Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция

Метасана терминін 1979 ж. енгізген зерттеуші практик -




А) Флейвелл                   Б) Флавелл

 

8. Метатану терминін 1976 ж. еңгізген зерттеуші практик -

А) Флейвелл                   Б) Флавелл

 

9. Үш білім саласы арасында өзара байланысты іске асыруға қабілетті мұғалім жоғары деңгейдегі кәсіпқой мұғалім. Бұл - ... білім салалары.

А) қалай оқу керектігін үйрету және оқу үшін үйрету

Б) пәндік, педагогикалық, мазмұндық

В) пәндік, педагогикалық, мазмұндық

Г) теориялық және тәжірибелік білім

 

10.  Бағалаудың мақсаты мұғалімнің тесттілеуді қандай мақсатта және қалай өткізу керек екендігі туралы түсінігіне негізделмейді.

А) иә б) жоқ

 

11. Кері байланыс бұл:

А) ынталандыру         В) сыни ойлау Г) метатану

Б) өздігіннен реттелу Д) уәж

 

12. Тестті сәйкестендір:

А) тактикалық оқу

Б) тәуелсіз оқи білу

В) көрінбей оқыту

Г) тікелей оқыту

Д) интерактивті оқыту

Е) мазмұнды оқу

Ж) бірлескен оқу

 

1. бұл оқу барысында әрбір қатысушысы үшін жайлы жағдай жасауда ең басты мәселе етіп қоятын оқу

2. балалардың ересектердің көмегінсіз өздігінше білім алып оқуы

3. өзара іс әрекет арқылы оқыту

4. интерактивті және ынтымақтастықтыққа дайын болу оқуы;

5.Тесттілеу барысында оң нәтижеге жету үшін материалды меңгеру бағасын көздейтін оқу;

6. оқытудың дәстүрлі оқуы;

7. қарқынды дамып жатқан өмір жағдайындағы үздіксіз білім алу қажеттілігі;

 

13. Ажырату, саралау, үміт арту, даулау, жатқызу, салыстыру, тәжірбиеден өткізу, қарама қарсы қою, зерделеу қолданатын сұрақ үлгілері ойлаудың ... деңгейін көрсетеді.

А) білу және түсіну             Г) жинақтау

Б) қолдану              В) талдау          д) бағалау

 

14. Қайта қарастыру, сәйкестендіру, талқылау, тарту, түсіндіру, әңгімелеу, еске түсіру, атау, әңгімелеу, ұсыну, табу, мақұлдау қолданатын сұрақ үлгілері ойлаудың ... деңгейін көрсетеді.

А) білу және түсіну             Г) жинақтау

Б) қолдану              В) талдау          д) бағалау

 

15. Көрсету, тағайындау, орындау, суреттеу, пайдалану, айналысу қолданатын сұрақ үлгілері ойлаудың ... деңгейін көрсетеді.

А) білу және түсіну                  Г) жинақтау

Б) қолдану                  В) талдау          д) бағалау

16. Жорамалдау, таңдау, баға қою, анықтау, санау, өлшеу, айыптау қолданатын сұрақ үлгілері ойлаудың ... деңгейін көрсетеді.

А) білу және түсіну                 

Б) қолдану

В) талдау

Г) жинақтау    

Д) бағалау

 

17. Тұжырымдау, оқыту, әзірлеу, дамыту, қайта анықтау, ұсыныс жасау қолданатын сұрақ үлгілері ойлаудың ... деңгейін көрсетеді.

А) білу және түсіну                 

Б) қолдану                 

 В) талдау              

Г) жинақтау

Д) бағалау

 

18. Оқу үшін бағалау, бұл -

А) жиынтық бағалау В) формативті бағалау

 

19. Оқытуды бағалау, бұл -

А) жиынтық бағалау В) формативті бағалау

 

20. Сабақты талдау білім беру мүмкіндіктеріне жол ашады.

А) мемлекеттің білім беруінің қандай бағыт алғанын көруге;

Б) қандай жаңалық бар екенін білуге;

В) білім берудегі перспективаларды талқылауға, ұсынуға және келісуге;

Г) бір мұғалімнің кәсіби тәжірбиесін шыңдауға;

Д) аталғандардың бәрі

21. О,Малли 1985 ж. оқудың метакогнитивтік, когнитивтік, әлеуметтік стратегияларды көрсеткен. Метакогнитивтік стратегиялардың мақсаты -

А) тікелей алатын ақпаратпен байланысты болуы;

Б) қоршаған адамдармен жұмыс жүргізуді және өзін өзі бақылауды көздейді;

В) жоспарлау, мониторинг және оқу жетістіктерін бағалау;

 

22. О,Малли 1985ж оқудың метакогнитивтік, когнитивтік, әлеуметтік стратегияларды көрсеткен. Когнитивтік стратегиялардың мақсаты -

А) тікелей алатын ақпаратпен байланысты болуы;

Б) қоршаған адамдармен жұмыс жүргізуді және өзін өзі бақылауды көздейді;

В) жоспарлау, мониторинг және оқу жетістіктерін бағалау.

 

23. О,Малли 1985ж оқудың метакогнитивтік, когнитивтік, әлеуметтік стратегияларды көрсеткен. Әлеуметтік стратегиялардың мақсаты -

А) тікелей алатын ақпаратпен байланысты болуы;

Б) қоршаған адамдармен жұмыс жүргізуді және өзін- өзі бақылауды көздейді;

В) жоспарлау, мониторинг және оқу жетістіктерін бағалау.

 

24. Төменде берілген сыни тұрғыдан ойлаудың дағдыларына ... термині жатпайды.

А) бақылау Б) талдау В) қорытыңды Г) интрепретация Д) қайта жоспарлау

 

25. Тиісті сөйлемді қойыңыз:

Сыни тұрғыдан ойлау «.....» деп сипатталған. Ол маңызды педагогикалық мәселелерді ...... және тәжірбиені ...... өткізуді қамтиды. Бұл екінші модуль шеңберінде .... теорияны, білім беруді дамыту үшін тиімді ...... және ... ...... балаларға білім берудің сараланған жаңа тәсілді қолдануды қарастырады.

 

Түрлі жастағы, ойлау туралы ойлану, әлеуметтік-сындарлы, ой елегі, талқылау, бағалау.

 

26. Бастауыш мектептердің мұғалімдері сындарлы оқыту теориясының ... модулін үнемі айқындап отырғанда ғана өздерін «дарынды бақылаушылар» ретінде көрсетуге тиісті.

