Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция

Apache Web-серверін орнату.




Apache – UNIX платформасында пайда болған әйгілі Web-сервер. Сервер орнатылған соң, httpd.conf конфигурациялық файлына баптаулар енгізіледі. httpd.confфайлы 3 негізгі секциядан тұрады:

1) глобальды баптаулар (күйге келтірулер) секциясы - Web-сервердің программа ретінде жұмыс істеу баптаулары

2) «үнсіз келісім сервері – сервер по умолчанию» секциясы – Web-сервердің сұраныстарына жауап беретін сайттың үнсіз келісіммен анықталған баптауларын сақтайды

3) Виртуалды түйіндер секциясы – Apache бір уақытта бірнеше сайттың жұмысын қолдайды, олар «виртуалды сайттар» деп аталады. 

Web-сервер орнатылғаннан кейін негізгі каталогтарға қатынауға болады.

Apache Web-серверін орнатылған соң PHP модулі орнатылады және DzSoft PHP Editor атты қолайлы редактор орнатылады, ол PHP скрипттер мен HTML / XML парақтарды жөндеу мен тестілеуге арналған.

Web-сервер орнатылғаннан кейін келесі каталогтарға қатынауға болады.

 

Аты Мағынасы
Htdocs Web-сервердің түпкі каталогы, барлық Web-документтерді сақтайды.
cgi-bin Сервер жағында орындалатын серверлік скрипттер мен екілік кодтарды сақтайды.
Conf Сервердің конфигурациялық файлдарын сақтайды
Logs Web-сервер жұмысының барлық журналдарын сақтайды.
Bin Web-сервердің орындалатын файлдарын сақтайды
lib, libexec, modules Web-сервердің статикалық және динамикалық қосылатын кiтапханаларын сақтайды
Icons Сервер құратын парақтарға шығатын иконка файлдарын сақтайды
Include C/С++ тақырыптық файлдарын сақтайды

Apache Web-серверін орнатылған соң PHP модулі орнатылады және DzSoft PHP Editor атты қолайлы редактор орнатылады, ол PHP скрипттер мен HTML / XML парақтарды жөндеу мен тестілеуге арналған.

Клиенттік бағдарламаларды құрудың құралдары. Олардың қызметтері мен мүмкіндіктері.

Серверде орындалатын сценарий. Параққа сұраныс кезінде код динамикалық түрде орындалады. HTML-текст программаға орналасады. 

- Нәтиже браузерге тәуелді емес

- құрастыратын типті программалау тiлi

Қолданылатын тілдер:

- ASP

- Perl

- PHP

- МҚБЖ:

- MySQL

Қолданылатын web-серверлер:

- IIS (PWS)

- Apache 

Негізгі қажетті түсініктер:

- HTTP хаттамасы

- CGI.

- Серверге параметрлерді беру.

- Күй-жағдайды еске сақтау.

- Қауіпсіздік шаралары.

- CGI және МҚ

HTTP хаттамасы WWW HTML, URL және HTTP-дан тұрады.

HTML – гипертексттік форматтау тілі. URL (Uniform Resource Locator) - веб-серверден HTML(не басқа) форматта мәліметтер алатын адрес. HTTP (HyperText Transfer Prоtocоl) – веб-серверге түсінікті тіл, клиенттерге серверден құжаттарға сұраныс жасауға мүмкіндік береді, Web-парақтарды бір компьютерден екінші компьютерге жіберуді орындайды.

Клиент-программа сервермен TCP-байланыс орнатады (порттың стандартты номері - 80) және оған HTTP-сұраныс жібереді. Сервер бұл сұранысты өңдеп клиентке HTTP-жауап береді. 

HTTP-сұраныс пен жауаптың құрылымын білу қажет.

HTTP-сұраныс құрылымы

HTTP-сұраныс бос қатармен ажыратылатын сұраныс тақырыбы мен денесінен тұрады. Сұраныс денесі болмауы да мүмкін. Сұраныс тақырыбы сұраныстың бірінші жолынан және осы жолдағы ақпаратты анықтайтын бірнеше жолдан тұрады. Сұраныс тек бір жолдан да тұруы мүмкін.

