Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция

Дэристер мен лабораториялык жумастардын такырыбы




КІРІСПЕ

  Қазақстан Республикасы мол жер ресурстарын иеленіп отыр. Біркелкі мемлекеттік жер қоры 272,5 млн. га құрайды. Мемлекеттік жер қоры 14 облыс және 2 қала /Астана және Алматы/ арасында бөлінген. Республиканың территориясында 8 табиғи – шаруашылық аумақ пен 2 табиғи – шаруашылық облыс бөлініп отыр, олардың ішінде жерлердің көбі шөл /112,2 млн га/, шөлейт /37,3 млн га/ және дала /62,4 млн га/ аумақтарында болып отыр. Барлық жер қоры жеті санатқа бөлінеді, оның ішінде – 34,4 ауыл шарашылық мақсатындағы жерлер, 43,9 мемлекеттік запастағы жерлер, 7,5 елді мекендердің жерлері, 4,1 өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс және өзге де ауыл шаруашылық емес жерлер, 4,0 орман, 1,3 су қорлары, ал ерекше қорғалынатын табиғи аумақтардың жерлері 0,55 пайыз құрайды. Республикада 161 әкімшілік аудан, қалалар мен поселкелердің саны – 302, ал ауылды елді мекендердің саны 7164 құрайды. Бұл көрсеткіштер республика жер қорының мол болуын, ал табиғи шаруашылықты жағдайының бірдей еместігін және әкімшілік бөлімдерінің көптігін көрсетеді.

  Қазақстан жер реформасының ерекшеліктерін түсіну үшін оқулықта жер қатынастарының тарихи, құқықтық және экономикалық жағдайларына мол көңіл бөлінді.

1990 жылдан бастап Қазақстанда жер қатынастарының өзгеруі басталды, Республика Конституциясында /1995ж./ мемлекеттік жер меншігімен қатар жеке меншік еңгізілді. "Жер туралы" /1995ж./ Президент Жарлығында мемлекеттік және жерге жеке меншік орнатылуының ережелері мен заңдылықтары бекітілген, жер реформасы мақсаттарын орнатудың заңды жолдары көрсетілген, жер ресурстарын басқарушы органдардың жерді үйлестіру және мемлекеттік жер кадастрын жүргізу тәртібі мен ережелері бекітілген.

Республикада жер реформасы даму жағдайында жер ресурстарын басқару жаңа жүйесінің құрылуы өте қажетті. Кәзіргі уақытта, барлық мемлекеттік органдар, кәсіпорындар, ұйымдар жер ресурстарын басқару функцияларын орындайтын республикалық жер ресурстарын басқару Агенттігі жүйесіне кіріп отыр. Жерді үйлестіру, мемлекеттік басты жер қатынастарын өзгерту құрал болып саналады, бірақта реформа жағдайында оның функциялары мен жүргізу әдістері өзгерді. Жер ресурстарын басқару жаңа жүйесінің негізі болып мемлекеттік жер кадастры саналады. Мемлекеттік жер кадастры жаңа жағдайда көпфункционалдық, ғылыми-техникалық және ақпараттық жүйе болып қалыптасып келеді. Жер кадастрының ішінде үш блок қалыптасты - құқықтық, қаржылық және көпфункционалдық. Ал көпфункционалдық кадастрдың ішінде атқарушы, орталық негізі болып автоматтандырылған ақпараттық жүйесі қалыптасты, бұл жүйе республикалық жер туралы ақпараттық банк рөлін атқарады.

  «Жер учаскелерін тіркеу және жерді есепке алу« пәнінің типтік оқу багдарламасы бойынша: студент осы пәнді оқып мынадай тақырыптарды білу керек - Кенес мемлекетінің уақытында Қазақстанда, Ресейде және басқа мемлекеттерде жер кадастрының даму тарихын, жер кадастрдың, жер учаскелердін мемлекеттик тіркеу және жерді есепке алу жумыстардың негізін, мемлекеттік жер кадастрдың басқа пәндермен және ғылымның салаларымен байланысын.

Пәнді оқығыннан кейін студент мынадай білім алу керек: жер учаскелерді мемлекеттік тіркеуының процессін, негізгі және күнділікті жер есебін жүргізуыныңәдістерін, оған қолданатын күжаттарды, олардың толтыру әдістерін және ол жумыстарды компьютерлік технологиямен жасауын, жиналған мәліметтерді зерттеу, талдау, және сақтауын қарастыру мен жылдық ауданның (облыстын) мемлекеттік жер есебін (балансын) жасауды үйрену. 

Бул, жер кадастрлық жумыстарды жақсы уғу үшін студент жаңа әдістер мен технологияларды, компьютерлік бағдарламаларды жақсы менгеру керек. Сонда ғана оқушы, бакалавр дипломын алғанда, мемлекеттік көп функционалдық ақпараттық жер кадастры жүйесін менгеріп жер учаскелерді мемлекеттік тіркеу және жерді есепке алу жумыстарын жақсы денгейде жаса алатын болады.

Жер учаскелерді мемлекеттік тіркеу және жерді есепке алу пәнді жақсы менгеру үшин студент мынадай пәндерді білу керек: топырақ тану, геодезия, жер қуқығы, картография, информатика, жерге орналастыру жэне жалпы жер кадастрын.

Дэристер мен лабораториялык жумастардын такырыбы

Жер қатынастар түсінігі, олардың Қазақстанда дамуының тарихы, қуқықтық және экономикалық ерекшеліктері. Қазақстандағы жер реформасы, оның мақсаты, ерекшелігі, қазіргі жетістігі, дамуы. Мемлекеттік жер кадастры, оның дамуының ерекшелігі, тарихы, қазіргі жағдайы. Мемлекеттік көп функционалдық ақпараттық жер кадастрын қуру процессы, ол жүйенін қурамы, принціптері, методикалықәдістері, қуқықтық және экономикалық негізі. Мемлекеттік жер кадастрының жумысын жүргізу әдістері мен ерекшелігі, кадастрлық, ақпаратты жинау, талдау, топтастыру, түрлеріне болү. Жер кадастрының базалық қужаттары, жоспарлар мен картографиялық қүжаттар, оларды қолдану эдістери. Қазақстанның жер қоры, оның сипаттамасы, санаттары, казіргі жағдайы, меншік пен пайдаланушыларга болүнуы. Жерге меншіктін және жерді пайдаланудың түрлері, олардың ерекшеліктері мен қуқықтық негізі. Мемлекеттик жер учаскелерді тіркеу, олардың меншігі мен пайдалану түрлері бойынша, бұл жумыстардың технологиясы, тәртібі, кужаттар, олардың орны мен толтыруы тәртібі, бул жумыстарды автоматтандыру.

Жер есебинің түрлері мен мақсаты, сандық жер есебі, алаптардың түрлері, олардың сипаттамасы, есептін жүргізу әдістері мен технологиясы. Сапалық жер есебі, жерді сапасымен топтауы, сапалық есептің керектігі мен орны. Топырақтардың сапалық сипаттамасы, механикалық, физикалық қурылымы, шабындықтар мен жайлымдардың сапалық сипаттамасын есепке алу.Сондықтан, жер кадастрының жаңа жүйесі негіздерін, оның ішінде жер учаскелерін мемлекеттік тіркеу және есепке алу жумастарын ғылыми дәлелдеп көрсеткен оқулық, жоғары және орта, оқу орындары студенттеріне, мұғалімдерге, магистрлерге, аспитранттарға және жер ресурстарын басқару Агенттігі жүйесі, мемлекеттік жергілікті атқару органдары мамандарына керекті құрал болады деп сенеміз.