А) білім берудегі жаңа тәсілдер

Б) АКТ пайдалану

В) Жас ерекшеліктеріне сәйкес білім беру

Г) талантты және дарынды балаларды оқыту

Білім беру үшін бағалау және оқуды бағалау

 

27. Мұғалім сұрақ қойғаннан кейін және жауап алғаннан кейін де ... кідіріс жасау қажет.

А) жоқ, тек қана сұрақ қойғаннан кейін ғана

Б) жоқ, жауап алғаннан кейін ғана

В) екі ойлау операциясы аралығында екі секундтық

Г) «дұрыс емес» жауапқа реакция кезінде

Д) кідіріс қажет емес

 

28. Ұзақ мерзімді жады ... компонеттен тұрады.

А) 2       Б) 3     В)4   Г)6

29. Ынтымақтастық педагогикалық қағидатын жүзеге асырудағы ең маңызды оқытудың түрі ... болып табылады.

А) интервью Б) интерактивтік В) диалог Г) жоспарлау Д) сыни ойлау

 

30. Педагогикалық қағидаттардың негізгі міндеті -

А) әр оқушыға жеке тәсілді оқыту

Б) әр баланың қабілетін анықтау

В) әр балаға сенім білдіру

Г) оқу урдісіне белсене араласу

Д) білім беру кеңістігін құру

8 нұсқа

1. Қайсысы мұғалім тұлғасының «білім беру сызбаларына» жатпайды?

a) Мұғалім сенімі (ұстанымы)

b) Мұғалім шеберлігі

c) Мұғалім көзқарасы

d) Мұғалім шешімі

e) Мұғалім іс-əрекеті

 

2. Мұғалімнің ұстанымы оның көзқарастарын, белгілі бір шешімдердің

қабылдануы мен сыныптағы іс-əрекеттерін нығайтады (Пажарес, 1992).

Сондықтан кез келген мұғалімнің оқыту құралдары мыналардан тұруға тиіс:

a) Білім, білік жəне дағдылар жиынтығынан

b) Сенім, білім жəне болжамдар жиынтығынан

c) Мұғалімнің жаңа идеяларды қабылдауынан

d) Өз оқытуын түсінуінен

e) Өмірдегі өз орнын түсінуінен

 

3. Қай білім беру теориясы «оқушылардың ойлауын дамыту олардың

бұрынғы алған білімдері мен жаңа немесе сыныптағы түрлі дерек

көздерінен, мұғалімнен, оқулықтан жəне достарынан алған білімдерімен

астастырыла жүзеге асады» деген тұжырымға негізделеді?

a) Құзыреттілікке бағдарланған оқыту

b) Тұлғалық бағдарлы оқыту теориясы

c) Сындарлы оқыту теориясы

d) Гуманистік оқыту теориясы

e) Дамыта оқыту теориясы

 

4. Сындарлы оқытуда мұғалімдер оқушылардың қандай мүмкіндіктерін

жүзеге асырмайды?

a) Оқытылатын тақырып бойынша білімдерін көрсету

b) Белгілі бір ережелерге күмəн келдіру

c) Көзқарастарын түзету

d) Жаңа түсінік қалыптастыру

e) Дұрыс жауабы жоқ

 

5. Мұғалім тұлғасының «білім беру сызбаларының» қайсысы оқыту стилін

таңдауға көбірек ықпал етеді?

a) Білімдер

b) Болжамдар

c) Сенімдер

d) Əкімшіліктің ықпалы

e) Барлығы бірдей

 

6. «Мұғалімнің жұмысының тиімділігін» қандай фактор анықтайды?

a) Мұғалімнің жетістіктері (біліктілігі т.б.)

b) Оқыту үдерісі (оқыту əдістері т.б.)

c) Оқушы мен мұғалім арасындағы қарым-қатынас

d) Оқыту нəтижесі (оқушының білім алуына ықпал ету т.б.)

e) Аталған барлық факторлардың жиынтығы

 

7. Төмендегі стратегиялардың сыныптағы тиімді оқыту мен оқуға ықпал

ететінін көрсетіңіз:

a) Мұғалімдер тəжірибелі əріптестерінің сабағына енеді

b) Мұғалімдер үнемі курстарда оқып-үйренеді

c) Мұғалімдер оқытудың түрлі əдістерін пайдалана отырып, эксперимент

жасайды

d) Оқытудың жаңа əдістерін ендіруге əкімшілік қызығушылық танытады

e) Мұғалімдер басқа мектептердің тəжірибелерін пайдаланады

 

8. «Метатану» термині оқыту үдерісіне қатысты алғанда, нені білдіреді?

a) Жоғары сана

b) Талантты жəне дарынды балаларды оқыту

c) Қалай оқу керектігін үйрету

d) Оқытудағы басқару мен көшбасшылық

e) Ақпараттық кеңістік

 

9. Қай жағдайда балалардың жеке тəжірибесінің мəдениеті мен құндылығы

оқу үдерісінің тиімділігін елеулі түрде айқындайтын маңызды мəнмəтін деп

қабылданады?

a) «Жағдаяттық (ситуациялық) тануда»

b) «Ормандар өсіруде»

c) Қалай оқу керектігін үйретуде

d) Диалогтік оқытуда

e) Өздігінен реттелетін оқытуда

 

10. Қайсысы өздігінен реттелетін оқудың элементі болып табылады?

a) Оқыту стратегияларын мұғалімнің ұсынуы

b) Тапсырмамен жұмыс барысында өздігінен бағытталушылығы

c) «Бастама-жауап-кейінгі əрекет» формасы

d) Проблемалар мен оқыту мақсаттарын мұғалімнің анықтауы

e) Оқушылардың əрекеттерін бағалау

 

11. Қай авторлар өз оқуын бақылау мен мониторингі үдерісінде

метатанудың маңызды аспектісі ретінде балалардың дербестігін

қалыптастыруға баса назар аударады?

a) Шанк пен Циммерман

b) Флейвелл мен Шанк

c) Перри мен Циммерман

d) Дью мен Шон

e) Шон мен Флейвелл

 

12. Өздігінен реттелетін оқудың элементтерін анықтаңыз:

a) Тапсырмамен жұмыс барысында өздігінен бағытталушылығы

b) Оқушының проблемалар мен мақсаттарды өздігінен айқындауы

c) Проблеманы шешу мен мақсатқа жету үшін əдіс-тəсілдерді өздігінен

таңдауы

d) Реттеу, бақылау, өзіндік бағыттылық

e) Жоғарыдағылардың барлығы

 

13. Пиаженің когнитивті дамыту теориясы болжамы:

a) Балалардың ойлау қабілетінің ересектердікінен айырмашылығы бар

b) Балалардың ойлау қабілетінің ересектердікінен айырмашылығы жоқ

c) Ойлау қабілеті өмірлік тəжірибеге байланысты емес

d) Балаларды оқуға мəжбүрлеу қажет

e) Əр жастағы топтардың өзара араласуы олардың бамуына мүмкіндік

бермейді

 

14.Қай тұжырымдама оқудың «ішкі» немесе жеке тұлғалық аспектісіне

бағдарланған?

a) Оқу білімнің сандық ұлғаюы ретінде

b) Оқу білімді есте сақтау жəне қайта жаңғырту ретінде

c) Оқу ақпарат алу жəне пайдалану ретінде

d) Оқу білімді қайта жаңғырту жəне қолдану ретінде

e) Оқу білімді түсіну жəне басқаша түсіндіру ретінде

 

15.1960 жылдары когнитивті психология əлемінде ойлауды дамыту

теориясы тұрғысынан Жан Пиаженің теориясы басымдыққа ие болды.