 

Серверлік бағдарламалық қамтамасыздандыру. Серверлік бағдарлама құруда РНР тілін қолдану.

Қолданылатын тілдер:

- ASP

- Perl

- PHP

- МҚБЖ:

- MySQL

Қолданылатын web-серверлер:

- IIS (PWS)

- Apache 

HTTP-сұраныс. Басты жолдағы сұраныс 3 бөлімнен тұрады:   

1. Әдіс (немесе HTTP командасы):

GET – құжатқа сұраныс. Жиі қолданылатын әдіс. 

HEAD – құжат тақырыбына сұраныс.

POST - CGI-скрипттерге мәліметтер беру. Мәліметтер сұраныс жолдарында параметрлер ретінде орналасады. 

PUT – серверге құжатты орналастыру. Сирек қолданылады.

2. Ресурс – клиент сұраныс жасаған (немесе PUT әдісімен орналастырылатын) серверде орналасқан нақты файл адресі (файлға жол). Егер ресурс – оқуға арналған файл болса, сервер сұраныс бойынша оны сұраныс денесіне орналастыруы керек, егер ресурс CGI-скрипт адресі болса, сервер скриптті іске қосып, оның нәтижесін клиентке қайтарады.

3. Хаттама версиясы – клиенттік программа жұмыс істейтін HTTP хаттамасының версиясы.

Қарапайым HTTP-сұраныс келесі түрде жазылуы мүмкін:

GET / HTTP/1.0 -  web-сервердің түпкі каталогының түпкі файлына сұраныс

User-Agent – браузердің «кодтық белгілеуі», мысалы, например: Mozilla, Google Chrome және т.б.

Accept – браузер қолдайтын типтер: image/gif, image/x-xbitmap, image/jpeg, image/pjpeg, application/vnd.ms-excel, application/msword, */*.

Referer –ресурс келген URL адрес.

Host – ресурс сұранылған хост аты.

Accept-Language – қолданылатын тіл.

Тақырып және денесі болады. Тақырып негізгі жол мен параметр жолдарынан тұрады. Негізгі жол 3 жиектен тұрады: Хаттама версиясы – сұраныс параметріне сәйкес. Қате коды – сұраныстың сәтті орындалуының кодтық белгіленуі, Код 200 - OK. Қатенің сипаты – мысалы: 200 - OK, 500 - Internal Server Error.

Жиі қолданылатын параметрлер:

- Connection - байланыс.

- Content-Type («мағына типі")

text/html – HTML форматтағы текст (веб-парақ);

image/jpeg – JPEG форматты сурет;

application/octet-stream – «октеттер» ағыны (байт), дискке жазуға.

text/plain – қарапайым текст;

Content-Length («мағына ұзындығы") – жауап мазмүнынынң ұзындығы, байт.

Last-Modified («Соңғы рет өзгерген") – соңғы өзгерістер уақыты

CGI (Common Gateway Interface - общий шлюзовой интерфейс) – ережелер жиыны, оларға сәйкес сервердегі программалар веб-сервер арқылы клиенттерге мәліметтер жібереді.

Кең таралған CGI қосымшаларына кіретіндер:

- Динамикалық сайттар – бір CGI-программамен құрылады.

- Қолданушы сөздері арқылы құжат іздейтін іздеу механизмдері.

- Қонақ кітаптары және хабарландыру тақталары.

- Тапрсырыс бланктері, анкеталар.

МҚ серверінде орналасқан ақпаратты алу.

CGI веб-сервер және CGI-программа арасында мәліметтер алмасудың 4 әдісін қолдайды:

- Орта айнымалылары

- Командалық жол.