 

 

1-тарау. ЖЕР КАДАСТРІНІҢТЕОРИЯЛЫҚНЕГІЗДЕРІ

 

1.1. Жер кадастрі туралы түсінік және Қазақстан Республикасында жер реформасы жағдайындағы оның мазмұны

       Материалдық игілік қайнар көзі және салық салу объектісі ретінде жер туралы мағлұматтарды объективті түрде алу қажеттілігінен тарихи жер кадастрі туындады. Мемлекеттің пайда болуымен бірге жер мемелкеттік кіріс және арнайы салық объектісіне айналды.

       Сондықтан қоғамның бір белгілі даму сатысында алдымен жерді есепке алу, содан кейін оны бағалау керектігі пайда болады, яғни жер кадастрін жүргізу қажеттілігі туындайды.

“Кадастр” сөзі латынның “capіtastrum” деген сөзінен шыққан. Бұл сөз “салық салынатын заттардың тізімі” деген ұғым береді. Осыған байланысты әуелі кадастр деп салықтанатын заттардың тізімі тіркелген кітапты (реестр) айтатын. Есепке, бағалауға алынған объектіге байланысты жер, су, орман және т.б. кадастрлері деп бөлінді. Сонымен бір жақты түсінікте жер кадастрі – жер салығы салынатын заттар туралы кітап, ал кең түсінікте – жерге салық салу үшін жер туралы мәліметтерді алу мақсатымен жерді есепке алу, жазу және бағалау бойынша мемлекеттің жүргізетін әрекеттер жүйесі. Кадастрлердің басқа түрлерінен жер кадастрі өзінің объектісімен (жер - өндіріс құралы және материалдық игіліктердің қайнар көзі) ерекшелінеді. Жер кадастрі әдістемесінің ерекшелігі жердің ерекшеліктерімен себептеледі. Ол ерекшеліктері келесідей:

1. Қоғам өмірінде жер еңбектің жалпы заты және шарты болып келеді. Ол қай болмасын өндіріс процесінің болуына шартты. Бірақ оның ролі қоғам өндірісінің әр түрлі сала қорында бірдей емес. Өңдеуші өнеркәсіпте және құрылыста ол кеңістік іс орны /еңбек жасалатын орын/ ретінде көрінеді. Қазып шығаратын өнеркәсіпте, оның үстіне ол ерекше қойма ретінде қаралады. Ауыл шаруашылығында жер тек қана өндіріс процесі жүзеге асырылатын орын ғана емес, ол еңбектің заты және құралы болып табылады. Ауыл шаруашылығында жер өндірістің ең басты құралы болып табылады. 

2. Жер кеңістікте көлем бойынша шектелген және ештеңемен ауыстырыла алмайды. Өндірістің басқа құралдары өнімділік күштер даму барысында сан жөнінде өзгере алады, ескіргендері жаңа, жетілдірілген, экономикалық тұрғыда ұтымды құралдарға ауыстырыла алады.

3. Жерді құрал ретінде пайдалану оның кеңістік орнымен және ол орынның тұрақтылығымен байланысты. Басқа құралдарды әр орындарда пайдалануға және бір орыннан басқа орынға жылжытуға болады.

4. Жер өндірістің мәңгі, ауыстырылмайтын құралы болып табылады. Ауыл шаруашылығында жер өндірістің ең басты құралы болып, өсімдіктердің өсуіне жағдай жасаушы өте маңызды және ерекше қасиетімен, құнарлылығымен сипатталады. Жерді дұрыс пайдаланса, оның сапасы төмендемейді, керісінше – жақсарады, сөйтіп, оның құнарлығы жоғарылайды.

Жердің айрықша ерекшелігі – ауыл шаруашылық өндірісінде оны пайдалану сипаты. Жерде көптеген ауыл шаруашылық дақылдардың түрлері өсіріледі.

Жердің осындай ерекшеліктері жер кадастрінің мазмұнын, оны жүргізу әдістерін және тәсілдерін алдын ала есептейді. Жалпы түрде жер кадастріне келесі әрекеттер тән:

1. Жерлерді есепке алу;

2. Жерлерді баяндау;

3. Жерлерді бағалау.

Жерлерді есепке алуда алқаптардың кеңістік жайы, олардың көлемдері, құрамы және сапасы анықталады.

Жерлерді баяндауда олардың жаратылыс-тарихи және экономикалық қасиеттері анықталып жазылады.

Жерлерді бағалауда жердің өндіріс құралы ретінде құндылығы және пайдалылығы анықталады.

Кадастрдің осы аталған әр әрекет - өзінше бір қатар техникалық тәсілдерден тұрады. Ал олар барлығы бірге жердің санына, сапасына, негізгі қасиеттеріне, нышандарына ең толық сипаттама береді және шаруалау, салық салу объектісі ретінде салыстырмалы құныдылығын көрсетеді. Кадастрді жүргізуде әр әрекеттің маңызы туралы сұрақ әр кезеңде және әр елде әр түрлі қойылған. Бір жағдайда кадастрде ең басты көңіл - жерлерді есепке алуға, басқа жағдайда – жерлерді жаратылыс-тарихи немесе экономикалық баяндауға, ал үшінші жағдайда – жерлерді бағалауға немесе әрекеттерді қалай болса да үйлестіруге бөлінген. Барлық жағдайларда жер кадастрының құрамдық бөліктері болып, жерлерді сөзсіз есепке алу және бағалау жататын. Міндетті түрде жерлердің кеңістік жайлары ескеріледі. Сондықтан әр елдің әр уақытта жүргізілген жер кадастрлері бір-бірінен мазмұны және жүргізу техникасы, ұйымдастырылуы бойынша кәдімгідей айырылады. Кадастрдің барлық әрекеттері бірден және бір уақытта пайда болып, жүргізілген емес. Қоғамның ең ертедегі даму сатыларында жерлер тек қана есепке алынса, көптен кейін оларды бағалау басталды.

Жерді есепке алу қажеттілігі оны адам тамақтану үшін пайдалана бастағаннан /егіншілік пайда болғанда/ туындады. Егіншіліктің және мал шаруашылықтың дамуы бірінші кезекте оларды пайдалану сипаты /жыртылатын жер, жайылым/, яғни алқаптардың түрлері бойынша, есепке алуды талап етті.

Өндіріс құралдарының және өмірлік құралдарды табу тәсілдерінің әрі қарай жетілуі, егіншіліктің, мал шаруашылығының дамуы еңбектің, айырбастың қоғамдық бөлінуінің жеке меншіктің, мүлікті теңсіздіктің пайда болуына және қоғамның топтарға бөлінуіне, алғашқы қауымдық құрылыстың құлдық құрылысына көшуіне әкеліп тіреді.

