. Мұндай коннекторларды жинау барысында диаметрі минимальды наконечник таңдап алынады, оны нақты талшыққа кидіреді. Осылайша орталықтандырудың барынша нақтылығына қол жеткізуге болады. Кері шағылысу деңгейін төмендету үшін РС және АРС  тегістеуі бар наконнечниктер қолданылады. Осыған байланысты бірмодты коннекторлар көпмодты конекторларға қарағанда қымбат тұрады. Бірмодты коннекторлар көпмодты талшықтарға да қолдануға болады, бірақ бұл өте қымбат.       Түсті маркировкасы (TIA/EIA-568A бойынша):көпмодульді коннекторлар және адаптерлер (розеткалар) – сарғыш, бірмодульді-көк.

    Қосылатын талшықтар санына байланысты коннекторлар бөлінеді: дара (симплексті), дуплексті (жұп) және көпканалды.

  Оптикалық конекторларда фиксацияның әртүрлі механизмі қолданылады: бұралмалы фиксаторлар – байонетті (ST) немесе бұрандамалы  (FC) – ол порттардың жоғары тығыздығы бар дуплексті конструкция алуға келмейді. Ең ыңғайлы фиксация “тарт- итер” (push- pull), ол SC ажырамаларында қолданылады (дара және дуплексті).

           Коннекторлардың түрлері  

  ST коннекторы- жалғыз, байоннетті фиксациямен, наконечник диаметрі 2,5 мм. Жоғалту 0,2-0,3дБ. Орнату технологиясы- желіммен немесе қысумен. Егер жұмыс жасап тұрған линияларда қолданылып жатса СКС стандарттарымен рұқсат беріледі, бірақ жаңа инсталляциялар үшін нұсқалмайды.

    ХТС коннекторы – қысу LightCrimp (MM үшін ғана) технологиясы бойынша ST варианты.                                                              

  SC және SC Duplex коннекторлары – жалғыз және дуплексті, наконечник диаметрі 2,5мм. Жоғалту 0,2-0,3дБ. Дуплекісті түрінде екі жалғыз коннектор жалпы қысумен енмесе ілгішпен қосылады. Фиксация түрі “тарт-итер”. Орнату технологиясы – желім арқылы немесе қысу (Light-Crimp-тек ММ үшін). Стандарты СКС стандарттары бұл түрін ғимараттың кабельді желісінде қолдануды нұсқайды.

   FC и FC/PC коннекторлары- жалғыз, розьба арқылы фиксацияланады, наконечник диаметрі 2,5мм. Жоғалту 02,-0,3дБ. Наконечник корпусқа және кабельдің қабығына қатысты “жүзеді”. Вибрация мен соққыға тұрақты. SM-  талшықтар үшін тиімді, борттық жүйелерде, кабельді телевиденияда, алыс байланыстарда қолданылады.

   FDDI коннекторлары – дуплексті, наконечник диаметрі 2,5 мм. Екі жақ бүйірдегі пружиналық ілгіштер арқылы фиксацияланады. Коннектор біршама үлкен және қымбат тұрады. Негізгі FDDI аппаратурасында қолданылады. Кілттер жүйесі порттарды дұрыс қолданбайдың алдың алады. Жоғарыда қарастырылған коннекторлар электірлікке қарағанда көлемі үлкен, олар тарату панельдері мен белсенді жабдықтандыруларда порттардың жоғары тығыздығын қамтамасыз ете алмайды.  TIA/EIA-да 568 стандартының жаңа редакциясына жасауда көптеген коннекторларды жоғалтып, тек аз габаритті RJ-45 розеткасына енетін, жалғыз аз габаритті, абоненттік дуплексті қосқышты қалдыруға ұмтылыс жасады. Бірақ, төмендегілердің тек біреуін қабылдауға мүмкіндік болмады.