- Стандартты енгізу құралы

- Стандартты шығару құралы

 

MySQL мәліметтер қорын басқару жүйесі

MySQL – бұл интернетте көп таралған және әйгілі деректер қорын басқару жүйесі. Ол көлемді ақпараттармен жұмыс істеуге арналған, бірақ оны интернетте тек кіші сайттарда ғана емес, сонымен қатар көлемді сайттарда да қолданған ыңғайлы. MySQL өзінің жақсы жұмыс жылдамдығы, сенімділігімен, иілгіштігімен ерекшеленеді. Онымен жұмыс істеу көп қиыншылықты тудырмайды. MySQL сервері автоматты түрде PHP-ге қойылады. MySQL (http://www.mysql.com/) —SQL базасындағы Т.с.Х DataKonsultAB (Стокгольм, Швеция) фирмасында жасалынған сенімді деректер қоры. 1995 жылдан бастап MySQL деректер қорының басқару жүйесі дүние жүзінде кең көлемде таралғандардың бірі болды. Өзінің жақсы мінездемесі және жалпы интерфейс функцияларының жиынтығының стандартына байланысты MySQL РНР-дағы мәліметтер базасымен жұмыс істеу ең танымалы қоры болды. MySQL GNU (GPL, GNU Public License) жалпы лицензия шартында кеңінен таралды.

МҚ қолданбас бұрын ақпаратты көп уақыт сақтау үшін файлдар қолданылып келді. Бірақ көлемді файлдармен жұмыс істеу қиындау болды, мысалы: оларға ақпаратты енгізу, оны сорттау, шығару, оларға сұраныс жасау және т.с.с. Аталған қиындықтарды деректер қоры шешеді. Деректер қоры ақпараттың қауіпсіздігін, сорттауын, ақпараттың бірінші жолынан екінші жолына өтуін өзі қадағалайды. Деректер қорындағы кодпен жұмыс істеу өте ыңғайлы және оңай болып келеді. Сонымен қатар, оның жылдамдығы файлға қарағанда неғұрлым жылдам.

MySQL мәліметтер қорын басқару жүйесін (МҚБЖ) орнату

А) МҚ орнату барысында ашылатын терезелер және командаларды орындау тәртібі

 

Б) Орнату типі Custom таңдалып, Browse батырмасы басылып, программа түпкі С папкасына орналасуы тиіс (С:\Mysql)

 

 

В) Next батырмасы, одан кейін Install батырмасы, келесі терезеде Configure the MySql Server )сервердің баптаулары) режимі таңдалып, соңынан Finish басылады.   

Г) Сервердің баптаулары орнатылады. 

 

Д) Конфигурацияның Standard Configuration түрі таңдалып, Next батырмасы басылады.

Е) терезеде сервер аты таңдалады, қорғау опцияларын енгізу терезесі шығады, осы жерде администратор атын және парольді енгізу қажет, біздің жағдайда оны әзірше орнатпай ақ қойса да болады, сондықтан Modify Security Settings жиегі таңдалмайды. Next батырмасы басылады.

 

 

Ж) Келесі конфигурация терезесінен Execute батырмасы басылып, көрсетілген баптаулар орнатылады, Finish батырмасы басылады.

 

 

2) MySQL МҚБЖ іске қосу.

А) Егер сервер мен клиент әрбір машинада болса, онда хосттың атын міндетті түрде көрсету керек:

shell> mysql -h host -u user -p

Содан кейін терезеде password сұранысы пайда болады, онда өз пароліңізді енгізу керек.

Б) Егер сервер мен клиент бір машинада болса, командалық жолдан С:\MYSQL\BINпапкасына өтіп, MYSQL командасын беру керек немесе Проводник көмегімен терезеде көрсетілген адресті ашып, Mysql файлын екі рет шертіңіз.

Екі жағдайда да серверге қосылу сәтті аяқталса, онда терезеде келесі ақпарат пайда болады:

mysql> белгісінің пайда болуы mysql программасының жұмысқа дайындығын көрсетеді.

Кез- келген кезде серверден ажырау үшін QUIT командасын басқан жеткілікті:

В) Серверде отырып, Help командасын беріңіз. Экранға mysql командалары туралы ақпарат шығады.