Құлдық мемлекет шаруаларға көп салық салып, әр түрлі міндеттіліктерді орындауға мәжбүр етті. Жердің көп ауданы мемлекет иелігінде болды. Сондықтан құлдық құрылыста жерлер және иеленген жерлер есепке алынып, қайта саналды, жоспарлар құрастырылды, жерлердің және алқаптардың аудандары туралы мәліметтер көрсетілетін арнайы құжаттар құрылды. Құлдық қоғамның тиісті даму сатысында жерлерді сапа бойынша есепке алу басталды. Жерлердің сапасын салыстырмалы бағалау қажеттілігі пайда болды. Сонымен, жерге жеке меншіктік пайда болуымен жерге салық салу үшін жерлерді есепке алу мәліметтердің қажеттілігі туындады.

Жер кадастрі салық салудың ең бір маңызды құралы болған. Оның мәліметтері жер иеленушілерге салық мөлшерін белгілеуде негіз болған. Уақыт өте кадастрдің құқық жағының маңызы күшейе түскен. Ол жерді меншіктеу құқығын рәсімдеумен байланысты болды және сол арқылы пайдаланатын жерлердің шекаралары туралы азаматтық істер шешіле бастады. 

Қоғамның даму кезеңдері басында негізінен жер көлемдері туралы мәліметтер тіркелген болатын. Содан кейін алқаптар және олардың сапалық күйі бойынша есепке алу қажеттілік пайда болды.Содан соң алқаптарды топырақ және құнарлығы бойынша сипаттай бастады. Жер кадастрі мәліметтерін тек мәтіндік құжаттарда ғана белгілей бастады. Топырақтардың сапасына қарай олар топтарға /кластарға/ бөлінді. Оған тарихтың көне ескерткіштері куә. Олар кәзіргі дәуірге дейін көптеген жүздеген жылдан бұрын жер және топырақтарда сапасы бойынша топтастыру туралы мәліметтерден тұратын жер кадастрінің болғандығын куәләндіреді.

Мысалы, Қытайда біздің дәуірімізге дейінгі 3 мыңыншы жылдары топырақтарды 9 класқа бөлген. Мұндай мәліметтер Ежелгі Греция, Египет, Римнің көптеген ескерткіштерінде бар. Ежелгі Римнің жер кадастрінде жер учаскелерінің көлемдері бойынша олардың сапасы, пайдалылығы, қолданатын өңдеу тәсілдері туралы мәліметтері баяндалған. Сонымен қатар жер бетінде дәл өлшеулердің жүргізілгендігі және сапасын анықтау туралы карталардың жасалғандығы келтіріледі. Жер иелері өздерінің жерлері, шаруа жабдықтары туралы толық мәліметтерді беріп отыруға міндетті болған.

Батыс Еуропада Франция королі Ұлы Карл (768-814жж.) ағылшын Эдуард І (1272-1307жж.) кездерінде олардың жерлерінен алынатын табыстарын баяндайтын жер салықтарын, Фридрих ІІ кезінде Сицилияда (1192-1250жж.), сонымен қатар Калабрияда (1327ж.), Дофине провинциясында жүргізілген жер кадастрлерін айтуға болады.

Жер кадастрі арнайы шара ретінде феодалдық өндіріс тәсілі жағдайында әрі қарай дамыды, рәсімделді. Жерге жеке меншіктік күшейген феодалдық қоғамда әр түрлі жер иелеріне салық салу мөлшері бірдей болған жоқ. Ірі жер иелері жер салығын төлеуде көптеген жеңілдіктерді пайдаланған.

Дамып келе жатқан капиталистік мемлекеттер өсіп кеткен мемлекеттік аппаратын, армиясын қамтамасыз ету мақсатымен және басқа да мәселелерді шешу үшін қаражат көбейтуге мәжбүр болды. Сондықтан феодалдық-басыбайлы қатынастарының жойылуына, жерді пайдаланушылардың, иеленушілердің салықтанатын санын көбейтуге, пайдаланатын жерлердің бәріне салық салуға мүдделі ретінде жерді есепке алушы, зерттеуші, баяндаушы және бағалаушы жер кадастрі қызметі қажет болды.

Капиталистік құрылыс жағдайында жер кадастрі күрделі шара ретінде арнайы жер-кадастрлік қызметі арқылы жүзеге асырылады. Жер кадастрінің қазіргі түсініктегі негізгі түрлері капиталистік қоғамда қалыптасқан. Сондықтан салық салу мақсаты жерді бағалау мәні және тәсілдері бойынша айырылады.

Капиталистік мемлекеттерді жер кадастрімен қатар жерді заңды тіркеу жүргізіледі. Оның міндеті жерді иелену және меншіктеу құқығын рәсімдеу болып табылады. Жерді тіркеу жерге жеке меншік құқығын қорғауға көзделген. Оның мәліметтерінің құқықтық маңызы бар. Олар тұлғалық және мүліктік болып бөлінеді. Біріншісі жер иелері бойынша, екіншісі – пайдаланатын жерлер бойынша жүргізіледі. Заңды жерді тіркеуді жүзеге асыру нәтижесінде жер иесінің жерге құқығы рәсімделеді. Ол нотариалдық мекемелерде арнайы құжаттармен заңдастырылады. Көпшілік капиталистік елдерде жерді заңды тіркеу арнайы жер кітаптарында жүргізіледі. Көптеген мелекеттерде жер кадастрі мен заңды жер тіркеу арасында тығыз байланыс бар.

Жер-кадастрлік материалдарды жер-құқықтық мәселелерді шешуде кеңінен қолданады. Олар тек қана салық салу мүддесінде емес, басқа да қажеттіліктер үшін /жерді сату, сатып алу, жалға беру, пайдалану және топырақтар эрозиясымен күресу бойынша ұсыныстарды жасау/ пайдаланылады. Жер кадастрінің негізгі міндеті жер иелерінің алатын пайданың бөлігін мемлекеттің алу мақсатымен тиісті мәліметтермен қамтамасыз ету болып қала берді. Бұл капиталистік жер қатынастарының мәнімен есептеледі - әр елде және әр уақытта жүргізілген жер кадастрлік жұмыстарының мазмұны мен әдістемелерінің ерекшеліктері болса да, жалпы оларға жер туралы мәліметтерді алу тән болған.

Жер кадастрі жерді арнайы есепке алып, бағалау шарасы ретінде қоғам дамуының бір сатысында пайда болып, жетіле берді. Ең алдымен зерттеу, есепке алу, бағалау, алқап түрлері және олардың сапасы бойынша топтастыру әдістерін, тәсілдерін жетілдіре түсті. Жаңа әдістерді, құралдарды қолдану арқасында жүйелі түрде жер кадастрлік ақпарат дәлдігі жоғарылады, құжаттардың рәсімі, мазмұны жетілді. Жер кадастрі арнайы дайындықты, білімді талап ететін күрделі шараға айналды.

       Кеңес кезеңінде Қазақстанда қолданған жер кадастрінің жүйесі КСРО барлық республикасына ортақ болатын. Бұл жүйеде ең басты мақсат барлық жер қорының иесі мемлекет мүддесін қорғау болып табылатын. Одақтың ыдырауымен және республикалардың егемендік алуымен байланысты жер қатынастары да түбегейлі өзгерді. Қазақстан Республикасында басталған жер реформасы жерге деген меншіктің көп түрлерін енгізуді, жерлердің кейбір санаттарын жеке меншіктеуге көшуді көздеп отыр. Мұндағы ой, жерді жеке меншікке алған азаматтар және заңды тұлғалар ауыл шаруашылық өнімдерін алу және басқа да мақсаттар үшін олар жерлерді тиімді пайдаланады.