      Коннектор МТ- RJ- азгабаритті дуплексті, талшығының бекітілген және тегістелген фрагменттері бар екі талшықты наконечнигі бар. Ілмекпен фиксацияланады, ғимаратың ішіне жүргізуге арналған. Шеттеу үшін тек кабельді тазалап, опырып алып, оны CoreLink сплайстағыдай фиксациялау керек. Бірмодты және көпмодты (50/125 және 62,5/125) талшықтар үшін шығарылады. Кері шағылысу деңгейі -44дБ.

     Коннектор OptiSPEED LC – жақсартылған азгабаритті дуплексті вариант SC.

Фиксациясы ұқсас RJ-45. Жоғалтулар 0,1-0,2дБ, кері шағылысу -20дБ ММ үшін және 40дБ SМ үшін.

     Коннектор OPTI-JACK- дуплексті, наконечник диаметрі 2,5мм, фиксациясы ұқсас RJ-45. Жоғаалту 0,19 дБ SМ және 0,16 дБ ММ, кері шағылысу-20 дБ ММ үшін және (40-45) дБ SМ үшін.

      Коннектор SCDC и SCQC- дуплексті және 4-канальды, наконечнигі 2,5 мм фиксациясы ұқсас SC.

   Коннектор VF-45-дуплексті, талшықтарды тегістеу үшін V- тәрізді профиль қолданылады. Орнату қарапайым және арзан, жоғалту 0,3 дБ, кері шағылысу 20дБ.

   Алу үшін стриперлер 250-мкм жабынды және 900мкм буфер стандартты 125-мкм талшықпен;

    Шектеу үшін жабдықтар жиынтығы орнатылатын коннекторға байланысты. Сыртқы жабынды үшін стриперлер (3мм) және буферлік жабынды (250 және 900 мкм);

Сыртқы буферді қысатын сақина үшін кримпер (3мм);

Наконечикте талшықты фиксациялайтын зат – эпоксидты желімдеуге қажет жиынтық;

Қалам-опырғыш (scribetool) -  коннектордың наконечнигінен шығып тұратын талшықты опыруға ұстағышының корундтын немесе сапфирден болуы; механикалық опырғыш (cleavetool)- ұштарын опыруға ыңғайлы құрал.

 Оптикалық коннекторлармен жұмысқа қолданылатын тазалағыш заттар:

    Коннекторларды жууға арналған изопропилді спирті, тесіксіз тазалағыш орамал; Спиртті орамал (изопропильді спиртпен өңделген);             Коннекторлардың шыңын үрлеуге арналған ауа қысылған баллончиктер.                                                                                 Эпоксидті желімдеуге қолданылады: компаунд-эпоксидті желімен және қатайтқыш; араластыруға арналған ыдыс және ағаш қасық;                                                                       инемен шприц (epoxyapplicator) компаундты енгізуге үшін; кебуді желдететін пеш.

  Талшықтарды дәнекерлеуге мүмкіндіктері, өнімділігі және бағасы әр түрлі дәнекерлеуші аппараттары қолданылады. Аппараттардың негізгі түрлі дәнекерлеуші аппараттары қолданылады. Аппараттардың негізгі сипаттамалары: Дәнекерленетін талшықтар типі;                                                     Қосылыстардағы типті жоғалтулар: 0,12 бастап 0,02 дБ дейін SM үшін, 0,05 бастап 0,01 дБ дейін ММ-талшықтар үшін; Талшықтарды юстировкалау түрі бойынша: қолмен (орнатылған микроскоп бақылауымен) немесе автоматты түрде.

 Оптикалық линиялардың параметрлерін бақылау және өлшеу үшін әр түрлі приборлар қолданылады: Оптикалық;                                                                                                    өлшеу комплектілері; тестер-телефондар;                                                                     сәулелендіру индикаторлары; оптикалық линиялардың ұзындығын өлшегіштер;оптикалық рефлектометрлер OTDR (Optical Time Domain Reflectometer); ақаулар лакаторы.

      

6  Оптикалық абоненттік резеткасы

   Оптикалық абонентік резетканы оны ОТҚ және абоненттің үйіне немесе офистарына орнатады.

 

 

 

 

Кейбір оптикалық абоненттік розеткалардың түрлері

 

     

Оптикалық абонентік розетканы оны абоненттің үйіне немесе офистарына орнатады.