Төмендегі пікірлердің қайсысы Пиаже теориясын бейнелейді?

a) Адамдар ерекше көптеген салыстырмалы түрде тəуелсіз «зияткерлік

қабілеттерге» ие

b) Адам біраз туа біткен қасиеттерге немесе жеңіл түрде айқындалатын

когнитивті қабілеттерге ие

c) Когнитивті даму - өсіп келе жатқан баланың физикалық немесе азын-

аулақ дəрежеде əлеуметтік дүниемен өз бетінше эксперимент жасауы

d) Əлеуметтік орта өсіп келе жатқан баланың дамуына үлкен ықпал етеді

e) Тіл жəне басқа да таңбалар жүйесінің өзіндік шығу тарихы бар

 

16. Оқушылардың сабақтағы жұмысының қай формасы тиімдірек (Оқу

Пирамидасы бойынша)?

a) Оқу

b) Демонстрация

c) Талқылау

d) Тəжірибе

e) Білім беру

 

17.Формативті бағалау қандай бағалау?

a) Оқытуды

b) Оқыту үшін

c) Қорытынды

d) ҚР Білім министрлігі білім сапасын мониторингілеу үшін

e) Тестік тапсырмалар базасын қалыптастыру үшін

 

18. «Қара жəшік» ішіндегі жұмысқа жатпайды:

a) Мұғалім - жеке бағалаушы

b) Сыныптасын жəне өзін өзі бағалау

c) Сұрақтың дұрыс қойылуы

d) Оқушымен бірге критерийлерді талдау

e) Кері байланысты қамтамасыз ету

 

19. Төмендегілердің қайсысы оқытуды бағалау арқылы жақсартудың

маңызды факторларына жатпайды?

a) Бағалауды тек мұғалімнің жүргізуі

b) Оқушылармен тиімді кері байланысты қамтамасыз ету

c) Оқушылардың өзін оқытуға белсене қатысуы

d) Бағалау нəтижелерін ескере отырып, оқытуды өзгерту

e) Бағалаудың оқушылардың өзін-өзі бағалауы мен қызығушылығына

ықпалы

 

20. Оқытуды бағалау дегеніміз – келесі үрдіс:

a) Ізденіс жəне алынған мəліметтердің интерпретациясы

b) Оқытудағы оқушылардыңқай деңгейде екендігін анықтау

c) Қажет деңгейге жету жолдарын белгілеу

d) Оқушының сол мезеттегі жетістігін қорытындылау

e) Тек мұғалімдер ғана бағалаушы болмайтын

 

21. Выготский бойынша когнитивті даму əрекеттері əлеуметтік қарым-

қатынас үдерісінде қалыптасатын оқушылар:

a) Кіші жастағы балалар

b) Ортаңғы мектеп жасындағы балалар

c) Ересектер

d) Жоғарғы мектеп жасындағы балалар

e) Барлық оқушылар

 

22.Зерттеушілік əңгіме қандай əңгіме?

a) Айтылған пікірлермен тыңдаушылардың əрқайсысы келісе береді

b) Ресурстарды біріктіруге бағытталған аздаған талпыныс жасалады

c) Қатысушылар бір-біріне сұрақтар қою арқылы келісімге келуге

тырысады, əркімнің идеясы пайдалы деп бағаланғанымен, мұқият

бағалау жүргізіледі

d) Қарым-қатынас көбіне «иə, бұл солай», «жоқ, олай емес» деген

бағытта жүзеге асады

e) Идея қайталанады жəне жасалады, бірақ үнемі мұқият бағалана

бермейді

 

23.Александер (2001, 2008) диалогтің бес түрін көрсеткен. Қате жауаптыкөрсетіңіз.

a) Декламация

b) Диалог

c) Инструкция

d) Талқылау

e) Мұғалім əңгімесі

 

24. Зерттеулерді талдау нені көрсетеді: мұғалім сұхбатты бақылап, маңызды

сұрақтар қойып, оқушылардың жауаптарын қайталап жəне мадақтап

отыратын сыныптағы қалыпты əңгіме стилі:

a) Оқушылардың ойлау деңгейлерін дамытпайды, бірақ сөйлеу

дағдыларын дамытады

b) Оқушылардың ойлау деңгейлерін дамытып, бірақ сөйлеу дағдыларын

да дамытпайды

c) Оқушылардың ойлау деңгейлерін де, сөйлеу дағдыларын да

дамытпайды

d) Оқушылардың ойлау деңгейлерін де, сөйлеу дағдыларын дамытады

e) Дұрыс жауабы жоқ

 

25.Сындарлы оқыту бағдарламасы құзырлы мұғалімнің алдына қандай

нақты міндеттеме қойып отыр?

a) Оқушының жан дүниесін жақсы түсіне білу

b) Оқушының тақырыптың мəнін өз бетімен меңгеруін түсінуі мен

бағалай алуы

c) Оқушы тұлғасының дамуына қолайлы орта жасау

d) Оқушыны өз оқуына жауапты болатындай оқу үдерісіне тарту

e) Барлық жауаптары дұрыс

 

26.Қандай қасиеттерді Шульман «мұғалімнің үщ көмекшісі» деп атаған?

a) Бас, қол, жүрек

b) Кəсіби түсінік, оқытудың тəжірибелік дағдылары, кəсіби тұтастық

c) Зияттылық, жан, ерік-жігер

d) Дұрыс жауабы жоқ

e) Барлық жауаптары дұрыс

 

27.Оқыту сапасын бағалаудың бірінші тəсілі?

a) Оқыту үдерісіне тəуелді емес бағалау

b) Мұғалімнің оқушылармен жұмысының тиімділігі

c) Оқушылармен өзара байланысының сипаты мен жиілігі

d) Мұғалімнің іс-əрекетінің тəжірибе талаптарына сəйкестігін зерттеу

e) Барлық жауаптары дұрыс

 

