Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция

Есеп айырысу мен міндеттемелер есебі




АСТАНА 2017

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі

 

С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті

 

 

С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті әдістемелік кеңесінің  отырысында баспадан шығару үшін қаралды және мақұлданды   «31» мамыр 2017 ж. № 9 хаттама   Бекітемін: С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің  әдістемелік кеңес төрағасы ________________Абдыров А.М. «28» тамыз 2017ж.

 

 

Бағдарлама мамандықтың оқу жоспарына сәйкес құрастырылған

Құрастырушы: Кулекешова А.Б. аға оқытушы; Калгужина Р.А. «АПК -Инвест» ЖШС-ң қаржы директоры.

 

Сын пікір беруші: Тлеужанова Д.А., э.ғ,к, «Қаржы» кафедрасының аға оқытушысы.

 

 

қарастырылды «Есеп және аудит» кафедрасының отырысында «28» ақпан 2017 ж.,   № 8 хаттама.

 

Кафедра меңгерушісі, э.ғ.к. Байдақов А.Қ. ______________

Мақұлданды Экономикалық факультеттің Әдістемелік Кеңесімен, «18» мамыр 2017 ж.,   № 9 хаттама.

   

Әдістемелік Кеңес төрағасы, э.ғ.к Асилов Б.У. __________

 

 

Мазмұны

 

Кіріспе………………………………………………………………………..4

 

1. Өндірістік және диплом алдындағы тәжірибені өту бойынша әдістемелік нұсқаулар

1.1 Тәжірибенің мақсаты және міндеттері …..………………………...…6

1.2 Өндірістік және диплом алдындағы тәжірибені дайындау және ұйымдастыру ….......................................................................................…..6

1.3 Тәжірибеге жетекшілік ету және бақылау әдістері................................7

1.4 Өндірістік тәжірибе бағдарламасының мазмұны...............................8

1.5 Диплом алдындағы тәжірибе бағдарламасының мазмұны................14

 

2. Тәжірибе нәтижесін рәсімдеу тәртібі

 

2.1 Күнделікті жүргізу. ………………...................................……….….18

 

2.2 Тәжірибе бойынша есептілікті дайындау және рәсімдеу.........……...18

 

3 Өндірістік (диплом алдындағы) тәжірибе бойынша есептілікті қорғау..................................................................................................22

 

4 Баға қою саясаты....................…………………….…………………….23

 

А Қосымшасы  Тәжірибе өту туралы есеп берудің титул парағы....…...24

 

Б Қосымшасы  Құжат айналымының жоспарлы кестесі.……………….25

 

В Қосымшасы Студенттің тәжірибені өткендігі туралы есеп беруді қорғауды бағалау парағы.............................................................................26

 

Кіріспе

 

Нарық жағдайында қойылған жоғары талаптар, жұмыс күшінің сапасының, жаңа жоғары технологиялы өндірістердің дамуы, ақпараттардың жаңаруы, техника мен технологияның еңбекті ұйымдастыру нысандарының, қоғамдық өндірістің дамуы мен өзгеруі жоғары кәсіби білім жүйесіне жаңа міндеттерді айқындайды. Сондықтан ЖОО –ы үшін студенттердің оқу үрдісін ұйымдастыруда олардың тәжірибесі мен маман ретінде кәсіби практикалық дайындық деңгейінің сапасын жақсарту ерекше басымдылыққа ие. Бұл университетті жоғары кәсіби білім нарығындағы орынын және ҚР аумағында, сонымен қатар шет елде де оның маркетингтік қызметін белсендіре түседі. Кез келген маманның кәсіби қызметінде тәжірибелік білімдері ерекше рөлге ие. Егер де тұлға теориялық білімін қолдануда анағұрлым тәжірибелік өтілге ие болса, ондай қызметкердің жұмысы соғұрлым тиімді болады.

Студенттердің өндірістік тәжірибесі маман ретінде кәсіби- тұлғалық қасиеттерін қалыптастыру үрдісі ретінде қарастырылады, өйткені тәжірибе болашақ мамандардың теориялық дайындығын олардың тәжірибелік қызметімен байланыстыратын оқу-тәрбиелік үрдісінің ажырамас бөлігі болып табылады. Студенттердің өндірістік тәжірибесі - мамандарды дайындаудағы маңызды кезеңдердің бірі, оның мақсаты студенттердің оқу үрдісінде алған теориялық білімдерін тәжірибеде бекітіп, нарықтық экономика жағдайында тәжірибелік дағдыларын дамыту болып табылады.

Өндірістік тәжірибені өтуде студентке:

-  есептік пәндер бойынша теориялық білімдерін бекіту;

-  кәсіпорынның шаруашылық қызметін жоспарлау мен талдау бойынша өзіндік жұмыстар жасауға қажетті дағдыларын алу;

-  экономист-бухгалтер ретінде экономикалық-коммерциялық қызметті басқару тәжірибелік дағдыларын меңгеру;

-  кәсіпорынның қызметінің тиімділігін жоғарлату мен жоспарлауын ары қарай жақсарту бойынша міндеттерді шешу мақсатында творчестволық инициативаны дамыту;

-  тәжірибе бойынша есеп беруді жазу үшін қажетті ақпараттық мәліметтерді жинақтау және өңдеуді қаматамасыз ету міндеттері қойылады.

Диплом алдындағы тәжірибе ЖОО оқу үрдісінің маңызды бөлігі болып саналады. Диплом алдындағы тәжірибенің өзектілігі өндірісті бағалауда, жаңа технологияларды талдауда, есептік-талдамалық, ұйымдастыру- өндірістік және экономикалық сұрақтарда бағыттала білетін маңызды кезеңі болып табылады. Диплом алдындағы тәжірибенің мақсатына бухгалтерлік есепті ұйымдастыру мен жүргізу техникасы, шаруашылық қызметті экономикалық талдау мен салық салуда, дағдылар алу, теориялық сабақтарда алған білімдерін бекіту және тереңдету жатады.