 

Г) Серверді орнату барысында екі база құрылды: test және information_schema. test базасында кестелер жоқ, олардың кестелерін көру үшін серверде отырып show databases командасын, не серверден шығып командалық жолға mysqlshow командасы берілсе, экранға серверді орнату барысында құрылған базалар тізімі шығады.

 

 

Д) Серверден шығып, Mysqlshow test, Mysqlshow information_schema командаларын орындаңыз, шыққан мәліметті талдаңыз.

Е) mysqladmin командасының нәтижесін талдаңыз

 

Д) Серверге кіріңіз. Use information_schema командасын орындаңыз. Use командасы базаны таңдайды, активтейді. Базаның кестелерін кқру үшін show tables коандасын орындаңыз.

3) Деректер қорын және кестелерді құрыңыз. Сервермен байланыс орнатып, сұраныстар құрыңыз.

«Денвер» программасын орнату

MySQL мәліметтер қорын басқару жүйесімен жұмыс істеуді жеңілдету үшін графиктік интерфейсті  «Денвер» программасын орнатып, МҚ, кестелер, сұраныстар құруды осы ортада орындаймыз.

 «Денвер» («Д.н.w.р») – («Джентльменский набор Web-разработчика» сөзінен қысқартылған. Дмитрий Котеровтың жобасы, локальды сервер (Apache, PHP, MySQL, Perl) және локальды Windows-машинада сайт құруға арналған Web-құрастырушылармен қолданылатын программа болып табылады.

Денвердің негізгі пакетінің құрамы:

- Инсталлятор.

- Apache, SSL, SSI, mod_rewrite, mod_php.

- GD, MySQL, sqLite қолдайтын PHP5.

- Транзакциялар қолдайтын MySQL5.

- Шаблондарға негізделген виртуалды хосттарды басқару жүйесі

- Денвердің барлық компоненттерін іске қосу және аяқтауды басқару жүйесі

- phpMyAdmin — Web-интерфейс арқылы MySQL-ді басқару жүйесі

-  sendmail және SMTP-сервер эмуляторы

- Дистрибутивтар көлемі:

- Apache: 4.7 MB;

- PHP5: 9.7 MB;

- MySQL5: 23 MB;

- phpMyAdmin: 2 МБ.

- барлығы: 40 MB

Осы компоненттердің барлығы Денвердің негізгі пакетінің құрамына енгізілген (көлемі 8,2 Мбайт).

Виртуалды диск денвер скрипттеріндегі subst командасымен іске қосылады. Виртуалды дискті қолдануына байланысты Денвер өзі кішігірім Unix жүйені құрайды, /home, /usr, /tmp және т.с.с каталогтары бар. /home каталогында виртуалды хосттар, ал /usr — программалық компоненттер орналақан.

Хо́стинг (англ. hosting) — Интернет серверлерінде ақпаратты тұрақты орналастыру үшін компьютердің есептеуіш қуаттарын (диск көлемі, сайттар саны, почта жәшіктерінің саны, МҚ арналған жады көлемі, айлық трафик көлемі және т.с.с.) ұсыну қызметі.

1) Денвер программасын орнату. Оны орнатар алдында Apache, MySQL сияқты серверлік бағдарламаларды өшіру қажет. Денвердің негізгі пакеті 1 суретте көрсетілген папкада орналасқан. Программаны орнату барысында келесі терезелер шығады.

Алғашқы терезе

 

Инсталлятор терезесі

 

 

Жалғастыру үшін Enter басылады.

Автоматты түрде Денвер кешені C:\WebServers папкасына орнатылуы тиіс.

Enter басып стандартты жол С:\WebSerwers қабылданады.

Денвер программасы орнатылу барысында виртуалды диск құрылады. Виртуалды диск аты Z: ретінде ұсынылады.

Виртуалды дискке дистрибутив файлдары көшіріліп болған соң, программалық кешен қалай іске қосылып, ажыратылуын таңдау ұсынылады:

- Егер қолданушы денверді жиі қолданатын болса, 1-ші нұсқаны қабылдау керек, мұнда сервер және виртуалды диск операциялық жүйе жүктелуі кезінде құрылады, сервер жұмысын аяқтаған кезде виртуалды диск өшірілмейді.