28. Когнитивті дамыту теориясы əдетте осылай қарастырылады:

a) Ми көлемінің ұлғаюы

b) Зияткерлік есептерді шешу

c) Ғылыми жобаларға қатысу

d) Оқуға жəне проблемаларды шешуге қабілеттілігі

e) Белсенді əлеуметтік қарым қатынас

 

29. Төмендегі тапсырмалардың қайсысы оқушылардың сыни ойлауының

дамуына ықпал етеді?

a) Жаттығуды үлгі бойынша орындаңыз

b) Тиісті əріптер мен тыныс белгілерін қоя отырып, жаттығуды көшіріп

жазу

c) Мəтінді мағыналық бөліктерге бөлу жəне бөліктер бойынша айту

d) Екі етістікке морфологиялық талдау жасау

e) Жаттығуға сұрақьтар мен тапсырмалар дайындау

 

30. Бағдарламаға сəйкес оқу үдерісінде оқушылардың сыни ойлауының

қалыптасқандығы көріну қабілеті:

a) Сыныптастарын сынау

b) Оқу мəтінін талдау

c) Мұғалім тарапынан айтылған сынға өкпелемеу

d) Билік құрылымдары тарапына сыни ескертпелер айту

e) Өзіндік сын

 

9 нұсқа

1.Ойлау туралы ойлану деп Бағдарламада нені айтады?

a) Əлеуметтік психологияны

b) Когнитивтік теорияны

c) Сыни тұрғыдан ойлауды

d) Метажадыны

e) Абстрактық ойды

 

2. Сыни тұрғыдан ойлау -

a) Заттар мен оқиғаларды талдай отырып, негізді бағалау мен

интерпретацияларды əзірлеуге мүмкіндік беретін негізделген

қорытындылар жасау

b) Болған оқиғаларға сыни қарап, белгілі бір тұжырымдар жасау

c) Туындағын мəселелерді шешудің нақты алгоритмін жасау

d) Жағдаяттар мен оқиғаларды талдау

e) Туындағын мəселелерді анықтау мен шешу үдерісі

3. Рефлективтік оқыту мəнмəтінінде қолданылмайтын дағды:

a) Белгіленген жорамал мен құндылықтарды мойындау

b) Мəселелерді мойындап, оларды шешудің тиімді құралдарын іздеу

c) Нақты жəне түсінікті сипаттама

d) Релевантты ақпаратты жинақтау мен сұрыптау

e) Шешім қабылдап, дəлелдемелерді бағалау үшін нəтижелерді өз

бетінше түсіндіру

4. Оқушылар өздерінің «айрықша əлеуетін» көрсете алуы үшін мұғалім

олармен жұмысты қалай ұйымдастыра алады? «Өзгертілген оқу жоспары»

əдістемесінің көмегімен сыныпта ерекше қасиеттерімен ерекшеленетін

шағын топтарда орындалатын тапсырмалар дайындауға болады

a) Мұғалімнің соңынан қайталауды ұсыну

b) Тыңдауға үйрету үшін оқушыларға топтық жұмыс түрлерін ұсыну

c) Оқушыларға күрделенген тапсырмалар тобын ұсыну

d) Оқушыларды берілген тапсырмаларды нақты орындауға үйрету

e) Оқушыларға сыныптастарын қайталауды ұсыну

 

5. Талантты жəне дарынды балаларды оқытуда акселерация келесіні

болжамдайды:

a) Тапсырмаларды күрделендіруді

b) Оқу бағдарламасына сəйкес оқытуды

c) Оқу бағдарламасынан озық кетуді

d) Тапсырмаларды жеңілдетуді

e) Барлық жауаптардың дұрыстығын

 

6. Талантты жəне дарынды балаларды оқытуда кім «өзгертілген оқу

бағдарламасы» əдістемесін ұсынды?

a) Фишер

b) Мерсер

c) Эйр

d) Валлах

e) Выготский

 

7. «8–9 жас аралығындағы талантты да дарынды оқушыларға

арналған жеделдете оқыту жоспары» атты арнайы зерттеудегі килігудің

бір түрі:

a) Оқушылардың оқу бағдарламасын жылдам, тез игеруге жағдай жасау

b) Дене дамуы жоғары балалардың ойлау ерекшеліктерін зерттеу

c) Кіріктірілген оқу жоспарларын жүзеге асыру

d) Мектепте дарынды балалар үшін жекелеген сыныптар ашу

e) Оқу жоспарын күрделендіру

 

8. 80-жылдардың басында Г.Виммер мен Дж.Пернер қанша жасқа жеткенге

дейін зерде теориясы толыққанды дамымайтынын көрсетті:

a) 4–8 –жасқа

b) 3–4 –жасқа

c) 5–6 –жасқа

d) 4–6 –жасқа

e) 2–4 –жасқа

 

9. «Жоғарырақ деңгейге өту тек төмен орналасқан қажеттіліктер

орындалған жағдайда ғана мүмкін болады» деген идея оқытудың қай

тəсілінде көрініс тапқан:

a) Бихевиористік

b) Когнитивтік

c) Конструктивистік

d) Гуманистік

e) Əлеуметтік-жағдаяттық

 

10. Əр түрлі жастағыларға білім беруді табысты дамытудың түйінді

қағидаларына жатпайды:

a) Сыныптағы əр түрлі жастағы оқушыларды топтарға бөлу

b) Топтағы бірлескен жұмыс үшін əр түрлі мүмкіндіктерді пайдалану

c) Білім беру нəтижелерін бағалау оқытудың ажырамас бөлігі

d) Барлық оқушылар үздіксіз оқытуды қажет ететін тұлға

e) Оқу жоспарының əр түрлі салаларында бірлесе оқуға мүмкіндік беру

 

11. Ұқсастық (аналогия) бойынша ойлау -

a) Адамның санасы жəне білім алуы үшін аса маңызды

b) Оқытудың басты қыры емес

c) Балалар бұл қабілетке ие емес

d) Ересектер мұндай қабілетті жоғалтады

e) Дұрыс жауабы жоқ

 

12. Мұғалім көшбасшылығының дамуына ықпал етпейді:

a) Оқушыларды бектіліген стандарттарға сəйкес оқыту

b) Өзгеріс енгізу үшін əріптестермен бірлесе стратегиялық шешімдер

қабылдау

c) Тəжірибені жетілдіру бойынша бастаманы өз қолына алу

d) кəсіби білімді құруға жəне таратуға атсалысу

e) бірігіп жұмыс істеуде фактілерді жинау жəне қолдану

 