Диплом алдындағы тәжірибенің міндеттеріне:

- болашақ маманның тәжірибелік қызметінің дағдыларын дамыту;

- шығарылатын біліктілік жұмысын жазу үшін тәжірибелік ақпараттар жинау;

-  нақты ұйымның қызметін қарастыра отырып, арнайы пәндерді оқудан алған білімдерін бекіту, кеңейту және жүйелеу;

- таңдалған мамандық бойынша бастапқы тәжірибелік еңбек өтілін меңгеру жатады.

Диплом алдындағы тәжірибе кезең уақытында студентте дипломдық жұмыс дайындалуы қажет. Зерттеу объектісінде ақпараттарды жинау - тәжірибе өтуде құрамдас бөлігі болып табылады. Бұл кезеңде нормативті-құқықтық актілерден, өзіндік зерттеулерден, кәсіпорынның қызметінде қолданылатын ақпараттар мен деректерден тұратын болашақ жұмысының негізін құрастыру міндеті алда тұрады. Жұмысты жазуға дайындық болашақ тақырыбын оқу, зерттеу, оның барлық қыр-сырымен  танысуды білдіреді.

Сондықтан өндірістік және диплом алдындағы тәжірибе жоғары білікті мамандарды дайындауда ерекше орын алады. Қазіргі кезде жұмыс берушілер жан-жақты дайындалған, мобильді, тәжірибелік жұмысының алғашқы күндерінен бастап өндірістік қызмет тиімділігіне қауқары бар қызметкерлерді талап етеді. Сондықтан қазіргі заман талабына жауап беру үшін университет түлектері тәжірибесіз жұмысқа алынғанда өндірістік және диплом алдындағы тәжірибелер өз септігін тигізеді.

Берілген бағдарламада өндірістік және диплом алдындағы тәжірибелерді өту мен ұйымдастыру бойынша әдістемелік нұсқаулар, сонымен қатар тәжірибе бойынша есеп беруді жазу үшін әдістемелер, оның мазмұны мен рәсімделуі, есеп беруді қорғау процедурасы мен бағаларды қою саясаты да келтірілген.   

                                              

 

1. Өндірістік және диплом алдындағы тәжірибені өту бойынша әдістемелік нұсқаулық

 

1.1. Тәжірибенің мақсаты және міндеттері.

 

Бухгалтерлік есепті, шаруашылық қызметін экономикалық талдауға және қаржылық есептілік аудитін, салық салуды ұйымдастыру және жүргізу техникасын меңгеруге теориялық сабақтарда алынған білімді тереңдету және бекітуге дағдылану.

Тәжірибені өту кезінде студент жасауы керек:

1) кәсіпорынның жарғысымен, ұйымдастыру құжаттарымен, оның құрылымымен, қызмет ерекшелігімен және бөлімдерінің қызметімен танысу;

2) кәсіпорыннан тағайындалған жетекшімен бірге тәжірибені өтудің күнтізбелік жоспарын жасау, осы жоспар бойынша күнделікте күнде жазу жүргізу;

3) қаржылық, басқару есебінің, талдау және аудиттің, оның ішінде:

- есеп саясатын;

- есепті жүргізу үлгісін;

- бастапқы құжаттарды, құжат айналымын;

- қаржылық есептің құрамы мен мазмұнын;

- қаржылық және басқарушылық талдаудың;

- ішкі аудиттің ұйымдастырылуын;

- салықтық есептемелердің ұйымдастырылуын оқу;

4) есеп жұмыскерлері арасында міндеттемелердің бөлінуімен танысу, бухгалтерлердің жұмыс орнында (есеп бөлімдері бойынша) жұмыс істеу;

5) бухгалтерлік құжаттарды дайындауға  және өңдеуге, түгендеу және тексеріске қатысу;

6) кәсіпорын қызметінің қаржылық талдауын жүргізу, ішкішаруашылық аудит бойынша анықтама дайындауға қатысу;

7) ғылыми жетекші тапсырмасы бойынша ғылыми хабарландыру, дипломдық жұмысты дайындау үшін ақпараттарды жинау және жүйелеу;

8) кәсіпорында қабылданған ішкі тәртіп ережесін және еңбек заңы талаптарын сақтау.

 

 

1.2 Өндірістік және диплом алдындағы тәжірибені дайындау және ұйымдастыру

 

Эдвайзер іс-тәжірибенің өту орындарын ұйымдастырады (кәсіпорындармен келісім шарт негізінде студенттердің өз таңдауларына рұқсат етіледі), студенттердің іс-тәжірибені өту орны бойынша бекітілгендігі жөніндегі бұйрықтың жобасын жасайды. Іс-тәжірибені өтудің уақыты, мақсаты мен міндеттері, мазмұны және тәжірибені өту бойынша жасалатын есептің формасы туралы жиналыс өткізеді.Тәжірибені әр түрлі меншіктік нысандағы кәсіпорындар мен ұйымдарда өте алады.

 

1.3 Тәжірибеге жетекешілік ету және бақылау әдістері.

 

Іс-тәжірибені өту барысында студент кафедрадағы жетекшісінен ауызша және жазбаша түрде кеңестерін ала алады. Бұдан басқа студент өзінің ғылыми жетекшісінен ғылыми жұмысты орындауға қажет материалдарды жинау мен өңдеу бойынша жеке тапсырма алады.

Кәсіпорын тарапынан тәжірибе жетекшісі бас (аға) бухгалтер немесе оның орынбасары бола алады. Есепті ұйымдастырудың жеке учаскілерін зерттеу кезінде есептің осы секторын басқаратын бухгалтер жоғары (арнайы) экономикалық білімі бар жағдайда ғана жетекшілік ете алады.