       Жер реформасы жүру барысында жер қатынастары өзгеріп, жетілуде жаңа заң, нормативтік хаттамаларды қабылдау кең орын алуда. Мысалы, "Меншік туралың", "Жер реформасы туралы", "Жер кодексі", "Шаруа қожалықтары", заңдары қабылданып, өзгеріп жатыр. 1995 ж. желтоқсан айында қабылданған заң күші бар Қазақстан Республикасы Президентінің "Жер туралы" жарлығында жер реформасының бірнеше жылдар тәжірибелері ескеріліп, жер қатынастарына түбегейлі өзгерістер енгізілген.

Мысалы: жерлердің кейбір санаттарына жеке меншік құқықтарын енгізу; жеке меншіктердегі жерлерді нарық айналымына қосу; азаматтарға және заңды мемлекеттік емес тұлғаларға тұрақты пайдалану құқығында берілген жер учаскелерін нарықтық айналым қосуға мүмкіндік беру. Сөйтіп жер нарығының қалыптасуына құқықтық негіз салынып, жерге жылжымайтын мүлік статусы берілді. Бұл заң қабылданған соң жерлермен келесі әрекеттер жүргізу мүмкін болды: сату; сатып алу; айырбастау; сыйлау; жер учаскелерін кепілдікке беру; ипотекалық операциялар және т.б.

Мұндай түбегейлі жер қатынастарының өзгерістері, әрине, Қазақстан Республикасында мемлекеттік жер кадастрінің жаңа жүйесінің қабылдануын талап етті. Сондықтан, "Жер туралы" жарлығының 113, 114-баптарында жер кадастрінің негізгі талаптары және жаңа жағдайда оны жүргізу шарттары келтірілген. Мемлекеттік жер кадастрі бюджеттік қаржы есебінен Қазақстан Республикасының бір жүйесі бойынша жер қорларын басқару жөніндегі мемлекеттік органдармен жүргізіледі. Оны жүргізу тәртібін Үкімет белгілейді.

"Жер туралы" заңның 113-бабына сәйкесті Мемлекеттік жер кадастры Қазақстан Республикасы жерінің табиғи және шаруашылық жағдайы туралы, жер учаскелерінің орналасқан жері, көлемі, шекарасы, олардың сапалық сипаты, жер пайдаланудың есебі мен жер учаскелерінің бағалануы туралы мәліметтердің, өзге де қажетті мәліметтердің жүйесі болып табылады.

"Жер туралы" жарлықта және одан кейіңғі заңдарда жерлерді тиімді пайдалануды, қорғауды қамтамасыз ету мақсатымен Қазақстан Республикасында жаңа мемлекеттік жер кадастры жүйесін енгізумен қатар, жаңа жер қатынастарын ескере отыра, жерді үйлестіру, жерлер мониторингісі, жерлерді пайдалануды, қорғауды мемлекеттік бақылау жөнінде жүргізілетін жұмыстарға негізгі талаптар қойылған.

Жерді үйлестіру келесі жұмыстарды жүргізуді қамтамасыз етеді:

- жерді үйлестірудің республикалық, облыстық схемаларын және жер ресурстарын пайдаланудың, жақсарту мен қорғаудың бағдарламаларын әзірлеу;

- жер пайдаланудың және жер иеленудің жаңа құрылымдарын құру мен кәзіргі қолданыстағысын ретке келтіру жобаларын жасау, жер учаскелерін орналасқан жерінде /карталарда/ бөлу мен шекараларын белгілеуді, жер пайдалануға, иеленуге құқық беретін құжаттар жасау;

- елді мекендердің жер-шаруашылық құрылысының, жеке жер пайдаланушылардың, бүлінген жерлерді жаңғырту мен жаңа жерлер игеру жобаларын, сондай-ақ, жерді пайдалану мен қорғауға байланысты басқа да жобалар әзірлеу;

- жерлерді есепке алу, пайдаланылмай жатқан жерлерді анықтау, топографиялық-геодезиялық, карторгафиялық, топырақтық, геоботаникалық және басқа зерттеу мен іздестіру жұмыстарын жүргізу;

- кадастрлік және жер қорларын пайдалану, олардың жағдайлары жөніндегі басқа да карталарды әзірлеу;

- жер бағалау жұмыстарын жүргізу.

Мемлекеттік жер кадастрын жүргізу, жерді үйлестіру, жерлерді пайдалану мен қорғауды және жер ресурстарын мемлекеттік басқарудың өзге де функцияларын бақылауды ақпараттық жағынан қамтамасыз ету мақсатымен жердің жай-күйін жүйелі қадағалап отыруға, ондағы болып жатқан өзгерістерді анықтау мен оларды бағалау жер мониторингінің мазмұнын құрады.

Жерлерді тиімді пайдалану мен қорғау барысын мемлекеттік бақылау мақсатымен республикамызда жер қорларын басқару жөніндегі Агенттік құрамында Мемлекеттік жер инспекциясы құрылды.

Мемлекеттік бақылаудың міндеттері жер Заңдарының тиісінше атқарылуына, мемлекеттік органдардың, заңды тұлғалардың, азаматтардың жерді ұтымды пайдалану мен қорғау жөніндегі шараларды орындауын қамтамасыз етуге саяды. Өздерінің құзыреті шегінде жерді пайдалану мен қорғау мәселелері жөніндегі мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын органдардың нұсқаулары барлық жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылар үшін міндетті. Жерді пайдалану мен қорғауға мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.

 

Бөлімге сұрақтар:

1. Кадастр деген сөз нені түсіндіреді?

2. Жер кадастрын жүргізу қажеттік қашан пайда болды?

3. Кадастрдың қандай түрлері болады?

4. Жер кадастрының басқа кадастрлардан қандай айырмашылықтары бар?

5. Жердің негізгі қасиеттері.

6. Жерді басқа өндіріс құралдарынан, жылжымайтын мүліктерден қандай қасиеттері айырады?

7. Жер неге өндірістің мәңгі және айырбасталмайтын құралы болып саналады?

8. Жалпы түрде жер кадастрының қандай құралдық бөліктері болады?

 

 

2-тарау. ЖЕР УЧАСКЕЛЕРДІ  МЕМЛЕКЕТТІКТІРКЕУ. ЖЕРДІ ЕСЕПКЕ АЛУ.

     2.1.Жер учаскелерін тіркеудің мазмұны мен міндеті

Жер пайдалану мен жер иеленуді тіркеу жер кадастрының құрамды бөлігі болып, тиісті мемлекеттік құжаттарға жазуларды енгізу мен нақты жер учаскесіне меншік және пайдалану құқығын рәсімдеудің заңды шаралары ретінде қаралады.Қазақстан жағдайында ол мемлекеттік сипатқа ие.

Ол - жерге мемлекеттік және жеке меншік құқығы мен жер учаскесін пайдалану құқығын бекіту және қорғауға бағытталған. Жертіркеу деректері заңды күшке ие. Оның міндетіне жердің құқықтық және шаруашылық жағдайы туралы мәліметтерді жинау,жүйелі сақтау және жаңалау кіреді. Жер пайдалану мен жер иеленуді тіркеу алдында заңды рәсімдеулер: жергілікті жерде учаскелердің белгіленген шекарасын бекіту, жер учаскелері ауданын анықтау және тиісті жоспарларды құру жүргізіледі. Бұл жұмыстар шаруашылықаралық жерге орналастыру тәртібімен орындалады. Жер пайдалану мен жер иеленуді тіркеу жерді есепке алумен тығыз байланысты жүргізіледі.