Мысалға: 86х86 розеткасың алсақ SC муфта – адаптері орналаспасының үстінгі розетка интеграсияланған 4 отырғызғыш орыны бар.86х86 мм өлшемді пластикалық бокста алға тартады.

 Пайдаланылмаған отырғызу орындары арнайы тығындармен жабылады. Конструкцияда RJ-45 розеткасы астынан орын қарастырылған.                                                                               Техникалық мінездемесі:                                                                    

Өлшемдері –(ВхШхГ)-86х86х33мм                                                           

 Түсі-ақ                                                                                                              Розетка саны- sc4                                                                                             RJ-45 розеткасын орнату мүмкіндіктері                                                      Орындалуы – пластик                                                                        

 Оптиканың қолдау көрсетілетін қосылуы: дәнекерлеу , Fiberlok, сырланбаған коннектор.

Енгізілетін оптикалық типі-диаметрі 2-3мм патчкорд, иілгіш DROP 2х3мм өлшейді FTTH кадельі, 900мкм қаптамасы талшық.

Конструкциялық ерекшеліктері:

Абонентік розеткаға дәнекерлеу немесе жалғағыштың көмегімен 4 бірдей NPC/SC коннектор немесе SC коннекторлы 2 пигтейлді орнату болады.

 Розетка орын-жай ішіндегі тартуға арналған 3мм диаметр қаптарлған оптикалық кабельді пайдалану барысында қолданылуға мүмкін 1 сутетте көрсетілген.

 

7 Талшықты-оптикалық байланыс жүйесі жұмыс кезіндегі техникалық қауіпсіздіктің негізгі ережелері.

Жалпы алғанда талшықты-оптикалық байланыс жүйесін жұмыс жасауда келесі және зиянды өндірістік факторлар әсер етуі мүмкін: - лазерлі сәуленің әсері;                                                                                     -оптикалық талшықтардың ұсақ сынықтарының көзге,теріге, жөндеушілердің тамағына түсуі мүмкін;                                                             -жұмыста жарылғыш, өртенгіш және улы заттардың (химикаттардың) қолданылуы;                                                                                -оптикалық талшықтарды дәнекерлеуде жылжымалы дәнекерлеу аппараттарын қолдану;                                                                             -физикалық және эмоционалдық шамадан артық күш түсу;

1.Лазерлік сәулелену

Оптоталшықпен жұмыс жасауда онымен өтетін лазерлік сәуле кауіпті болып табылады. Оптикалық желілердің элементтерін тексеруде қолданылатын микроскоп міндетті түрде бұл сәулелерді тежейтін фильтрмен жабдықталуы керек. Олай болмаған жағдайда, микроскоп арқылы белсенді жарыққа кездейсоқ карау арқылы, сіз көздің торлы қабығының күйігін аласыз. Өйткені талшықты оптикада қолданылатын көптеген лазерлер спектрдің инфрақызыл аймағында жұмыс істейді. Олардын сәулелері көзге көрінбейді (оларды анықтау үшін арнайы құрылғы қажет), сондлықтан жарақат алу қаупі жоғарылайды.

2. Оптикалық талшықтардың жарықшақтары

    Оптикалық ажырамадарды монтаждау барысында скрайбирлеу және оптоталшықты опыру жүреді, осы кеде шынының жарықшақтары пайда болады, оны байкау қиын, өйткені ұсақ және түссіз. Бұл өткір жарықшықтар бір қатар себептерге байланысты қауіп төндіреді:

- егер техник оптоталшықпен қорғаныш көзілдірігінсіз жұмыс жасаса,

- жарықшықтар оның көзіне түсуі мүмкін. Оны тәжірибелі дәрігердің өзіне алу қиын, өйткені ол көз алмасының негізінде мүлде көріндейді.

- Көзілдіріктің өзі де толық қауіпсіздікті қамтамасыз ете алмайды. Жарықшақтар кір қолға жабысып, техник оны көзін уқалағанда көзіне енгізіп алуы мүмкін.