ЖОО тағайындалған тәжірибе жетекшісі (дипломдық жұмыс жетекшісі):

- білім алушылар тәжірибеден өтетін кәсіпорындар, мекемелер, ұйымдарды, сонымен бірге тәжірибе өтушілердің өзін тәжірибе бағдарламаларымен, өндірістік тәжірибе күнделігімен қамтамасыз етеді;

- білім алушылардың тәжірибесінің ұйымдастырылуы мен өтуіне, оның мерзімдері мен мазмұнының сақталуына бақылауды жүзеге асырады;

- қажет болған жағдайда, тәжірибеге жіберілетін білім алушыларды медициналық тексеруді ұйымдастырады;

- тәжірибе басталғанға дейін білім алушылар-тәжірибе өтушілердің қажетті дайындығын ұйымдастырады;

- білім алушыларға оқу жоспары мен бағдарламасына сәйкес кеңес береді;

- кәсіпорындар, мекемелер, ұйымдардың білім алушыларды дұрыс еңбек және тұрмыс жағдайларымен қамтамасыз етуіне, білім алушыларға еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқау жүргізілуіне, тәжірибе өтушілердің ішкі еңбек тәртібі ережелерін сақтауына бақылауды жүзеге асырады;

- білім алушылардың тәжірибе жөніндегі есебін тексереді, олардың жұмысы туралы өз пікірін жазады және кафедра меңгерушісіне білім алушылардың тәжірибелік дайындығын жетілдіру бойынша ұсыныстары және ескертулерімен бірге тәжірибе өту туралы жазбаша есеп ұсынады.

- тәжірибе бойынша есептерді қабылдау комиссиясының жұмысына қатысады;

- барлық тәжірибе түрінің қорытындысына хаттама жасалуын бақылайды. Тәжірибе қорытындысы кафедрада талқыланады. Тәжірибе қорытындысы бойынша деканатқа есеп тапсырады.

Кәсіпорыннан тағайындалған тәжірибе жетекшісі:

тәжірибе өтуге келген студенттен берілген жолдаманы және тәжірибе бағдарламасын талап ету;

–  берілген күнделікке студенттің тәжірибеге келгені туралы белгі жасау;

– тәжірибе бағдарламасы бойынша студенттің қатысумен тәжірибе өтуіне күнтізбелік кесте құрып, оны қауіпсіздік техникасы және санитария бойынша нұсқаудан өткізу;

– студенттің тәжірибе өту барысында, тәжірибе бағдарламасын дұрыс орындап, күнделік жүргізіп жүргенін қатаң бақылау жасайды.

Тәжірибе мерзімі аяқталғаннан кейін: 

а) студенттің өндірістік тәжірибені өткені туралы есебін тыңдап, өзінің ескертпе пікірін жазып, бекітеді;

б) студенттің кәсіпорындағы жұмысы (тәжірибе өту) жөнінде мінездеме жазады. Мінездемеге кәсіпорын жетекшісінің қолы және мөрі қойылады;

в) күнделікке тәжірибе өтуші – студенттің кәсіпорыннан кетуі жөнінде белгі қояды. Студенттің тәжірибе жіберген күндерін не себептен жібергені жазылуы керек.

Студенттің міндеті:

- тәжірибе орнына жоғары оқу орны бекіткен мерзімде келу, іс-сапар куәлігіне келу туралы белгі соқтыру;

- кәсіпорынның (ұйымның) ішкі тәртіп ережелерін және еңбек заңының талаптарын қатаң сақтау, ұжымның қоғамдық өміріне қатысу;

- кәсіпорын және университет тағайындаған жетекшілердің тапсырмаларын жеке кестеге сәйкес орындау;

- қаржылық, басқарушылық есеп және есеп беруді ұйымдастыру мен жүргізу әдістемесі бойынша нұсқаулар және нормативтік материалдарды оқу;

- деканаттан алған күнделікті толтыру,  материалдар жинау және іс-тәжірибені өту жөніндегі есепке жазбалар жасау.

 

1.4 Өндірістік тәжірибе бағдарламасының мазмұны

 

Өндірістік тәжірибе күндізгі бөлімі студенттері үшін   6 –шы семестрде  7,5 аптаға немесе 38 күнге (5-күндік жұмыс аптасында) есептелген. Тәжірибенің басталу және аяқталу мерзімі өндірістік тәжірибені өту туралы жеке немесе ұжымдық жасалған келісім –шарттар негізінде құрастырылған университеттің бұйрығымен белгіленеді.

Өндірістік тәжірибені өтудің болжамды күнтізбелік жоспары

Тақырыптар атауы Жұмыс күні саны
1. Жалпы бөлім
1.1 Кәсіпорынның жарғысымен, оның қызметімен танысу 1
1.2 Бухгалтерлік есепті жүргізу техникасы 1
1.3 Кәсіпорынның ұйымдастыру – экономикалық сипаттамасы 2
2. Қаржылық есеп  
2.1 Меншікті капиталдың есебі 2
2.2 Ақша қаражаттары мен қаржылық инвестициялардың есебі 3
2.3 Қорлар есебі 3
2.4 Негізгі құралдар мен материалдық емес активтердің есебі 3
2.5 Есептеулер мен міндеттемелердің есебі 3
2.6. Еңбек және оған ақы төлеудің есебі 3
2.7 Шығындар мен табыстың есебі 3
2.8 Қаржылық есептілік нысандары және құру тәртібі 3
3. Басқару есебі  
  Өндірістік шығындардың есебі 3
  Өзіндік құнды есептеу объектісі, әдісін таңдау және калькуляция 3
  Есептілік 2
4. Тәжірибені өткендігі туралы есеп беруді құрастыру және кәсіпорындағы тәжірибе жетекшісінің тұжырымын алу 3
Барлығы 38

Күнтізбелік жоспарға сәйкес студент есеп беруді ұсынған кезде келесі бөлімдерді ашып көрсету керек:

Кіріспедеболашақ маман ретінде студенттің кәсіби қызметтегі ролі мен мәні, оның тәжірибелік дайындығының өзектілігі ашылады. Кәсіпорындағы өндірістік тәжірибенің мақсаты мен міндеттері анықталады.

1. Жалпы бөлім

1.1 Кәсіпорынның (ұйымның) жарғысымен, қызметімен танысу:

- тіркелу номері;

- жарғы, оның бекітілуі (негізгі ережелерін көшіріп алу);

- банктік реквизиттері, СТН;

- құрылтайшылар құрамы;

- кәсіпорынның негізгі бағыты;

- әр құрлымдық бөлімшесін сипаттай отырып, кәсіпорынның басқару ұйымдастырушылық құрлымын келтіру.