Жер қорын тиімді және ұтымды пайдаланудың маңызды шарты болып, жер пайдалану мен жер иеленудің олардың нысаналы мақсаттарына сәйкес қатаң қорғау және тұрақтылығын құқықтық қамтамасыз ету жатады. Жер иелену мен жер пайдаланудың тұрақтылығын мемлекет қамтамасыз етеді. Бұл берілетін жер учаскелерінің көпшілігінің тұрақты (мерзімсіз) пайдалану мен жеке меншік болуына мүмкінділік жасайды. Бұл жерлер тек қана мемлекеттік қажеттіліктер үшін, заңды рәсімдерді сақтай отырып, барлық шығындарды, соның ішінде пайдаланылмаған шығындар мен пайданың және учаске құнын қоса төлеу арқылы алынуы мүмкін.

         Жер учаскелері, заңға сәйкес, жер пайдаланушылар мен жер иеленушілердің, республика жер заңдарын бұзған жағдайда алып қойылуы мүмкін. Жер пайдалану мен жер иеленуді қорғауды жүзеге асыру үшін кімнің жер пайдаланушы немесе жер иеленуші екендігін және олардың пайдалану немесе иелену құқығы қандай нақты аумаққа тарағандығы туралы мәліметтер бар болуы керек. Жер пайдалану мен жер иеленуді тіркеу, нақты жер учаскелеріне меншіктік құқығы мен пайдалану құқығын рәсімдеу және олар туралы тиісті құжаттарға (жер-кадастірлік кітабына және жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің(ЖКААЖ) магнитті сақтауына) мәліметтерді жазумен байланысты көптеген мәселелерді қамтиды. Ол бәрінен бұрын жер учаскелерінің құқықтық жағдайы туралы мағлұматтарды қамтамасыз етеді.

Дегенмен, енді жерді пайдалану ретінде белгілі территорияға және нақты субъекті құқығымен байланысты мақсатты сипатқа ие, ол жер пайдаланудың шаруашылық міндеті, орналасқан орны мен өлшемітуралы мәліметтердіқамтиды.Жер пайдалануды тіркеу үшін, тиісті мемлекеттік органның шешімі, заңмен қарастырылған қажетті құжаттардың негізінде тиісті мақсаттармен заңды немесе жеке тұлғаға жер учаскесін беру туралы және жерге орналастыру жобасының нақты мәнін шығару мен жергілікті жерде учаске шекарасын бекіту туралы қарастырылған құжаттар негіз болады.

Жер пайдаланушыларды немесе жер иеленушілерді мемлекеттік тіркелу рәсімделгеннен кейін, жер учаскесіне меншік құқығын немесе жер пайдалану құқығын беретін құжат (белгіленген формадағы мемлекеттік акт) пен бірге сол учаскенің жоспары беріледі.Жер учаскесін беру шешімінде оны қандай мақсат үшін бөліп берілетіні және жерді пайдаланудың негізгі шарттары көрсетіледі.Пайдалануға жер бөліп беру барысында ауылшаруашылық жер пайдаланушылардың басымдылығы қарастырылады.

   Жер пайдалану немесе меншік құқығын беретін құжатта учаскенің нысаналы міндет атқаруы, бөлінетіні немесе бөлінбейтіні, сервитуттер мен басқа да ауыртпашылықтар мен шектеулер көрсетіледі.

   Азаматтар мен заңды тұлғалардың пайдалануы мен иеленуі болуы мүмкін, жер учаскелері бір немесе бірнеше бөлек орналасқан , бірақ бірыңғай жер пайдаланушылықты береді, бір субъект соншалықты құқыққа ие, барлық бұл жерлерге иелік ету, пайдалану бойынша міндеттерімен белгілі бір құқыққа ие.

   Жер пайдалану немесе иелену нақты жер учаскесі түріндегі Мемлекеттік тіркеуде болады, яғни кез келген жылжымайтын мүлік объектісі сияқты тек қана жер-кадастрлық кітабына еңгізіліп қоймай,тиісті органдардың мемелекеттік тіркеуінен өтеді.      

       "Жер туралы" заңға сәйкес (37-бап 6-тарау) жерді пайдалану құқығы тұрақты және уақытша иеліктен шығарылатын немесе шығарылмайтын, өтеулі немесе өтеусіз алынатын болуы мүмкін. Бұнда жерді пайдалану құқығын қорғауға (37-бап 6-тарау)"Осы заңмен және өзге де заң актлерімен белгіленген негіздерден басқа реттерде ешкімді жер пайдалану құқығынан айыруға болмайды" деп кепілдік беріледі.

Жер пайдаланушылар:

1.Мемлекеттік және мемлекеттік емес;

2.Ұлттық, шетелдік, сондай-ақ азаматтығы жоқ адамдар;

3.Жеке және заңды тұлғалар;

4.Тұрақты және уақытша;

5.Бастапқы және кейінгі болып бөлінеді.

Заңда:

- Тұрақты жер пайдаланушылар жер пайдалану құқығы мерзімсіз сипаттағы тұлғалар.

- Уақытша жер пайдаланушыларжер пайдалану құқығы белгілі бір мерзіммен шектелген тұлғалар деп түсіндіріледі.

Бастапқы жер пайдаланушылар-жер пайдалану құқығын Осы Заңның 40-бабында көзделген тәртіппен тікелей мемлекеттен немесе бұл құқықты иеліктен шығару тәртібімен басқа бастапқы жер пайдаланушылардан алған тұлғалар.

Кейінгі жер пайдаланушылар-кейінгі жер пайдалану туралы шарттың негізінде бастапқы жер пайдаланушының мәртебесі сақталған бастапқы жер пайдаланушылардан уақытша жер пайдалану құқығын алған тұлғалар.

Жерді тұрақты пайдалану құқығындағы жер учаскелері:

1/ шаруа (фермер) қожалықтарына;

2/ ауыл шаруашылығы және орман шаруашылығы өндірісін жүзеге асыратын мемлекеттік заңды тұлғаларға;

3/ ерекше қорғалатын табиғат аумақтары жерінде жер пайдалануды жүзеге асыратын мемлекеттік заңды тұлғаларға;

4/ заңдарда көзделген өзге жағдайларда беріледі.

Мерзімсіздеп, белгіленген мерзімі шектелген жер пайдалануды айтамыз.Басқаша айтқанда ,бұл тұрақты жер пайдалану. Қазіргі жер пайдалану түріндегі бастапқы жер пайдаланушыларға құқықтық рәсімдеу болып, жер пайдалану құқығын беретін мемлекеттік акт беріледі. Уақытша жер пайдалануда, жақтардың келісімі бойынша немесе жерді бөліп беру барысында белгіленген жер пайдалану мерзімі шектелген болады. Жерді уақытша пайдалану құқығы мерзімді(5 жылға дейін) және ұзақ мерзімді (3 жылдан 99 жылға) дейін болуы мүмкін. Уақытша пайдалануда жерлерді беру және рәсімдеу тәртібі жер заңдарымен белгіленген."Жер туралы" заңның 5- тарауында иеленудің жерге меншік құқығы негізделген.