13. Рефлексия дегеніміз:

a) Тұлғаның зейінін қоршаған ортасына аудару

b) Қоршаған ортаның іс əрекетін өзіне өлшеу

c) Тұлғаның зейінін өзіне аудару жəне оны ой толғауынан өткізу

d) Бір проблеманың көптеген шешімін іздестіру

e) Заттар мен өзгерістерді сараптау жəне негізделген шешімін шығару

 

14. 3-деңгейдегі үш айлық курс бағдарламасының «Оқытудағы басқару мен

көшбасшылық» модулі нені қарастырады?

a) Мұғалім өз тəжірибесіне енгізетінін өзгерістерді

b) Оқушылардың көшбасшылық қасиеттерін дамытуды

c) Қазақстан білім беру жүйесін басқаруды

d) Бағдарламаны дамытуды басқаруды

e) Бағдарламаны жүзеге асырудағы мектеп əкімшілігінің рөлін

 

15. Мұғалім көшбасшылығы:

a) Жаңашылдығымен ерекшеленетін іс-əрекет өнімдерін алуға мүмкіндік

беретін қабілеттер жиынтығы

b) Өз тəжірибесін жетілдіру мақсатында зерттеу қажет болатын сұрақтар

мен мəселелерді мұғалім анықтайтын үдеріс

c) Мəселе қойып, оның шарттары мен оны шешу əдістерін талқылау

d) Өзіндік сападағы тұлғалық қабілеттердің ұштасуы

e) Мұғалімнің өз əрекеттері мен оны пайымдауға назар аударуы

 

16. Төмендегі АКТ пайдалану тəсілдерінің қайсысы дəстүрлі педагогикаға

Жатады?

a) Интернет-ресурстан ақпаратты таңдап алып, оны жазбаша түрде

қолмен жазыңыз

b) Аақпаратты бағалаңыз, таңдаңыз жəне ағымдық папкада сақтауды

ұйымдастырыңыз

c) Ақпаратты дискіге жазып, желіде жариялаңыздар

d) Сыныптастарыңыз көре алатын веб-бет жасаңыз

e) Топта талқылап, өз жұмыстарыңызды редакциялаңыз

 

17. Моделдеу қай салада қолданылады?

a) Олардың қызметі туралы мəліметтер алу үшін табиғи жəне адамдық

жүйелерде

b) Білім беруде

c) Техникалық жетілдіруде

d) Оқытуда

e) Тəрбиелеуде

 

18. Подкастинг ненің құралы?

a) Саяси науқан

b) Интернет

c) Ұялы байланыс

d) Сандық теледидар

e) Шоу-бизнес

 

19. АКТ білім беруде төмендегі жағдайда жиі қолданылады:

a) Ақпаратты еске сақтауда, қайта шығаруда, ұсынуда

b) Гендерлік тəрбиеде

c) Балалардың бос уақытын толтыруда

d) Сынып интерьерін əрлеуде

e) Мектеп абыройын жоғарылатуда

 

20. Технологиялық білімдер дегеніміз:

a) Компьютерде жақсы жұмыс жасау дағдылары

b) оқытудың қосалқы құралдары (бейне, желілік материалдар, сандық

бұқаралық ақпарат құралдары жəне т.б.) туралы білі

c) Офистік бағдарламаларды меңгеру

d) Жаңа технологияларды білу

e) Педагогикалық білімдерді дамыту қажеттілігі

 

21. Осы бағдарламаның негізінде қандай ғылыми теория жатыр?

a) Конструктивті оқыту тəсілі

b) Тұлғалық – бағытталған оқыту тəсілі

c) Гуманисттік оқыту тəсілі

d) Дамыта оқу теориясы

e) Құзыреттілікке – бағытталған оқу

 

22. Бағалаудың мақсаты неде?

a) Оқушының тап сол кезде не оқығанын қорытындылау

b) Оқушының қай кезеңде тұрғанын анықтау

c) Жазбаша жəне ауызша жауаптарды бағалау

d) Болжау жəне іріктеу

e) Бағалар қою

 

23. Сыни ойлаудың негізгі дағдыларына жатпайды:

a) Мониторинг

b) Бақылау

c) Сараптау

d) Шешім

e) Интерпретация

 

24. Мұғалім көшбасшылығының дамуына ықпал етпейді:

a) Оқушыларды бектіліген стандарттарға сəйкес оқыту

b) Өзгеріс енгізу үшін əріптестермен бірлесе стратегиялық шешімдер

қабылдау

c) Тəжірибені жетілдіру бойынша бастаманы өз қолына алу

d) Кəсіби білімді құруға жəне таратуға атсалысу

e) Бірігіп жұмыс істеуде фактілерді жинау жəне қолдану

 

25. Оқыту стиліне Пажарестің ұйғарымы бойынша қатты əсер етеді.

a) Мұғалімнің көзқарасы

b) Мұғалімнің білімі

c) Оқыту тəсілі

d) Оқу құрылымы

e) Оқу технологиясы

 

26. Жаңашыл педагогика аясында АКТ қолданудағы мұғалімдерұстанымына жататындар:

a) Шектелген дереккөздер

b) Ақпаратты бағалау, таңдау, ұйымдастыру мен сақтаудағы мұғалімнің

көмегі

c) Білімді мұғалімнен оқушыға тасымалдау (беру)

d) Оқушылардың өз жұмыстарын редакциялау кезеңінде пікір алмасу

мүмкіндігін шектеу

e) Барлық дауап дұрыс

 

27. Шульманға сəйкес оқытушының «үш көмекшісі» деп нені айтады?

a) Кəсіби түсінік, практикалық дағды, кəсіби тұтастық

b) Кəсіби түсінік, практикалық дағды, əлеуметтік жағдай

c) Кəсіби түсінік, əлеуметтік жағдай, кəсіби тұтастық

d) Ата-ана, əкімшілік, сынып жетекші

e) Білім, түсінік, тапсырма мен мақсаттың бағасы

28. «Тиімді мұғалім» анықтамасын қандай фактор сипаттайды?

a) Мұғалінің жетістігі (біліктілігі жəне сабақ беруі)

b) Сабақ беру процесі (сабақ беру тəсілі, сабақ беру жолдары)

c) Оқушы мен мұғалім арасындағы қарым-қатынас

d) Сабақ беру нəтижелері (оқытушының тұлғалық жəне əлеуметтік

түріндегі перспективалары)

e) Көрсетілген факторлар жиынтығы

 

29. Метатаным – бұл:

a) Асқын білім

b) Танымдық үдерістерді білу, түсіну жəне реттеу немесе олар туралы

ойлау, қатесін танып-білу жəне ойлауды реттеу

c) Бірнеше зерттеулердің нəтижесін біріктіруге мүмкіндік беретін жəне

оларда құнды тенденциялардың айқындалмайтындығын анықтайтын,

статистикалық тəсіл

d) Когнитивті процестер

e) Проблемалар шешімінің алгоритмдерін құра білу

 