 

1.2 Есеп техникасы мен ұйымдастырылуы бөлімі:

- есеп формасы, есеп саясаты;

- кәсіпорындағы шоттардың жұмыс жоспары (субшоттарды көрсете отырып);

- есеп бөлімінің ұйымдастырылу құрылымы;

- есеп қызметкерлерінің арасындағы міндеттердің қызметі мен бөлінуі;

- мұрағаттың ұйымдастырылуы мен жағдайы.

 

1.3 Кәсіпорынның ұйымдастыру экономикалық сипаттамасы

Тәжірибе өту орнымен жалпы танысып, кәсіпорын (ұйым) басшысы жетекшіге жолықтырғаннан кейін, студент:

- кәсіпорынның (ұйымның) ұйымдастырылу құрылымының сызбасын жасайды, қызметтің негізгі экономикалық көрсеткіштерін зерттейді;

- кәсіпорынның қызметін сипаттайтын көрсеткіштерді есептеп және талдайды (еңбек өнімділігі, қызмет тиімділігі).

Мәліметтер кәсіпорынның (ұйымның) соңғы 3 жылдағы жылдық есептерінен алынады, егер кәсіпорын 3 жылдан кем әрекет еткен болса, онда оның жұмыс мерзімі бойынша. Материалдар кесте түрінде келтіріледі, түсініктемелер мен қортындылар жасалады.

 

2. Қаржылық есеп

2.1 Меншікті капитал есебі бөлімі:

- жарғылық капиталды қалыптастыру тәртібі;

- резервтік капиталды қалыптастыру мен пайдалану тәртібі;

- кәсіпорын қызметінің қаржылық нәтижесінің қалыптасуы;

- қосымша төленген және төленбеген капитал бар болса, олардың пайда болуын және есептен шығарылуын сипатттау.

2.2 Ақша қаражаттарының және қаржылық инвестициялар есебі:

- ақша қаражаттары есебін реттейтін құжаттарды зерттеп, банкте шот ашу тәртібін қарастыру;

- кассалық және банктік іс-әрекеттердің бухгалтерлік есебін жүргізу тәртібі;

- шетел валютасындағы есепті жүргізу (егерде кәсіпорында валюталық шоттары болса);

- ақша қаражаттары есебін түгендеуде қатысып, банктің есеп шотынына үзіндіні алу тәртібін меңгеру;

- ақша қаражаттары бойынша есеп тіркелімдерінің көшірмесін түсіру, есеп шоттар көшірмесі мен бастапқы құжаттарды келтіру;

- кәсіпорынның инсвестциялық қызметімен танысу;

- инвестицияларды бағалау тәртібін қарастырып, инвестициялар есебі бойынша құжаттарды көшіру;

- қаржылық инвестициялар бойынша іс-әрекеттерді есеп шоттарында көрсету.

2.3 Қорлар есебі:

- материалдық құндылықтардың сақталу орындарын тізіп көрсету және сипаттау;

- материалдық жауапкершілік жөніндегі келісім – шарттарды жасау және мерзімін ұзарту тәртібімен танысу;

- сақтау орнының бірі бойынша материалдық есеп беруді жасауға қатысу;

- материалдық қорларды бағалау тәртібімен танысып және есептемесін келтіру, көліктік –дайындау шығындары есебі;

- түгендеуге қатысу және оның нәтижесін шоттарда көрсету,табиғи азаю нормаларын пайдалану тәртібімен танысу,

- қаржылық есептілікте қорларды бағалау бойынша ашу.

2.4 Негізгі құралдар мен материалдық емес активтер есебі

- кәсіпорында таңдалған негізгі құралдарды бағалау моделін оқу, оларды мүлік құрамына есепке алу, есептен шығару және сатуға мысалдар келтіру;

- қолданылған әдісті көрсете отырып, негізгі қорлардың тозуын есептеудің нақты мысалдарын келтіру;

- негізгі қорлар бойынша келесі шығындардың (жөндеудің)  есепте бейнелеуін оқу;

- материалдық емес активтер бар болса: оларды есепке алуды, есептен шығару мен бағалауды сипаттау;

- негізгі құралдар есебінің есеп регистрлері мен құжаттары көшірмесін алу;

- негізгі құралдар мен материалдық емес активтер есебі бойынша қаржылық есептілікте ашу.

Есеп айырысу мен міндеттемелер есебі

- дебиторлық және кредиторлық берешектердің жағдайы;

- дебиторлардың бірімен өзара есептесу құжаттарын рәсімдеу мен тексеруге қатысу, құжаттарын толтыруға қатысу;

- күмәнді (күдікті) берешектерді тану әдістемесін қарастыру;

- бюджетпен және басқа міндетті төлемдер бойынша есеп айырысу қарым қатынасын оқу;

- негізі займдар мен банк несиелері бойынша қарыздар мөлшерін, төлеу мерзімдерін және өзгеруін анықтау және займдар бойынша шығындарды есепке алуды қарастыру;

- есеп айырысулар  мен міндеттемелер есебінің есеп регистрлерін көшіріп алу, оларға бастапқы құжаттар көшірмесін тіркеу.

2.6 Персоналмен еңбек ақы бойынша есеп айырысулар есебі

- кәсіпорында қолданылатын еңбекке ақы төлеу формалары мен жүйесін оқу;

- еңбекақы есептеуде пайдаланылатын құжаттар көшірмесін алу;

- орындалмаған бірақ есепке жататын уақыт үшін төленетін еңбек ақы мөлшерін есептеуді қарастыру;

- есеп айырысу төлем- ведомосын жасауға қатысу, ұсталынған сомалар бойынша барлық ақпарат көздерін көрсету;

-  еңбек және оны төлеу бойынша статистикалық есеп беру формаларын оқу және көшіріп алу.