Республикамызда мемлекеттік және жеке меншік жер меншіктері заңдармен танылады және қорғалады. Жеке меншіктегі жер учаскелерінен басқа барлық жер мемлекеттік меншік болып табылады,жерге жеке меншік азаматтар мен мемлекеттік емес заңды тұлғалардың меншігі түрінде болады.

   Азаматтардың жеке меншігіндегі жерлерге өзіндік қосалқы шаруашылығын, бақ өсіру және саяжай құрылысын жүргізу үшін берілген жер учаскелері жатады.(“Жер туралы” заңның 34-бабы)

   Бұдан басқа азаматтар мен мемлекеттік емес заңды тұлғалардың жеке меншігіне өзінің мақсатына сәйкес үйлер мен ғимараттарды қамтуға арналған жерлерді қоса алғанда, құрылыс салуға берілген (берілетін) немесе өндірістік және өндірістік емес, оның ішінде тұрғын үй-жайлар, үйлер, ғимараттар мен олардың кешендері салынған жер учаскелері кіреді.Жеке меншіктегі жер учаскесі жылжымайтын мүлік болып табылады.

    Егер заңмен және басқа да заң актлерімен өзгеше көзделмесе,жер учаскесінің меншік иесі,мемлекеттік органдардың қандай да болсын рұқсатынсыз, өз қалауы бойынша жер учаскесін иелену, пайдалану және билік ету құқығын жүзеге асырады. Жер учаскесіне меншік құқығы басқа адамға мәмле жасалған сәттегі барлық ауыртпалықтармен қоса беріледі. Меншік иесі өзінің жер учаскесімен заң актлерінде тыйым салынбаған кез келген мәмілелерді жасауға, атап айтқанда жер учаскесін уағдаластық баға бойынша сатуға,шаруашылық серіктестігінің жарлық капиталына жарна ретінде енгізуге, кепілдікке беруге, сыйлауға және мұра етіп қалдыруға құқылы. Жер учаскесінің меншік иесі жер учаскесін уақытша пайдалану туралы шарттың негізінде жер учаскесін уақытша пайдалануға беруге құқылы (жалға беру, жалдау шарты немесе өтеусіз пайдалану туралы шарт түрінде).

    Жер учаскелерін тіркеу негізгі (алғашқы) және күнделікті (кезекті) болып бөлінеді.

    Жер тіркеу құжаттарына тиісті мәліметтердіенгізу және жүйелеу, жаңа жер учаскелерін (жер иеленушілер мен жер пайдаланушылар) рәсімдеу бойынша жұмыстарды алғашқы тіркеу барысында жүргізеді. Оны жүргізу процесінде жер учаскесі туралы алғашқы жазулар енгізеді.

    Жердің құқықтық жағдайына анықтаулар талап етілгенде, жер пайдалану құрамында және көлемінде заңды өзгерістер болғанда ғана жердің шаруашылық пайдалануында кезектегі (келесі) процестер жүргізіледі. Сонымен мемлекеттік қажет үшін жерді алу нәтижесінде пайдаланатын жердің жалпы ауданы өзгеруі мүмкін

   Жер пайдаланудағы барлық болып жатқан заңды өзгерістерді рәсімдеу бойынша жұмыстар мен алғашқы тіркеу мәліметтері және құжаттарындағы тиісті анықтауларды енгізу пайдаланатын жерді күнделікті тіркеуде ретімен жүзеге асырылады.

    Бұндай жағдай дәрежесінде жер тіркеу мәліметтерін қолдау қамтамасыз етіледі.

     Республикада жер учаскелерін мемлекеттік тіркеу белгілі жүйеде қалыптасты және мемлекеттік есепке алумен тығыз байланысты жүзеге асырылды. Бәрінен бұрын тіркеу мәліметтері әрбір жер учаскесі жерінің сапасы мен санын есепке алу барысындағы деректер сапасында қабылданады.

    Жалпы ауданды қайта бөлістіргенде, тіркеу барысында көрсетілген, жерді есепке алу барысында анықталған алаптар аудандарымен үйлестіріледі. Бір жағынан, территория бойынша жер-есепке алу мәліметтері әлгі қалыптасқан жер учаскесі, жер пайдаланутіркеу жұмыстарын жүргізу барысында қолданылады.

    Тіркеу бірлігі мен жер учаскесінің белгілі бір шамасын қамтамасыз ету және құжаттар тұтастығы болады. Ауданда (қалада) жерді есепке алудың негізгі құжаты мемлекеттік жер кадастр кітабы болып табылады.

    Жерді есепке алудан жер учаскелерін тіркеудің айырмашылығы, бірыңғай мемлекеттік жер қорының барлығын емес, тек оның пайдалану мен иеленуге берілген территориясы қамтылады. Бос жатқан мемлекеттік босалқы жерлерде тіркеу жүргізілмейді.

    Жер тіркеу мәліметтері топырақты бонитировкалауда (сапасын айыру) және жерді экономикалық бағалауда пайдаланылады.

Бөлімге сұрақтар:

1. Жер учаскелерін тіркеу дегеніміз не?

2. Жерді иелену меншік иесі мен жер пайдалану түрлерін атаңыз.

3. Мерзімсіз және уақытша пайдалану дегеніміз не?

4. Жерді иелену дегеніміз не?

5. ”Жер туралы” заңның қай бабында Қазақстан Республикасында жерге жеке меншіктіктің мазмұны ашылады?

6. Жер учаскесіне меншік иесінің құқығы қандай?

7. Жер учаскелерін тіркеу түрлері.

8. Негізгі тіркеу құжаттарын атаңыз.

2.2 Жерді есепке алудың қызметі мен сипаттамасы,

 түрлері мен әдістері

       Жер есебі жер кадастырының құрамды бөлігі ретінде, халық шаруашылығы есебінің бір түрі болып саналады.

       Оны жүргізу әдістерінің өзгешелігіжердің өндіріс құралы және жылжымайтын мүлік объектісі ерекшелігіне байланысты.

       Халық шаруашылығы салаларында жерлер әр түрлі мақсаттар үшін пайдаланылады және соған лайықты оның есебі жүргізіледі. Жер тұрғын үй, өнеркәсіптік, ауыл шаруашылығы және орман шаруашылығы, транспорт кәсіпорындары, мәдениет мекемелері, денсаулық сақтау, қорғаныс мекемелері мен ұйымдары және т.б. құрылыстар орналасқан орын ретінде есептелінеді.

Өндірістің кейбір салаларында (ауыл және орман шаруашылығында) операциялық базис ретінде жер есебінен басқа, оларды өндіріс күштері, негізгі өндіріс құралы ретінде есепке алу қажет. Бұл жердің сапалық жағдайы мен пайдалануы туралы арнайы мәліметтерді алуға қажеттілікті туғызады. Бәрінен бұрын бұған ауыл шаруашылық алаптарының құрамы мен сапасы туралы мәліметтер жатады.

       Жер учаскесінде жерді сапалы сипаттау және сандық бейнелеу үшін заттық(натуралды) өлшеуіштер қолданылады.Есепке алу, Республиканың жер қорын тиімді пайдалану мен қорғау үшін қажетті пайдаланатын жердің мөлшері, сапасы мен шаруашылығы туралы мәліметтерді алуға, өңдеуге, талдауға және сақтауға бағытталған.