- Егер Денвер сирек қолданылса 2-ші нұсқа қабылданып, виртуалды диск тек қажетті кезде ғана қосылады. Кемшлігі: Windows-тың ескі версияларында виртуалды диск қосу үшін арнайы программалар қажет. Бұл диалогта 1-ші режим таңдалады.

Денвер орнатылған соң, экранға Браузер терезесі шығады, терезеде қолданушыға қажетті төмендегі ақпараттар орналасады.

 

Егер компьютерде Skype программасы қолданылып, Денвер жұмысына қажетті 80 не 443 портары қолданылса, Skype өшірілуі не баптаулары қайта қарастырылуы тиіс. Сондай-ақ серверді іске қосу барысында Антивирус және брандмауэр баптаулары да ортнатылуы тиіс.

2) Денвер орнатылғаннан кейін denwer_update5 папкасынан denwer, home, usr папкаларын С:\Webserwers папкасына көшіреміз (жаңартулар).

3) Денвер жұмысын тексеру үшін Жұмыс столындағы Start Denwer ярлыгымен оны іске қосып, браузер терезесінің адрестік жолына http://localhost немесе http://localhost/denwer/ адресін енгізу қажет. Браузер экранына Денвер программасының терезесі және программа туралы ақпарат шығады. 

Жаңа мәліметтер қорын құру

1) Денвер терезесінен PHPMyAdmin утилитасын таңдау қажет. Утилита терезесінің «Новая база данных» жиегіне құрылатын базаның аты жазылады (Library).

 

2) МҚ-ның кестелерін құру. Library МҚ белгілеп, «Создать новую таблицу в базе данных Library» жиегіне кесте атын (abonement), кестедегі өріс санын (5) енгізіп, ОК батырмасын басу қажет.

 

 

Экранға кесте өрістері аттары, типтері және т.б. ақпаратты сақтайтын терезе шығады. Оларды қажетті мәліметтермен тотырып, «Сохранить» - «Ок» батырмаларын басу қажет.

 

Жаңа кесте құрылымын анықтау терезесі

 

Осы тәсілмен МҚ-ның барлық кесте құрылымдары анықталады. МҚ кестелері тізімі утилита терезесінің сол жағында орналасады.

3) МҚ кестелерін мәліметтермен толтыру 2 жолмен орындалуы мүмкін.

А) Утилита терезесінде SQL вкладкасын таңдап, сұраныс терезесіне кестені толтыру скриптін енгізу.

Б) Блокнот терезесіне төмендегі скриптті жазып, файлға ат беріп, осы файлды импорттауға болады.

 

 

MySQL серверіне қосылу

mysql_connect() функциясы MySQL сервермен байланысты орнатады. MySQL-ге қосылғаннан кейін осы сервермен күтуші мәліметтер базасына ауысуға болады. mysql_connect( ) функция синтаксисі:

int mysql_connect ([string хост [:порт] [:/путь//к/сокету] [, string қолданушының аты] [, string пароль])

MySQL сервер кестесінде көрсетілген хост параметрінде хостық компьютердің аты беріледі. Олар web-серверінде MySQL жұмыс істейтін сұрауды қайта бағыттау үшін қолданылады. Хост атымен бірге міндетті емес параметрлер көрсетілуі мүмкін, сонымен қатар сокетке жол. Егер хост параметрі берілмесе mysql_connect() локальдық хостпен байланыс орнатады.

$link = mysql_pconnect ();if ( !$link ) die ("MySQL-ге қатынау мүмкін емес");mysql_select_db ( $db ) or die ("$db ашу мүмкін емес");$query = "INSERT INTO booksVALUES ('966-7393-80-1', 'Аллен Вайк', 'PHP. Справочник', '213', '4')";mysql_query ( $query );mysql_close ( $link );

1) МҚ-на қатынап, қажетті ақпаратты браузер трезесінде алу үшін құрылған сұраныстар РНР кеңейтілуімен C:\WebServers\home\localhost\www\site.kz папкасына сақталуы тиіс.