2.7. Табыстар мен шығыстар есебі бөлімі:

- кәсіпорында негізгі және негізгі емес қызметтен алынған табысты айырудың белгіленген тәртібімен танысу. Табыстың қалыптасуын бейнелейтін есеп регистрлерінің жазбаларын көшіріп алу;

- өткізу бөлімінің жұмысымен, келісім-шарттық қатынастардың ұйымдастырылуымен танысу (өнімді бартерлік айырбастау жағдайына көңіл аудару), сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің есебінің регистрлерін көшіріп алу;

- сақтау орындарында дайын өнімді кірістеу, жөнелту бойынша құжаттардың толтыру ретімен танысу;

- дайын өнімді жөнелту сәтінде және есепті кезеңнің соңында бағалау тәртібімен танысу, жөнелтілген өнімнің құны есебі бойынша есеп регистрлерін көшіріп алу;

- кәсіпорынның сату шығандарын есепке алу және табыстар мен шығындар бойынша шоттарды жабу саясатын зерттеу;

- кәсіпорында қолданылатын қаржылық есептілікте шығындарды ашу әдістемесін қарастыру.

2.8 Қаржылық есептілік

- кәсіпорынның есептік циклінің құжат айналымын қарастыру;

- есепті кезеңге кәсіпорынның «Қаржылық жағдайы туралы» есептіліктің негізгі элементтерін бағалау;

- кірістер мен шығыстар шоттарының жабылу ретін және «Жиынтық табыс туралы» есептілікті қалыптастыру;

- «Ақша қаражаттары қозғалысының есебін» кәсіпорында қабылданған әдістен басқа әдіспен жасау;

-  «Меншікті капитал өзгерісі туралы» есептілікті қалыптастыру;

- кәсіпорын мәліметтері негізінде есептіліктердің үлгілерінің байланысын көрсету;

- қаржылық есептілікке түсіндірме парағының мазмұнын қарастыру.

3 Басқару есебі

3.1 Өндірістік шығындар есебі

- кәсіпорында басқарушылық есебінің ұйымдастырылуымен танысу және кәсіпорынның өнірістік есебінің ұйымдастырылуын қарастыру;

- негізгі өндіріс есебі бойынша - аналитикалық есеп объектілерін, шығындар бабы, калькуляция обьектілерін, оларды есептеу әдістерін таңдауды сипаттау;

- көмекші өндіріс есебі бойынша - субшоттарды, аналитикалық шоттарды, шығындар бабын, оларды тарату тәртібін көрсету;

- үстеме шығындар есебі бойынша - аналитикалық есеп баптарын, есеп регистрлерін, тарату базаларын көрсету;

- есеп регистрлерін, калькуляциялық есептеулердің көшірмесін алу.

3.2. Өнімнің (жұмыстың, қызметтің) өзіндік құнын калькуляциялау әдісі

- нормативтік базаны (шығындар сметасын, жоспарлы калькуляцияны, шығындар мөлшерін және т.б.);

- кәсіпорында таңдалған өзіндік құнды калькуляциялау әдісі бойынша есептеулерді келтіру;

- калькуляциялық айырмашылықтарды есептеу әдістерін және олардың есепте көрсетілуін келтіру.

Есептілігі

- кәсіпорында ішкі бақылау жүйесінің ұйымдастырылуын қарастыру;

- ұйымда өңделген ішкі құжаттар мен басқару есебінің есептілігінің нысандарымен танысу;

- басқару есебі жүйесінің ұйымдастырылуы бойынша қорытындылыр мен ұсыныстар келтіру.

Қорытынды мен ұсыныстар бөлімінде студент кәсіпорында жұмыстың тиімділігі туралы бағалау жасап, бухгалтерлік есептің ұйымдастырылу деңгейіне сипаттама беріп, жинақталған және ұсынылған деректердің негізінде қорытынды жасай отырып, кәсіпорындағы бухгалтерлік есепті ұйымдастыруды жетілдіру бойынша ұсыныстар беруі керек.

 

1.5 Диплом алдындығы тәжірибе бағдарламасының мазмұны

Студенттер үшін диплом алдындағы тәжірибе8 семестрде 12,5 аптаға немесе 63 (бес күндік жұмыс аптасында) күнге созылады. Тәжірибенің басталуы мен аяқталуы кәсіби тәжірибе өту туралы жеке немесе ұжымдық келісім-шарттар негізінде құрастырылған университет бұйырығы бойынша бекітіледі.

Студенттің кәсіби тәжірибесі кезеңінде сәйкес тәжірибе базаларының кәсіби қызметі бойынша дипломдық жұмысты жазуға қажетті нақты деректерді жинау жүзеге асырылады. Тәжірибенің нәтижелері дипломдық жұмысты жазу бойынша кестеге сәйкес ғылыми жетекші құрастырылған қойылған талаптарға сәйкес рәсімделіп, дипломдық жұмыс жазу үшін қолданылады.  

Диплом алдындағы тәжірибені өту бойынша болжамдық күнтізбелік  жоспар

Тақырыптар атауы Жұмыс күні саны
1. Жалпы бөлім
1.1 Кәсіпорынның жарғысымен, оның қызметімен танысу 3
1.2 Бухгалтерлік есепті, экономикалық талдауды және аудитті құру негізі 3
1.3 Кәсіпорынның ұйымдастыру – экономикалық сипаттамасы 3
2. Қаржылық есептілік және оның ашылуы  
2.1 Кәсіпорынның есеп саясаты және құрлымын ашу 5
2.2 Кірістер шығыстар есебі және оларды жабу реті 5
2.3 Қаржылық есептілік нысандарын қалыптастыру, олардың өзара байланысы және мәліметтердің ашылуы 5
3. Салық есебі
3.1 Кәсіпорынның салықтық есеп саясаты 5
3.2 Бюджетке салықтар мен басқада міндетті төлемдер бойынша міндеттемелерді есептеу және төлеу тәртібі 5
3.3 Салықтық есеп регистрлері және есептілігі 5
4. Қаржылық есептілікті талдау және аудиті  
4.1 Ішкі бақылау жүйесін бағалау. Дипломдық жұмыс тақырыбына сәйкес аудиторлық тексерістің жоспары мен бағдарламасын құру 5
4.2 Аудиторлық тексеріс әдістемесі. Аудиторлық қорытынды 5
4.3 Қаржылық есептілікті талдау 5
5. Дипломдық жұмысты жазу үшін кәсіпорын бойынша нақты деректерді жинау, жүйелеу және талдау, оны ғылыми жетекшіге ұсыну 10
6 Тәжірибе өту бойынша есеп беруді және дипломдық тақырып бойынша ұсынылатын ақпараттарды құрастыру 4
Барлығы 63

Жоғарыда келтірілген жоспарға сәйкес студент есеп беруді жазуда оның әр бөлімін келесідей ашып көрсету керек:

 Кіріспедеболашақ маман ретінде студенттің кәсіби қызметтегі ролі мен мәні, оның тәжірибелік дайындығының өзектілігі ашылады. Кәсіпорындағы диплом алдындағы тәжірибенің мақсаты мен міндеттері анықталады.