- Жарықшақтар киімге кіріп, онымен бірге үйге жеткізіліп, оның жанұя мүшелеріне және үй жануарларына қатер төндіруі мүмкін.

- Егер жұмыс орнында тамақ пен ішетін заттар сақталса, олар арқылы жарықшақтар асқазанға түсуі мүмкін.

- Жиі жағдайда талшықтардың жарықшақтары теріге еніп, әдетте ағаш зооноздар, жараға инфекция түсіруі мүмкін.

Жарықшықтарды міндетті түрде бұралатын қақпағы бар банкаға немесе желімделетін лентаға жинау керек.                                        Оптикалық талшықтармен жұмыс барысында қатаң түрде тамақ ішуге тыйым салынады, ал жұмысты аяқтағын соң міндетті түрде қолды сабындап жуу қажет.

3. Талшықты оптикадағы химикаттар

  Қорғаныш жабындыларын алуға арналған спирт пен еріткіштер отқа қауіпті екенін және түссіз жалынмен жанатындығын есте сақтау керек. Олар улы болуы және аллергетикалық реакция тудыруы мүмкін. Көптеген химикаттар да дем алғанда, жұтқанда, теріге түскен кезде денсаулықа зиян келтіреді. Олардын бірқатары жарылғыш келеді және басқа заттармен әсерлесуі мүмкін.

     Нефрасты, бензин және сұйық құрамдарды қолданған кезде жұмыс орнын міндетті түрде тартқыш-сорғыш қырылғымен жабдықтау қажет. Еріткіштермен және шайындылармен жұмыс кезінде ұшқын беретін жабдықтарды қолдануға болмайды.

Изопропил спирті (изопропанол)

     Таза изопропилді спирт- бұл ұшқыш және тез тұтанатын зат. Теріге түскен кезде оны кептітір, тітіркендіреді. Бұл спирттің буымен дем алуды барынша болдырмау қажет. Оның организмге ұзақ әсер етуі бүйрек жұмысының бұзылуына әкеледі.

Эпоксидті желім

  Эпоксидті желімнің нарықтағы кейбір түрлері қауіпті және ұшқыр деп белгіленеді. Олар адамда алллергиялық реақция тудырып, теріге түскенде күюлер болуы мүмкін. Сонымен бірге улы бу шығаратын, тез тұтанатын желім түрлері болады. Бояғышы бар эпоксидті желім киімде кетпейтін таңба қалдыруы мүмкін. Осындай желім теріге түскен кезде бірнеше күн немесе бірнеше апта сол таңбамен жүруге тура келеді.

3.3 Қышқылдар

  Оптикалық талшықтын жабындыны толық алып тастау үшін тұз қышқылын қолданады, сонымен бірге күшті әсер ететін химикаттар да қолданылады. Қышқыл жабындыны еріте отырып алады. Осы мақсатпен ацетонды да қолдануға болады , бірақ ол кейбір химиялық тұрақты жабындыларды жоя алмайды.

Тұз қышқылымен жұмыс барысында өте сақ болу қажет, өйткені ол күшті күюлерге әкеледі және егер буымен дем алғанда адам үшін өте қауіпті. Ацетон да пластикті, тканьді, ағашты жойып, адамның терісін зақымдайды. Сонымен бірге тез тұтанатын затқа жатады.

Тегістейтін материалдар

    Талшықты – оптикалық ажырама нықтылып, ондағы желім қатайған кезде, скрайбирлеу мен опырғыннан қалған, ондағы артық талшықтарды алу үшін, солайша әдеттегі түр беру үшін оның беткейін тегістейді. Осы мақсатта тегіститін пленка- жұқа пластик беттері қолданылады, олар бір жағынан алюминий тотығының абразивті бөлшектерімен, кремний карбидімен немесе алмазды ұсақтармен қапталған.

 Тегістейтін пленкалар мен пасталар әдетте жұмысқа қауіпсіз. Бірақ тегістеу барысында пайда болатын шыңының ұзақ әсер етуі тыныс жолдарының тітіркенуіне әкеледі.