30.Whitebread зертеулеріне сəйкес оқушылар 3 жасқа дейін неге қабілетті?

a) Барлық тапсырмаларды орындауға

b) Басқаларды оқытуға

c) Өздерінің оқуы үшін жауапты болуға

d) Рефлекция жасаға

e) Тапсырманың бір бөлігін орындауға

 

10 нұсқа

1. Перри бойынша өзін-өзі реттеп оқытудың элементтері қандай?

a) Тапсырмамен жұмыс барысында өздігінен бағытталушылығы

b) Оқушының проблемалар мен мақсаттарды өздігінен айқындауы

c) Тапсырмамен жұмыс барысында өздігінен бағытталушылығы жəне

проблеманы шешу мен мақсатқа жету үшін əдіс-тəсілдерді өздігінен

таңдауы

d) a жəне b

e) Тапсырмамен жұмыс барысында өздігінен бағытталушылығы жəне

өзіндік бағалау

 

2. Оқу пирамидасының ең тиімсіз оқыту үрдісі:

a) Практика

b) Талқылау

c) Демонстарция

d) Білім беру

e) Мəтін оқу

 

3. «Оқушының ой-өрісінің дамуы олар өздеріндегі бар білімінің жаңа

біліммен əсерлесуінің, немесе сыныптағы басқа да білім көздері:

мұғалімнен, оқулықтан, құрдастарынан алынған білім негізінде

жүретіндігі» неге негіз болады?

a) Оқытудың конструктивті тəсіліне

b) «Үштік ілім» негізінде оқытуға

c) Диалогтік оқуға

d) Қалай оқу керектігін үйретуге

e) Дəстүрлі оқытуға

 

4. Шанк жəне Циммерман бойынша метатаныммың негізгі аспектісі не?

a) Өз бетінше жұмыс істеу жəне даму ниеті

b) Өзгелерді оқыта білуі

c) Рефлексия жасай білуі

d) Барлық тапсырмаларды орындауға ықыласы

e) Тапсырмаларды орындау үшін стратегияны таңдай білуі

 

5. Ұсынылған сипаттамалардың ішінен, «жұмыс» жадысы анықтамасына

ең аз сəйкес келетін анықтаманы таңда.

a) Жұмысқа деген зейін динамикалы жəне қысқа

b) Жұмысқа деген зейін тұрақты жəне ұзақ сақталады

c) Жұмысқа деген зейін ақпаратты жинақтайды

d) Жұмысқа деген зейін ақпаратты рефлексивті өңдейді

e) Жұмысқа деген зейін ақпаратты қолданысқа дайындайды

6. Тиімділіктің қалыптасуына əсер ететін 4 факторды Бандура

ерекшелейді, оларға жатпайтын фактор:

a) Жанама тəжірибе

b) Өзінің жетістігі

c) Физиологиялық факторлар

d) Əлеуметтік сенім

e) Құлық

 

7. Төменде келтірілгендердің қайсысы ақпаратты есте сақтауға жақсы

ықпал етеді.

a) Ақпараттарды көп қайталап оқу

b) Түйінді сөздерді есте сақтау

c) Накты деректермен акпаратты байланыстыру

d) Ақпаратты бірнеше рет қайталап айту

e) Ақпаратты басқаға айтып беру

 

8. Қабілеттілігі жоғарылау əріптестері жəне ересек жетекшілердің көмегімен шешілетін, мақсаттар көмегімен анықталатын, өзекті даму жəнедаму мүмкіндігі деңгейлерінің арасындағы ара қашықтықты Выготский недеп атады?

a) Жақын арада даму аймағы

b) «Көпіршелер» аймағы

c) Уəждер аймағы

d) Бірлесе оқу аймағы

e) Тиімді даму аймағы

 

9. Суммативті бағалау мақсаты:

a) Оқуды сертификациялау немесе алға жылжыуды тіркеу, оқудың

қорытындысын шығару үшін баға қою

b) Бағаларды қорыту

c) Талантты жəне дарынды балаларды айқындау

d) Оқудың жалпы қорытындысын шығару

e) Ары қарай оқытуды түзету жоспарын құру

10. Келтірілген мысалдардың қайсысын формативті бағалаудың үлгісіретіне пайдалануға болмайды?

a) Мұғалім бағаны өтілген тақырып бойынша тест үшін қояды

b) Мұғалім оқушылардың жұмыстарын тексеріп болған соң қысқаша

түсініктемелер жазады

c) Мұғалім оқушылардың сабақтағы бағаларын дауыстап айтады жəне

тəжірибені жақсарту үшін ұсыныстар айтады

d) Оқушылар бір – бірінің жұмыстарын бағалайды

e) Мұғалім мен оқушы сабақ үлгерімдерінің критерийлерін бірге

жасайды

 

11. Əңгімелесу барысында ахуал бірлесе жұмыс жасауға емес,

бақталастыққа бағытталған əңгімені Мерсер (2000) бойынша көрсетіңіз:

a) Кумулятивтік əңгіме

b) Əңгіме – пікірталас (дебат)

c) Зерттешілік əңгіме

d) Əңгіме – ойталас (дискуссия)

e) Эвристикалық əңгіме

 

12. Күтілген жауаптың сапасы жоғары болу үшін мұғалімнің күту уақыты

қандай болуы керек:

a) 3-7 сек.

b) 20-30 сек.

c) 15-25 сек.

d) 40-50 сек.

e) 1-2 мин.