 

1 Жалпы бөлім

Тәжірибе өту орнымен жалпы танысып, кәсіпорын (ұйым) басшысы жетекшіге жолыққаннан кейін, студент:

а) кәсіпорынның (ұйымның) ұйымдастырылу құрылымының сызбасын жасайды;

б) есеп қызметкерлерінің функциялары мен міндеттерінің бөлінуін зерделейді;

в) есептің қолданылатын формалары мен әдістерімен танысады, сипаттайды;

г) жарғының негізгі ережелерін оқиды, көшіреді және қызметтің негізгі экономикалық көрсеткіштерін зерттейді;

д) жоспарлау жүйесін, жоспарлау үшін қажет нормалар мен нормативтерді, кәсіпорынның бизнес-жоспарын сипаттайды.

Мәліметтер кәсіпорынның (ұйымның) соңғы 3 жылдағы жылдық есептерінен алынады, егер кәсіпорын 3 жылдан кем әрекет еткен болса, онда оның жұмыс мерзімі бойынша. Материалдар кесте түрінде келтіріледі, түсініктемелер мен қортындылар жасалады.

2 Қаржылық есептілік және оның ашылуы

Кәсіпорынның есеп саясатының бөлімдерімен танысып, (дипломдық жұмыс тақырыбына сәйкес) бухгалтерлік есепті жүргізу тәжірибесін тереңірек оқып, кірістер мен шығынтар есебі бойынша шоттардық жабылу ретін, кәсіпорынның қызметі бойынша қаржылық нәтижені анықтауды, қаржылық есептілік нысандарын «Қаржылық есептілікті ұсыну» ХҚЕС және ҰҚЕС сәйкес құрастыру және ұсыну әдістемесін қарастырып, қаржылық есептілік нысандарының өзара байланысын көрсету керек.

3 Салық есебі

Бухгалтерлік есепті жүргізу тәртібімен танысқаннан кейін, қажет:

- салықтық есеп саясатымен танысу;

- салықтар мен және басқада міндетті төлемдер бойынша бюджетпен есеп айырысу қарастыру;

- кәсіпорын бойынша әр төлем түріне сәйкес есептілікті ұсыну мерзіміне байланысты (салықтық күнтізбе) міндеттемелер түрлерін көрсету;

- кәсіпорын қандай салықтар бойынша салық төлеуші немесе салық агенті екенін көрсету;

- кәсіпорын төлейтін салықтардың есептеулерін келтіру;

- КТС бойынша есептемелер;

- корпоративті табыс салығы бойынша аванстық төлемдер жүргізілетін болса, есептемесін келтіру. Бухгалтерлік және салықтық табыстарды түзету бойынша есептеулер келтіру. Бухгалтерлік есеп шоттары мен ЖЖТ дан шегерімдер арасында пайда болатын шығындар бойынша (12 ХҚЕС сәйкес) айырмашылықтарды сипаттау. Соңғы қаржылық жыл бойынша қосымшаларды келтіре отырып, КТС бойынша декларация көшірмесін ұсыну;

- кәсіпорынға қаржылық органдар қолданған айыппұл төлеу тәртібін оқу және қарастыру.

 

 4 Қаржылық есептілікті талдау және аудиті

 Студент кәсіпорынның ішкі бақылау жүйесімен танысуы керек. Танысуды тұрақты жұмыс істейтін комиссияны тағайындағаны туралы басшының бұйрығынан бастау қажет. Ішкі бақылау бойынша комиссия құрамымен танысып және олардың жұмыс нәтижелерін қарастыру қажет. Мұндай комиссия құрылмаған жағдайда ондай қызметтер түрлерін кәсіпорында қандай мамандар атқаратынын көрсетуі керек. Содан кейін өз еркімен дипломдық жұмыс тақырыбына сәйкес аудиторлық тексеріс жоспары мен бағдарламасын құрастырып, аудиттің талдамалық процедураларын қолдана отырып есеп объектілеріне тексеру жүргізу  қажет. Дипломдық жұмыс бойынша жазуда (тақырыптар бойынша) келесілерге көңіл бөлу керек:

Активтер бойынша:

- түгендеуді жүргізу әдісі;

- активтердің кірісі, сақталуы мен уақытында есепке алуы бойынша іс-әрекеттердің дұрыстығын тексеру;

- оларды бағалау дұрыстығын тексеру;

- ұзақ мерзімді активтер бойынша тозуды дұрыс есептегендігін тексеру;

- қоймалық шаруашылық жағдайын тексеру;

- активтерді есептен шығару іс-әрекеттерін тексеру;

- бухгалтерлік есеп шоттарында активтер есебі бойынша іс-әрекеттерді дұрыс көрсетілгендігін тексеру.

Есеп айырысулар бойынша:

- сатып алушылар мен тапсырыс берушілер, жеткізіп берушілер және мердігерлермен жасалған келісім шарттардың бар болуы мен дұрыс құрылғандығын тексеру;

- есеп айырысулар бойынша өзара сәйкестендірулердің жүргізілетіндігін тексеру;

- аванстық есеп беру мен оған тіркелген бастапқы құжаттардың дұрыс толтырылғандығын тексеру;

- еңбек ақы бойынша бастапқы құжаттарды тексеру (кесімді жұмыс наряды, орындалған жұмыс актісі, жұмыс уақытын есепке алу табелі және т.б.);

- тарифтік мөлшерлеме, расценкалар, окладтарды дұрыс қолданылатынын тексеру;

- еңбек ақы бойынша есептеу-төлем құжаттарының дұрыс құрылғандығын тексеру;

- салықтық төлемдер сомаларын есептеу тәртібі және олардың дұрыстығын тексеру;

- барлық берешектер түрлері бойынша күмәнділік мерзімін сақтау және есептен шығару негізділігін тексеру.