2) Браузер іске қосылып, адрестік жолда сұраныс файлына қатынау адресі көрсетілуі тиіс (мысалы: http://localhost/site.kz/view_book.php). Браузер терезесіне сұраныс нәтижесі көрінуі тиіс. Бұл таратылған МҚ құрылып, оның кестелерінің жазбаларына қатынау мүмкіндігі бар екенін дәлелдейді.

3) МҚ-нан кітаптар тізімін көру сұранысын құрып, нәтижесін көрсету

А) Блокнотқа төмендегі скриптті теріліп, view_book.php атымен C:\WebServers\home\localhost\www\site.kz папкасына сақталады.

<?php

require "dbconnect.php";

?>

<html>

 <head>

 <title>Книги</title>

</head>

<body>

<table border

<tr><td><b>Название книги</b></td><td><b>Количество экземпляров</b></td></tr>

<?php

$res_id=mysql_query("select title, count(id_unit) from book, unit where book.id_book=unit.id_book group by unit.id_book");

while($arr_auth=mysql_fetch_row($res_id))

{

echo "<tr><td>$arr_auth[0]</td><td>$arr_auth[1]</td></tr>";

 }

?>

</table>

</body>

 </html>

Б) Браузер терезесінің адрестік жолына http://localhost/site.kz/view_book.php) енгізіледі.

 

 

4 А) МҚ-нан оқырмандар тізімін (reader_list.рhр) көру сұранысын құрып, нәтижесін көрсету

<html> <head> <title>Список читателей </title> </head>

<body>

<?php

require "dbconnect.php";

if(isset($_POST['send']))

{ $query1="insert into address values('', '".$_POST['addr']. "','".$_POST ['phone']."')";

$res_id1=mysql_query($query1);

$query2="select max(id_addr) from address";

$res_id2=mysql_query($query2);

$addr_mas=mysql_fetch_row($res_id2);

$query3="insert into reader values('', '".$_POST['name']."','".$addr_mas[0]."')";

$res_id3=mysql_query($query3);

}

echo "<table border='1'>\n";

echo "<tr><th>Фамилия</th><th>Адрес</th><th>Телефон</th></tr>\n";

$res_id=mysql_query("select reader, address, phone from reader, address where reader.id_addr=address.id_addr ");

while($reader_mas=mysql_fetch_row($res_id))

{

echo "<tr><td>$reader_mas[0]</td> <td> $reader_mas[1]</td> <td>$reader_mas[2]</td> </tr>\n";

}                                                

?>

</table>

<form method="post">

Имя читателя<br>

<input type="text" name="name"><br>

Адрес читателя<br>

<input type="text" name="addr"><br>

Телефон<br>

<input type="text" name="phone"><br>

<input type="submit" name="send" value="Добавить">

</form>  </body>  </html>

Терезеде жаңа оқырман қосу мүмкіндігі бар. Жаңа жазба қосып, нәтижесін көруге болады.

 

5 А) Авторлар тізімін көру сұранысын (author_list.php) құру және орындау

<?php

require "dbconnect.php";

?>

<html>

<head>

<title>Список авторов</title>

</head>

<body>

<?php

   $res_id=mysql_query("select * from author") or die(mysql_error());

#узнаем общее количество выбранных записей

$num=mysql_num_rows($res_id);

echo "Всего в базе: <b>$num</b>";

?>

<h3>Список авторов</h3>

<form method="post" action="add_author.php">

<select name="auth_list">

<?php

while($am=mysql_fetch_row($res_id))

{

   echo "<option value='$am[0]'>$am[1]</option>\n";

}

?>

</select>

<br>

Автор <input type="text" name="new_author">

<input type="submit" name="send" value="Добавить автора">

</form> 

 </body>  

 </html>

 

http://localhost/site.kz/author_list.php сұранысының нәтижесі

 

Б) Автор туралы жазба қосылса, экранға жазба қосылғанын растайтын терезе шығады.