Жалпы мемлекеттік мәселелерді шешу барысында жер есебі мемлекеттік шара болып есептелінеді.Соның үшін , оны жүргізудің міндетін, мазмұнын және тәртібін мемлекет анықтайды. Ол жердің есепке алу ақпараттарының мазмұны мен оны алу тәсілдерін, есепке алу және есеп беру құжаттары мазмұнын, есеп беру мерзімін,есеп жүргізетін органдар мен тұлғаларды, жер есебін жүргізуге бақылау тәртібін анықтайды.

       Есепке алудың белгіленген тәртібі республиканың барлық жеріне міндетті болады. Мемлекеттік есепке алудың объектісіне Қазақстан Республикасының бірыңғай жер қорының барлығы жатады. Бөлек салаларда мүдделері мен міндеттерін есепке алу мен ведомостволық есепке алуды жүргізуге қажеттілік туады, оның объектісіне нақты ведомоствоның қарауына жататын барлық жерлер жатады.

Жердің ведомостволық есебі мемлекеттік есептің мазмұны мен талаптары бойынша құрылады. Жер есебі мемлекеттік шара ретінде мемлекеттік жер кадастрының құрам бөлігі болады.Мемлекеттік жер есебі белгілі жүйе болып, оған жердің сандық және сапалық есебі кіреді.Оның даму заңдылығына жер категорияларының, жер учаскелерінің және алаптардың аудандарын анықтау дәлдігін жоғарылату, жер сапасы сипаттамасын кеңейту жатады.

Жер есебі сапасы жақсы жоспарлы-картографиялық материалдары негізінде жердің нақты жағдайы мен пайдалануы бойынша жүргізіледі.Жер есебіне барлық жер қоры әкімшілік-территориялық бірлікке бөлінген,жер категориялары мен жерді пайдаланушылар, жер пайдалану мен алаптар жатады.Алаптардың сапасы топырақ қабаты, топырақтың құнарлы заттармен қамтамасыз етілгендігі,жер бедері, жер оты құрамы қалыңдығы,мелиоративтік жағдайы және т.б. бойынша анықталады. Жер есебі біріңғай әдіс бойынша, яғни жер категориялары мен бөлек зоналар мәліметтерінсалыстыруды қамтамасыз етіпжүргізіледі.Бұл мақсатта жер есебі ақпараттарын алудың, өңдеудің және топтастырудың бірыңғай жүйесі, бірыңғай жер кластары мен алаптар қолданылады.

Есепке алу мәліметтері жер ресурстарын пайдалануды жоспарлау көрсеткіштеріне қарағанда көбірек дифференцияланған және кеңейтілген болуы керек.Бұл есепке алу тек қана жер жағдайын ол жағы немесе бұл жағын анықтап қоймай, жаңа жер қорларын игеру және олардың өнімділігі мен сапасын жоғарылатуды ашады.Есепке алу мәліметтері жердің жағдайы және нақты өлшемімен, оны жүргізген уақытпен сайма-сай болуы керек, сонда ғана олар пратикалық құнды көрінетін болады. Жерді есепке алу барысында, есептеу классификациясында қарастырылған жергілікті белгілер мен заттарды мүмкіндігінше дәлдікпен, нақтылықпен анықтау қажет.

Мемлекеттік жер қоры мемлекеттік жерді есепке алу объектісі болғандықтан, барлық жерлер,оның құрамына кіретініне, олар кімнің пайдалануы мен және иеленуіне жататынына, оларды қазіргі кезде пайдаланатынына және пайдаланбайтынына қарамастан есепке алынады.

       Басқа сөзбен айтқанда, бірыңғай мемлекеттік жер қорының барлық жерін есепке алуды қамту принципін сақтау керек. Бұл оның жер категориялары, жер пайдаланушылар және алаптар бойынша қайта бөлісуі мен құрамын, жалпы ауданын дұрыс анықтауға мүмкіндік береді. Жерді есепке алуды дұрыс жүргізудің негізгі шарты – оны өз уақтында және тоқтаусыз жүргізу. Бұның өзі жер есебі мәліметтерін қазіргі кезгі деңгейінде ұстап тұрады. Бұл принцип жердің жер жағдайы мен пайдалануында өтетін сандық және сапалық өзгерістерді жүйелі есепке алу қажеттілігін тудырады. Жер бетінде (натурада) пайда болған өзгерістерді өз уақытында анықтап бегілеп отыру жәнетиісті есепке алу мәліметтерін алу мен жазудың уақыты бойынша келісім орнату керек.

Жер есебі мәліметтері нақты және жеткілікті толық болғаны дұрыс.Есепке алу материалдары мен құжаттарында жазулар ебедейсіз және қиын оқылатын болмауы керек. Жер есебі мәліметтері тек қана текстік құжаттар болып көрініп қоймастан, жоспарлы картографиялық негізде міндетті түрде кескінделеді, ақпараттарды (цифрлы кестелер, текст, графиктер, диаграммалар, картограммалар және электронды карталар) беретін және сақтауға мүмкіндік беретін компьютер технологияларын пайдалану мен магниттік тасымалдау-шыларда есепті жүргізу айтарлықтай жеңілдетілдірілген. Есепке алу барысында мәліметтерді алу және өңдеуде аз қаражатты қамтамасыз ететін әдістер мен құралдарды қолдану қажет. Есептеуіш компьютерлік техникаларды және тексеру мен түсірістің ең жетілдірілген әдістерін қолдану, республиканың жер қорын өз уақтында және дұрыс есепке алуды жүзеге асыруға мүмкіндік туғызады, ал сонымен қатар мемлекеттік жер кадастрын ойдағыдай жүргізеді.        

Жерді түгендеу (инвентаризациялау) жер есебінің құрам бөлігі, бір жолғы есепке алу шарасы болып есептеледі. Оны жергілікті жерде, кадастрлық құжаттарда бар, тиісті мәліметтерді табу мақсат пен қажеттілік туғанда жүргізіледі. Бұл барыста табылған анықтаулар кадастрлық мәліметтерге және бірінші кезекте есеп алуға енгізіледі. Түгендеуді жүргізу барысында өндірісте бар болған жоспарлы-картографиялық және басқада материалдар қолданылады. Жергілікті жердегі тиісті мәліметтерді табу жерді тексеру барысында жүргізіледі. Жергілікті жерде арнайы түсірістер қағида бойынша жүргізілмейді.

Жерді есепке алу жұмыстары өз міндетіне, мазмұнына және ерекшеліктеріне байланысты жалпы кадастрда негізгі (алғашқы) және күнделікті (келесі) болып бөлінеді. Бұл есепке алу түрлері бір-бірімен өзара байланысты және жерді есепке алудың бірыңғай процесінің белгілі бір кезеңін білдіреді.

Негізгі есеп алу міндеті:

1.Есептелінетін территорияныңбарлық жоспарлы материалдарын алуды жүйелеу және талдау жасау.

2.Жоспарлы материалдар мен жер-есебі мәліметтерінің қажетті алғашқы деректерін алу мақсатымен тексеру және түсіріс бойынша тиісті далалық жұмыстарды жүргізу.

3.Барлық есептелінетін территорияның пайдаланатын және қайта бөлістірілетін жердің сапалық жағдайын, өлшемін анықтау.