Өндірістік және коммерциялық қызметі бойынша :

- өнім өндірісіне шығындалатын материалдардың нормасын қолдану мен сақталуын тексеру;

- материалдарды шығындар құрамында дұрыс есептелуін тексеру;

- еңбек ақы түрлері мен жүйелерін қолдану, есептелген еңбек ақыны калькуляциялау объектілеріне тарату;

- өнімнің, жұмыс пен қызметтің өзіндік құнын дұрыс есептелуін тексеру.

Кәсіпорынның қаржылық жағдайы бойынша:

- жарғылық капиталдың дұрыс құрылғандығын тексеру;

- құрылтайшылар салымдарының толық және уақытында есепке алынғандығын тексеру;

- жиынтық табысты есептеуде сәйкестендіру принципін (қағидасын) қолдану;

- жалпы әкімшілік шығындар бойынша сметалардың бар болуы мен орындалуын тексеру.

 

Қаржылық есептілікті талдау

Студент тәжірибе өту кезеңінде қаржылық талдау негізінде кәсіпорынның қаржылық жағдайына жалпы баға бере отырып, оның талданып отырған кезеңде (2-3 есепті кезең) өзгеруін көрсету керек.

Қаржылық талдау келесілерді енгізеді:

- кәсіпорын активтерінің құрамы мен құрылымын талдау;

- кәсіпорын активтерінің құралу көздерінің құрамы мен құрылымын талдау;

- кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығының абсолютті және салыстырмалы көрсеткіштерін талдау;

- кәсіпорынның төлем қабілеттілігі мен несие қабілеттілігін талдау.

Қаржылық талдаудың негізгі ақпарат көзі болып қаржылық есептілік нысандары табылады. Барлық есептеулерді кесте түрінде көрсетіп, олардың негізінде кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы жөнінде қортынды жасау керек. Қаржылық талдау негізінде кәсіпорынның қаржылық жағдайын сауықтыру бойынша ұсыныстар жасау керек. Кәсіпорынның қызметінің оң және теріс жақтарын көрсету қажет.

Салалық қатынасына, активтерінің мөлшеріне, нарықтағы жағдайына және басқа да көрсеткіштеріне байланыссыз кез келген кәсіпорын банкроттыққа ұшыраудан сақтандырылмаған. Студентке арнайы әдебиеттерде келтірілген модельдерді қолдана отырып банкроттыққа жобалау жасау керек. Ол үшін ақпараттар көзіне сілтеме жасай отырып, бір немесе бірнеше модельдерін өз еркімен таңдау қажет. Электронды түрде математикалық кестелерді қолдану құпталады.

Студент соңында кәсіпорын мен ішкі бақылау жүйесінің қызметінің тиімділігіне баға беруі қажет. Жүргізілген тексеру мен талдаудың негізінде студент негізделген қортындылар мен аудиторлық қортынды жасап, өнімнің өзіндік құнын төмендету, бухгалтерлік есеп пен ішкі бақылау қызметінің жұмысын жақсарту, кәсіпорынның қаржылық жағдайын сауықтыру бойынша ұсыныстар беруі тиіс.

Әрбір бағыт бойынша жүргізілген есептеулер кесте түрінде бейнеленіп, негізделген қорытындылармен аяқталуы тиіс.

 

 

2 Тәжірибе нәтижесін рәсімдеу тәртібі.

2.1 Күнделікті жүргізу         

 

Тәжірибеде болудың алғашқы күнінен бастап студент күнделік жүргізеді, онда жұмыс күні ішінде орындалған жұмыстар жазылады. Күнделікте студенттің қай күндері, қайда жұмыс істегені бейнеленуі тиіс. Сонымен қатар онда жетекшінің көрсеткен кемшіліктері де жазылады.  Онда орындалған жұмыстың мазмұны, көлемі, мерзімі көрсетіледі. Күнделіктегі жазбалар кәсіпорын тарапынан тағайындалған жетекшінің қолымен расталуы тиіс.

Тәжірибенің аяқталуына қарай кәсіпорын тарапынан бекітілген жетекші студенттің теориялық білімі, оны тәжірибеде қолдана білуі, берілген тапсырмаларға қатынасы, ұжымда еңбек ете алу қабілеті туралы өз пікірін береді. Күнделікке өндірістен бекітілген тәжірибе жетекшісінің қолы қойылып, ол кәсіпорын мөрімен бекітіледі, студенттің тәжірибе өту орнынан кетуі туралы белгі қойылады. Және де орындалған жұмыстарға тәжірибешінің қатынасын, ұжымда жұмыс істеу деңгейін көрсете отырып сын пікір беріледі.  

2.2 Тәжірибе бойынша есепті дайындау, оны рәсімдеу

 

Есептің әрбір бөлімі кәсіпорынның нақты материалдарына негізделген қорытындылармен аяқталуы тиіс. Кәсіпорын бойынша жинақталған нақты мәліметтер (құжаттар) әрбір бөлімнен кейін не есептің соңында қосымшалар түрінде тіркеліп, есептің мәтінінде оларға сілтеме жасалуы тиіс. Есептің мәтініндегі жазбаларда кәсіпорында есепті, талдау мен аудитті ұйымдастыру мен жүргізу барысында орын алған кемшіліктер, бекітілген нормативтік құжаттардан ауытқулар жөніндегі ескертулер, сонымен қатар, оң жетістіктер баяндалғаны жөн.

Диплом алдындағы тәжірибенің есеп беруімен кәсіпорыннан және кафедрадан тағайындалған жетекшілер танысады және бекітіп қорғауға жібереді.