4. Дәнекерлеу аппараттары

  Дәнекерлеу аппаратары электірлік доға қалыптастыру үшін жоғары күшті қолданады, ол өмірге қауіпті болып келеді, ал электродтар арасындағы донғалық разряд жанатын газдардың тұтануына немесе тез сұйықтардың жануына әкеледі.

   Дәнекерлеу құрылғысын кабельді жуып болған соң және жұмыс орнын желдеткен соң қосу керек.

  Құрылғыда күштің қосылуын индикациялануы және жоғары токтың берілуін индикациялау карастырылы керек.

     Құрылғы , оптикалық талшықты орнату кезінде, қақпағы ашық қалған жағдайда жоғары токты беруді тежейтін жабдықталуы керек. Жоғары токты жарық индикациясымен жүруі керек.         

 Құрылғыны электродтар блогының ашық қорғаныш жағдайында қолдануға тыйым салыныды. Дәнекерлеу жұмысын бақылау қажеттілігі туатын болса міндетті түрде ГОСТ 12.4.013 сәйкес жұмысшы қорғанаш көзілдірігін киюі қажет.

5. Физикалық және эмоциондық шамадан артық күш түсу.

 Нервті-психикалық, көру немесе бұлшықетке шамадан артық күш түсуді болдырмау немесе азайту үшін міндетті түрде жаттығулар жиынтығын жасау керек.

 

8 Қорытынды

  Менің тақырыбым: “G-PON”. Қазіргі замандағы ақпаратты легін тарату жүйесі.

  Заман талабына сай қазіргі қоғамда – байланыс саласында ақпараттық технологияның дамуына байланысты телекоммуникация саласында ОТБЖ кеңінен қолданылуда. Оптикалық талшықтардың интерактивті ТV, кабельдік TV, бейне конференцияда, коммерциялық – банктік ақпараттарды тасымалдау, электрондық почта, телефакс, internet байланыстарында ақпаратты жылдам және алыс жерлерге тасымалдайды.

 Қазақстанда қазіргі кезде барлық байланыс жүйелері оптикалық – талшықты жүйеге көшуде. Internet байланысын қолдаушылар көбеюде. Жыл сайын  мамандарға да талап күшейді, яғни бұл жүйедегі құрылғыларға олар дер кезінде қызмет көрсетулері қажет.

ОТБЖ техникалық ұйымдастыру салаында жұмыстың нәтижесін жоғары деңгейге жеткізу үшін, жұмысшылардың өз міндеттеріне жауапкершілікпен карауы болып табылады.

Мен « Қазақтелекомда» осы сала бойынша жұмыс істегенде, көптеген жауыпкершілікті сезіндім. Ең бірінші талап еңбек қауыпсіздігін сақтау, ОТБЖ құрылғыларының техникалық құжаттарын талапқа сай толтырылуын, уақытында бекітілуін, жоспарға сай жөндеу жұмыстарын жүргізу керек. ОТБЖ атқаратын жас маман болуы қажет. Әр жұмысшы міндетін орындай білсе,  Қазақстан мемлекетінің дамуына, алға басуына өз үлесін қосады деп ойлаймын.

 

 

9 Қолданылған әдебиеттер

 

1. Д.В. Иоргачев, О.В. Бондаренко. «Волоконно – оптические кабели и линии связи». Эко – Трендз. Москва, 2002.

2. О.К. Скляров. «Волоконно – оптические сети и системы связи». Солон – Пресс. Москва, 2004.

3. Дональд Дж. Стерлинг мл. Лес Бакстер. «Кабельные системы». Изд. «ЛОРИ». Москва, 2003.

4. Ю.П. Парфенов. «Кабели электросвязи». Эко – Трендз. Москва, 2002.

5. Журнал «КазЦентрЭлектропровод»№ 2003 ж.

6. www. Provod.kz.

 










Последнее изменение этой страницы: 2018-04-12; просмотров: 665.

stydopedya.ru не претендует на авторское право материалов, которые вылажены, но предоставляет бесплатный доступ к ним. В случае нарушения авторского права или персональных данных напишите сюда...