В) Сұранысты тағы орындап, қосылған мәліметтерді көруге болады.

 

 

6 А) Бөлімдерді қосу сұранысын құру (add_section.php)

Сұраныс скрипті

<?php

require "dbconnect.php";

if(isset($_POST['new_section']))

{

$query="insert into section values('','".$_POST['new_section']."')";

if(mysql_query($query))

{

echo "";

}

else

{

echo mysql_error();

}

}

?>

<html>

<head>

<title></title>

</head>

<body>

<form method="POST">

<select>

<?php

$res_id=mysql_query("select section from section");

while($arr_auth=mysql_fetch_row($res_id))

{

echo "<option>$arr_auth[0]</option>";

}

?>

</select>

<input type="text" name="new_section">

<input type="submit" name="add" value="Добавить">

</form> </body> </html>

 

Кітап бөлімдері туралы сұраныс нәтижесі

 

Пән бойынша ұсынылатын негізгі және қосымша әдебиеттер тізімі

Негізгі

1. Петров В. Н. Информационные системы. – СПб.: Питер, 2004. – 688 с.: ил.

2. Мотев А. Уроки MySQL. Самоучитель. – СПб.: БХВ, 2006

3. Солодовникова И.В. Распределенные информационные системы [Электронный ресурс]: учебное пособие.- Караганда: КарГТУ, 2007.

4. Таненбаум Э. Распределенные системы. Принципы и парадигмы [Электронный ресурс].- СПб: Питер, 2003.- 877 с.

5. Когай Г.Д. Распределенные информационные системы [Электронный ресурс]: учебник.- Караганда: КарГТУ, 2013.

6. В. Н. Печников. Создание Web-страниц и Web-сайтов. Самоучитель: [учеб. пособие] [Электронный ресурс]: - М.: Триумф, 2006.- 464с. 66, 7Мб.

7. Тулегулов А. Информационные системы в производстве: учебник.- Астана: Фолиант, 2009

8. Гердт С.Н. Новые технологии в ИС. Ч. 1 [Электронный ресурс]: лабораторный практикум. - Караганда: МБА, 2010.- 84с.

9. Котеров Д.В. РНР 4 [Электронный ресурс]: Самоучитель.- СПб: БХВ-Петербург, 2003.- 576 с

10.Котеров Д. В. РНР 5. [Электронный ресурс]: Учебное пособие. - СПб: БХВ-Петербург, 2005.- 120 с.

11.Кузнецов М. В., Симдянов И. В., Голышев С. РНР 5. Практика разработки Web-сайтов. [Электронный ресурс]: учебник.- СПб.: БХВ-Петербург, 2005.- 960с. 103Мб.

Қосымша

1. Кухарчик А. РНР: обучение на примерах [Электронный ресурс]: Учебное пособие.- Минск: Новое знание, 2004.- 237 с.

2. Лаура Т. Разработка web-приложений на РНР и Муsql. [Электронный ресурс].- СПб.: ООО «ДиаСофтЮП», 2003.- 672с. 63Мб.

3. Ченгаев Д. РНР! Как сделать современный веб-сайт [Электронный ресурс]: Учебное пособие .- 2007.- 45 с.

4. Бөрібаев Б. Web - технологиялар пәнінен лабораториялық практикум: оқу әдістемелік құралы: электронды кітап; әл-Фараби атын. ҚазҰУ.- Алматы: Қазақ ун-ті, 2009.

5. Маннапова Т. М. Web - қосымшаларын құру технологиялары: оқу - әдістемелік құрал.- Орал: БҚАТУ, 2009.- 58 б.

 

 










Последнее изменение этой страницы: 2018-04-12; просмотров: 550.

stydopedya.ru не претендует на авторское право материалов, которые вылажены, но предоставляет бесплатный доступ к ним. В случае нарушения авторского права или персональных данных напишите сюда...