 

13. Мерсер сұхбаттың қанша түрін белгілейді?

a) 1

b) 2

c) 3

d) 4

e) 5

 

14. Диалог өзінің танымдық потенциалымен бөлінеді:

a) Декламация, нұсқау

b) Нұсқау, талқылау

c) Механикалық есте сақтау, диалог

d) Талқылау, диалог

e) Барлық жауаптар дұрыс

 

15. Баланың когнитивтік жəне əлеуметтік дамуына диалогтік оқытубойынша ең көп əсер ететін келесілердің қалыптасуы:

a) Қарым қатынас дағдылары

b) Сауаттылығы

c) Оқи білуі

d) АКТ дағдылары

e) Математикалық дағдылар

 

16. «... егер де олар осыны жасай алса, мен де оны жасай аламын» дегенойға негізделген (Бандура, 2001) өзіндік тиімділіктің қалыптасуына əсерететін факторды көрсетіңіз:

a) Тəжірибе – жеке жетістік

b) Модельдеу – жанама тəжірибе

c) Əлеуметтік ұстанымдар

d) Физиологиялық факторлар

e) Жанұялық тəрбие

 

17. Шульманның ілімі бойынша оқытудың практикалық дағдыларытөмендегідей:

a) Өз тəжірибесін көрсететін дағдыларының болуы

b) Өзінің жеке идеяларын көрсету ауқымдылығы

c) Демонстрациялау, түзету жəне оқытуды бағалау, ынталандыру,

көтермелеу, шектеу, сабақтар кезеңдерін жоспарлау жəне

оқушыларды бағалау

d) Теориялық жəне практикалық дағдылары

e) Өзінің теориялық, практикалық дағдыларын көрсете алу білігі

 

18. Сыни тұрғыдан ойлау – бұл:

a) Бақылаудың, тəжірибенің, ойлау мен талқылаудың нəтижесінде

алынған ақпаратты ойлауға, бағалауға, талдауға жəне синтездеуге

бағытталған пəндік шешім.

b) Жобалар, жоспарлар жасау, мақсаттар қоюмен байланысты ойлау

түрі жəне бұл үнемі уақыттың тапшылығы жағдайына байланысты

өрістеп, күрделене түседі.

c) Логикалық құрастыру жəне түсініктерді пайдалану түрі жəне

негізінен ойлаудың кейінгі онтогенетикалық даму кезеңін көрсетеді.

d) Жағдайдың шынайы, физикалық түрлену көмегімен жүзеге

асырылатын міндеттерді шешу, нысанның қасиетін мақұлдау.

e) Бір мəселені шешу жолын іздестіру.

 

19. Барлық шешімдерді бағалау, көптеген көзқарастар мен мүмкіндіктерді қарастыру жəне қабылдау, альтернативті интерпретацияларға ашық болудегеніміз, ол:

a) Рационалдық (ұтқырлық)

b) Тəртіп

c) Пайым

d) Сынаржақтылықтың болмауы

e) Өзіндік сана-сезім

 

20. Дональд Шон өзінің «Кəсіби іс-əрекетте қалай ойланады» зерттеуібарысында қандай ұғымды енгізді?

a) Ойлы мұғалім

b) Мұғалім-тəлімгер

c) Мұғалім-жаңашыл

d) Рефлективтік практик

e) Мұғалім-көшбасшы

 

21. Үш айлық курс бағдарламасындағы талантты жəне дарынды балаларғабілім беру нені қарастырады:

a) Қазақстандық оқушылардың халықаралық байқауларға қатысу

қажеттігін

b) Дарындылықты ерте жастан бастап диагностикалауды

c) Дарындылықты анықтау мен дамытудағы инклюзивті амалдар мен

тəсілдерді

d) Дарынды балаларды оқытуға арналған мектептер санын көбейтуді

e) Балалардың дарындылығын дамыту үшін ата-аналардың

жауапкершілігін арттыруды

 

22. Дэбора Эйр жаңа жағдайға қалыптастырған Мейкер мен Нильсонныңоқу жоспарын өзгерту моделіне қандай өзгерту енбейді?

a) Мазмұнына өзгерістер енгізу (үдеріс пен нəтижені қоса есептегенде)

b) Бағалау жүйесіндегі өзгерістер

c) Оқу мəнмəтініндегі өзгерістер

d) Қолданылатын əдісті өзгерту

e) A-d нұсқалары дұрыс

 

23. Баланың дамуын ресми түрде қалай анықтауға болады:

a) Пəндік олимпиадаларға қатысу нəтижесі бойынша

b) Бұл нəтиже ресми түрде бағаланбайды

c) Оқу жетістіктерінің нəтижесімен

d) Оқушылардың өзін өзі бағалауы арқылы

e) Дұрыс жауабы жоқ

 

24. Талантты балаларға сыныпта жəне сыныптан тыс күрделенген оқубағдарламасын ұсыну дегеніміз нені көрсетеді:

a) Кіріктірілген тəсіл

b) Килігу стратегиясы

c) Ынтымақтастық педагогикасы

d) Табиғи даму тұжырымдамасы

e) Дамыта оқыту теориясы

 

25. Оқушыларды жас ерекшеліктеріне сəйкес оқыту мен оқу неге мүмкіндікбереді:

a) Оқу үдерісін саралауға

b) Əлемдік білім беру кеңістігіне шығуға

c) Мектепте оқу мерзімін едəуір қысқартуға

d) Мектепті қаржыландыруды қысқартуға

e) Оқытылатын пəндер санын көбейтуге

 

26. Пиаженің кезеңдер теориясы бойынша «нақты операциялар кезеңінде»балалар осы жаста болады:

a) 7-11 жас

b) 3-5 жас

c) 12-15 жас

d) 5-7 жас

e) 16-17 жас

 

27. Гуманистік тəсілдің негізін салушылар:

a) А.Бандура

b) Маслоу и Роджерс

c) Хаген мен Хейл

d) Роджерс пен Хаген

e) Дұрыс жауабы жоқ

 

28. Көшбасшылық дегеніміз:

a) Мұғалім «дауысын» күшейту

b) Өз тəжірибесін ұдайы жетілдіру жəне тəжірибесін тарату

c) Тəжірибені талдау жəне құбылыстарлдың себептерін анықтау

d) Қол жеткен жетістіктерге қанағат ету

e) Өз тəжірибесін жетілдіру бойынша бастаманы өз қолына ала білу

жəне əріптестерімен бірлесе шешім қабылдау

 

29. Көшбасшылықты дамыту бойынша жұмыстың алғашқы кезеңінкөрсетіңіз

a) Əрекеттерді жоспарлау

b) Құндылықтарды анықтау

c) Кəсіби міндеттерді анықтау

d) Даму бағдарламасын құруға арналған келісім мен кеңестер

e) Зерттеуге негізделген көшбасшылықты дамыту жұмыстары

 

30. Көптеген мұғалімдер үшін АКТны білу келесі білім категорияларынажатады:

a) Педагогикалық

b) Пəндік

c) Технологиялық

d) Процессуалдық

e) Концептуалдық

 

11-нұсқа

 

1. Білімдердің педагогикалық аспектісі қандай құрамдас бөліктердіңбіртұтастығы болып табылады?

a) Пəннің мазмұны мен педагогикалық білімдердің

b) Оқу мазмұны мен педагогикалық білімдердің

c) Оқу-тəрбие мазмұны мен педагогикалық білімдердің

d) Оқыту мен тəрбиелеу мазмұнының

e) Тəрбие мен педагогикалық білімдердің мазмұны

 

2. Конструктивті сабақ беруде мұғалімнің рөлі қандай?