4.Арнайы жер-есептік жоспарлы материалдарды дайындау және жер-есепік текстік құжаттарға алғашқы жазуларды енгізу.

5. Жер қорына жер категориялары, жер пайдаланушылар, алаптар бойынша бөлістірілуін, құрамын анықтау және оларға әкімшілік бірліктер (аудандар,облыстар) бойынша сапалық сипаттама беру.

Алғашқы есепке алуды жүргізуге байланысты кең көлемдегі жұмыстар туралы пікір айту үшін, мысал ретінде бірнеше мәліметтерді келтіреміз. Қазақстан Республикасы жер қорының жалпы ауданы (272.45 млн.га) есептелінді және 14 облыс, 161 әкімшілік аудан, 302 қалалар мен поселкелер және 7164 ауыл елді мекендер бар (01.01.1998 жылғы).

Азаматтардың иелігінде жеке қосалқы шаруашылық жерлері 230,5 мың гектар, 100,2 және 85,0 мың гектар жер бау шаруашылығы мен бақша өсіруге бөлінген.

Бастапқы жер пайдалану саны: шаруа қожалықтары – 63977, ауыл шаруашылық кооперативтер – 3310, шаруашылық серіктестіктер – 133, басқа мемлекеттік емес кәсіпорындар – 1594, мемлекеттікауыл шаруашылықтар –1669 құрайды.   

Ауылшаруашылық алқаптары олардың түрлері мен түр тармақтарыбойынша анықталады; топтар, класстар; топ тармақтарықұрамы;механикалық құрамы бойынша топтық сипаттама беріледі, барлық ауылшаруашылық алқаптарын бағалау жүгізіледі.

Алғашқы есепке алу түсірістермен тексерулердіжүргізуге, жоспарларды құруға, аудандарды есептеуге байланысты.Анықталатын территория жерінің саны мен сапасы туралы толық және жан-жақты мәліметтерін алу үшін оны жоғары мамандандырылған мамандар жүргізеді.Ол келесі кезең жұмыстарына дайындық, далалық есепке алу бойынша нәтиже жұмыстарын рәсімдеуден тұрады.

       Дайындық жұмыстарыбарысында анықталатын территория жерлерін саны мен сапасы туралы мәліметтерден тұратын барлық  материалдар мен құжаттарды жинайды. Жерді пайдалануды тіркеу құжаттарын, топографиялық-картографиялық материалдарды, шаруашылықаралық және ішкі шаруашалықтық жерге орналастыру мәліметтерін, әр түрлі бағыттарды тексеру материалдарын жинайды және зерттейді.Егер материалдар ескерілмеген және натураға көшірілмеген жағдайда, жоспарды түзету бойынша жұмыстары көрсетіледі немесе жаңадан түсірістер, тексерулер жүргізіледі, яғни далалық жұмыс кезінің бағдарламасын анықтайды.

Далалық жұмыстарының жергілікті жердегі жер-есептік мәліметтеріне қажеттілік туғанда арнайы қызметтер жоспарланады. Бұл жұмыстарға түсірулер, тексерулер бұған дейінгі бар жоспарлы материалдарға түзетулер жатады. Далалық жұмыстардан кейін тиісті шаралар- топырақ талдау, жер есептік және мәліметтерді рәсімдеу, аудандарды есептеу мен үйлестіру, арнайыжоспарлық есептік құжаттарды құру орындалады.

       Осындай жолмен алынғанмәліметтерді белгілібір тәжірибеде қарап шығады, бұдан кейін сапасы жақсы деректі мәліметтерді қабылдайдыжәне есепке алу құжаттарына еңгізіледі.

       Алғашқы есепке алу барысындағы тіркелгенжәне анықталған мәліметтер уақыт өтуге байланысты талапқа сай болмай жарамсызқалады.Шаруашылық пайдалану процесінде жерді бөлу мен құрамындабелгілібір өзгерістер болады. Сонымен, соңғы жылдарыжер учаскелерін нақтылауға, шаруа қожалықтарына, кооперативтер мен серіктестіктерге, ауылдық аудандардағыжерді бөліп беру өзгерді. Бұдан басқа ауыл шаруашылық кәсіпорындарда, шамамен 20%-тен, алқаптарды трансформациялау жүргізіледі, яғны жыл сайын алқаптардың құрамы өзгеріп тұрады. Мелиоративтікшаралардың қысқаруына байланысты, табиғи мал азықтық алқаптар мен егістіктің сапасы өзгерді. Елді мекендер жеріқұрамындада үлкен өзгерістер болды жәнебасқа жер санаттары жерлерінде құрамы мен құрлысында жыл сайын өзгереді.

       Сондықтан алғашқы есепке алу құжаттарына еңгізілген мәліметтерескіреді, оларды жаңарту күнделікті есепке алуды жүргізуге алып келеді.Күнделікті есепке алу міндетіне жердің саны мен сапасында, бөлінуінде болған өзгерістер туралы мәліметтерді анықтау және жазу, алғашқы есепке алу барысында жіберілген қателерді табу мен тиісті анықтауларды еңгізу кіреді. Құжатта тек заңды өзгерістер белгіленеді, сондықтан күнделікті есепке алу барысында тек қана нақты өзгерістерден басқа мен олардың заңдылығы да анықталады. Күнделікті есепке алуды жүргізуде негізгі есепке алу материалдары қолданылады және тек жердің пайдалану мен жағдайында өзгеріс болған территория бөлігі ғана өзгереді.

Жер балансын толтыру ережелері.Ауыл шаруашылығына арналған жерлердегі ауыл шаруашылық алқаптары аудандарында болған өзгерістер жөніндегі анықтаманы жасау тәртібі.

Ауыл шаруашылығына арналған жерлердегі ауыл шаруашылық алқаптары аудандарында болған өзгерістер жөніндегі анықтама барлық жерлерге және суармалы жерлерге бөлек жасалады. Анықтама – ауыл шаруашылық алқаптарының әр түрі бойынша баланс жасау үшін бастапқы құжат болып табылады.

Анықтама екі бөлімнен тұрады. Біріншісінде – аталған графаларда көрсетілген себептер бойынша, өткен жылдың 1-қаңтарынан келесі жылдың 1-қаңтарына дейінгі уақытта, алқаптардың әр түрінің ұлғаюлары; екінші жартысында – сол кезеңде және сол себептер бойынша кішіреюі көрсетіледі /1, 8/.

Анықтама келесі құжаттар негізінде жасалады:

- жерлерді бөліп беру, алып қою және қайтып беру туралы графалар – жергілікті атқару органдарының шешімімен толтырылады;

- алқаптардың кейбір түрлерінің ұлғаюы немесе кішіреюі туралы графа – пайдаланушылар есебі негізінде, сондай-ақ жаңа түсірістер мен бұрынғы жылдардағы түсірістерге түзетулер енгізу материалдары, тексеру өлшеулері және жерлерді графикалқ есепке алу кезіндегі күнделікті өзгерістер есебінің мәліметтері негізінде;










Последнее изменение этой страницы: 2018-04-12; просмотров: 197.

stydopedya.ru не претендует на авторское право материалов, которые вылажены, но предоставляет бесплатный доступ к ним. В случае нарушения авторского права или персональных данных напишите сюда...