Есепке міндетті түрде келесілер тіркелуі тиіс:

- кәсіпорын жарғысы;

- айналым-қалдықтық ведосмості;

- қаржылық есептілік формалары.

Студент факультетке келгеннен кейін, есеп беру кафедраға тапсырылады, бір апталық кафедра бекітілген мерзім ішінде есепті қорғау ұйымдастырылады.  

Есептің жалпы көлемі (қосымшаларсыз) 25-30 беттен аспауы тиіс. Жұмыс стандартты ақ қағазда (форматы А) бір бетінде 1,0 интервал арқылы орындалады, жоларалық интервалы шрифт Times New Roman 14 кегль, азат жол 1,0 тең.  Жұмыс парақтарының мөлшері сол жағы -30мм, оң жағы -10 мм, жоғары жағы -20 мм, астыңғы жағы – 20 мм тең. Ал тақырыптар мен мәтін арасыдағы арақашықтық 2 интервалға (бос жолға) тең.

Титул парағы жеке бетте, А қосымшасында көрсетілгендей стандартты реквизиттерден тұрады. Титул парағынан кейін жасалған күнтізбелік жоспарға сәйкес, бөлімдер мен бөлімшелер келтіріліген есеп берудің беттерін көрсете отырып, есеп беру мазмұны көрсетіледі. Беттердің нөмірлері төменде жол ортасында орналасады. Мазмұнынан кейін есеп беру мәтіні келтіріледі. Бөлімдер жаңа беттен басталып, негізгі мәтіннен жоларалық интервалмен және басыңқы қара шрифтпен көрсетіледі.

Мазмұны мен кіріспе орналасқан беттер нөмірленбейді. Нөмірлер есеп берудің негізі бөлімдеріне ғана қойылады. Жинақталып ұсынылған деректер бірінен кейін бірі нөмірленген кестелер және суреттермен рәсімделеді. Кесте атауы келтіріліп, «КЕСТЕ сөзі мен №» көрсетілгеннен кейін оның атауы жазылады. Мысалы:

«Арман» ЖШС 2015-2017 жж. активтерінің құрамы мен құрылымы 1–кестеде келтірілген (әр кестенің алдында міндетті түрде осындай сілтеме келтіру қажет.). Кестелерде 1 интервал, 12 шрифт қолдануға болады.

 

Кесте 1

«Арман» ЖШС 2015-2017 жж. активтерінің құрамы мен құрылымы

Актив баптары

Сомасы, мың теңге

Құрылымы, %

2015 жыл 2016 жыл 2017 жыл 2015 жыл 2016 жыл 2017 жыл
1. Қысқа мерзімді активтер 853191 944515 896986 91,5 89,6 82,3
Ақша қаражаттары 16388 9276 15160 1,8 0,9 1,4
Қысқа мерзімді дебиторлық берешектер 340060 303795 417339 36,5 28,8 38,3
2. Ұзақ мерзімді активтер 79596 109095 192302 8,5 10,4 17,7
Ұзақ мерзімді дебиторлық берешек 823 6727 5784 0,1 0,6 0,5
Негізгі құралдар 50306 62397 136220 5,4 5,9 12,5
Материалдық емес активтер 1053 859 518 0,1 0,1 0,0
Баланс 932787 1053610 1089288 100,0 100,0 100,0

1–кесте мәліметтері бойынша ...... кестеге қорытынды жазылады.

 

Егер кесте 2-бетке бөлінсе, онда:

Кесте 2

«Арман» ЖШС 2015-2017 жж. активтерінің құрамы мен құрылымы

Актив баптары

Сомасы, мың теңге

Құрылымы, %

2015 жыл 2016 жыл 2017 жыл 2015 жыл 2016 жыл 2017 жыл
1 2 3 4 5 6 7
1. Қысқа мерзімді активтер 853191 944515 896986 91,5 89,6 82,3
Ақша қаражаттары 16388 9276 15160 1,8 0,9 1,4
Қысқа мерзімді дебиторлық берешектер 340060 303795 417339 36,5 28,8 38,3

 

2–кестенің жалғасы

1 2 3 4 5 6 7
Қорлар 432309 574256 416003 46,3 54,5 38,2
Салықтық активтер 13 13 16624 0,0 0,0 1,5
Басқа да ағымдық активтер 64421 57172 31860 6,9 5,4 2,9
2. Ұзақ мерзімді активтер 79596 109095 192302 8,5 10,4 17,7
Ұзақ мерзімді дебиторлық берешек 823 6727 5784 0,1 0,6 0,5
Негізгі құралдар 50306 62397 136220 5,4 5,9 12,5
Материалдық емес активтер 1053 859 518 0,1 0,1 0,0
Басқа да ұзақ мерзімді активтер 27413 39112 49780 2,9 3,7 4,6
Баланс 932787 1053610 1089288 100,0 100,0 100,0

 

2–кесте мәліметтері бойынша ............ қорытынды жазылады.

Егерде берілген кестелердегі деректер ауқымды болып келсе, және кесте көлденең барлық бетті алып тұрса, онда мұндай кестелер нөмірленіп, қосымшаға шығарылады. Бірақ мәтінде ол кестелерге қорытынды беріледі. Ал кестені «№ кестеде «А Қосымшасында» келтірілген», деп сілтеме жасау керек.

Ал егерде есеп беруде суреттер келтірілген болса, олар төмендегідей болып рәсімделеді.

Мысалы:

..... Ол үшін кәсіпорынның әр түрлі қызметтерінің: бухгалтерия, жабдықтау бөлімі, өндірістік бөлім және басқалардың тығыз өзара әрекеттесуі жағдайында құрылуы тиіс материалдық ресурстарды рационалды басқару жүйесін құру қажет. Қорларды пайдалану тиімділігін жоғарылатудың негізгі факторларының құрылымдық схемасы 1–суретте келтірілген.  

Материалдық қорларды пайдалану тиімділігін арттыру жолдары










Последнее изменение этой страницы: 2018-04-12; просмотров: 608.

stydopedya.ru не претендует на авторское право материалов, которые вылажены, но предоставляет бесплатный доступ к ним. В случае нарушения авторского права или персональных данных напишите сюда...