a) Өтіп жатқан материалды түсіндіру

b) Жекеленген жұмыс дағдыларын дамыту мақсатында құрбыларымен

пікір алмасуға регламент жасау

c) Білім алу үшін мүмкіндіктерді қамтамасыз ету

d) Оқушыларға тапсырмалардың орындалу үлгісін ұсыну

e) Оқушыларға мақсатқа жету стратегиясын ұсыну

 

3. Тиімді сабақ беру жəне сыныптағы оқытуға төменде көрсетілгенстратегиялардың қайсысы көбірек сəйкес келетіндігін таңдаңыз:

a) Мұғалімдер тəжірибелі əріптестерінің сабақтарына қатысады

b) Курстарда мұғалімдер тұрақты білім алады

c) Əртүрлі сабақ беру тəсілдерін пайдаланып, мұғалімдер эксперимент

жасайды

d) Сабақ берудің жаңа тəсілдерін енгізуге əкімшілік қызығушылық

танытады

e) Басқа мектептердің тəсілдерін мұғалімдер пайдаланады

 

4. Бағалаудың барлық түрінің жалпылама сипаттамасы болып табылады:

a) Бақылау, интерпретация, тұжырымау

b) Формативті, суммативті, қорытқы

c) Анализ, салыстыру, синтез

d) Жинақтау, абстракциялау, пайымдау

e) Мойындау, негіздеу, қолдану

 

5. Келтірілген пікірдің қайсысы сұхбаттың зерттеушілік сипатын береді:

a) Басқалардың айтқандарын қабылдайды жəне онымен келіседі

b) Сұхбат білім алмасу үшін пайданылады, оған қатысушылар бір -

бірінің идеясына төзімділік білдіреді

c) Əңгімеге қатысушының əрқайсысы өз шешіміне келеді

d) Əрқайсысының идеясы пайдалы деп бағаланады, бірақ мұқият

бағалаудан өтеді

e) Идеялар өңделеді жəне қайталанады, бірақ бағаланбайды

 

6. Кішкентай балалардағы сыни тұрғыдан ойлауды дамытудың оңтайлытəсілі қандай?

a) Балаларды əр нəрсеге күдікпен қарауға ынталандыру

b) Балаларды өз бетінше дəлелдер іздестіруге ынталандыру

c) Балалардың жеке басының тəжірибесіндегі дəлелдерге мəн беруге

ынталандыру

d) Құрбыларымен дəлелдемелер арқылы пікірсайысқа түсу

e) Дұрыс жауабы жоқ

 

7. Əр түрлі жастағыларға білім беруді табысты дамытудың түйіндіқағидаларының бірі:

a) Оқушыларға жеке жұмыстар ұсыну

b) Сыныптағы əр түрлі жастағы оқушыларды топтарға бөлмеу

c) Уақытпен шектелген тапсырмаларды беру

d) Бар назарды оқу жоспарына аудару

e) Сыныптағы əр түрлі жастағы оқушыларды топтарға бөлу

 

8. Басқару мен көшбасшылықты жүзеге асыру үшін мұғалім өзін қалайсезінуі керек?

a) Ерекше тұлға ретінде

b) Ақпараттық жалғыз көзі ретінде

c) Оқу қоғамдастығының бөлігі ретінде

d) Сыныптағы биліктің иесі ретінде

e) Кез келген жағдайда жағдаят қожайыны ретінде

 

9.Оқытуда АКТ қолдану дегеніміз:

a) Бағалауда қолданылатын құрал

b) Мұғалімге оқытуға көмектесетін жəне оқушыларға ғылыми

ұғымдарды түсінуге мүмкіндік беретін құрал

c) Сандық технологиялар туралы білімдерін кеңітетін əдіс

d) Үлкен ақпарат ағынын өңдеу құралы

e) Жоғарыдағылардың барлығы

 

10. Технологиялық білім – бұл:

a) Техникалық сипаттамаларды білу

b) Техникалық құрылғылардың құрылысын білу

c) Оқытудың қосалқы құралдары туралы білім

d) Педагогикалық технологияларды білу

e) Дұрыс жауабы жоқ

 

11. Орта білім беру жүйесінде əлемдік деңгейде анағұрлым кең тараған

теориялық оқыту тəсілін атаңыз.

a) Дайын білім беруге негізделген оқыту

b) Механикалық түрде есте сақтау

c) Сын тұрғысынан ойлау

d) АКТ-ны қолдану

e) Сындарлы (конструктивті) оқыту

 

12. Мұғалімнің ....... - оның көзқарасы, қабылдаған шешімінің жəне іс-əрекетінің негізі.

a) Білімі

b) Ұстанымы

c) Біліктілігін

d) Ойлау жүйесі

e) Сенімі

 

13. Құзырлы оқытудың маңызды факторын атаңыз.

a) Оқушы мен мұғалім арасындағы қарым-қатынастың нығаюы

b) Оқушының тақырыптың мəнін өз бетімен меңгеруін мұғалімнің

зерттеуі мен бағалауы

c) Оқушының оқудағы жауапкершілікті сезінуі, түсінуі

d) Мұғалімнің оқушы оқу жетістігін бағалау үрдісі

e) Мұғалімнің оқушы жан дүниесін түсінуі

 

14. Шульман ілімінің (теориясының) үш көмекшісі:

a) Бас, ойлау, жады

b) Бас, қол, жүрек

c) Бас, жүрек,сезім

d) Бас, сана,тəжірибе

e) Ақыл, қайрат, жүрек

15. Адамдардың қалай оқитындықтарын түсіну туралы ғылым салаларынкөрсетіңіз.

a) Ғылыми қорлар жиынтығы, аффективтік теория, педагогика

b) Когнитивті теориялар, зияткерлік, даму

c) Əлеуметтік психология, аффективтік теория, когнитивті психология

d) Шығармашылық, психология, қарым-қатынас

e) Əлеуметтік психология, зияткерлік, даму

 

16. «Субъектілер көп қырлы зияткерлікке (КҚЗ) ие» деп есептеген ғалымкім?

a) Говард Гарднер

b) Джон Саймонс

c) Жан Пиаже

d) Авраам Маслоу

e) Джон Дьюи

 

17. Тапсырмалардың қайсысы когнитивті қолдау көрсету үлгісі («көпірше»)болып табылады?

a) Жұмысты оқулықтан көшіріп жазу

b) Есепті шығару алгоритмін ұстану










Последнее изменение этой страницы: 2018-04-12; просмотров: 1203.

stydopedya.ru не претендует на авторское право материалов, которые вылажены, но предоставляет бесплатный доступ к ним. В случае нарушения авторского права или персональных данных напишите сюда...